Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛУНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға халық педагогикасының
әсері және
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 7
1.2 Оқушылардың сөздік қорын дамытудың жолдары мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ..14
1.3 Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы, сөйлеудің
анатомиялық, физиологиялық механизмі мен сөйлеуі мен естуінде ауытқулары
бар
балалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.4 Сөйлеу процесінің анатомиялық – физиологиялық
механизмі ... ... ... ... ... ... .. 23

2. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ІСТЕЛЕТІН МҰҒАЛІМ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ.

2.1 Байланыстырып сөйлеуді дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.2 Байланыстырып сөйлеуді қалыптастырудағы қалып қойған аралықты толтыру
жолындағы мұғалім жұмысының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.3 Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
2.4 Сөзді өзгерту және сөз жасау дағдылары мен байланыстырып сөйлеуді
дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқытудың, білім берудің алғашқы
деңгейінің мазмұнындамсы баланың сөз байлығын дамытудың, оның ойы мен тілін
дамытуда еркін сөйлеуге үйретуде алатыны ерекше аталған. Өкінішке орай,
қазіргі кезде өзіміз көріп – біліп жүргеніміздей, отбасында, көптеген ата –
аналар бала тілін дұрыс тәрбиелемеуден, олармен қарым – қатынаста екі тілді
сөйлеуі, өнегесіз тәрбие салдарын, балалардың денсаулық жағдайлары, мен
педагогикалық қараусыздықтан елімізде психикалық дамуы тежелген балалар
саны жылдан – жылға арта түсуде.
Бастауыш сынып оқушыларның сөйлеу тілінің ерекшеліктерін зерттеген
ғалымдарды атап өтсек: сөздік қорының шектелуі жайлы зерттеген (Т.В.
Егорова, С.Г. Шевченко), сөз жасау процесінің қалыптасуының өзгешелігін
(Е.С.Слепович, Г.Д. Тригер) күрделі грамматикалық құрылымдарды қолдану және
түсінудегі қиындықтарды (Г.Н.Рахмакова, Л.В.Ясснан), жазба тілінің
қалыптасуының ерекше өзгешелігін ( Н.А.Сыпина, Р.Д.Тригер, Г.Н.Рахмакова)
тілдің реттеу функциясының жеткіліксіздігін (Д.П. Пускаева, А.Д.Кошелева,
И.А. Коробейников) тар зерттей Қазақстандық Қ.Молдабеков бастауыш сынып
оқушыларының оқулықтары мен балалар әдебиеті мәтіндерін лингво –
статистикалық әдіспен зерттеу арқылы балалар тілінің даму динамикасын
анықтауға біраз еңбек сіңірді.
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін қалыптастыру
мәселесі ана тілімізде толық, арнайы зерттелген емес.
Олай болса, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму
ерекшеліктерін теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай ана
тіліміздегі қазіргі ғылыми әдебиетерде жеткіліксіз қарастырылуы мені
дипломдық жұмыс тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін
дамыту деп таңдауыма себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
ерекшеліктерін көрсету, олардың тілін мектепке дайындығын анықтау,
Балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын теориялық-әдістемелік тұрғыдан
сараптаған ғылыми әдістемелік әдебиеттер негізінде әдіс-тәсілдерді талдап,
сөйлеу тілін дамытуға бастайтын жолдарды тұтастықта тану.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму
ерекшеліктерін ескере отырып, олардың сөйлеу тілін дамыту әдістері,
жолдары.
Зерттеудің нысаны: бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
үдерісі.
Зерттеудің болжамы: егер де оқу үрдісінің әр кезеңдерінде оқушылардың
сөйлеу тілін дамытуда ғылыми – педагогикалық, жан – жақты тұлғалық,
бағдарлық негізде талдау жасалып, оқу - тәлімдік мәні айқындалса және ол
әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу
тіліның даму негізінде білім деңгейі көтеріліп, дербестігі мен
шығармашылығы қалыптасар еді.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдебиеттерге теориялық талдау жасап, зерттеу,
жүйелеу, бастауыш сыныптардағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға көмек
көрсету мәселесін талдап, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу,
байқау, эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту проблемасын теориялық
тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде дамытудың перспективалық
бағыттарын айқындау.
- Орта мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту
моделін құру.
- Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамуының тәжірибиеден өткізу
арқылы бұрынғы оқушылардың сөйлеу тілінің дамуын анықтау.
- Жүргізілген тәжірибиеге негіздей отырып, оқушылардың сөйлеу тілі
түзетілуінің даму жолдарын көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Бастауыш сынып оқушыларындағы сөйлеу тілін дамыту жолдарын зерттеу
деңгейлерін талдау арқылы сипатталды.
← Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту ұғымының мәні
зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
← Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудың жолдары
айқындалды;
← Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарының ғылыми-
әдістемелер жүйесі ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп,
ұсыныстар жасалды;
Зерттеудің теориялық мәні: Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің
дамуына көмек көрсетудің жолдарын қалыптастырудағы іс-әрекеттің
диалектикалық қағидалары, қоғам, мен ой-пікірдің даму заңдылықтары.
Зерттеудің тәжірибелік мәні:
Зерттеу мазмұны, қорытындылары және әдістемелік ұсыныстарды бала-
бақшаларда, мектептерде, әлеуметтік педагогтар, психологтар, яғни
педагогикалық кадрлар даярлау жүйесінде және білім беру жүйесінде кадрларды
қайта даярлау, мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында, оқу-
тәрбие үдерісінде қолдануға болады.
Дипломның құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
практикалық бөлім және қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан
тұрады.
Кіріспеде: зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, нысаны, пәні, ғылыми
болжамы, зерттеу міндеттері, зерттеу көздері, әдіснамалық негізі мен
зерттеу әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық
мәнділігі қорғауға ұсынылған тұжырымдар, зерттеу кезеңдері, дипломның
құрылымы қарастырылды.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту атты бірінші бөлімде
мәселенің даму генезисі, зерттелу деңгейлері сипатталды. Негізгі
ұғымдардың мәні ашылды, оларға өзіндік тұрғыдан анықтама берілді. Бастауыш
сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудың қызметі, мақсаттары, міндеттері,
ұстанымдары сипатталады, Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін
дамытудағы жас ерекшеліктері анықталды.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту тақырыбына жазылған
екінші бөлімде Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудың мазмұны
түсіндіріліп, оларға педагог, мұғалім-педагог – ата-ана жүйесі іске асыру
тәжірибесі сипатталды, педагогикалық алғы шарттар айқындалды.
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының
сөйлеу тілін дамытудың тұжырымдары мен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу
нәтижесінен туындаған қорытындылар мен ұсыныстар беріліп, зерттеу
мәселесінің болашағы көрсетілді
Зерттеу базасы: Бұланды ауданы № 5 орта мектебі

1 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға халық
педагогикасының әсері және орны

Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінде жалпы білім беретін
мектептердің орны ерекше. Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасында білім беру деңгейлерінің бірінші сатысы-бастауыш білім, 1-
4 сыныптар деп белгіленген. Бұл жаста баланың ақыл-ойының дамуы, оқу мен
тәрбие ісіндегі оқу мен жазу жұмыстарының саналы, сапалы ұйымдастырылуы оң
нәтиже беретіні сөзсіз. Ал оның негізгі кілті оқу, сөйлеу дағдысын
жетілдіру, дамыту, қалыптастыру болып табылады. Қоғамда қызмет істеуге және
өмір сүруге қажетті білім көлемі оқушылар үшін бастауыш сынып
оқушыларыныңтан басталатыны белгілі. Бастауыш мектептегі балалардың оқуға,
білім алуға деген ықыласын ояту, оқу дағдыларын тұрақтандыру арқылы сөз
байлығын сыныптан-сыныпқа көшкен сайын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру ісі
оңай шаруа емес. Бұл ретте халық даналығының қайнар көзіне бойлаған ұстаз
ғана нәтижеге жетеді. Психолог ғалымдардың анықталу бойынша, баланың ой-
өрісін, интеллектің дамуы ана тілінде оқып, білім алу арқылы жүзеге асады.
Адам қай кезде де өз ойын сөз арқылы жеткізетіні мәлім. Ал сөзге шебер, сөз
қадірін білетін қазақ ұлтының ерекшелігін талай ойшылдар, орыс ғалымдары
айтып кеткендігі тарихтан аян. Республикада жалпы білім беру жүйесінің
мазмұнының ғылыми-әдістемелік негізін айқындаумен айналысатын Ы.Алтынсарин
атындағы ғылыми-зерттеу институты, кейінде Ы.Алтынсарин атындағы қазақ
білім академиясының мамандары бала тәрбиесінде оқыту мазмұнын анықтауда
халықтық педагогиканың таусылмас қайнар көзін ұтымды пайдалану турасында
көп тың ойлар айтты. Педагогикалық ойлардың анталогиясына арналған жинақ
шығады. Осы материалдарда бастауыш сынып оқушысының сөз байлығын дамытуда
ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар, хикая, аңыздардың өлшеусіз
мүмкіндігі бар екендігі айтылған. Отбасында бастауыш сынып оқушыларының
алдымен ата-анасының әлдиін естіп, ертегіге қанып өссе, біз үшін бұл мәселе
айтулы дәрежеде проблема болмас еді. Бала тәрбиесі-бесіктен деген
тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен
халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған. Халық қашан да өскелең ұрпақты
тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп
отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар-мақал-
мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар, ойын өлеңдерінің
әрқайсысының баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-
тәрбиесінде терең мән жатыр.
Мақал-мәтелдер-ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген
даналықтың жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз,
парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Олар-көлемі жағынан
шағын болғанымен, мазмұны кең, ойы терең, тілі өткір де бай мұра. Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі,
көңілге түйген ақылының кені жатыр. Мысалы, тіл өнері, сөз қадірі туралы
мақал-мәтелдердің де үйретері мол.
Тіл қылыштан өткір.
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле,-деп ескерткен.
Мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа да нұсқа түрде жеткізуге үйретеді,
сөз қадірін түйсінтеді.
Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің
бірі-жұмбақ. Ол халықтың ойынан, қиялынан туған ұтқыр да бейнелі
шығармасы.Қазақ халқында жұмбақ ерте заманнан қолданылып, қарым-қатынас
жасаудың ерекше бір құралына айналғаны белгілі. Үлкендер арасында адамды
тану, сынау, әзіл-қалжың, шешендік шеберлігін байқату ойын түрінде
қолданылса, балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр-сырын білдіртуге, танымы мен
қиялын ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында
қолданған. Жұмбақтар нәрсенің, заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін
сипаттау, ішкі мазмұнын білдірту, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа
нәрсеге теңеу, ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі.
Жұмбақтардың мазмұнында тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.
Жұмбақталатын нәрсенің ішкі және сыртқы сапа белгілерін сипаттай, оларды
айқын ажырату арқылы.
Бір нәрсе іші қуыс сырты томпақ.
Болады денесінде үш-төрт құлақ. (қазан)
Жасырылған затты тұспалдай, өзіндік ерекшеліктерін атай отыра жұмбақтау.
Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
Өзінің мекнінен шығып кетсе,
Тіршілік көремін деп үміт етпес. (балық)
Жұмбақталған затты екінші бір нәрсемен салыстыру, ерекшелігін ұқсата жасыру
мағынасында.
Екі кісі қарауыл қарайды,
Бір кісі шөпшек тереді. (түйенің өркеші,ерні)
Теңей ауыстыру мағынасында жасыру (метафора).
Сұм жүзді,құралай көзді
Киікше секірген
Бура санды,жолбарыс тонды. (құрбақа)
Эпитет, зорайту арқылы теңей қолдану мағынасында.
Зер –зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем, зор кілем.
(Жер)

Теңеу,салыстыра ұқсату мағынасында жасыру.
Тұрса түйедей,
Жатса қояндай. (Ер тоқым)
Баламалау, ауыстыра екінші затқа ұқсата айту мағынасында.
Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді. (Түтін)
Төрт бала бірін-бірі қуалайды.
(Арбаның дөңгелегі)
Әсірелеу, жұмбақталған заттың қасиетін зорайту мағынасында. (Гипербола).
Бір балуан өзі күшті қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәріненде ол.
(Құмырысқа)

Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу,
туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тануға,
сөз саптау, сөйлеу мәдениетін үйренуге, өз ойын шебер де мәнерле етіп,
жеткізе білуіне, шығармашылық қабілетін өсіруге көптен көп көмегін
тигізеді. Баланың сөздік қорын молайтуға, ұйқастырып сөйлеуге, сан атауын,
ретін білдіртуге үйрететін Санамақ өлеңіндегі Бірім-бір, Екім-екі деп
қайта-қайта қайталануы баланың сандарды есте сақтау қабілетін арттырады.
Өлеңнің мазмұны одан әрі тереңдей түсіп, бір дегенім-білеу,
екі дегенім-егеу,- деп әр санды бір сөзге балап айтады. Осында айтылған
сөздердің бәрі-тұрмысымызға қатысы бар, заттардың, құрал-бұйымдардың
атаулары.
Халық ауыз әдебиеті үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың
да өзіндік мәні бар. Әдетте жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен
сөздерден тұрады. Мысалы, Р дыбысын дұрыс айтуды
Торта қойдым
Орта қойдым
Орта қойдым
Жорта қойдым,-деп жаңылтпаш арқылы үйренеді.
Сөздерді мағынасына қарай дұрыс ажыратып, айтуға баулитын: .
Беріп тайлақты,
Алдым тай, лақты-дейтін
жаңылтпашты жай ғана айта салмай, дауыс интоноциясымен дұрыс, мәнерлеп
айтуды қажет етеді.
Жаңылтпаштар баланы мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін
түзетеді, сөйлеу мәнеріне жаттықтырады.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?-дейтін баланы ойлантатын жұмбақ сипатындағы
жаңылтпаштар да кездеседі. Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатында
айтылатын жаңылтпаштар да бар. Мысалы:
Атам томағаламаған бүркітті,
Мен томағаламағанда
Кім томағалайды?
Шөмеленбеген шөпті
Мен шөмелемей
Кім шөмелейді?
-деген жаңылтпаштар іс-әрекеттің жөн-жосығын білуге үйретеді, сөздік қорын
байытады. (Бүркітті томағалау, шөпті шөмелеу).
Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге
үйретеді. Айналадағы көріністер мен құбылыстармен таныстыратын қызықты
жанр.
Баланың тілін ширатуда ойын-өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі
Қуыр-қуыр, қуырмаш, Ұшты-ұшты, Кім керек? т.б. ойын-өлеңдері баланың
танымын кеңейтіп, байқампаздыққа, зеректікке тәрбиелеп, тілін ширатады.
Қуыр-қуыр, қуырмаш өлеңі балаға саусақтарының атын (бас бармақ, сұқ
саусақ, ортан қол, аты жоқ қол, шынашақ) теңеу аттарын (бас бармақ, балалы
үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек) үйретеді. Сол сияқты жан-
жануарлар, аң-құстар, табиғат құбылыстары жайындағы Бір қазан сүт, Қарға-
қарға, қарғалар Сауысқан, Бақа, Түйе-түйе, түйелер және т.б. өлең-
тақпақтар да баланың танымын кеңейтіп, тілдерін ширатады. Мысалы, Бір
қазан сүт өлеңі арқылы іс-әрекеті кезіндегі қалпын, өзіне тән дыбыстауын
біледі, ол дыбыстарды бейнелейтін сөздерді үйренеді. Осыған еліктеп басқа
да құстардың, аңдардың дыбыстауына мән бере бастайды. Оқушылардың тілін
ширатуда, сөздік қорын молайтуда, бейнелі, көркем сөйлеуге үйретуде, сөйлем
мәдениетіне тәрбиелеуде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың маңызы зор.
Сөйлеуді меңгерту оқушының айтайын деген ойын ауызша және жазбаша түрде
екінші адамға түсінікті етіп жеткізуін қамтмамасыз ету болса, ал сөйлеуді
үйрету күнделікті жағдайларға байланысты іске асып отыруы қажет. Сөйлеуді
меңгертуде оның функционалдық қызметіне қажетті мынадай құрылымдық жүйе
қалыптастырылса, бұл іс біршама тиімді түрде жүзеге асар еді.
Сөйлеу үрдісін дайындауға бағытталған материалдар (лексикалық минимум,
тірек сөздер, оқушыға бұрыннан таныс сөздер)
1. Сөйлеу үрдісін құрастыруға бағытталған материалдар (тілдесім
диологтар)
2. Сөйлеу үрдісін жүйелеуге бағытталған материалдар(шағын функционалдық
мәтіндер, яғни лексикалық минимум мен тілдесім диологтарының
қолданылған көріністері, көркем мәтіндер үлгілері)
3. Коммуникативтік- қатысымдық әрекетті іске асыруға бағытталған
материалдар(түрлі жаттығулар)
4. Өзін - өзі тексеру және бағалау әрекеттері(тестілік)
Д.Эльконин жазбаша тіл ауызша сөйлеудің қызметі, қолданылу
ерекшелігіне ғана емес, ішкі құрылымының қалыптасуы жөнінен де
ерекшеленетінін, оның түрлі жағдайларға тәуелді емес екендігін, баланың
ауызша сөйлеуіне қарағанда ерікті екендігін дәлелдеу үшін өзінің
зерттеулерін бастауыш сынып оқушыларының жазбаша тіліне, оның қалыптасу
кезеңдеріне сәйкес құрды. Ол жазбаша тілді пікірлесудің, ойды
қалыптастырудың ерекше тәсілі ретінде түсінгісі келді және оның
грамматикалық формаларға емес, психологиялық күйге қалай әсер ететінін
зерттеді. Бастауыш сынып оқушыларында жазба тілді қалыптастыруда ерекше
маңызды еркін сөйлеудің негізгі мүмкіндіктері көшіру мен жаздыртуда емес,
еркін хат жазуға үйрету екендігін көрсетті. Оның ойынша, жазбаша тіл ойды
тәртіпке, жүйеге келтіреді, баланың ой тасқындарын реттеп, оны ауыспалы
мағынада бере білуге үйретеді. Бірақ баланың ойды реттеп бере алуы оның
пікірлесу, жағдайға бейімделу қабілетінің қалыптасу мүмкіндігі бар-
жоқтығына байланысты. Ал оқушылардың жазбаша тілдің психологиялық
механизмдерін меңгеру ерекшеліктеріне қарай, олардың ауызша тілі де икемді
әрі еркін бола түседі. Ал мектептегі сөйлеу мәдениетін қалыптастырып,
дамыту балалардың сабақтағы оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруға байланысты
десек, бұл өз кезегінде оқыту мазмұнынан туындайды. Сондықтан да өз
зерттеуіміздегі балалар тілі деген тіркестің бастауыш сынып оқушыларының
оқулықтары мәтіндеріндегі сөз, сөз формасы мен сөйлемдердің балалар тілі
арқылы қолданысқа түсетіндігін, мектептегі оқыту барысында бұл сөздерді
олардың толық меңгеретіндігін есепке ала отырып алынған тіркес екендігіне
назар аудартқымыз келеді.
Балалар тілін, олардың сөйлеу қызметін зерттеу тілшілер мен
психологтарды, әсіресе, ХІХ шы ғасырдың соңында көбірек қызықтыра бастады.
Осы кезеңде түрлі жастағы балалар тілін статистикалық әдіс-тәсілдермен
зерттеудің алғашқы қадамдары жасалды. Атап айтқанда, Н.А.Рыбников,
А.Н.Гвоздев, Э.Штейнфельдт, А.Люблинская, М.Р.Львов,т.б. балалар тілін
квантитативтік әдіспен зерттеушілердің алғашқы өкілдері болды. Қ.Молдабек
бастауыш сынып оқушыларының оқулықтары мен балалар әдебиеті мәтіндерін
лингво-статистикалық әдіспен зерттеу арқылы балалар тілінің даму
динамикасын анықтауға біраз еңбек сіңірді. Зерттеуде бастауыш сынып
оқушыларының оқулықтары мен балалар әдебиеті мәтіндеріндегі сөз
қолданыстардың игерілу, меңгерілу шамасын анықтау мақсатында қала және дала
мектептерінде арнайы эксперименттер жүргізіліп, алынған зерттеу нәтижелерін
лингвостатистикалық әдіспен зерттеу арқылы алынған қорытындылармен
салыстыра отырып, мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің оқушылардың сөздік
қорын кеңейту мен байыту мақсатындағы қызметіне лайықты бағалар берілген.
Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, осы зерттеулерді әрі қарай
толықтыру мақсатында мына төмендегі жайттарды анықтауға жұмысымыздың ерекше
маңызды мәселесі деп есептейміз.
1. Мектептегі оқытудың алғашқы кезеңіндегі бала тілінің дамуы,
меңгерілген лексиканың сандық және сапалық ерекшеліктері.
2. ауызша тілді меңгерудің жүйесіз, ретсіз түрінен мектепте морфология
мен лексиканы оқып-үйренудің жүйеленген үлгілеріне көшу.
3. сөздік қордағы лексикалық бірліктердің синонимдік қатарын толықтыру
және меңгерген лексиканың семантикасын және экспресивтік мәндегі
сөздердің мағыналарын ұғыну.
4. оқып үйренуге арналған минимум сөзддіктерге тілімізде жиі кездесетін
және жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білу.
Қазіргі тіл білімінің даму тәжірибесі көрсеткендей, тілдің түрлі
топтарының лексикасы мен морфологиясын салыстыруға және оның нәтижелерін
алуға жағдай туғызатын мәтіннің квантитативтік әдісінің ерекше тиімді
түрі: жиілік сөздік, алфавитті-жиілік сөздік және кері алфавитті-жиілік
сөздіктер алу болып табылады. Бұл сөздіктер арқылы бастауыш сынып
оқушыларының оқулықтарының тілін тілдің басқа түрлі салаларымен салыстыруға
және квантитативтік әдіс арқылы алынған бастауыш сынып оқушыларының
оқулықтары мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды анықтап, алынған зерттеу
нәтижелеріне сүйене отырып, оқушыларға ана тілінде меңгертудің тиімді әдіс-
тәсілдерін қолдануға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту үшін олардың күнделік
өмірінде жиі қолданылатын сөздерді таңдап алудың мәні зор, ол оқушының
сөзді тез меңгеруіне көмектеседі. Бастауыш мектеп оқушыларына жиі
қолданылатын сөздерді таңдап алуда олардың әр сынып оқушыларының жас
ерекшелігі, білім дәрежесі, күнделікті өміріне сай болуы қадағаланады.
Оқушы өмірімен байланысты сөздерді үйрету тілді үйренудің қарым-қатынасқа
бағытталумен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына үйретілетін сөз оқушыға
таныс дүниемен, оған түсінікті, олар білетін заттармен құбылыстарға
байланысты болуы керек. Бұл ұстаным оқушының сөз мағынасын тез түсінуіне,
оны тез меңгеруіне ықпал жасайды. Оқушы көрмеген, білмеген, көз алдына
елестете алмайтын зат атауларын, құбылыстардың атауларын түсініп, есте
сақтауы өте қиын. Сондықтан үйретілетін сөз оқушының түсінігіне, сана-
сезіміне сай болу керек. Үйретілетін сөздің тілдік, дыбыстық құрамын қамтуы
қажет деген сөз таңдау ұстанымы оқушыны қазақ тілінің дыбыстық құрамымен
таныстыруды, оны меңгеруді көздейді. Қазақ тілінің дыбыстық құрамының
өзіндік ерекшелігі барлығы белгілі. Қазақ тіліндегі ерекше деп саналатын 9
дыбыстың дұрыс айтылуын үйрету алғашқы сабақтардан басталады, оны кейінге
қалдыруға болмайды және үнемі жалғастырылып отырады.
Сөздерді сабақта оқытылатын мәтін, тақырыппен байланыстырып алу ұстанымы
да үлкен қызмет атқарады. Бұны Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсын оқулықтарынан да
кездестіруге болады. Бұл ұстанымды профессор Н.Оралбаева бастаған авторлар
ұжымы да оқулық жазуда басшылыққа алып жүргенін көреміз. Сөздерді мағыналық
ерекшелігіне қарап таңдаудың да тиімділігі бар. Сөз мағыналық жағынан
ерекшелікке өте бай. Бастауыш сынып оқушыларына сөзді сұрыптап алғанда, бұл
ерекшелігіне үлкен мән беріледі. Мысалы, 1 сынып оқушыларына суретті әліппе
арқылы қазақ тілін үйреткенде, әліппеде оқушыларға нақты деректі мағыналы
зат атаулары мен олардың белгілерінің суреті беріледі де, атаулары
үйретіледі. Мұнан тілді үйренудің алғашқы сатысында деректі мағыналы
сөздерді үйрету бағыты орын алады. Оқушыны ізгілікке, зор адамгершілікке
тәрбиелейтін сөздерді үйретудің үлкен мәні зор. Бұл ұстаным біздің
оқулықтарымызда берік сақтаулы. Ол – білім беру мен тәрбиенің
байланыстылығының көрінісі. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды- бастауыш
мектеп оқушысының қазақша сөздік қорын байыту кездейсоқ құбылыс емес.
Оқушының сөздік қорына енетін сөздерді ғылыми негізде, белгілі жүйе арқылы
іске асыру қажет екенін көрсетеді. Бастауыш сынып оқушысының сөздік қорын
байытуда сөйлеумен байланыстыру, сөйлеуге бағыттау мәселесінің мәні зор.
Сөз сөйлеу үшін қажет. Сондықтан сөйлеуге қойылатын талаптарды білу керек.
Сөйлеумен байланысты мынадай талаптар қойылады: мазмұнды сөйлеу, дәл
сөйлеу, жүйелі сөйлеу және мәнерлі сөйлеу. Бұл талаптар өте тығыз
байланыста екенін де оқыту ісінде естен шығаруға болмайды.Жоғарыдағы
пікірлерді жинақтай келгенде оқушы тілін байытуды сөйлеумен байланысты іске
асыруда мынадай қажеттіліктер туындайды:
- Оқушының сөздік қорын молайту мақсатында сөздердің мағынасын толық
меңгерту.
- Сөйлеуді дұрыс қолдану, құрастыру арқылы ойын жүйелі айта білуге
дағдыландыру.
- Сөйлемдегі сөздерді белгілі бір ойдың төңірегінде құрастырып, дұрыс
сөйлеуге жаттықтыру.
- Сөйлеу үлгілерін меңгерту.
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылады,
ізденеді. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін,
шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу
(анаграмма,сөзжұмбақ,құрастырмалы ойындар,т.б)
4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар(мәтін мазмұнын
өңдеу,шығарма,шағын әңгіме мәтінін құру,т.б.)
5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
8. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
9. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың
жұмыс түрлері:
1. Орталық мұражайға апару.
2. Әр түрлі кездесулер өткізу.
3. Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері
бойынша шығарма жазғызу.
4. Балаларға арналған жуналдарға жаздырып, оны сабақ үстінде үнемі
пайдалану.
5. Әр бір оқылып отырған шығамалардың авторлары туралы толық мағлұмат
жинау, реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа
баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын
ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы
қабілетті ашу-оқушының шығамашылық бағытта дамуына жете мән беру болып
табылады. Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді
байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.
Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан
қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке
ынталандырады.

1.2 Оқушылардың сөздік қорын дамытудың жолдары мен тәсілдері

Оқушының сөздік қорын сабақта дамытудың алуан түрлі әдіс-
тәсілдері болады. Оқушылардың сөздік қорын сабақта жетілдірудің тілді
меңгеруде зор мәні бар. Адам ешбір сөзсіз тіл арқылы қарым-қатынас жасай
алмайды. Ал адамдардың білетін сөздерінің бәрінің атқаратын қызметі
бірдей емес.Адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасағанда сөз атаулары бірдей
дәрежеде қолдана бермейді. Сондықтан да ғылымда адамдардың сөздік
қорындағы сөздерді белсенді сөз, белсенді емес сөздер деп бөледі.
Сондықтан да мектепте мұғалім оқушының сөздік қорын байытып, жетілдіруде
алдымен белсенді сөздік қорын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Баланың
белсенді сөздік қоры оның күнбе-күн пайдаланып, үйреніп, қолданып жүрген
сөздерінен құралады. Сабақ барысында оқушылардың сөздік қорын жетілдіру
жұмыстары алуан түрлі. Ол түрлі жаттығу жұмыстарын орындау нәтижесінде,
мәтінмен жұмыс істеу арқылы дағдылану жаттығуларымен толығып отырады.
Оқушылардың сабақта сөздік қорларын дамытуда сөздік жұмысын дұрыс
ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Сөздік жұмысы әр сабақ үстінде жыл бойында,
бүкіл оқу процесінде белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек. Бастауыш
сынып оқушыларының сөздік жұмысының негізі сабақ сайын жаңа сөзді үйренуден
басталады. Мұның өзі сынып жоғарылаған сайын оқушының сөздік қорының жылма-
жыл молаюына негіз болады. 1-4 сынып оқушыларының сөздік қорының минимумын
жасап, оны мектеп тәжірибесінен өткізіп, байқауға мүмкіншіліктер болады.
Атап айтқанда 1-4 сынып аралығында оқушыға 1000, 1500 сөз үйретуге
болатындығы анықталды. Әр сабақ сайын ең кем денгенде 3-4 сөз үйретуді
нысанаға алдық. Бастауыш сынып оқушыларыныңтарда оқушының сөз қорын саналы
түрде дамыту жаңа сөздермен жүргізілетін жұмыстардың маңызы айрықша.
- Жаңа сөздер жеке-дара алынбай, басқа сөздермен байланыста мәтінде
алынып, қолданысы жағдайда беріледі.
- Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 7-8 сабақ бойында еске
түсіріліп, қайталанып отырады.
- Жаңа сөз оқушының түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі.
- Сөздің сөйлемде түрлі грамматикалық тұлғада қолданылатындығы оқушыларға
сөздердің бастапқы айтылу негізі бекітілгеннен кейін түсіндіріледі.
- Бір сабақта жаңа сөздермен грамматикалық форма бір мезгілде берілмейді.
Оқушы жаңа сөзді тиянақтап есте сақтау үшін сабақта түрлі көрнекіліктер,
кесте, алғашқы кезде заттардың өзін көрсету сияқты тәсілдердің тиімді
екендігі байқалды.
Сөздік жұмыстары оны жүргізу әдістері:
Сөздік жұмыстарында оқушының үйренген сөздерін естерінде берік сақтау,
қолдана білудің әдіс-тәсілдері жолдарына ерекше мән беріледі. Осымен
байланысты мынадай негізгі мәселелерге көңіл бөлінеді:
- Әрбір үйретілген сөздерді оқушы есінде тұрақтандырудың ұтымды жолдарын
анықтау.
- Оқушыларға үйретілетін сөздерді белсенді сөздерге айналдыру
- Әрбір үйретілген сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
- Әр сабақта 3-4 жаңа сөздерді білдіру
Жаңа сөздерді оқушы есінде тұрақтандыру барысында үйренген сөздерінің
сөздігін жасату, синоним, антоним, омоним, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштарды
қолдану тиімді. Үйретілген сөздерді карточкаға жазып, оқушыға оны
үйлестіріп, сөздерді алфавит ретінде жазғызу, түбірлес сөздердің негізгі
түбірін ажыратқызу, үйретілген сөздерді кірістіріп, сөйлемдер құрастыру,
үйренген сөздері бойынша сөздік диктант жазғызу, мазмұндама жазғызу өте
пайдалы болады. Оқушыларды диолог, монологты түрде сөйлеуге жаттықтыруда
жаңа сөздерді қолдандыру, оны оқушы есінде тұрақтандыруға белсенді
сөздікке айналдыруға жақсы әсер етеді.
Сыныптан тыс жұмыс.
Қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушының сөздік қорын
байытып, тілін дамытуда ерекше орын алады. Сыныптан тыс жұмыстың түрлері
өте көп. Олар заман ағымына қарай, мектептегі оқу-тәрбие ісіне сай, үнемі
дамып отырады. Сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уақыттарда оқушының бос
кезінде ұйымдастырылады. Оқушыға өздігінен жұмыс істеуге бағыт береді.
Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты- қазақ тілі пәніне оқушыны қызықтырып,
қазақша сөйлету, сөздік қорын байыту, оқушының өз бетімен білім алуына
көмектесу. Сөйлеуге қажетті жағдай жасау. Сыныптан тыс жұмыста оқушымен
мұғалім тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудыңда өзіндік ұстанымдары бар:
Оқушыны қызықтыратын тақырыптарды таңдау, оқушының қызығушылығын есепке
алу.Мектептердің бастауыш сынып оқушыларыныңтарында жүргізілетін сыныптан
тыс жұмыстардың түрлері: ертеңгіліктер, викториналар ұйымдастыру,
мантаждар жасату, қазақ тілі үйірмесі, кітап оқыту үйірмесі, қазақ тілі
апталығы, қазақ тілінде газет шығару, мәнерлеп оқу, экскурсия, мәдени
орындарға саяхат, қазақ тіліндегі олимпиадалық жұмыстарға қатынастыру,
қазақша ән-күй үйірмесі, халық ойындары үйірмесі, мерекелерге дайындалу,
қатысу, қысқа қазақша қойылымдар үйірмесі,т.б. Соңғы кездерде осылар жүйелі
түрде қолға алынып, ұйымдастырылып, бірсыпыра нәтижелер беруде.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушының тілге қызығушылығын арттырады, сөздік қорын
байытып, тілін дамытады. Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі қазақ тілі
үйірмелері.Қазақ тілі үйірмесі арнайы жасалынған кесте бойынша
ұйымдастырылады. Көпшілік жағдайда қазақ тілі үйірмесіне 2-4 сынып
оқушылары қатысады. Үйірменің мақсаты оқушы тілін дамыту.Үйірме сыныптық
немесе сынып аралық болып өткізіледі. Тапсырма сұрақ, ойын түрлері
оқушыларды қызықтырып ынталандыратындай болып құрылады. Кім тапқыш? Кім
аңғарғыш? - деген мәнде жүргізіледі. Қазақ тілінен пән апталығының да
тіл дамытудағы рөлі зор деп айтуға болады. Ол оқу жылының ішінде 2-3 рет
жүргізіледі. Қазақша ән айтып, тақпақтар айтып балаларды көбірек сөйлетуге
деген мақсат қойылады. Сыныптан тыс оқудың маңызы оның әдіс-тәсілдері
жөнінде бірер сөз. Сыныптан тыс оқу сыныптан тыс жұмыстың бір түрі.Ол қазақ
тілінен түсінігі бар балалар тобында кітап оқуға ынталы оқушылармен
өткізіледі.
Сыныптан тыс оқу мынадай жұмыс түрлері арқылы іске асады.
- Сыныптан тыс оқу арнайы шағын топпен, оқушылардың өз еркімен
сұранымдарына сай жүргізіледі.
- Оқушыларды қызықтыратын ертегі, шағын шығармалар таңдап алынады.
- Оқыған мәтінін бөлім-бөлімге бөліп оқу.
- Оқыған кітаптың мазмұнын түсіне білуге баулу.
- Оқыған кітаптың қоғамдық пайдасы барлығын түсінуі, балалардың жеке
өміріне әсер етеді.
Педагогика ғылымында мұғалімді бүкіл оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы
деп босқа айтпайды.Келешекте оқушының жан-жақты білімді болуы, олардың
қоғамдық өмірден дұрыс орын алуы, дербестік қабілетінің дамуы мұғалімге
тікелей байланысты. Сондықтан сыныптан тыс оқудың өз дәрежесінде
ұйымдастырылуы мұғалімнің шығармашылық жұмыс істеуіне тікелей қатысы бар
деп айтуға болады.
Сыныптан тыс оқу сабағының өзіндік ерекшелігі бар және құрылысы да өзгеше.
1-ші негізгі сабақ деп аталады. Ол төрт бөлімнен тұрады:
- баланың оқу дағдысын жетілдіру
- баланың оқыған кітаптарының авторларының және басты кейіпкерлері жөнінде
әңгіме өткізу.
- баланың оқыған кітаптары бойынша көрме ұйымдастыру.
- үйге тапсырма .
2-ші есеп беру сабағы:
- оқушылар өздері оқыған кітаптары жөнінде есеп береді.Әрбір оқу
тоқсанында екі реттен есеп беру сабағы ұйымдастылылады.
Мұғалімнің әңгімесі- мұнда оқушылар келешекте қандай кітаптарды оқуға
тиісті екендігі айтылады.Сондай-ақ оқушылардың кітап оқудағы
жетістіктерімен кемшіліктері сөз болады.
Мектептегі қазақ тіліне байланысты ұйымдастырылатын сыныптан тыс
жұмыстармен сыныптан тыс оқудың тіл дамытудағы тиімділігін арттыру
мыналарды көрсетті.
1. Оқушы бойындағы тілге деген қызығушылық пен белсенділік анықталды..
2. Сыныптан тыс оқуға қажетті материалды іріктеп, таңдап алудың жолдары
анықталды.
3. Сабақпен сыныптан тыс жұмыстар және сыныптан тыс оқу өзара байланыста
болу керектігі дәлелденді.
4. Сыныптан тыс жұмыста оқушыны қызықтыратындай танымдық материалдардың
ерекше мәні барлығы дәлелденді.
5. Сыныптан тыс оқудың көлемі мен мазмұны, әдіс-тісілдері, жұмыс түрлері
ұсынылды.
6. Сыныптан тыс жұмыстың тиімді деген түрлері анықталып, оларды
ұйымдастыру жолдары көрсетілді.
7. Сөздік жұмысының басты ұстанымдары анықталып, оның әдістемесі
жасалынды.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – ең
маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине, мектепке дейінгі тәрбиеленушілерден
бастап үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асырылады. Тіл
сабақтарында патриоттық тәрбие берумен қатар халық педагогикалық
элементтерін пайдалану арқылы жас ұстаз өз білімінде шыңдай түседі. Халық
педагогикасы- жастар тәрбиесіне арқау болатын бүкіл қоғамымызға ортақ
жағдай.
Бұл мұра ғұлама ойшылдардан, сал-серілерден, ақын- жыраулардан таралған ұлы
тәрбие құралы. Халық педагогикасы элементтерін пайдаланудың бір түрі-
ертегі.
Бала санасына ертегі ерекше ықпал етеді. Ертегі жанры баланың сана-сезімін
оятып, қиялын қанаттандырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке,
имандылыққа тәрбиелейді.
Сондықтан отбасында, балабақшада, мектепте ертегі әрі білім, әрі тәрбие
құралы. Ана тілі тіл дамыту сабақтарында халықтық педагогиканы пайдаланудың
бір элементі –ойын. Мектепке алғаш келген балалардың кейбір әріптерге тілі
келмейді. Осы кезеңде нағыз көмекші халық ойындары болып табылады. Бұл
мақсатта жаңылтпашты да ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл
дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда маңызы зор.
8. Сыныптан тыс оқудың көлемі мен мазмұны, әдіс-тісілдері, жұмыс түрлері
ұсынылды.
9. Сыныптан тыс жұмыстың тиімді деген түрлері анықталып, оларды
ұйымдастыру жолдары көрсетілді.
10. Сөздік жұмысының басты ұстанымдары анықталып, оның әдістемесі
жасалынды.
Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – ең
маңызды жұмыстардың бірі. Бұл, әрине, мектепке дейінгі тәрбиеленушілерден
бастап үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асырылады. Тіл
сабақтарында патриоттық тәрбие берумен қатар халық педагогикалық
элементтерін пайдалану арқылы жас ұстаз өз білімінде шыңдай түседі. Халық
педагогикасы- жастар тәрбиесіне арқау болатын бүкіл қоғамымызға ортақ
жағдай.
Бұл мұра ғұлама ойшылдардан, сал-серілерден, ақын- жыраулардан таралған ұлы
тәрбие құралы. Халық педагогикасы элементтерін пайдаланудың бір түрі-
ертегі.
Бала санасына ертегі ерекше ықпал етеді. Ертегі жанры баланың сана-сезімін
оятып, қиялын қанаттандырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке,
имандылыққа тәрбиелейді.
Сондықтан отбасында, балабақшада, мектепте ертегі әрі білім, әрі тәрбие
құралы. Ана тілі тіл дамыту сабақтарында халықтық педагогиканы пайдаланудың
бір элементі – ойын. Мектепке алғаш келген балалардың кейбір әріптерге тілі
келмейді. Осы кезеңде нағыз көмекші халық ойындары болып табылады. Бұл
мақсатта жаңылтпашты да ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл
дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда маңызы зор.
Балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстарға талдау жасай отырып, аталған
кемшіліктердің негізгі себептері жөнінде мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Балалар мекемелеріндегі оқу-тәрбие жұмысын өз мәнінде ұйымдастырып
арнайы білімі бар тәрбиешілер әліде жеткіліксіз.
2. Сабақ процесінде балаға берілетін білімнің сапасы, дәлдігі,
көрнектілігі сияқты мәселеге жете назар аудармайды.
3. Тіл дамыту сабақтарын программалық тақырыпқа сәйкестендіруде әр
сабақты бір-бірімен байланыстыра жүргізу, өткен материалды сабақ сайын
әрбір екі аптада, әр тоқсанда, жыл аяғында қайталап отыру жұмыстары
жүргізілмейді.
4. Тіл дамыту сабақтарында үйренген сөзін тиянақтау, жаңа сөз үйрету, ол
үшін балалармен әр түрлі ойын, жаттығу жұмыстарын жүргізіп отыру
жеткіліксіз.
5. Көркем шығарма оқу, экскурсия, бақылау жұмыстары көбінесе үстірт
жүргізіледі. Сөздік жұмысы жүргізілмейді.
6. Бақшадағы сабақ жоспарларына талдау жасағанда шығарма оқу-80 пайыз,
әңгімелету-2 пайыз, сурет көрсетіп әңгімелету- 10 пайыз екені, әңгіме
құрату жұмысы мүлде жүргізілмейтіні байқалды.
Балалар мекемелерінде жүргізілетін барлық тәрбие жұмыстарының басты
мақсаты- баланы жан- жақты дамыту, мектептегі оқу ісіне дайындау.
Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының сапалы болуы оның материалдық қоры мен
кадрларының білім дәрежесіне, іскерлігіне, біліктілігіне, педагогикалық
процестерді қажет материалдармен дер кезінде (оқу жылына) жабдықтауға
байланысты.
Олай болса, әрбір балабақша меңгерушісі кадрларды дұрыс іріктеп алуы, әр
қызметкердің міндетін оқу жылы басында жекелей түсіндіруі, кеңес беріп
отыруы қажет. Ол үшін жылдық жұмыс жоспарында балабақшада істелетін оқу-
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жан-жақты көрсету керек. Әсіресе мыналар:
оқыту процесінде өткен жылы не істелді, не орындалмады, бағдарламада
көрсетілген білім көлемін қалай, қандай жолмен сапалы орындауға болады.
Қандай жұмыс түтіне ерекше назар аудару керек.

1.3 Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуы, сөйлеудің
анатомиялық, физиологиялық механизмі мен сөйлеуі мен естуінде ауытқулары
бар балалар

Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері дыбыстар,сөздіктер және
грамматикалық құрылысы болады.Ауызекі сөйлеу тілінің диалогиалық және
монологиалық деген екі тұлғасы кіреді.Диологиалық сөйлеу тілі екі немесе
бірнеше әңгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде
кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.
Монологиялық сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір
кісінің байланныстыра баяндауы.Монологиалық сөйлеу тілінің ерекшелігі
жүйелілікпен және дәлелдеп сөйлеу,сөйлемнің грамматикалық құрылысын
безендіре байланныстыру болады.Ауытқуы бар тілде диологиялыққа қарағанда
монологиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Жазбаша тіл дегеніміз сөйлеу тіліндегі жинақталған дыбыстардың
бейнелеуі негізінде графикалық безендірілуі.Толық дамымаған сөйлеу тілінде
дағдыдағыдай әртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кездеседі.
Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары-бұл үнсіз тіл,адам бір нәрсе туралы
ойлап,оған жоспар құрғанда пайда болады.Баланың ішкі сөйлеу тілі негізінде
сыртқы және ішкі құрылыстарының негізгі бір бөлігінің ойлауынан
қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тілінен ішкі сөйлеу тіліне көшуі баланың 3 жасқа дейінгі
шамасында,өзінің істеген әрекеттерін естіртіп сөйлеп және оған жоспар жасай
білетіндігінен байқалады.Ішкі сөйлеу тілінің жәрдемімен ойдың сөзге айналу
барысы және сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың
монологиалық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне байланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы
бірнеше жайды көрсетуі мүмкін.
Бірінші жай-фонематикалық есту қабілетінің және ана тілі фонемасын
сөйлеуде дағдылануы.
Екінші жай-сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру .
Үшінші жай-сөйлеу тілінің мағыналық жағын меңгеру.
Баланың барлық сөйлеу тілі дамуы шартты түрде 3 кезеңге бөлуге
болады; Мектеп жасына дейінгінің алдындағы,мектеп жасына дейінгі,мектеп
жасындағы.
Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезен шамамен үш жасқа дейін
созылады.Бұл кезеңде сөйлеу тілін меңгеруге есіту және сөйлеу
аппараттарының қалыптасуы және дайындығы жүріп жатады,сөздерді түсіне
бастайды.Бұл кезенде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль
атқарады.Баламен неғұрлым көбірек сөйлессе,оның сөйлеу тілі соғұрлым
тезірек және жақсырақ дамиды. Лисинаның, Аксаринаның зерттеулері бұл
кезенде айналасындағылармен қатынасы болмаған баланың сөйлеу тілінің
тоқырағаны байқалатындығын дәлелдейді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте-мөте қарқынды дамиды.
Бала екі жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез
жинайды,дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді
меңгереді.Баланың белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді.Жасының екінші
жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін,үш жасқа қараған шағында 1000
сөзді,5-6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды-дауысты және
ерінді,ерінді-тісаралық дауыссыз п,б,м,ф,в,т, дыбыстарды меңгереді.Ауыр
жолмен пайда болатын ысқырып естілетін дыбыстарды,сонымен бірге Р-Л
дыбыстарын айту өте қиынға түседі.Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта
алмайды.Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады.Оның себебі,баланың
фониматикалық есіту қабілеті әлі жеткілікті дамымандығы.Мектепке барар
алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек,әйтпесе,ондай мүкістіктер
баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.
Сөйлеу тілінің бай тәрбиесінің барысында бала мектепке барар алдында
тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді.Ол сөйлемді дұрыс
құрастырады және ойын білгірлікпен сөйлейді.
Мектеп жасына дейінгі баланың алғашқы сөйлемдері грамматикалық үйлесімінің
жеңілділігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу тілі
дамуының іргесі қаланады,сондықтан бұл жастағы баланың сөйлеу тіліне
ересектер жағынан ерекше қамқорлық жасайтын сабақ болу керек.Дәл уақытында
ескертіп және жою үшін сөйлеу тілінің әр кезеңдегі бұзылуының себептері
қандай болуы мүмкін екендігін тәрбиеші мен мұғалімге білудің өте зор маңызы
бар.
Көбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда
балады.Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынмен дамуы болса,екінші жағынан
баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмі қалыптасуы әлі толық
аяқталмағандықтан болады.Сондықтан сөйлеу тілінің дертке шалдығуына сыртқы
күштердің қандайынан болса да қолайсыз себебі жеткілікті.Бұл кезенде тіл
дыбыстарын айту кемістігі,тұтықпа,сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі өте жиі
байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады.Ол үшін
баланың жалпы тірлігінің және сөйлеу тілінің тәртібін,әр түрлі сырқаттардың
асқындырмауын,оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын,сөйлеу тілінің
бұзылуына әкеліп соғатындай шамадан артық салмақ салмауын қадағалау
қажет.Ана мен баланың денсаулығын қорғау және педагог немесе логопедтің тіл
кемістігінен алдын ала сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да маңызы зор.
Бұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі мекемелердегі тәрбиешілер мен
педагогтар үлкен роль атқарады.
Бастауыш сынып оқушыларының арасында сөйлеуі мен естуінде түрлі
ауытқулар бар балалар кездеседі.
Сөйлеу-орталықтық ең маңызды психикалық функциалардың бірі.Оның баланың
жалпы дамуы мен психикалық процестерін қалыптастырудағы әсері зор.Сөйлеудің
негізі сауат ашу мен түрлі тәртіптерде жатыр.
Сөйлеу адамдар арасындағы негізгі қарым-қатынас құралы.Ол баланың
тәрбиесі мен іс-әрекетінің қалыптастырудың барлық кезендерінде үлкен
рольге ие.Сөйлеу функциясын дамыту өте қиын процес.Оны қалыптастыруға есту
анализаторлары қатысады. Ол қабылдау рецепторлары өткізгіш нерв жолдары
және ми клеткалары немесе бас ми жарты шарының түп аймағындағы
анализатордың орталық түбі; сөйлеу қозғалыс анализаторы-перефериялық
бөліктен яғни үлкен ми жарты шарының түбіндегі орталыққа өткізетін
жолдармен ми клеткаларынан тұрады.
Сөйлеу қозғалыс анализаторының әрекеті ең алдымен есту анализаторына
тәуелді.Қалыпты балаларда фонематикалық есту сөз дыбыстарын қабылдаудан
әлде қайда тез дамиды.Баланың сөйлеуінің қалыптасуына сөйлеу қозғалыс
саласы үлкен роль атқарады.Балалардың сөйлеуін зерттеген ірі ғалым
А.Н.Гвозьдев былай жазады; Жалпы дыбыстық сөйлемдерді меңгерудің жолын
есту мен қимыл қозғалыс саласы бірлесіп анықтайды.Бұл орайда естудің маңызы
зор. Естудің арқасында бала түрлі фонемалық элементтерді айыра білуге
үйренеді. Бала сөйлеуінде сөздердің пайда болуын білу үшін есту қабілеті
мен артикуллиярлық білім де қажет.
Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін
балалардың нашар еститіндерге қарағанда, даму деңгейі төмен. Естімейтін
балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал, нашар
еститіндер сөздердің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да
болса жинай алады. Педагогикалық үрдісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу
тілінің деңгейін білу қажет.
Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді.
Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу
тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте
бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады.
Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тілі деңгейінің
нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапаззоны кең: бала нақты
заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлаған қысқа сөз
тіркесінетіпті арамматизмді және онсыз сөз тіркесін пайдаланып, сөйлеу
тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ, есту қызметі бұзылған бала қарым –
қатынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері
болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады.
Нашар еститін балаларда пасссивті және активті сөздігінің көлеміне
қатысты, ал, есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қоры активті
сөздік қорынан әлдеқайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі
сөйлеу тілінде қолданатын сөдерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың
сөздігінде жалпы мағналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін,
байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін, нақты
сөздері де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы, үй деп
шалашты да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА АМАЛДАРДЫ АУЫЗША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Көмекші мектептің жоғарғы сынып оқуышыларын халық ауыз әдебиеті арқылы сөз қорын молайту
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бүгінгі таңда оқушылардың музыкалық - эстетикалық тәрбие мәселесі
Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану ерекшелігі мен тиімділігі
Бірінші кездесетін сынып шапшаңдықты оқушыларын бала мектепке баланың бейімделуге сәйкес психологиялық - бейімделу педагогикалық қолдау сынып көрсету балалардың процесі
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Пәндер