Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану - математика факультеті
Физика - математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасы

Бүркітбаева Айзауре Қоныратбайқызы

Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В012000 «Кәсіптік оқыту»

Қостанай, 2016

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1
3: Жиналмалы жиһаздардың шығу тарихы . . .
5
Кіріспе . . .: 1. 1
3: Жиһаздарды топтастыру негіздері . . .
5
Кіріспе . . .: 1. 2
3: Жиһаздарды даярлаудың негізгі талаптары . . .
18
Кіріспе . . .: 1. 3
3: Жиналмалы ноутбук үстелін жасауға қажетті материалдар мен құрал-саймандар . . .
24
Кіріспе . . .: 2
3: Ноутбукка арналған жиналмалы үстелді әзірлеу мен жасау . . .
41
Кіріспе . . .: 2. 1
3: Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің жасалуы . . .
41
Кіріспе . . .: 2. 2
3: Ноутбукка арналған жиналмалы үстелдің технологиялық картасы . . .
47
Кіріспе . . .: 2. 3
3: Жиналмалы үстелдің экономикалық есебі . . .
57
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 58
Кіріспе . . .: Қосымша А . . .
3: 59
Кіріспе . . .: Қосымша Б . . .
3: 60
Кіріспе . . .: Қосымша С . . .
3: 61
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 62

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі:Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы болып табылатын ноутбуктер заманауи тұрғын үйлерде адамдардың негізгі қажеттіліктерінің біріне айналды. Себебі, ғаламтор желісі қосылған ноутбукті пайдалану арқылы адамдар өзінің күнделікті тұрмыста, келесі қажеттіліктерін қанағаттандыра алады:

- жылдам, әрі нақты ақпараттар алу, өңдеу және тарату;

- әлемнің кез - келген жеріндегі адамдармен жылдам, әрі арзан байланыс орнату;

- көп мөлшердегі ақпараттарды сақтау және тасымалдау;

- сондай - ақ тәрбие мен білім алып, әрі көңіл көтеруді ұштастыру.

Менің айтпағым, ноутбуктың адам өміріндегі маңызы мен жетістіктері емес, сол техника құралын дұрыс пайдаланудың жолдарын қарастыру. Біріншіден, тұрмыста лаптоптарды дұрыс пайдаланбау құрылғының жұмыс жасау ұзақтығын азайтып қана қоймай, пайдаланушының денсаулығына зиян келтіреді. Мысалы, компьютерді дұрыс пайдаланбау адамның көздеріне, жүйке жүйесіне, тірек қимыл мүшелері мен бұлшық еттерге де зиян келтіреді. Айталық, монитордың алдында ұзақ отыру, әрі құрылғының дұрыс орналаспауы - көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауы сияқты денсаулыққа кері әсерін тигізеді.

Көз бен монитор арасындағы қашықтық жарты немесе екі диагональді дисплей ретінде есептеледі. Мысалы: ^*2. 54*1, 75=107 см, мұнда ^ - дюйм диагоналі, 2. 54 - 1 дюймдағы сантиметр саны (дюймды сантиметрге айналдырамыз), 1. 75 - орташа арақашықтық 1, 5-2 диагональдар арасындағы. Нәтижесінде, 24-дюймдық мониторға 92-122 см арақашықтықта отыруға кеңес беріледі.

Көптеген ноутбуктың иелері, құрылғымен кереуетте жатқанда, өзінің үстіне қойып, орындықта отырғанда тізесіне қойып жұмыс жасайды. Осы орайда Швейцария зерттеушілері жүргізген ғылыми зерттеу жұмысынан мысал келтірсек, АҚШ - та шығатын «Балалар ғылымы» журналында жариялаған зерттеу жұмысының ғылыми қортындысында 12 жастағы жасөспірімнің күніне 4 - 5 сағат бойы ноутбукты тізесіне қойып ойын ойнағандығы себепті «Әмбебап тері күйігі ауруына» душар болғаны жайында айтылған. Мамандардың айтуынша, ноутбук тізеде тұрғанда 52 градусқа дейін көтеріліп, жоғарыда аталған ауырудан басқа ұзақ мерзімді тері реңінің өзгеруіне, тіпті тері рагіне шалдықтыруы мүмкін екендігі айтылған. Ноутбуктан тараған элекро - магинт өрісінің көбінесе ерлердің денсаулығына әсер ету мөлшері жоғары екені де дәлелденіп отыр.

Ноутбукпен дұрыс жұмыс жасамау, құрылғының қызмет ету ұзақтығында айтарлықтай төмендетеді. Құрылғы жақсы жұмыс жасау үшін кем дегенде оның астына қатты тұғыр керек. Техникалық құрылғыны кез - келген жерге қойып жұмыс жасау, оның шаң басуына және желдету жүйесінің жұмысы нашарлап, ноутбуктың тез қызуына алып келеді. Ал жазғы күндері ноутбуктың қызып кетуден сақтау үшін қосымша желдету қажеттілігі туындайды.

Осы мәселелерді болдырмау үшін, ноутбукты қойып, жұмыс жасайтын арнайы жиһазға қажеттілік туындайды. Бұл техникалық құрал кез - келген жерде қолданылатын және жиі тасымалданатын болғандықтан, оған қажетті арнайы тұғыр келесі талаптарға сай болуы қажет:

- кез - келген жағдайда жұмыс жасау (диванда жатып, креслода немесе еденде отырып) ;

- қолданылатын материалдардың жеңіл әрі зиянсыз болуы;

- қолдануға және тасымалдауға оңай болуы;

- көп функцияналды болуы қажет.

Жоғарыда айтылған критерилерге ноутбукқа арналған жиналмалы үстел сәйкес келеді.

Жұмыстың мақсаты: Ағаштан ноутбукқа арналған жиналмалы үстел жасау.

Гипотеза: егер ноутбукқа арналған жиналмалы үстелді ағаштан жасаса онда оны қолдану тиімді болады.

Міндеттер:

- тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау;

- ноутбукқа арналған жиналмалы үстелге сараптама жасау;

- ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің технологиялық картасын құру;

- ноутбукқа арналған жиналмалы үстелді жасаудың экономикалық есебін құрастыру;

Зерттеу нысаны: Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелді жасау үрдісі

Зерттеу пәні: Ноутбукқа арналған жиналмалы үстел.

Зерттеу әдістері: талдау және толықтыру, анализ және синтез, сауалнама.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. Жиналмалы жиһаздарды жобалау теориялық мәліметтері

1. 1 Жиһаздарды топтастыру негіздері

Жиһазды арналуы, бастапқы материал түрі, қолданыстық, функционалдық белгілері, жиынтықтылығы, өндіріс тәсілі және сипаты, жұмсақ бөлігінің бұзылу деңгейі, сонымен бірге конструкциялық-технологиялық белгілері мен бұйым түрлеріне байланысты топтастырады.

Арналуы бойынша жиһазды тұрмыстық (тұрғын үй-жайлар үшін), қоғамдық ғимараттар үшін (пішіні мен құрылысы функционалдық үдерістердің өзіндік ерекшеліктері және мекеме қызметінің сипатымен анықталады) және балаларға арналған (пішіні, көлемі мен құрылысы балалардың жас және өсу ерекшеліктерін ескеру жолымен анықталады) деп бөледі.

Бастапқы материал түрі бойынша жиһазды ағаш материалдардан, полимерлі материалдардан, металдан және құрамдастырылған деп ажыратады.

Қолданыстық белгілері бойынша жиһазды тұрмыстық (тұрғын үй-жайлар үшін), кеңселік, клубтық-театралдық, қоғамдық тамақтану мекемелеріне, мәдениет саябақтарына, демалыс үйлеріне және санаторийлерге арналған, саяжайлық және т. б. деп топтастырады.

Жиһаздың әр түріне белгілі бір көлем, әрлеу және белгілер тән. Тұрмыстық жиһазды арналған үй-жай түрлеріне қарай бөледі: тұрғын бөлмелерге, сонымен бірге балалар бөлмесіне арналған; асүйге арналған; ауыз үй, жуынатын бөлме және терассаға арналған; түрлі үй-жайға арналған. Тұрғын бөлмелерге арналған жиһаз - бұл ортақ бөлмеге, жатын бөлмеге, кабинет және асханаға арналған жиһаз[1] .

Функционалдық белгісі бойынша жиһазды келесі топтарға топтайды: отыруға (орындықтар, креслолар және т. б. ) ; жатуға (дивандар, креслолар, кушеткалар, диван-кереуеттер, кресло-кереуеттер, софалар және т. б. ) ; жұмысқа (жазуға арналған, асүй үстелдері және т. б. ) ; киім, ыдыс, кітаптар және басқа да заттарды сақтауға (киімге, төсек орын мен кітаптарға арналған шкафтар, асадалдар, комодтар және т. б. ) арналғандар; жиһаз-демеуіштер (журнал, шахмат үстелдері, теледидар, радиоқабылдағыш тумбалары және т. б. ) ; басқа қажеттіліктерге керекті жиһаз және т. б.

Жиынтықтылығы бойынша жиһазды дара (жеке заттар) және жиынтықты (комплектілі) (бір-екі және үш бөлмелі пәтерлер мен жатын, асхана бөлмелеріне, кабинетке және т. б. арналған жиынтықтар) деп ажыратады.

Жиынтыққа кіретін барлық заттар ортақ архитектуралық- композициялық шешімге (бір ағаш түрінен, бір әрлеу тәсілімен және бірдей санатта және т. с. с. жасалуы қажет) ие болуы керек. Сәйкес қалқандардан немесе көлемді бөлшектерден ені мен биіктігі бойынша үйлестіру жолымен жасалынатын әмбебап-жиналмалы жиһаз да жиынтықты түрге жатқызылады.

Өндіріс сипатына қарай жиһазды эксперименталды, сериялық және жаппай деп; өндіріс тәсіліне қарай - ағаш ұсталық, иілген (иіліп-желімделген бөлшектерді қолдану арқылы), тоқылған және сығымдалған, қалыпқа түсірілген, штампталған және құйылған (металл және пластмассадан) деп бөледі[2] .

Жұмсақ бөлігінің болуы және оның бұзылу деңгейі мен салмақ түсу кезінде серіппелі бөлігі мен жұмсақ төсеніш негізінің түріне қарай икемділігіне байланысты, жиһазды қатты және жұмсақ деп бөледі. Қатты түрге төсеніші жоқ немесе қалыңдығы 10 мм-ден аспайтын төсеніші бар бөліктерден тұратын жиһазды жатқызады.

Арналуына қарай отырып, оның жұмсақтылық санатын анықтайды. Жұмсақтылықтың бірінші санатындағы жиһаз жатқан қалыптағы ұзақ демалысқа, екінші мен үшінші санаттағылар - жатқан қалыпта және отырған күйде аз уақыт демалуға, төртінші санаттағы - отырған күйде ұзақ уақыт жұмыс жасауға арналған. Жұмсақ жиһаз үлесіне жиһаз өндірісінің барлық көлемінің 25%-ға жуығы тиесілі.

Қатты негіздерге рамалар мен қалқандар, иіліпжелімделген бөліктер, фанералы немесе қатты ағаш талшықты плиталы бітемелері бар қораптар жатады. Рама немесе қорап түріндегі, сымды торы, кенепті төсемесі немесе мата ленталары бар негіздер иілгіштерге жатады. Созылмалы негіздер - бұл созылу серіппелерінен немесе резиналы және созылмалы пластмассалы ленталардан тұратын торы бар рама немесе қорапшалар.

Конструкциялық-технологиялық белгілері бойынша жиһаз кіріктірілген, жылжымалы, трансформацияланатын, әмбебап-жиналмалы, корпустық, алмалы-салмалы, бөлшектеуге келмейтін, жиналмалы, секциялы, сөрелі, қүрамдастырылған және т. б. деп бөлінеді[3] .

Жиһаз бұйымдарының түрлері: шкафтар (ыдыс, кітаптар, киім-кешек, көйлектерге арналған), комодтар, шкаф-қалқалар, қүрамдастырылған шкафтар, асадалдар, тумбалар, үстелдер (тамақтануға, ыдыс даярлауға, жазуға, үсақ бұйымдарға, журналға, асүйге және т. б. арналған), кереуеттер (жалқы және екі қабатты), дивандар, диван-кереуеттер, кушеткалар, тақталар, орындықтар, креслолар (жүмысқа және демалуға арналған), кресло- кереуеттер, кресло-әткеншектер, арқалығы бар орындықтар, трюмо, балалар манежы және т. б. .

Кіріктірілген жиһаз - түрақты, ол үй қабырғасымен немесе үй-жай ішіндегі бөлмеаралық қабырғамен біртүтас. Оған шкаф-қалқалар жатады.

Жылжымалы жиһаз алмалы-салмалы және бөлшектеуге келмейтін болуы мүмкін. Алмалы-салмалы жиһаз пәтер ішінде жылжытуға, сонымен бірге буып-түюге және тасымалдауға қолайлы.

Қалқандардан түратын корпустық жиһаз рамалы және қалқанды болады. Рамалы қүрылымды жиһаз бөлек жақтама-орамдардан фанера немесе ағаш талшықты плиталар филенкісімен жиналады. Қалқанды жиһазды дайын бөліктер болып табылатын бөлек қалқаншалардан жинайды. Ол рамалымен салыстырғанда ауырырақ және көп материалды талап етеді, күтімін жеңілдететін жазық беттерге ие. Рамалы жиһаздың гигиеналылығы төмендеу.

Трансформацияланатын жиһаз - кресло-кереует, диван-кереует, шкаф- асадал және т. б. - тұрғын аумақы, әсіресе күндізгі уақытта үнемді пайдалануға мүмкіндік береді; тұрғын аумақтан орын алу коэффициенті 30-35%[4] .

Барлық уақытта тұрғын үй мәселесі маңызды болып келді. Шағын тұрғын үй оның шешімі болса, ендігі мәселе онда жиһаздарды орналастыру болды. Кез- келген адам өз үйінің қонақ күтуге, жұмыс жасауға, демалуға жайлы болғанын қалайды.

Еуропа елдері бұл мәселелерді шешу үшін келесі шешімдер қабылдады:үйде және кеңселерде үстел, орындық, кроват, скамейкалар және де басқада жиналмалы жиһаз түрлерін қолдана бастады. Бұл жиһаз түрі бізде енді кеңінен таралуда. Мысал келтіретін болсақ, совет кезінде пайдаланған журнал-үстел. Қазіргі уақытта ғимараттарда аз орын алатын жиналмалы жиһаздардың көптеген жаңа түрлері пайда болуда.

Дизайнерлер жиналмалы жиһаздарды шығару үшін қазіргі заманауи үлгіні пайдалануда, бұл хайтек, кантри жәнеде тапсырыс берушінің жеке дизайнына қарай. Жиһаздардың аяқтары жеңіл жиналатын, ал тақтайшалары шкаф ішіне салынатын, қабырғада олар 5 см көп емес қалыңдықты алып тұратын түрлері бар.

Жиналмалы үстелдің артықшылықтары:

  • Берік;
  • Жеңіл (тасымалдауға ыңғайлы) ;
  • Қауіпсіз (күнделікті қолданыс үшін) .

Бұл жиһаз, басқа жиналмалы және тасымалы жиһаздар сияқты жеңіл материалдардан жасалынады. Олар, пластмасса, алюминий, фанера. Аз салмақты мұндай тұғырлар бөлмеде тасымалдауға, іс-сапарға шыққанда бірге алып жүруге өте ыңғайлы. Жиналмалы үстелдің аяқтары телескопиялық, қайырмалы, шарнирлі және дөңгелектермен жабдықталған болып келеді[5] . Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің дизайні оның таңдалған үлгісіне байланысты әртүрлі болады. Бұл жиһаз тек жиналмалылығымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар онда желдеткіш те орналастырылған.

Қорғаныс

Біріншіден, ноутбукты қызып кетуден және құлап кетуден сақтайды.

Өйткені, ноутбукты пайдалану талаптарына назар аудармайды. Соның ішінде, ноутбукты жұмсақ және қылшықты жерге қоюға болмайды. Бірақ, көптеген қолданушылар бәрібір оны не диванға немесе тізе қойып пайдаланады.

Нәтижесінде ноутбуктың желдету аймағы қызып кетеді. Ал оның іттткі кеңістігінде әлдеқайда көп мөлшерде, дұрыс қоладанған кездегіге қарағанда, шаң жиналады. Осының нәтижесінде ноутбук қызып бастайды және кезектен тыс істен шығады.

Осындай жағдайлар туындамас үшін - ноутбукқа арналған жиналмалы үстел жобаланды. Сондай-ақ қажет болған жағдайда - белсенді салқандатқыш орнатылған.

Қолайлылығы

Екіншіден, ноутбукпен толық жұмыс жасауға қолайлы болады.

Сөйтседе, ноутбукпен жатып немесе отырып жұмыс жасау тұғырлы үстелсіз ыңғасыз.

Барлық уақытта, оның тізеден немесе іштен құлап кетпеуін қадағалап отыру керек болады. Сондықтан бір қолмен оны барлық кезде ұстап отыруға, ал екінші қолмен жұмыс жасауға тура келеді. Егерде кішкене бұрылсаңыз онда ноутбукты жаңадан қолайлы жағдайға бұру керек болады.

Ал үстел, ноутбукты өзінде жақсы ұстап тұрады, жәнеде сіз емін - еркін жұмыс жасай аласыз.

Басқа сөзбен айтқанда, ноутбукқа арналған жиналмалы үстел - бұл тек қана зат емес, қолайлықты тудыруға және бірінші кезекте оның қауіпісіздігін қамтамасыз етеді.

Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің көптүрлілігі [Қосымша А] Төменде берілген суретте ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің түрлері берілген (1 - сурет) .

1 - сурет. Ноутбукқа арналған жиналмалы үстел түрлері.

1. Үстелше «тауық аяқты».

2. Үстелше «супер-трансформалы».

3. Үстелше «классикалық».

1. Үстелше «тауық аяқты».

Өте ерекше түр. Бірақ оны екі жағдайда ғана қоланылады: керуерт жанына қойлатын үстелше және тұғыр түрінде. Керуерт түрінде қолдану қарастырылмаған немесе оны керуертте қолану қиынырақ.

2. Үстелше «супер-трансформалы».

Трансформалы үстелді қолдану шектеулігі қолданушының қиялына және оның трансформалы бұйымды қолданып жұмыс жасау тілегіне байланысты. Бұл бұйымды көбіне керуертте қолдану өте ыңғайлы. Соның ішінде еңкею түрінде .

3. Үстелше «классикалық».

Бұнда трансформалау саны басқалармен салыстырғанда көп емес. Бірақ, көптеген үлгілерде үш нұсқа қарастырылған:тұғыр, керуерт және диванды және кереует жанына төселетін нұсқалары[6] .

Алайда бар үлгілер арасында, екі түрде пайдалануға болатын түрлері де бар:тіреу және диванды түрде. Жәнеде, ноутбук қоятын тұғыр әртүрлі бұрыштарға иіледі, бұл барлық үлгілерде кездесе бермейді.

Ноутбукқа арналған қойғыштың конструкциялық құрылымы:

Тұғыр(подставка) (2 - сурет) - үстелдің аяқтары үстелдің беткі тақтайшаларын белгілі биіктікке дейін көтереді немесе оның астына жиналады. Осылайша үстелдің аяқтарын жинау арқылы, тек қана үстелдің беткі тақтайшасын ғана қалдырып оны ноутбукқа арналған тұғыр ретінде қолданамыз.

2 - сурет. Тұғыр.

Диван түріндегі нұсқасы(3 - сурет) -үстелдің аяқтары орта биіктікте орналасқан (тәртібі 30 см), үстел диванда жатып немес орындықта отырып пайдалануға мүмкіндік береді. Ең қолайлы болғандықтанбұл нұсқа кеңінен пайдаланылады. Тағы бір кеңінен таралған үстелдің бұл түрі орташа нұсқада - таңғы ас үстелі ретінде пайдаланылады.

3-сурет. Диван түріндегі нұсқасы.

Кереуерт жанына қойылатын нұсқасы(4 - сурет) - үстелдің аяқтары жоғары биіктікте орналасқан (тәртібі 50 см немесе жоғары ), керуертте пайдалану үшін еденүстіне қоюға мүмкіндік береді. Осындай биіктікте орналасқан үстелдерде жұмыс жасау өте қиын. Үстелдің бұл түрі жұмыс жасауға емес, кино қарауға немесесабақ орындауғаөте қолайлы.

4 - сурет. Керуерт жанына қойылатын нұсқасы.

Ноутбук астына қойлатын алаңы(площадка) . Үстелдің барлық мумкіндіктері бойынша екі топқа бөлуге болады.

Алаңсыз(площадкасыз) (5 - сурет) . Бірінші - бұл үстелдің түрінде үстел бетінің тақтайшасы басқа үстел тақтайшалары сияқты әртүрлі бұрыштарға көтерілмейді. Ал іс жүзінде бұл түрі төсекте кофе ішуге ыңғайлы монолитті айырбасталатын қарапайым құрылғы болып табылады. Әдетте, өте қатты және берік конструкциялы. Бірақ мүлдем ыңғайсыз.

5 - сурет. Алаңсыз.

Алаңымен (плошадкалы) (6 - сурет) . Екінші - үстел тақтайшасы қозғалмалы, мысалы «тауықаяқты үстел» немесе үстел тақтайшасы арнайы биіктікке көтеріледі. Ноутбук алға қарай жылжып кетпес үшін оан арнайы тіреу қойылған. Тіпті оны ең төменгі градусқа еңкейту кезінде (тәртібі 15 градус) ноутбук ешқандай сырғынап кетпейді. Жәнеде үстелдің бұл түрінде жұмыс жасау ыңғайсыз, мысалы, көлденең түрде ноутбукта текст теру қолайсыз болғандықтан оны өзіңізге еңкейту арқылы жасай аласыз.

6 - сурет. Алаңымен.

Қосымша желдеткіш(7 - сурет) . Ноутбукпен жұмыс жасаған кезде оның қызып кетуі оның тез бұзылуына әкеліп соғады, немесе ыстық күнде жұмыс жасағанда. Ол үшін ноутбуктың астына арналған тұғыр пайдаланған жөн.

7 - сурет. Қосымша желдеткіш.

Ноутбук астына көбіне бір немесе бірнеше желдеткіш орнатылады. Ноутбукты қосымша сыртқы салқындату үшін.

Ноутбуктан USВ-кабелі арқылы қуат алады.

Ноутбукты желдеткен сайын оның ішкі температурасы 5-10 градусқа түсіріліп отырады. Бұл ноутбукпен желдеткіш сәйкес орналасса ғана анықталады. Сәйкес болған сайын, оның желдету процесі жақсара түседі. Желдеткіш әртүрлі диаметрлі және әртүлі санды болады. Бұлүстелдің үлгісіне байланысты анықталады.

Егерде ноутбук қосымша жақсы желдетуді қажет етсе, онда оның үлкен диаметрлі желдеткіші, оның айналу жылдамдығы және үлкен желдеткіші тақтайша астына орналасқан[7] .

Тышқанға арналған алаң. Бұл түрі бойынша екі топқа бөлуге болады.

Алаңсыз(без площадки) (8 - сурет) . Бірінші - бүл үстел өзінің өлшеміне және функциясына байланысты ноутбукты ұстап тұруға ғана арналған. .

8 - сурет. Алаңсыз(без площадки) .

Алаңды(полощадкалы) (9 - сурет) .

Екінші - бұл ноутбуктың тышқанға арналған түрі. Бұл классикалық нұсқасы - қажет болған жағдайда шығарылады немесе жиналады.

Бұл түр жиналмалы үстелдің үш түріне қатысты: «тауық аяқты», «супер- трансформалы» және «классикалық». Ноутбукқа арналған кейбір үстел түрлерінде көбіне тышқанға арналған тұғыр көбіне үстелдің аяғына жабыстырылып жасалынады. Бірақ бұл қолайсыздық тудыруы мүмкін.

9 - сурет. Алаңды(площадкалы) .

Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің дизайні оның таңдалған үлгісіне байланысты әртүрлі болады. Бұл жиһаз тек жиналмалылығымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар онда желдеткіш те орналастырылған.

Жиналмалы үстелдің артықшылықтарына қолдануға және тасымалдауға қолайлылығын, қорғаныш қызметін жатқызуға болады[8] .

Қорғаныс қызметіне жиналмалы үстелдің ноутбукты қызып кетуден және құлап кетуден сақтауын жатқызуға болады. Ноутбукты жұмсақ және қылшықты жерге қоюға болмайды. Себебі ноутбуктың желдету аймағы шаңданып, жұмыс істеуі нашарлайды, нәтижесінде құрылғы қызып, оның тез істен шығуына алып келеді. Ноутбукпен жатып немесе отырып жұмыс жасау тұғырлы үстелсіз ыңғасыз. Құрылғыны тізеге немесе ішке қойып жұмыс жасағанда құлап кетпеуін барлық уақытта қадағалап отыру қажеттілігі туады. Сондықтан бір қолмен оны барлық кезде ұстап отыруға, ал екінші қолмен жұмыс жасауға тура келеді. Егерде кішкене бұрылсаңыз онда ноутбукты жаңадан қолайлы жағдайға бұру керек болады. Компьютері пайдалану талаптарына сәйкес, құрылғымен жұмыс жасау кезінде көзге қатты зиян келмес үшін, монитор көз деңгейімен бірдей орналасуы қажет[9] .

Осындай жағдайлар туындамас үшін - ноутбукқа арналған жиналмалы үстел жобаланды. Ноутбукқа арналған үстел, құрылғыны өзінде жақсы ұстап тұрады және де сіз емін - еркін жұмыс жасай аласыз. Жиналмалы үстелді отырып жұмыс жасағанда, өзіңізге қалаған биіктікке дейін көтеріп алуға болады.

Қолданылатын материалдар.

Олар : металл, пластик және ағаш.

Металл- алюминий. Бұл материалданжасалған үстелдер сирек кездеседі. Әрине бұл, үстелдің беріктігін бағалауда үлкен жетістік.

10 - сурет. Металл.

Кемшіліктері:металл үстел иіліп келген, дизайн жағынан сыртқы көрінісі тартымсыз және пайдалану барысында адамға жағымсыз әсер қалдырады, мысалы - суық немесе ыстық.

Сипаттама:Үш секциялы аяқтарымен жиналмалы және салқындату жүйесі бар портативті үстел-трансформер ноутбукта жұмыс жасағанда немесе кітап оқығанда тамаша үйлеседі. Аса сенімділік үшін секцияның қосылған бұрыштарында батырмалы шеңбер фиксатор бар.

Жиналмалы үстел ноутбукпен кез-келген жағдайды және кез-келген орында пайдалануға мүмкіндік береді. Алюминий құйындысынан жасалған, портативті үстел қызып кетіден қорғап температураны жақсы қалпында ұстайды. Ерекше пішіні ноутбуктың құлап немесе сырғып кетуіне жол бермей, тұрақты және қаупсіз жағдайда ұстап тұрады[10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ
Балалар жиһазын дайындау
Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
Құрастырудың негізгі тапсырмалары
Балалар және мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар. оқытудың техникалық құралдары
Құрылыста қолданылатын металдар және оның ерекшеліктері,қасиеттері, қолданысы
Геодезиялық GPS жер өлшеу құралдарының түрлері
Бетон және темірбетон бұйымдары мен құрылымдары
Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz