Баланы жастан немесе баланы бесігінен түзе


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ . . . 7
- САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ1. 1 Жасөспірімдердің жеке-типологиялық ерекшеліктері және салауатты салты жайында түсініктері . . . 101. 2 Зиянды әдеттер және олардың алдын алу . . . 241. 3 Салауатты өмір салтының қалыптастырудағы психолог жұмысының маңызы . . . 49
2 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫН ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
- 2. 1 Зерттеуді ұйымдастыру және өткізу . . . 542. 2 Педагогикалық -психологиялық эксперимент өткізу барысы . . . 592. 3 Эксперимент нәтижесін қорытындылау . . . 61
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә
ҚОСЫМША В
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
- Қазахстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы (1997)
- Қазахстан Республикасы «Білім туралы» (2007)
- Қазахстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы(1994)
- ҚР Н. А Назарбаевтің Президенттің жолдауы ЕгемендіҚазақстан - 2010-7 ақпан.
АНЫҚТАМАЛАР
- Сенім - құдіретті күш.
- Дене тәрбиесі - салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі.
- Денсаулық, сұлулық, сергектік - адамзаттың мәңгілік және көкейтесті арманы
- Адам-Табиғат пен Жер Ананың төл перзенті
- Жан денсаулығы - ол адам ақыл-есінің денсаулығы болса, ал тән - ол дене денсаулығы
- Ақыл-ес - ол қоршаған орта мен өзін тани білу
- Тән денсаулығы - бұл дененің дайын бағдарламаны іске асыра алу және кездейсоқ жағдайларда резервінің болуымен сипатталады.
- Салауатты өмір салты - бұл денсаулық проблемасына адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты, әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;
- Салауатты өмір салты - адамның өзінің шығармашылық деңгейін сол немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның өндірістік, тұрмыстық және мәдени жақтарын ұйымдастыру тәсілі;
- Салауатты өмір салты - денсаулық туралы белгілі бір әлеуметтікжәне тарихи көзқарас, сондай-ақ, өмірдегі тәжірибеге оныинтеграциялау құралдары мен әдістері;
- Салауатты өмір салты - адамның күнделікті өмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтады, биіктетеді және адамның экономикалық және психологиялық жағдайларында өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін табысты атқаруды қамтамасыз етеді.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
1. (АІЖ) - Асқазан-ішек жолдары;
2. (ҚНЖ) - қуық несеп жүйесі;
3. (ЖҚТ) - жүрек- қантамырлары аурулары
4. (ҚР) -Қазақстан Республикасы
5. (ВЖЖ) - Вегатативті жүйке жқйесі
6. (АҚШ) - Америка құрама штаты
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Балалардың денсаулығы - қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және мұғалімдер арасында дабыл қағуда. Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда мектептердің жауапкершілігінде деп көрсетіледі.
Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Статистикалық деректер бойынша жалпы мектепті бітірушілердің 68% дені сау, әрбір екінші жеткіншек морфофункционалдық патология, 42%-созылмалы сырқат деп танылуда. Жас балалардың маскүнемділік деңгейлері де жиі байқалып келеді.
Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т. б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
- мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
- «салауатты өмір салты» - ұғымын қалыптастыру;
- салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
- өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.
- арнайы денсаулық сақтау тәжірибелер арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын зерттеу барысында философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.
Зерттеудің мақсаты - психолог жұмысының әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудағы . Зерттеудің міндеттері:
- Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды тарихи - психологиялық тұрғыда анықтау;
- Оқушылардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;
- Экспериментальды жұмыс арқылы оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың нәтижесін тексеру
Зерттеу нысаны - мектептегі оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу пәні - оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудағы психолог жұмысының мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың салауатты өмір салтын тәжірибелік психологтың көмегімен дағдыланып қалыптасса, онда қазіргі заман балалары дені сау болып тәрбиеленеді, өйткені олардың өмір сүру мәдектілігі көтеріледі.
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру үдерісін бақылау, сауалнама, тест алу, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- Мектеп оқушыларының денсаулықтарын сақтау мен нығайту мәселелері бойынша ғалымдардың концепциялары жүйеленіп салауатты өмір сүру дағдылары мазмұндалды;
- Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау бағдарламасы арқылы қалыптастырудың ғылыми зерттелу деңгейі анықталды;
- Ер балалар мен қыз балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, жас ерекшеліктері ескеріле отырып денсаулық сақтау бағдарламалары, білім, ептілік, дағдыларының қалыптасу бағдарламалары, денсаулық сақтау ортасының құрылу бағдарламалар әзірленіп, ғылыми негізделді;
- Оқушыларды әлеуметтік жат әдеттерден арылту жолдары айқындалды;
- Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырудың оң нәтижелері анықталып, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардағы денсаулық сақтау бағдарламалар енгізілді.
Зерттеудің практикалық мәні - негізгі ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелердің мектеп практикасында оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануымен сипатталады
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру үдерісін бақылау, сауалнама, тест алу, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Зерттеу көздері: ғылыми-зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, ресми материалдар мен бағдарламалар, мектептердің іс-тәрибе жұмыстары.
Зерттеу базасы: Еңбекші қазақ орта мектебінде өткізілді. 6-ы және 7-ші сынып-52 оқушы қатысты; 8-9шы сынып -50 оқушы қатысты.
1. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Жасөспірімдердің жеке-типологиялық ерекшеліктері және салауатты салты жайында түсініктері
Адам және қоғам денсаулығы тек медициналық ғылымның проблемасы ғана емес. Бұл мәселе Денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістер қолдануды, жақсы тұрмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуді, белсенді өмір сүру жағдайларын біоу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу - басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады. [2]
Рухани бай адам дегеніміз - өз тілін, өз тарихын, салт-дәстүрін жоғары бағалап, жан-жақты, өзін-өзі басқаратын, өмірдің ағымына дұрыс қарай алатын, мейірімді, әділ, қанағатшыл адам. Егер біз саналы, мінез-құлқы жетілген азамат болғымыз келсе, алдымен өзімізді-өзіміз тануымыз қажет. Өзін тану арқылы біз өзгені танитын артықшылыққа ие боламыз. «Дүниедегі ең оңай нәрсе - кісіге ақыл айту, ең қиыны - өзіңді-өзі түсіну» деген екен ғұлама ғалым Әл-Фараби. Осы рухани байлықты жастардың бойына сіңіріп, сана-сезімін жеткізу - біздің міндетіміз. Және рухани байлықтың ең бір кең тараған саласының бірі - рухани тану әдістері. Ол жағымды ойларға бейімдеу, ойды ізгілік күйге бейімдеу өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады. Бұл әрекетте өте құнды екі фактор бар. Біріншіден, ақыл-кеңес және көмек сұрап отырған жоғары ақылға сенушілік. Сенім - құдіретті күш. Дәрігердің емдік іс-әрекетіне толық сенсең, қандай қиындық болса да әрекеттеніп мақсатыңа жетесің. Жағымды ойлардың маңызы зор. Ол адамның өзіне деген сенімін дамытады, қорқынышты болдырмайды. Адам баласына ізет көрсету, инабатты болу сияқты имандылық қасиеттерді бақыт деп санаған адам ғана айналасындағыларға ізгілік нұрын шашады. Шәкірім атамыз «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді.
Дене тәрбиесімен айналасатын адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше. Спорт қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты арттырады. Яғни, өмірді сүйіп өмірді қадірлей білуге, тек жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелейді. Спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі өзекті мәселелер бүгінгі келеңсіз тенденциялармен айқындалады. Оларға біздің республикамыздағы балалар ауруларының көбеюі, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері мен бұқаралық дене шынықтыру жұмысын қаржыландырудың азаюы, дене тәрбиесінен оқушылар дайындығы деңгейлерінің нашарлауы, т. б. жатады. Бұл жайттар бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды қатты алаңдатуда. Сондықтан жасөспірімдердің дене тәрбиесі жүйесін реформалауға бағытталған нақты шараларда оны шешудің жолдары белгіленіп отыр.
Бұл мәселелерді шешудің стратегиялық бағыттары « Қазақстан Республикасының оқушы жастар мен балалардың дене тәрбиесінің бағдарламасы және білім беру жүйесіндегі дене мәдениетінің даму тұжырымдамасы» мен Қазақстан Республикасының «2001-2005 жылдарға Спорт және дене мәдениетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» және сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Спорт және дене мәдениеті» Заңында айқын көрсетілген.
Мұғалім, негізінен, оқушылардың дене тәрбиесі үрдісін ұйымдастыру кезінде аймақтық ерекшеліктерді ескеретін «Дене тәрбиесінің типтік бағдарламасын» басшылыққа алады.
Бұл аспектіні жүзеге асыру үшін бағыттары айқындалған және оқушылардың дене жетілдіруі бойынша мұғалімдердің іс-әрекеттері сипатталған қосымша бағдарламалар мен әдістемелік құралдар қажет-ақ. Әлбетте, дене шынықтыру пәні мұғалімнің бір өзіне оқушылардың дене тәрбиесі сияқты күрделі үрдісті ойдағыдай жүзеге асыру қиынға соғады. Ендеше бұл жерде дене тәрбиесі жөніндегі әдіскерлердің, мектеп директордың, әр пән мұғалімнің студенттерінің, ата-наларының күш-жігерін біріктіру міндеті алға қойылады.
Дене шынықтыру пәні мұғалімінің жұмысын бағалайтын негізі көрсеткіштерінің бірі - оқушылардың дене дайындығының деңгейі.
Дене тәрбиесі - салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі. Сондықтан мектепте спорт, туризм, әскери ойындардың оқушыларды шымырлыққа тәрбиелеуде, уақыттарын тиімді де мазмұнды өткізуге дағдыландыруда алатын орны ерекше. [3]
Ертедегі грек философы Платон қозғалысты «медицинаның шипалы бөлігі» деп атаған. Дене тәрбиесін әрбір отбасының күнделікті өміріне берік енгізу ғана нәтижелі болмақ. Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасымыз салауатты өмір салты туралы сөз еткенде спорттың бұқаралығына ерекше беріп отырады.
«Он екі мүшең сау болса жарлымын деме» деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән саулығын, жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді, денсаулықты, салауаттылықты және табиғи факторларды пайдалану жолдарын халық педагогикасымен тығыз байланыстыра отырып батыл да жүректі, елжанды, парасатты, дені сау, бақытты азамат тәрбиелеуде әдеби кештің әсері мол екенін нақты тәжірибеден көріп келеміз.
И. Переверзиннің мәліметтері бойынша, шетелдерде міндетті дене тәрбиесі сабақтарына аптасына 2 сағаттан 4 сағатқа дейін беріледі. Мектепте түрлі қызығу топтарында қосымша дәріс өткізіледі. АҚШ, Ұлыбритания бастауыш мектептерінде әр күн 1 сағаттық дәріс өткізіледі. Мектептерде ең көп тараған жарыстар: спорт апталығы, мектеп ойындары, олимпиада жаттығулары. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін мектеп спортының ұйымдастыру ұялары құрылған.
Бүгінгі таңда оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету саласында көптеген жұмыстар жүргізілген болса да, ең бастысы, оқушыларды олимпиада бағдарламасындағы спорттың алуан түрлеріне қарай жан-жақты бейімдеуіміз қажет.
Еліміздің болашағы - жастардың дені сау, шыңдалған болып өсуі үшін спорт секцияларын көптеп ашу керек.
Егер ауру бір күнге азайса, біздің республикамызда бір жылдағы жұмыс күні миллионға жетер еді. Қазіргі кезде адам өз денсаулығының мәдениетін түсініп алмай, өз денсаулығына зиян келтірмей өмір сүре алса ғана өзін білімдімгін деп айта алады. Әрқайсысымыздың денсаулығым тек қана біздің амандығымыз емес, сондай-ақ еліміздің жайлылығы мен экономикалық күшінің өсуіне ықпал етеді.
Бүгінгі күннің мақсаты - әр адамды дені сау болуға баулу, салауатты өмір салтының дағдыларын игеру, балалық шақтан бастап дұрыс физиологилық даму негізін қалыптастыру. Қазіргі кезде Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы адам ауыруының алдын алу принципін бекітті. Ол біздің елімізде де белсенді қолдануда. Ол мына факторларға негізделген: стресс, артық салмақ, гиподинамия, жоғары қан қысымы, темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Осыған орай осы факторларды болдырмай, салауатты өмір салтын ұйымдастыру арқылы біз өзімізді жүрек-қан тамыр аурулары мен ісік ауруларының, асқазан жолы аурулары мен қант диабетінің алдын алуға көмектеседі. Сондықтан отбасында, мектепте, өндірісте бірілік пен мейірбандық және денсаулықты сақтау мен жан тыныштығын сақтауға жағдайлар жасап отыру керек. Бұл нашақорлықпен күресте жақсы көрініс табады, сондай-ақ психикалық ауруларды төмендетуге септігін тигізеді. Денсаулық, сұлулық, сергектік - адамзаттың мәңгілік және көкейтесті арманы. Адам өзінің физиологиялық және белсенді шығармашылық дамуын, тұрмыстық қуанышын, жастық күшін әрқашан ұзақ сақтауға тырысады. Бірақ қартаю үрдісін тоқтатуға болмайды. Бірақ адам қартаюдың алдын ала алады.
Барлығына белгілі егер күнделікті әрі дұрыс дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдаса, денсаулықты сақтауға, адамның қоғалысын арттырады және өмірін ұзартады. Дене тәрбиесі мен спорт қазіргі кезде өте қажет. Себебі техника мен транспорттың, жедел дамуы адамның қозғалыс белсенділігін төмендетуде. Сонымен қатар осыған жүйке, психикалық жүктемені қоссақ, соңғы 10-20 жылдың ішінде гипертония, миокард инфарктінің, атеросклероз ауруларының 50%-ға өскендігін байқауға болады.
Ежелгі Римде: «Дені саудың - жаны сау» деп бекер айтпаған. Үнемі жүгірумен, туризммен, жүзумен және таңертеңгі гимнастика жасайтын адамдарды бақылап көріңдер. Олар әрқашанда өздерін жақсы ұстайды, басқалардың кешіліктеріне шыдамдылықпен қарайды, қиын жағдайларда өздерін жақсы ұстай біледі. Стрестік жағдайларда адам қанында адреналин гормоны көбейіп, қан тамырлары тарылады да, қан қысымы жоғарылайды. Адамда қозу пайда болады да, ол айқайлап, жылауы да мүмкін. Адам ағзасында адреналиннің толық жойылуы үшін, дене қозғалысының белсенділігі қажет. Ал ол болмаса, адреналин денсаулыққа кері әсер етеді. Мысалы, стенокардия, миокард инфаркті, гипертония ретінде. [1]
Ата-аналардың алдындағы негізгі міндет - жас ұрпақты дене және жан күштерінің дамуының үйлесімі арқылы тәрбиелеу.
Қалыпты дене дамуының басты жағдайы гигиеналық режим болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің күнделікті уақытын ұйқы, тамақтану, демалуға дұрыс бөлу.
Павлов: «Адам ағзасындағы ең бастысы - тәртіп», -деп бекер айтпаған. Тәртіптің адам қызметіне әсері оның физиологиялық негізі арқылы түсіндіріледі. Үлкен ми сыңарларының қабаттарында әр түрлі жаңа уақытша байланыстар түзіледі. Олар шартты рефлекстер деп аталады. Олар дағды немесе әдет ретінде өмір бойы сақтануы мүмкін. Ол ағзаның дамуына оң және кері әсер етуі мүмкін. Мысалы, тамақты қалыптан тыс ішу, әр түрлі уақытта ұйықтау әдеттері келешекте асқазан жұмысын бұзуы мүмкін.
Режимді орындау - бұл ең алдымен жүйке жүйесін бекіту әрі қалыпты сақтау. Ол тек қана кішкентай балаларда ғана емес, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына да қатысы бар. Олардың жүйке жүйесі барлығына қатты әсер етеді.
Денсаулықтың төмендеуіне қоршаған ортаның ластануы, құнарлы азық-түлікпен тамақтанбау (организмге қажетті витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеуі), адамдарға психоэмоциялық салмақтың көп түсуі сияқты жағымсыз факторлар әсер етуде. Осыған орай денсаулық сақтау органдарының алдында балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын нығайту сияқты аса маңызды міндеттер тұр. Бұл ретте ҚР денсаулық сақтау министрлігі 12-18 жастар арасындағы оқушыларды сауықтыру жөнінде шаралар жоспарын жасайды. Әсіресе, жасөспірім шақта әркім өз денсаулығына ұқыпты қарауы керек.
Салауаттылық өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекеттер - нашақорлық, темекі мен ішімдікке құмарлық. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз тұжырымдамасында: "Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауы тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын", - есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрестің маңызын ашып айтты.
Ұрпағымыздың азып-тозуының өмірдегі көрінестері көп-ақ, солардың бәрінің түп-тамырында экологиялық апаттар мен ішкілікке, нашақорлыққа салынудың, шылым шегудің зардабы жатыр емес пе? Дегендей ой келеді көкейге. "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын"- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, арамтамақтыққа бейім алаяқтар, тәрбие тезінен шығып бетімен кеткен жасөспірімдер, азғындаған бұзақылар үшін есірткі зат бағалы ермек болып отыр.
Дені сау ұрпақтың егеменді еліміздің болашағы екендігі даусыз. Сол себепті денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында.
-Уа, халайық!
Әуелгі байлық-денсаулық.
Екінші байлық - еркіндік.
Үшінші байлық - тіл байлық.
Төртінші байлық - қайрат күш.
Бесінші байлық - ақ жаулық.
Алтыншы байлық - балаңыз.
Жетінші байлық - жүз саулық, - деп А. Естенов ағамыз жырлаған басты байлығымыз, яғни денсаулықтың досынан дұшпаны көп.
Адам-Табиғат пен Жер Ананың төл перзенті. Солай бола тұра табиғат заңын аяққа таптап, өркениет заңын басына көтереді, ал одан тапқаны санап тауыса алмайтын ауру- сырқауды туғызып алды.
Оны туғызған өздері екенін мойындамады, табиғат Анаға жала жауып, қарсы күреске шықты. Ұлы жаратылыс заңына шабуыл жасаудың ақыры, құписын адам шеше алмайтын, дауасы жоқ Рак, СПИД секілді дертті өмірге келді. [8]
Экономикалық желөкпе жарыста көлдер суалып, шөл болған, ормандар оталып, сахараға айналған елдер де аз емес (мысалы, өзіміздің Арал теңізі) . Ең соңында, адамзат әлем қожасы болуға таласып, атом мен ракетаны жарыса сынап атмосфераның азон қабатын жыртып тындырады.
Мұндай жаратылысқа қарсы жасалған үлкен қылмыстар, бүкіл адамзатқа үлкен апаттық дерт болып оралды. Шипасы жоқ сәуле аурулары, қатерлі ісіктер, адамзаттың өзі тілеп алып, өз дауасын таппай жүрген жұмбақтар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz