Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ӘОЖ 378. 1(5 қ) Қолжазба түрінде
Шодирова Галия Жарылкасыновна
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі
6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Диссертация
Ғылыми жетекші:
Педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
Кенжегалиев Қылыш Кушенович
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
«Әлеуметтік педагогика және оқыту әдістемесі»
кафедрасының меңгерушісі:
«»2014 жыл
Көкшетау 2014
Мазмұны
КІPІСПЕ . . . 7
- МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ теория мен тәжірибедегі кәсіби білімділік . . . 10Мектепке дейінгі ұйымдардағыпедагог кадрлардың дамуын модельдеу . . . 23
Бірінші тарау бойынша қорытынды . . . 32
- МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеуге жалпы сипаттама . . . 33
2. 2 Мектепке дейінгі кәсіби қалыптасуының әдістемесі . . . 34
2. 3 Тәжірибелік-эксперименталдық зерттеуді талқылау және бағалау . . . 67
Екінші тарау бойынша қорытынды . . . 93
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 95
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 97
Осы диссертацияда келесі құжаттарға сілтемелер жасалады:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 27. 07. 2007 ж.
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың
Мемлекеттік жалпы міндетті стандарты 1. 09. 2013 ж.
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Осы диссертацияда төмендегідей терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
Тәрбие - оқытуға сүйенген жеке тұлғаны не болмаса ұжымға бағытталған өлшемді түрлендіру, оқуға сүйеніп оқыту барысында нақты жеке тұлғаға бағытталған оқу үрдісі.
Қызмет - қоршаған ортаға адамның спецификалық түрдегі қатынасы, оның мақсаты қоршаған адамдардығң қызығушылығына бағытталған мазмұнды түрлендіру процессі. Қоғамда тіршілік етуге қойылған талап: қызметтің үрдісіне мақсат, өнім, нәтиже енеді.
Қызмет - сезім тәжірибесін және теориялық түрдің органикалық бірлігі.
Иннаватор - білім беру жүйесіндегі кез-келген жұмысшының жаңа білім түрін прогрессивті мазмұны жағынан өркендетіп, білім беру жүйесін дамытып, сақтауға мүмкіндік жасайды.
Инновациялық тәжірибе - тәжірибеде тұтас мамандық қызметін шынайы жаңа білім мазмұнын игерген үрдіс.
Зерттеу - жаңа білімді өндіру тәсілі, танымдық қызметтің бір түрі, зерттеудің теориялық және эмпирикалық ерекше қайталанбас жиынтық түрлері бар. Мақсат пен өнімділікті болжауды зерттейтін компоненттері мақсатты айқындау, қолда бар ақпаратты қорытындылау, талап, шешу тәсілдері алынған ақпаратқа түсініктеме бере отырып, болашақ нәтижені болжай білу.
Бақылау (ағыл. - басқарушы) - тексеріс, тексеру не болмаса бақылау мақсатында үнемі қадағалау, көзден таса қылмау.
Әдіс (грек. Зерттеу жолы, теория, оқу) белгілі мақсатқа қол жеткізу тәсілі, нақты тапсырманы орындау, теориялық немесе практикалық түрде жүзеге асады.
Модель- (фр. лат. - өлшем, үлгі) - үлгі (эталон, стандарт) көптеген заттарды қарастыру мақсатында, кең түрде кез-келген үлгі (ойдағы немесе талапты, сурет, суреттеу, схема, сызба, график, карта және т. б) объект үрдіс немесе пайдалану уақытында «орынбасар» ретінде пайдаланылады.
Модуль - (лат. өлшем) шығыс өлшемі, қысқа өлшемді анықтау кезінде пайдаланылады. Дербес функция ретінде саналады. Модельдеу, өзгерту, түрлендіру.
Үздіксіз педагог мамандығын дамыту - білім беру қызметінде ерекше құрылым, педагог мамандығының қызметіне түрделендіру, үрдісі негізінде жеке тұлғаның өзіндік өзектілік, өзіндік жобалау, өзіндік іске асыру талабы қойылады.
Оқыту - (тәрбиелеуші) адамныңдаму үрдісінде адамның мәдениетті түрленуі және оны практикада қолдану тәсілі. Оқу жүйесі - адамда қоғамдық қызметіне сай үлгілі, мәдениетті түрде өндіру-түрлендіру жүйесі. Оқыту өз негізінде оқу қызметінде мәдени көріністі іске асырады.
Педагог - (грек. оқытушы) тәрбие жетекшісі практик жұмысын атқарушы баланы және жастарды оқытушы, осы салада арнайы білімді игерген қызметкер.
Педагог қызметі - (деңгейі) :
А) әлеуметтану деңгейі - мамандық ортада әлеуметтанушы педагог саласында педагог қызметін мәдени түрде игеру, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оңтайлы дамуын жоспарлы түрде әлеуметтанушы педагог атқарады.
Б) психологиялық деңгейі - мамандық мүмкіндігіне шектеуліктер қойылмайды, педагогикалық қызметті меңгерудің түрлі үрдістері ғылыми түрден дайындық және даярлық алаңында орналасады.
В) педагогикалық кәсіби деңгей - педагогтардың біліктілігін бағдарламасының мазмұнына сай тұтас жобалау квалификациялық- кәсіби стандартқа сай құрастырылған жаңа технологиялық көлемі мен іске асырылатын педагог кадрларының үздіксіз кәсіби құзырлықтарын көтеруге арналған деңгей.
Жобалау - (лат. алға ұмтылу) жоба прототипін жасау тәсілі, болжаған үрдістің образын жасау, іске асыру бағдарламасын құрастыру.
Кәсіби құзыреттілік - адамның интегративті көпфакторлы күйі, қоршаған ортада кәсіби қызметінің сапалылығын іске асыру.
Педагог қызметкерлерінің кәсіби дамуы - ерекше құрастырылған білім қызметі педагогтардың кәсіби үрдіс кезеңіндегі кәсіби деңгейін көркемдетіп, негізгі жеке тұлғаның өзіндік өзектілігін талап ете отырып, өзін-өзі жобалау, өзін-өзі іске асыруын қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі жетілдіру кәсіптілігі - жеке субъекттің кәсіби қызмет үрдісінде түрленуі. Кәсіби ортада жеке тәсілдерді түрлендіре отырып, өзін-өзі сол ортада бекіту түрі.
Даму - қажеттілікке бағытталған, материяның заңды түрде өзгеруі, сана, оның әмбебап құрылысы, даму нәтижесінде объективті жаңа түрі пайда болады. Оның құрылымы және құрылысы, даму - табиғаттың тарихы мен қоғам аралығындағы жалпы түсінік.
Инновацияның дамуы - педагогтың шығармашылық және кәсіби құзырлығының үздіксіз дамуы.
Жүйе - (грек. тұтас, құрастырылған, бөлшектерден құралған) бір-біріне ұқсас, сыбайлас көптеген элементтерден құралған біртұтастық жиынтық.
Педагог қызметінің кәсіби субъектілігі - педагог, кәсіби даму және жеке педагогикалық мақсатқа жету кезеңінде түрлі әдістерді қолданады. Әлеуметтік қатынас әдісінің кәсіби құрылым кезеңінде таңдайды, кәсіби тұрғыдан кәсіби қатынас арқылы, өзіндік түрлендіруге ұмтылады.
Технология - (грек. өнер, ғылым, шеберлік) өнім өндіру үрдісікезінде материал құрылымын әр қилы әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, оның күйін өзгерту.
Педагогикалық технология - нормаланған, алгоритімді үрдіс, мақсатқа бағытталған оқушының икемділігін, санасын, қажеттілігін үздіксіз өзіндік даму мен қамтамасыз ету.
Осы диссертацияда төмендегідей қысқартулар пайдаланылады:
- ҒЗЖ - ғылыми зерттеу жұмыстары;
- КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
- ТП - тәрбие процессі;
- ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- ҚР - ҚазақстанРеспубликасы;
КІPІСПЕ
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру жүйесін оңтайландыру қажет. Ондай азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге көтеруге бүкіл ғаламдық мәдени құндылықтарға қол жеткізу керек. Мұны атқаратын, сөз жоқ, педагог.
Қазақстан Республикасының «Жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам педагогі- ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман деп сипатталады. Қазақстанның білім беру жүйесіндегі модернизация педагогтардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мәселесін алдыңғы қатарға қоюда. Кәсіби құзіреттілік оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді шарты. Бүгінгі таңда педагогтардың құзырлықтарына үлкен мән беріліп отыр. Құзырлы педагог - біліктіліктің сан түрі түрлерін меңгерген педагог. Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесінде маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтың рөлін тәрбиеші атқарады. Соңғы жылдары біздің елімізде демографиялық көрсеткіштердің артуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдар мен ондағы ең негізгі кадрлардың бірі тәрбиешілердің саны да өсуде. Біздің еліміздің Президенті балаларды мектепке дайындауға аса көңіл бөлу керектігін айтып, осы іс-әрекеттің жүзеге асуына көмектесетін әрине тәрбиешілер екенін барша халықтың есіне салған болатын. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзырлықтарын арттыру, оны қазіргі заман талабына сай ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Педагогикалық әдебиеттерде тәрбиешінің арнайы білімі, біліктілігі, дағдылары мен сапалары «кәсіби құзіреттілік» ұғымымен біріктірілген. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешінің құзіреттілігі бұл оның кәсіби міндеттерді тиімді атқара білуі, педагогикалық әрекетке эмоционалдық құнды қатынас пен ғылыми білімнің негізі болатын міндеттерді анықтайтын талаптар. Үздіксіз педагогикалық білім беруге байланысты жаңа әлеуметтік тапсырыстар, мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру саласындағы инновацияда өз-өзінен дамуға қабілеті бар педагогтардың квалификацияларына қойылатын талаптар түрінде көрінеді.
Тәрбиешілердің құзырлықтарының сапалы болып қалыптасуына арнайы білім, біліктілік, қабілеттер қажет.
Қазіргі кезде білім беру ұйымдарындағы жаңару процессі тәрбиешілердің санасын қайта бағдарлау мен құндылықтардың кәсіби деңгейін талап етуде. Соған орай мектепке дейінгі ұйымдардың даму механизмі тәрбиешілердің шығармашылығы екені белгілі болды. Мектепке дейінгі ұйымдарды заман талабына сай жаңарту «тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі» ұғымына толықтырулар енгізумен қатар жаңа міндеттер жүктеуде. Бұған дейін «Кәсіби құзіреттілік» ұғымы тұлғаның кәсіби ортада табысты әрекетін қамтамасыз ететін жалпы және жеке білімдерінің бірігуі мен тәжірибелік біліктілік пен негізгі кәсіби сапалары болды. Жаңа жағдайлар «кәсіби құзіреттілік» ұғымына түзетулер енгізуді талап етуде. Тәжірибеде көріп отырғанымыздай тәрбиешінің білікті маман болып қалыптасып дамуы, қоғам талабына, ата-аналардың әлеуметтік тапсырыстарына және тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерінің деңгейіне сай келмейді. Осыған орай тәрбиешілердің кәсіби құзырлықтарының қалыптасуы өзекті мәселе болып отыр. Осы мәселелерді шешу үшін алдымен мына ушыққан мәселелердің шешімін табу қажет: мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің толық және шығармашылық дамуына әлі жағдай жасалмаған (еңбекақылары, оқу-тәрбие үрдісін материалдық-техникалық жабдықтау, әлеуметтік-психологиялық климат, және т. б. ) . Көптеген тәрбиешілерде күнделікті өмірде кездесетін жеке басының қиындықтарынан, жұмыстан шаршап-шалдығудан жүйке жүйесінің қозуы байқалады. Бұндай жағдайлар тәрбиешілердің өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби деңгейлерін көтеруге кері әсерін тигізері анық. Бірақ та объективтік жағдайлардың қиындығына қарамай, тәрбиешілердің өзіне байланысты субъективтік себептер үлкен рөл атқарады. Көптеген тәрбиешілердің пікірі бойынша оларға кәсіби-педагогикалық мәдениетті көтеру үшін табандылық пен байсалдылық жетіспейді. Тәрбиешілердің өзін-өзі жетілдіруге деген дағдылары жеткіліксіз, ақпараттарды саралауға деген қабілеттері жетіспейді. Уақыт өте келе біз тәрбиешілердің айналасындағы ортаны тамырымен өзгертуге мүлдем шамамыз келмей, мұғалімдердің әлеуметтік-психологиялық ресурстары мен тұлғалық-кәсіби потенциалдарын толығырақ қолдануымыз керек болады. Себебі тәрбиешілердің кәсіби тәжірибелері артқан сайын, олардың кәсіби қызығушылықтары азайып, негізгі жұмыс әрекетіне ғана бағытталады. Тәрбиешілердің ғылымның жаңа салаларын танып білуге бағытталған білім беру салалары азаюда. Тәрбиешінің қызығушылық ортасы тарылған сайын, ол өз ісінің шебері болудан қалады. Осыдан бәріне белгілі жағдай туындайды: жас мамандар өздеріне теориялық және әдістемелік білімдерді әлі керек деп санамаса, тәжірибелі тәрбиешілер оларды керек етпейді. Сондықтан тәрбиешілердің кәсіби қажеттіліктеріне өзгертулер енгізе отырып, тұлғаның өзін-өзі дамытуға жағдай жасаумен, еңбекке, кәсіби дамуға, өзін- өзі жетілдіруге деген қатынасын өзгертуге болады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі маңызды өзгерістер жоғары білімді, білікті педагогтар даярлаудың қажеттілігін көздеп отыр. Бұл мәселеге байланысты біздің Президентіміз кезекті бір халыққа Жолдауында: «Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтылған өндірістер үшін кадрлар қорын жақсартуымыз қажет» - деп атап кеткен болатын. Мектепке дейінгі тәрбие саласын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптаумен қамтамасыз ету және арнаулы мамандар даярлау мәселесі дәл бүгінгі деңгейде өзекті болған емес. Сондықтан жан-жақты дамыған тұлғаны дамытуға қажетті жағдай жасалуын, жоғары мектепте білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету көзделуде. Жоғары мектептің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір болашақ жас маманға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беру.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер анализдерінің нәтижесі, тәрбиешінің білімін, біліктілігін арттырудың сан қырлы жолдары бар екенін көрсетті. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың құзырлықтарын арттыруда бірталай кемшіліктер аталған әдебиеттерде айқын көрсетілген.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігінің дамуын психолого-педагогикалық әдебиеттерден де көруге болады. Олардың кәсіби құзіреттілігінің жоғарылауының теориялық негіздерін зерттеу (В. А. Адольф, В. П. Бездухов, И. О. Котлярова және т. б. ) оның кәсіби құзіреттілігінің тиімді шарттарын (Л. А. Башарина, Н. Е. Костылева, Е. В. Прозорова, С. С. Татарченкова және т. б. ) педагогикалық шеберлік пен кәсіби құзіреттіліктің диагностикалық проблемаларын зерттеу (Л. А. Башарина, М. И. Лукьянова) кәсіби құзіреттіліктің жеке компоненттерінің құрылымын анықтау: тәрбиешінің коммуникативтік және әлеуметтік-перцептивтік құзырлықтарының дамуын (Н. Н. Ершова, Е. В. Прозорова) аталған ғалымдардың еңбектерінде кездестіруге болады. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыратын құралдарды да анықтау (Г. И. Захарова, Ю. А. Конев, Г. М. Соломина, В. И. Юдин) көзделеді. Кәсіби құзіреттілік мәселесі жоғарғы оқу орындары қызметкерлерінің біліктілігін көтермелеу үрдісіне әзірленулері кезінде кеңінен қарастырылады (О. М. Атласова, Л. И. Дудина, Е. В. Прозорова, И. А. Чемерилова және т. б. ) . Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогтардың кәсіби құзіреттілігін анықтау үшін зерттеу жұмыстары жүргізілген (И. В. Бичева), балабақша тәрбиешілерінің негізгі жеке басының кәсіби сапалары (Н. В. Шурова), мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие үрдісі аумағында педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің дамуы қарастырылған (Г. И. Захарова) . Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілірдің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру үшін дифференциялық жолдың критерилері ретінде педагогтардың кәсіби ойларының ерекшеліктері оның ішінде белгілі бір деңгейдегі педагогикалық тапсырмаларды қою және оларды орындау біліктіліктері ұсынылуда (стратегиялық, тактикалық немесе шұғыл) (В. Е. Морозова) .
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы мен осы үрдістің тәжірибедегі алатын орны біздің «Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі» атты тақырыпты таңдауға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты:
Кәсіби құзіреттіліктің даму үрдісінің тұтастығын қамтитын және оның объективті түрде шартталуын көрсететін, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің даму моделін жасау және оны тәжірибелік-эксперементалдық жолмен тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің даму моделін құрастыру.
Тәжірибе кезінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы моделі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайларды анықтау.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби қызметі.
Зерттеу пәні: білім беруді ізгілендіру кезіндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың кәсіби құзіреттілігінің дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар.
Зерттеу болжамы:
Қазіргі қоғамдық-экономикалық жағдайларда педаготардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы, олардың кәсіби қызметін жүйелі тұрғыдан көрсететін компонент ретінде қарастырылады.
Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту педагогикалық қызметке өзін-өзі жетілдіру бағдарламасын жобалау, біліктілік деңгейін тексеру, педагогтардың шығармашылық қабілеттері және кәсіпқойлықтары сияқты механизмдерді енгізумен іске асады.
Жасалған моделді қолдану үшін:
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескеріп, кәсіби қызметті оқытудың құрылымы, керекті және белгілі бір көлемде, мектепке дейінгі ұйымдардағы әр түрлі мамандардың квалификациялық талаптарына сай болуы;
- үрдісті технологиялық қамсыздандыру;
- оқытушы мен оқушыларда (зерттеуге қатысты) әдістемелік қамсыздандырылу комплексінің болуы;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби дамуына қажетті педагогикалық жағдайлар.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үшінпедагогтардың кәсіби қызметін дамытатын, жүйе компоненттерінің бірігуін (құрылымдық, функционалдық, технологиялық, жеке) қамтамасыз ету қажет. Әр компонент жүйенің бөлшегі және жүйенің тұтас түрінде дамуын көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздерін:
- кәсіби құзіреттіліктің дамуы іс-әрекеттің негізгі түрі ретіндегі философиядағы орны;
- дамудың үздіксіздігі мен дисктерттілігінің көрсеткіштері, педагогтың жеке және кәсіби шығармашылығының қалыптасуы;
- кәсіби оқытудың әдісі және әдіснамасы, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға деген кәсіби даярлығын басқару (С. Я. Батышев, А. П. Беляева, К. Я. Вазина, Э. Ф. Зеер, А. Я. Найн, А. М. Новиков, А. М. Пырский, А. Г. Соколов) ;
- кәсіби педагогикалық оқытуда интеграция және дифференцация, көп сатылық, көп деңгейлілік (В. С. Безруков, М. Н. Берулан, В. С. Лазарев, И. Т. Сенченко, И. М. Стариков, П. С. Хейфец) ;
- кәсіби-педагогикалық қызметті түрлендірудегі жеке бағдарлық тәсіл (Н. А. Алексеев, Р. Л. Кричевкий, М. М. Поташкин, Н. С. Пряжников) ;
- моделдеу педагогикалық зерттеудің жалпы әдісі (В. П. Беспалько, В. В. Краевский, Н. И. Лапин, В. И. Михеев) [61] ;
- білім берудегі мәдени-әлеуметтік, кәсіби және жалпы компоненттердің бірігуі негізіндегі жеке тұлғаны дамыту теориясы (Ю. К. Бабанский, В. И. Загвязенский, В. И. Михеев, Е. В. Ткаченко) .
Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және оларға теориялық анализ жасау, мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиешілердің педагогикалық тәжірибесін зерттеу және жинақтау, сұрақ-жауап әдісі (сауалнама өткізу, интервью, таңдау әдісі), құжаттардың анализі, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді математикалық әдіс арқылы өңдеу, зерттеу нәтижесінің анализдерін жинақтау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы:
Ұсынылып отырған жұмыс мектепке дейінігі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы мәселесінің теориялық-эксперименталдық зерттеуі және ол кәсіби оқыту теориясында жүйелік-әрекеттік, мақсаттық-бағдарламалық, қасиеттермен орындалады.
Зерттеу барысында:
- кәсіби білімнің әдістемелік және теориялық аумағында зерттелетін мәселені ғылыми ізденіс бағытының өзекті сапасы ретінде бөлінуін және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуының мазмұнын көрсететін дәлелденген және шартталған түсініктер;
- мектепке дейінігі ұйымдарда тәрбиешінің кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы моделі жасалып, оның үш бір-бірімен байланысқан деңгейлері анықталды (аксиологиялық, антологиялық, процессуалдық) .
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Кәсіби қызметке мектепке дейінгі педагогтарды оқытудың қажеттіліктерін орындайтын «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өмірлік қызметін ұйымдастыру технологиясы» атты оқу бағдарламасы жасалды.
«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өмірлік қызметін ұйымдастыру технологиясы» бағдарламасына әдістемелік қамсыздандырылу жасалды. Оның құрамына модулдік оқу жоспары, авторлық бағдарламалар, тәрбиелік жағдаяттар, терминологиялық сөздік, диагностикалық әдістер енеді.
Мектепке дейінігі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуына педагогикалық жағдайлардың әсері тексерілді.
Педагогтың кәсіпқойлығының даму деңгейін анықтаудың қазіргі заманғы негізгі талаптары айқындалды.
Зерттеудің жаңалығы:
Мектепке дейінгі педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерінің дамуы мәселесіне негізделген. Педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамытатын жаңа ғылыми идея жасалды. Идеяның негізі педагогтардың кәсіби құзіреттіліктері кәсіби қызметтегі жүйені жасаушы компоненттің сапасы ретінде қарастырылады. Бұл компоненттер педагогикалық жеке-кәсіби қабілеттердің дамуын, олардың кәсіби біліктіліктерін үздіксіз арттыруды қамтамасыз етеді.
Ізденушімен алынған ең байыпты нәтижелер, мыналардан құралады:
- педагогтың кәсіби біліктілігі мәселесінің біртұтас анализы педагогикалық теорияда және тәжірибеде ұсынылуда;
- тәрбиешілердің кәсіби құзіретіліктерін арттырудың педагогикалық жағдайларын анықтау;
Жүргізілген зерттеудің ғылыми жаңалығы, тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерін арттырудың ғылыми-негізделген, тәжірибеде жүзеге асырылған, тиімді әдістері жасалды;
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзыріттіліктерінің құрылым деңгейлері мен белгілері анықталып негізделді;
Тәрбиешілердің кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға ықпалын тигізетін эксперименттік жолмен педагогикалық жағдайлар анықталды (педагогтың кәсіби біліктілігінің дамуына кешенді жол табу; мектепке дейінгі мекемелерде кәсіби біліктіліктің дамуының басты тәсілі ретінде әдістемелік жұмыстардың қолданысы және т. б. ) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz