Жерді қорғау және тиімді пайдалану
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Агробиология факультеті
Экология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Жерді қорғау және тиімді пайдалану
Орындаған: Эк-311 тобының студенті
Айтқожанова.А
Қабылдаған: Қуандықова.Э
Алматы 2018ж
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) жерді пайдану
2) жерді тиімді пайдалану
3) мониторинг
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды. Жердi қорғау мақсаттары өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру жәнеорман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудiқамтамасыз ету; жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.
Жерді пайдалану -- қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай болмасын, иемдену және пайдалану, жерде шаруашылық жүргізу үшін қажет болып табылады.
Натуралдық аграрлық өндірістен тауарлыққа көшкенде, меншік формасы шешуші шарт болып табылмайды. Жерге жеке меншік, өндірістің басқа факторларына жеке меншіктен көп кейін қалыптаскан және осы күнге дейін ол жетекші рөл атқармайды. Көп елдерде жерге меншік ұлттық деңгейде болып отыр және жоғарғы меншік иесі мемлекет болып табылады. Шығыс, Африка, Көне Азия, Америка, Ресей халықтары аграрлық экономиканың әмбебап кезеңінен өткен. Бұларда жерді пайдалануға негізделген, ауыл шаруашылық егістік қауымының мемлекеттік жүйесі қалыптасқан. Экономикалық теорияда осы болмыс азиялық өндіріс тәсілі деп аталады. Германдар, франктер, кельттер жерді жергілікті тайпалардан күшпен алып, оған жеке меншік орнатқан. Осы халықтарда индивидуалдық қауымдар, жерге жеке меншік болуына және оны жалға алуға.
Нарық шаруашылығының дамуына жерге жеке меншік осылай әсер етеді деп кесіп айтуға болмайды. Жердің тауар айналымына енгізілуі, оны басқа ресурс тәрізді сатып алуға мүмкіндік береді. Аграрлық нарықтың дамуына жердің сатып алу-сатылуы өте жаман ықпал етеді - жермен айналысу қиынға түседі. Жерге жеке меншіктің болуы, аграрлық экономиканы капитализациялауға кедергі болады: ол капиталдың еркін ағымына шек қояды.
Жердің меншік иесі өзінің жерінде капитал қолданған үшін ақы төлеуді талап етеді. Бұл кәсіпкердің табысын төмендетеді. Нарық экономикасы тұңғыш рет Нидерландияда қалыптасқаны бекер емес -- бұл елде барлық жер дәстүрлі түрде мемлекет меншігінде болған. Бүгін нарық экономикасы жоғары дамыған көп елдерде жер мемлекет меншігінде болып отыр.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қоршаған ортаға әсер ететін қуатты факторлардың бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығының даму негізі жер қоры болып табылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығындағы табиғатты пайдалану барысында экологиялық проблемалардың қатары көбеюде. Ауыл шаруашьшығының экологиялық мәселелеріне мыналар жатады:топырақтың химиямен ластануы;топырақ эрозиясы;кіші өзендер проблемалары
Жер қорлары -- бұл жыртылған жерлер, жайылымдар, шабылатын шөптер. Планета түрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін жерлер құрлықтың үстіңгі қабатының 13%-ын ғана алып жатыр. Адамзат тарихында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшің пайдаланылатын жер аумақтарын кеңейтуге бағытталған түрлі іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда, ормандар кесіліп, батпақты жерлер құрғатылады, шөлді жерлер суарылады. Осындай кеңейтілген іс-шараларға қарамастан, ауыл шарушылығы жерлері тозып, жарамсыз болып қалуда. Жерді игеру жұмыстары қарқынды жүргізілгенге дейін егістікке пайдалануға болатын жерлердің аумағы 4,5 млрд га жуық көлемді құраған. Ал бүгінгі күні олардың көлемі 2,5 млрд га. жыл сайын егістік жерлердің 7 млн га жуығы тозып, жарамсыз болып қалады, ал бұл 21 млн адамның өміріне қауіп төндіреді.
Топырақ эрозиясы ауыл шаруашылығы жерлерін жойып жіберетін ең қауіптісі болып табылады. Егістік жерлердің оннан тоғызының жоғалуы, олардың өнімділігінің құлдырауының себептері де эрозия болып табылады. Эрозия -- бұл топырақ қабатының су ағыстары немесе жел арқылы жойылуы, ыдырау үдерісі. Осыған байланысты су және жел эрозиясын бөліп қарастырады. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын дұрыс жүргізбеу эрозия үдерісін едәуір күшейтеді. Қысқа мерзімдерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға ұмтылу көбіне жер өндеу жүмыстары тәртібінің бұзылуына, мысалы егіс айналымы қорының азаюына алып келеді.
Жар беткейінен, жауын-шашын суынан, еріген мұздардан, қарлардан пайда болған ағыстар, көктемгі немесе жазғы жаңбырлар жердің құнарлы қабатын шайып кетеді. Осылардың шығынын азайту үшін, қайраңды беткейден көлденең жүргізу керек әрі біржылдық және көпжылдық өсімдіктерді себу айналымын ұлғайту керек.
Топырақ құрылымын қуатты ауыл шаруашылығы техникалары -- тракторлар, комбайндар, автомашиналар бұзады. Оларды қолдану өңделген топырақтың, жергілікті жердегі ауыл шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерін талап етеді. Сөйтіп АҚШ-та ірі техникаларға ауысу жарлардың ағып өтетін бөліктерінде қысқартылатын егістіктердегі террасалардың қирауына алып келді. Қуатты тракторлар, комбайндар үшін үлкен егістіктер қажет, сондықтан да олардың көлемдері ұлғаяды, ал эрозияны азайтуға арналып жаеалған, кішірек егістіктерді бөліп тұратын жолақтар жойылады.
Құнарлы топырақтар қайтадан қалпына келетін қор болып есептеледі, алайда олардың қайта қалпына келуі үшін жүздеген жылдар қажет. Жер шарының егістік алаңдарында жыл сайын қайтадан қалпына келіп жатқан топырақтың көлемінен асып түсетін топырақ қабатының миллиардтаған тонналары жоғалып жатады.Сондықтан маңызды міндет -- құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау. Аса құнарлы емес жаңа жерлерді игеру үлкен шығындарға әкеледі.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттiк органдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган; ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган,бұдан әрi - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган. Бұл органдар өз функциясын өзара бiр-бiрiмен iқимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
Жерді қорғау - бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139 бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес,жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға,жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,сондай-ақ топырактын құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық ұйымдық,экономикалық,технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.Жерді тиімді пайдалану ауыл мен орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын арттыру мен байланысты агротехникалық шараларды жургізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады:
1)Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық,мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жургізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін,шаруашылық қызметтін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау.
2)Тозған немесе бүлінген жерді жасарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
3)Жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу.
4) Жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тутыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғауға
5) Ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бутка мен шіпік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлануының өзге де түрлерінен қорғауға.
6) Бүлінген жерді жанғыртуға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға.
7) Жердің бүлінуі мен байланысты жұмыстар жургізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сындырып алуға, сақтауға және пайдалануға.
Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндттерінің барлығы нысаналы болып табылады,оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс обьектісіне процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген.

Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер Заңдарының сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру іс-шаралар жүйесі ретінде жер территорияларын ұтымды ұйымдастыруды, жерді пайдаланудың тиімді құрылымын, қолайлы экологиялық жағдайды қамтамасыз етеді.
Жерге орналастыру жерді пайдалануды тиімді ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі ретінде экологиялық, құқықтық және техникалық бағыттарға ие.
Жерге орналастырудың экологиялық аспектісі жерді өндірістік құрал және халық шаруашылығы саласы объектілерін территориялық орналастыруды ұйымдастырудан тұрады. Құқықтық аспект жер пайдалану құқығының және жерге меншік құқығының жүзеге асырылу жағдайын анықтаудан тұрады.
Жерге орналастырудың техникалық аспектісі жобалық дәструшілік, зерттеу және түсіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.
Жер мониторингісі - техника дамуымен байланысты адамның табиғатқа деген әсері ұлғая бастады, оның табиғи ресурстарды толық пайдалануға қолы жетті, осыған байланысты геофизикалық ақпарат оған қажетті болып отырады. Бұл ақпарат арқылы әртүрлі іс-шараларды орындау үшін оңтайлы табиғи жағдайларды анықтауға, шаруашылық үшін қолайлы немесе қолайсыз жағдайларды болжауға болады және адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері үшін қолайсыз факторлардың әсерін азайтуға болады. Мұндай ақпаратқа қоршаған ортаның іс жүзіндегі жағдайын бақылау және табиғи жағдайлардың өзгерулерін болжау кіреді. Соңғы уақытта адамның табиғатқа деген әсері өсуде және табиғатты жобасыз пайдаланудың кері әсері бар екені мәлім. Осыған байланысты биосфераның жағдайы туралы толық ақпараттың қажеттілігі де туындап отыр.Жер қорын мемлекеттік басқарудың негізгі бастаушы элементі. Жер мониторингісі болып жатқан өзгерістерді уақытылы анықтау оларды бағалау одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел мерзімді байқау жүйесін білдіреді. Жер мониторингісі мақсаттары, міндеттері, құрылымы оның жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексімен және 19 қыркүйек 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану туралы қаулысымен реттеледі.
Жер мониторингісі міндеттері:
жер жай-күйінің өзгерістерін уақытылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмаумен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзгеде функцияларын ақпаратпен қамтамасыз ету.
Жер мониторингісі:жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерулерді орындау;жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу;
жердің құнарлылығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;белгілі бір уақыт кезенінде жердің сапалық жай-күйін болжауды әзірлеу;жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Жер мониторингісін жүргізу барысында жердің сапалық жағдайына әсер ететін келесідей протестер анықталады:
Эволюциялық дамудың- табиғи тарихи протестерімен байланысты;
Кезендік -күндік, мезгілдік және басқа да сипаттағы өзгерістер;
Антропогендік- адам қызметімен;
Төтенше жағдайлар -экологиялық апаттар;
Мемлекет елдің жер қорын басқару процесінде және жер қатынастарын реттеуде өзінің уәкілетті органдары арқылы жер, оның сапасы, жер учаскелерінің құқықтық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтерді анықтаумен байланысты жұмыс кешенін жүзеге асырады. Бұл қызметтерді мемлекеттік жер кадастры атқарады.
Жерге мониторинг нәтижесінде алынған деректер мемлекеттік жер кадастрын енгізуге қажетті ақпараттық негізді құрайды. Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасының жерінің шаруашылық және табиғи жай - күйі, орыныққан орны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерінің мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық мінездемесі жер пайдалану есебі және жер учаскелерін бағалау басқа да деректер жөніндегі жүйені болып табылады. Мемлекеттік жер кадастына жер учаскелеріне құқықтық субъектілер туралы ақпараты енгізіледі.
Жер кадастры жер ресурстарын басқару құралы ретінде жерді тиімді пайдалану және оны қорғауды ұйымдастыруға шешім қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жер кадастрының құрамдас бөлігі суармалы жер учаскелерінің мелиорациялық жай - күйі, олардың табиғи және ирригациялық - шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау туралы, оларды пайдаланудың есебі туралы мәліметтер жүйесін құрайтын суармалы жердің мелиорациялық кадастры болып табылады.
Жер мониторингінің талаптары: жер қорының құрылымы мен түрлі жерлердің күйінің өзгеруін уақытымен анықтау, өзгерістерді бағалау, болжау, зиянды процестердің салдарын алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; жер кадастрын жүргізуді, жерді тиімді пайдалануды, жерге орналастыруды ақпаратпен қамтамасыз ету; жер учаскелері мен жер алқаптарының күйін бағалау; топырақ құнарлығының өзгеруі, топырақтың ластануы және топырақтағы басқа да өзгерістермен байланысты процестердің дамуын бақылау; табиғи азық алқаптарының өсімдік жамылғысы күйінің өзгеруін, топырақтың деградациясын, оның қалпына келу қарқынын, радионулейдтердің жиналу деңгейін, сонымен қатар, топырақтың антропогендік жүктемелерге төзімділік дәрежесін бақылау; елді мекендердің, өндірістік объектілердің астындағы жерлердің күйін бақылау; жердің күйін жүйелі түрде бақылау; жер қорында болып жатқан өзгерістерді анықтау, осы өзгерістерді бақылау және талдау; зиянды процестердің алдын алу және жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; нысаналы мақсатын және рұқсат
етілген пайдалану түріне байланысты жерді пайдалануды үздіксіз бақылау;белгілі уақытқа жердің сапалық күйі жайлы болжау жасау; әкімшілік-территориялдық құрылымның шекаралары мен ауданның өзгеруін бақылау; гумус қорының азаюын бақылау; топырақтағы микроэлементтердің өзгеруін бақылау.
Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі: жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Жер қорын зерттеу мақсатымен түрлі министрліктер мен ведомстволар жүргізетңн тексерістер, бақылаулар мен түсірістер салалық нормативтік-техникалық құжаттар незігінде жасалған болатын. Бірақ жер қорын зерттеу бірыңғай мемлекеттік тәсілдерді талап етеді, өйткені жер ресурстары қоршаған табиғи ортаның маңызды бөлігі, ауылшаруашылық, орман шаруашылығының басты өндіріс құралы және кәсіпорындар мен мекемелерді орналастырудың кеңістік негізі болып табылады. Жер мониторингі табиғи ресурстардың басқа мониторингтері мен кадастрларының арасындағы байланыс рөлін атқару керек және оған мемлекеттік статус беру керек. Әртүрлі деңгейлердегі экологиялық жағдай туралы ақпаратты жердің карталық негізіне салынған графикалық мәліметтерден тұратын экологиялық жағдай жоспарының көмегімен алуға болады. Жүргізілетін мониторингтің түріне қарай картографиялық негіздің әртүрлі масштабтарын қолданады. Бақылаулар жер қорының барлық категориялары бойынша жылжымалы зертханаларды пайдаланып түрлі полигондарда, эталон учаскелерінде, стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарда жүргізіледі.
Қорытынды
Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамту қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ энциклопедиясы,3 том
2. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. -- Астана: 2002
3. Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. -- Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. -- 344 бет
5. Уикипедия ашық энциклопедиясы
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Агробиология факультеті
Экология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Адамзат қоғам дамуындағы табиғаттың рөлі
Орындаған: Эк-311 тобының студенті
Айтқожанова.А
Қабылдаған: Қуандықова.Э
Алматы 2018ж
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1)
2)
3)
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қоғам - мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр. Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғам
Агробиология факультеті
Экология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері
Орындаған: Эк-311 тобының студенті
Айтқожанова.А
Қабылдаған: Утенбаева.Г
Алматы 2018ж
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) топырақ
2)
3)
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдіктердің, жануарлардың, климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы топырақ түйіршіктерінің мөлшері бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша -- қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 гсм, қара топырақтікі-2,37 гсм, ауыр сазды топырақтікі-2,67 гсм болады.Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 гсм,-ден 1,80 гсм - ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 гсм - ден 3,0 гсм-ге дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп болған сайын , оның тығыздылығы төмендейді.
Топырақтардың көлемдік массасы. Табиғи күйдегі 1 см абсолютті құрғақ топырақтың массасын оның көлемдік массасы дейміз. Топырақтың көлемдік массасы оның тығыздылығынан әрқашан кем болады, өйткені топырақ түйіршіктерінің арасындағы ауаның тығыздылығы өте төмен. Көптеген дақылдар үшін топырақтың қолайлы көлемдік массасы 0,9-1,2 гсм аралығында болады.Топырақтың қуыстылығы немесе кеуектілігі-деп топырақтың жалпы көлеміне пайыз есебімен алынған қуыстылықтар көлемінің жиынтығын айтады. Жалпы қуыстылықтар топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріктің мөлшеріне, топырақ қабаты мен құрылым күйіне байланысты.Топырақта екі түрлі, яғни капиллярлық және капиллярлық емес қуыстылықтар болады. Әдетте капиллярлық қуыстылық суға толып тұрады, ал ірі қуыстарда, яғни капиллярлық емес қуыстылықта ауа болады. Топырақтың қуыстылығы оның жалпы көлемінің 50-55%, ал капиллярлық және капиллярлық емес қуыстылықтардың арақатынасы 1:1 тең болғанда, өсімдіктер үшін топырақта ең қолайлы ауа ылғалдылық режимі қалыптасады.
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы , ісінуі,шегуі,байланыстылығы,жабысқа қтығы, физикалық пісуі жатады.
Тұқымның бөртіп өнуі, өсімдік тамырының төмен қарай бойлап өсуі, топырақ пен атмосфераның арасында газ алмасу, жер өңдеу сапасы топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштің әсерінен өзінің пішінін өзгертуін және оны ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін айтамыз.Топырақтың ісінуі деп оның ылғалдану нәтижесінде көлемін ұлғайтуын айтамыз, ал, керісінше, топырақ кепкенде өзінің көлемін кішірейтуін топырақтың шөгуі деп атайды.Топырақ түйіршіктерін бір-бірінен ажыратуға әсер ететін сыртқы механикалық күштің әсеріне топырақтың қарсы тұра алатын қасиетін оның байланыстылығы дейді.Жер өңдеу құралдарының жұмыс органдарына немесе басқа заттарға топырақтың жабысу қабілетін оның жабысқақатығы деп атайды.Топырақтың физикалық пісіп-жетілуі деп оның өңдеуге дайын болған кезін, яғни, топырақтың кеберсіп, оны өңдейтін құралдардың жұмыс органдарына жабыспайтын жағдайын айтады. Піскен топырақ жеңіл өңделеді, құралға жабыспайды, кесекке айналмайды және т.б.
Топырақ қабыршағы. Қар ерігенде, жауған сел жаңбырдан, немесе жерді суарғаннан кейін топырақ кеберсігенде оның бетінде қабыршақ түзіледі. Ол, әсіресе, балшықты және майдаланып үгілген құрылымсыз топырақтарда пайда болады.Қабыршақ пайда болған топырақта газ алмасу нашарлайды, одан булану нәтижесінде ылғал көп мөлшерде жоғалады, тұқымның көктеп шығуы қиындайды, соның әсерінен өсімдіктер сирейді.Жерді жылдан-жылға бір тереңдікке жырта берсе, соқаның табанымен топырақ нығыздалып, оның төменгі қабатында соқа табаны деп аталатын қабат пайда болады. Ол өте тығыз, қатты қабат болғандықтан, өсімдіктер тамырларының, ауаның, ылғалдың төмен қарай жылжуына кедергі келтіреді.Сондықтан да топырақта осындай соқаның табаны пайда болмас үшін жерді жырту бағыты мен топырақтың өңделу тереңдігін өзгертіп отыру қажет.Топырақтың ылғалдылық қасиеттері. Өнімділікті жоғарылатуда топырақтағы ылғалдың алатын орны ерекше. Негізгі ылғал көзі-жауын-шашын, олар топырақ бетіне сұйық және қатты түрде түседі. Топырақ құрылымды болса, онда қарашірік мол болады, ылғал көп жиналады. Екінші су көзіне атмосфера қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал жатады. Бұл ылғал көзінің құрғақ континентальды аудандарда маңызы зор. Үшінші су көзі-ыза сулары, егер олар топырақ бетінен 3 м-ге дейін тереңдікте жатса.
Топырақ ылғалдылығы дегеніміз-топырақтың құрғақ массасына пайызбен көрсетілген су мөлшері. Топырақтағы ылғал әр түрлі жағдайда болады, сондықтан олар өсімдіктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz