Физика сабағында есептерді шығару классификациясы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
1 Оқушылардың шығармашылығын арттыруда есептерді шығару маңызы және
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.1Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық
есептердің алатын 6
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
1.2Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3Физикалық есептердің маңызы, түрлері, шығару 13
әдістемесі ... ... ... ...
1.4Физика сабағында есептерді шығару 23
классификациясы ... ... ... ... ... ...
2 Оқушылардың шығармашылығын арттыруда техникалық мазмұны бар есептерді
шығару 27
әдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
2.1Оқушыларды есеп шығаруға үйретудің 27
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Техникалық мазмұны бар есептерді шығару 30
әдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... .
2.3Күштер мен қозғалыстар тақырыбына арналған техникалық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...33
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.4Сұйықтықтар мен газдардың қысымы (гидро және аэростатика)
тақырыптары бойынша техникалық мазмұнды 38
есептер ... ... ... ... ... ...
2.5Жұмыс пен қуат. Энергия тақырыптары бойынша техникалық мазмұнды
есептер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 59
КІРІСПЕ
Физика есептерін шығару – физиканы оқытудың негізгі бір бөлігі болып
саналады. Әрине, физика есептерін шығаруда оқушы математиканы саналы түрде
қолданатын болады. Физика есебін шығаруда оқушының алдына ұсақ – түйек
болса да, проблемалық мәселе қойылады, оқушылар жаңа ұғымдармен танысады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы өзгерістер орта
мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік жағынан толықтыру мен
дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі
мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми
танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың
тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Техникалық есептер арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге
асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан
тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе,
сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің
басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін техникалық есептер
арқылы дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы
Оқушылардың шығармашылығын арттыруда техникалық есептерді шығару маңызы
және әдістемесі атты зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты − техникалықлық есептер арқылы оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу және ғылыми-
әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-
эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.
Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін
мынандай зерттеу міндеттері анықталды:
− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік,
ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.
−оқытуда техникалық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға
қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.
−физикалық техникалық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау
жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.
−зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушылардың қызығушылығын арттырудың
құралы болып отырған технилық есептердің мазмұндық жүйесіне талдау жасау;
техникалық есептерге қойылатын талаптар мен критерийлерді анықтауда ғылыми-
әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау; бақылау
жұмыстарын әзірлеу; оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу;
алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; техникалық мазмұнды есептерді
құрастыру; педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін математикалық
жолмен қорыту.
Зерттеу пәні – мектепте техникалықлық есептер арқылы оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Зерттеу болжамы – егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты
ретіндегі техникалық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса,
онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай
есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге
қызығушылығының дамуына ықпал етеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтер мұғалімдерге
техникалық есептерді пайдалану жолымен оқушылардың пәнге қызығушылығын
арттыру бойынша нақты кеңестер ұсынуға мүмкіндік береді, оқушылардың
техникалықлық есептерді шығаруға ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Орта мектепте физиканы қызықты оқыту негізінде алынған зерттеу мәліметтері
және солардың негізінде алынған ұсыныстар келесі жұмыстарды іске асыруға
қажетті қорытынды мәліметтер болып табылады: орта мектепте оқыту үдерісін
ұйымдастыруда, оқу-ағарту саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру
семинарларында пайдалануда, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша
жасалатын әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар жасауда және т.б.
1. Оқушылардың шығармашылығын арттыруда физикалық есептерді шығару маңызы
және әдістемесі
1. .1 Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің
алатын орны
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту – мектептің білім берудегі басты
міндеттердің бірі. Ойлаудың даму проблемасының ерекше мәнділігі білім
берудің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруімен байланысты. Білімдер,
іскерліктер және дағдыларды меңгеру осы дамудың құралдары болып табылады.
Мектеп жағдайындағы белсенді, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру
талаптары жөніндегі қоғамның тапсырысы педагогикалық қауымдастықтың білім
мазмұнына, оқытудың жүйесіне, құралдарына деген көзқарасты өзгертті.
Білімнің шығармашылық тәжірибені, әлемге деген эмоционалды-құндылықтық
қатынас тәжірибесін беру мектеп оқушысының дамуы үшін үлкен маңызға ие.
Сонымен қатар оқушының тұлғалық дамуы үшін оның өзінің оқу-тәрбиелік
процесінің объектісінен мұғаліммен белсенді өзара әрекеттесетін субъектіге
айналғандығы қажет. Оқушының жеке тұлғасының дамуы, ең алдымен, оның
ойлауының дамуын болжайды. Ойлау – бұл объективті болмысты бейнелеу
процесінің, адамзаттың танымның ең жоғары сатысы.
Жалпы айтқанда, мектеп оқушыларының ойлауының дамуы оқытудағы басты
міндеттердің бірі болып саналады, мұғалім оны шеше отырып, нақты бір оқу
материалында мектеп оқушыларын салыстыруға, талдау жасауға, топтастыруға,
жинақтауға үйретеді.
Ғылымдар дамуының тарихы, бірінші кезекте, физиканың дамуы, ғылыми
дамудың қалай дамығандығын, байытылғандығын көрсетеді; көп уақыт бойы
жаратылыстануда үстемдік етіп келген метафизикалық ойлаудың орнына
біртіндеп диалектикалық ойлау келеді. ХХ ғ. Физика саласындағы төңкерістер
(жаңалықтар) шынайы болмысты тепе-тең бейнелеу үшін диалектикалық ойлау
заңдарын қолдану қажеттілігін дәлелдей түсті. Әдістемелік әдебиеттерде
пайдаланылатын ғылыми ойлауға тән негізгі көріністерді бөліп көрсетейік.
Олар, ең алдымен:
- объектінің диалектикалық қарама-қарсы қасиеттерінің, құбылыстардың
бірмезгілде болуы мүмкіндігін түсіну, диалек-тикалық қарама-қайшылықтарға
сүйене білу;
- объект немесе құбылыстың үнемі қозғалыста, дамуда екендігін қарастыра
білу;
- білімнің нақтылығын, оның белгілі бір жағдайларда шындық екенін
түсіну;
- сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланыстылығын түсіну;
- ғылыми білімнің дамуындағы теріске шығаруды көре білу.
Оқушыларда ғылыми ойлаудың дамуының бір маңызды шарты -оларда табиғат
құбылыстарының өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі туралы
түсініктерінің қалыптасуы болып табылады. Табиғат құбылыстарының өзара
байланыстылығы мен өзара келісімділігі жөнінде айтқанда, физикаға оқыту
кезінде оқушыларға физикалық құбылыстар мен процестердің ішкі, мәнді өзара
келісімділігін көруді және ұғынуға үйрету керектігін естен шығармаған жөн.
Мысалы, мынадай құбылыстардың, күннің күркіреуі мен найзағайдың өзара
байланыстылығы төмен сынып-тағы оқушыларға да түсінікті. Алайда бұл табиғат
құбылыс-тарының қасиеті құбылысты анықтап тұратын мәнді сипаттарды талдау
мен салыстыру арқылы ашылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, физикалық
құбылыстардың өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі, олардың дамуы
мен бағытының сипаты физикада ең алдымен физикалық шамалардың арасындағы
байланыспен анықталады. Физика ғылымының басты түсінік-терінің бірі –
физикалық объектінің немесе оның әртүрлі қасиеттерінің сапалық әрі сандық
(мөлшерлік) әралуандылығын анықтап тұратын физикалық шама ұғымы болып
табылады.
Орта мектептің жоғары сыныптарында оқушылар көптеген физикалық
шамалармен танысады. Өкінішке орай, бірқатар жағдайларда шаманың физикалық
мәні оқушыларға түсініксіз болып қала береді. Мұндай кемшіліктердің
себептерінің бірі оқушылардың физикалық шамалардың өздері анықтайтын
объектілердің (құбылыстардың) қасиеттерімен байланыстылығын
түсінбеулерінде, мұндай байланыстарды талдай алмауларында, яғни берілген
физикалық объектінің (құбылыстың) күйінің оны сипаттайтын физикалық
шамаларға тәуелділігін көре білмеу-лерінде жатыр.
Механика тарауын оқығанда (жоғары сыныптарда) оқушы-лардың ойлау
үлгісінің қалыптасуының, меңгерілген білімдерінің метафизикалық сипаты
ерекше анық көрінеді[1].
Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты жаңаша көзқарас алды.
Мектеп еліміздің интелектуальды потенциалын арттырып қана қоймай, сонымен
қатар ол әрбір оқушыдан еркін, шығармашылықпен ойлайтын, бейімділігін
дамытып, келешекте өмірден өз орнынын таба алатын жеке тұлға дайындай алуы
қажет болып отыр. Осыған байланысты соңғы жылдары педагогика саласындағы
зерттеулер білім беру мазмұнын гуманизациялауда, оқытудың тәрбиелік ролін
көтеруде, оқуға қызығушылығын арттыруда дәлелдемелерге негіздеуге
бағытталған. Қазіргі қоғамға әлеуметтік жағынан бейімделу үшін адам
баласына тек білім ғана емес, оны күнделікті өмірде, практикада
шығармашылықпен қолдана білуі қажет .
Жаңа білім үлгісін қалыптастыруда қоғамның дамуының екі мақсатын ескеру
қажет: а) өмір сүруге қажетті дүниежүзілік және жалпы ұлттық проблемаларды
шешу; б) жоғары технологиялармен қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық
прогрес құру. Білім мен оның ғылым секторындағы нәтижесін білім беруде
жүйелі қолдануға әкеледі.
Осы пробламалардан шығу үшін әр кезеңде ғылыми-техникалық прогрестің
негізі болып табылатын физиканың алатын орны ерекше болып табылады. Физика
ғылымының жеткен жетістіктері өндірісті механизациялауда, энергетикада,
автоматизацияда және жаңа материалдарды жасауда пайдаланылуда. Өндірістің
техникалық жағынан қарулануы – кешенді механизацялау мен автоматизациялау,
есептеу техникасының енуі, жұмысшыдан физика ғылымының негізін біліп, оны
политехникалық сипатта қолдануда дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруды
талап етуде.
Жаратылыстану ғылымдарының ішінде физиканың маңызды орын алуы тек қана
ғылыми-техникалық прогрестің үздіксіз артып отыруына байланысты ғана емес,
табиғаттағы басқа да ғылымдардың дамуында алатын орнына да байланысты болып
отыр. Физика химия, биология, астрономия мен тығыз байланыста болғандықтан
оның негізгі әдістерін осы ғылымдарда қолданады. Осының барлығы жалпы білім
беретін орта мектептегі оқушыларды физика курсы бойынша дайындауда ерекше
орын алады. Сонымен қатар қазіргі рынок жағдайындағы қоғам өте сапалы
мамандарды қажет етуде, ал бұл өз кезегінде мектептердегі білім берудің
ролін арттыра түсуде. Мектеп оқушыларының сапалы, қоғам қажет ететін
сауатты білімі болу үшін білім беру мазмұнын бойына жинақтаған және барлық
оқу процесінің ұйытқысы болып табылатын талапқа сай оқулық болуы қажет [2].
Психологиялық-педагогикалық теорияларда қызығушылықты жіктеудің бірнеше
түрі бар: дүниеге деген қарым-қатынасының сипаты, мазмұны мен кеңдігі, күші
(белсенді, немқұрайды), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз),
пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т.б.
Мектепте физиканы оқытудың күйіне талдау, білім саласында болып жатқан
өзгерістер мен жаңалықтарға қарамастан, оқушылардың басым көпшілігінің
физикаға қызығушылығы енжар, ал сабақтар әлі де орындаушылық бағытын
ұстануға бейімдейтін дәстүрлі әдістермен жүргізілетінін көрсетеді.
Қазіргі кезде мектепте физиканы оқыту үдерісінде дамыта оқыту теориясы
ерекше орын алады. Дамыта оқыту үдерісінде міндетті түрде жаңа өнім -
жаңа нәрсе алыну қажеттігі туралы ой жетекші болып табылады. Мұндағы
өнім − білім, білік, материалды объект немесе олардың біреуі болуы
мүмкін. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптарды ескеретін болсақ, онда
оқыту үдерісіне іс-әрекеттік тұрғыдан келу қажеттігі туындайды. Мұнда
алынған өнімнің қасиеттерін іс-әрекеттің мақсатында көрсетілген
қасиеттерімен салыстырып, қасиеттер арасында өзгешеліктер болған жағдайда,
оның себептері айқындалады. Құбылыстың күнделікті өмірде, тұрмыста,
өндірісте және т.б. жерлерде қолдануын жан-жақты қарастырады.
Зерттеу жұмысында шығармашылық есептер арқылы физикаға қызығушылықты
арттыру осы дамыта оқыту идеясы негізінде жүзеге асырылды. Физикалық
шығармашылық есептерін жалпы үш түрге бөлу қабылданған. Не істеу керек?
деген сұраққа жауап беретін зерттеушілік есептеріне және Қалай істеу
керек? (В.Г Разумовский., Р.И.Малафеев) деген сұраққа жауап беретін
құрастыру есептеріне. Одан кейінгі кезеңде шығармашылық есептерді тапқырлық
есептер тобына ажырату пайда болды (Г.С.Альтшуллер). Мұнда физикалық
эффектілердің үйлесімділігін пайдалана отырып, техникалық шығармашылықтан
теорияға көшу ұсынылады Одан кейін шығармашылық есептер оқыту үдерісіне
қатысты шығармашылық ұғымымен бірге қарастырылып, толықтырылды[3].
В.Л. Данилов: Кез-келген шығармашылық есептің кілті болып табылатын
қандай да бір формула немесе схема болмайды. Дайын формуланың немесе
кілттің болуы есептің шығармашылығын, жалпы шығармашылық ойлауды жоққа
шығарған болар еді деген пайымдайды. Егер шығармашылық есепті шығару
үдерісі мұғалімнің ешбір басқаруынсыз жүргізілетін болса, онда
бейберекетсіз іс-әрекеттерді тудыратын, нәтижесінде есепті шығарудың
тәсілдерін іздеуден бас тартуға соқтыратын жағдай пайда болады. Ал мұндай
жағдайлардың жиі қайталануы оқушылардың қызығушылығын ғана емес, өздерінің
мүмкіндіктеріне деген сенімсіздіктерін туғызады.[4].
1.2 Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы
және терең білімнің, іскерліктің болуын, сондай-ақ жастардың белсеңді
шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап
етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы
педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың
интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен
белсенділігін қалыптастыру.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын,
мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық.
Біздің оқушыға қойған талабымыз:
- қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
- ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
- алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
- өзін — өзі талдауды, өзін — өзі бағалай білуді меңгеру;
- басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай
- технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
- қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Сондықтан, мектеп мұғалімінің сапасын соңғы нәтижеге бағыттау керек.
Көздеген мақсатымыздың нәтижесін көреміз, мұғалімнің кәсіби шеберлегін
дамытуға қажетті жағдай жасау арқылы білімнің жаңа парадигміне өту тәртібі
бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек,
нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.
“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің
кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан
анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір
қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл
пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда
қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз
ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал
қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне
түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар
ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық
дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз
емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін
есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу
бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту
арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының
болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы
мұғалімге байланысты.
Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық
тәжірибесін шығармашылық ынтамен және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі
зор деп ойлаймын.
Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша құрметтеуге,
оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау
қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті
қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға
бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.[5]
Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай
дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін, пәндік білім деңгейін
терендету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінші білім алу
дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Ертеңгі болашағымыз – жас
ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен
жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету
ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы.
Ұстаз еңбегі – шығармашылық еңбек. Өйткені, ол ұстаздан үздіксіз
ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді
қолдануды талап етеді. Елдің ертеңгі-бүгінгі жас ұрпақ деп білеміз. Ал жас
ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсіп қалыптасуы үшін оқушыларға
логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт – бағдар беру
керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеп
табу зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру –
мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру олардың
физикалық ойлауын дамытудың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Жас
жеткіншектердің шығар-машылық қабілетін дамытудың әдістемесі ғылыми-
техникалық шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі
керек. Жалпы алғанда, шығармашылық процестің құрылымы өзіне тән кезеңдер
мен сатылардан, фазалар мен периодтардан тұратындығы П.К.Энгельмейердің,
П.М.Якобсонның, Я.АПоно-маревтің, т.б. зерттеулерінен белгілі. [6]
Атақты физик-ғалымдардың (А.Эйнштейн, М.Борн, М.Планк, П.Л.Капица,
А.Иоффе, И.Курчатов, С.Королев, т.б.) ғылыми өмір тәжірибесін қорытып, ой-
пікірлерін талдап қарасақ, ғылыми-техникалық шығармашылықтың элементтері
мынадай цикл түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау → гипотеза
50 ұсыну (абстракты модель құру) → идеяны шешу принципін анықтау →
теориялық салдарларды қорыту → оларды эксперимент жүзінде тексеріп көру.
Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық
және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді. Академик С.И. Вавилов
айтқандай, физикалық ойлауға дағдылану керек, оған көп жаттығу мен үзақ
үйренудің нәтижесінде қол жеткізуге болады, бұл физиканы оқытудың ең басты
міндеітерінің бірі болуы тиіс.
Физика - табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты -заттар мен
денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану,
табиғат кұбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық
процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту
процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және
жүйелілік (систематизация), абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты
логикалық ойлау операцияларын пайдала-намыз. Демек, физиканы осындай
логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін
ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен
мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшелік
сипаттарын білуің қажет етеді.
Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда ең алдымен оларды диалектикалық
ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай ашылғандығына (мысалы,
архимед күші, элек-тромагнитгік толқын, радио байланыс, т.т.) үйретіп, әлі
шешіл-меген мәселелердің зерттеліп толық білімге айналатындығын (атомның
және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерін ұшыру, телевизиялық хабар беру,
т.т.) түсіндіріп, физикалық заңдылық-тардың өзара байланысын (газ заңдары,
уранның тізбекті реакциясы, т.т.) ашып көрсетуіміз қажет[7].
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін
сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдына үлкен міндет жүктеледі. Бүгінгі
таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері
болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен
жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін белсендіру негізінде
педагогикалық технологиялардың бірі – деңгейлік саралау технологиясының
элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту мақсаты. Әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту:
- әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
- әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге
мүмкіндік береді.
- онда білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей
(базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы оларды
меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясы нәтижелі болу үшін:
- жеке тұлға ерекшеліктеріне;
- психологиялық даму еркешеліктеріне;
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақты өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін
күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбіне мына жағдайларға көңіл
бөлемін:
- сабақтың мазмұны;
- сабақты өткізудегі әдіс-тәсілдерді таңдау;
- сабақтың нәтижелілігі.
Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқытуды іске асырады.
Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін,
дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамыз етеді. Сабақтың тиімділігін
арттырудағы негізгі тәсілдердің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы зор, оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап,
білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол
жеткізеді.
Ж. Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында мынадай 4 деңгей
көрсетілген:
1) Репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде
тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған
білімдеріне және оқушыға байланысты.
2) Алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана
отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өзігінен
меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады[8].
1.3 Физикалық есептердің маңызы, түрлері, шығару әдістемесі.
Физикалық есептер бұл оқушылардың физикалық құбылыстарды танып-зерттеу
түсініктерін қалыптастыру, логикалық ойлауын және өзінің білімдерін
практикада қолдану іскерліктерін дамыту үшін қолданылатын жаттығулар.
Есептер шешу мен шығару оқу процессінің ажырамайтын құрамды бөлігі
болып келеді және еңбексүйгіштікті, ақылдың танымдылығын, пікірлердің
дербестігін қалыптастырып, оқуға деген қызығушылықты тәрбиелейді, еркі мен
мінезін шындайды, құбылыстарды талдай алу іскерлігін дамытып, мәліметтерді
жалпылауы қалыптасады. Есеп шығару оқытудың политехникалық қағидасының
жүзеге асуында үлкен роль атқарады және білімдерінің жүйеленуі мен
тереңдеуін және кеңуін жүзеге асып дүниеге көзқарастарын жетілдіреді. Есеп
шығару ғылым мен техниканың жаңалықтарымен және жетістіктерімен таныстырып
физика курсын толықтай игеруге мүмкіндік береді.
Есеп шығару мақсаттары:
- Физика пәні есептерін шығарудың жалпы заңдылықтары мен дұрыс
мәдениетін қалыптастыру.
- Ұсынылған арнайы есеп шығару алгоритмі негізінде құбылыстардың
сыр- сипатын дұрыс және толық ұғынуға бағыттау.
- Физика пәнінен жалпы теориялық білімдерінің тұрақты қолданыста
болып, сапалы игерілуін қамтамасыз ету
- Өз бетімен жұмыс жасау- іздену дағдыларының, интуициялық ойлау
қабілеттіліктерінің қалыптасуына ықпал ету.
- Физика есептерін шығару процесінде түрлі математикалық амалдарды
қолдана білу шеберліктерін шыңдау.
- Физиканың қалған бөлімдерін оқып- үйрену мақсатында терең меңгерту.
Міндеттері:
- Оқушының физика курсы жөніндегі теориялық білімі мен нақты
практикалық есептер мазмұны арасындағы табиғи бірлікті түсінуді қамтамасыз
ету және оның негізі арқылы әр есеп жағдайында ОМ- тің физика курсының
негізгі есебін шеше білуге жетісу.
- Физикалық теорияны оқып- үйренуде, оның мағынасын терең деңгейде
меңгеруде физика курсы есептерін шығартудың ерекше мәнділігіне әр оқушының
көзін жеткізу.
Орта мектептің аса маңызды міндеті - жеткіншек ұрпаққа ғылыми
егіздерінен тереңде тиянақты білім беру,оларды практикада қолданудың
дағдыларын қалыптастыру, білім беру мазмұнының политехникалық бағытын
күшейту. Физика заңдарын меңгеру және оларды дұрыс түсініп қолдана білу
оқушылардың ой-өрісінің дамуын, табиғатқа ғылыми көзқарасты қалыптастыруын
қамтамасыз етеді.
Физикалық теорияны үйренуде оның мағынасын терең түсініп қолдану жолдарын
іздестіруде оқушыларға жаттығу ретінде класта, үйлерінде өз бетінше түрлі
есептер шығарудың мәні ерекше.
Физика есебі физикалық құбылыстар бойынша құрылған, шешуді қажет ететін
қиындықтары әртүрлі проблемалар, сұрақтар.
Физика есептерінің түрлері де, оларды шығарудың тәсілдері де көп. Есепті
шығару - күрделі процесс. Оқушы есептерді тақырып бойынша шығара алмайтын
болса , ол физиканы терең түсіне алмайды. Сондықтан оқу программасын
меңгеру үшін физикалық есеп жаттығулар керек- ақ.
Физика есептерін шығару үшін теорияны терең түсініп, іс жүзінде практикада
пайдалана білуі керек,шығармашылық еңбек ете білуі және терең ойланып
күрделі мәселелерді, құбылыстарды талдап, зерттеп шеше алатындай болуы
керек. Есептерді шығару кезінде оқушылар көптеген құбылыстардың заңдарын
анықтайды, теорияның маңынасын терең түсініп, өмірдегі ролін көреді,
техниканың жаңалықтарымен танысады,олардың физикалық негіздерін анықтайды,
жалпы білімдерін көтереді, политехникалық тәрбие береді.
Есеп шығару кезінде оқушылар физикамен бірге өздерінің матиматикалық
дайындықтарын тереңдетеді. Физика есептері матиматиканы жандандырады, оның
мағынасын артырады, оны шығаруда оқушылар түрлі электрондық есептеу
машиналарымен жұмыс істеп, есептеу техникасын үйренеді.
Оқушылар есептерді өз бетінше шығаруға дағдыланып үйренсе, теориялық
білімдерін практикамен ұштастыра алатын дәрежеге жетеді. Ол үшін оқушы
мектепте, одан тыс үйде есептеген есептер шығару керек.Оқушылар есепті
қызығып шығару үшін мұғалім әрбір сабаққа қажет есептерді таңдап,оның
мазмұнынның өмірдегі таныс құбылыстарға сәйкес келуін, тартымды,
проблемалық болуын қамтамасыз етуі керек. Есеп шығару сабақтары өте қызықты
ұйымдастырып шығару сабақтарын ұйымдастырудың бірнеше тәсілдері белгілі.
Әрбір сабақта жеке оқушылардың қаблеттерін ескерген жөн. Физикаға ереже
қызығатын оқушылар үшін ұйірмелер ашып, олардың қаблеттерін жетілдіре
түсіп, қиын есептерді ұсынып шығарту және де оларды физикалық
олимпиадаларға қатыстыру керек.
Физика пәнінде есептер шығару негізінен: жаңа білімді хабарлау үшін;
проблемалық жағдайларды туғызу үшін; практикалық іскерліктер мен дағдыларын
қалыптастыру үшін; білімнің тереңдігі мен беріктігін тексеру үшін;
материалды қайталау және бекіту үшін; оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамыту үшін қолданылады. Есеп шығару әрбір сабақтың құрамды бөлігі болып
табылады. Аралас сабақтарда оларды сабақ сұрау барысында және өткен
материалды бекіту барысында бірнеше рет қолданамыз. Қайталауды ұйымдастыру
үшін көбінесе аралас есептерді іріктеп аламыз. Есептер оқушылардың білімін
қадағалаудың аса тиімді құралдарының бірі болып табылады. Есептер
сипаттарына байланысты ерекшеленеді және мазмұндық сипатына байланысты:
нақты, абстрактілі, техникалық, тарихи түрде; дидактикалық сипатына
байланысты: жаттығу, шығармашылық, зерттеушілік, бақылау түрінде;
шарттарына байланысты: мәтіндік, графикалық, эксперименттік, сурет есептер
түрінде; күрделілігіне байланысты: қарапайым, күрделі, құрамалы, аса
күрделі түрде; талаптарына байланысты: белгісізді табуға, дәлелдеуге,
құрастыруға беріледі; шешу жолдарына байланысты: эксперименттік,
есептеушілік, графикалық түрде болады [9].
Есептерді осылай жіктеу шартты түрдегі мәнге ғана ие, өйткені, әрбір
есеп түрлі топтарға жатуы мүмкін. Есеп шығару барысында қандай логикалық
операциялардың қолданылатындығына байланысты оны шешудің жолдары
аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық-синтетикалық болып келеді.
Аналитикалық шешу жолы есепті бірнеше қарапайым есептерге бөлшектеуден
көзге түседі. Шешуді ізделінетін шаманы табудан бастаймыз, соның
нәтижесінде ізделінген шаманы табудың қажетті заңдылығы ашылады.
Заңдылықтың құрамына өзге де белгісіздер кіретін болса, онда оларды есептің
белгілі шарттарымен байланыстырамыз.
Синтетикалық шешу жолында шамалардың арасында байланыстар анықталып
теңдеуге қажетті белгісіз шама табылғанға дейінгі іздестіру жүргізіледі.
Аналитикалық және синтетикалық шешу жолдары қашан да бір бірімен байланысты
жүзеге асырылады. Есеп шешуге математикалық аппаратты қолданудың мынадай
жолдары бар: арифметикалық, алгебралық және геометриялық.
Арифметикалық тәсілде физикалық шамаларды теңдеу құрмай өзгертудің
математикалық амалдары қолданылады. Алгебралық тәсілде теңдеуді құру
физикалық формулаларға негізделіп ізделінетін физикалық шама анықталады.
Геометриялық тәсіл-есеп шығаруда фигуралардың геометриялық және
тригонометриялық қасиеттерін пайдалану қажет болғанда қолданылады. Мұндай
тәсіл-статика, электростатика, фотометрия, геометриялық оптика тарауларына
есеп шығарғанда қолданылады
Алгебралық тәсіл-физикалық формулалардың негізінде математикалық
теңдеулер құру арқылы шығарылады.
Графиктік тәсіл-есеп шығарғанда олардың жауаптары түрлі графиктерді
талдау негізінде алынады.
Эксперименттік тәсіл-есептер эксперимент жүргізу негізінде шешіледі.
Әртүрлі типтегі есептерді шешудің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне
қарамастан педагогикалық практикада есеп шығарудың мынадай жүйесі
қалыптасқан:
➢ Есептің шартымен, жаңа терминдер мен анықтамалардың
мазмұнымен танысып, есеп шартын қайталау;
➢ Есеп шартын қысқаша жазу, қажетті суреттер мен
сызбаларды СИ бірліктерінде жасау;
➢ Есеп шартын талдау;
➢ Есеп шығаруға қажетті физикалық заңдар мен формулаларды
еске түсіру;
➢ Есеп шығарудың жоспарын құрау;
➢ Ізделінетін шама және берілген шамалардың арасындағы
байланысты формула түрінде жазу.
➢ Теңдеулер жүйесін шешу;
➢ Ізделінген шаманы есептеп шығару;
➢ Алынған нәтижені талдау;
Есепті шығарудың өзгеше жолдарын іздеу және талдау.
Белгілі бір есептерді шығарудың барысында бұл жүйенің кейбір сатылары
қолданылмауы да мүмкін. Қазіргі уақытта физикалық есептерді шығаруда
алгоритмдік тәсілдер жиі қолданылуда.
Сабақ үстінде оқушыларды есеп шығаруға ұйымдастырудың нысандары мынадай
болуы мүмкін:
Есепті тақтада оқытушының өзінің шығаруы. Мұндай тәсіл типтік есептің
шығарылу барысын көрсету үшін болмаса күрделі есептерді шешу үшін
қолданылады. Оқытушы оқушылардың белсенділігін арттыру үшін оларды есепті
талдауға қатыстырады.
Есептің шешімін іздеу мен талдауды ұжымдық түрде жүзеге асырып, соңынан
оқушылардың бірі шешімді тақтаға, қалған оқушылар дәптерге жазады. Тақтада
күрделі есепті шығарған кезде бірнеше оқушы кезектесіп жұмыс жасауы мүмкін.
Алайда, мұндай ұйымдастыру барысында оқушылардың дербестігі мен
белсенділігі төмен болады.
Оқушылар ұжымдық талдаудан кейін есепті дербес шығарады. Оқушылардың
дербестігі мен белсенділігі жоғары болғандығына қарамастан барлығы есепті
бір мезгілде шығара алмайды. Соған байланысты бірқатар қиындықтар
туындайды. Осыған орай оқытушы есепті шығарудың барысын үнемі қадағалап,
оқушыларға кеңестер береді, кемшіліктері мен қателеріне көңілдерін
аудартып, түзетулеріне көмектеседі.
Физика есептерін шығару әдістерін қарастыру алдында, қазіргі кезде
қолданылып жүрген есеп шығарудың жалпы метадикасына тоқталайық.
1. Есептің шартымен танысу.
Оқушы есепте қарастырылып отырған мәселелерді толық ұғынып, қойылған
сұрақтарды анық түсінуі керек. Есептің шартына байланысты берілген
шамаларды, сұрақтарды, қосымша тұрақтыларды таңбалап жазу керек.
Экспирменттік есеп болса, қажетті құрал-жабдықтарды алдын-ала түгелдеп,
жұмыстың күйін тексеріп алу керек.
2. Есептің мазмұнын талқылау.
Есептің шартында берілген процестердің құбылыстардың қандай заңдарға
бағынатынын анықтап, ол заңдарды сипаттайтын формулаларды жазу керек.
Құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтау қажет. Координаталар системасын
ыңғайлы етіп алып, секторлы шамалардың бағыттарын, кеңістіктегі орнын
анықтау керек. Есепті талдау үшін мүмкін болған жағдайда оқиғаның суретін
салу, оның графигін сызу керек.
3. Есепті жалпы түрде шығару керек.
Есептің сұрауларына талдау беретін, проблеманы анықтайтын теңдеуді
жалпы формула түрінде қорытып шығару керек. Барлық уақытта осылай шығару
міндет емес, кейде есепті бөлшектеп, есептеулерді жүргізіп шығарған ыңғайлы
болады.
4. Есептеу.
Есепте берілген шамалардың барлығын ХБЖ өлшемдеріне келтіріліп, қорытып
алынған жалпы формулаға шамалардың сандық мәндерін қойып,математикалық
есептеулер жүргізу керек. Мүмкіндігі болса, арифметикалық жұмысты
микрокалькуляторларда, есептеу машиналарында жүргізген жақсы.
Есептің жауабын тексеру.
Есептің жауабы шындыққа жақын болуы тиіс. Көп жағайда сандық мәннің
шамасы есептің дұрыс шықпағандығын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы кез
келген дене жылдамдығы жарықтың вакумдағы таралу жылдамдығынан артық бола
алмайды.
Есеп шығару физикалық заңдарды терең және берік меңгеруге, логикалық
ойлаудың дамуына, ұғымпаз, инициативті, ерікті және қойылған мақсатқа
жетуде табанды болуға септігін тигізеді, физикаға деген қызығушылықтарын
оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі.
Физикалық есептер негізінен мазмұны, дидактикалық мақсаты, шығару
тәсілдері, жеке тарауларына қарай тарихи, политехникалық, қызықты,
шығармашылық және эксперименттік болып бөлінеді. Есептер берілу шарты
бойынша текстік, графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді.
Дидактикалық мақсатта олар қарапайым жаттығу, күрделі есеп болады.
Қарапайым есептер бір-екі формула мен заңдылықтарды, жеңіл эксперименттерді
пайдалану арқылы шығарылады, ал қиын есептерді шығаруда бірнеше бөлімнің
заңдылықтары мен формулалары, қорытындылары және эксперименттік дағдылары
пайдаланылады.
Физикалық есептерді шығарудың маңызы: оқушылардың логикалық және физикалық
ойлауын дамытады; физикалық ұғымдарды тереңірек қалыптастырады; әр сабақта
проблемалық жағдай қойып, оны шешуге жәрдемдеседі; физикалық құбылыстар мен
заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы
өзара байланыстарды анықтайды; пәнаралық байланысты орнатады.
Физикалық есептерді шығару арқылы оқытушы сабақта оқушылардың білімі
мен дағдыларын тексеріп бағалайды, жаңа тақырыпты түсіндіреді және оны
бекітеді, үйде өз бетінше жұмыс істетеді, олимпиада мен конкурстар
ұйымдастырады[10].
Жалпы, есептердің құрамы мынадай компоненттерден тұрады:
Есеп шарты-физикалық объект, ұғым, құбылыс, процесс және олардың күйі
туралы мәліметтерден тұратын бөлім.
Анықтау бөлімі-есепті шешудің мақсаты, яғни шешудің нәтижесінде нені
анықтау қажет екендігі көрсетілетін бөлім. Бұларға қосымша талдау және
есептің шешілуі бөлімі бар. Талдау бөлімінде есепті шешудің жолдары
көрсетіледі, яғни қорытқы формула қорытылып, талданып тұратын бөлім.
Есептің шешілуінде шамалық мәндері қойылып, математикалық есептеліп, дәл
нақты жауабын аламыз.
Физикалық есептер шығару әдістемесі қолдану нәтижелері :
1. Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығының, ынтасының және
физикалық білімдерінің деңгейі біршама артқандығын көрсетті
2. Оқушылар арасында жүргізілген физикалық бақылау жұмыстарының
нәтижелері оқушылардың есеп шығару қабілетінің деңгейі 10-15%-ға
жоғарылағандығын көрсетті.
Графиктік есептерді шығару әдістемесі.
Физиканы оқытуда графикалық әдістің маңыздылығы өте жоғары.
Графиктердің пайдаланылуы оқу материалын саналы түрде меңгеру, физикалық
заңдарды анығырақ түсінуді үйрену үшін қажетті шарт болып табылады деп
тұжырымдауға да болады. Физикалық үдерістерді графикалық түрде бейнелеу оны
көрнекірек етеді және қарастырылып отырған құбылыс түсінігін жеңілдетеді,
абстрактілі ойлау қабілетінің дамуына, сараптама жасау және салыстыру
қабілетін дамытуға, тапсырманы орындаудың тиімдірек тәсілін табуға
себептеседі. Графиктерді пайдалану туралы мәселе күннен күнге өзекті болып
бара жатыр. Сонымен қатар, графикалық тәсілді пайдалану физиканың
математикамен байланысын бекітуге себептеседі, абстрактілі математикалқ
заңдылықтарды нақты физикалық мазмұнмен толтырады. Толықтай жүйені құрайтын
графиктермен жұмыстың келесі әдістерін атап өтуге болады: ұсынылған
графиктермен жұмыс, график тұрғызу, тапсырмаларды графиктік тәсілмен
орындау, зертханалық жұмыс немесе практикум жұмыстарын орындау кезінде
есептеу жұмыстары нәтижелерін графикалық бейнелеу.
График бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға
болатын есептерді айтады. Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді
салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге
дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар
арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, ұқыптылыққа үйренеді, яғни
олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор. Оқушылардың техникалық
қабілетін дамытуда, оларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге
үйретеді, алған нәтежелері мен анықталған мәселелерін талдауда графиктік
есептердішығарту өте пайдалы. Оқушылар өздері есептеу нәтижесінде алған
графиктерін қадағалай отырып, ол нені түсіндіретінің, осы жалғыз (қисық па,
әлде түзу ме) сызықтың сыр-сипатында қаншама сыр жатқанын ұғатындай
дәрежеге көтерілуі керек. Шынында, бір сызықтың сыры соншалықты мол екенін,
оның әрбір нүктесі тұнып тұрған өзгерістер мен процестер екенін оқушылар
өздері біліп, өздері сезгені дұрыс. Оның үстіне графиктің ең кем дегенде
физикалық екі шама арасындағы функциялық тәуелділікті көрсететін кескін
сурет екенін, есептерді де, қарастырылатын қағиданы да оңайлататынын ескеру
қажет. Графиктік есептерді шығаруда қарастырылатын физикалық шамалар
арасындағы функциялық шеберліктерін дамытады: интеллектуалдық (салыстыру
қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу
және қорытындылау), пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі,
физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй
аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру), ұйымдастыру-
танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу,
техникалық құрылғылармен жұмыс істеген техника қауыпсіздігі мен пайдалану
ережелерін сақтау), еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену
дағдысы, ұсталық, т.б.).
Графиктік есептер - есептің берілу шартындағы графиктерді талдау жасау
арқылы оны шығаруға қажет шамалар анықталатындай етіп қарастырылады.
Графиктік байланыстар физика құбылыстардың динамикасын ашып айқындауға
көмектеседі оның көнекілік жағын күшейтеді. Есептелуді жүргізу кезіндегі
пайдаланылған матиматикалық аппаратқа байланысты физика есептерін шығарудың
арифметикалық алгебралық және геометриялық тәсілдері практикада
қолданылады[11].
Сапалық есептерді шығару әдістемесі.
Сапалық есептер ауызша шығарылады. Оқушыларда сапалық есептерді саналы
тұрғыда шығару дағдысын тәрбиелеу үшін, мұғалімнің олармен белгілі бір
жұмыс жүйесі және ойластырылған оқыту методикасы болуы керек. Есепті дұрыс
таңдап алудың маңызы да аз емес. Есептің алғашқы кездерінде оқушылардың өз
тәжірибесінен белгілі құбылысқа немесе фактілерге түсінік беру ұсынылатын
есептер дұрыс болады. Бұлардан оқушылар өмірмен байланысты көреді.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында VII сыныптан бастап-ақ
есептердің шартына оқушылар үшін жаңа деректерді, техникалық мәліметтерді
енгізген жөн. Есептерді таңдап алуда мектептің айналасындағы өндірістің
сипатын және жергілікті жағдайларды ескерудің маңызы зор.
Сапалық есептерді шығару үш кезеңнен тұрады: шартын оқу, есептің
анализі және шешуі.
Есеп мазмұнын анализдеу кезінде ең алдымен оқушыларға берілген
тақырыптан белгілі ортақ заңдылықтарды пайдаланады: осыдан кейін есептегі
айтылған құбылыс нақты қалай түсіндірілуі тиіс екенін айқындайды. Сапалық
есептерде шарттың анализі негізделген керекті жауаппен тығыз байланысты.
Сапалық есептер сабақта және сабақтан тыс тапсырмалар бергенде
қолданылады. Сапалық септерді шешу – физиканы оқытуда қазіргі кезде көп
қолданылады. Мұнда қызығушылықтың пайда болуы – табысты оқытудың қуатты
факторы болып табылады. Проблеманы шешу үшін өз білімін пайдалану
оқушылардың оқуға деген қызығушылығын туғызады, ал ынтасын туғызу оқытудың
негізгі нақты мақсаты болып табылады.
Мысалы мынадай типтегі есептер жиі кездеседі. Қайсы жылдамдықтар
үлкен, 15 мс па әлде 72 кмсағ па?. Бұл есепті былай айтсақ қызық болар
еді. Қасқырдың жылдамдығы 15 мс болса, онда ол жылдамдығы 72 кмсағ
киікті қуып жете ала ма?.
Мүмкіндігінше сабақта осындай шешкен өте тиімді. Есептерді
құрастырғанда әдеби кітаптар, кейбір тарихи деректер, аңыздар, ертегілер,
ғылыми жаңалықтарды ескерген дұрыс. Ол біздің күнделікті әлеміміз, ол жер,
су, еліміз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, тарихымыз. Міне осының бәріне біз
өзіміздің махаббатымызды білдіреміз[12].
Эксперименттікк есептерді шығару әдістемесі
Эксперименттік есептер мәтінді есептерге қарағанда, дайындыққа және
шешуге көп уақыт қажет етеді, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылар
экспериментті тұрғызуға дағдылану керек. Бұндай есептерді физиканы оқытудың
сапалық жағына оң әсерін тигізеді. Эксперименттік есептердің
артықшылықтары:
Барлық эксперименттер сияқтыэксперименттік есептер оқушылардың сабаққа
қатысу деңгейін едәуір көтереді, логикалық ойлау қабілетін арттырады,
құбылысқа анализ жасауға үйретеді, сабақта алған практикалық дағдысын
ескере отырып оқушы терең ойланады. Эксперименттік есептерді шешу
оқушыларды бірлікке ұмтылуға, өз күштерімен білімді игеруге, дүниені тануға
құлшынып ұмтылуға тәрбиелейді.
Эксперименттік есептер оқушыларға шынайы білім алуға үйретеді,
эксперименттік есептерді шеше отырып, оқушылар нақты мысалдарға көз
жеткізеді, атап айтқанда, практикалық сұрақтарды шеуге өз мектептерінің
білімі сай екендігіне, бұл білімнің көмегімен физикалық құбылыстарды
байқауға, оның заңдылықтарымен физикалық құбылыстарды басқаруға
болатындығын және т.б. Осылай теориялық және кітаптардағы болжамдар нақты
шын мәнге ие болады. Эксперименттік есептерді шығару оқушыларға берік
негізі бар білім алуға, бұл білімді практикада да өмірде де қолдануға
үйретеді.
Эксперименттік есептерді шығару және шешімін тәжірибе жүзінде тексеру,
оқушылар физикалық заңдардың объективтілігіне, алған білімдеріне әрқашан
толық сенуге, практика мен тәжірибе теориялық білімнің критериясы
екендігіне, практика жүзінде тексерілген білім адамға ең қымбат білім
екендігіне көздерін жеткізеді. Қиын практикалық есептерді шығарғанда,
қоршаған құбылыстарды тануғаэксперименттің үлесі жоғары.
Эксперименттік есептерді шешуде оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуі,
оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін
дамытады. Бұнда оқушылар есеп жоспарын құрып қана қоймай, сонымен қатар
кейбір мәтіндерді есептеу жолдарын қарастыру, өз беттерімен құралдарды
жинау зерттелетін құбылысқа сай құралдарды таңдап алу, конструкциялау
керек.
Эксперименттік есептерде талдау оқушыларды өлшеу нәтижелерін дәлдікпен
алуға жүргізілетін эксперименттердің берілгеніне мұқият мән беруге
үйретеді. Практикада олар өлшеу нәтижелерінің әрқашанда жуық екендігіне
және оларға әртүрлі себептер әсер ететіндігіне көз жеткізеді. Сондықтын,
эксперимент жүргізгенде барлық зиянды нәрселерді болдырмау керек.
Эксперименттік есептердің ерекшелігі олар шын мәнінде берілімдері толық
емес есептер болып табылады. Мұндай есептер, оқушылар өмірде кездестіре
алатын құбылыстарға елеулі түрде жақын болып келеді.
Білімді игерудің нәтижелілігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім
мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе- бет
келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдауы арқылы артады. Бұл жағдайда
физикалық эксперименттің маңызы зор.
Эксперименттік есептердің шешу тәсілдері оларды шешудегі
эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық
шамалар берілсе және жауабын тәжірибеде тексеру қажет болса, онда есептің
шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау
қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде
алынса, онда экспериментті қою және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі
элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды талдау, өлшеулер жүргізу,
есептеулер, тәжірибеде тексеру.
Есепті қойылуынан кейін бірден тәжірибені орындауға көшеді. Өтіп
жатқан құбылысты бақылайды. Содан кейін оны теория жүзінде түсіндіреді[13].
Сандық есептерді шығару әдістемесі.
Күрделі сандық есептерді шығару сабақта әдетте мына элементтерден
құралады: есептің шартын оқу, шартты қысқаша жазу және оны кайталау,
суретін, схемасын немесе чертежін салу, есептің физикалык мазмұнын
анализдеу және оны шығару жолдарын (тәсілдерін) айқындау, шешу жоспарын
кұру және жалпы түрдегі шешуін орындау, шамалау және есептеулер, нәтиже
анализі және шешуін тексеру.
Күрделі есептерді шығарудың келтірілген схемасы окушылардың оның
мазмұны мен шығару барысын біртіндеп жан-жақты ойластыруын қамтамасыз
етеді.
Келтірілген схема үлгі ретінде алынған. Әрбір есепті шығарған сайын
барлық кезеңін қолдану міндетті емес. Мысалы, есеп-теу есептерін шығару
кезінде шешуді жалпы түрде үнемі орындай бермейді; сұрақ-есептерді шығарған
кезде есептеулердің қажеттігі болмай қалады.
Күрделі есепті шығару әдістемесінің кейбір кезеңдерінің сипатына
қысқаша тоқталайық.
Есептің шартын оқу. Текст анық, мәнерлі, асықпай оқылуы тиіс. Көптеген
жағдайларда есептің шартын мұғалімнің өзі_оқығаны жөн. Алайда тақтаға
шакырылған оқушыларға да біртіндеп есептің шартын дауыстап оқуды үйреткен
жөн. Мынадай әдіс те нәтижелі: мұғалім сыныпта шығаруға белгіленген есепті
оқушылардың өздеріне зейін қойып оқып шығып, соңынан өз сөзімен мазмұнын
айтып беруді ұсынады.
Есептің шартын оқыған соң, мұғалім жана терминдердің, қиын ұғымдардың
мағынасын түсіндіреді (егер оның қажеттігі болса). Кейде мұғалім
оқушылардан жаңа терминдерді олардың калай түсінетінін өздері түсіндіруін
ұсынады. Талқылау нәтижесінде дұрыс түсінікке келеді. Осыдан кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz