Қарасан



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Эпизоотология, паразитология және ВСС
кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Тақырыбы: Қарасан

Орындаған: топ студенті

Тексерген: ағаоқытушы

Орал, 2018
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қарасан ауруына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2. Сауықтыру шаралары және індет ошағын
жою ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.3. Қарасан ауруының алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру
туралы ... ... ... ... ... ..13
2.4. Ірі қара мал мен қойдың қарасанына қарсы
вакцина ... ... ... ... ... ... .17
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 18
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .19
.

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда мал шаруашылығында көптеген аурулар орын алуда. Кез-
келген мал шаруашылығы үшін қауіп пен экономикалық шығынды қатар алып
жүретін әртүрлі инфекциялық аурулар ветеринария саласының ең бірінші
маңызды мәселесі саналады.
Мал шаруашылығын дамыту қазіргі кезде кең қолдау табуда, бірақ та оған
әр түрлі аурулар өз зиянын тигізуде. Қазақстан Республикасының
Президентінің Қазақстан халқына жолдауында да Үкіметке мал шаруашылығын
дамытуға, сонымен қатар ветеринария ісін халықаралық стандарттарға
сәйкестендіруге тапсырма берілген болатын.
Мал дәрігерінің аса жауапты да басты міндетті – тағамдық өнімдер
арқылы адамға жұғатын аурулардың алдын-алу болып табылады. Сонымен қатар,
мал ауруларын таратпау, сыртқы ортаны қорғау, ауру малдан алынған өнімдерді
залалсыздандыру – күрделі де жауапты жұмыс.
Індеттану – індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу
заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін
қарастыратын ғылым.
Індеттану екі түбірден тұратын қазақтың төл сөз: індет – жұқпалы
аурудың кең ауқымды таралуы, ал тану – білу, яғни ғылым деген мағына
береді. Індеттану батыс елдерінде эпизоотология деп аталады. Ол да екі
ұғымның жиынтығы: эпизоотия (грекше epi – арасында, zoon – жануар) және
logos – ғылым. Бұл терминнің шығуы медицинаның бір саласы эпидемиологияға
барып саяды. Эпидемия (грекше epi – арасында, dеmos- халық) жұқпалы
аурулардың адамдар арасында кең таралуы.
Курстық жұмысымның мақсаты: қарасан ауруына қарсы өткізілетін
сауықтыру шараларын ұйымдастыруды уйрену.
Курстық жұмысымның міндеттері:
➢ Сауықтыру шаралары және індет ошағын жоюды;
➢ Қарасан ауруының алдын алу және жою бойынша 
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды білу.

І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Қарасан ерте заманнан белгілі,бірақ оны ұзақ уақыт топалаңмен
шатыстырып келді.1870 ж. Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық
белгілерін талдап,бір-бірінен ажыратты.Қоздырушысын 1887 ж. С.Арлуэн мен
Ж..Томас ашты. 1925 ж. Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүние
жүзінде байқалды.
Сайдулдин Т.С. мәіметтерінде, қарасан (Gangrena emphysematosa,
эмфизематозный карбункул) – жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттерінің
басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшелентін жұқпалы ауру[1].
Бакулов И. А. деректері бойынша табиғи жағдайда қарасан індетіне ірі
қара мал, сирек – қой мен ешкі бейім келеді. Ауру қоздырушысының бастауы
ауру жануар болып табылады . Қарасаннан өлген жануарлардың денесінде
споралар құрылады. Өлекселерді уақтылы көмбеу және дұрыс жинамау салдарынан
споралар топыраққа немесе ақпайтын су қоймаларында 10 жылға дейін
сақталады. Мұндай орындар ұзақ уақыт қарасан індеті бойынша . кез-келген
жастағы жануарлар ауырады. Алайда, стационарлық қолайсыз мекендерде үш
айдан төрт жасқа дейінгі жануарлар жиі ауырады. Атап өтілгендей,
қондылығы жақсы тұқымдар неғұрлым ауруға бейім . Қоздырғыш ішек - қарын
жолына азықпен немесе сумен түсіп, сондай-ақ жараланған тері жамылғысы
арқылы жұғады[2].
Коваленко Н. Р. Зерттеулер бойынша аурудың ең өрбіген кезі жазғы
жайылымдық кезеңде, әсіресе, ыстық, құрғақ айларда. құрғақ тікенекті
шөптерді, қоздырғыштар сақталған жерімен бірге Жегенде жұғуы мүмкін[3].
Бессарабов Б. Ф. Бақылаулар бойынша ауруға жоғары бейімділік - ірі
қара малдың жақсартылған мәдени, әсіресе, етті тұқымдарында (үлкен
бұлшықет массасы) байқалады. Залалданған аймақтан әкелінген немесе
импортталған жануарлардан жұғады . Инфекцияның таралу көзі ауру жануарлар
болып табылады, берілу факторлары — қоздырғышты жұқтырған топырақ, жем-
шөп, жайылым, су батпақты және жабық су көздері[4].
Қарасан негізінен спорадия түрінде бірен-сараң кездеседі. Сөйткенмен
де бордақылау кешендерінде шағын індеттік тұтану ретінде байқалады. 1-2
апта ішінде ондаған мал ауырады. Өлім көрсеткіші жоғары болып, 80% дейін
жетеді[5].
Кокуричев П. И. бекітеді қарасан ауруы Clostridium chauvoei
анаэробымен шақырылады. Қарасан кезіндегі негізгі морфологиялық өзгерістер
жарақат алған қаңқа бұлшық еттерінде байқалады. Олардағы аурудың қоздырғышы
қолайлы жағдайлар туғанда, тез көбейіп, токсиндер бөледі, олардың әсерінен
серозды немесе серозды-геморрагиялық қабыну басталады, содан кейін бұлшық
етте некроз пайда болады. Бұл кезде бұлшық ет талшығын құрылымын жоғалтып,
көлденең бұлшық ет арасында газдар жиналады[6].
Cl. Chauvei – нағыз ауасы бағасыз микроб. Қан, ауыр, ми қосылған
қоректік орталарда Китт-Тароцци, Хоттингер орталары өседі. Қоздырушысының
өн бойындағы соматикалық О-антигені осы микроб түрінің барлық өкілдеріне
ортақ. Жіпшелеріндегі Н-антигені бойынша қойдан және сиырдан бөлінген
штамдарының айырмашылығы бар[7].
Жаров А.-ның айтуынша микробтар газдардың пайда болуына себепші
болады. Өлген жануарлардың өлексесін қатты үрілуінің салдарынан тез
түзілетін газдар асқазан-ішек жолында және зақымданған бұлшық етте болады.
Табиғи тесіктерден серозды қан аралас суйықтық бөлінеді. Спецификалық
патологиялық-анатомиялық өзгерістер " бұлшық еттерінде байқалады. Әр түрлі
дененің бөліктерінен(мойын, иық, құйымшақ, бөксе) күрт шектелген
сықырлайтын ісікті табуға болады. Олардың бетіндегі терісі құрғақ, тығыз,
қара-қоңыр түсті болады[8].
Жаков М. С. зерттеулері бойынша тіршілік процесінде микробтар
зақымданған учаскелерде түзілетін газ көпіршіктерінде капиллярлардың
жарылуынан қан құйылу байқалады . Зақымдану ошағынан токсиндер мен ыдырау
өнімдері бөлініп, ағза интоксикацияға ұшырайды[9].
Инфекциялық процесс өрбігенде жануардың жалпы күйі нашарлайды.
Ауырған мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы жиілеп, жүрек ырғағы
бұзылып (минутына 100-120), қан тамыры толымсыз соғады. Өлер алдында
дененің температурасы қалыптан төмендейді. Әдетте ауырған мал 1-2
күнде, кейде 3-10 күнде өледі[10].

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қарасан ауруына жалпы сипаттама

Қарасан (Gangrena emphysematosa, эмфизематозный карбункул) – жіті
өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттерінің басып көргенде сықырлайтын қабынуы
арқылы ерекшелентін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Қарасан ерте заманнан белгілі, бірақ оны ұзақ уақыт
топалаңмен шатыстырып келді. 1870ж. Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың
клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінен ажыратты. Қоздырушысын 1887ж.
С.Арлуэн мен Ж.Томас ашты. 1925ж. Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды. Ауру
бүкіл дүние жүзінде байқалды.
Қоздырушысы – Clostridium chauvoei – түзу, аздап иілген таяқша,
ұзынығы 2-8 мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып
орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс
боялады. Өлексе мен сыртқы ортада микробтың ортасына, болмаса шеткерірек
орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді,қауашақ түзбейді.
Қоздырушысы табиғатта кең тараған,топырақта, көңде, түбі лай су
қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың
ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады.
Cl. Chauvei – нағыз ауасы бағасыз микроб. Қан, ауыр, ми қосылған
қоректік орталарда (Китт-Тароцци, Хоттингер орталары) өседі. Қоздырушысының
өн бойындағы соматикалық О-антигені осы микроб түрінің барлық өкілдеріне
ортақ. Жіпшелеріндегі Н-антигені бойынша қойдан және сиырдан бөлінген
штамдарының айырмашылығы бар.
Қоздырушының споралары ас төзімді келеді. Олар топырақта, суда бірнеше
жыл, шіри бастаған етте, көңде 6 айға дейін сақталады. Тура түскен күн
сәулесі 24 сағ., қайнату 2 сағ., автоклавтау 30-40 мин. өлтіреді. Ең
сенімді дезинфектант – 4% формальдегид ертіндісі.
Індеттік ерекшеліктері. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас
аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы ауырады. Жас
төл колостральдік иммуниеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның
әсерінен төзімді келеді. Негізінен қоңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас
жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық
жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал.
Инфекция қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар, ал таралу
факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жемшөп,
жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады.
Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады.
Қоздырушының денеге бойлауына ауыздың кілегей қабығының бүлінуі, ішек-
қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қойларға
негізінен тері арқылы, қырыққа кезде жұғады.
Қарасан негізінен спорадия түрінде бірен-сараң кездеседі. Сөйткенмен
де бордақылау кешендерінде шағын індеттік тұтану ретінде байқалады. 1-2
апта ішінде ондаған мал ауырады. Өлім кқрсеткіші жоғары болып, 80% дейін
жетеді.
Ауру жылдың кез келген мезгілінде кездескенімен,жазғы,күзгі маусымдығы
айқын сезіледі. Көптеген өлкелерде қарсанның ең көп байқалатын уақыты-
күздігүні. Бұл кезде жайылымдғы шөптер қурап,қатайып,тікенектенеді, егін
орылып, аңызға мал жайылады.Тамырлы мал азығын жинап алған жерге мал
жіберіледі. Осының бәрі қоздырушының топырақтан жұғуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қарасан топырақ инфекциялары тобына жатады.
Қарасан кез келген аймақта кездеседі. Аурудың белгілі бір табиғи
ортамен, топырақтың климаттық ерекшеліктерімен тікелей байланысы жоқ.
Дерттенуі. Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға
өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге
тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді.
Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп,
ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады.
Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын
дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл
организмді улайды. Бұдан барып бененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі
ағзалардың, әсіресе бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге
соқтырады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі өте қысқа 1-2 күн, кейде 5 күнге
дейін созылады. Әдетте ауру кенеттен басталады да, жіті осы ауруға тән -
карбункулезді түрде өтеді. Жекелеген жануарларда кәдімгідей емес үзілмелі
түрде өтуі мүмкі. Өте жіті қағынған түрі де байқалады.
Жіті өтуі дененің ыстығы 41-42º С дейін көтерілуімен басталып, бененің
бұлшық еті мол тұстарында (сан ,сауыр, мойын, әуке) , кейде ауызда,
аңқада, тез үлкейетін (8-10 сағатта) ісік пайда болады. Ісік бастапқыда
тығыз, ыстық болады, ауырсынтады, басып көргенде сықырлайды ,тықылдатқанда
(перкуссия) тимпаниялық дыбыс береді. Кейіннен ісік суынып
,сезімталдығы басылыды. Ол жердің терісі қызыл- қоңыр түске енеді.
Маңындағы сөл түйіндері ұлғаяды. Карбункулалар санында, сауырында,
жауырынында болғанда мал ақсайды. Дерт ауызда болғанда тіл сықырлайтын
ісікке шалдығады. Аңқада болған процесті құлақтың түбін басып
көргенде шығатын дыбыс арқылы аңғаруға болады. Тереңде орналасқан
бұлшық еттердің зақымданғаны өлексені сойғанда ғана байқалады.
Инфекциялық процесс өрбігенде жануардың жалпы күйі нашарлайды.
Ауырған мал күйзеліп, жемшөпке қарамайды. Тынысы жиілеп, жүрек ырғағы
бұзылып (минутына 100-120), қан тамыры толымсыз соғады. Өлер алдында
дененің температурасы қалыптан төмендейді. Әдетте ауырған мал 1-2
күнде, кейде 3-10 күнде өледі.
Кейбір жануарларда, әсіресе кәрі малда, ауру кәдімгідей емес
үзілмелі түрде байқалуы мүмкүн. Ондай жағдайда жануардың тәбеті
нашарлап, сәл күйзеліп, кейбір дұлшық еттерін басып көргенде домбығу
біінбесе де ауырсынады. Бұндай жағдайда 3-5 күнде жазылып кетеді.
Аса жіті өтуі біршама сирек, әдетт 3 айлық дұзауларда
кездеседі. Ауру қағынған түрде, дененің қызынуы, қатты күйзеліс арқылы
карбункуласыз байқалады да, 6-12 сағ. ішінде өліммен аяқталады.
Қойда қарасан сиырдағыдай өткенімен, сықырлауық домбығу көбінесе
байқалмайды. Малдың аузынан көбік ағып, тісін шықырлатады, іші
кеуіп, жүнсіз тықыр жерлері қоңыр-сарғылттанып дымданады (қанды тер
шығады ). Ауру өте жіті өтіп, бірнеше (6-24) сағатта, кейде 2-3 күнде
өліммен бітеді.
Паталогиялық – анатомиялық өзгерістер. Егер қарасанға балау тірі
кезінде қойылса, қоздырушыны тараптау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе
газдармен тырсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері
асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді
тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық
иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара – қошқыл
түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара – қошқылданып ұйыйды. Көкірек
және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл – сарғыш түсті, күңгірт сұйық
іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды.
Бауыры ұлғайып, өліеттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері
байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабықтары
әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады.
Ішкі ағзаларындағы өзгерістер үнемі бірдей бола бермейді, ал
кәдімгідей емес түрінде оншама біліне қоймауы да мүмкін.
Балау қою үшін клиникалық – індеттанулық деректерді пайдаланып,
патологоанатомиялық, бактериологиялық , биологиялық зерттеулердің
нәтижелерін негізге алады. Зертханаға эксудат сұйығын, зақымданған бұлшық
ет, бауыр, көкбауыр кесінділерін, жүректегі қанды жібереді. Материалды мал
өлген соң 2-3 сағ. кешіктірмей алу керек. Қажет болған жағдайда 30-40 %
глицеринмен консервілейді.
Зертханада микроскопия жасап, бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.
Зақымданған ағзалардың сусензиясын немесе бір күндік өсіндіні теңіз
тышқандарына жұқтырады. Материалда қарасанның қоздырушысы болса теңіз
тышқаны 18-48 сағ. өледі. Өлексені сойып көргенде ағзаларында ауруға тән
өзгерістер байқалады, ал ағзалардан және бауырдан сүйкеп алынған
жағындыларда жеке және қосарланып жатқан түйіршікті немесе біртұтас боялған
ірі таяқшаларды көруге болады. Осы арқылы жағындыда тізбек түзіп жататын
басқа ауасы бағасыз микробтардан ажыратуға болады.
Ажыратып балау. Қарасанды ең алдымен топалаңның карбункулезді түрінен
және қатерлі домбығудан ажырату керек. Топалаң кезінде карбункула басқанда
сықырламайды. Топалаңның қоздырушысы патматериалдан алынған жағындыда ұшы
шорт кесілген, сыртында қауашағы болады. Организмде спора түзбейді. Қатерлі
домбығу әдетте жарақаттан кейін байқалады. Түпкілікті диагноз тек
бактериологиялық зерттеудің нәтижесінде қойылады.
Емі. Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана
уақылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады.
Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың ӘБкг дозада
бұлшық етке 0,5% новокаин ертіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға
дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн бойы күн сайын 3-5 мгкг мөлшерінде
бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы
антибиотиктің емдік концентрациясы организмде 9 күндей сақталады. Қабынған
етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы,
0,1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі.
Иммунитет. 3 айға дейінгі төл енесінен уыз арқылы алған енжар
иммунитеттің нәтижесінде ауруға шалдықпайды. 4 жастан асқан жануарларда
иммундеуші субинфекцияның әсерімен табиғи иммунитет пайда болады. Ауырып
жазылған малда ұзақ мерзімге иммунитет пайда болады. Қазіргі уақытта
қарасанға қарсы аллюминидің гидратты тотығы қосылған формолвакцина
қолданылады. Онымен сиыр мен қойды егеді. Америка Кұрама Штаттарында
қарасанның этиологиясында Шавонның клостридиясынан басқа Cl.septicum, кей
жағдайда Cl.novyi (оның түрлері: Cl.oedematiens,Cl.gigas,Cl.haemolyt icus)
қатысады деп есептеп,бұл микробтарды вакцнаның құрамына енгізеді. Ресей
Федерациясының ветеринариялық препараттарды бақылау институты авирулентті
214 штамынан тірі вакцина даярлай бастады. Қазақтың ғылыми зерттеу
ветеринария институты қарасан мен топалаңға қарсы ассоциацияланған
вакцинаны сынды. Қарасан мен аусылға қарсы бір мезгілде,вакциналарды
дененің әр жеріне бөлек жіберу арқылы егуге болады.
Дауалау және күресу шаралары. Ауруды болдырмау үшін малды балшықты,
ағынсыз су көздерінен суаруға, сазды жайылымдарға жаюға,топырақпен
былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының
санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды
жарақаттанудан сақтау керек.
Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жсқа дейінгі аралықта,
қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді.
Егер жайылым маусымы ұзақболса 6 айдан соң қайталап егеді. Қарасан жиі
байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді.
Қарасан шыққан шаруашылыққа карантин қойылады. Ауруға бейім
жануарларды, ауырған мал жанасқан жемшөпті басқа шаруашылыққа әкетуге тыйым
салынады. Ауырған және күдікті малдарды оқшаулап, емдейді. Қалғандарын
түгелдей вакцинамен егеді. Ауырған малды лажсыз союға, еті мен сүтін
пайдалануға болмайды. Өлексені терісімен бірге, көң мен жемшөптің қалдығын
жағып, өртейді. Қора-жай мен мал тұратын ауланы механикалық тазалаудан
кейін дезинфекциялайды. Ағымдағы дезинфекцияны әрбір ауру мал бөлінгеннен
кейін 3 қайтара сағат сайын жүргізеді. Оқшаухана күн сайын күйдіргіш
натрий, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әкпен жасалынады. Садыраны 200 литріне
1 кг хорлы әк қосып зарарсыздандырады.
Ауру мал жанасқан жемшөпті жылқыға немесе қарасанға егілген сиырларға
еккеннен кейін 16 күн өткен соң беруге болады.
Карантин соңғы мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін 14 күн өткен соң
қортынды дезинфекциядан кейін алынады.
Қасапханада қарасан байқалған жағдайда ұшаны барлық ағзалары мен
терісін қоса утиль зауытына жібереді немесе өртейді. Қасапхананы, құрал-
жабдықтарды дезинфекциялайды.

2.2. Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою

Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою. Жұқпалы ауру байқалған сәтте
індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі. Індеттанулық
талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу. Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін
жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин – жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу
шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты
қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум
орнатылады. Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық
қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады.
Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте – аусыл, топалаң,
бруцеллез, сиырда – оба, мәлік, қарасан, жылқыда – маңқа, мандам, жұқпалы
анемия, делбе, қойда – шешек, ешкіде – кебенек, т. б. жатады.
Карантиндік шаралар кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты
белгіленеді. Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге, немесе араластыруға тиым
салынады. Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті
әкету тоқтатылып, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге
тиым салынады. Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық
щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді. Кейбір аурулар аусыл,
топалаң кезінде карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ
белгіленеді.
Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып,
ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары – карантиннен гөрі шарттары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарасанның індеттік ерекшеліктері және емі
Қарасан кезіндегі биопрепараттар жайлы
Қарасан кезіндегі биопрепараттар
Қарасан ауруы кезінде қолданылатын биопрепарттар
Қарасанмен ауырған мал еті
Қарасан ауруының анықтамасы, қоздырушысы, індеттік ерекшеліктері, емі, алдын алу шаралары.
Қарасан кезінде қолданылатын биопрепараттар
Қарасан ауруы кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА ПОРТРЕТ ҲӘМ ОНЫҢ ТҮРЛЕРИ
Қарасан мал ауруы
Пәндер