Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда диагностикалау жұмыстары


Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1. ] Қазақстан Республикасы /ҚР БМЖБМС 2. 003-2002 /жалпы орта білім берудің бастауыш сыныптарға арналған мемлекеттік стандарты. Негізгі ережелер. Алматы: 2002.
[2. ] Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Алматы 2005.
[3. ] Қ. Р. Білім туралы з аңы. 2007ж 22 шілде. Ақорда.
Анықтамалар
Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар және қысқартулар қолданылады:
Әрекет - тұлғаның қалыптасу және даму шарты, оның белсенділігінің қоғамдағы әлеуметтік орнының көрінісінің негізгі белгісі.
Шығармашылық әрекет - тың өнім, нәтиже туғызуға бағытталған әрекет.
Өзіндік жұмыс - оқушының ешкiмнiң көмегiнсiз өзiнiң бiлiмiне, өмiр тәжiрибесiне, көзқарасына сүйене отырып, сабақ және сабақтан тыс уақытта орындайтын, оқушының белсенділігін, дербестігін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіншілік беретін оқу тапсырмалары.
Біліктілік (компетенция) - жинақталған білім, білік, дағдыны өмірдің барлық сфераларында жағдаяттарға байланысты қолдана білу.
Қатысымдық біліктілік - жеке адамның басқа адамдармен өзара сөйлесу әрекетіне түсе алуы; іс қағаздарын, ресми құжаттарды жаза алуы; ақпаратты табуы, өзгертуі және жеткізуі; ұжымда әр түрлі әлеуметтік рольдерді орындай білуі; қазіргі телекоммуникациялық технологияларды қолдана алуы.
Тілдік жағдай - өмірде кездесетін жағдайлар үлгілерін тіл оқыту үрдісіне бейімдеп, белгілі лексикалық тақырыптар аясында оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытуға жетелейтін оқу үрдісінің ұйымдастырылуы.
Белгілер мен қысқартулар.
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР БМЖМС - Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары
ЖОБ - жалпы орта білім
ББД - білім, білік, дағдылар
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 3
Анықтамалар мен қысқартулар . . . 4
Кіріспе . . . 7-11
1. Өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері.
1. 1 Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру ғылыми - педагогикалық мәселе . . . 12-23
1. 2 Өзіндік жұмыс - шығармашылық әрекетті ұйымдастырудың алғы шарты . . . 24-38
1. 3 Оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттайтын өзіндік жұмысты ұйымдастыру . . . 39-54
2. Оқушылардың шығармашылық әрекетіне бағытталған өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын жүзеге асыру.
- 2. 1Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда . . . 55-59
2. 2 Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және оның
нәтижелері . . . 60-89
Қорытынды . . . 91-93
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 96-97
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысыныңың өзектілігі. Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет − өзіндік айтар ойпікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни, біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту - маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғаларды талап етуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты. “Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында” білім берудің басты нысаны - әлемдік білім кеңістігіне кірігу болып отырған қазіргі уақыттағы білім мәніне ерекше назар аударылды: “Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі” [1] .
Дәстүрлі оқу үрдісі оқушыға, негізінен, дайын, өңделген оқу материалын ұсынады. Оның белсенділігі мен шығармашылығының дамуына қолайлы жағдай жасала қоймайды. Ал жаңа талаптар бойынша оқушы өзінің дербестігінің, соны ойлай білу қызметінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізуі тиіс. Және де қазіргі кезде білім жүйесінде жариялылық және ізгілендіру принциптерінің жүзеге асуына байланысты дәстүрлі оқу үрдісіндегі оқытушы - оқушы жүйесіндегі қатынас өзгеріске ұшырады. Оқушы оқу үрдісінің субъектісіне айналды. Оқытушы оқушы дербестігі мен шығармашылығын дамыта отырып, оны қажетті таным әдістерімен қаруландыруы керек. Сонымен бірге, мұғалім тұлғасының бұрынғыша оқушы әрекеттерінің табысты болуына әсері мол. Сондықтан да, оқытушы және оқушы - оқу үрдісінің тең дәрежелі қатысушылары. Дегенмен, соңғы уақытта енген жаңа технологияларға, оқытудың жаңа құралдарының (электронды оқулықтар, компьютерлік үйретуші бағдарламалар, қашықтықта оқыту) пайда болуына байланысты оқушының дербестік танымдық әрекетін сапалы ұйымдастыру қажет. Бұдан оқытудың мазмұны мен әдістемесін оқушының жас ерекшелігін, қызығушылығын, бейімділігін ескере отырып, түбегейлі өзгерту, оқытудың шығармашылық сипатын күшейту міндеті туындайды.
Оқу үрдісін дұрыс және ғылыми түрде ұйымдастыру үшін мұғалімге тек өз пәнінің теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз, сонымен қатар білім беруде, білік, дағдыларды қалыптастыруда, ойлау және таным қабілеттерін дамытуда оқытудың жалпы психологиялық заңдылықтарын білуі қажет. Көпшілікке мәлім, жеке адамды қалыптастырып тәрбиелеуде психологиялық заңдылықтар туралы білім оқушылардың психикалық ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне, бейімділігі мен ынтасына, жігерлілігі мен сезімділігіне, таныпбілу ерекшеліктері және ақылойының жетілуіне байланысты болады. Осы себепті оқушылардың оқу үрдісіндегі әрекеттеріне назар аударған жөн.
Философтар, психологтар, педагогтар адам әрекетін әр қырларынан қарастырып келеді. Философғалымдар “әрекет” ұғымын ғылымитеориялық негізден қарай отырып, оны қоғамдық қатынастар жүйесін зерттеуде де, субъект мәселелеріне де байланысты талдайды. Ж. М. Абдильдин, К. А. Әбішев, Б. Т. Григорьян, А. Н. Нысанбаев, М. В. Демин зерттеулерінде әрекет үстіндегі белсенділікке, таным үрдісіндегі субъектіге баса назар аударылады. Л. П. Буева, М. С. Кветной, М. С. Каган, И. С. Кон сияқты ғалымдар өз еңбектерінде адам әрекетін тек жүйелі түрде қарастыру қажеттілігіне тоқталады. Адам әрекетінің жүйесі жөнінде ғалымдар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, А. Г. Спиркин қажеттілік, мақсат, оған жету тәсілдері сияқты әрекет құрылымының бөліктерін анықтады; В. А. Грушин адам әрекетін өзара байланыстағы бұлшық еттердің, ойдың және психологияның күш жұмсауы нәтижесінде қарастырды; Л. П. Буева адам әрекет барысында объектілік қарымқатынас жүйесіне түсе алатындығын тұжырымдады.
Әрекеттің психологиялық теориясының негізін салған ғалымдар Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Н. С. Лейтес болды. Олар адамның жеке психологиялық функцияларын қоршаған ортамен қарымқатынасында қарай отырып, әрекеттің түрлерін, қасиеттерін, заңдылықтарын зерттеген.
Белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар үшін де маңызды. Философия, психология тұрғысынан педагогикалық мәселелерді теориялық түсіну педагогикалық үрдісті дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Педагогғалымдар Г. И. Щукина, В. В. Давыдов, Т. В. Габай жүйе ретінде әрекеттің өзіне тән қасиеттерін, даму заңдылықтарын, түрлерін нақтылай түседі.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастырудың мәселелері қазақстандық Т. Сабировтың, Қ. Қабдықайыровтың, Қ. А. Әбішевтің, Ж. А. Қараевтің, А. Е. Әбілқасымованың еңбектерінде қарастырылған.
Әрекет күрделі жүйе ретінде бірнеше топқа бөлінеді: мазмұндық тұрғыдан ойын әрекеті, оқу әрекеті, еңбек әрекеті; сапалық тұрғыдан таным, өнімді, шығармашылық, т. б. әрекеттер. Егер оқу үрдісінің басты мақсаты - жанжақты дамыған, саналы азамат дайындау болса, оның негізінде нәтижелі ісқимылдар арқылы жүзеге асатын шығармашылық әрекет жатады. Шығармашылық әрекеттің негізгі сипаттамаларын, оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттіліктерді, мүмкіндіктерді И. Я. Лернер, В. В. Давыдов, В. В. Репкин, В. И. Слободчиков, Ю. Г. Юдина, А. Н. Лук өз еңбектерінде қарастырады. Шығармашылық әрекетті қалыптастырудың кейбір аспектілерін Қазақстан ғалымдары да зерттеді. Б. А. Тұрғынбаева диссертациялық жұмысында шығармашылық үрдістің кезеңдерін топтастырса, Ә. Ә. Сағымбаев шығармашылық ісәрекетті қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді топтастырады. Қ. Әбдібекқызы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін сөз өнеріне баулу, үйрету үрдісінде қалыптастыруды қарастырады. Яғни, оқушылардың шығармашылық әрекеті туралы зерттеу жұмыстары баршылық. Дегенмен, тәжірибе жүзінде жақсы үлгеретін оқушылардың өздері шығармашылық бағыттағы тапсырманы орындау кезінде көп қиындық көреді. Бұл тұрғыдан алғанда оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда өзіндік жұмысты жаңа қырында қарастырып, ғылымипедагогикалық проблема ретінде шешімдерін іздестіру қажет.
Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстың мәні зор. Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте өзіндік жұмыстың маңызы, оның түрлері, оқу үрдісіндегі алатын орны біршама қамтылған. К. Д. Ушинский, Е. Я. Голант, Т. И. Шамова, П. Я. Гальперин, Р. М. Микельсон, Б. П. Есипов, Н. Г. Дайри, Р. Г. Лемберг, И. А. Половникова, Ю. К. Бабанский, Б. А. Лернер, О. А. Нильсон, М. Н. Скаткин, И. Т. Огородников өзіндік жұмыстың қырларын нақтылауда көп еңбектенді.
Дербестіктің психологиялық құрылымын, оқушыларда өзіндік жұмыстың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Е. Н. Кабанова-Меллер, А. М. Матюшкин, Н. А. Менчинская, Ю. А. Самарина, Н. Ф. Талызина зерттеген.
Л. П. Аристова, О. К. Афанасьева, Ш. И. Ганелина, М. П. Шестернина, Р. Б. Срода өз жұмыстарында оқушылардың оқу үрдісіндегі дербестіктерінің дамуының әр түрлі аспектілерін қарастырады. Олардың ортақ белгілері ретінде авторлар адамның жеке көзқарасы болуын, күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай және оны жүзеге асыруын, өз пікірін дәлелдей алуын атайды.
Көптеген ғалымдар оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жеке пәндер аясында қарастырған, олардың ішінде қазақстандық ғалымдар Б. Е. Қожамқұлованың, Р. А. Әлімқұлованың, К. А. Тілеубергенованың Б. Қ. Әбдіқұлованың, А. Х. Әренованың (бастауыш сыныптар) еңбектерін атауға болады.
Бұл еңбектерде өзіндік жұмыстың оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыруға, олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз етуге, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға, таным, ақылой қабілеттерін дамытуға, олардың оқуға ынтасын арттыру бағытында қызмет ететіндігі қарастырылады. Алайда бүгінгі жаңа талап тұрғысынан өзіндік жұмысты ұйымдастыруға, оны іріктеп, жүйеге біріктіруге өзгеше көзқарастар пайда болды. Бұл жаңа көзқарастар білім саласындағы жаңа ұстанымдармен, оның сапасына қойылған талаптармен байланысты. Шығармашылық әрекетке тікелей байланысты мәселелердің бірі - біліктілік (компетенция) . Соңғы бес жылда біздің елде біліктілік педагогикалық мәселе ретінде зерттеле бастады. Біліктілік жалпы білім беру жүйесінің мақсаты мен мазмұндық компоненті ретінде (М. Ж. Жадрина) ; жеке пәндер мүмкіндіктері арқылы қалыптасатын өмірлік дағдылар ретінде (Ғ. З. Байжасарова) ; мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің құрамдас бөлігі ретінде (А. Ә. Жайтапова) ; қарым-қатынас құралы ретінде (Б. О. Салыхова) зерттеліп, мектептің оқу үрдісін ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар берілуде.
Зерттеу барысында келесі қайшылықтың орын алғаны байқалды: оқушыны тұлға ретінде дамытуға қажетті шарттың бірі - шығармашылық деңгейде жұмыс істеуін ұйымдастыру мен оны іс жүзіне асыруға қажетті жағдайдың толық болмауы. Оқушының шығармашылық деңгейде жұмыс істеуінің құралы болып табылатын өзіндік жұмысты жаңа ұстанымдар аясында ұйымдастырудың мүмкіндіктері толық мағынада анықталған жоқ. Оқу үрдісінде оқушыларды шығармашылық бағытта әрекеттенуге бейімдейтін өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оны іс жүзіне асыруға қажетті жағдайлардың (шарттардың) толық мағынасында ашылмағандығы және ғылыми тұрғыда негізделмегендігі арасында қарама-қайшылық орын алып отыр. Бұл мәселенің өзектілігі біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбын: “ Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін дамытуға бағытталған өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттары. ” деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін дамытуда өзіндік жұмыстың мүмкіндіктерін айқындау және оны ұйымдастырудың жолдарын анықтап көрсету.
Зерттеу міндеттері:
- оқушыларды шығармашылық әрекетін дамытуда өзіндік жұмыстың мәнжайын зерттеу;
- өзіндік жұмыстың ғылымипедагогикалық мәселе ретінде зерттелу деңгейін айқындау;
- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудағы өзіндік жұмысты ұйымдастырудың рөлін белгілеу;
- оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда өзіндік жұмысты ұйымдастыруда тапсырмалар жүйесін жасау және дайындалған жүйені педагогикалық эксперимент арқылы негіздеу.
Зерттеу объектісі: бастауыш мектептегі оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттайтын өзіндік жұмыс.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздер і: философиялық таным теориясы және диалектика принциптері, тұлға ретінде жеке адамның әлеуметтік мәні, ісәрекет теориясы, тұлға дамуындағы шығармашылық және қарымқатынастық әрекеттер ролі туралы ілімдер, психологтар мен педагогтардың шығармашылық туралы тұжырымдамалары.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәнділігі:
оқу үрдісінің субъектісі ретінде оқушы белсенділігі, оның шығармашылық бағытта әрекеттенуіндегі өзіндік жұмыстың маңыздылығы ғылыми тұрғыдан негізделді;
оқу үрдісінде оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттайтын өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттары анықталды және моделі жасалды;
оқушыны шығармашылық әрекетке бағыттайтын өзіндік жұмыстың кезеңдері нақтыланды;
- оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау мақсатында берілетін тапсырмалар түрлері жүйеленді.
-оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау мақсатында жасалынған өзіндік тапсырмаларды және шығармашылық дәптерлерді жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша оқу үрдісіндегі оқушылардың шығармашылық әрекетін бақылау және талдау, модельдеу, салыстырмалы талдау, жүйенің мақсатқа сәйкестігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру, алынған деректерді математикалық есептеу әдісі арқылы өңдеу, қорытындылау.
- Ғылыми зерттеу базасы:Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы орта мектебі
1 Өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері.
1. 1 Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру ғылыми - педагогикалық мәселе
Адам қоғам өмiрiнiң дамуына байланысты үнемi қозғалыста, әрекетте болады. Ол әлеуметтiк тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерiлген сайын оның жеке тұлға ретiнде құндылығы өсе түседi. Жеке тұлғаның негiзгi белгiсi - оның белсендi, белгiлi бiр мақсатты көздеген әрекетi болып табылады. Бұл әрекет қоғамды және сол адамның өзiн өзгертуге және жақсартуға бағытталады.
70-шi жылдардың басында философ-ғалымдар “әрекет” деген ұғымды терең түсiну үшiн теориялық тұрғыдан оның құрамды бөлiктерiн және олардың арасындағы байланысты қарастыру қажет деген тұжырымға келдi.
К. А. Әбішев, Ж. М. Абдильдин, Б. Т. Григорьян, А. Н. Нысанбаев, М. В. Демин әрекетті зерттеуде басты назарды субъектінің танымдық үрдісіне, оның белсенділігіне аударды. К. А. Әбішев “Әрекет - адамның белсенді субъект ретінде өзін-өзі туғызуы, өзін-өзі жасауы, қалыптастыруы” деп есептейді [2, 26 б] .
Психологияда әрекеттiң адамның жеке өз басындағы психологиялық функцияларын, сонымен қоса оның қоршаған ортамен қарым-қатынасынан туындайтын функцияларын зерттеумен шектелмеген. Сондықтан психологияда әрекеттiң түрлерi, қасиеттерi, өзгешелiктерi, заңдылықтары зерттелген. Адам және оның болмысын зерттейтiн ғылымдар негiзiнде диалектикалық-материалистiк көзқарас жатыр. Психология ғылымы да осы көзқарасқа сүйенедi. Әрекеттiң психологиялық теориясының негiзiн салған ғалымдар Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский болды [3, 4, 5] .
С. Л. Рубинштейн және А. Н. Леонтьев әрекет ұғымына нысаналы сипат бередi. “Әрекет өз мағынасында нысаналылық тәжiрибенi бiлдiредi”, - дейдi С. Л. Рубинштейн.
Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, А. А. Люблинская, А. К. Маркова және т. б. зерттеулерінен шығатын ортақ тұжырым - тұлға тек әрекет үстінде қалыптасады: тұлғаның барлық қасиеттері белсенді әрекет барысында көрініп қана қоймайды, сонымен қатар қалыптасады [6, 7, 8] .
Тұлғаның даму мәселесiн теориялық талдау педагогтар үшiн де маңызды. Мұғалiм әрекеттiң әр түрiнiң оқушыны дамыту мүмкiндiктерiн және бұл мүмкiндiктердi жеке тұлғаны қалыптастыруда қолдануы қажет. Жеке тұлға белгiлi бiр әрекеттер нәтижесiнде қалыптасады. Ол тәрбиенiң әсерi ғана емес, өз күштерiн, қабiлеттерiн жүзеге асыру үрдiсiнде дамиды. Философтардың бұл iлiмi педагогика ғылымы үшiн өте маңызды, себебi педагогикалық үрдiс барысында адамның тек бiлiм, бiлiк, қабiлеттерi қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтiк дамуы
жүзеге асады. Тұлға үнемi даму үстiнде болу үшiн әрекет шығармашылықпен байланыста болуы қажет. Тұлғаның өзi қажет етуi бойынша дамуы - бұл iшкi белсендi ойлау әрекетi. Ол тұлғаның өзiндiк оқу әрекетiне, дербестiгiне, өзiн-өзi бақылауына, бағалауына бастау болады.
Әрекет белгiлi бiр жүйе ретiнде өзiне тән қасиеттерiмен, даму заңдылықтарымен сипатталады. Г. И. Щукина әрекеттiң қай түрiне болса да тиiстi мынадай қасиеттердi көрсетедi:
а) мақсаттылық- адам әрекетiн жан-жануардың өмiр жағдайына бейiмделуiне байланысты реакцияларынан айырып тұрады;
ә) адам әрекетiнiң қоршаған ортаны өзгертуi. Егер жануар қоршаған ортаға сай бейiмделетiн болса, адам, керiсiнше, сол ортаны өзгертуге күш жұмсайды;
б) әрекеттiң материалдық негiзiн бейнелейтiн нысаналылығы, оның қоршаған ортамен байланысы, белгiлi бiр нәрсеге бағытталуы;
в) адам әрекетiнiң түсiнiлiп, түйсiктелiп, мағыналы орындалуы [9] .
Ғалым Қ. Б. Сейталиев әрбір іс-әрекетке қатысты төмендегідей буындарды көрсетеді:
“1) Мақсат - адам нені қалайды?
2) Адамның не үшін әрекет ететініне қарай адамды әрекет етуге итермелейтін себеп.
3) Алға қойылған мақсатқа жету үшін ол пайдаланатын құралдар - әдетте, бұл білім мен әр түрлі әрекеттер: дағдылар, іскерліктер, тәсілдер, әдістер, бастан кешірген сезімдердің тәжірибесі мен операциялары.
4) Іс-әрекеттің нәтижелері немесе материалдық салада: тігілген көйлек, жиналған бөлме, “конструктордың тұрғызылған көтергіш краны” немесе рухани салада: алынған жаңа білімдер, бір нәрсеге пайда болған қызығушылық, алдағы жұмыстың пайда болған жоспары және т. б.
5) Адамның нәтижелерге және сол іс-әрекеттің үрдісіне қатысы” [10, 101] .
Бiздiң зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан ғылыми талдауымыздың өзегi оқу әрекетi болып табылады. Оқу үрдiсiнiң негiзiнде әрекет жатады. Оқу әрекетi адамзатқа өте қажет, онсыз ұрпақтан ұрпаққа жинақталған бiлiм мен тәжiрибенi жеткiзу мүмкiн болмас едi.
Оқу әрекетi − оқушы мен мұғалiмнiң өзара бiрлесiп жасайтын әрекетiнен құралатын күрделi әрекет. Оқыту - мұғалiмнiң бiлiм берудегi жетекшi әрекетi болса, оқу - баланың өзiнiң танымдық, практикалық әрекетi. Оқыту қалай болса солай жүрмейдi, жоспарлы ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады. Оқытудың мазмұны, өзiне тән әдiстерi, ұйымдастыру формалары мен нәтижесi болады. Ол оқушыға бiлiм беру мен дағдыны меңгертудi көздейдi. Оқушы оқу әрекетiнде өзiнiң танымдық қабiлеттерiн арттырады. Оқу баладан ойлау әрекетiмен қатар, басқа да психикалық үрдiстердi: сезiмдерi мен эмоцияларын, мотивтерi мен қызығуларын, жiгерi мен қабiлеттерiн, т. б. жеке бастық қасиеттерiн керек етедi.
Оқыту әрекетінің белгілерін Н. Д. Хмель былай анықтайды: “ “Оқыту” - педагогикалық процестің бір бөлігі, онда өсіп келе жатқан ұрпақтың тұлғасын қалыптастыру міндеттері оқушылардың білімдер негізін меңгерудегі танымдық әрекеттерін мұғалімдердің ұйымдастыруы арқылы шешіледі; “оқыту формалары” мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өзара әрекеттерін қамтамасыз ету арқылы шешіледі. Педагогикалық процесс - мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді” [11, 31] .
Баланың оқу әрекетi мазмұнына мыналар кiредi: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсiну және практикалық мiндеттердi шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсiлдерiн меңгеру. Осыған орай, оқушының ғылыми бiлiмдi және дағдыларды меңгеруi олардың оқу әрекетiнiң негiзгi мақсаты мен нәтижесi болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz