Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі


Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - жеткіншектерді адамгершілікке, қазақстандық патриотизм мен Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Адамгершілікке тәрбиелеудің проблемаларының өзектілігіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Қазақстан Республикасының адамгершілікке тәрбиелеудің білім беру тұжырымдамасы» сияқты ресми құжаттар дәлел бола алады [1; 2; 3] .
Мектеп оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі И. С. Марьенко, Н. И. Болдырев, О. С. Богуанова, Н. И. Монахов, Р. М. Толеубекова, Н. Е. Щуркова, Е. Д. Бондаревская және т. б. ғалымдардың ғылыми ізденістерінде зерттеу объектісі болған [4; 5; 6; 7; 8; 9; 10] .
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Ахмет Йүгенеки, т. б шығармаларынан адамгершілікке тәрбиелеу, адамның адамгершілікке бейнесі кең орын алған [11; 12; 13; 14; 15] . Халық педагогикасы дәстүрлері негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу Ж. С. Хасанова, Ғ. А. Урунбасарова, А. С. Магауова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған [16; 17; 18] .
Сондықтан халық шығармашылығының тәрбие құралдарына, соның ішінде түркі ғұламаларының, ақын-жырауларының,
ағартушы-демократтарының, қазақ зиялыларының шығармашылығына баса назар аудару республиканың жариялау процесіндегі нық қадамын қуаттау талаптарына сай келетінін, мектептегі тәрбие жұмысын демократияландырып, ізгілендіруді тереңдете түсуге ықпал ететінін негізге алған абзал.
Музыкалық білім мен тәрбие адамгершілік қасиеттер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу ісін жүзеге асыру мектеп жағдайында әлі де болса қанағаттанарлық болмай келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Мәдени дәстүр қашанда әлеуметтік қайта түлеудің көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине, оң процесс . . . Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті, дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген сөзі жас ұрпаққа адамгершілікке тәрбиелеу ісіне негіз бола алатындығы анық. Олай болса, халықтың тарихи даму жолында жинақтаған адамгершілікке тәрбиелеудегі мәдени тәжірибесін жас ұрпаққа адамгершілікке тәрбиелеудің тірегіне айналдыруымыз қажет [19] .
Жас ұрпаққа адамгершілікке тәрбиелеудің әдіснамалық, теориялық проблемасының зерттелуіне Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Наурызбай, А. А. Қалыбекова, К. Ж. Қожахметова, Қ. Бөлеев, Т. М. Алсатов., Р. Қ. Дүйсембінова және т. б. ғалымдар көп үлес қосып, тәлім-тәрбиедегі мән-маңызының жоғары екендігін анықтап берді [20-28] .
Президенттің халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және адамгершілікке тәрбиелеуні жүзеге асырудың перспективасы десек, онда “Білім туралы” заңда білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Ұлттық мектептің қажеттігі қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблемаларды: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, “қиын” балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл және қыз балалар тағы басқаларды бірте бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде адамгершілікке тәрбиелеу алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өскендігінде.
Тұтастай алғанда, жоғарыда қарастырылған зерттеулердің бағыттарына және білім беру жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жинақталған практикалық тәжірибеге қарамастан, музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің әлі де болса шешімі табылмағандығына көз жеткіземіз. музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды балаларға адамгершілікке тәрбиелеуді жастайынан қолға алудың әлеуметтік мәні зор. Сондықтан бүкіл халық, қоғамның барлық әлеуметтік салалары, соның ішінде музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде ұйымдар адамгершілікке тәрбиелеуді жүзеге асырудан сырт қалмауы тиіс.
Сонымен, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің білім мен тәрбие беру бағытында орындалған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің қажеттігі мен музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде адамгершілікке тәрбиелеудің тәлім-тәрбиелеудегі қызметінің жан - жақты жүзеге асырылмауы және музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларға, қосымша білім беретін педагогтерге арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама-қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады. Бұл қайшылықтардың шешімін іздеу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Халық дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары » деп таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің нысаны : музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды тәрбиелеу жүйесі.
Зерттеу пәні: музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеудің болжамы: егер музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тәрбиелеу жұмысының мазмұнын ұлттық педагогикалық тәжірибемен толықтырылып, жетілдірілсе, тиімді жұмыс формалары мен әдістері қолданылса, музыкалық білім мен тәрбие беру процесіндеұйымдардың іс-әрекеті қоғамдық әлеуметтік-мәдени орталықтармен біріккен ынтымақтастықта жүзеге асырылса, онда бұл оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге ықпалын тигізеді және оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Зерттеудің мақсаты : музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды теориялық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- «адамгершілікке тәрбиелеу» ұғымының мәнін айқындау;
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің құрылымдық-қызметтік ерекшеліктерін анықтау;
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің оқу- әдістемелік жүйесінің моделін жасау;
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара қатынасы, диалектикалық бірлігі туралы таным теориясы, жеке тұлғаның іс-әрекет теориясы, адамгершілікке тәрбиелеудің білім мен тәрбие теориясы, халықтық педагогика құралдарын пайдаланудың мәнін анықтайтын тұжырымдамалар, Үкіметтің музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын жетілдіру, реттеу мәселесіне байланысты құжаттары.
Зерттеу көздері: философия, психология, педагогика ғылымдары саласындағы қоршаған орта туралы еңбектер; Қазақстан Республикасының ресми құжаттары: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің « музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде ұйымдар туралы ережесі» және т. б. қаулы-қарарлары, баяндамалар; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі; халық педагогикасындағы адам, табиғат, қоршаған орта жөніндегі ой-пікірлер.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасына қатысты ресми құжаттарға, ғылыми - адамгершілікке тәрбиелеудің, психологиялық - педагогикалық, философиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудітін қалыптастыруға бағытталған халық шығармашылығын пайдалану тәжірибесін және оқу бағдарламаларын, озық тәжірибелерді талдау; бақылау, сауалнама, тест жүргізу, педагогикалық эксперимент барысында алынған нәтижелерді өңдеу.
Зерттеу базасы: тәжірибелі-эксперимент жұмысы облысы, қаласындағы №??? орта мектеп. Тәжірибелі экспериментке оқушысы қатынасты.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
І кезеңде зерттеу міндеттері бойынша ғылыми әдебиеттерге, Қазақстан Республикасының ресми құжаттарына талдау жасалады. музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің, ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздері анықталады.
ІІ кезеңде зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталған музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің оқу-әдістемелік жүйесі жасалады; музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіледі, зерттеу барысында алынған нәтижелер жүйеге келтіріліп, өңдеуден өткізіліді, тұжырымдар мен практикалық ұсыныстар жасалады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалады;
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді, қызметі анықталады;
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің моделі жасалады және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттары анықталады;
- музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің әдістемесі жасалды және эксперимент жүзінде тексерістен өткізіледі.
Зерттеудің практикалық мәні: музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге жәрдемдесетін әдістемелік жүйе дайындалатындығымен, «Жас өркен» адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы үйірме жұмысының бағдарламасы және оған лайықталған әдістемелік нұсқаулар жасалатындығымен айқындалады.
Дипломның құрылымы. Зерттеу жұмысы кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспеде зерттеудiң өзектiлiгi, мақсаты мен мiндеттерi, зерттеу объектісі мен пәнi, болжам, жетекші идея, практикалық мәндiлiгi, зерттеу кезеңдері, ғылыми жаңалығы, қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылып сипатталады.
«Халық дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері» атты бiрiншi бөлімде музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мәселелер бойынша зерттеу жүргiзген ғалымдардың теориялық еңбектерiне талдау жасалып, тәуелсiз Қазақстандағы музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге негізделген моделі мен оны іске асырудың педагогикалық шарттары айқындалады. Анықталған педагогикалық шарттарға негізделе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарын кешенді қолданудың жолдарын іздестіру мәселелері зерделенеді. Тәрбие теориясына байланысты ағартушылар мен ғалымдар пікірлері салыстырмалы тұрғыда сарапталынып, ондағы құнды пікірлер мен тәжірибелерге терең назар аудару мәселелері баяндалады.
«Қазақ салт дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері» атты екiншi бөлімде музыкалық білім мен тәрбие беру процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша ұлттық тәлiм-тәрбие құндылықтарын пайдалану мақсатында негiзгi мiндеттер сипатталады. Тәрбие моделі негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу идеясын жүзеге асыруда адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын іске асырудың нақты жолдары көрсетіледі.
Қорытынды бөлiмiнде тарихи-педагогикалық теориялық тәжiрибелер мен практикалық нәтижелер және ғылыми-эксперименттiк көрсеткiштерге негiзделген ұсыныстар мен тұжырымдар баяндалды.
1 ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің психологиялық -педагогикалық негіздері
Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.
Адамгершілік - адамның қоғамдық өмірінің негізі. Адамгершілік білімі - қоғамдық білімдердің басты және бастапқы бөлігі, оның базасы болып табылады. Қоғамдық білімдерге жататын саяси, құқықтық, эстетикалық, философиялық, діни білімдердің барлығы да адамгершілік білімдерге, яғни кез келген саясат, эстетикалық идеал, құқықтық нормалар, діни наным-сенімдер адамдарда және қоғамда қалыптасқан адамгершілік идеяларға, нұсқамаларға, мақсаттарға тәуелді және онымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені адамгершілік білімі адамдардың дүниетанымын, олардың қызметін және мінез-құлқын, істері мен әрекеттерін анықтайды. Сондықтан да көрнекті педагогтар адамгершілік білімін «білім берудің алтын қазығы» деп бекер айтпаған.
Адамгершілік - адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам - өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды - мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды, мейірімді жан - өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Мұны адамгершілік туралы айтылған мақал-мәтелдерден байқауға болады.
Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақ ниетіңе тойғыз.
Су бермегенге, сүт бер,
Ақ ниетіңді білсін.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Кішіпейілділік - кісінің көркі.
Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар ұят керек әр уақытта.
Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет ойлап қой.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Өз қадірің - өз байлығың.
Ары таза, нар жүгін көтереді.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл - сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа . . . » «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі.
Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.
Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді [29, 58] . Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени - ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс [30] .
Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы - балаға үлкен сабақ.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
Рухани - адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады [31] .
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата - аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым - қатынастарынан көрінеді.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін - өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Біздің № орта мектебінде «Өзін - өзі тану» пәні өз мәнінде берілуде. «Өзін - өзі тану» пәнінің арнайы жабдықталған пән кабинеті бар. Ата - аналарды, мектеп ұжымын қатыстыра отырып, «Өзін - өзі тану» кабинеті талапқа сай жабдықталды. Мұнда бағдарламаның негізгі авторы - С. А. Назарбаеваның аналық жүрегінен шыққан жылы сөзі, «Өзін - өзі тану» пәнінің оқытатын негізгі құндылықтары айқын және әдемі етіп жазылған. Оқушылардың сабақ үстінде өздерін еркін ұстауларына, демалуларына да жағдайлар жасалған. Осы аз ғана уақыттан бастап, біздер өз тәжірибемізді жинақтаудамыз. Жұмыс барысында арнайы дайындалған әдістемелік құрал - жабдықтарға жаңаша көзқараспен қарап, саралап, өз жетістігімізді қосып жұмыс жүргізудеміз.
Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым - қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез - келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін - өзі тану» пәні зор ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, «Өзін - өзі тану» пәні баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Рухани - адамгершілік білім беру - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz