ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Орыс философиясы

Орындаған: Иматіллаева Э.С.
Тобы: ГК-707
Тексерген:Кенжебулатова А.М.

Семей 2018ж
Орыс философиясы
1. ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы4. на жалпы сипаттама.
2. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
3. В.В.Соловьевтың орыс идеясы.
4. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі -- Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала-сында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.
Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі -- православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, идеалға деген сенім өмір сүрді. Үнемі идеал жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал -- шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен орыс жанының (загадочная русская душа) жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі -- философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға Философский пароход деген атпен енді. Бұл еріксіз саяхатшылардың қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші багыт -- біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі -- адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік -- жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор -- Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе -- адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі -- Исповедь (Жан сыры немесе Тәубе, еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам зат
тарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы Не үшін өмір сүрдім? деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдай-
ын жазушы оте дәл суреттейді: ...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ
Орыс философиясы туралы мағлұмат
Орыс және Қазақ философиясының орталық идеялары
ХХ ғасырдың басында капитализм
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Орыстың діни философиясының ерекшелігі
Ресей жоғары оқу орындарында оқыған қазақтар, олардың қоғамдық-саяси қызметі (хіх ғ. аяғы – хх ғ. 20-30жж.)
Достоевскийдің философиялық көзқарасы
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі
Пәндер