Оқушыларды табиғатты ойша және елестете отырып бейнелеуге үйрету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : «Оқушыларды табиғатты ойша және елестете отырып бейнелеуге үйрету» Пейзаж

Жоспар

Кіріспе . . . 4

1. ТАРАУ. Кескіндеме жайында қысқаша тарихы

  1. Кескіндеме туралы мәлімет және табиғатты бейнелеу жанры . . . 8

1. 2 Қазақстандағы кескіндеменің дамуы, қазақстан пейзажистері . . . 12

1. 3 Майлы бояумен жұмыс істеуге арналған аспаптар . . . 16

2. ТАРАУ. Оқушыларға кеңістікті үйрету әдісі.

2. 1 Оқушыларға бейнелеу өнерін оқытудың тиімділігі . . . 18

2. 2 Оқушыларға табиғатты бейнелеуге үйретудің негізгі мен мазмұны,

іскерлік пен дағдыны қалыптастыру . . . 24

2. 3 Заман талабына сәйкес сурет сабағын өткізу, табиғатты

бейнелеуге арналған методикалық сипаттама . . . 28

2. 4 Кеңістіктің формалары мен түрлерін түсіндіруге арналған көрнекі құралдар . . . 31

2. 5 Кеңістіктің формалары мен түрлерін түсіндіруге арналған көрнекі құралдар. Табиғатты бейнелеуде нұсқадан жұмыс істеу әдісі . . . 35 2. 6 Табиғатты бейнелеуде нұсқадан жұмыс істеу әдісі . . . 49

Қорытынды . . . 58

Әдебиеттер тізімі . . . 60

Қосымша . . . 62

Кіріспе.

Көкейкестілік: Қазақстан Республикасының Білім заңында және Білім беру тұжырымдамасында келешек қоғам мүшесі, болашақта оның белсенді қайраткері болатын ұрпақпен, олардың білім алып, дамуымен айналысатын мамандарды білімді де, парасатты, шебер де, іскер етіп даярлауға баса көңіл бөлу керектігі атап айтылған.

Кез келген тарихи кезенде, қоғам дамуында еліміздің болашағы, жас ұрпақ тәрбиесі, білім беру жуйесі шет қалған емес.

Бүгінгі танда білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері мемлекетіміз әлемнін барлық түкпірімен рухани - мәдени байланыстар жасап, тыным көкжиегіміз кеңейе түсті.

Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнелеген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды. Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілері аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.

Өнер -өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы және тылсым дүние.

Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан -жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік зандарын жақсы түсіну шарт. Карл Маркс: «Егер сен өнердең шын ләззат аламын десең, көркемдіктен тағлым алған адам болуын керек », дейді. Өнер адам тұлғасына, оңың дамуы мен қалыптасуына зор гуманитарлық әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға, табиғатқа, қоғамға деген сезімі, қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындайды. Өнер адамзат баласының дүние- танымын, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін оятып, адамның жан дүниесін рухани байытады. Өнердің адамға моральдық, яғни адамгершілік құндылықтарды беруде де ролі зор. Өнер шығармалары - бұл адам өмірі мен олардың сезімінің ең толық та нақты тарихы. [7 б. 1 ]

Мәселе: Бүгінгі күні мектептің алдына қойған өзекті мәселелері: "Оқушылардың жеке тұлға ретіндегі эстетикалық мәдениетінің психологиялық - педагогикалық жағдайын қалыптастыру, қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес тәрбие және білім беру, басқару деңгейін жаңа сатыға көтеру, мектепте педагогикалық менеджмент теориясын жүзеге асыру, эстетикалық бағыттағы жан-жақты жоспарланған жұмыстарды жүргізу, бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдірудің ғылыми, әдістемелік жолдарын табу, мектеп ұстаздарын ғылыми-ізденіс жұмысқа бейімдеу, оқушылардың шығармашылық туындыларын жариялауға қолдау жасаудың бағыттарын жетілдіру.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өсіп келе жатқан жеткіншек

ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қабілетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушысы болуына да зор мән беріліп жатыр.

Әсіресе оқушылардың өз елінің, халқының соның ішінде өзі мекен ететін аймақтың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне деген сезімдік-эстетикалық қарым-қатынасын бейнелеу өнерін оқыту арқылы қалыптастыру жылдағы Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауларында ерекше мән беріліп келеді. Демек, бұл білім беру саласына қойып отырған тапсырма деп түсінуіміз қажет.

Өнерді терең оқыту қандай қажеттіліктен туындап отыр? деген сұрақ тууы мүмкін. Соңғы кезде ақпараттық кеңістік кеңейіп, жас жеткіншектер, тіпті жас суретшілерде батыстың мәдениетіне, өнеріне көп еліктей бастады, патриоттық сезімнен арыла бастады. Көпшілігі өз елінің, өз жерінің әсемдігіне мән бермей, ұлттық мәдениетін бағалай білмеуде, ұлттық құндылықтардан алшақтай бастауда. Сондықтан да ұлттық мектептерде эстетикалық пәндерді оқыту мазмұнына ұлттық нақыш беруді батыл енгізетін кез келді деп ойлаймын. Сонымен қатар қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі ол оқулық тану саласы болып отыр. Оқулық - ол оқытуды бағдарламада белгіленген мақсаттарына және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап. Оқулық басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны, мәтінге қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады. Қазіргі кезде шығарыла бастаған жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің тұжырымдамасы ғылыми-теориялық бағамдаулар негізінде өмірге келуде. Әйтсе де, жалпы ғылыми қағидалар мен өз еліміздің идеологиясын басшылыққа алып, ұлттық сана, рухани құндылықтарымызды арқау еткен нақты да дәл оқулық теориясын жасау алдағы күндердің еншісінде қалып отыр және білім беру саласында қазақша оқулықтардың аз болуы біршама қиындықтар туғызуда.

Деректерді талдау: Жұмысты дайындау барысында көптеген әдебиеттер талданды. Кіріспе бөліміне ақпаратты «Бейнелеу өнері және сызу» журналынан және «Әлемдік өнертану» атты 3 томдык кітаптар жинағынан алдым. Тарихи бөлімге тоқталатың болсақ Болат Байжігітовтың «Өнер тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері», Р. Мизанбаевтың «Живопись» оқулықтарын пайдаландым. Әдістемелік бөлімде А. С. Шипановтың «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер », Г . В. Беданың «Кескіндеме және оның бейнелеу құралдары» оқулықтарынан алдым.

Зерттеу мақсаты:

Бүгінгі қоғам жағдайында терең білімді, ой-өрісі, рухани-адамгершілігі, танымдық қабілеті жетілген, ұдайы шығармашылық ізденісте жүретін жастарды тәрбиелеу - білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі. Бұл ғасырлар бойы адамзат жинаған тәжірибені жастарға жеткізетін педагогтардың алдына қойылатын талап деңгейлерін айқындап алуды қажет етеді.

- Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарың

қалыптастыру.

- Қоршаған ортадағы пішіндер мен түстердің байлығын көрсете білу.

- Өнерге баулу негізінде қоршаған ортаға қатынасы қалыптасқан, өмірдің

әртүрлі құбылыстарының өзіндік құндылығын, әлем әсемдігін түсінген,

рухани бай және эстетикалық дамыған жастар тәрбиелеу;

- көркем шығармашылыққа деген қабілеттілігі мен әр түрлі өнер тіріндегі

көркем бейнелердің мәнерлігін жеткілікті денгейде жасай білу

біліктілігін, көркемдік талғамын дамыту.

- Оқушылардың бойында Отанына деген сүйіспеншілік сезім туғызу;

- Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру;

- Өз елінің қылқалам шеберлерімен таныстыру;

- Өз өлкесінің әсем табиғатына, өнер туындыларына деген оңды көзқарас

қалыптастыру;

  • Оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке үйрете отырып, ұлттық өнеріне деген

сүйіспеншілігін қалыптастыру;

Зерттеу объектісі: Оқушыларға табиғат көрінісін бейнелеудің үлгілерін үйрету. Табиғат көрінісін бақылап этюд жазуға бейімдеу. Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылар дағдысын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогика ғылымын негізге алады. Халық педагогиканың көптеген ғасырлар бойы, тіпті жазу- сызу пайда болғанға дейін қалыптасып дамып отырған.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістерді дамытып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге үйрету. Ауызша ойлайтын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Осы ойындардың арқасында балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді.

Зерттеу болжамы: Егер бейнелеу өнері сабақтары осындай дидактикалық ойындар, сызбалар пайдалану арқылы жүргізілетін болса, оқушылардың бейнелеу сабағына деген қызығушылықтары артып, пән статусы көтеріледі.

Егер табиғатты бейнелеу өнері сабақтарында пейзажды бақылау, бейнелеу өнері туындыларын талдау арқылы сурет салу әдісінің негізінде құрастырылса, онда оқушылардың кеңістікті дұрыс, әрі сауатты бейнелеу шеберлігінің деңгейінің көтерілуін күтуге болады.

Сабақ кезінде эстетикалық көңіл күй мен қызығушылық, ересек пен баланың бірлескен шығармашылық ахуалы ерекше роль ойнайды

Оқушының ішкі жан дүниесін байытып, дамьггуға, шығармашылық ақыл-ойьн, қиялын көрсете білугс мүмкіндік береді. Шығармашылық баланың іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін игеруінде, алдын ала ой құру мен оларды жүзеге асыру үрдісіндегі жаңа материалды өз бетіншее қолдануында көрінеді.

Бейнелеуге, мүсіндеуге, аппликацияға үйретудің жаңа технологиясын пайдалану және баламен қарым-қатынас жасаудың жүйелі кешенді жұмысын жүргізу балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудын бірден бір шарты болып табылады.

Зерттеу міндеттері: Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформаларына негізгі бағыттарында аса маңызды міндеттер:

- оқушылардың көркем - шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін, ой ұшқырлығы мен бейнелі көрермендік зейінін, заттар мен қоршаған ортаға деген

эстетикалық құндылық қатынасын дамыту, шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру;

- композициялық зандылықтар, түстану, натураға қарап, еске түсіру және көз алдында елестету бойынша сурет салу негіздеріне үйрету;

- салынған суреттегі форма, тепе- теңдік, көлем, перспектива, жарық пен көлеңке, композицияға ерекше назар аударуға үйрету;

- кеңістік ұғымдарын, болмысты көркем - бейнелі қабылдауын қалыптастыру, оның әсемдігі мен түс байлығының үйлесімділігін түсіне отырып, түстүйсігін дамыту;

Зерттеу әдістері: талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау және т. б. әдістер арқылы мектеп оқу орындарында білім беру мәселесіне байланысты жарық көрген мемлекеттік құжаттармен танысу; педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен, зерттеу тақырыбына қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарымен және мерзімді баспасөз материалдарымен, мектепте білім беруге арналған оқулықтар, әдістемелік нұсқаулармен танысу, оларға талдау жасау;

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері: ұғым, байымдау, пікірін айту, баға беру, сендіру

  • әңгімелесу
  • пікірталас
  • өнеге

Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі -сендіру әдісі. Оқушыларға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылу.

Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Оқушылармен әңгімелесу барысында, олардың ойын тындап, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез- құлқына, жүріс тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс- қылықтарын талдау.

Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қабілеттер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйрету.

Өнеге. Оқушылар әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерге үлгі тұтып, жан- дүниесіне үнілу.

Ғылыми жаналық:

Қазіргі заман талабына сай технологияларды қолдану ұлы суретшілердің шығармашылық туындыларын талдау, оқушылардың шығармашылық белсенділігінің ойлау қабілетінің қарқынды өсуіне, ұлттық патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етеді.

Тәжирибелік маңызы:

Зерттеу жұмысында келтірілген деректер мен әдістемелік нұсқаулар мектепте сабақ өткізу барысында қолдануға болады.

1. ТАРАУ Кескіндеме жайында қысқаша тарихы

1. 1 Кескіндеме туралы мәлімет және табиғатты бейнелеу жанры.

Бейнелеу өнерінің көп тараған басты түрлерінің бірі - кескіндеме. Өнердің күрделі де маңызды түріне айналу үшін ол ұзақ жолдардан, қилы кезеңдерден өтті. Сурет салу ермек емес, адамды табиғат көріністерін, маңайымды қоршаған неше түрлі оқиғаларды жазақтықта бейнелеу, шым-шытырық өмір, жайнаған табиғат құбылыстарын екі өлшем бойынша қылқалам арқылы ғана шағын жазықтықта бейнелеу онай міндет емес. Сызық, жарық пен көлеңке, түс болу т. б. тәсілдерді пайдалану арқылы суретші болмыстағы сан алуан оқиғаларды тізбек-тізбек етіп көз алдымызға келтіреді, ерекше эстетикалық толқу, ой сенімін туғызады.

Ұлы суретші Илья Репиннің : «Кескіндеменің жаны бояу емес, идея, тек идея!» - деген пікірді бұл өнер түрінің негізгі әлеуметтік мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі.

Көне заманнан бері келе жатқан сурет салу өнері сызықтан (графикадан) басталады. «Графика» дегеніміз грек тілінен аударғанда «сызамын, жазамын, сурет саламын» деген мағынаны береді.

Бірте-бірте графика техникасы күрделене түсті де, кескіндемеге жол ашты.

ХX-ХXІ ғасырларда Еуропада сурет салудың негізгі материалдары әр түрлі ағаш тақтайлар болды. Шығыста шұға, пергамент (бұзау терісі), күріштен жасалған қағаз пайдаланылды.

Шығарманы жазуға кіріспес бұрын шебер оның жоспарын, құрылысын (композиция) мұқият ойластырады, қағаз бетіне алдын-ала шағын суреттер (эскиз) салады. Ірі туындылар қажырлы еңбекті, ұзақ уақытты талап етеді. Мысалы, Ренессанс дәуірінің алыбы Леонардо да Винчи өзінің әйгілі "Мона Лиза - Джокодасын" жасауға бір жылдан астам уақытын сарп еткен. Сәл ғана езу тартқан, бет әлпетінде күлкі өзі ойнаған уыздай жас келіншектің бейнесін салу үшін майталман шебер лайықты кеіпкерлер іздеп, Италия қалаларын аралады, көп аам жиналған сауық кештеріне, жәрмеңкелерге, шөп сататын базарларға барып тұрды. Демек, Леонарданың кескіндеуді бейнелеудің басқа түрлерінің бәрінен жоғары қойып, "өнердің атасы" деуі өте орынды сияқты. Мұндай құнды еңбек ұзақ уақыт ізденуден туады. Ол айна бетіне шағылысып түскен бейнеден анағұрлым терең, мазмұнды әрі көркем болуы тиіс. Италия өнерінің тағы да бір кемеңгер қайраткері Рафаэль Санти осындай творчествалық азаптарды еске ала отырып: "Мен бір сұлудың салу үшін бірінен-бірі өткен жүздеген сымбатты арулармен жақын танысып, оларды көз алдымнан өткізуім керек", - деген екен. Осы бір ғана сөйлемде қаншама терең сыр жатыр. Ал орыс суретшісі Александр Иванов өзінің Третьяков галереясындағы "Мессияның халыққа көрінуі" деген атақты туындысына қайта-қайта оралып, оны толық аяқтауға жиырма бес жыл өмірін арнаған.

Көптеген суретшілеріміздің кескіндемелік шығармалары тұрмыс-салтты, әдеп-ғұрыпты, халықтар дәстүрін баяндауға арналған.

Мысалы, Әбілхан Қастеев салған революциядан бұрынғы қазақ елінің тарихын бейнелейтін туындыларды еске алайық.

Оның «Сатылған қалыңдық» және «Қыз алып қашу» деген еңбектері көптеген ғасырлар бойы «мықтылардың» отымен кіріп, күлкімен шыққан, күң болған қазақ қыздарының революциядан бұрынғы қайғылы да зарлы өмірін көз алдымызға елестетеді.

Живопись атауын қазақ тіліндегі әдебиеттерде кескіндеме деп аударып жүр. Ол негізінен силуэт, сыртқы пішім (бейне), яғни табиғаты жағынан графика түсініктеріне жақын. Ал бұл жерде кескіндеме бейнелеу өнері ретінде қолданалып отыр. «Кәсіби өнер» түсінігіне келетін болсақ («Профессиональное искусство»), әдейі академиялық білім алған суретшілер шұғылданатын өнер. Оның бұл түрімен айналысатын адамның академиялық машықтылық пен академиялық позициялық принциптері қоятын талап-тілектері кәсіби деңгейде меңгеру тиіс. Осыған байланысты «Кәсіби кескіндеме өнері» деген тұжырымды анықтап айтатын болсақ академиялық позициялық принциптерінде қалыптасқан бейнелеу өнері. Қазақстанда Ұлы Қазан төкерісінен кейін пайда болған Республикалық мәдени өнеріне түбегейлі әсер еткен академияның позициялық принцип негіздерін анықтайтын «Еуропалық классикалық реализм». Бізге Москва, Ленинград секілді орталық қалаларда орналасқан Кеңес Үкіметінің көркем өнер орнындарынан енген еді. Біз бейнелейтін өнердің оның басқа түрлері секілді адамның көңіл-күй сазы мен сезімі тереңдеудің дамытуда, яғни эмоционалды тәжірибені арттыруда қосатын үлесіне рухани мәдениетімізді меңгеруге этикалық, эстетикалық тәжірибенің тиімді жолын ашуға табиғи жағдайда жасайтын құрал ретінде қарастырамыз. Дегенме бейнелеу өнерінің негізгі критерилері. «Бейнелеу өнері» деген түсінік атауының өзі білдіріп тұрғандай ол затты, тұлғаны, табиғатты «бейнелеу» деген сөзден пайда болады. Яғни, көркем құрал-тәсілдер (бояу түсі, штрих, нақыштау, ою, шекімдеу) және материалдар (қағаз, кенеп (холст), саз, тас) арқылы табиғи объектінің образбейнесі сомдау. Ол шындықтың образды көшірмесі болғандықтан «ұқсас, емес» деген критерилермен бағаланады. Бейнелеу өнерінің «реализм» түсінігін қатысты айқындау сипаты осыған байланысты. Бейнелеу өнерін әр кезеңде, әр жағдайда түрліше айтады. Өнердің осы түріне енетін шығармаларда көзбен қарау арқылы түсініп, бағалап, кеңістікке қабылдаймыз. Осыған байланысты кеңістік немесе кеңістікті бенелеу, яғни визуальді өнер түсініктері бейнелеу өнеріне синоним бола алады. Орысша айтқанда ол «профессиональное» немесе «визуальное искусство». Сызық пен жазықтық үшін масштабтылығымен пласстикалық икемділікке қатысты оның «пласстикалық өнер» деп қалыптасты.

Бейнелеу өнеріне тағы бір синонимі - әсем өнер. Мұндай шығармалар сазды нақыш пен әсем бедерлік, айшықты бояу түсімен ырғақты сызық әуендері мен таңбалар кереқарлығымен анықталатындықтан және оның басты көркемдік бейнесі - сұлулық, әсемдік болғандықтан да, ол осылай аталады. Дегенмен осы түсініктердің ішінде жиі пайдаланатын термин - бейнелеу өнері. Ол заманның рухани мәнін, саяси философиялық көркем мәдени эстетикалық адамгершілік идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады. Осыған эмоционалды психологиялық сипат береді. Бейнелеу өнерінің түрлеріне живопись, графика, мүсін, көркем фото т. б. жатады. Сонымен бірге сәулет

өнері, қол өнері, дизайн үшін кеңістікті, пластиканы, визуальді әсем деген секілді түсініктерде ортақ екені белгілі. Қолөнер туындылары, дизайн бұйымдары, архитектуралык ғимараттар нактылы ешнәрсені бейнелегенмен, олардың образы, пішіні, құрайтын көркем пластикалық құрылымдары мен ырғақты тізілімше және синтезді сипатына қарай өнердің осы түрлерінде бейнелеу өнерінде жанаманы жатқызамыз. Ал живопись пен қол өнер арасындағы айырмашылық біз бейнелеу өнері деген түсінікті өзінің атауына сәйкес реалистік өнерімен синони ретінде қарастыру тәжірибесіне байланысты анықталады. Жалпы айтқанда бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып казіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ бейнелеу өнері жөнінде қалыптасқан өзіміздің білетін классикалық пікір мен қазақтың дәстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсері мен жүйелі даму заңдылықтарын да ескеруіміз керек. Ол үшін біз бір жағынан бейнелеу өнердің өрбу аумағын камтитын заңдылықтарына назар аударуымыз керек. Оның реализм шеңберінде көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтың сипаттағы бет-бейнесін анықтап алуға тиіспіз.

Осы айтылған мәселені екінші бір бейнелеу өнерінің жалпы халықтың сипаты мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны дауыссыз. Ал ұлттық белгілердің қалыптасуы өнердің синтездік болмысы мен анықталатын күрделі кұбылыстарымен байланысты. Алдымен бейнелеу өнерінің табиғи сипатына байланысты қалыптасқан реализм түсінігіне тоқталайық, бұл түсінік бұрынғы мектеп және жоғарғы көркем оқу орындарында жетекші орын алып келеді. Өнер тарихында реализмнің басты ұғымы мен табиғатымыз жоғарғы тас дәуірі кезеңінен бері қарай дамытамыз. Бұл кезең өнері қуатты және өміршен болатын. Одан кейінгі ежелгі Қосөзен өмірі, Мысыр, Қытай, Жапон, Үнді секілді елдердің ішкі мәдениетіндегі ұлттық ерекшелік пен реалихзм арақатынасындағы көркемдік римдерге әлемдік мәдениет тарихы үшін көкейкесті мәселелердің бірі.

Табиғатты бейнелеу жанры. Кескіндеме -бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Әр суретшінің өзіндік бейімі таңдаған жолы бар. Біреулері натюрморт жазуға, екіншісі портрет, үшіншісі пейзаж жазуға, төртіншісі әр түрлі тарихи тақырыпты, тұрмыстық көріністерді, т. б. жазуға құмар. Суретші өзі қалаған, сүйген тақырыптарды қалап алады. Бейнелеу өнерінде бұлай бөліну жанр деп аталады. Жанрлар: натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық кертиналар болып бөлінеді [15 б. 9 ] .

Жанр сөзі француздың Qene түр немесе тек сөзіне шыққан. Кескіндемеде мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, және тақырыптық картина. Адам әу бастан -ақ табиғат көріністеріне ерекше мән беріп салаған болатын. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланылып келген. Тек XVII - ғасырда ғана біріңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады. Мұндай жанрды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Баланың қиялы
Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Саусақпен сурет салу әдісі
Бірінші кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарын
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz