Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш
сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруда қолданатын
педагогикалық тәсілдері мен әдісмемелер технологиясы
Орындаған: Жаңғабылова Ж.
Тобы: ББ-Б-14К
Жетекшісі: Нетбаева Н.
Қызылорда, 2018
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3-4б.
І. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
1. 1. Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы . . . 5-7б.
1. 2. Білім беру проццесіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды . . . 8-11б.
ІІ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚОЛДАНАТЫН ӘДІСТЕМЕЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2. 1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы
жаңа әдіс-тәсілдер . . . 12-20б.
2. 2. Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны . . . 21-23б.
2. 3. Жаңашылдық, өзгеріс, жаңа әдіс-тәсілдердің мектеп
Тәжірибесінің тиімділігі . . . 24-27б.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28-29б.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30б.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мектептің білім мазмұны - әрқашан талқылауды қажет ететін дүние, өйткені әр адамның мектепке қатысы бар. Ата-аналар қоғамдастығының, педагог бірлестіктерінің және басқа да әлеуметтік топтардың мүдделері қарастырылады. Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепке неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі біздің алдымызда кесе-көлденең тұрады. Белгілі бір кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанымен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Олай болатын себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамға деген талаптар да үнемі өзгеріп отырады.
Мұндай жағдайда жаңа формациядағы мектеп “білгір адамды” емес, яғни шығармашыл ойлайтын, белсенді әрекет ететін, өзін-өзі зияткерлік, адамгершілік, дене тәрбиесі тұрғысынан дамыта алатын адамды дайындауы қажет. Яғни, білім берудің жаңа моделінің құрылымы дәстүрлі «Мектепте нені оқытады?» деген сұраққа емес, “Мектепте не үшін оқимыз?” деген сұраққа жауап беруі қажет.
Жаңарған білім мазмұнының нәтижесі мыналардан көрінуі тиіс: Оқыту жетістіктерінің өнімді сипат алуы, оқу процесінің әр сабақта білім алу үшін оқушылар өздері белсенді қызмет етуімен сипатталуы. Мұғалім оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Қазақстандық мектептер үшін жаңа әрі тың әдіс болып келетін критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың дамуына, оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ынталандыруға бағытталған.
Зерттеу мақсаты : Жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын міндетті талап, сабақта белсенді оқыту әдістерін пайдалану және оқушыларды танымдық үдеріске тарту болып табылады. Мұндай тәсілді пайдалану кезінде, оқушы білімді дайын түрде алмай, білімге, өзіндік оқу-танымдық қызметінің үдерісінде ие болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында алған жаңа білімдері мен дағдылары аса маңызды. Кәсіби даму үшін жұмсалған уақыт, күш, қаржыларды адам капиталына жұмсалған инвестиция деп қарау керек.
Еліміздегі орта білім беру реформасының тиімділігі көбінесе мұғалімдердің білім беру мазмұнын жаңарту жұмысына дайындығына тәуелді, сондықтан мұғалімнің тәжірибесі және оның зерттеу қызметі маңызды болып табылатынын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, мектеп бітірушілерінің ара қарай оқу мен кәсіби қызметке дайындық деңгейі, оның моральдік-адамгершілік қасиеттері тек қана мектепке байланысты емес және де нақты ата-анаға, әлеуметтік ортаның әсеріне де байланысты.
Зерттеу міндеттері: Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі - олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- пән мазмұнын жобалау кезіндегі «шиыршық» принципі, яғни білім мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру) ;
- пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерарахиясы;
- білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
- білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
- оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Күтілетін нәтиже :
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді.
І. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
1. 1. Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.
Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. [1]
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс. [2]
Инновациялық оқыту нәтижелері оқушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенлілігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технолгияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.
Осы орайда ойымды өрнектеп, сөзімді өлеңмен жалғастырсам деп едім:
Білім жайлы бағдарлама жаңадан,
Өзгертіліп енгізілді қайтадан.
Алға қарай самғау керек қашанда,
Заман соны талап етер байқасам.
Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. штілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бағдарламаның міндеттері:
1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру. [3]
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
1. 2. Білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осы бағдарламаны іске асыру барысында 2016 жылдың сәуір айынан бастап елімізде бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби біліктілігін арттыру курстары өткізіле бастады. Мен де Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Атырау «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған 23 мамыр және 10 маусым аралығында «Жаңартылған бастауыш білім берумазмұны аясында» атты үш апталық курс тыңдаушысы болдым.
Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76, 79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. [4]
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ -ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) . Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе, жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде «ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын. Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр. Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде. Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін, жазған ұсыныстарына қарай отырып, ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериальды бағалау жүйесіне көшті. Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсіл мен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериальды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Әдістемелік материалдардың толық ресурсы: оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі де дайын. Әр пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын сайттарынан пайдаланып отырдық. Жинақ тапсырмалары оқубағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсастапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарынажету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілерболып табылады. Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері менмүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтыруларенгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау барысында оқушының білім деңгейлерін есепке алу журналы толтырылып отырды. Оқушы орындаған әр тапсырма барысында берілген дескрипторды басшылыққа ала отырып, әр оқушы жұмысына кері байланыс жазылып отырды және оны оқушы портфолиосына салынып, жинақталды.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі біроқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Оқушы білімін бағалауға тоқталар болсам, жаңа білім беру мазмұнында бес балдық бағалау емес, критериалды бағалау арқылы бағалануы - оқушылардың оқу жетістіктерін нақты айқындалған, бірге даярланған, оқу үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. Критериалды бағалау оқыту, тәлім-тәрбие беру және бағалаудың өзара байланысына негізделген. [5]
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Сонымен критериалды бағалау бізге не береді деген сұраққа тоқталсам:
Мұғалімдерге:
- Білім беру сапасын арттыруға;
- Оқытудың сапасын жақсартуға;
- Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
Оқушыларға:
- Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
- Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
- Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
- Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
- Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
- Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
- Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
- Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. [6]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz