Бизнес-жоспар АНТИКАФЕ FRIENDS


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Пәні: Ветеринариядағы бизнес жоспарлау және кәсіпкерлік қызмет
Бизнес-жоспар
АНТИКАФЕ - «FRIENDS»
Орындаған: Каримжан а.
Тексерген: а. о. КАс
Орал, 2018
МАЗМҰНЫ
ТУЙІНДЕМЕ . . . 3
1. Жобаның концепциясы . . . 3
2. Өнімнің (қызметтің) сипаты . . . 4
3. Маркетингтік жоспар . . . 5
4. Техникалық жоспарлау . . . 5
5. Кадрларды жоспарлау . . . 7
6. Жобаны жүзеге асыру мерзімі және кезеңдері . . . 8
7. Түсімді болжау . . . 9
8. Жобаның айлық шығын көрсеткіштері . . . 10
9. Маркетингтік стратегия . . . 11
10. Жобаның негізгі тәуекелдері . . . 12
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12
ТУЙІНДЕМЕ
Кафенің жаңа форматы - антикафелер елімізде көптеп ашылып жатқан мәдени демалыс орындары. Мәдени орын деуге себеп - онда дауыс көтеріп сөйлеуге, ішімдік ішуге тыйым салынған. Есесіне адамның интеллектуалды деңгейін көтеретін түрлі ойындар ойнауға болады. Антикафенің тағы бір артықшылығы - өз ақысын жылдам өтейтіндігінде дейді осы кәсіпте жүргендер.
Антикафе иелерін кейде “уақыт саудагерлері” деп те атайтын көрінеді. Тек уақыттың ғана ақысын алады.
Антикафе атауы: «Friends»
Ғимарат: жалпы көлемі - 150 ш. м., қонақтары үшін зал - 90 ш. м. Отыратын орындардың есептелген саны - 50(дивандар мен жекелеген үстелдер) .
Болжамды қонақтар саны: 15-30 адам.
Антикафеге кіру, ақылы - бірінші сағат 1000 тг, екінші сағат үшін минут сайын - 20 тг/мин.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00 дейін, мейрам және демалыс күндері сағат 10:00-ден 00:00 дейін.
Тіркеу формасы: жеке кәсіпкерлік.
1. ЖОБАНЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Антикафеде негізгі үш бөлме болады.
1. Қарым-қатынас бөлмесі. Бұл жерде ойындар ойналады, достармен пікір-талас ұйымдастырып, кеңес өткізуге болады.
2. Ойын және шағын кинотеатр бөлмесі. Бұл бөлмеде ойын-сауық жасау үшін бәрі бар. Play Station, Xbox, кино көруге арналған үлкенірек экран және т. б. Сондай-ақ, музыкалық аппараттар да осы бөлмеде болады.
3. Оқу бөлмесі. Жоба бойынша оқуға арналған Kindle атты планшеттер алынады деп жоспарланған. Бұл жерде кітапхана жасалады. Сонымен бірге, бір шығарманы талқылау мақсатында әдеби кештер жасауға болады. Аталған бөлменің атмосферасы ерекше болары анық.
Мәзір:
- Ыстық және салқын сусындар;
- Кондитерлік тәтті тағамдар, т. б.
Қызметтер:
Негізгі қызметтер:
- Қонақтарға тегін сусындар мен тәтті тағамдар беріледі;
- Келушілерге Play Station, Xbox ойнауға болады;
- Шағын кинотеатрдан кино немесе деректі фильмдер, анимелер көрсетіледі;
- Кафеде үстел үсті ойындары мен ойын автоматтарының үлкен таңдауы бар;
- Оқу бөлмесінде сөрелермен кітаптар, комикстер, мангалар болады. Сонымен қатар, онда бір сөре тегін кітаптармен, яғни, әрбір адам қалағанын алып, орнына таңдау бойынша өзінің кітабын қалдыра алады;
- Қонақтарға тегін вай-фай бар.
Қосымша табыс ретінде келесі қызметтер ұсынылады:
- Қонақтар үшін залды жалға алу: екі сағат - 2 тг, үшінші сағат - 5000 тг.
- Фотограф - 2000 тг.
Бизнестің мақсаттары:
- Аймақтың демалыс орындар нарығында орын табу;
- Кіретін ақша ағымының тұрақты болуын қамтамасыз ету.
Осы жобаны жүзеге асыру бойынша өндірістік бағдарлама бірнеше кезеңге бөлінген.
Инвестиция алдылық: дайындық жұмыстарын атқару, рұқсаттық құжаттар алу, бизнес-жоспарлау және инвестициялық жоба әзірлеу, инвесторлар іздеу.
Инвестициялық: капиталды салымдарды жүзеге асыру, жабдықтар сатып алу және орналастыру, жарнама, қызметтерді бастау.
Инвестиция барысы (пайдалану) : өндірістік қуаттылықты арттыру, нарықтығы орынды нығайту, жобалық қуаттылыққа қол жеткізу, тауарлар мен қызметтерді қолдауға бағытталған жарнамалар.
Жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау, қажетті жабдықтарды сатып алу, жиһаз бен инвентарь сатып алу, рұқсаттаушы құжаттар алу жоспарланып отыр. Антикафе ашу бойынша дайындық жұмыстарын атқару кезеңін аяқтаудың жоспарлық мерзімі - қаржы алғаннан кейін 4 ай.
2. ӨНІМНІҢ (ҚЫЗМЕТТІҢ) СИПАТЫ
Заманауи антикафе бизнесі демалыс пен көңіл көтеру саласы қызметтерін ұйымдастыруға, тіпті туризм саласына да жатады. Антикафеге келу - бұл, әрине тек көңіл көтеру ғана емес, соған қоса басқалармен араласу мүмкіндігі, жаңа таныстар мен достар табу, мәдени мәселелерді талқылау үшін кездесу немесе дем алу.
Сондықтан антикафе бизнесінің жетістіктеріне әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
- Қызмет көрсету деңгейі;
- Интерьер;
- Ойын-сауық бағдарламасы.
Антикафенің негізгі артықшылығы - бұл ерекше дизайн мен атмосфера.
Екінші бір артықшылығы оның орналасқан жері. Қала орталығы қазіргі уақытта дәмханалық және ойын-сауықтық орындармен толып кеткен.
3. МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАР
Қазақстандағы тұңғыш антикафе 2012 жылдың 30 шілдесінде Қарағанды қаласында “Абажур” деген атпен ашылды. Бұл жерде интернет пен шәйдан бөлек, ағылшын тілі сабақтары, “Мафия” ойынының кеші секілді қызықты бағдарламалар болды. Алғашқы антикафеден соң Астана, Алматы, Павлодар қалаларында ашыла бастады. Бүгінде республиканың 14 аймағының орталықтарында да аталған орындар бар.
Бәсекелестерге талдау.
Дайындалып отырған антикафе орналасатын аумақта қазіргі уақытта бәсекелестер жоқ.
Мақсаттық тұтынушылар.
Аудиторияның әлеуметтік-демографиялық келбеті:
- Қала тұрғындары (50% бастап) ;
- Саяхатшылар және қала қонақтары;
- Студенттер;
- Жастар;
- Жасөспірімдер;
- Балалы отбасылар;
Жасы:
- 15-25 жас аралығы
Ай сайынғы табыс: 100 000 теңгеден бастап
Бәсекелестік артықшылықтар:
- Кафенің жаңа форматы: аумақтағы бірінші антикафе болғандықтан қала тұрғындарын қызықтыратыны анық;
- Ерекше дизайн мен интерьер: достарыңмен, отбасыңмен интелектуалды ойындар ойнап, мәдени демалуға таптырмайтын орын;
- Орналасқан жері: өтімділік деңгейінің жоғарылығы (тас жол), қаланың кез-келген жерінен келу жолдарының болуы, жақын маңайда бәсекелестіктердің болмауы, тұрғын және коммерциялық ғимараттардың маңайда көп болуы.
4. ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
Шағын антикафе аумағы 150 ш. м. Алаңның үлкен бөлігін қонақтар үшін ойын-сауық залы алады. Алаң техникалық нормаларға сәйкес келуге тиіс: міндетті дәретхана, ас үй мен қонақтар үшін бөлме және қосалқы шығу есіктері көзделуі керек.
Нормаларда реттелген, бұл кафеде міндетті түрде мынадай жекелеген аймақтар жоспарлануы тиіс:
- Қонақтар үшін зал (60% жалпы алаңы) ;
- Қоймалық сақтауға арналған бөлме (3%) ;
- Асхана аймағы (20%) ;
- Администратор кабинеті (3%) ;
- Дәретхана (10%) ;
- Қызметшілер үшін бөлме (4%) .
Асхана мен қонақтарға арналған залды жабдықтау мыналарды қамтиды:
1-кесте. Асхана мен қонақтарға арналған залды жабдықтау тізімі
Өндрушіге байланысты тек қана баға емес, сонымен қатар техниканың сапасы да өзгеше болады.
Айналымдық құралдарға инвестиция.
Айналымдық капиталға инвестиция жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін, өнімдер сатып алу үшін және инвестициялық фаза кезеңінде бастапқы шығындарды жабуға және антикафенің алғашқы жұмыс айында болатын шығындарды жабуға жұмсалатын болады. Төменде айналымдық капиталға жұмсалатын инвестицияның құрамы берілген.
Негізгі инвестициялар мыналарды қамтиды:
2-кесте. Айналымдық капиталға инвестиция
Айналымдық капиталға инвестиция сатып алынатын заттар құны, дизайны, интерьер дизайны, дизайн күрделілігіне қарай өзгереді. Сондай-ақ, баға елдегі инфляция деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін. Орта есеппен алғанда, бизнес-жобаға инвестиция көлемі кемінде 1176 млн. тенге керек.
5. КАДРЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Күнделікті кафе жұмысы үшін екі ауысым еңбек етеді. Әр ауысымда келесі құрам жұмыс істейді :
- Басқарушы (1 адам) .
- Администратор (1 адам) .
- Асханалық қызметкер (1 адам) .
- Ыдыс жуушы (1 адам) .
- Даяшы (2 адам) .
- Еден жуушы (1 адам) .
Басқарушы антикафенің барлық қызметкерлерін өз бақылауына алады. Ол болмаған жағдайда оның міндеттерін администратор атқарады. Бір даяшы қонақтарға қызмет көрсетеді, екіншісі қонақтарды күтіп алады. Тазалау жұмыстары қонақ залда әрбір 2 сағат сайын жүргізіледі. Қызметкерлерге ай сайынғы шығындар 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте. Қызметкерлерге ай сайынғы шығындар
Жыл соңында қызметкерлерді 13-ші жалақымен ынталандырады, яғни, жақсы қызметкерлерге сыйақы беріледі. Әрбір қызметкермен келісім-шарт жасалады, онда екі тараптың құқықтары мен міндеттері қарастырылады.
6. ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ
Антикафенің ашылу уақыты 1 сәуір мен 3 тамыз аралығына жоспарланып отыр. Осы уақыт ішінде келесі жұмыстар орындалады:
4-кесте. Жобаны жүзеге асыру кезеңдері
Әрбір кезең жұмыстары жоспарға сәйкес орындалады. Кестеден қалыс қалу кафенің ашылу уақытын кешіктіруге әкеп соқтырады. Сол себепті құрылыс бригадасымен келісім шарт жасалу керек.
7. ТҮСІМДІ БОЛЖАУ
Егер де қалада антикафе бәсекелестері болмаса, табыс әкелетін жарнама жобасы тез басталады. Табыс келесі сегменттерден құралады:
- Кафеге кіру және кафеде болу уақыты - 60 %.
- Ойын автоматтары(жетондар) - 20 %.
- Кафені жалға беру- 20 % .
Графикте көрсетілгендей антикафе орташа табысын 6 айға бөліп қарастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz