Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

КІРІСПЕ 3-5

1 Оқушылардың шығармашылық қабілетінің теориялық мӘселелері.

1. 1Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруінің философиялық, психологиялық, педагогикалық

негіздері 6-22

1. 2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруде дамыта оқытудың рөлі22-34

2 Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдары

2. 1 Озық педагогикалық технологиялардың оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы әсері . . . 34-38

2. 2 Педагогикалық технологиялардың түрлері. . 38-43

2. 3 Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары. . 44-48

2. 4 Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар. 48-52

3 Эксперимент түрлері

3. 1 И. П. Волковтың шығармашылық қабілетін анықтау әдістемесі53-55

3. 2 Шығарма жазғызу арқылы шығармашылық қабілеттерін жетілдіру55-56

3. 3 Эксперименттер нәтижелері. 57-60

Қорытынды 61-62

Қолданылған әдебиеттер . . 63-66

Қосымша

КІРІСПЕ

Ғылым мен техниканың жылдан - жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын -мектептерде де өз әсерін тигізуде.

Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделіп, егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық көзқарастарын, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби біліктілікті талап етеді.

Еліміздің ертеңі - жастардың білім тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті, шығармашыл ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыны меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы.

Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Ізденіс - адам бойындағы қабілеттерін дамытып, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің бүгінгі жайы, даму бағыттары, келешек көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.

Қоғам дарынды балаларға қажеттігін қанағаттандыру, оқыту, білім беру, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. Шығармашылық тұлғаның негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. “Бұлақ көрсең, көзін аш” деген халқымыз. Бастауыштағы білім - білім берудің алғашқы бастауы, қиын да жауапты іс.

Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамытады, яғни оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері - жалпы және жеке адамның шығармашылығы болып табылады. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетін де сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық санада таңғажайып табыстарға қол жеткізді. Ал, бүгінгі күрделі әлеуметтік - экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема. Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек қана шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Бұл мәселені шешуде алғашқы сатылардың бірі - бастауыш мектепте ерекше орын алып отыр.

Сондықтан да бұл диплом жұмысының өзекті мәселесі оқуға ынтасы төмен оқушыларды жан-жақты дамыта оқыта отырып, шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруде дамыта оқытудың рөлін көрсету.

Міндеті: 1. оқушылардың шығармашылық қабілетінің теориялық мәселесін анықтау.

2. оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруде дамыта оқытудың рөлін көрсету.

3. оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудегі дамыта оқытудың үрдісі.

Зерттеу пәні: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде дамыта оқытудың рөлі.

Зерттеу болжамы: Егер төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін тексеруге арналған арнайы әдістемелер арқылы тексеріп, нәтижесі төмен оқушылармен ойын, тренинг-сабақтар, тақырыпты талдау жұмыстары жүргізілсе, оқушы сабақ материалын түсініп, пәнге деген қызығушылығы артып, дүниетанымы молайып, шығармашылық қабілеті сөзсіз арта түсер еді.

Зерттеу әдістері: И. П. Волковтың шығармашылық қабілетін анықтау әдістемесі, шығармашылық қабілетті жетілдіру үшін шығарма жазғызу, тренинг - сабақ, ойындар.

Зерттеу базасы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы №18 орта мектеп 4-ші сынып

1 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің

теориялық мәселелері

  1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруінің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ерте зерттеліп келеді. Шығармашылық - әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болған. Шығармашылыққа байланысты негізгі мақсат - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа тұлға, рухани сап қалыптастыру мен дамытуда шешімдер іздестіру болып табылады.

Сабақтың шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді.

Шығармашылық туралы жазған ойлар, тұжырымдар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден - ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Көрнекті педагогтар К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. С. Макаренканың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт - бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. (1923ж) [1. 48-55 б]

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. С. Выготский, С. ЛРубинштейн, А. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, Б. М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М. М. Мұқанов, Ж. Ж. Әбділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз. Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш. А. Амонашвили, И. Б. Волков, О. С. Газман еңбектерінде де қарастырылады. [2. 62-74 б]

Өз Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы - оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем - шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.

[3. 32-36 б]

Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен “қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.

Философияда “қабілеттерді” тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

“Қабілет” ұғымына берілген психологиялық анықтамалар көп. “Қабілет” деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.

Қабілет - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері”.

Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.

Қабілет - мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Қабілет - әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады.

Қабілет мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып келеді.

Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Біріншілер - қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді.

Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытуындағы шығармашылық рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің іс-әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта қарастырылатын болды. Б. М. Теплов және оның шәкірттерінің еңбектерінде қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар аударған. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілген тек табиғи алғы шарттар, яғни нышандар деп қорытындылайды. Нышан дегеніміз - адамдар арасындағы даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

[4. 22-27 б] Қабілеттер жайлы ой пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б. Г. Ананьев қабілеттер тек білім, біліктілік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, сапалылық, шығармашылық деген пікір айтады. Сондай-ақ таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Жоғарыда аталып өткен нақты қабілеттер жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде, В. А. Крутецкийдің математикалық қабілеттерге байланысты жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн. Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады, және басқа да зертеушілер сияқты қабілеттер әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген пікірді қуаттайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда есте сақтау қасиеттерінің мәні жөнінде А. В. Петровский айтқан. [5. 62-64 б]

Бейнелеу өнеріне деген қабілет жайлы зерттеу жүргізген В. И. Кирянко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген қабілет тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да әрекетте дамитындығын дәлелдейді.

Психологиялық қабілеттерді арнайы зерттеген Н. В. Кузьмина, оның құрамының үш түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір - бірімен байланысын ашып көрсетеді. Олар: тірек қасиеттер - суретші қолының сенсорлық сапалары, бейнелік ес жатады. Жетекші қасиеттер - көркем шығармашылық қиялдау жатады. Эмоциялық қатынас - белгілі бір қабылданатын құбылысқа қажетті фон міндетін атқарады. [6. 45-49 б]

Қабілет жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын байқауға болады. Аталған еңбектердің әрқайсысы қабілет мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.

Қабілет проблемасы - оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Қабілет туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында қалыптасып, дамып отырады. «Әркім өзінің өмірін саналы түрде құруы үшін, өзінің қабілетін дұрыс бағалай білуі керек . . . Ешнәрсеге ебі, ыңғайы жоқ қабілетсіз адам болмайды» деген Б. М. Теплов. Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Қабілет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады. Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. “Бейімділік - адамның әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі” деп жазады академик Т. Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады. “Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде тіпті бірінен - бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен, бейімділік - ұмтылу, ал қабілет - мүмкіндіктер” деген пікір айтады көрнекті психолог Н. С. Лейтес. Баланың бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына, ақыл-ойының өсуіне жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдерінде кішкентай бала бойындағы бейімділікті көру, болжай білу қасиетінің болуы, оны әрі қарай дамыту жауапкершілігінің болғаны дұрыс деп есептейді. Қабілет мәселесін қарастырғанда «талант», «дарын» деген терминдерден айналып кетуге болмайды. Көптеген зерттеушілер мен психологтар “таланттылық” деп белгілі бір салада (өнер, музыка т. б. ) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Талант - бір әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, өнерде т. б. әрекеттерде көрініп, дамиды. Мысалға келтіретін болсақ қазақтың аса талантты, дарынды күйші Дина Нүрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ бастаған, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, қателеспей дәл орындай алған. [7. 23-28 б]

Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А. М. Горький «талантты өсіретін нәрсе - істі сүю». Францияның ағарту ісінің өкілі К. А. Гельвецкий адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Осы пікірді қуаттайтын ХІХ ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшін өз ұлын өзі дайындаған жүйесі бойынша тәрбиеледі. Нәтижеде әкесінің атымен аталған кішкентай Карл тоғыз жасында Лейпцинг университетіне түсіп, бір жылда толық курсын бітіреді. Он үш жасында философия докторы деген атақ алып, он сегіз жасында Гейдельберг университетінің профессоры, жиырма үш жасында Берслау университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. [8. 45-47 б]

Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенің адамның ішкі мүмкіндіктерін ашудағы күшті құрал екендігін көрсеткенімен, Карлдың мұндай таңғажайып жетістіктерін оның табиғи талантының болуының мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймыз.

К. А. Гельвецкийдің көзқарастарын қолдайтындар да кездеседі.

Мысалы, жаңашыл педагог И. П. Волков « . . . егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талантты қалыптастыру да кез келген мамандықты дайындау сияқты . . . » - дейді. [9. 58-63 б]

“Дарындылық” ұғымына берілген анықтамаға жоғары ақыл - ой қызметімен ерекшеленетін адамдар қасиетін жатқызады. Кейбіреулер дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүр. Таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәржесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың бәрі бірдей таланты болмауы мүмкін. Дарындылықты дамытса шығармашылыққа айналады.

Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылады. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Мысалға келтіретін болсақ, кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі. 7 жасар Моцарт 4 соната жазған.

Не бары отыз жыл өмір сүрген Шоқан Уалиханов аз ғана ғұмырының ішінде адамзаттық ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тіл, этнография, география) баға жетпес көп үлес қосты, өзін жоғары биіктен көрсете білді. [10. 58-62 б]

К. К. Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның ерекшеліктерімен байланыстыра қарастырады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы, шығармашылық қабілет компоненттерінің бірі болса, онда “тұлға” немесе «жеке тұлға» ұғымының мәнін түсініп алу қажет. “Тұлға” латын тілінен аударғанда - «persona», деген мағынаны білдіреді.

«“Тұлға” - қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның психикасында болатын жаңа сапа», - деп жазды А. Н. Леонтьев. Ал, Э. В. Илбенковтың айтуынша, “тұлғалар” қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс енгізе алатын адамдар. [11. 33-37 б]

Г. М. Қоджасынрова “Тұлғаға” мынандай анықтама береді. “Өзгелер арасында өзінің позициясын еркін және жауапкершілікпен анықтап алатын және ұстана алатын адам”. Жеке тұлға дегеніміз белгілі бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі бар, білімі, икемдігі, дүниетанымы, талғамы, мұраты, бағыт-бағдары бар адам.

“Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен сапалы іс-әрекетті жүзеге асырушы нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі”, - деген анықтама береді академик Т. Тәжібаев. [12. 42-46 б]

Барлық ғалымдар адамның мұндай күйге бірден келмейтінін, тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. “Тұлға болып қалыптасу - баланың жартылысынан бастап, қоршаған орта, басқа да әр түрлі әлеуметтік факторларға байланысты дамитын күрделі процесс», - деп жазады психология ғылымының докторы В. Э. Чудновский. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиетін тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.

Біріншіден - адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсының әр пәнге және әр деңгейде болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттері де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілеті басым балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

Екіншіден - адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы ғалымдар, керісінше адам бойында әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдейді. Б. М. Теплов ақындықпен қатар музыкаға, суретке қабілеті бар А. С. Грибадовты мысал ретінде келтірсе, ұлы Абай, Шоқан, Шәкәрім сынды ғұламаларымыздың қалдырған мол мұралары да осының айғағы дегіміз келеді. [13. 52-57 б]

Халқымыздың “жігітке жеті өнер де аз ”, “сегіз қырлы, бір сырлы” - деп айтылатын нақыл сөздері адам табиғатының шексіз мүмкіндіктерін көрсетсе керек.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

  1. Репродуктивті - білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде оны жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді.
  2. Шығармашылық - жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

Репродуктивті әрекетте шығарманың элементі болады, ал шығармашылық әрекетке репропродуктивтік енеді, мұнсыз шығарма болмайды.

“Шығармашылық” сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару”, “ойлап табу” дегенді білдіреді. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “ . . . шығармашылық қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет” - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский “шығармашылық” деп жаңалық әрекетін атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны “даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары “шығармашылық”, “жаңалық” сөздерімен қатар “бастама, белсенділік” ұғымдары астарласа қолданылып жүр. [14. 89-95 б]

Оқушылардың шығармашылығын дамыту мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Мұғалім өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтар оқушыларды шығармашылыққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылып өтілуі тиіс. Мұғалімнің сабаққа дайындығы шығармашылық сипатта болып, жалаң сөзді әдеттерінен арылуы, технологиялық құралдарды басым пайдаланып, педагогикалық-психологиялық есептерді, ситуацияларды шештіру, проблемалық сабақтарды өткізу, әдебиеттерді шығармашылықпен қолдану - өмір талабы.

Оқушының бойында шығармашылықты тудыру үшін:

  • оқушының ой жүйесі өзінің біліміне берік болуы тиіс;
  • оқушыда сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы тиіс;
  • оқушы білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны жөн;

Қорыта айтқанда оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білімге деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен күнге дами түсуі қажет.

Шығармашылық қабілеті бар кез келген баланы одан әрі тереңдете дамытуға болады. Ол үшін осы жағдайлар болу керек:

Бірінші жағдай - баланың өз еркімен шұғылдануы. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге орайластыра жүргізгені дұрыс. Екінші жағдай - терең ықыласты еңбек. Оқушы қабілетінің дамуы еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Математика пәні мұғалімі
2-сыныпта қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Бірінші сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz