Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ . . . 8

1. 1 Шарттың ұғымы мен оның маңызы . . . 8

1. 2 Шарттың түрлері және мазмұны . . . 10

1. 3 Шартты жасау, өзгерту және бұзу . . . 17

2 МЕРДІГЕРЛІК ШАРТТЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ . . . 21

2. 1 Мердігерлік шартының жалпы түсінігі . . . 21

2. 2 Мердігерлік шартының жасалу жолдары . . . 22

2. 3 Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен

міндеттері . . . 26

3. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ . . . 35

3. 1 Тұрмыстық мердігерлік шартының жасалу жолдары . . . 35

3. 2 Құрылыс мердігерлік шартының жүзеге асу жолдары . . . 42

3. 3 Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарты . . . 48

3. 4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты . . . 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

ҚР- Қазақстан Республикасы

АҚШ- Америка құрама штатары

КСРО- Кеңес социалистік республикалар одағы

ТМД- Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

БАҚ-Бұқаралық ақпарат құралдарының,

ҚДСП-Қазақстанның социал - демократиялық партиясы

ҚАП-Қазақстанның азаматтық партиясы

ҚРХП-Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы

ӘҚСК- әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері

КЕҰ-коммерциялық емес ұйымдардың

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары делінген. [1]

Сондықтан еліміз жаңа әлемдегі деңгейге аяқ басқан қазіргі таңда мердігерлік шартты дамыту аса өзекті мәселелердің бірі ретінде алға қойылып отыр.

Нарықтың құрамдас бөлігі ретінде мердігерлікті дамыту ел алдына қойылған үлкен міндет десек артық емес. Олай болса, мердігерлік шартты ол туралы біліп ғана қоймай, терең зерттеулер жүргізуді талап етеді.

Сондықтан қазіргі Қазақстандық мердігерлік шартты зерттеу, оның негізгі артықышылықтары мен кемшіліктерін білу кез-келген заңгерлер үшін аса маңызды болып табылады.

Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орыңдауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, "Лицензиялау туралы" 17. 04. 1995ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары т. б. лицензиялануы керек. [2]

Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.

Бүкіл жұмыстың мөлшерін орыңдауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 619-б. 1-тармағы) . Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.

Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борыш-керлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.

Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көпшілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287 бабы, 2 тармағы) . [3]

Тақырыптың мақсаты мен міндеті:

Тақырыптың мақсаты мердігерлік шарттың жасалу жолдарының құқықтық реттелу негізін жүйелі әрі обьективті зерттеу арқылы оның белгілі бір жүйеге келуіне әсер ету. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау қажет:

- мердігерлік шарттың заңнамасына байланысты заңдар, нормативтік актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, мақалаларды т. б. деректердің барлық түрлерін жинап, салыстырып-саралау негізінде оның еңбек нарығында алатын орнын мүмкіндігінше нақты көрсету;

- мердігерлік шарт заңнамасының даму тарихын жан-жақты ашып көрсету, Қазақстан Республикасындағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарының заңдағы кемшіліктерді нақты айқындау;

- мердігерлік шарт Заңы баптарының Конституцияға қайшы келетін тұстарын қатаң түрде қарастыру, бұрыс мағына беретін баптарды талқыға салу;

- Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен салыстыру;

- Шет елдерінің мердігерлік шарт заңнамаларымен салыстыра отырып мұндағы жетістіктерді қарастырып назарға алу.

Тақырыптың жаңашылдығы:

Мердігерлік шарт заңнамасының қазіргі қоғамға сәйкестігі мен оның рөлін анықтау барысында келесідей жаңашылдықтарды көруге болады. Мысалы:

- қазіргі Қазақстандағы мердігерлік шарт нарығының құқықтық жағдайларын көрсету, оның қайшылықтары мен жетістіктерін ашу- жұмыстың басты нәтижесі болып табылады;

- деректер негізінде бұған дейінгі мердігерлік шарт заңнамасында қарастырылмаған мәселелердің кейбір тұстары біршама жүйеленеді;

- Қазақстан Республикасындағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарының негізгі саласы келтіріледі;

- болашақтағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарының заңнамасына көмек ретінде әзірленген бағдарламаларға тоқталып өтіледі.

Зерттеу обектісі Қазақстан Республикасындағы жұмыс күшінің көші-қоны және еңбек нарығының қалыптасуы мен даму кезеңдері мен құрылымы.

Зерттеу пәні - жаңа замаңда Қазақстан Республикасындағы мердігерлік шарттың жасалу жолдарын мемлекеттік реттеу болып табылады.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясының ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер қолданылды.

Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық және қорытындылау әдістері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы, автормен Қазақстан Республикасында мердігерлік шарттың жасалу жолдары саласы саясатын қолдауға бағытталған негізгі шараларды ұсынуынан тұрады.

Диплом жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде таңдалған жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен зерттеу пәні, зерттеу тәсілдері, ғылыми жаңашылдығы мен құрылымы көрсетілген.

Бірінші тарауда шарттың жалпы түсінігі мен жасалу жолдары жағдайлары анықталған.

Екінші тарауда мердігерлік шарттың жасалу жолдары, мердігерлік шартының жалпы түсінігі, мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Үшінші тарауда мердігерлік шартының жекелеген түрлерінінің жасалу жолдары, тұрмыстық мердігерлік шартының жасалу жолдары, құрылыс мердігерлік шартының жүзеге асу жолдары, жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарты, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты толықтай зерттелген.

Жасалынған зерттеулердің нәтижесімен, олар бойынша келтірілген ұсыныстар қорытынды бөлімінде көрсетілген.

1 ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. 1 Шарттың ұғымы мен оның маңызы

Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (соntrасіon) рим құқығы үш түрлі мағынада: құкық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретіңде; ең соңыңда тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.

Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағына мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: “шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады”. Сонымен бірге, “мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін. [4]

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

Шарт еркіндігі . Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1- тармағы) .

Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субьектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау, 2) шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу;

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шарты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2- тармағы) .

Шарттың әрқилы болып кетуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі. [5]

Біржақты және екіжақты шарттар . Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттың көбі екі жақты болып келеді. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруге талап ете алады.

Консенсуалды (келісім) және нақты шарт . Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқытары мен міндеттері туындайды. (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т. б. )

Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтап шарты) .

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқытар мен міндеттерді алатындар-сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда азаматтық айналымға басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады. [6]

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт- бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт(АК-тің 391-бабы) . Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы- шартты орындауды талап ету дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа шарт бойынша беріледі. [7]

1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметтінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт -жария шарт деп танылады. (АК-тің 387-бабының 1- тармағы) . Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету және т. б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы(АК-тің 399-бабының 4- тармағы) .

Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартты көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. [8] Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді(АК-тің 387-бабының 2- тармағы) . Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т. б. жатады.

Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып табылады. [9]

Қосылу шарты- ережелерін тараптардың біреуі формулярда немесе өзге стандартты нысанда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1- тармағы) . Бұл шарттың ерекшелігі сонда: мазмынын бір жақ жасап, қалыптастырады, әдетте ондай жақ жұмыстарды орындайды, қызмет көрсетеді, аталған саланың монополиялық және үстемдік ететін ережелері олардың стандартты нысандарында жазылады. Екінші жақ- жұмысты, қызметті тұтынушы болашақ шартты жасауға және де оны талқылауға, келісуге қатыспайды. Шарттың жағдайларымен олар ғана тек оған ешқандай дау айтпастан қосылу жөніндегі қол қоюымен білдіреді. Тұтынушы шарттың мазмұнымен келіспеген жағдайда оған қол қоймайды. Оның ұсынылған шарт талаптарын талқылауға құқығы жоқ, шарттың мазмұнына жаңадан немесе басқалай ұсыныс жасай алмайды. [10]

Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1- тармағы) . Алдын ала жасалатын шарт негізгі шартүшін заңдарда белгіленген нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады, ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ, басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс. [11]

Азаматтық кодестің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерді, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залады екінші тарапқа өтеуге міндетті(АК-тің 390-бабының 5- тармағы) . Егер ниеттер туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды, әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды(АК-тің 390-бабының 7- тармағы) .

1. 2 Шарттың түрлері және мазмұны

Шарттың мазмұны-жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойыншы, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардың басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді. [12]

Азаматтық коджекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.

Елеулі шарттар болып табылатындар:

  1. шарттың мәні туралы ережелер;
  2. заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
  3. осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
  4. бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер.

Кәдімгі жағдайлар заңнын диспозитивтік нормаларында қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды айтады, өйткені, бұлардың шартқа енуі өз өзінен белгілі. Егер нақ сол шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеге тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ меншігі болып табылады. [13]

Елеулі деп есептелмейтін нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әржақтың өзімен қалыптастырылады және өздері арқылы заңдағы ережеге қосымша немесе өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті тапсырмайды. [14]

Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.

Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін.

Ал енді сыртқы экономикалық келісімшарттың жасасу барысындағы ерекшеліктер тоқталар болсақ халықаралық шарттар құқығы - халықаралық құқықтың саласы болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық шарт жасасу және тоқтату принциптері мен нормаларын қамтиды.

Бұл сала халықаралық құқықтық жүйеде өте ерекше орын алады. Ол оның барлық салаларымен және институттарымен байланысты. Теория және практика жүзінде «халықаралық шарттар құқығы» деген түсінік қолданылады және оның нормалары әдеттегі нормалардан өзгешелігі бар екенін көрстеді.

Келісімшарт құқығының қайнаркөздері - қарапайым нормалар болып табылады. Осы және басқа құжаттар халықаралық шарттарды жасасу, орындау және тоқтату тәртібін регламентейді:

  • халықаралық шарт құқығы туралы конвенциясы 1969 ж. (тек мемлекеттер арасында ғана келісімшарттар) ;
  • мемлекттер арасындағы және халықарлық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық шарт туралы Вена конвенциясы 1986 ж.

Халықарылық шарттар ол өз тарапынан халықаралық келісім екенін көрсетеді. Мемлекетаралық немесе басқа халықаралық құқықтың субьектісін жазбаша болмаса ауызша нысанда халықаралық құқықты реттейді. Мұндай келісімдер біреу немесе бірнеше құжаттардан тұрады. Сондай-ақ олардың нақты атауына тәуелді болады. Халықаралық шарттар өзіндік әртүрлі атауларды иеленеді (пакет, конвенция, хаттама, келісімдер және т. б. ), шарттың заңдылық күші оның атауына тәуелді емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шартын түрлері
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Еңбек құқығы жүйесі
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Сатып алу - сату шартының ұғымы және мақсаты
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Сақтау шарты. САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мердігерлік шарты жайлы
Мердігерлік шарты жайында
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz