Қазіргі заманғы маңызды экологиялық мәселелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстанның халықтық білім беру моделін жасау барысында орта мектептерге арналған түбегейлі әлеуметтік сұранысқа көптеген сауалдар қойылады. Соған байланысты, әрбір азаматтың өзіндік талаптарына, шығармашылық деңгейіне сай, өздігінен шешім қабылдауына қабілеттілігін дамыту мәселелері көтерілуде.

Қазақстанның білім беру стратегиясында орта білім берудегі жаңа реформаларды енгізу де бар. Олардың бірі - Қазақстан Республикасының бірқатар құжаттарындағы жеке тұлғаның қалыптасуы кезінде экологиялық білім және тәрбие берудің қарастырылуы. Бұл - қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми және практикалық білімді арттыру, табиғатты аялау және оны дұрыс, зиянкестіксіз қолдану, өмірдің экологиялық бейнесін қалыптастыпруды түсіндіреді. Бұған бірқатар маңызды құжаттар дәлел.

Мысалы, БҰҰ-ң Бас Ассамблеясының қабылдауы бойынша [1], 2005-2014 ж. ж. «Тұрақты өркендеу үшін білім берудің он жылдығы» болып жарияланып, «Экологиялық қауіпсіз даму және тұрақты өркендеуге бағыттау - болып Қазақстанның стратегиясының маңызды бағыттарының бірі болып саналады» [2] . Сонымен қатар, орта білім беру үдерісін экологияландырудың нақты жүйесін енгізуді халықаралық құрылымдары қолдап, сонымен қатар, Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНЕП сияқты халықаралық құрылымдар да әр түрлі отырыстар мен семинарларда, ғылыми және ресми конференцияларда талқыға салып, зерттеп, түрлі шешімдер қабылдады [1, 3-5] . Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне байланысты конференциялардың шешімдері Қазақстандағы білім беру жүйесінің де отырыстарында талқыланып, олардың өзекті мәселесіне айналуда. Бұл ең алдымен қоршаған ортаның экологиялық проблемалары адамзаттың өмір сүруінің маңызды сфераларын қамтуда (болмыс, еңбек, демалыс, денсаулық сақтау, демографиялық өсу және әлеуметтік орнықтылық, т. б. ) .

Қазіргі Әлемдегі экологиялық кризис пен экологиялық апаттар экологиялық білімді мамандарды тәрбиелеуді талап етсе, экологиялық оқыту жер бетіндегі елдерінің халықаралық идеалогиясына және жалпы саясатына айналып отыр. Сондықтан, көптеген ғылыми конференциялар мен саяси конгресстерде экология жайында мәселелер қозғалып, шешілуде. Жаңа заманда экологиялық білім беру үрдісі экологияландырылған ғылымның пайда болуына себеп болып, дамуына көмектеседі. Экологиялық білімнің негізгі аспектісі - ғылыми даму мен үздіксіздік принципінде, интеграциялық жаратылыстану пәндерін дамуында.

Мектеп оқушыларын мектеп қабырғасында оқытатын кез-келген пәннің мазмұны арқылы экологиялық тәрбиелеу - білімді адамды тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар өз міндеттерін, қоғамдағы орнын түсінуді тәрбиелеу, кез-келген қиын жағдайлардан шығу амалдарын таба алып, өз көзқарастарын ұсына білуду тәрбиелеу деген сөз. Егер XX ғасырдағы өмір сүрген адам: «менен кейін не болса да, маған бәрібір» қағидасы басым болып, табиғатқа қарсы бағытталған зиянкестік шараларын ақтау үшін адам түрлі түсіндіруге тырысты, біресе «ҒТР-ның жеңісі», «ҒТП-тің дамуы» десе, басқа жағдайларда «адам - әлем иесі, табиғат патшасы» деп ақталуға тырысты. Бұнда білім берудің стратегиялық мақсатын өзгертіп, экологиялық ғылыми көзқараты қалыптастыру, экологиялық мәдениет пен этиканың қалыптастыру қажет болды. Ол үшін нәтижелі білім беру жүйесіне қажетті нақты мақсаттар қойылып, экологиялық білім беруді жүзеге асыру үшін оқушыларды оқыту барысында пәндерді экологияландыруды тиімді деп көрдік, соның ішінде физика мен астрономия пәнінің экологияландыру үдерісі әрі тиімді, әрі сәтті деп есептейміз.

Көптеген авторлардың пікірі бойынша, экологияның құндылығы - жаңа өнегеліліктің қалыптасуына негіз болып, оқытудың мазмұнын таңдауда жол сілтеуші бола алады, білім беруді интеграциялау идеясын негіздейді, қолдайды. Физика мен астрономия пәндерін экологияландыру жолдары мен принциптерін зерттеу барысында біз түрлі пәндердің осы мәселеге көзқарастырның әртүрлілігін байқап, зерттеу бағыттарының да пәндерге сай ұштаса қоймайтынын байқадық.

Экологиялық білім беруде сапалы әрі елеулі өзгерістер жобаланып, Қазақстанда жалпы білім беруде қарапайым экологиялық білім беруді көздеу және тәрбиелеу жеткіліксіз болып отыр, енді экологиялық модельдерді болжап, оларды оқушылармен қатар шешіп, болашақ өмірдегі жұмысында істелетін шараларын талдап, келешек мамандарды мектепте қалыптастыра бастау, сөйтіп табиғатты қорғау үрдісіне жастарды баулау болмақ. Экологиялық білім беру, тәрбиелеу жолында істеліп отырған шараларға сай біздің жұмысымыз да жоғарыда айтылған мақсаттарды көздеп, үлес қосу жолында педагогикалық-әдістемелік оқулықтарды жасау, белгілі бір материалдарды жинастырып, оқыту үрдісін экологияландыру негізінде мектептің физика мен астрономия интегративтік курсына арналған материалдарды жинап, жүйеледік.

Сондықтан, физика мен астрономияның интеграциясының экологиялық құндылығын арттыру үшін, білім беруде ғылыми әдебиеттерде кездесетін жаңаша методологиялық әдістерді зерттеп, талдап, соларды пайдаландық.

Зерттеу мәселесі: экология курсы қазіргі кезде оқу үрдісінде елеулі орын алса да, астрономия пәнінің маңыздылығы төмендеп, басқа пәндердің арасында дәрежесі кемітілген сияқты, ал физика пәні астрономиясыз, химиясыз негізін жоғалта бастаған информациялық жиынтыққа айналып отыр. Астрономия - ең көне ғылым болып табылады, сондықтан бүгін оның орнын қайта жоғарлату - аса маңызды мәселеге айналып отыр. Оған себеп - Қазақстанның ғарыштық кемелерді жіберілу орталығы (Байқоңыр туралы) болуында ғана емес, кен орындарын қолдану кезіндегі болуы мүмкін немесе болып қойған аппаттар, Совет Одағы кезіндегі Мәскеулік әскери жетекшілердің жүргізген сынақтары мен «ғылыми» айдарымен іске асырылған атомдық бомба жарылыстары да болады.

Экологияландырылған физика және астрономия интегративтік курсының (ЭФАИК) әдістемелік жүйесін дайындау барысында әрі қиын, әрі күрделі мәселерді шешіп, бірақ қызықты жұмыстарды жүргізуге кезіктік. Олар: мектептің физика пәніне тиісті сағаттар санын өзгертпей, астрономиялық мәліметтерді экологиялық үрдістерге сай таңдап алу; ЭФАИК дамыта келіп, экологиялық мәселелердің техникалық себептерін, адам қызметінің салдары деп қарастырып, мәліметтерді жинастырып қана қоймай, оларды жүйелеу, талдау.

Яғни, Жер туралы, Күн мен Космостың Әлем туралы мәліметтерді физика, астрономия және экология тұрғысынан зерттесек, бірнеше пәннің бірігуін де, экологияландыруды да іске асыруымызға болады деп есептейміз.

Зерттеу объектісі: пәндік интеграция негізінде және оқу үрдісін экологияландыру негізінде мектептің физика мен астрономия курсын оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: оқытудың мақсаты, сазмұндық аспектілері, оқытудың түрі мен әдістемесі, оқытудың тәсілі және оны бақылау.

Зерттеу мақсаты: ғылыми жөндеу мен негіздеу, орта мектеп оқушыларына арналған экологияландырылған физика мен астрономия курсына әдістемелік құралды жасап, оны ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің негізгі гипотезасы: егер экологияландырылған материалдарды жинақтап; экологияландырылған материалдарды зерттеу барысында жүйеге келтірсек; физика және астрономия үшін жалпы болып саналатын құбылыстар, үрдістерді педагогикалық тәжірибелер тарапынан қарастырып, мәселелерге бірден-бір жауап іздесек; онда астрономия, физика және экология пәндерінің мазмұндары бойынша жүйелік әдістемелік ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп оқушыларына әрбір құбылыстың мәнін, мазмұнын ашып беру жеңілдетіліп, физика мен астрономияның ғылымилылығын тереңдетуге болады, сөйтіп пәннің мазмұнын нақты мысалдармен байытып, қамтып, физика мен астрономияға қызығушылықты да арттыруға болады; сонымен қатар мектептегі аталмыш интегративтік курстың әсерлілігін тәжірибе жүзінде тексеруге болады.

Ғылыми зерттеудің әдістемелік негізі - мемлекеттік стандарт, «Білім беру туралы» заң, Ғ. К. Длимбетованың білім берудегі экологияландырудың жолдары туралы еңбектері, К. О. Шайхеслямованың экологиялық білім беру және дүниетанымның дамуы туралы еңбектері және т. б. ғылыми зерттеулері мен еңбектері кірді. Жаратылыстануды түсіну үшін мектеп оқушыларына физика пәніне астрономияның көптеген мәселелері сабақтастырылып, экология материалдары бойынша көптеген материалдар мектеп оқушыларына арналып теріліп, жүйелендірілген. Бұл мәселе - оқытудың әдістерінің аса актуалдылығын көрсетіп, көкейкесті мәселеге айналып отырғанын көрсететі. Интегративтік оқыту программалары ретінде біз Г. Д. Бессараб, Т. А. Попова, Г. Ю. Граковский, Ю. И. Дик, А. П. Рыженковтың және т. б. пәнаралық байланыс туралы ғылыми зерттеулерін негіз етіп алып, қазіргі кезде оқытуды сапалы түрде жүргізуді көздедік. Сондықтан, ЭФАИК шығармашылықтың инновациялық түріне жатады, ал оқытуды экологияландыру үрдісі - зерттелерімізді ең соңғы жетістіктердің қатарына қоспақ.

Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс: объект, пән, мақсат пен есептер анықталатын кіріспе бөлімнен; экологиялық тәрбиелену мен оның іске асырылу технологиясының теориялық негіздері ашылатын жұмыстың негізгі мазмұнынан; негізгі тұжырымдамаларға арналған қорытынды бөлімнен; пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І - тарау. Мектептегі физика және астрономия курсын экологияландырудың теориялық - әдістемелік негіздері

1. 1. Физика және астрономия курсын экологияландыру - орта білім беру жүйесін заманға сай жетілдірудің бір жолы

XXI ғасырда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен қоршаған ортаны қорғауды көздеген мемлекеттердің саны өсуде. Мысалы, 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында «Қоршаған орта және даму» жайында өткен БҰҰ-ң конференциясында көптеген құжаттар қабылданды, олардың негізгі идеясы - тұрақты өркендеу концепциясына қалыптасып, «бүгінгі күннің талаптарына сай келешек ұрпақтың қорғау» мәселелері ортаға салынды [1] . Басқа мемлекеттермен қатар, Қазақстан Республикасы да қоршаған ортаны қорғау және болашақ ұрпақтарға сақтап қалу шараларын іске асырмақ. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы «тұрақты өркендеудің жауапты мақсаттары» құжаттарының 22 Халақаралық экологиялық Конвенцияны (ХЭК) қабылдап, қол қойды. ХЭК-ке қатысу барысында Қазақстанға бірқатар құжаттарды қабылдады, мысалы, «экологиялық жәриялылықты дамыту және қоғамда ашық экологиялық сананы өсіру» жатады [1, 3-5] .

Оған қоса, Қазақстан шектес конвенциялардың - Париждегі (бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралар туралы), Вашингтондағы (GITES, жануарлардың сирек кездесетін және жоғала бастаған түрлері туралы), Рамсар (су-батпақ жерлер тарулы), Бонндағы (көшіп қону түрі) және т. б. - қатарына кіріп, мойнына негізгі міндеттер алып отыр, олардың арасында «экологиялық білім беруді дамыту және тәрбиелеу» де бар. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Қазақстанда экологиялық бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, түрлі экологияландырылған бағдарламалар іске асырылуы үшін мұғалімдер мен оқушыларға арналған әдістемелік кітаптар мен құралдар шығарылуда, ҚР-ның экологиясы жайында танымдық жобалар жүзеге асырылуда [1] .

Экологиялық қиындықтар мен аппаттар жаратылыстанудағы елеулі мәселелердің бірі, күн тәртібіндегі көкейкесті глобальдық мәнге ие болып отыр, ал экологиялық білім беру - мектеп үшін аса маңызды факторға айналып отыр. Ол фактор біздің ұлттық қауіпсіздігіміз бен экологиялық қауіпсіздігін көздеп, белгілі мақсаттарды алдына қойып отыр. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім және тәрбие беру жүйесінде экологиялық материалдарды интегративтік түрдегі курстарда беру қолайлы әрі тиімді әдетке айналып келеді.

Біздің жұмысымызда да бұл көкейкесті мәселе маңызды орын алып, құрастырып отырған пән және сабақ бағдарламасына әсерін тигізеді деп үміттенеміз. Жұмысымызда ерекше орын алып отрыған бір жәйт - экология мәселесінің бүгінгі таңдағы ең актуалды, маңыздысы - глобальды проблемаға айналып отырғаны туралы мәліметтер мектептегі физика, химия, астрономия және информатика сабақтарында экологиялық мәселенің жеке моменттерін интегративтік курс түрінде құрастыру, сөйтіп, экологиялық тәрбие жұмыстарын жүйелі жолға қою мақсаты көзделіп отыр. Экологиялық интегративтік курсы - оқыту жұмысының инновациялық түріне жатады, яғни мектеп пен жоғарғы оқу орнындағы мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының жаңа үлгісін жасауды көздейді.

Ең алдымен, кез-келген пәннің сабақтарында экологиялық проблеманың философиялық мағынасы жете ашылуы тиіс деп есептейміз. Ол үшін жұмыстың барысында «глобальдық», «экологиялық», «қоғамдық-өндірістік технология» ұғымдары ерекше орын алатыны тегін емес, себебі олардың экологиялық мәселелерінің пайда болуына тікелей қатысы бар.

Мысалы, «қоғамдық-өндірістік технология тәсілі» ұғымының мағынасы - «қоғам табиғатқа қалай әсер етеді» деген сауалға жауап береді. Жалпы «глобальдық» деген сөздің этимологиялық түбірі «глобус» - «жер шарын қамтитын», «жалпы адамзаттық» деген сөзден тарауы да тегін емес. Анықтап айтсақ, глобальдық проблема деп қоғамның даму жолындағы пайда болатын қарама-қайшылықтар, қиындықтар, мәселелер жиынтығы, оларды шешпей «қоғамдық организмнің өмір сүруіне қауіп төнді» деуге болады. «Экология» терминінің шыққан тегі: «экос» грекше - мекен, «логос» - ғылым, яғни, организмдердің «мекен-жағдайы» туралы ғылым. Бұндай түсініктеме «экология» терминнің классикалық формуласын мақұлдайды: экология дегеніміз - организмдердің тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым.

Ал немістің табиғи зерттеушісі Э. Геккельдің анықтамасы бойынша [6] : «экология - табиғаттағы өз-ара күрделі байланыстылықты және өз-ара қарым-қатынасты зерттейтін ғылым». Тауып айтқан сөз. Егер ғалымдардың экологияға қойылған анықтамаларының көптігін және алуан-түрлілігін ескерсек, онда жоғарыда аталған пән мұғалімдерінің жұмыстары қиындап, сабақтарында қолданатын терминдер мен анықтамаларының дұрысын анықтау үшін қосымша уақыт және қажетсіз шараларды талап етеді.

Сөзімізді тірілту үшін, мысал келтірейік: В. Дежкин өз еңбегінде [7, 8] көптеген ғалымдардың «толып жатқан еңбектерін егжей-тегжейлі» зерттей келе, кейде «бірін-бірі жоққа, теріске шығаратын немесе бірін-бірі толықтыратын, анықтайтын» формулаларының тамаша коллекциясын жинапты. Солардың ішінен біз де қазіргі заманғы қиындықтар мен сауалдарға толық жауап беретіндерін қолданудамыз.

Әлемдік «цивилизацияны» зерттеу барысында [9] оның тарихи дамуы біркелкі, бірқалыпты емес, керісінше адамзат дамуының мыңдаған жыл тарихы көптеген локальды цивилизациялардың кенеттен пайда болып, тез дамып, кенеттен төмен құлдырап, жоғалып кеткенін білеміз. Әрбір цивилизацияның дамуы, өсіп-жетіліп, құлдырауы, жоғалып кетуі - оның дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларға байланысты екендігі де мәлім. Ал цивилизацияның өмір сүруі, жетілуі белгілі бір табиғи, климаттық ортада болады емес пе, себебі ол табиғатпен тығыз байланысты.

Қоғамның іс-әрекеттерінің барлығы табиғат ресурстарының күштерін, қорын, ондағы болып жатқан процестерін, заттарын, энергиясын қолдануға бағыттылған. Бізді айнала қоршаған ортаға Г. С. Гудожник пен В. С. Елисеева өте сәтті анықтамасын берді [9] : «Бізді айнала қоршаған орта деп - түп-тамырлары шексіз космосқа кететін жүйелер жиынтығы, ондағы болып жатқан үрдістер қоғам өміріне жан-жақты (бірақ әзірше өте аз зерттелген) әсерлерін тигізетіні анық». Табиғаттағы болып жатқан қауіпті ығысулар мен үрдістерден өзін-өзі қорғау, сақтандыру және табиғи факторларды өзінің пайдасына дұрыс жұмсай алу - цивилизацияның ішкі даму дәрежесіне, тарихи күштеріне, прогрестік дами алу қабілеттілігіне тікелей байланысты. Глобальдық проблема қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасынан туады, яғни, ғылыми-техникалық дамудың салдарынан табиғи «патологиялар» пайда болады.

Адамның глобальдық әрекеттері - қарапайым емес, күрделі және өзгеше үрдіс екен; сол жасанды ортаны үнемі жетілдіру, толықтыру, өзгерту жолында жұмыс істеп, белгілі бір энергиялар жұмсаймын деп талаптанады. Басқаша айтқанда, адам өз айналасында құрған техносферасын биосферадан изоляциялап, бөлектеп, бұндай «жетістіктерінен» өзі де рухани шығынданып, ішкі дүниесі, дүниетанымы кедейленеді.

Адамның санасы оны қоршаған әлемнің бейнеленуінен қалыптасып, бұл бейне адамның мәдениетінің (өнер, мәдениет, ғылым) қалыптасуына тікелей себепкер екенін біз жақсы білеміз. Жеке адамның күрделі структурасы қоршаған ортаны психологиялық бейнелеуін қамтамасыз етеді, себепкер болады.

Белгілі бір қажеттіктердің басылуы, орындалмауы оның жалпы психологиялық жүйесінің қайта құруына апарады, сөйтіп адамның санасы, дүниеге көзқарасы қайта қарастырылып, басылған қалған талаптары осы жүйедегі басқа талаптар арқылы шығуы үшін компенсация кезінде бүкіл жүйе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Экологиялық жүйе де дәл сондай деуге болады: экологиялық жүйенің бір бөлігіндегі дағдарыстар жүйенің түгелдей қайта құрылуына, өзгеруіне, сөйтіп қайта құрылуының тізбекті реакцияларының басталуына себепкер болады. Әрине, бұл тізбектелген реакциялар тәріздес, сыртқы әсерлерді азайтуға немесе жоюға бағытталған жаңа шараларды туғызып, шектелуі қиын болатын қосымша да зиянды, қажетсіз де шексіз қимыл, іс-әрекеттерді тізбектеуі мүмкін.

Сонымен, экологияландырылған материалды методологиялық жаңашаландыру жолында жалпы физика курсына енгізіп, оларды физика ғана емес, астрономия элементтерімен қоса, ұштастырып, мектеп оқушыларының назарына ұсыну - біздің мақсатымыздың өзегі болып отыр. Экологиялық проблемаларға «табиғат, қоғам, адам және оның шығармашылығы жайында терең және берік білімді қалыптастыру» жатады [10, 11] . Бұл - білім берудегі төрт элементтің бірі болып саналса, негізі ой «экологиялық оқыту мен қоғамда тәрбиелеу мемлекеттік деңгейге қойылып келешек мамандарды дайындау жолындағы негізгі мәселелерді қозғауымыз тиіс» [6] . «Экологиялық оқыту мен тәрбиелеу», «экологиялық білім беру» және «экологиялық түсінік» деген терминтер бүгін «мемлекеттік деңгейдегі» статусқа ие болып отыр [12, 13] . Біздің жұмысымызда бұл терминдер негіз болып, ерекше орын алады. Бұл жерде адамның экологиялық санасының қалыптасуы - оқыту үрдісінің негізіне кіріп, сөйтіп біздің қоғамымыздың жаңа менталитетінің қалыптасуы туралы әңгіме қозғалып отыр. Оның ой-санасының мүлдем жаңа түрі адамның мінез-құлқының қоршаған ортамен гармониясында негізделген. Ғалымдардың ойлап шығарған жаңашыл теориясының негізіне жаңа терминдер және ұғымдарды талдау кіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар эволюциялық аралас пәндер теориясы мен біріктірілген ғылымдардың экологиялық мәселелер туралы ой-пікірлері негізделген. Сонымен қатар, экологиялық сана - табиғатты басқа құбылыс ретінде түсінуге үзілді-кесілді қарсы болып, «оған билік етуге болмайды, себебі әсерге - қарсы әсер туады, сөйтіп өзіне кесел тигізуі мүмкін» демекпіз.

90-жылдары ТМД елдерінде экологиялық білім берудің көптеген концепциялары шықты [9, 10, 14-15] . Білімнің нақты даму жолындағы бағыттарға экологиялық бағыт беру және бағдарланған деңгейдегі қоршаған ортаның жағдайын уағыздау - бұл мәселенің бірден-бір жауабы экологиялық білім болып табылатынына көзіміз жетіп отыр, яғни, халықтың гуманитарлық экологиялық санасын қалыптастырып, болашақ мұғалімдерді сол бағытта дайындау мәселесі жатады. Қазір көбісі түсінеді және біледі, экономикалық даму бұл ең алдымен экологиялық ұқыптылық пен болашақ мамандардың экологиялық санасының жоғарлығы, білімнің деңгейінің заманға сай болуымен тығыз байланысты. Экологиялық білім беру деңгейі - болашақта шексіз, шетсіз табыстың кепілі болмақ. Қазіргі оқыту проблемасы - ғылыми жаратылыстану циклі бойынша жүргізілетін пәндерді (физика және астрономияны) үйрету үрдісі - әр түрлі экологиялық өзгерістер туралы мәліметтердің қажеттілігін талап етіп, жас баланы оқуға баулуды қалайды.

Бұл жұмыста экологиялық тәрбиелеудегі мәселелер қарастырылып, жаратылыстану ғылымдарына сай көзқарастардың қалыптасу кезінде табиғат жайында фундаменталды ғылымдар - физика, астрономия, химия сияқты ғылымдардың мазмұнына экологиялық материалдар мектеп бағдарламаларына жүйелі түрде енгізілуі зерттелді. Ойымыздың түйіні - экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеп, мінез-құлық қалыптыстырғанда, жаратылыстану ғылымдырының барлығы бірдей қатысуы керек. Бұл - білім беру үрдісінің жеке компоненттерінің интеграциялық үрдісі деп білеміз.

Бүгінгі күні ғылым мен техниканың, өндірістің жаңа саларының пайда болып, қоршаған ортаға адамдардың іс-әрекетінен пайда болатын әсерінің өсуіне байланысты қоғам мен табиғаттың ара-қатынасы тым тығыз қалыпқа енуі соншалық, енді адамзаттың табиғатқа «қол салуы» ретсіз және шексіз бола алмайды. Ол белгілі түрде реттеліп жүргізілуі тиіс, басқа жағдайда адамзат баласы өз тіршілігіне ядролық соғыстан кем емес қауіп төндіретін экологиялық апат алдында тұрып қалуы мүмкін. Адамның табиғатқа араласуының теріс салдарының алдын алуы үшін бірқатар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және басқа да мәселелерді шешуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандық экономикалық дағдарыс
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуы
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруда бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Тұрақты даму концепциясы-2024
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы
Ғылымдағы дағдарыс
Экология ғылымы - дүниеге көзқарас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz