Салық төлеудің міндеттілігі


Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оның даму кезеңдері
1. 2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің атқаратын қызметтері, және оның механизімі
1. 3 Дамыған мемлекеттердің салық жүйесінің тәжірибесі
2 Салық жүйесі бойынша салықтық және салықтық емес түсімдерді талдау (Атбасар ауданы мысалында)
2. 1 Атбасар ауданы бойынша кірістер мен салық түсімдерін талдау
2. 2 Жергілікті бюджеттің кірісі мен салықтық түсімдерін талдау
3 Қазақстан Республикасының қазіргі заман талабына сай салық жүйесін жетілдіру жолдары
3. 1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму болашағы, проблемалары мен оны шешу жолдары
3. 2 Салық жүйесін ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету және салықтық төлемдерден жалтарынудың алдын алу жолдары
3. 3 Қазақстан Республикасы салық жүйесін жетілдіру мәселесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
3
5
11
18
26
29
36
79
41
47
61
64
83
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік тұрақты экономикасын құруда салық жүйесі маңызды орын алады. Салық жүйесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық жүйесі - нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Өз кезегінде жүргізілген салықтық реформалардың тиімділігі мемлекеттің экономикалық даму проблемаларын шешу қызметін атқарады. Салық - бұл белгілі бір көлемде, белгілі бір мерзімде жалпы мемлекеттік қажеттіліктер үшін өкілетті мемлекеттік органдардың актілері негізінде бюджетке төленетін заңды және жеке тұлғалардан қайтарымсыз төлемдері.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап дамып және нығайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қаблетті, әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағыты айқындады. Сол басылымдардың ішінде салық мәселесі үлкен орын алады, сондықтан оның өзі Қазақстанды жаңа белеске көтеру үшін экономикалық өрлеудің іргетасы болмақ. Яғни экономикалық саланы жаңарту және жаңғырту, қарқынды дамыту жолдарын ұсыну, алға қойған міндеттердің бірі саналады.
Осы аталған мәселе - дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзектілігін көрсетеді.
Негізінен алғанда салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі болғандықтан ол арқылы меншігі мен қарыздардан түсетін табысын ерекшелендіреді.
Қазіргі жаңа салық кодексі бюджетке түсетін міндетті төлемдер құрылымын, сонымен қатар ставкаларын қайта қарастырулармен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді жылына бір рет келесі жылдың қаңтарынан бастап шектеуді ұсынады. Мұндай қадам ол заңдылығының бірқалыптылығын және нақтылығын қамтамасыз етуге тиісті. Оларды қолдану ерекшеліктерінің түсінікті жазылуы және операцияның жеке түрлерінің, мәліметтер көздерінің, жақтардың өзара қызметтері мен өзара тәуелділігі түсінікті түрде енгізілген.
Дипломдық жұмыста: - Қазақстан Республикасының салық жүйесіне толықтай сипаттама беріліп, қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастыру көзделген.
Салық салудың негізгі мақсаты - мемлекет қазынасын толыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып айқындалған.
Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы болғандықтан оның макроэкономикалық рөлі жылдан жылға артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады.
Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде - жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салық жүйесінің ерекшеліктерін және оның ұйымдастырылуына талдау жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер орындалды:
- салықтың экономикалық мәні, түрлері, қызметтері;
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму кезеңі;
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ерекшеліктері;
- Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ұйымдастырылуы мен даму болашағы
- проблемалары мен оны шешу жолдары;
- салық жүйесін ақпараттық қамтамасыз етілуі.
Дипломдық жұмыстың объектісі - Атбасар ауданының салық Депортаментінің салықтық қызметтері.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік актілер және заңнамалар, ҚР статистикалық агентствосының ақпараты, Атбасар ауданының салық комитетінің мәліметтері қолданылды.
Зерттеу әдістері. Диплодық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік, функционалды талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
- бірінші тарауда Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның қалыптасуының теориялық негіздері жайында қарастырылған.
- екінші тарауда Қазақстан Республикасының Атбасар ауданы бойынша бюджеттік түсімдері мен салықтық төлемдеріне талдау жасалынған.
- үшінші тарауда Қазақстан Республикасының қазіргі заман талабына сай салық жүйесін жетілдіру жолдары қамтылған.
Дипломдық жұмыстағы зерттеудін нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оның даму кезеңдері
Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды [1, 11 б. ]
Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 кұндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т. б. алынған. Тауар-ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген) .
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, «Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық - заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық дегеніміз - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықтың теориялық және тарихи негіздерін қарастыра отырып салықтың пайда болу күнін анықтау мүмкін емес. Ұзақ уақыт аралығында адамдар салықты объективті қажеттілік ретінде қолданды. Тек қана 15 ғасырдан бастап ғалымдар ақша қатынасының жүйесін мемлекеттің экономикалық қызметтерін экономикалық негізді зерттегенде салықты алғаш қайта ойлау әрекеттері пайда болады. Дәл осы кезеңде А. Монкретьен салық реформасын ұсыну туралы ой қозғады және алғаш рет мүлік кадастр негізінде табыс салығының жаңа түрін ұсынды. Яғни, салықтың прогрессивті түсіндірілуі ұсынылды.
Воронованың берген анықтамасы бойынша салықтар түсінігі мынадай: Салықтар белгілі бір мөлшерлер мен мерзімдерде жайып мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің уәкілетті органдары актілерінің негізінде заңды және жеке тұлғалардың бюджетке өткізетін өтемсіз төлемдері.
Адам тарихында бірде бір мемлекет салықсыз өмір сүре алмаған. Салықтар, оларды ертеде «подати» деп атаған, әскери өніммен және өндірудің ең ежелгі тәсілдері болып келеді деп белгілеуге болады.
Вашингтондағы АҚШ-тың (Америка Құрама Штаттары) салық мекемелерінің ғимаратының бірінің сыртындағы жазу еске түсіреді: «Салықтар - өркениетті қоғамның бағасы». Американдықтар да біз сияқты салықтарды төлеуді жақсы көрмейді. әрбіреуі өздігімен: «Өркениетті қоғамның бағасын басқа біреу төлесін. Халық көп және егер мен төлемесем не мемлекетте не өркениетте әсіресе құлдырамайды» деп санайды [2, 20 б. ]
Сондықтан да мемлекет әрбіреуіміз бөлек төлеуден салықты алуды көп мүдделілі болғандықтан, қатал салықтық міндеттерді құруға мәжбүр және олардың атқарылмауы аз дегенде мемлекеттік мәжбүрлердің қатал түрлерімен әрі кетсе тумаған салық төлеушіні қылмыстық іске тартуға дейін жетеді. Бенжамин Франклин америкалық мемлекеттендірудің «негіздеуші - аталарының» бір афоризімінде: «Өмірде екі нәрсе сөзсіз: өлім мен салықтар» деп айтылған. Салықтар барлығын да тиымсыздандырады. Және олар туралы көп айтылды.
Салық жүйесінде салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі - бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Салықтардың ашық түрде болуы Адам Смиттің атауы бойынша салық мемлекеттің құқық түрінде көлемі мен төлеу мерзімі белгіленген жүктемесі. Жалпы қоғамның мүддесі үшін мемлекеттің өмір сүруі үшін мемлекеттің салық жинау құқы туындайды, яғни салықтар - заңмен негізделген, ашық түрдегі мемлекеттік алым.
Атақты экономист Адам Смит салықтарды ұтымды ұйымдастырудың төмендегідей классикалық принциптерін ұсынған:
- салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;
- салықтың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын алу, әрі нақты белгіленуі тиіс;
- әрбі салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс. Нақтырақ айтсақ әділеттілік, анықтылық, қолайлылық, жалпылық.
Бұл принциптердің қолданылуы салық салудағы қиыншылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтіреді.
Сондықтан Адам Смиттің ойынша «Салық - төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» деп жазған. [3, 27 б. ]
Адам Смит принциптері, салық саясатының «аксиомаларына» айналған олардың өздерінде болатындардан басқасы жай және белгілі болғандығының арқасында ешқандай басқа да түсініктер керек емес. Жаңа уақыт кезеңіне сәйкес бүгінгі таңда бұл принциптер кеңейтілген және толықтырылған. Салық салудың қазіргі таңдағы принциптері манадай:
- Салық ставкасының мөлшері салық төлеушінің мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленуі керек, яғни табыс көлеміне сәйкес. Табыстан алынатын салық прогресивті болуы тиіс.
- Табысқа салық салу біртекті сипатта болуы үшін барлық күш салынуы қажет. Табыстың немесе капиталдың бірнеше салық салынуы мүмкін емес.
- Салық төлеудің міндеттілігі. Салық жүйесі салық төлеушінің оны төлеудің бас тартуына мүмкіншілікті қалдырмауы керек.
- Салық төлеудің жүйесі мен процедурасы салық төлеушілерге жайлы түсінікті және ыңғайлы болу керек және де салық жинайтын мекемелерге экономды болуы тиіс.
- Салық жүйесі өзгеріп жатқан қоғамдық-саяси мұқтаждықтарға жеңіл бейімделуі және икемді болуы керек.
- Салық жүйесі жалпы ішкі өнімді қайта бөлуді қамтамасыз ету керек және мемлекеттік саясаттың тиімді құралы болуы тиіс.
Салықтың мәселелері өте қиын және қарама-қайшылықты болып келеді. Салық төлемінің заңдық құқығы мен мүддесін толық әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін салық жүйесіне енгізілген идеалдылықты бүгінгі кезде айтуға әлі ерте.
Салық жүйесінде салықтар экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында мынадай үш қызметті атқарады.
Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл - қазыналық. Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге нормативтік құқықтық актілер негізінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі - түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджет саясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі - бақылау (реттеу) . Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді) . Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық тұсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі - қайта бөлу. Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысында жұмсалуына қадағалау жасайды. [4, 90 б. ]
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Салық қызметінің міндеті - бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.
Салық - бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Салықтың мақсаты - мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап көрсетілген, Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.
Салықтардың шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары арқылы жүзеге асуда.
Жаңа салық кодексіне сәйкес, салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдер құрылымын, сонымен қатар ставкаларын қайта қарастырулармен байланысты өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді жылына бір рет келесі жылдың қаңтарынан бастап шектеуді ұсынады. әрине, мұндай қадам салық заңдылығының бірқалыптылығын және нақтылығын қамтамасыз етеді.
Салық - бұл мемлекеттік заңдылықтар негізінде мемлекетпен өткізілетін заңды және жеке тұлғалардан міндетті түсімдер мен алымдар. Қазақстан ғалымы Е. В. Похоров өте бір қызық ереже ұсынды. Оның ойынша «салық» - бұл жоғары мемлекеттік билік органдармен (парламентпен) заңдар арқылы біржақты белгіленетін міндетті, төлеусіз және қайтарымсыз ақшалай төлемдер, олар әрдайым өкілеттік органдармен заңды және жеке тұлғалардан өндіріліп алынады, мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті) есептелу жолымен мемлекеттің кіріспе (мемлекеттік меншікке) енеді және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі. Бұл анықтама әдебиетте ұсынылған барлығынан жақсыларының бірі болып табылады және эксперттер бойынша дұрыс көзқарас ұсынады. [5, 40 б. ]
Салық заңды және жеке тұлғалардың міндетті түрде мемлекеттің қаржы ресурсын қалыптастыруға қатысуы тиісті. Сонымен бірге, қайта болу инструменті болып, салықтар болу жүйесіндегі болатын шығындарды санау немесе басқа қызмет нышанында дамуда ұстауға негізделген.
Салықтың экономикалық белгісіне мыналар жатады:
- Салық бұл материалдық төлем, яғни салық төлеу әрдайым салық төлеушінің мүлігін (әрине, ақша құралдарын) мемлекет пайдасына шеттету;
- Салық бұл ақшаны қайтарымсыз өндіріп алу (төлету) . Салықты төлеу кезінде құнның біржақты қозғалысы жүзеге асады, яғни тек қана салық төлеушіден мемлекетке қарай;
- Салық салық салу объектісінің мәнімен сипатталады;
- Қазіргі таңдағы мемлекет, салықты төлетуде «қанша алғысы келсе, сонша алып қою» принципі бойынша қызмет істей алмайды. Салықты белгілейтін нормативтік актілерде әрдайым сол немесе басқа тәсілмен салық көлемі анықталады (табыстан пайыз түрінде, нақты тіркелген сома және басқа да түрде) . Салықтың анықталған көлемінің бар болуы салықтық міндеттеме мазмұнын қалыптастырады, салық төлеуші мемлекетке қанша салық төлеу керек екенін біледі.
Өзінің спецификалық белгісіне байланысты салық мемлекеттің табысын қалыптастыратын басқа төлемдерден ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасында нақты Кодекспен белгіленген салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдер қызмет жасайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясында салықтар мен бірге «алымдар» сияқты басқа да түрлерді еске алады.
Біріншіден, салықтың белгісі төлемсіз және баламасыз болып келеді; алым қатысты баламалы төлем болып келеді - алымды төлеп субъект мемлекетпен бір құқық немесе рұқсат алады.
Екіншіден, салықты төлеу себебі бойынша мемлекетпен қарым-қатынасқа түскен тұлғалар төлеу субъектісіне мәжбүрлеу сипаттамасын алып жүреді: алымдарды төлеу себебі бойынша тұлғалардың мемлекетпен қарым-қатынасқа түсуі оған ерікті сипатта болады, өйткені алымды төлеу жайымен мемлекетке жолығудың өзі ерікті болады.
Мемлекеттік баж - бұл міндетті төлем, заңды мағынасы бар әрекеттер үшін алынатын немесе өкілеттіліктермен оған мемлекеттік органдармен және мамандық тұлғалармен құжаттарды беру үшін төлетулер. [6, 48 б. ]
Салық өлшемі болып төлеушінің төлеу қабілеті есептеледі. Баж - бұл міндетті төлемдердің ең ежелгі түрі. Бұл оларды төлеудің төлеушіге ыңғайлығымен немесе бажды төлеуден бас тартуға өте қиын (мысалы, жол бажы), немесе оны төлеуге өзі мүдделі, өйткені белгілі-бір мемлекеттік жағдайды пайдаланады. Сонымен баж салыққа қарағанда қатысты баламалы сипаттта болады, ол оларды алымдармен жақындастырылады.
Өндіріп алу тәсілі немесе салықтарды салу объектісі бойынша салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салық - тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерден алынады. Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы мүлік салығы.
Мәселен жеке тұлғалар бүгін салық төлеуші болмаса да, ол ертеңгі күні міндетті түрде салық төлеуші болып табылады. Себебі ол белгілі бір жұмыс атқарады, табыс табады, мүлік иесі болады.
Жанама салық - тауар бағасына қосылады, және тауарды сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынады. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы.
Жанама салықтардың ауыртпалылығы тауарларды соңғы тұтынушы азаматтарға түседі. Жанама салықтарда төлеу көзін мемлекеттің өзі тауар бағасна директивті тәртіппен үстеме бекіту жолымен қалыптастырады. Жанама салқтар - тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады, өйткені тауар бағасынанемесе қызметке, тарифке үстеме түрінде қосылады және сатып алушы төлейді.
Жанама салықтар былайша бөлінеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz