Ойындық әдістер оқытудың ерте кезеңіндегі ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсендіктерін ынталандырудың құралы ретінде


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Филология факультеті

Шет тілдер кафедрасы

Мәлібек Жұлдызай Арысбекқызы

Ойындық әдістер оқытудың ерте кезеңіндегі ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсендіктерін ынталандырудың құралы ретінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»

Ғылыми жетекші : Безаубекова А. Д. ф. ғ. к. ,

шет тілдері кафедрасының

аға оқытушысы

Қостанай 2017

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру6

1. 1. Жалпы ойынның мәні, шығу тегі6

1. 2. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындардың негізгі мақсаты10

1. 3. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындардың ерекшеліктері12

2. Ерте кезеңдегі оқушылардың сабаққа ынтасын дамыту барысындағы ойынның рөлі19

2. 1. Оқу барысындағы дидактикалық ойындардың рөлі мен мағынасы21

2. 1. 1 Дидактикалық ойындардың түрлері23

2. 1. 2 Дидактикалық ойынға қойылатын талаптар25

2. 2. Ағылшын тілі сабағында шет тілдерімен қарым-қатынасты оқыту құралы ретіндегі ойынның рөлі26

2. 3 Ағылшын тілі сабағында ойын технологиялары негізінде оқушылардың оқу - танымдық іс- әрекетін белсендіру31

3. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындарды жіктеу33

3. 1. Ойындарды бөлу принциптері36

3. 2 Экспериментте қолданылған әдіс-тәсілдер сипаттамасы50

Қорытынды53

Қолданылған әдебиеттер тізімі:56

КІРІСПЕ

Тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек.

Ағылшын тілі - қазақ еліннің әрбір азаматын әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор.

Қазіргі заманда, ағылшын тілін үйрену маңызды болғандықтан, оқыту үрдісінде ойын түрлерін қолдану оқушының тілді тез үйренуге ықпалын тигізеді. Ағылшын тілін үйрету кезінде әр түрлі ойын элементтерін қолдану оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін, сонымен қатар, шығармашылығын дамытуда әрбір сабақ қызықты болу үшін әр түрлі ойын түрлерін талдап, оқушыға жеткізе білу үшін не істеу керек?

Сабақта қолданылатын әр түрлі ойындарды ұйымдастыру тәсілдерін талдау арқылы, оқушылардың қызығушылығын тудырады. Бұл әдісте ойын - қуатты құрал болып табылады. Бұл қуатты стимул - тілді меңгеру.

Шет тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.

Ойын дегеніміз - адамзатқа қоршаған ортаны табиғи жолмен қарапайым және жақын түрде танып -білу болып табылады. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде ойын әдістерін қолдануда мұқият және егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Ойын - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын - түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады. Орыс жазушысы Ю. Нагибин балалар ойындарының мәнін былай бағалайды: «Ойында баланың өмірге деген көз-қарасы, мінез-құлқы пайда болады. Ойында балалар кейде өмірдің қиын проблемасын шешуге жақын тұрғанын байқамай қалады»

Баланы ойынға араластырмау немесе ойнатпау бұл дұрыс емес. Себебі, ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды. Ойын балалар үшін өмірдің жалғасуы, яғни, ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Сол себепті, ағылшын тілін үйрету үшін ойын арқылыоқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттырамыз. Ойын арқылы оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін дидактикалық ойындар мен тапсырмалардан басқа грамматикалық ойындардың орны ерекше. Яғни құзіреттілік тапсырмалар арқылы оқушының тілімен, оқуға деген және пәнге деген ынтасы артады. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: ағылшын тілін оқытуды ерте жастан бастап қолға алу өте тиімді нәтиже береді. Себебі осы жастағы жасөспірім оқушылар жаңа тілдімеңгеруде ерекше жылдам қабылдау қабілеттілігімен байқалады. Олар лезде берілген шағын ақпаратты ойына түйіп алып, оны сол қалпында кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: мектепте ағылшын тілін оқыту барысында ойын түрлерін қолдану жайлы келесі ғылымдардың еңбектері зор: Н. Терлікбаева. С. В. Ровинская. Стайнберг Д., К. Ақбаева. .

Зерттеудің әдіс-тәсілдері : ойын түрлерін талдау, педагогикалық тәжірибе, нақты мәліметтерді статистикалық талдау.

Гипотезасы : егерде ағылшын сабағында сабақты өткізудің жаңа әдіс-тәсілі ретінде әр түрлі ойындарды құрал ретінде қолдансақ, оқушылардың сабаққа деген мотивацияларын жоғарылатса, ағылшын тіліне деген қызығушыларын арттырса, онда эксперимент соныңда оқушылардың ағылшын тілі сабағындағы білім деңгейлері жоғарылайды.

Эмпирикалық дереккөздері болып мектепте өткізілген тәжірибенің қорытындысы саналады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: ойын арқылы ағылшын сабағы барысында оқушылардың білім деңгейлерін жақсартуға себебі бар екендігін анықтау.

Тақырыптың зерттелу мақсаты: шет тілін оқытуды ойынмен ұштастыра отырып, оқушыларда ерте жастан ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылықты қалыптастыру;

Тақырыптың зерттелу міндеттері:

  1. Ағылшын тілі сабағында ойын арқылы оқытудың тиімді жолдарын зерттеу;
  2. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктерін зерттеу;

Объектісі: Ағылшын тілін ерте кезден бастап оқыту барысындағы ойынның рөлі.

Пәні: Ойын арқылы оқушының зейінін сабаққа аудару, ауызша сөйлей алу және жазу дағдысын қалыптастыру;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы : дипломдық жұмыстағы ұсыныстар ағылшын тілін мектеп оқушыларына оқыту барысында ойын түрлерін қолдануға болатындығы болып саналады.

Құрылымы: дипломдық жұмыстың құрамында кіріспе мен қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалар бар.

  1. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру

1. 1. Жалпы ойынның мәні, шығу тегі

Ерте заманнан бастап адамзат өзін қоршаған ортаның тылсым күштерін, айнала дүниені танып білуге, айналасындағы заттар мен құбылыстарды түсінуге әрекет жасаған. Тұлға ретінде даму барысында ойын іс-әрекетін түсініп, жалпы айтқанда, ойын адам өмірінде шешуші мәнге ие болды.

Көптеген жылдар бойы адамзатойын арқылы ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Жалпы айтқанда, ойынның шығу тарихын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Бағзы заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып саналған.

Ойын ұғымына қысқаша анықтама берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқаруымен анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс - әрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды[1] .

Ойын - таным процесініңдамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.

Психологтар мен педагогтер ерте заманнан бері ойын мәселесіне өз назарын аударып, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеулер жүргізілген. С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

- Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат) ;

- Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы») .

-әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат») .

Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі.

Өйткені, ойын - баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.

Себебі, ойын - балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын - әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтықта.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметін - балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді[1] .

Ойынның диагностикалық қызметі- педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т. б. көрінуін саралауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын - баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі - баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д. Б. Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі деп - баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын - баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби өзінің "Бақыт жолында" атты философиялық шығармасында адамның танымын дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқтасақ, ұлы Абай өзінің қырық үшінші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, өзінің із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі-оқу, білім деп тұжырымдайды.

Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады[2] .

Белгілі психолог Е. А. Аркиннің пайымдауынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үдерісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді. Ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге:өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелейді. Балалар ойын үдерісіне жаңа білімдер, пайдалы іскерліктер, әдеттер мен дағдылар үйренеді. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес салынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Н. К. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударылған жөн. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің қолданатын басты тәсілі-ойын.

Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды[2] .

Ойын тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын - еңбек, ойын - оқу, ойын - әлеуметтік қарым - қатынаста ерекше орын алатын әрекет түріне жатады. Педагог және психолог ғалымдар ойын іс - әрекетін жан - жақты зерттеп, баланың дамуын, тәрбиеленуін, танымдық қызығушылығын арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.

Іс-әрекет ойын, оқу және еңбек түрлеріне бөлінсе, ойын бала үшін алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.

Педагог пен психологтардың пайымдауынша ойында ең алдымен қиялдау мен қалыпты ойлауды жетілдіреді. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқущылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бері кұштастыруға қолайлы.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла, тез ойла», «Балықшы», «Сәйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?» т. б.

Бірнеше ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында, балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынандай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т. б. ойындар.

Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды өз сабағымда пайдалана отырып, балаларға дәріс беремін.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын - тиімді тәсіл.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан оқып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әркетінен таным әрекетіне турлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.

Я. А. Каменский: «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.

Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады.

Қысқаша айтқанда, ойын баланың толыққанды тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына ықпал ететін қуатты құрал.

1. 2. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындардың негізгі мақсаты

Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.

Үш тұғырлы тіл саясаты бұл Елбасының халыққа қойған міндеті. Қазақ тілі - бұл мемлекеттік тіл, әрине, әр елдің мемлекет болып қалыптасуы үшін мемлекеттік тілдің орны ерекше. Орыс тілі - заңға сай ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі - халықаралық тіл, сіздің шетелге аяқ басуыңызда ажырамас құралыңыз.

Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Сол себепті, ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындардың негізгі мақсаты мынада:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі
Сөздік - дидактикалық ойындар
Шет тілі сабақтарында қолданылатын ойын түрлерін анықтау
Шығармашылық қабілеттіліктерді дамытумен
Ағылшын тілі сабағында практикалық грамматиканы үйретуде ойын түрлерін ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері
Ойынның сабақтың тәрбиелік мақсатына сәйкестігі
Бастауыш сыныпта ағылшын тілінен оқуға үйрету жолдары
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
Ойын технологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz