Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы


Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Мазмұны
КІРІСПЕ
Сүтқоректілер қазіргі кезде адамның назарын эстетикалық мақсаттар тұрғысынан да, селекциялық жұмыстар үшін перспективалы объектілер ретінде практикалық тұғыдан да, саны едәуір көп болған кезде - бағалы аңшылық объектілері (ет, тері, олжа, дәрі-дәрмектік шикізат) тұрғысынан да аударады. Сүтқоректі жануарлардың адам үшін осындай зор маңызға ие бола отырып, ғасырлар бойы адамның олардың ізін аңдығанына таң қалуға болмайды. Түрлердің бір бөлігі құртып жіберілді, ал кейбіреулері жойылып кету алдында тұр.
Республикамыздың жабайы сүтқоректілердің 30-дан астам түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілді.
Салалық бағдарламаны әзірлеу кезінде негізінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - ҚР АШМ Комитеті) қор материалдары, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Зоология институтының (бұдан әрі - ҚР БҒМ Зоология институты) Қазақстан Республикасы үкіметінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 1035 қаулысына сәйкес өткізілген 1998-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарларды шектеулі түрде алу мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының материалдары және «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-нің жануарлар дүниесін күзетуді ұйымдастыруының қазіргі тәжірибесі пайдаланылды.
Жануарларды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде заңдылықтары бірқатар қаулы қарарлармен анықталады. Солардың ішінде ең негізгілері: «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы», 1981 жылы Қазақстан Республикасының заңы, Республиканың табиғатты қорғау туралы заңдары, аң аулау және аңшылық шаруашылық туралы республикалық ережелері, балық қорғау және еліміздің суларындағы балық шаруашылығын реттеу туралы ережелері, аң аулаудың және балық аулаудың жергілікті ережелері.
«Жануарлар дүниесі қорғау мен пайдалану туралы» заңның бірнеше бөлімдері бар. Олар: жануарлар дүниесін пайдалану; жануарлар дүниесін қорғау; жануарлардың мемлекеттік есебі және жануарлар дүниесінің мемлекеттік қоры; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалануға бақылау; жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік; халықаралық шарттар.
Табиғатты қорғау туралы заңдар объектілерді және оларды қорғаудың негізгі жолдарын анықтайды. Мысалы, Қазақстанның «Табиғатты қорғау туралы заңы» аңшылық шаруашылықтың қоры - жануарлардың санын реттеп отыруды және оларды қорғауды, балық шаруашылығынан басқа да кәсіпшілік маңызы бар аңдар мен құстарды қолға үйрету және клеткада аңдарды өсіру мақсатында үй жануарларының жаңа тұқымдарын шығаруда түз жануарларының түрлерінің қажет екендігін тағайындайды (белгіленеді) [1, 2] .
Қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес табиғатты терең тануға, қорғауға және тиімді қолдануға ықылас өсуде. Жыртқыш сүтқоректі жануарлардың ішінен жетекші рөл атқаратын ит тұқымдастары эволюциялық, таксономикалық, экологиялық, тектік тағы басқа мәселелерді шешуде үлкен қызығушылық тудырды.
Аталмыш жұмыстың мақсаты: Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдарының биологиясын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттер:
- Солтүстік Қазақстан облысындағы аңшылық аңдардың түрлерін анықтау.
- Солтүстік Қазақстан облысындағы аңшылық аңдардың санын жіне сандық динамикасын зерттеу.
- Аңшылық аңдардың сан мөлшеріне, динамикасына әсер ететін факторларын анықтау.
1 Зерттеу аймағының физико-географиялық ерекшеліктері
Қостанай облысы республиканың солтүстік бөлігінде Тобыл, Торғай өзендерінің аңғарларында орналасқан. Ол солтүстігінде және солтүстік батысында Ресей Федерациясының Қорған, Челябі, Орынбор облыстарымен және оңтүстңк-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.
Облыс территориясының негізгі ерекшелігі орташа теңіз деңгейінен биіктігі 200 м болып келетін тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Оның солтүстік бөлігін Батыс-Сібір жазығының оңтүстік-батыс шеті, ал оңтүстігін Торғай үстірті, оңтүстік-шығысын Сарыарқа жоталары, батысын Орал үстірті алып жатыр, облыс территориясын солтүстіктен оңтүстікке қарай Торғай ойысы кесіп өтеді. Облыс территориясының жазық болып келуі халықтың қоныстануы мен шаруашылықты дамытуға қолайлы фактор.
Қостанай облысының орналасқан жері қоңыржай климаттық белдеу, бірақ, оның теңіздермен мұхиттардан шалғай-континенттің ішінде орналасуы, оның климатының қатаң континентті климат қалыптасуына ықпал етеді. Қыс ұзақ әрі қатты, жаз ыстық әрі құрғақ, бұл әсіресе облыстың оңтүстік бөлігінде жақсы байқалады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм. Қостанай облысы территориясы мен Тобыл және Торғай өзендері, олардың салалары ағып өтеді, көптеген көлдердің орналасуы дала ландшафтын ерекшелендіре түседі.
Облыс территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай бірнеше км-ге созылып жатуына байланысты, облыс алуан түрлі табиғат жағдайлармен ерекшеленеді. Солтүстік шекарадан бастап оңтүстікке Батыс-Сібір орманды далалы, қоңыржай, шөлді далалар, құрғақ далалар, шөлейт бірін-бірі ауыстырып отырады.
Облыстың негізгі территориясы құнарлы қара және қызғылт топырақты болып келетін дала зонасында орналасқан. Даланың солтүстік бөлігінде жусанды-көкпекті өсімдік жамылғысы шоқ ормандармен кезектесіп келеді. Негізінен облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы агроклиматтық жағдаймен қамтамасыз етілген.
Қостанай облысның ауа-райы жағдайы.
Қостанай облысының аумағында жылу мен ылғалдың бөлінуінде аймақтық айқын байқалады. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай түсетін жылудың артуы мен атмосфералық жауын-шашынның азаюында көрінеді. Облыстың Еуразияның орталық бөлігінде орналасуы (қоңыржай ендік белдігінде) климаттық негізгі сипатының маусымдық өзгешеліктерін сипаттайды.
Облыстың климаты тез аралық континенттілігімен ерекшеленеді. Мұндай құбылыс аумақтық мұхиттар мен теңіздердің жұмсарту әсерінен алшақтау екендігімен түсіндіріледі. Климаттың континенттілігі температураның тез құбылуынан, ауа құрғақтығынан және аз мөлшердегі атмосфералық жауын-шашындардан байқалады.
Қостанай облысындағы ең негізгі климат түзуші фактор күн радиациясы болып табылады. Ол - Жер бетіндегі дамып жатқан барлық табиғи процестердің энергетикалық базасы. Қостанай облыс аумағында күн радиациясы саласының жоғағы маңызы тән. Себебі облысымыз қоңыржай белдікте орналасқан, бұлттылық көлемі шамалы. Облыс аумағы ұласып жатуына байланысты күн жарықтығы мен күн радиациясы көлемінің ұзақтығы солтүстіктен оңүстікке қарай біртіндеп ұлғаяды.
Қыс кезінде күн радиациясының көлемі жазға қарағанда аз. Тұрақты қар жамылғысы күн сәулесінің шағылысын ұлғайтады.
Мамыр айынан тамыз айына дейін жиынтық күн радиациясы қыс айларындағы күн радиациясы шамасынан 6-7 есе асып түседі.
Климаттың қалыптасу процестерінде ауа массалары мен олардың циркуляциясы үлкен рөл атқарады. Облыс климаты батыс, арктикалық және тропикалық ауа массалар циркуляциясының ықпалымен қалыптасады. Батыс атлантикалық ауа массалары облыс аумағына сирек түседі, себебі Атлантика өте алшақ орналасқан, сондықтан батыстан шығысқа қарай жылжығанда ауа массалары көп ылғалдан айырылады. Екіншіден, Орал таулары негізгі кедергі болып табылады. Бұлар циклон сипатын ауыстырып отырады. Алайда олар облыс аумағында келіп жататын жауын-шашынның негізгі бөлігін әкеледі.
Арктикалық ауа массасы облыс аумағында жылдың суық мезгілінде болады да, ауа температурасының тмендеуіне әсер етеді. Арктикалық ауа массасы фронтальды сызық жиегіне жеткен кезде жауындар болып, дауылды жерлер тұрады.
Қыс мезгілінде облыс климатына азиаттық антициклонның солтүстік-батыс массасы қатты әсер етеді. Азиаттық антициклонның оңтүстік-батыс жерлері өте суық болады. Сондықтан да Қостанай облысында қыс қатты антициклон кезінде ауа-райы ашық және аязды болады.
Жаз мезгілінде облыс климатына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында қалыптасатын континентті тропикалық ауа массалары әсер етеді. Бұл мерзімде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады.
Облыс белсенді жел әрекет аймағында орналасқан. Желдің орташа жылдамдылығы жылына 5 м/сек құрайды. Орташа есеппен, тұрғындар жылына 30 күндей жел әсерін сезінеді. Мәселен, Қостанайда қаңтар айында 12 күн бойы қатты жел тұруы мүмкін. Ашық далада орманды дала аймақтарына қарағанда жел қатты болады.
Географиялық орын, атмосфералық циркуляция мен шекаралық қабат ерекшеліктері ауа температурасына әсерін тигізеді. Облысқа температураның жылдық және тәуліктік құбылуы тән. Орташа жылдық және орташа тәулік температуралар солтүстіктен оңтүстікке өзгереді.
Өзен торабы сирек. Облыс бойынша шамамен 310 ұсақ өзендер бар. Ең ірі өзендер - Тобыл және Торғай. Тобыл өзенінде Жоғарғы Тобыл, Қаратамыр және Амангелді су қоймалары орналасқан.
Облыста 5 мыңнан астам көл бар. Ең ірілері Торғай жырасында орналасқан - Құсмұрын, Сарымойын, Ақсуат, Сарықопа. Орман алқапты жер ауданы 217, 5 мың га, соның ішінде 151, 2 мың га табиғи отырғызындылар. Тың жерлерін игеруге байланысты қара топырақты және қызғылт топырақты барлық аудан жыртылып тасталған.
Қостанай облысының мал және өсімдік әлемі қорлары өркениетті сүтқоректілер аулау және аң аулауды ұйымдастыру үшін, көлдік-тауарлық сүтқоректілер шаруашылығын, аң шаруашылығы және орман шаруашылығын игеруге жарамды. Облыстың жер бетіндегі жануарлар фаунасына 52 түрлі сүтқоректілер, 267 тұрақты немесе уақытша мекендейтін құстар, 10 түрлі қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар жатады, су қоймаларында сүтқоректілердің 24 түрі мекендейді.
Облыс аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аң түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 сүтқоректілер түрлері. Тиіндер, тышқандар, қояндар: орман аққояндары және дала орқояндары бар. Бұл жерлерде кәдімгі ірі кірпілер және кішкентай, құлақты дала кірпілері жүреді.
Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер: сұр тышқандар, тышқандар, аламандар (кәдімгі, эверсман, жоңғар), саршұнақтар (үлкен, кіші, сары) және дала суырлары құрайды.
Көп омыртқалы жыртқыш аңдар: аққалақ, ақкіс, дала күзені, борсық, қарсақ, түлкі, қасқыр.
Ең ірі сүтқоректілердің түрлері: бұлан, елік, қабан, 1990 жылдың басына дейінгі жазда бөкен, киік табындары жайылып жүрген.
Фаунада 155 ұясалушы құс түрлері бар, 127 түрлері ұшатын, кезбе немесе қыстаушы құстар болып табылады.
Сирек кездесетін құстардың 40 түрі ұсынылған, 35 Қазақстанның Қызыл кітабына кіргізілген, 17 Халықаралық (МСОП) .
Облыстың бір аймағында ғана бүркіттің 4 түрі ұя салады: бүркіт, қарақұс, су бүркіт және дала бүркіті. Қарақұстың ұя салу топтасуы 40, субүркіттері 18-20, балобандар 16-20, бүркіттер 3-4 жұпқа шейін жетеді.
Фауна су-батпақты жердің құстары 110 түрінен тұрады. Қорда 300-ден 22 мың гектарға дейін жететін 12 ірі өзендер бар [3, 4, 5] .
2 Қазақстандағы аңшылық аңдардың зерттеулері
«Өткенді білмей, қазіргінің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес» М. Горький
Ұлан-байтақ жері бар Қазақстан территориясы талай заманнан бері жабайы хайуанаттардың мекені болып келді. Осы жануарлардан алынған өнім халыққа кисе киім, ішсе тамақ болды. Соның негізінде аң аулау кәсібі пайда болып, күні бүгін ол үлкен маңызы бар, ірі шаруашылық салаларының біріне айналып отыр.
Міне, осы аң шаруашылығының қазіргі жағдайын жете түсініп, оны одан әрі дамыта беру мүмкіндіктерін ашу үшін соның өткен тарихын жақсы білген жөн.
Сонау көне дәуірден бері республика территориясында климат жағдайы бірнеше рет өзгерді. Соған байланысты онда тіршілік еткен жануарлар дүниесінде де талай өзгерістер болды.
Адамзат қоғамы қалыптаса бастаған дәуірдегі аңшылық тарихымен танысу мынаны көрсетеді: қазақ жерінде бірнеше мыңдаған жылдар бойы ірі сүтқоректілерді аулау - адам баласының тіршілік етуінің негізгі көзі болған. Аңшылық алғашқы қарапайым техниканың дамуына әсерін тигізді. Палеолит және неолит дәуірлерінде ол қоғам дауының негізгі күші болды. Тек қана мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының кең етек алуы аң аулау кәсібін екінші орынға ығыстырды.
Бұдан шығатын тағы бір маңызды қорытынды - Қазақстан территориясында тіршілік еткен ірі жабайы жануарлардың 300 мың жылдан астам уақыт бойы тікелей немесе жанама түрде адам ықпалында болуы. Тіпті еңбек құралдары жетілген сайын бұл әсер жылдан-жылға күшейе түсті. Біздің аймақта халық санының өсуіне, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуына байланысты адамның жабайы хайуанаттарға жанама әсері күшейді. Олар көктемде егін егетін жерлерді тазарту және жайылымды жақсарту мақсатымен біраз участоктерді өртеуді практикаға айналдырды. Сол сияқты ен далада ол кезде жиі болатын соғыс қимылдарында өрт жіберу кездері де байқалған. Бұл өрт мыңдаған гектар шабындықтар мен орманды құртып жібереді. Сондай-ақ үй малдары арасында болған жұқпалы аурулар жабайы жануарлар ішіне де таралғаны мәлім. Міне, осындай жағдайлар кең-байтақ даламызда өрген хайуанаттардың өсуін тежеп отырды.
Көне дәуір адамдары мамонт пен жүндес мүйіз тұмсықтың құрып кетуін тездетсе, қола ғасырының аңшылары жабайы өгіз - турды, бизонды, жабайы екі өркешті түйені жойып жіберді.
Біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мың жылда Қазақстан территориясында тұратын көне халықтар ру-тайпаларға бөлінген. Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, тапқа бөліну етек алды. Бұл тарихи кезең аңшылықтың жаңа тәсілдерінің одан әрі дамуымен суреттеледі. Әуелі мыстан, қоладан, одан кейін темірден жасалған қарулар пайда болды. Осыған қарамастан, аң мен балық аулау көмекші шаруашылық есебінде қалып қойды.
Сол заманда Қазақстан жерін сақтар немесе скифтер деген тайпалардың мекен еткені тарихтан белгілі. Сақтардың негізгі мұрагері түркі халықтары, соның ішінде қазақтар болу керек (Махмұтов, 1971) . Сақ тайпасы өздерінің қаруларын, ыдыстарын және басқа заттарын жан-жануарлардың (қой, ешкі, жылқы, арыстан, аю) бейнелерін салумен әшекейледі. Қанжар, пышақ саптарын жасағанда да оларға әр түрлі хайуанаттардың формасын берді. Тау теке, бұғы, жылқы сияқты жануарлар бейнесін тастарға салып қалдырды.
Сақ уақытында тастарға ойып салынған суреттер Қазақстанның көптеген аудандарынан табылып отыр. Мәселен, Талдықорған облысының Дауылбай тауы мен Теректі сайы және Алматы облысының Таңбалы сайынан, Семей облысы Шұбартаудан кездескен тас бетіндегі бейнелер ерекше назар аударады.
Талдықорған қаласының солтүстігінде, 20 км жерде Дауылбай тауы деп аталатын шоқы бар. Оның айналасын толып жатқан терең сайлар қоршаған. Сай жиектерінің көпшілігі тік құлама жартастар. Сайға түскен аңдар одан шығып кете алмайды. Осы сайлардағы жылтыр қара тастардың беті адам ойын аңғартатын толып жатқан суреттерге толы. Бір жерде арқарлар мен тау ешкілерді қоршап алған жалаңаш аңшылар оларға садақ тартып тұр. Бұл арадағы суреттердің ішінде төрт түлік малдан басқа қозығасын емізген марал да, қарағай мүйізді бұғылар да кездеседі. Әсіресе, арқасында садақ асынып, ұшына ту ілінген шашақты ұзын найза ұстаған көне түркі халықтарының салт атты жауынгерінің тас бетінде сақталып қалған бейнесіне таңданасың (Махмұтов, 1971) .
Мыңнан астам тасқа ойып салынған суреттер Ақсу-Жабағылы қорығындағы Қасқабұлақ аңғарында да бар. Тасқа қашалған таңбалардың көбінде бұғы, арқар, марал, түйе, ат, ит, тау ешкісі бейнеленген. Садақ асынып, ит ерткен аңшылардың суреттері де жиі ұшырайды. Солардың басым көпшілігінде бұғы бейнеленген. Бұдан шығатын қорытынды, ерте кезде бұл маңда бұғылар көп болған. Келе-келе аңшылар бұл жерде олардың тұқымын жойып жіберген болуы керек.
Міне, осындай тастағы таңбалар сол заманда аңшылық етудің қаумалап ұстау, садақ ату және ит жүгірту әдістерінің кең таралғанын айқын танытады. Бұл мақсат үшін жүйрік аттарды пайдалану табысқа жетудің кепілі болды.
Аңшылардың көмекшілері тек жүйрік ат пен тазы ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге қолға үйретілген барысты да аңға салғанын Шолақтау тастарындағы суреттер растайды (Мариковский, 1953) . Гепартпен аң аулау туралы Азия мен Қазақстанға саяхат жасаған Марко Поло сипаттап жазған. Бірақ бұл хайуанаттарды қолға үйрету қиын болғандықтан, оларды тек ру, тайпа басшылары ғана ұстаған деп шамалауға болады.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен табылған тастағы бейнелер аңшыларды қоршаған ортада қандай жануарлар тіршілік ететінін және сол кездегі оларды аулау әдістерін көз алдыңызға елестеді.
VI-XII ғасырларда Сырдария бойында, Қаратау өңірінде, Талас алқабында және Жетісу бойында халықтардың жиі қоныстануына байланысты көптеген селолар мен қалалар өсіп шықты. Оңтүстіктегі қалалар арқылы үлкен сауда жолы өтті (Агеева, Пацевич, 1958) . Жетісу өзендері бойында егіншілік дами түсті. Көшпелілердің негізгі кәсібі - мал өсіру болды.
Осы айтылғандар сауда-саттық үшін терісі ас құнды аңдарды көп аулауды керек етті.
Х-ХІ ғасырларда Ертіс өзені жағалауын жайылым еткен малшылар аңшылықпен де кәсіп еткен. Олар бұлғын, ақкіс және түскі терілерін дайындап, оларды өз тұрмыстарында пайдаланумен бірге көршілерге тұзға айырбастап отырды деген мәлімет бар.
Марко Поло он үшінші ғасырдағы Қытайға барған саяхатын баяндағанда, Қазақстан жерінде тұратын халықтар туралы былай дейді: «Мұнда тұратындар - көбінесе аңшылар, олар өздеріне көп пайда беретін терісі аса бағалы хайуанаттар - ақкіс, бұлғын, ақ тиін, қара түлкілерді ұстайды екен. Олардың терісінен өте жоғары бағаланатын қымбат тондар тігіледі. Сәнді терісі үшін жабайы жануарларды көп аулау олардың қорын жылдан-жылға төмендетіп жіберді».
Тіпті үлпілдек жүнді аң терілерінің ақша рөлін атқарған уақыттары да болды. Оған азық-түлік айырбастап алумен қатар, алым-салық төлеу және түрлі сыйлықтар беру осы арқылы жүргізілді.
ХІІ ғасырда Қазақстанды Монғол басқыншылары басып алған кезде де аңшылық үлкен рөл атқарды. Монғолдарға тәуелді болған көшпелілер алым-салықты бағалы аң терілерімен және тұяқты жануарлардың қақтаған етімен төлеуге міндеттенді.
Монғол шапқыншылығы шаруашылық пен мәдениетке орасан зор нұсқан келтірді. Олар Қазақстанның мәдениет орталықтары болған - Суяб, Барсагүл, Тараз, Отырар, Сауран және тағы басқа қалаларды жермен-жексен етті. Жаулап алушылар қала маңындағы егіншілікпен айналысатын шағын селоларды да құртып жіберді. Ертеде гүлденіп тұрған Жетісу өлкесі енді қаңырап бос қалды.
1391 жылғы Тимурдың Тоқтамысқа қарсы жорығын оқып отырып, қазіргі кең байтақ Қазақстанның ен даласында адамдар сирек мекендегеніне еріксіз таңданасыз. Тимур әскерлері Ұлытаудан Тобыл өзеніне жеткенше, 25 күн уақыт ішінде, бірде-бір адамды жолықтырмаған.
ХІІ-ХVІІІ ғасырларда республика территориясында халықтың аз қоныстануы, жайқала өскен шабындығы мол өзендер мен көлдердің көп болуы мұнда жабайы аңдар мен құстардың қайтадан көбеюіне қолайлыжағдай жасайды. Шөл далада үйір-үйірімен киік пен қарақұйрық жортса, қамысты сулар құстарға толы болды. Сондықтан да осы уақыт аралығында көшпелі халықтарының негізгі кәсіптерінің бірі- тағы да аңшылық болғанын тарихи мәліметтер дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz