Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1 Кәсіпорынның мінездемесі
1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі
1.2 Құрылыс материалдарының сертификациясы
1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы
2.Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері
2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері
2.2 Материалдардың ішіндегі өкіл материалдарды іріктеу
3 Құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3.1 Құрылыс материалдары айналымының шарттары
3.2 Қауіпсіздіктің маңызды талаптары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Практикалық оқу мен оқу-технологиялық тәжірибесі теориялық білімді бекіту және тереңдету мақсатында қызмет етеді. Жалпы тәжірибе студенттің білім алуына, үйренетін тәртіп-қабілетіне үлкен әсерін тигізеді. Студент базалық кәсіпорында тәжірибе өткенімен, ол жаңа оқу ережелерімен және міндеттерімен танысады. Студенттің жеке тәжірибе жетекшісі белгіленеді. Алдымен олар тәжірибе өту бағдарламасы, барысы және міндеттерімен танысады. Жалпы оқу-технологиялық тәжірибесін өту 16 қаңтар мен 10 наурыз аралығында белгіленген. Менің тәжірибе өтетін базалық кәсіпорын ТОО’’Дифест’’құрылыс материалдарын сынау лабараториясы.
Іс-тәжірибені өту лабораториясында мемлекет аралық, мемлекеттік және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестікке, құрылыс материалдардың зерттеулерін өткізеді.Құрылыс материалдар үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Құрылыс материалдары - құрылыс-монтаждау жұмыстарының әр түрлерін өндіру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын жасау үшін арналған табиғи және қолдан жасалған материалдар мен өнімдер.
Республикада құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары, жылу электростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар қолданыс табуда.Осыған байлансты ТОО <<Дифест >> құрылыс материалдарын сынау лабаротиясы құрыс материалдарының құрылыста беріктігін, адам өміріне зиян жақтарының болу болмауын сынайды. Жалпы құрылыс материалдарына тоқталып кететін болсақ құрылыс негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары, органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық, жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар,ағаш материалдары, металдан жасалған бұйымдар, синтетикалық шайырлар мен пластмассалар.Осы жасанды,табиғи және ағаш,метал шикізат өнімдерінің адам өміріне қауіп қатері бал болса оның өңделу кезінде адам өміріне қауіпті заттардың болмай өңделуін қадағалайды.

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.
3. Попов К.Н, Каддо М.В, Кулькоа О.В << Оценка качества строительных материалов >>--М: Высшая школа,2004
4. Намазашивли И.Х <<Строительные материалы,изделия и конструкций>> справочник М:1990
5. Интернет
6. Под редакций М.И Лещенского<<Справочник работника строительной лабараторий зоводов ЖБИ>>--Киев,1980
2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.
3. Попов К.Н, Каддо М.В, Кулькоа О.В << Оценка качества строительных материалов >>--М: Высшая школа,2004
4. Намазашивли И.Х <<Строительные материалы,изделия и конструкций>> справочник М:1990
5. Интернет
6. Под редакций М.И Лещенского<<Справочник работника строительной лабараторий зоводов ЖБИ>>--Киев,1980
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1 Кәсіпорынның мінездемесі
1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі
1.2 Құрылыс материалдарының сертификациясы
1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы
2.Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері
2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері
2.2 Материалдардың ішіндегі өкіл материалдарды іріктеу
3 Құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
3.1 Құрылыс материалдары айналымының шарттары
3.2 Қауіпсіздіктің маңызды талаптары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Практикалық оқу мен оқу-технологиялық тәжірибесі теориялық білімді
бекіту және тереңдету мақсатында қызмет етеді. Жалпы тәжірибе студенттің
білім алуына, үйренетін тәртіп-қабілетіне үлкен әсерін тигізеді. Студент
базалық кәсіпорында тәжірибе өткенімен, ол жаңа оқу ережелерімен және
міндеттерімен танысады. Студенттің жеке тәжірибе жетекшісі белгіленеді.
Алдымен олар тәжірибе өту бағдарламасы, барысы және міндеттерімен танысады.
Жалпы оқу-технологиялық тәжірибесін өту 16 қаңтар мен 10 наурыз аралығында
белгіленген. Менің тәжірибе өтетін базалық кәсіпорын ТОО’’Дифест’’құрылыс
материалдарын сынау лабараториясы.
Іс-тәжірибені өту лабораториясында мемлекет аралық, мемлекеттік және
халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестікке, құрылыс
материалдардың зерттеулерін өткізеді.Құрылыс материалдар үйлерді,
ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды
материалдар мен бұйымдар. Құрылыс материалдары - құрылыс-монтаждау
жұмыстарының әр түрлерін өндіру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың
құрылыс конструкцияларын жасау үшін арналған табиғи және қолдан жасалған
материалдар мен өнімдер.
Республикада құрылыс материалдарын шығаруға шикізаттың түрлерінің
жеткілікті қоры бар. Сонымен қатар оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары
яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары, жылу
электростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар қолданыс
табуда.Осыған байлансты ТОО Дифест құрылыс материалдарын сынау
лабаротиясы құрыс материалдарының құрылыста беріктігін, адам өміріне зиян
жақтарының болу болмауын сынайды. Жалпы құрылыс материалдарына тоқталып
кететін болсақ құрылыс негізгі құрылыс материалдарының түрлері: табиғи тау
жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары, органикалық (битум, қарамай,
синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық, жасанды құрылыс материалдары
және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар,ағаш материалдары, металдан
жасалған бұйымдар, синтетикалық шайырлар мен пластмассалар.Осы
жасанды,табиғи және ағаш,метал шикізат өнімдерінің адам өміріне қауіп
қатері бал болса оның өңделу кезінде адам өміріне қауіпті заттардың болмай
өңделуін қадағалайды.
1 Кәсіпорынның мінездемесі.
ТОО Дифест құрылыс материалдарын сынау лабараториясы республикадағы
құрылыс материалдарын сынамалауды жүзеге асыратын ұйым болып табылады. Өз
қызметіне сәйкестігі және көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейі
Мемстандарттың аккредиттеу аттестаттарымен және сапа менеджменті жүйесіне
берілген сертификаттармен расталған. ТОО Дифест лабараториясында 1500
адам еңбек етеді, оның ішінде IRCA-да тіркеуден өткізілген халықаралық
деңгейдегі сарапшы-аудиторларды, сонымен қатар 17 өлшем түрлері бойынша 300
салыстырып тексеруші және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы 20
сарапшы-аудиторды қоса алғанда, әр түрлі өнімдер мен қызмет көрсетулер
бойынша, тауардың шығу тегін сараптау, стандарттау, сапа менеджменті
бойынша сарапшы-аудиторлар бар. ТОО Дифест лабараториясының материалдық-
техникалық базасы мемлекеттік және халықаралық нормативтерге сай келеді,
сынау және салыстырып тексеру зертханалары нәтижелердің дәлдігін және
сенімділігін қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы сынау және өлшеуіш құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жаңа сынау түрлері
меңгерілуде, бірнеше сынау түрлері бойынша жаңа зертханалар ашылуда. Өз

берілген сертификаттармен расталған.
Қызмет көрсету тізбесі құрылыс материалдарының беріктігін өлшеуіштерді
жөндеу болып табылады. Қазіргі кезде адам өмір сүретін кез келген ортаны
өлшемдерсіз, шама бірліктерінсіз және осы бірліктердің эталондарынсыз
елестету мүмкін емес, ал ұлттық, не халықаралық өлшемдердің біртұтастығын
қамтамасыз ету ісін өлшем бірліктерін қамсыздандыру бойынша арнайы
белгіленген қызметсіз іске асыру мүмкін емес.Біздің мемлекетімізде осы
қызметпен мемлекеттік метрологиялық қызмет және заңды тұлғалардың
метрологиялық қызметтері айналысады. Бүгінгі күні ТОО Дифест
лабараториясының Метрологиялық қызметінің эталондық базасының бастапқы
өлшем құралдары 2000-нан астам санға және бағындырылған өлшем құралдары
және өлшеу жабдықтары 20000-нан астам санға жетті. Сынау зертханасы
техникалық регламенттерге, ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық
стандарттарға сай құылыс материалдарына сынау жүргізеді.
Сынаулардың сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі негізгі
территорияда орындалатын жұмыстарды қамтиды.
Өнімді сынау ісін ұйымдастыру және жүргізу, талдау және сынау
нәтижелерін ресімдеу СЗ құзыретінде.
Зертханада менеджмент жүйесін өндіру, қуаттау және жетілдіруді қоса
алғанда, басқа міндеттерінен тәуелсіз өкілеттікке және ресурстарға ие
болатын басқарушы және техникалық қызметшілер бар.
Барлық сынаулар қазіргі заманғы құралдарда жүргізіледі: прогресс-БГ, VARIAN-
3800 газ хроматографы, Флюарат-02-2М, полярограф АВС-1.1, роторлық
буландырғыш, ИнфраЛЮМ-ФТ-10, микротолқынды пеш, жарғақты сүзгіш және
басқалары. Мамандардың осы құралдарда жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін
арнайы сертификаттары бар.
Құрылыс материалдары, жиһаз және ағаш өңдеу тауарлары бөлімшесі шамамен 30
көрсеткішті айқындауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы құралды
пайдаланады, яғни ол көрсеткіштер мынадай: серіппелі жұмсақ элементтердің
ұзақ мерзімділігі, серіппесіз жұмсақ элементтердің қалдық деформациясы,
соққы жүктемесінің әсеріне беріктігі және т.б.
Қызмет көрсетулер тізбесі:
• Құрылыс материалдарын салыстырып тексеру;
• жөндеу, баптау, құрылыс материалдарының осьтерін туралау;
• өлшемдерді, соның ішінде аса күрделі және дәл өлшемдерді жүргізу;
• құрылыс материалдарын сынау және метрологиялық аттестаттау істерін
жүргізуге қатысу;
• сынау, аналитикалық және өлшеу зертханаларында өлшемдердің жай-күйін
бағалауды жүргізу;
• құрылыс материалдарын салыстырып тексеру құқығына заңды тұлғаларды
аккредиттеу ісіне қатысу;
• келісім негізінде метрология саласындағы нормативтік құжаттарды
әзірлеу және әзірлеу ісіне қатысу; өлшемдерді орындау әдістемелерін
аттестаттау;
• заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне келісім негізінде ғылыми-
әдістемелік және техникалық көмек көрсету.
Лаборатория келесі бағыттармен жұмыс істейді :
• құрылыс материалдардың және бұйымдардың, олардың физико-механикалық
және физико-химиялық мінездемелердің анықтайтын сертификациялық
сынақтар;
• құрылыс материалдардың және топырақтың ГОСТ, АЗТМ, ВЗ, ААЗНТО
стандарттарға сәйкестік және басқа отандық және халықаралық сапа
стандарттарына тәуелсіз сынақ;
• материалдардың қиратушымен және қиратушысыз бақылау әдістерінің
далалық және лабораториялық сынақ;
• құрылыс материалдар өндірісінің күй-жағдайдың ақпараттық -
аналитикалық сараптамасы;
• құрылыс материалдардың және құрылыс объектердің өмірі үшін және
адамдардың денсаулығының қауіпсіздік сараптамасы. Өнеркәсіпті
қауіпсіздік.
Бүгінгі күнде компанияның негізгі стратегиялық мақсаттары динамика
дамушылығын сақтауға және қайраткерлік сферасын кеңейтуіне бағытталған:
• Жаңа клиенттерді жақындату
• Қызметтер спектрін кеңейту
• Техникалық базасын жаңарту. Қолданбалы техниканы жетілдіру
• Компанияның басқарылуын қолдау және жоғарылату үшін ISO 9001: 2000
сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін ылғи өрістету
• Клиенттердің талаптарын және күтулерін толық қанағаттандыру
• Жұмыс орындау сапасының әр қызметкердің арнайы жауапкершілігі арқылы
клиентпен жоғары мәдениетті қарым-қатынасты қамсыздандыру, барлық
персоналдың сапа менеджмент жүйесі процесстерінің нәтижелілігін
қамсыздандыруына қатынасу
• Персоналдың оқыту жүйесін ұйымдастыру, қолдау және ылғи жетілдіру
арқылы компания персоналының жоғары деңгейлі компетенттігін
қамсыздандыру.
• Бәсекеге қабілеттігін көбейту.
Ғылыми бөліктеме құрамында:
1.Керамикалық материалдар және топырақ зертханасы;
2.Байланыстырғыштар және бетондар зертханасы;
3.Құрылыс материалдарды кешенді ғылыми-зерттеу зертханасы;
4.Ғылыми кеңесшілер тобы;
1.1 Құрлыс материалдарының өнеркәсібі
Құрылыс материалдар өнеркәсібінің өнімі республиканың өнеркәсіп
өндірісінің жалпы көлемінің 4 % құрайды. Бұл сала кәсіпорындарында цемент,
шифер, асбестоцементтік құбырлар, жұмсақ жабындық материалдары, линолеум,
санитарлы-құрылыстық жанан, полға арналған және ғимаратты өрнектеуге
арналған керамикалық плиткалар, панелдер және басқа конструкциялар, қағаз
өндірісіне арналған каолин, радиаторлар, конвекторлар және құрылыс
материалдары мен конструкциялардың басқа да түрлері шығарылады.

яғни, металлургиялық қоқыстар, химиялық өндіріс қоқыстары,
жылуэлектростанциялардың күлі және басқа да екінші қолданыстағы қорлар
қолданыс табуда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификациялау жүйесімен
орнатылған ретте сертификациялық орган құрылыс материалдардың және
бұйымдардың сертификациялау жұмыстарының өткізуіне аккредитивтілінген.
Аккредиттеу куәлігі мемлекеттік тізімде тіркелген №
КК.658000.04.05.00109
Мәлімделген аккредиттеу облысымен сәйкес сәйкестік сертификаттарды
береді, олардың негізгі мақсаттары:
• азаматтардың мүлкін және қоршаған ортаны қорғау, құрылыс
материалдардың адамдардың өмірі және денсаулығы үшін қауіпсіздікті
қамтамасыз ету;
• құрылыс материалдардың және бұйымдардың сапа туралы сұрақтарда
тұтынушылардың мүддесін қорғау;
• ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және
саудадағы техникалық тосқауылдардың жойуын қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасының тауар нарығындағы заңды және жеке
тұлғалардың қызметі үшін қажетті жағдайларды жасауы және халықаралық
ғылыми - техникалық ынтымақтастықта және халықаралық саудада қатысу.
Сертификация жасайтын орган құрылыс материалдардың міндетті және ерікті
сертификациясын өткізеді.Сертификация жасайтын органда төрт эксперт-
аудитор, алты эксперт-аудитор кандидаттар жұмыс істейді. Олар Қазақстан
Республикасының мемлекеттік сертификациялау жүйеде, құрылыс материалдардың
сертификациялау жұмыстарды өткізуге құқығы бар акредителінген мамандар
болып табылады.
1.3 Ғылыми зерттеу жұмысы
ТОО "Дифест" құрылыс материалдарын сынау лабараториясының ғылыми-зерттеу
жұмысының негізгі бағыттары:
• құрылыста пайдалану мақсатымен минералдық және техногендік шикізатты
зерделеу;
• құрылыс материалдарының шыдам мерзімін зерделеу;
• құрылыс материалдарын сынау (соның ішінде құрылыс материалдары мен
құрылымдарына сертификаттық сынақ жүргізуге қатысу);
• құрылымдардың көтергіш қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша
ұсыныстар беріп, үймереттер мен ғимараттарға техникалық зерттеу
жүргізу;
• ауыр, жеңіл және ұяшықты бетондар өндіру технологиясын әзірлеу;
• отқа төзімді қыш материалдарының технологиясын әзірлеу;
• топырақтың, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрылымдарының
құрылыстық-техникалық сипаттамаларын анықтау;
• құрылыс құрылымдары мен бұйымдарын куәландыру;
• жол құрылысында техногендік шикізатты пайдалану;
• құрылыстық материалдар өндірісінде ағаш өңдеу кәсіпорындарының
қайталама шикізатын және қалдықтарын пайдалану;
• құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрылымдарын өндіру технологиясын
тексеру;
• кәсіпорындар цехтарының төлқұжаттарын құру;
• келесі жобаларды әзірлеу: Биологиялық газ қондырғылары, Багратион-
2 ҚШ-мен бірлесіп; Ағаш өнеркәсібінің қалдықтарынан жасалған
биологиялық отын, Башкирцевтің Шамадан тыс ұсату нанозертханасымен
бірлесіп; Құрамында наноталқан мен пробиотиктері (лакто- және
бифидумбактериялары) бар биологиялық активті тамақ өнімдері,
Башкирцевтің Шамадан тыс ұсату нанозертханасымен және Багратион-
Ұлан ЖШС-мен (сүт өңдеу зауытымен) бірлесіп; Жердің өсімталдығын
арттыруға арналған гумус микрофлорасы, Багратион-2 ҚШ-мен бірлесіп;
Құрамында цеолит пен пробиотиктері бар биологиялық активті жем-шөп
қоспасы, Багратион-2 ҚШ-мен бірлесіп, және т.б.;

ТОО "Дифест" құрылыс материалдарын сынау лабараториясында мына құрылыс
материалдарына сынау жүргізеді:
- Ағаштан жасалған әйнек,
-шыныланған есіктер және олардың жақтаулары
-Паркет
-Терезе және ағаштан есік блоктары
-Пластмассадан жасалған терезе және есік блоктары
-Алюминиден жасалған терезе және есік тақталары
-Жол, жабын, оқшаулағыш битум
-Сырлар, лактар, олиф
-Әйнек, пакетті әйнектер
-Қыштан жасалған тақталар
-Қыштан жасалған кірпіштер мен тастар
-Силикат кірпіш
-Портландцемент, әк, ғаныш
-Аралас бетон, асфальтты бетон, құрылыстық ертінді
-Тақталар, бетоннан жасалған бұйым
-Қабырға панельдері
-Ғаныш картон, ғаныш картоннан жасалған панельдер
-Асбесттоцементті беттер
-Рубероид
-Битумтектес жағым және басқалар
-Минералданған тақта, минералданғын мақта
-Полимер, , этилен, винилхлоридтен жасалған құбырлар
-Қыштан жасалған құбырлар
-Цементтен жасалған құбырлар
-Асбестоцементті құбырлар
-Шойын болат, су-газ желілері, дәнекерленген құбырлар
-Болаттан жасалған табақ, прокат, бұрыштар, шыбықтар
-Профнастил, проволока
-Болаттан, шойыннан алюминиден жасалған конструкциялар
-Қара металдан жасалған қаңқалық қабырғалы тақталар
-Радиаторлар
-Қыш жуғыштар, раковиналар, унитаздар
-Қара металдан, шойыннан, болаттан жасалған жуғыштар, раковиналар, у-
нитаздар, ванналар
-Линолеум
-Коаксильді кабельдер
-1000 В кернеулі күшті бақылау кабельдері
-660 В дейін кернеуге күшті бақылау кабельдер
-6000 В кернеуге күшті кабельдер
-10000 В кернеуге күшті кабельдер
-Байланысқа арналған төмен жиілікті талшықты жиілікті кабельдер
-Деректерді беруге арналған талшықты – оптикалық кабельдер т.б материал
түрлеріне сынау жүргізеді.
Бетон - (французша: bton, лат. Bіtumen - тау шайыры), құйматас -
жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас,
т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас,
қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде
алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон
қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес
байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты
бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен
алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа
тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кгм3-ден жоғары),
ауыр (1800 — 2500 кгм3), жеңіл (1800 — 500 кгм3), өте жеңіл (500 кгм3-
ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу
оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді,
жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.
Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент
немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез
қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:
• тез қағатын бетон;
• су өткізбейтін бетон;
• ауа өткізбейтін бетон;
• беріктігі жоғары бетон;
• жеңіл бетон; ауыр бетон;
Кірпіш - жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан,
өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру (сазды) не автоклавта булау (силикатты)
арқылы алады. Түрлері:
• Хромомагнезитті кірпіш (Кирпич хромомагнезитовый) - құрамында 8-15
Сг 203, 65-75 MgO болатын, отқа төзімділігі 2000°С-тан жоғары кірпіш.
Хромомагнезитті кірпіш негіздік және қышқылдық қасиеті бар ортада -
химиялық байланыстағы суы кептіріліп, илемділігі жойылғанша, қақтала
жабысатындай болып күйдірілген отқа төзімді, балшықтан не каолиннен
жасалған қыш. Мартен пештерінің күмбездері мен бүркеншіктерін, болат
қорыту пештерінің ішкі қабырғаларын қалау үшін қолданылады
• Шамот кірпіш (Кирпич шамотный) - отқа төзімділігі 1320— 1730°С. Шамот
кірпіш домна пештерін астарлау, оның ауа қыздырғыштарын қалау, мартен
пештерінің қабырғаларын, қож ұстағыштарын, төменгі қабаттарын қалау
үшін қолданылады.
Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum - ұсақталған тас, қиыршық тас) -
гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс
материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы;
гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.
Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді
пластик күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций
алюминатынан құралады. Цeменттің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір
түрлері тек тұздардың, қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда
ғана байланыстырғыштық қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және
пуццолан цeмент деп аталатын түрлері бар. Цeменттің көп тараған түрінің
бірі - портландцемент. Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан
тұрады. Цeментті пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік
қамыр (ерітінді) дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып,
құрылыстық ерітінділер, ал оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы
бетон дайындалады. Кейде асбест қосып асбест цементті бұйым, ағаш
жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы зауыттарда минералды
шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы цементтік клинкер
алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.
Оның маркалары :
• 200,
• 300,
• 400,
• 500
• 600 .
• Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б.
белгілі бір стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас
және құрама бетон мен темір-бетон дайындауда пайдаланылады.
Арматура (латынша: аrmatura - құралдандыру, жабдықтандыру) -
машиналардың, құралымдардың және ғимараттардың негізгі бөлігінің құрамына
енбейтін, бірақ олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін қосалқы (әдетте бір
қалыпты) құрылғылар мен бөлшектер жиынтығы.
Арматура қолдану мақсатына қарай:
• құбыр арматурасы,
• электр машинасын жасаудағы арматура,
• электр жүйелеріндегі арматура,
• электр қуатын жеткізу желілеріндегі арматура,
• жарық техникасындағы арматура,
• металлургия пештеріндегі арматура,
• құрылыс арматурасы болып бөлінеді.
2.1 Сыналатын материал көрсеткіштері
Сыртқы Аквапанель цемент плитасы экологиялық таза беттелген құрылыс
өңдеу материалы. Сыртқы Аквапанель цемент плитасы жеңіл минерал толтырғышы
бар цемент негізіндегі, екі жағынан шынымен тоқылған торшамен
арматураланған өзектен тұратын төртбұрыш нысанды беттелген материал болып
келеді.
Дөңбек жиектері (EasyEdge) күшейту үшін қосымша шыны талшықтарымен
арматураланған.
Арматуралайтын шыны торша арқылы, Аквапанель цемент плитасы бір метрден
жоғары болған қисықтық радиусымен құрғақ күйінде де (алдын ала суламай)
майыса алады. Бұл оны қисық сызықты беттерде қолдануға мүмкіндік береді.
• Ісініп кетпей және үгілмей ылғалдылыққа жоғары төзімділігі.
• Саңырауқұлақ пен көгерумен зақымдалуға жоғары төзімділік.
• Зиянды қосындылар жоқтығы.
• Төтенше ауа райы жағдайларына жоғары төзімділік (жел, жаңбыр, қар,
температураның өзгерілуі)
• Орнатудың оңайлығы мен тездігі.
• Майысу радиусы 1 метрге дейін қисық сызықты беттерді құру мүмкіндігі.
• Өңдеудегі технологиялығы.
• Беттерді көп еңбек қажет ететін үдерістерсіз өңдеу.
• Құрғақ құрылыс техникасы кептіруді ұзақ уақытқа салмайды.
• Арнайы құралдар талап етілмейді.
• Орнатудың тездігі құрылыс жұмыстарының мерзімдері мен бағасын
қысқартады.
• Соққыларға төзімділік пен ұзақ мерзімге жарамдылық.
• Область применения
Cыртқы АКВАПАНЕЛЬ қаңқалы типті ғимараттарда, сонымен бірге ғимараттар
қасбеттерін қалпына келтіруде қолданылады.
Сыртқы АКВАПАНЕЛЬ кез келген өңдеу материалдарымен жабу үшін дайын тегіс
негіз болып келеді, төтенше ауа райы жағдайларына жоғары төзімділікпен
ерекшеленеді де, төмендегі жағдайларда қолданылады:
• сыртқы төбелерді орнатқанда;
• сыртқы қабырғаларды орнатқанда;
• ескі қасбеттерді жөндегенде;
• үй іргелерін өңдегенде;
• шатырлардың асылмаларын орнатқанда;
• ауыл шаруашылық жүйелерін орнатқанда.
Орнату барысы жұмыстардың келесі кезеңдерін қамтиды:
• Сыртқы АКВАПАНЕЛЬ плиталарын кесуді.
• Металл немесе ағаш қаңқаны орнатуды.
• Плиталарды орнатуды.
• Тігістерді бітемелеу мен барлық үстінгі бетті КНАУФ-Севенет сылама-
желімді қоспамен сылауды.
• Үстінгі бетті сәндік өңдеуді.
Нұсқаулықтар:
• Плиталарды тікелей су тиюінен қорғау үшін жаппаның астында сақтау
керек. Ылғалды панельдер орнату алдында кептірілу керек.
• Орнату алдында плиталар климатқа бейімделу керек. Материал мен
қоршаған ортаның температурасы +5°С төмен болмау керек.
• Плиталар көлденеңінен орнатылу керек!
• Тіреу плиталары 600 мм аралық енімен орнатылу керек.
• Орнатудың жайлылығы үшін плиталарда көмекші белгілеу бар.
Бұрамашегелерді бекіту жерлері айқастармен белгіленген.
• КНАУФ-Диамант қасбет сылмасын жағу алдында, үстінгі бетін КНАУФ-
Изогрунд төсемесімен өңдеп алу керек.
• Ішкі АКВАПАНЕЛЬ цемент плитасын орнату бойынша толық ақпаратты
Жүктеу бөлімінде 2301 Ақпарат парағынан қараңыз.
Көрсеткіштер Мағыналары
Ені, мм 9001200
Ұзындығы, мм 120024002800
Қалыңдығы, мм 12,5
Салмағы, кгм2 шамасы 16
Майысудың ең кішкене радиусы (м) қалыңдығы 900 мм болған3
плита үшін
Майысудың ең кішкене радиусы (м) еңі 300 мм плиталар 1
жолақтары үшін
Тығыздығы, кгмЗ 1100- 1200
Майысқандағы мықтылық шегі, МПа 10,0
Жылу өткізушілігі, Втм0К 0,36
Аязға төзімділігі (циклдар) 75
Қышқылдық көрсеткіші (сілтілігі), рН 12
Жанғыштық тобы Г1
Серпімділік модулі, МПа 4000-7000
Статистикалық жүктелуі 1м2 50 кг-ға
дейін
Ішкі Аквапанель цемент плитасы экологиялық таза беттелген құрылыс
өңдеу материалы. Ішкі Аквапанель цемент плитасы жеңіл минерал толтырғышы

келеді. Шеттері кесілген, жиектері күшейтілген. Дөңбек жиектері (EasyEdge)
күшейту үшін қосымша шыны талшықтарымен арматураланған.
Арматуралайтын шыны торша арқылы, АКВАПАНЕЛЬ цемент плитасы бір метрден

Қолдану саласы
Ішкі АКВАПАНЕЛЬ — плиткамен қаптауға мықты әрі сенімді негізді қамтамасыз
ететін ылғалдылыққа төзімді материал.
Ішкі АКВАПАНЕЛЬ қаңқалы-қаптау құрылмаларда – қолдану режімі ылғалды және
дымқыл болған жайлардағы қалқаларда, қабырғаларды қаптау үшін және аспалы
төбелерде қолданылады.
Ішкі АКВАПАНЕЛЬ төменгілерді орнатқанда қолданылады:
• бассейндерді айнала жеке меншік және қоғамдық секторларда,
• ас үйлер мен күнделікті ылғалды жинастыру жүргізілетін аймақтарды
өңдеуде,
• душ бөлмелерінде,
• автомокөлік жуатын жерлерде,
• кір жуатын жайларда,
• гараждар мен төлелерде.
Орнату барысы жұмыстың келесі кезеңдерін қамтиды:
• Ішкі АКВАПАНЕЛЬ плиталарын кесуді.
• Металл немесе ағаш қаңқаны орнатуды.
• Тігістерді жабу үшін полиуретан АКВАПАНЕЛЬ Желім арқылы плиталарды
орнату.
• Барлық үстінгі бетін АКВАПАНЕЛЬ ақ бітемесі соңғы қоспасымен өңдеуді.
• Сәндік өңдеуді.
Нұсқаулықтар

• Тіреу кескіндері аралығы 600 мм болып орнатылады.

• Бояуға дайындау үшін барлық бетті жұқа қабатпен бітемелеп шығу керек.
Таза негізге АКВАПАНЕЛЬ Ақ бітемесінің қабаты, қалыңдығы кем дегенде 4
мм болып, жағылады. Жаңадан жағылған қабатқа келесі қабатын кем
дегенде 100 мм үстіне салып, арматуралайтын торша басылып салынады.
Ішкі АКВАПАНЕЛЬ цемент плитасын орнату бойынша толық ақпаратты Жүктеу
бөлімінде 2301 Ақпарат парағынан қараңыз.
Көрсеткіштер Мағыналары
Ені (мм) 9001200
Ұзындығы (мм) 120024002800
Қалыңдығы (мм) 12,5
Салмағы, кгм2 шамасы 15
Майысудың ең кішкене радиусы (м) қалыңдығы 900 мм 3
болған плита үшін

Плитаның 1м2 салмағы шамасы 15
Тығыздығы, кгмЗ шамасы 1050
Майысқандағы мықтылық шегі, МПа 6,2
Жылу өткізушілігі, Втм0К 0,27
Қышқылдық көрсеткіші рН 12
Серпімділік модулі (МПа) шамасы 5000
Жылу өткізушілігі (Вт(м'К) 0,36
Будың кіруіне қарсылыс 30
Құрғақ күйінен суға қанығуға дейінгі ұзындығының 0,1
өзгеруі, %
Жанғыштық тобы Г1
Стати стикалық жүктелуі 1 м2 50 кг -ға
дейін
Гипс плиталары
Гипс плиткасы гидрофобизирленген (ылғалдылыққа төзімді) құрылыс өңдеу
материалы. Гипс плитасы тік бұрышты параллелепипед нысанды саңылау-қырлы
түйісетін жері мен жоғары көлемдер нақтылығы бар монолит бұйымы болып
келеді.
Гипс плитасы гипс тұтқыр материалдардан, құру қосындысына су сіңуін
азайтатын арнайы қоспалар қосумен құю технологиясы бойынша өңдіріледі.
Қазіргі заман технологиялары үстінгі бетінің үздік сапасы мен жоғары
көлемдер нақтылығы болған плиталарды алуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz