Гонконгтың тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Реферат

Пәні: Ветеринарлық менеджмент

Тақырыбы: « Гонконг».

Орындаған: топ студенті

Тексерген: доцент Х Б. М.

Орал, 2018

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1. Гонконгтың тарихы . . . 4

1. 2. Халқы . . . 4

1. 3. Экономикасы . . . 5

1. 4. Басқару билігі . . . 6

1. 5. Қазақстанмен өзара байланысы . . . 7

ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 7

ІІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 8

Кіріспе

Гонконг қаласы - әлемнің алып қалаларының бірі. Бұл қала батыс пен шығысты байланыстырады. Гонконгта екі ресми тіл бар: ағылшын және қытай тілдері. Алып шаһардан көкке ұмтылған заманауи ғимараттар мен дәстүрлі қытай үлгісімен салынған құрылыс нысандарын кездестіруге болады.

Гонконг 1997 жылдан бері Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы болып келеді. Бұл уақытқа дейін 150 жыл бойы Ұлыбританияның боданында болған. Ішкі экономикасы мен саясатын Гонконгтің өзі жүргізеді, ал сыртқы саясаты мен қорғанысты Қытай қамтамасыз етіп отыр.

Гонконг - әлемдегі ең бай қалалардың бірі. "Әлемнің сегізінші бай қаласы" деп те айтылады. Қаланың жартысы құрлықта, жартысы Лантау мен Гонконг аралдарында орналасқан. Қаланың екі шетіне автобус не таксимен, метромен, пароммен жетуге болады.

Өмір сүру жағдайы басқа Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне қарағанда анағұрлым жоғары болса да, баспана мен тамақ құны арзан емес. Баспана мәселесі бұл аймақта да өзекті болғандықтан, қаржыны ипотекаға салу айтарлықтай қиын іс. Жылжымайтын мүлік бағасы бойынша Гонконг ең қымбат қалалардың тізімінде.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1. Гонконгтың тарихы

Гонконг (немесе Сянган) - Қытайдың арнайы административтік ауданы. Гонконг батысын, оңтүстігін жəне шығысын Оңт. Қытай теңізі шайып жатқан Коулун аралында орналасқан. Солтүстікте Гуандун қытай провинциясының құрамындағы Шэньчжень экономикалық зонасымен шекаралас.

1860 жылы Екінші Опиум соғысында Қытайдың (Цин Империясы) жеңілісінен кейін Пекин келісім шартына сəйкес Коулун түбегінің аумағы жəне Камнерезов аралдары Ұлыбританияның мəңгілік иелігіне өтті. 1898 жылы Ұлыбритания Қытайдан Коулун түбегінің солтүстігіндегі іргелес аумағын жəне Ланьтау аралын 99 жылға жалға алып, «Жаңа аумақтар» деген атауға ие болды.

Гонконгты ҚХР-ға беру уақытын Біріккен қытай-британ декларациясы ұзақ келіссөздерден кейін қол қойылған соң бекітті. Бұл келіссөздер Пекинде 1984 жылы 19 желтоқсанда «сөздер шайқасы» немесе «соғысы» деген атқа ие болды.

1997 жылы Гонконг аймағы ресми түрде ҚХР-ға қайтарылды.

1. 2. Халқы

1990 жылдары Гонконгтағы халық саны тез өсе бастады. 2016 жылғы санақ бойынша 7167403 адамға жетті (2016, шілде) . Гонконг тұрғындарының, шамамен, 95%-ын этникалық қытайлықтар, олардың көбісін кантондықтар жəне қытайлық этникалық топтар ретінде хаккалар мен чаочжоулықтар құрайды. Кантондық диалект - көршілес Қытайдың Гуандун провинциясында таралған қытай тілінің бір түрі, Гонконгтағы негізгі қарым-қатынас тілі болып табылады. Аумақтағы ресми тілдер ретінде қытай жəне ағылшын тілдері саналады. 1996 жылғы халық санағы бойынша Гонконг тұрғындарының 3, 1%-ы ағылшын тілін күнделекті қарым-қатынас тілі ретінде қолданатын болса, 34, 9%-ы екінші тіл ретінде қолданатындығы анықталған. Егемендік алғаннан кейін 1997 жылы құрлықтық Қытайдан иммигранттар ағыны өсе бастады.

Халықтың қалған 5%-ын қытайлық емес этникалық топтар құрайды. Гонконгтың оңтүстік азиялық бөлігі үндістерден, пакістандықтар мен непалдықтардан құралады. Соғыстан қашып келген вьетнамдықтар Гонконгтың тұрақты тұрғындарына айналды. Шамамен, 140 мың филиппиндіктер Гонконгта үй қызметшілері ретінде жұмыс жасайды. Сондай-ақ, үй көмекшілері ретінде қызмет атқаратын индонезиялықтар да кездеседі, жəне де олардың саны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, Гонконгтың коммерциялық жəне қаржы секторында еуропалықтар, америкалықтар, австралиялықтар, канадалықтар, жапондықтар жəне кəрістер қызмет атқарады.

Гонконг - əлемдегі ең халқы тығыз орналасқан елдердің бірі, халық тығыздығы 1 км²-қа 6200-ден астам адам. Осыған қарамастан, Гонконгтың халық саны құрлықтық Қытайдан келетін иммигранттар есебінен жыл сайын өсуде. 2006 жылы Гонконгтағы орташа өмір сүру ұзақтығы 81, 6 жасқа жетті.

Гонконг шекарасында əлемдегі халық саны ең тығыз арал Аплэйчау орналасқан.

2012 жылғы деректерге сүйенсек, тұрғындардың 19, 6% кедейлік шегінде тұрады. Олар үшін əр түрлі əлеуметтік жеңілдіктер бар, алайда бұл жалпы жағдайды жақсартпайды. Негізінен халықтың кедейлік санатына балалы отбасылар мен қарттар жатады. Бүгінгі таңда қалада «кедейлікті жоюдың» айқын бағдарламалары жоқ, алайда мемлекет тарапынан жекелеген шаралар қабылдануда, мысалы, 2011 жылы сағатына 2, 6 долларды құрайтын ең төменгі сағаттық еңбекақы белгіленді. Келесі күрделі əлеуметтік мәселелердің бірі - тұрғын үй алаңының тапшылығы, атап айтқанда, 5 адамға арналған стандартты пəтер аумағы 25-28 шаршы метрді құрайды, ал тұрғын үй бағасы өте жоғары болғандықтан, қала тұрғындарының жартысы əлеуметтік пəтерлерде тұрады. 2014 жылғы мəліметтер бойынша, пəтер сатып алуға қаражаты жоқ жарты миллионға жуық тұрғындар «қорап» секілді аумағы 1-2 м² құрайтын бөлмелерде тұратындығы анықталған, бұл ретте пəтер ақысының жылдам жоғарлауына байланысты олардың саны үнемі өсуде.

1. 3. Экономикасы

Аумақтың экономикасы еркін нарыққа, төмен салық салуға жəне экономикаға мемлекеттің араласпауына негізделген. Гонконг еркін порт болып табылады жəне импортқа кедендік алымдарды алмайды, онда қосымша құн салығы жоқ. Акциздер импорттық немесе жергілікті өндірілуіне қарамастан тауардың тек төрт түрінен алынады. Бұлар - спирттік ішімдіктер, темекі, минералды майлар жəне метил спирті. Гонконг - халықаралық қаржы мен сауданың маңызды орталығы. Жалпы ішкі өнім жəне жалпы қалалық өнімнің көрсеткіштері бойынша Гонконг ҚХР-дағы ең бай қала болып табылады.

Гонконгтың салық салу жүйесі 1947 жылы қабылданған британдық салық саясаты негізінде ағылшын үлгісі бойынша қалыптасты. Гонконгта компанияларды резиденттік жəне резиденттік емес деп бөлу жоқ, оның орнына аумақтық салық салу қағидаты қабылданған. Бұл дегеніміз, Гонконг компанияларына мына жағдайда ғана салық салынады, егер кіріс көзі Гонконгта орналасса немесе табыс алу қызметі Гонконгте жүзеге асырылған жағдайда. Егер компанияның жүргізген қызметі немесе табыс көзі Гонконг аумағында болмаса, оған салық салынбайды. Гонконгта шетелден алынатын немесе шетелге жібірілетін роялти, пайыздар, девидендтер, капитал өсімі үшін салықтар жоқ. Гонконгте жетекші қызмет атқаратын компаниялардың пайдасына салынатын салық мөлшерлемесі 16, 5%-ға өсті.

Британ əкімшілігінің саясатын жалғастыра отырып, Гонконг үкіметі экономиканы басқаруда еркін нарық пен жеке секторға басымдық береді. 1995 жылы Экономикалық еркіндік индексі пайда болған сəттен бастап, Гонконг 13 жыл қатарынан жыл сайын 1-ші орын иеленуде. Сонымен қатар, ол « Əлемдегі экономикалық еркіндік» баяндамасында 1 орын алды.

Гонконг егістікке жарамды жердің жəне табиғи ресурстардың аз ғана бөлігіне ие, сондықтан азық-түлік пен шикізаттың басым бөлігін импорттауға мəжбүр. Гонконг əлемдегі ірі сауда акторларының тізімінде 11-ші орынға ие, оның импорты мен экспортының жалпы құны аумақтың жалпы ішкі өнімінен асып түседі. 2006 жылы Гонконгте 114 елдің консулдықтары жұмыс істей бастады. Гонконг экспортының едəуір бөлігін кері экспорт құрайды, яғни, аумақ шекарасынан тыс жерде құрлықтық Қытайда өндірілген өнім Гонконг арқылы таратылады. Аумақтың автономдық дəрежесі құрлыққа инвестициялар мен ресурстарды бағыттайтын қақпаның рөлін атқаруға мүмкіндік береді.

Гонконг валютасы гонконг доллары болып табылады. 1983 жылдан бастап ол АҚШ долларына байланған (1$=7. 75-7. 85HK$) . Гонконг қор биржасы - əлемдегі көлемі бойынша 7-ші орынға ие, 2007 жылдың ақпан айында оның капитализациясы 1, 69 млрд АҚШ долларын құрады. Əлем бойынша Гонконг үшінші, Азия бойынша бірінші үздік қаржы орталығы болып табылады.

Қазіргі таңда Гонконгтың жалпы ішкі өнімінің 90%-дан астамын қызмет көрсету саласы құрайды. 1990 жылдары Гонконг қаржы орталығы болып танылды, экономикалық өсім 2, 7%-ға баяулады. Экономиканың қарқынды өсуі мен жылдам индустрияландырудың арқасында Гонконг Сингапур, Оңтүстік Корея жəне Тайваньмен бірге «Азия жолбарыстарының» алғашқы төрттігіне енді.

2014 жылғы жағдай бойынша Гонконг бизнесті жүргізу жеңілділігінің əлемдік рейтингінде 3-ші орынға, ал салық жүйелерінің əлемдік рейтингісінде 5-ші орынға ие. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Гонконгта 3 салық түрі бар, олар 17, 6% - пайда салығы, 5, 1% - еңбек салығы, 0, 1% - басқа да салықтар. Жиынтық салық мөлшерлемесі 22, 8%-ды құрайды.

1. 4. Басқару билігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азиядағы жаңа индустриялы елдер экономикасы
Египет пирамидасы
Халықаралық экономикалық байланыстар
Астананың көрікті жерлері
Жеңіл өнеркәсіптің ауыр жүгі
Қаржылық дағдарыс әлемдік экономикалық дағдарыс
Апиын соғыстары мен оның салдары
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Қытайдың барлық мемлекеттермен серіктестігі
Жаһандану дүниежүзілік дамудың шынайы үрдісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz