ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Эпизоотология, паразитология және ВСС кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні: Ветеринарлық-санитарлық паразитология
Тақырыбы: ОКСИУРАТОЗДАР. ЖЫЛҚЫ ОКСИУРОЗЫ. ҮЙ ҚОЯНДАРЫ ПАССАЛУРОЗЫ. ТАУЫҚ ГЕТЕРАКИДОЗЫ
Орындаған: топ студенті
Тексерген: в.ғ.д.
Орал, 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Оксиуратоздар. Жылқы оксиурозы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2. Үй қояндары пассалурозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Тауық гетеракидозы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ІІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 12
КІРІСПЕ
Нематодалар жануарлардың әртүрлі мүшелері мен ұлпаларында мекендейтін тоғышар жұмыр құрттар класының өкілдері. Дене пішіндері жұмыр, жіпшетәрізді, арқантәрізді, тұрқылары әрқилы (1мм ден 1 м дейін). Асқорыту, жүйке, зәр бөлу және жыныс мүшелері жақсы дамыған. Дене сырты кутикуламен көмкерілген. Нематодтардың көпшілігі дара жыныстылар. Аналықтары аталықтарынан ұзын. Жұмыртқа немесе тірі туады.
Нематодалар - бөлек жынысты гельминттер. Аталықтар аналықтармен салыстырғанда, ереже түрінде, кішкентай болады. Жұмыр құрттар имаго және дернәсіл сатыларында өз иелерінің әртүрлі мүшелерінде және ұлпаларында мекеңдейді. Оларда төрт: жүйке, бөлу (экскреторлық), асқорыту және жыныс жүйесі болады. Жүйке жүйесі қүрделі және көп санды ганглийлардан тұрады, өңештің манында жүйке сақинасын құрайды, сол жерден алға және артқа қарай жүйке бағанасы басталады. Бөлу (экскреторлық) жүйесі дененің артқы жағында екі латеральді каналдардарымен білінеді және вентральді бетінде экскреторлық тесікпен бітеді.
Нематодалар бас, құйрық жақтарының, өңешінің және дамуындағы ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Олардың келесі тек тармақтарының ветеринариялық-санитариялық маңызы бар: Oxyurata, Ascaridata, Strongylata, Trichocephalata, Spirurata, Filariata, Dioctophymata, Rhabditata.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Оксиуратоздар. Жылқы оксиурозы
Жылқы оксиурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың нематоданың Oxyuris equi қоздырушысымен шақырылатын, жануарлардың үлкен бүйен ішегінде паразиттейтін жұмыр құрттар тудыратын ішқұрт ауруы. Асқорыту жолының қызметі бұзылуымен және құйрық манындағы тері зақымдалуымен (зачес хвоста) білінеді. Жылқыдан басқа оксиурозбен тағы біртұяқтылар - есектер, зебралар ауырады. Оксиуроз бүкіл жерде кездеседі.
Жіктелуі:
Топтама үсті: Scolecida
Топтамасы: Nemathelminthes
Тек тармағы: Nematoda
Тобы: Ascaridida
Топ асты: Oxyurata
Тұқымдасы: Oxyuridae
Туысы: Oxyuris
Түрі: O.equi
Қоздырғышы. Ауыз қуысы алты бұрышты, қысқа ауыз капсуласына (кеңірдекке) ашылады, алты ерінмен қапталған. Өңештің артқы жағында бульбус орналасады. Аталықтың ұзындығы 6-15 мм. Құйрығы жалпақ, бір жінішке өткір спикуласы болады, рулегі жоқ.
1-сурет.Аналығының басы
Аналықтын ұзындығы - 18 мм дейін жетеді, жуан, бас жағы қысқа, құйрығы жінішке, ұзын, вульва дененің алдыңғы жағында орналасқан. Жұмыртқалардың мөлшері 0,085-0,099 х 0,040-0,045 мм, түссіз, жартылай мөлдір, асимметриялы, полюстің бір шетінде - тығын сияқты болады. Жұмыртқалар салар кезіне қарай инвазиялық сатысына жетілген болады. Қоздырғышының даму айналымы. Дамуы аралық иесіз өтеді. Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналықтарда жұмыртқалар түзіледі. Жатыры жұмыртқаларға толы аналықтар жылқының нәжісімен бірге тік ішектің сыртына, сыртқы ортаға шығып, жартысы жұмыртқаларын айналаға шашады, ал жартысы құйрық астының кілегей қабаты қыртыстарында жабысып қалады. Перианальді қыртыстар арасында жұмыртқаларын салады. Жұмыртқаларын салып болғасын аналықтар өліп қалады. 2-3 күн өткесін олардың ішінде дернәсілдер дамиды, содан жұмыртқалар инвазиялы болады. Нәжістің үстіндегі аналықтары 1-2 минуттен кейін жұмыртқаларды сала бастайды. Жылқылар оксиурозбен инвазиялық жұмыртқаларды жұтып зақымдалады. Ішекке түскең жұмыртқалардан дернәсілдер шығады, 3-4 апта өткесін толық жынысты паразиттерге, ересек құрттарға айналады.
Эпизоотологиялық деректері. Оксиурозбен көбісіне бір жасқа толмаған құлыншақтар және кәрі жылқылар ауырады. Дымқыл, лайлы қоралар, толық емес азықтандыру оксиурозды таратуға жол береді. Жиі жылқылар азықты жерден жегенде тез зақымдалады, ауру жылқылардың саны (40%) қыс - көктем мерзімінде (қараша айынан бастап мамыр айына дейін) жиі білінеді.
Патогенезі. Ішектің жуан бөлімінде оксиуристардың көп саны жиналып кілегей қабатын жарақаттайды, токсиндерді бөледі. Сондықтан, ішекте катаральді қабыну дамиды. Перианальді қыртыстар аумағында аналықтар және олармен бөлінген жұмыртқалар қышыма тудырады. Соның нәтижесі арқылы құйрық аумағында дерматиттер пайда болады.
Сыртқы белгілері. Арықтау байқалады. Қатты қышыма салдарынан малдар мазасызданады, қабырғаға, қоршау сырғауылына және басқа да қатты заттарға артқы жағымен жиі қасынады, соның салдарынан құйрық түбінің қылдары түсіп қалады, құйрығының түбінің жүні үрпиеді, терісі жарылып, экзема, дерматит пайда болады.
Өлекседегі өзгерістер әлі толық зерттелмеген. Оксиурозға шалдыққан жылқының тоқ ішігінен, бүйенінен көптеген оксиурис ішқұрттары табылады. Бүйен және тік ішек қанталап, қабынған, кей жерлерінде уытты жаралар кездеседі.
Балау. Гельминтозды балау үшін, алдымен эпизоотологиялық деректерін, аурудың клиникалық белгілерін анықтап, малдың артқы тесігі маңынан және құйрық түбінен қырынды алады, оны микроскоппен зерттеп, оксиурис ішқұртының бисимметриялы жұмыртқаларын табады.
Гельминтозға диагноз қойғанда, хориоптозбен шатастырмау керек. Олардың сыртқы клиникалық белгілері ұқсас болғанымен, тері қырындысынан хориоптес кенелерін немесе құрт жұмыртқаларын тауып, ауруды ажыратады.
Емi. Оксиурозға қарсы төрт хлорлы көміртегі қолданылады. Оны желатин қапшығымен немесе танау-жұтқыншақ түтігі арқылы ішкізеді. Дәрі берер алдында жылқыны 8-10 сағат ашықтырады. Сақа жылқыға 25-40 мл, 2-3 жастағы жылқыға 20-25 мл, екі жасқа дейінгі тай мен жабағыларға 12-20 мл, 10-12 айлық тайларға 10-12 мл, және 7-10 айлық тайға 8-10 мл. Іш айдағыш дәрілер қолданылмайды.
Оксиурозға қарсы тиімді дәрілердің бірі - пиперазин препараты және оның фосфорлы немесе күкіртті тұздары. Дәріні шыланған құнарлы азыққа қосып, жеке малға немесе топтап 0,1 гкг мөлшерінде арасына бір тәулік салып 2 рет беруге болады. Пиперазинді жеке жылқыға 2-5% ерітінді түрінде танау-жұтқыншақ түтігі арқылы немесе шөлмекпен береді. Топтап емдеу үшін, жас-салмағы бірдей 20-25 бас малға 20-25 кг құрама жемге немесе сұлыға ерітілген пиперазиннің керекті мөлшерін қосып, науаға салып жегізеді.
Пиперазинді 2 жастан асқан жылқыға 20-25 г, жабағы мен тайға 15-20г, 10-11 айлық құлынға 10-12 г, 7-10 айлық құлынға 8-10 г мөлшерінде береді.
Шет елдік дәрілерден оксиурозға қарсы 20%-дық тетрамизол гранулят, панакур және 10%-дық мебенвет гранулят жақсы нәтиже береді.
Алдын - алу, сақтандыру шаралары. Таза емес шаруашылықта барлық жылқыларға 3-4 рет, 1-1,5 ай сайын дегельминтизация жасайды, ол үшін пиперазин қолданады. Ауру жылқыларды бөледі және емдейді. Жұмыртқаларды таратуына тиым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқылы ерітіндісінде суланған тампонмен сүртеді. Әрбір 6 апта сайын дерт шыққан қорадағы жылқыны түгелдей гельминтоовоскопия әдісімен (артқы тесік маңайынан қырынды алу) зерттеп отыру керек. Қора ішін, күрек, айыр, сыпырғыш, аттарақ және т.б. жақсылап тазартып, ыстық сумен зарарсыздандырады.
1.2. Үй қояндары пассалурозы
Үй қояндары пассалурозы - Oxyuridae тұқымдасына жататың Passalurus ambiguus қоздырушысымен туғызылған ауру, үйдегі және жабайы қояндардың соқыр және жуан ішекте мекеңдейтін нематодалар. Инвазия барлық жерде таралған. Осы гельминтозға таза емес шаруашылықтарда үй қояндарының 40-90%-ға дейін ауруға шалдығады, бір үй қоянында инвазияның интенсивтігі 10 мыңға дейін жетеді.
Жіктелуі:
Топтама үсті: Scolecida
Топтамасы: Nemathelminthes
Тек тармағы: Nematoda
Тобы: Ascaridida
Топ асты: Oxyurata
Тұқымдасы: Oxyuridae
Туысы: Passalurus
Түрі: P. ambiguus
Қоздырғышы. Нематодалардың пішіні ұршық тәрізді. Кішкентай ауыз қуысының түбінде үш тісі орналасқан. Өңештің бульбусы шар тәрізді. Аталықтың ұзындығы 3,8-5,0 мм, құйрығы біз сияқты, спикуласы біреу. Аналықтың ұзындығы 7,75-11,0 мм, құйрығы жінішке. Вульва дененің алдынғы жағында ашылады. Жұмыртқалары ұсақ, асимметриялы, бір жақ шетінде тығыны болады.
2-сурет. P. ambiguus даму циклі
Қоздырғышының даму айналымы. Passalurus ambiguus - тың даму айналымы оксиуридтік түрімен өтеді. Аналықтар шағылысқаннан кейін жұмыртқалар нәжіспен бірге жерге, төсенішке, құйрық аумағының жүн үстіне түседі. Жұмыртқаларын салғаннан кейін аналықтар тез өліп қалады. Инвазиялық сатысына дейін жұмыртқалар 24-48 сағаттан кейін жетеді. Жұмыртқалардың дамуы перианальді жиырмаларында өтеді. Қояндар инвазиялық жұмыртқаларды сумен немесе азықпен жұтып зақымдалады; ішекте жұмыртқалардан дернәсілдер шығып, 11-15 күн өткесін толық паразиттерге дамиды. Пассалурустардың қоян ішегіндегі өмір сүру ұзақтығы 60-70 күн. Эпизоотологиялық деректері. Пассалурозға қояндардың барлық жастары бейімді болады. Ауру жылдың барлық мерзімінде кездесе береді. Пассалурозбен қояндар өз-өзінен зақымдалуы мүмкін; ауру қояндардың құйрық аумағында қышыма болғандықтан, олар қасиды, тілмен жалайды, сол кезде пассалурустардың піскен жұмыртқаларын жұтады. Қояндар қорасының антисанитарлық жағдайы пассалуроз таралуына жол береді.
Патогенезі. Пассалурустардың механикалық және токсикалық әсерінен қояндардың жуан ішегінде катаральді қабыну байқалады; көжектерде - қарын аумағының ауырсынуы, іш өту, дене температурасы қотерілуімен білінетің колиттер дамиды.
Сыртқы белгiлері сипатсыз. Құйрық аумағында тырнап тастаған жерлер, қызарулар байқалады. Ауру қояндар мазасыз болады, қышыма білінеді, қабырғаларға, үйшіктеріне құйрығын қасиды.
Өлекседегі өзгерістер. Тоқ ішек іші сұйық нәжіске толы. Кілегей қабығы ісінген, нүктелі және жолақтанып қанталаған. Кейде уытты жаралар кездеседі. Тоқ ішек ішіндегі ішқұрт саны бірнеше жүз, ал кейде мыңдап та саналады.
Балау. Ауруды балау үшін артқы тесік маңынан шырпымен немесе шыны әйнекпен қырынды алып, микроскоппен зерттеп, құрт жұмыртқаларын табу арқылы, диагноз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz