Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және санитарлық бағалау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Эпизоотология, паразитология және ВСС
кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ВСС
Тақырыбы: Тениуколды цистицеркоз кезіндегі сойыс өнімдерін ВСС және
санитарлық бағалау.
Орындаған: ВС-31 топ студенті
Қайырболат Ә.С.
Тексерген: в.ғ.к., доцент м.а.
Нұрғалиев Б.Е.
Орал, 2017
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
ІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1. Материалдар мен зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1.1. Базар зертханасына сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1.2. Тірі және өлген кездегі балау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.3. Диагностикалық дегельминтациялау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ
3.1. Аурудың
таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...16
3.2. Экономикалық
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...16
ІV. ВЕТЕРИНАРЛЫҚ - CАНИТАРЛЫҚ
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
V.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...19
VІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 20
.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда мал шаруашылығында көптеген аурулар орын алуда. Кез-
келген мал шаруашылығы үшін қауіп пен экономикалық шығынды қатар алып
жүретін әртүрлі инфекциялық, инвазиалық аурулар ветеринария саласының ең
бірінші маңызды мәселесі саналады.
Мал басын көбейту, оның өнімділігін арттыру және интенсификациялау –
мал шаруашылығында негізгі бағыт болып белгіленген. Осыған байланысты,
еліміздің ветеринарлық қызметінің міндеті – малдың және құстың өлімін және
ауруын төмендету үшін, ветеринарлық – санитарлық шаралардың жүйесін іске
асыру болып табылады.
Адамзат ерте заманнан бері мал мен адам арасында жоғары өнім тудыратын
жаппай аурулардың себебін анықтауға тырысты. Қазіргі кезде адамдар мен
жануарлар үшін ең қауіпті аурулар бұл – инфекциялық аурулар мен инвазиялық
аурулар.
Малдың жұқпалы аурулары туралы ғылым ветеринарияда өзекті мәселе және
арнаулы бағыт болып табылады.
Жұқпалы немесе инфекциялық ауруларды зерттеу адамзаттың өркендеуінде
ұзақ мерзімді орын алады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін оның таралуын,
қоздырғышын, клиникалық белгілерін, эпизоотологиялық мәліметтерін, аурудың
дамуын, өлексенің патолого - анатомиялық өзгерістерін, диагностикалық және
дифференциальды балауын, иммунитетін және емдеу әдістерін, алдын алу және
күресу шараларын білу керек.
Инвазиялық аурулар немесе паразиттік аурулар бұл жануар тектес
паразиттер тудыратын аурулар. Паразитизм тірі организмдер арасындағы қарым-
қатынастың бір түрі. Паразит деген сөз көне грек тілі, ол біреудің басқа
бір организмнің есебінен қоректенуін білдіреді (раra – жанында, sitos –
қоректену). Мұны қазақша арамтамақтық деп те атауға болады. Ал осы
паразиттер тудыратын адам, жануарлар және өсімдіктер ауруларын және оларға
қарсы күрес шараларын жан-жақты зерттейтін кешенді ғылым саласын –
паразитология деп атайды.
Паразитологияның өзін бірнеше салаға бөліп қарастырады. Паразит
қарапайымдарды және олар қоздыратын ауруларды зерттейтін ғылым –
протозоология, ішқұрттар мен олар қоздыратын аурулар туралы ғылым –
гельминтология, ал өрмекші тәрізділер мен жәндіктерді, сондай-ақ олар
қоздыратын және тасымалдайтын ауруларды зерттейтін ғылымдар арахнология мен
энтомология деп аталынады.
Паразит – қоздырғыштардың иелеріне байланысты паразитологияны
медициналық, малдәрігерлік және агрономиялық түрлерінем бөледі.
Малдәрігерлік паразитология зоопаразитология қатарына жатады, биологиялық
пән ретінде ол зоологиямен тығыз байланысты. Паразиттердің құрылысы мен
жіктелуін білу инвазиялық ауруларды анықтауда қажет болса, ал биология мен
экономикалық зерттеулер дауа шараларын жүргізудің негізі болып табылады.
Сондай-ақ паразитология эпизоотологиямен, физиологиямен, биохимиямен,
фармакологиямен, иммунологиямен, патологиялық анатомия мен жұқпалы және
жұқпалы емес аурулардың жеке патологиясымен, малдәрігерлік-санитариялық
сараппен, малдәрігерлігін ұйымдастыру және экономикасымен, т.б. клиникалық,
зоотехникалық, агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.
Осы курстық жұмыста инвазиялық ауру тудырушы қауіпті паразиттер
қатарына жатқызылатын – Тениуколды цистицеркоз туралы айтылады. Бұл
құрттарды кейде құрсақ жылауығы деп те атайды. Олар тұрқы 1 метрге жуық
болатын, адам мен ауыл шаруашылық жануарларының денесін зақымдайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мен осы курстық жұмысымды жаза отырып,
тениуколды цистицеркоз құрты туралы мәлімет жинай отырып, оның даму
механизмін білу, оның ауыл шаруашылық малдары мен сойыс өнімдеріне
тигізетін зиянын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- тениуколды цистицеркоз құртының сипаттамаларымен танысу;
- тениуколды цистицеркоздың сойыс өнімдеріне әсері;
- тениуколды цистицеркоз кезінде өлекседегі өзгерістермен танысу;
- аурудан сақтандыру мен күресу шараларымен танысу.
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Тениуколды цистицеркоз (құрсақ жылауығы, гидатигенді цистицеркоз,
қылмойынды финноз) – бұл қой, ешкі, шошқа, жабайы күйіс қайыратындар (елік,
қарақұйрық, арқар), кейде ірі қара мен түйе шалдығатын гельминтоз түрі.
Цистицеркоз малға, әсіресе төлге (қозыға, лаққа, торайға) патогенді әсер
етіп, шығынға ұшыратады. Цистицеркоз көбінесе созылмалы түрде білініп, мал
өнімін төмендететін гельминтоз.
Цестодалар ересек сатысында иттің, кейде қасқырдың, шибөрінің, түлкінің
ащы ішегінде, ал ларвоцисталары (жылауық) тұяқтылардың құрсақ қабырғасында,
шарбы-шажырқайында, іш майында және бауырдың сыртқы қабығында орналасады.
Паразит құрттар туралы алғашқы деректе ертедегі тарихи көне
ескерткіштерде сақталынған. Эберстің (б.д.д. VІ ғ.) папиррусында
аскаридалар (жұмыр құрт) және тениидалар (таспа құрт) туралы деректер бар.
Гиппократ (460-370 ж. б.д.д.) адамның тениидоздар, эхинококкоз,
аскаридоз ауруларын білген және бірінші болып Helmints (гельминт) атауын
яғни терминін енгізді. Аристотель (384-342 ж. б.д.д.) аскариданы, тенияны
және ішек құрттарды (острица) білген, шошқа финнозы туралы жазып,
гельминтоз, диптера, акарус атауларын енгізген[1].
1924 жылы Ф.Дж.Меггитт сүтқоректі жануарлардың цестодтарына жататын
тениидтерді 6 үлкен туысқа ажыратады: Taenia, Тaeniarhynchus, Cladotaenia,
Multiceps, Echinococcus и Catenotaenia[2].
Ал А.А. Спасский болса олардың барлығын бір үлкен Taeniidae
тұқымдастығына жатқызады. Десекте қазіргі кезде оларды 13 туысқа бөліп
қарастырады[3].
В. Ф.Никитин өз еңбектерінде бұл инвазиялық аурудың көптеген шет
елдерде де кездесетінін айтып өткен болатын.Тенуикольды цистицеркоз
Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Қыл мойынды финноздың негізгі
таратушысы мал арасында жүретін ауыл иттері. Көбінесе қора маңында жайылып
жүрген малдарға бүл гельминтоз тез жұғатыны байқалған. Цистицеркоз тазалық
(санитарлық) жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Олай
болуының себебі, кейбір ауру адамдар әжетхананы пайдаланбай ауланы, қора
төңірегін, жайылымды құрттың жұмыртқаларымен ластайды. Финноз көбінесе жас
малға жүғады. Инвазияның ең көп өріс алуы жылдың үшінші тоқсанында, ал күрт
азаюы жылдың алғашқы айларында байқалады.
Адамдар арасында гельминтоздың етек алуына малдың аулада сойылуы,
малдәрігерлік тексеруден өткізілмеуі, цистицеркозбен зақымданған етті асқа
жұмсау, жеткіліксіз зарарсыздандру, немесе оны сатып жіберу - осының
барлығы негізгі себеп боп саналады[4].
Құрттың имагосын, яғни жынысы жетілген сатысын Таепіа hydatigena деп
атайды. Оның тұрқы 1 м-ге жуық, бунақ денесі жүздеген буылтықтардан
қүралған. Көпіршіктің ғылыми атауы — Сysticercus tenuicollis, ал қазақшасы
– жылауық. Цистицерк – жылауықтың көлемі әртүрлі-бүршақ дәніндей, көгершін,
тауық жүмыртқасындай, саны бір-ден жүзге дейін жетеді, сыртқы бітімі
домалақ, сопақтау, кейбіреуі алмүрт сияқты болып көрінеді. Көпіршіктің
сыртқы қабығы жүқа келеді, іші мөлдір сүйыққа толған, қабыршақтың ішкі жақ
бетінде ақ домалақ, үлкендігі күріш дәніндей жалғыз сколекс орналасқан.
Ал 1905 жылы Боргерт шошқадан С. tenuicollis құртының тапқан болатын.
Ол шошқаны жарып-сою кезінде ұзындығы 3 см-ге жететін 1000-ға жуық
цистицеркті жануардың әртүрлі мүшелерінен тапты. Олар тек қана серозды
қабықты зақымдап қана қоймай, өкпе мен бауыр паренхимасынан, сонымен қатар
жұлын мен отыртқаға жақын жатқан қабырғаның плеврасынын да табылған[5].
Тұяқтылар бүл гельминтозға қүрт жүмыртқаларымен ластанған жем-шөпті
жеп, шалдығады. Малдың асқорыту жүйесінде жүмыртқадан бөлінғен онкосфера
ішекті тесіп, қанға өтіп, қан ағынымен бауырға жетеді. Сонан кейін олар
бауыр үлпершегі арқылы, оның сыртқы қабығына шығып жайласады немесе қүрсақ
қуысына өтеді. Өздерінің қолайлы ағзасына жеткен онкосфералар, 1-2 ай өткен
соң ларвоцистаға (жылауық) – цистицеркке айналады. Құрттың ақтық иелері
ит. Олар аралық иелерінің цистицеркпен зарарланған ішкі органдарын жеп,
ішқұрт ауруын жұқтырады. Ит ішегінде гельминт 2 ай шамасында ересек
сатысына жетіліп, онда 4-11 ай өмір сүреді.
Тениуколды цистицеркоздың патогенділігіне ең алғаш рет 1860 жылы
Р.Лейкарт көңіл аударған болатын. Ол бұл ауруды торайға зертханалық түрде
тении гидатигенінің жұмыртқаларымен зақымдап, торайда болатын клиникалық
жағдайын бақылап, кейін ол торайдың өлімге ұшырағандығы туралы өз
еңбектерінде баяндады[6].
1956 жылы В.А.Шелапугина цистицеркоз тудырушы Т. hydatigena-ның
онкосферасының кепкен жағдайды өз қабілеттілігін 8 ай бойы сақтайтынын
анықтады[7].
П. П. Вибе цистицерктер жануарлардың мүшелері мен ұлпаларын зақымдап
қана қоймай, әртүрлі микроорганизмдердің жиналуына мүмкіндік береді. Ал
екінші жағынан организм мүшелерін атрофияға ұшыратып, интоксикация
шақырады. Сонымен қатар, жануарды арықтатып, одан алынатын өнімді 25%
шығынға ұшыратады.
Гельминтоздың жіті түрі төлдер арасында кездеседі. Мал денесіне енген
құрт онкосферасы қан айналу жүйесіне өтіп, мүшелерді зарарлайды, бауырға
еніп, оның торшаларын зақымдайды, кейде өлімге де ұшыратуы мүмкін. Құрсақ
жылауығы көбінесе жасырын, созылмалы түрде өтеді, тұяқтылардың қан құрамы
өзгереді[8].
1954 жылы Н.А.Анищенко торайлар мен лақтарға С. tenuicollis-ті
эксперименталды жұқтыру кезінде аралық иелерінде байқалатын клинико-
анатомиялық өзгерістеріне, миграция мен цистицерктердің дамуына байланысты
патологиялық процесстерді төрт бөлімге бөліп қарастырды.
Жасырын кезеңі жұқтырған соң 1-ші және 6-шы күндер арасында (онкосферді
ішек қабырғасына жұқтырғанан бастап, құрттың бауыр паренхимасына қоныс
аударғанға дейін) клиникалық және патанатомиялық белгілерінің болмауымен
ерекшеленеді.
Парензиматозды цистицеркозды гепатиттің даму кезеңі 6-шы және 12-ші
күндер арасында өтіп, цистицерктердің бауыр паренхимасынан жануардың іш
пердесіне түсуімен сипатталады. Кейін іш пердесіне түскен цистицерктер 12-
ші және 20-шы күндер арасында іш пердесін серозды-фибринді қабындырып,
цистицерктердің серозды қабыққа бекуімен аяқталады.
Келесі кезең сауығу кезеңі 20-шы және 35-ші күндер арасында циста
түзіп, сыртқа шығады. Ал сол кезде жануарлар организмінде сауығу беогілері
байқала бастайды.
Ауруға шалдыққан жануарлар ағзасында бауыр мен іш перделерінен іштей
қан кетіп өлімге ұшырайды[9].
Е.Иост тениуколды цистицеркоз кезінде болатын патолого-анатомиялық
белгілерін тиянақты сипаттап берді[10].
Аурудың жіті түрінде, төл тынышсызданады, жем-шөпке қарамайды, ауызы
сілекейленеді, іші өтеді, кейде дене қызуы көтеріледі. Бірақ, көптеген
ішқүрт аурулары секілді, жылауықтың да клиникалық белгілері байқалмайды.
Н.П. Поповтың айтуы бойынша цистицеркоз кезінде ең көп зақым
келтіретіні, бұл механикалық зақымдану мен интоксикация екен[11].
П.С.Иванова, Д.С.Шепелев, П.В.Ульянов, Д.С.Гринберг и В.А.Шелапугинам
1950 жылы Ивановкий ауданындағы шаруашылықта 2-3 айлық қозылардың 77%
тениуколды цистицеркоз әсерінен өлгенін жазды. Ол кезде қозыларды 2-3 күн
бойы сілекейлерінің көп бөлінгендігін, іш өтуі мен азықтан бас тарту
сияқты, сонымен қатар дене температурасының жоғарылауын да баяндаған
болатын[12].
Кейінірек 1949 жылы Н.В.Демидов пен Н.В.Орлова 4 апталық және 1,5 айлық
торайлардың цистицеркозбен зақымданған кезде олардың дене
температураларының 41,2 0С жететінін, демалысының жиілейтінін, іштерінің
кеуіп, іш қуыстарын пальпациялаған кезде ауырсынулар сезілетінін анықтады.
Сонымен қатар месқарынның тимпаниясы мен несептің көп көлемде бөлінетінін
ашып айтты[13].
Тениуколды цистицеркозды балау мақсатында П. А. Селиверстов
аллерггиялық реакцияларды зерттеді. Ол 6 түрлі аллергенді қолданды[14].
А.З. Ефимов болса торайларда болатын тениуколды цистицеркозда эритроцит
мөлшері 4,4 млн-ға дейін төмендейтін, сонымен қатар Сали тәжірибесін
жүргізу арқылы гемоглобин мөлшерінің 38%-ға дейін төмендейтін анықтады[15].
Малдың тірі кезінде қыл мойынды финнозды анықтау үшін иммунобиологиялық
зерттеулер өткізу ұсынылады, бірақ бұл әдістер шаруашылықтарда
қолданылмайды.
Өлген малды сойып тексергенде ғана еттің талшықтары арасынан көрінеді.
Олар сұрғылт ақ түсті дөңгелек немесе сопақша келген тұнық жылауық, көлемі
түйреуіштің басынан бұршақтығ мөлшеріндей. Паразиттің сырты жұқа қабықпен
қапталғанымен, оның ішіндегі паразит көрініп тұрады. Жылауықтың құйрық
жағында тоқтап тұрған мөлдір сұйықта парзиттің басы мен мойны ішке қарай
қайтарылып жатады.
Өлген жануардың бауырын тіліп, арасынан ұзындығы 3-6 мм-дей
паразиттерді табу арқылы диагноз қоюға болады. Оны үлкейткіш әйнек -лупамен
қарап табады. Құрсақ қуысындағы ішкі ағзалардан жылауық іздестіріледі.
Көпіршік жағдайда цистицерктер ірі қараның жақ еттерінде (50-44%),
жүрегінде (14-29%), тіл мен мойнын (12-17%) және желке, өңеш, көк ет, сан,
жауырын мен шынтақ еттерінде кездеседі.
Г. В. Прокофьев бір-екі айлық көжектердің цистицеркоз энзоотиясын
сипаттады. Ол өлген көжектерді зерттеген кезде бауырында болатын
өзгерістерді байқады. Сонымен қатар көжектердің салмақатары азайып, азыққа
тәбеті төмендегенін байқады[16].
Тениуколды цистицеркозды эхинококкоз көпіршіктерінен ажырата білген
жөн. Десекте, бұл көпіршіктер бауырдың сыртқы қабатында емес, бауырдың
өзінде болған жағдайда ғана ажырата білу керек.
Тенуикольді цистицеркозды емдеу әдістері әлі зерттелінбеген.
Адам мен үй және кейбір тағы түяқтыларға ларвалды цестодоздарды яғни
цистицеркоздарды (жылауық, етқұрт) таратушылар негізінен ит, ішінара түлкі,
қасқыр, шиебөрі т.б. Тенииде құрттарының биологиясына байланысты аталған
гельминтоздардан сауықтыру дауалары екі үлкен күрделі бағытта жүргізіледі:
а) малды жәйе оны күтетін адамдарды иттердің нәжісімен таралатын таспа кұрт
жүмыртқаларынан сақтандыру; ә) иттерге ларвоциста көпіршіктерімен
залалданған мал ағзаларын жегізбеу.
Цистицеркоздар – гельминтоантропозоонозды аурулар. Ол Австралияда,
Америкада және Еуропада етек жайған. ТМД елдерінде де кең таралған.
С.А. Грюнердің айтуы бойынша солтүстік бұғыларды өсіретін
шаруашылықтарды цистицеркоздың көп кездеседі. Бұрынғы Обдор аудандарында
бұғыларды жарып сою кезінде 24 бұғының 10-ынан цистицерктерді тапты. Бұл
құрттар бұғының жүрегінде болған[17].
Эпизоотологиялық ауруларға мезгіл бойынша да таралу жатады. Ірі қара
көбінесе шаруашылыққа жақын жерлерде көптеп ауруға шалдығады. Бұл
шаруашылықтардағы адамдардың санитарлық жұмыстарға немқұрайлы қарауының
нәтижесі[18].
Бұл гельминтоздардың ет өнеркәсібіне келтіретін зияны өте зор. Мәселен,
мал соятын қасап орындарында цистицеркозбен, яғни ларвалды цестодозбен
зақымданған бірнеше мың тонна сиыр мен шошқа еті жарамсыздыққа шығарылып
отырады. Ал жарамды дегендерінің өзі зарарсыздандырылғаны мен де сапасын
жоғалтады.
Е.Е. Шумаковичтың айтуы бойынша осы цистицеркоз құртымен зақымданған
қойлардың Нижний Поволжьедегі шаруашылықта 39,2%-ы өлімге ұшыраған. Сонымен
қатар 1400 т ет, 500 т тері шығынға ұшыраған.
Ересек таспа сатысында қоздырғыштар өздерінің ақтық иесі адамның
ішегінде, ал цистицерк көпіршіктер кезінде аралық иелері ірі қара мен
шошқаның бұлшық еттерінде мекендейді. Ларвоцисталар ет талшығы аралығындағы
ұлпаға орналасады. Олар көбінесе қаңқа еттерінен (жақ, мойын, кеуде, иық,
қабырға және т.б.), тіл мен жүректен, көк еттен табылады[19].
ІІ. ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
2.1. Материалдар мен зерттеу әдістері
2.1.1. Базар зертханасына сипаттама
Орал қаласының Мирлан базарында орналасқан ЖШС Қараөзен
ветеринарлық санитарлық сараптау зертханасына қысқаша сипаттама жасасақ.
Жалпы сауда орталығына келіп түсетін барлық тағам өнімдерін ветериинарлық-
санитарлық тексеріп қана қоймай олардың санитарлық жағдайына кепілдік
береді. Жарамсыз деп табылған өнім, яғни адамды уландыратын немесе оларда
түрлі аурулар тудыратын өнімдер сатылуға жіберілмейді немесе жойылады.
Ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларының басты міндеті –
жануар және өсімдік тектес өнімдерден алынған тамақ өнімдерінің базарларға
шығарылу кезінде тамақ өнімдері арқылы жұғатын аурулармен жұқпалы
аурулардың алдын-алу мен әртүрлі шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханалары сапалы өнімнің
шығарылуына рұқсат етеді және оны базарларда сату кезінде мынандай
жайттарды бақылауға алады: сауда орнының санитарлық жағдайын, санитарлық
киімдерін, сауда орталықтарының құрал-жабдықтарын және т.б., жоғарғы сапалы
өнімнің сапасын Сойыс малдарын ветеринариялық бақылау, ет және ет
өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелері, Базарлардағы
сүт және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелері,
өсімдік тамақ өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелері,
Базарларға әкелінген балық өнімінің радиоактивтік сынамасын экспрестік
бағалау әдістемесі, мемлекеттік стандарттар және техникалық шарттар,
ветеринарлық заңнамаларға қатысты әдістемелік зерттеулерді пайдаланып
бақылауға
Мирлан базарының ветеринарлық санитарлық зертханасы 3 бөлімнен
тұрады:
- Сиыр, жылқы, қой еттері және шұжық, жұмыртқа, балық ірімшік және
сүзбе зерттелетін бөлім.
- Шошқа етін тексеретін, яғни шошқа ұшасын тексерумен трихинеллезге
зерттелетін бөлім.
- Өсімдік өнімдерін зерттейтін токсикологиялық бөлім.
Мирлан базарының ветеринарлық санитарлық сараптау зертхана келесі
жабдықтармен жабдықталған:
- зертханалық үстел;
- термостат,
- мұздатқыш;
- кептіргіш шкаф;
- аналитикалық таразылар,
- микроскоптар;
- трихинеллоскоптар;
- жұмыртқа тексеруге арналған овоскоп;
- кливер;
- бутирометр;
- ареометр
- рН-метр-340 және т.б.
Жұмысты орындау үшін келесі міндеттер қарастырылды: - ұшада
ветеринарлық санитарлық қарау; - екінші және үшінші күнге дейін тұрып
қалған өнімдерді зерттеп, зияндылығы бойынша сауда орындарына жібермеу.
Сиыр етін Мирлан базарындағы ЖШС Қараөзен зерттеу нысандары болып ет
ұшасы және ішкі мүшелер жатады. Биохимиялық етті сараптауда бактериоскопия
жасап, етте рН анықтайды. Қазақстан Республикасының ветеринария
саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтін, мемлекеттік
ветеринариялық кадағалау бақылайтын жүктерді залалсыздандыруды, өңдеуді
ұйымдастыру кіреді. Базарларда мемлекеттік ветеринариялық қадағалау
бақылайтын жүктердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтап,
кейін сараптама актісін беруді ветеринариялық-санитариялық сараптама
зертханалары жүзеге асырады. Базарларда ветеринариялық-санитариялық
сараптама жүргізу міндетті болып табылады. Жануарлардан алынатын өнімдер
мен шикізаттарды ветеринариялық- санитариялық сараптамасыз сатуға тыйым
салынады. Базарларда ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу
тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Базар әкімшілігі ветеринариялық қадағалауды және ветеринариялық-
санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыру үшін базардағы ветеринариялық
инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шарт негізінде
ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар беруге
міндетті.
Базарлардағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау: 1.Базарлардағы
мемлекеттік ветеринариялық қадағалау міндетті болып табылады. 2.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер базарлардағы
мемлекеттік ветеринариялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz