Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

I. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар.

  1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы . . . 7

1. 2. ТМД елдерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау . . . 14

II. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі негізгі отандық құжаттар.

2. 1. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтiк қорғау туралы заң . . . 16

2. 2. ҚР "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңы" . . . 29

2. 3. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауынан үзінді . . . 57

2. 4. Мүмкіндігі шектеулі жандарға инклюзивті білім беру . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемалары жиі іске алынып жатады. Халықаралық қоғамдастық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне жақында ғана назар аударды. 70-жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау шараларынсыз мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы басты орын алды. Адам құқықтары туралы халықаралық биллде жария етілген адамгершілік қадір-қасиетті кемсітпеу және құрметтеу қағидаттары мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жеткілікті деп саналды. Алайда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемасын зерделеу және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық іс-әрекет олардың құқықтарын қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудегі жабық жүйеге Л. С. Выготский қарсы болды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мекемелер жүйесінің түрлері көбейді, олар: балалар үйі, мектептер, қабылдау мектептері және т. б. мекемелер болды.

Н. К. Крупская мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасай отырып, ақыл-есінің дамуында және физикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесін ашудың маңыздылығын атап көрсетті. Сонымен қатар біршама ғалымдар мен педагогтар өз еңбектерін жазды. Б. Брёзе «Активизация ослабленного интеллекта при обучении во вспомогательных школах», Богомолова А. И. «Нарушение произношения у детей» Дуанбай Ж. «Саңыраулардың сағыныш сезімі», Намазбаева Ж. «Дефектологтың кеңесі» және тағы басқа көптеген ізденіс еңбектер болды. [ 14. 15. 16. 17. 18. 19-27]

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі сол уақытта тек мектеп ғана емес, мектепке дейінгі де және көзі көрмейтін, құлағы естімейтін ересектерге арналған кешкі оқыту мекемесі қолға алынды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарына арналған халықаралық құжаттардың тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары туралы декларацияны қабылдаған (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1971 жылғы 20 желтоқсандағы 2856 (XXVI) Қарарымен бекітілген) 1971 жылдан басталады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қанағаттанарлық өмірге құқықтарын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы сипаттағы халықаралық-құқықтық құжат БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 (XXХ) Қарарымен бекітілген Мүгедектердің құқықтары туралы декларация болды. 1976 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылды Халықаралық мүгедектер жылы, ал 1983 жыл мен 1992 жылдың аралығындағы кезеңді - БҰҰ мүгедектерінің онжылдығы деп жария етті. Халықаралық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жылын өткізудің аса маңызды нәтижесі 1982 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.

Осыдан 1993 жылға дейін қабылданған мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық құжаттар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жекелеген проблемаларын шешті, бірақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын тұтас қорғаған жоқ: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Конвенциясы (№ 159, 1983 жыл), Мүмкіндігі шектеулі адамдарды кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Ұсынымы (№ 168, 1988жыл), Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты адам ресурстарын дамыту саласындағы қызметте басшылыққа алынатын Таллин қағидаттары (1991 жыл), Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары (1991 жыл) . Тек 1993 жылы мүгедектердің құқықтарына арналған негізгі жан-жақты құжат - Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тең мүмкіндіктерге қамтамасыз етудің стандарттық ережелері қабылданды.

Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конференцияда: білім беруге және оның сапасына қол жеткізген Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 жылғы 7-10 маусым) және ерекше мұқтаж адамдардың қарапайым мектептерге құқықтарын растаған Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру бойынша іс-қимылдар негіздемесі қабылданды.

1993 жылы 14-25 маусымда Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік конференцияда қабылданған Іс-қимыл бағдарламасының «Теңдік, қадір-қасиет, шыдамдылық» деген тарауында адам құқықтарының әмбебаптығы және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әдейі немесе абайсыз көзқарасы бойынша кемсітушілікке тыйым салу қағидаты ерекше атап өтілді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту мәселелері БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен кездесулердің күн тәртібіне жиі енгізіле бастады. Мәселен, 1995 жылы 15 қыркүйекте Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданған Пекин декларациясы мен Іс-қимылдар платформасында мүмкіндігі шектеулі әйелдерге қатысты ережелер, бағдарлар мен шаралар толық мазмұнда берілген.

Сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың күш-жігері жеткілікті шамада тиімді болған жоқ: БҰҰ екі рет жүргізген мониторинг (1987, 1992) барлық өзгерістерге қарамастан, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тең мүмкіндіктер алмағанын, ал көптеген елдерде қоғамнан оқшауланған күйінде қалғанын көрсетті. Осыған байланысты 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасын одан әрі жүзеге асырудың ұзақ мерзімді стратегиясын мақұлдады. Оның негізгі мақсаты ретінде түрді адамдық ресурстарды қамтитын және әрбір адамға оның әлеуетін барынша дамытуға мүмкіндік беретін «барлығына бірдей қоғамды» құру жария етілді. Алайда қалыптасқан ахуал, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы бірыңғай ресми халықаралық шарттың жоқтығы, МОТ-тың түрлі ұсынымдарындағы, басқа да нормативтік актілердегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы нормалардың шашыраңқылығы - халықтың осы тобының құқықтарын толыққанды қорғауға кепілдік бермейтінін анық көрсетті. Мексика Президенті Висенте Фокстың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 56-шы сессиясында ұсынған бастамасы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау және көтермелеу туралы жан-жақты бірыңғай халықаралық конвенцияның жобасын дайындау басталды. Арнаулы конвенцияны қабылдау қажеттігі негізгі конвенцияларда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарымен тікелей байланысты нормалардың жоқтығынан туындады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары жөніндегі осы конвенцияларда тек жанама ғана қозғалды. Тек Баланың құқықтары туралы конвенцияның бір бабында ғана мүмкіндігі шектеулі балалар туралы сөз болды. Қолданылып жүрген, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарына қатысы бар халықаралық-құқықтық құралдар заңдық тұрғыдан міндетті болып табылмады.

2004 жылдың тамызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Арнаулы комитетінің мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы конвенцияны әзірлеу бойынша төртінші сессиясы өтті. Конвенция жобасын ағымдағы талқылаудың негізгі қайшылығы осы құжаттың мақсатын айқындауда түрлі тәсілдердің кездесуі болды. Бір елдер адам құқықтары саласындағы қолданылып жүрген халықаралық-құқықтық құжаттарда жазылған құқықтарды қайтадан растайтын және бір мезгілде қосымша мүмкіндіктерді бекітетін конвенцияға қол қоюды талап етті. Екіншілері құқықтарды қамтамасыз ету тұратын елдің экономикалық ресурстарына байланысты және конвенцияның ережелерін орындауға байланысты қаржылық ауыртпалықтар дамушы елдер үкіметінің осы құжатқа қол қоюын алыстатады деп есептеді. Ал мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар-ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүруге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көріністер болып табылады. Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткілікті. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді дамыту бағыттары 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. [ 3. 23]

Осы және де басқа мәселелер әліде болса зерттеуді қажет етеді деген мақсатта зерттеу жұмысының мақсаты былай анықталды.

Жұмыстың мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғайтын халықаралық құжаттарға талдау жасау. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғайтын отандық заң негіздерін талдау. Мүмкіндігі шектеулі адамдар, олардың түрлері, әлеуметтік жай - күйі туралы тану.

Міндеттері:

  1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын қорғау туралы даму тарихын анализдеу;
  2. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелерін сараптау.
  3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың негізгі көмек категорияларын талдау;

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр. [1. 27 ]

Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінде арнайы мектеп - интернаттарда білім алады. Жалпы мектептердегі мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі бала сыныпқа келген кезде оны қандай оқулықтармен оқытап, қандай әдістемелік құралдарды пайдаланады соны білмейді. Бұл мәселенің артынан туындайтын мәселе - кадр жеткіліксіздігі. Шындығында олар оқшауланған қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді - енді қолға алына бастады.

Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшелітерінен тыс сапалы білім беру болып табылады. [3. 23]

Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. [9, 10]

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар

  1. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жекелеген себептерін болдырмау жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жай-күйін өзгертуді түсінгендігін, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін мойындағанын айғақтайды. Бағдарлама «мүмкіндігі шектеулі» ұғымының өзін елеулі өзгертті: мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың халықтың әлсіз тобына жатқызуды тоқтатты. Сарапшылар түсінік бергендей, мүмкіндігі шектеулігі өмірдің қалыпты қыры болып табылады; сол немесе өзге де себеппен кез келген адам қалыпты өмір ағысының кез келген кезеңінде мүмкіндігі шектеулі болуы мүмкін. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың «осалдығы» қағидатына негізделген тәсіл «қарапайым» әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың бейімделуіне жағдай жасау іс-шараларын қамтитын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік жеткіліктілігін дамыту тұжырымдамасына орын берді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін тең мүмкіндіктер жасау бағдарламада қоғамдық өмірдің барлық салаларында қол жетімділікті қамтамасыз ету процесі ретінде қаралады. Құжатта жазылғандай, қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізгі құрамы шешім қабылдау процесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың толық әрі тиімді қатысуына жәрдемдесу шаралары болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері дүниежүзілік бағдарламаның идеяларын дамыту шеңберінде қабылданды және түріне қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарына арналған шарттық құжат болды.

Стандарттық ережелер ұсынымдық сипатқа ие, алайда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық құжат болмаған жағдайда олар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын танитын және кепілдік беретін бірден-бір әмбебап құжат болып табылады. Стандарттық ережелер мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларын қабылдауда моральдық және саяси адалдықтарын көрсетеді. Мәнісі бойынша, олар - мемлекеттердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу шеңберіндегі саяси-құқықтық, экономикалық және техникалық ынтымақтастығының жалғыз негізі.

Стандарттық ережелердің құқықтық және моральдық негізі, құжаттың өзінде жазылғандай Адамның құқықтары туралы халықаралық билль, Баланың құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды. Стандарттық ережелер төрт салада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды келтіреді: тең қатысу үшін алғышарттар, тең мүмкіндіктер жасауға мақсатты салалар, оларды жүзеге асыру шаралары және бақылау тетігі. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында МОТ-тың арнаулы құжаттарының ішінде аса маңыздысы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту туралы конвенциясы (немесе № 159 Конвенция. Конвенция 1985 жылы 20 маусымда күшіне енді) болып табылады. № 159 конвенция барлық санаттағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүддесі үшін кәсіптік оңалту саласында тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуға байланысты еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Халықаралық ұйымдардың қызметі. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жәрдемдесу және қолдау саласында ауқымды жұмыстарды мүмкіндігі шектеулікті болдырмау, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды тамақтандыру, гигиенасы, білім беру, оларды кәсіби-техникалық даярлау, еңбекке орналастыру бағдарламаларымен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдар жүргізеді. Осы бағдарламаларды жүргізетін ұйымдардың ішінде: Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шарушылығы ұйымы (ФАО), Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО), Дүниежүзілік почта одағы (ДПО) . Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу мәселелері мемлекеттердің ынтақтастығы шеңберінде де көтерілді: 1983-1992 және 1993-2002 жылдар Азиялық-тынық мұхиттық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың он жылдығы, 2000-2009 жылдар -Африкалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардыңон жылдығы, 2003-2012 жылдар - араб елдері мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың он жылдығы, 2003 жыл - Еуропадағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жылы деп жарияланды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғаудың оң тәжірибесі бар елдердің әлеуметтік саясатының инновациялық моделі. Өздерін құқықтары бойынша әлеуметтік деп атайтын бірқатар мемлекеттерде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау мәселелері басымды болып табылады. Бұл елдерде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемаларын бірінші болып, әдетте, өз азаматтары туралы әлеуметтік қамқорлық саласында үлкен үлес қосқан мемлекет басшылары өзектендірді. Бұл АҚШ-тың бірқатар президенттерінің іс-қимылдарынан аса айқын әрі тиімді көрінеді.

70-ші жылдардың басындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін және тиісінше білім алу құқығын қорғау туралы екі күрделі сот ісі, Вьетнам соғысынан кейін мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың санының көбеюі - мұның барлығы американдық қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық шаралардың қабылдауына әкелді. 1973 жылы федералдық үкіметтермен келісім-шартқа отырар кезде АҚШ-тың мемлекеттік бағдарламаларында кемсітуге жол бермеуді көздейтін «Оңалту туралы» Заң қабылданды.

1976 жылы барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Білім туралы Заңды қабылдай отырып, АҚШ Конгресі елде сегіз миллионнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың бар екенін анықтады. Олардың жартысынан көбі тиісті білім алған жоқ. Осындай миллиондаған бала мектеп жүйесінде қамтылмаған. Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім туралы заңның маңызы жоғары, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мектеп есігін ашып берді және оларға берілетін арнаулы білімді реттейтін бірқатар қорғау шараларын енгізді. 1988 жылы АҚШ Конгресі мүмкіндігі шектеулі адамдарға дене кемістігін «адам боп өмір сүрудің табиғи элементі» деп танитын, американдық қоғамның «жалпы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және білім беру» өмірінде «тәуелсіздігі, өзін-өзі көрсету, мазмұнды карьера жасау немесе толық қатысу» құқығына ешқандай да қысым жасамайтын «Тек-Акт» ретінде танымал техникалық құралдар арқылы көмек беру туралы Заң қабылдады. Осы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өздерін кемсітуге қарсы орасан қозғалыстары басталды. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тарапын қабылдаған және жаңа заңдардың нормаларын орындамаған жағдайларда қатаң санкциялар қолданған соттар үлкен роль атқарды. Американың барлық штаты бойынша арнайы құрылған құрылысшы-мердігерлер бригадасы сырғыма жолдар мен пандустар жасай бастады, күннен- күнге мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін Америка қалаларында қол жеткізуді жақсартты.

АҚШ Президенті Клинтонның қолдауымен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тұрмыс жағдайын елеулі жақсартатын, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қандай да болмасын нысанындағы адамдарға тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер беретін көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, 1997 жылы 4 маусымда Клинтон американдық білім беруді дамытуда құбылыс болған «Дамуында және денсаулығында ауытқушылық бар адамдарға білім беру туралы» Заңға қол қойды. АҚШ президенті оның негізгі мақсатын қысқаша ғана тұжырымдады - барлық американ балалары үшін әлемдік таптағы білім беруді қамтамасыз ету. Бұл жерде, ең алдымен, барлық балалар үшін тегін орта білім алу құқығын қорғау (беру) туралы, қарапайым мектептерде оқитын мүмкіндігі шектеулі жандардың балаларға арналған арнайы оқыту бағдарламасының қол жетімділігі туралы және олардың жұмысындағы нәтижелер үшін мектептердің жауапкершілігін арттыру туралы сөз болып отыр. Бұл проблеманың қоғамдық жағына баса назар аударылды: балаларды жалпы білім беру процесінде барынша қарапайым орта мектептерде оқытуға тырысты, ал олар өз құрдастарынан қалып қоймас үшін және қарапайым оқу жоспарымен үлгеру үшін олардың әрқайсысы үшін қосымша сабақтармен бірге арнайы жеке оқыту бағдарламалары әзірленді. Бұл орайда оларды оқыту бойынша қосымша шығыстарды мемлекет өзі көтерді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің дамуына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары туралы қамқорлық АҚШ президенттері үшін бүгін де өзекті болуда. Президент Джордж Буш 2001 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың бар адамдардың компьютерлер мен интернетке неғұрлым қолын жеткізуіне бағытталған бұйрыққа қол қойды. 2004 жылы АҚШ армиясының ардагерлерін, соның ішінде түрлі қарулы қақтығыс салдарынан жарақат алған мүгедектерді Ақ Үйді күзетуге тарту жобасы басталды. Қазірдің өзінде Ақ Үйдің қауіпсіздік қызметінде 40 адам жұмыс істейді және жақын арада бұл сан 100-ге дейін көбейеді. 2003 жылы 16 желтоқсанда АҚШ Конгресі қарулы күштердегі ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың, сондай-ақ осындайлар жұмыс істейтін фирмалардың федералдық үкіметпен еңбек келісім-шартына отырған кездегі артықтышылығы айтылған заң қабылдады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жөніндегі дүниежүзілік комитет, Франклин және Элеонора Рузвельт Институты қоғам өміріне мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың толық қатысу міндеттерін шешуде едәуір прогреске қол жеткізген мемлекетке мүмкіндігі шектеулі тұлғалар туралы қамқорлығы үшін тапсыратын Франклин Делано Рузвельт атындағы жыл сайынғы халықаралық сыйлық тағайындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүгедектік ұғымы және оның ерекшеліктері
Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу
Тaбиғи, тeхникaлық, әлeумeттік - гумaнитaрлық жәнe экономикaлық ғылымдaры бойыншa cтудeнттeрдің ғылыми - зeрттeушілік жaрыcы
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Арнайы педагогиканың ғылыми және этникалық негіздері
Кедейшілікті төмендету - мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жүріс
Мүдектерге әлеуметтік қызмет көрсету
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру
Арнайы білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz