СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
ЖӨНІНДЕГІ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
6

1. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ
ИНСТИТУТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ 11

1. Ежелгі Рим мемлекетіндегі сот шешімдерін қайта қарау
институтының қалыптасу тарихы
11
2. Рим құқығы- рецепциясы, батыс мемлекеттерде аппеляциялық іс
жүргізу институтының қалыптасу аспектілері
17
3. Қазіргі Еуропа мемлекеттеріндегі сот шешімдерін қайта қараудың
негізгі тәсілдері
22

1. РЕСЕЙДЕГІ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ІС
ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ
33

1. Ресейдегі заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау
институтының іс жүргізу ерекшеліктері
33
2.2 Кеңестік дәуірдегі сот шешімдерін қайта қарау институтын жетілдіру
мәселелерінің өзектілігі
42

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ СОТ ШЕШІМДЕРІН
ҚАЙТА ҚАРАУ МЕН ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ 49

1. Қазақ әдет құқығы бойынша би шешімдерін қайта қарау
институтының қолданылу маңыздылығы
49
2. Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның сот өндірісінде заңды күшіне енген
сот шешімдерін қайта қарау институтының қалыптасу тәжірибесі
63
3. Қазіргі сот жүйесіндегі кассациялық өндірістен аппеляциялық
өндіріске өтудің құқықтық қолданысы
76

ҚОРЫТЫНДЫ
85

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
88

ҚОСЫМШАЛАР
93
ҚОСЫМША А
94
ҚОСЫМША Ә
95
ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

ҚР - Қазақстан Республикасы
РФ - Ресей Федерациясы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық Кодекс
АҚШ - Америка Құрама Штаты
КСРО – Кеңес Социалистік Республика Одағы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ИДК - Иитернационалдық достық клубы
ҚК - Қылмыстық кодекс
ҚІЖК - Қылмыстық істер жүргізу кодексі
ӘБА - Әділет біліктілік алқасы
ЖСК - Жоғары Сот Кеңесі

АНЫҚТАМАЛАР

1. Бұл жерде "трибунал" термині соттардың азаматтық және қылмыстық істер
бойынша төтенше сипатын емес қайта олардың міндеттеріндегі шектеуді
көрсетеді. Автор түсініктемесі. Айтмұханбетов Т.

2. Бұл жерде "түзету"атауы Францияның қылмыстық кодексінің 1-бабындағы
қауіпті қылмыстар үшін тағайындалатын жазалардың түзету деп
аталатындығына байланысты алынып отыр.

3. "Полицейлік" атауы Францияның ҚК-нің 1-бабындағы тәртіпсіздік үшін
тағайындалатын жазалардың полицейлік деп аталатындығына байланысты
айтылған.

ТҮЙІНДЕМЕ

Диссертациялық жұмыс 95 беттен, кіріспеден, 3тараудан, қорытынды мен
100 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елдегі сот үкімдері мен қаулыларын қайта
қарау институты құрылымының мәні мен мазмұнының ғылми үлгісін жасау, пайда
болу жолдарын зерттеп сипаттама беру.
Зерттеу пәні сот жүйесі мен оған қызмет еткен дәстүрлі құқықтың заң
нормаларын басқа да көне батыстық өркениет мемлекеттердің сот жүйелерімен
салыстырмалы құқықтық сипаттама беру.
Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері – соттың заңды енген шешімдерін
қайта қарау жөніндегі іс жүргізу ерекшеліктерін талдау; заңды күшіне енген
сот шешімдерін қайта қарау институтының қалыптасу тарихын қарастыру;
Ресейдегі заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау институтының іс
жүргізу ерекшеліктері мен өзектілігін айқындау; Қазақстанның сот
өндірісіндегі сот шешімдерін қайта қарау мен іс жүргізудің құқықтық
тәжірибесін зерттеу;
Зерттеу әдістері: Зерттеуші өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын ашу
мақсатында жалпы диалектикалық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-құқықтық
талдау, жүйелі-құрылымды, саралау тәсілдерін қолданды
Жұмыстың практикалық және теориялық маңызы - заңды күшіне енген сот
шешімдерін қайта қарау өндірісінің қадағалау мен шағымдану тәртібімен
қарастырудың ерекшеліктерін қазіргі сот жүйесінде қолдану мәселелерін
жетілдіру жолдарын көрсету.

РЕЗЮМЕ

Диссертация состоит из 95 страниц, из введения, 3 разделов, 6
подразделов, заключения и из 100 единиц использованной литературы.
Актуальность темы исследования: Выполнение научного образца сути и
содержания строения института по пересмотру судебных приговоров и
постановлений в стране, исследование и описание пути образования.
Предмет исследования. Дать правовое описание судебной системы и
служащих ей традиционных норм закона сравнительно с судебными системами
государств древней западной цивилизации.
Цель и задачи научной работы. Проанализировать особенности ведения дел
по пересмотру судебных решений, вошедших в законную силу; рассмотреть
историю образования института по пересмотру судебных решений, вошедших в
законную силу; выяснить актуальность и особенности ведения дел по
пересмотру судебных решений, вошедших в законную силу в России; исследовать
правовой опыт ведения дел и пересмотра судебных решений в Казахстанском
судебном производстве.
Методы исследования: с целью пояснения темы исследования,
исследователь использовал диалектические, сравнительно-исторические,
историческо-правовые, системно-структурные методы анализа.
Теоретическая и практическая значимость проведенного исследования
состоит в том, что некоторые выводы и предложения могут быть использованы
для проведения дальнейших теоретических исследований в данной области и в
процессе совершенствования действующего законодательства Республики
Казахстан о судебной системе.

RESUME

The given scientific work consists of 95 pages, 2 appendices to
scientific work, 100 used bibliography.
Actuality of made research: Performing scientific sample of nature and
content of the structure of the Institute for the revision of sentences and
regulations in the country, research and description of the way of
formation.
Subject of research: A legal description of the judicial system and
serving her traditional provisions of the law compared with the judicial
systems of the ancient western civilization.
The objectives of the scientific work: To analyze the features of case
management on the revision of judgments entered into force. Consider
formation history of the Institute for the revision of judgments entered
into force. Ascertain the relevance and characteristics of doing business
on the revision of judgments entered into force in Russia. Explore the
experience of case management and the revisions of judgments entered into
force in court proceedings in Kazakhstan.
Methods of research: With a view to clarifying the research topic the
researcher used a dialectical, comparative-historical, historical and
legal, systemic-structural analysis methods.
Theoretical and practical significance of the research is: some
conclusions and suggestions can be used for further theoretical research in
this area and in the process of improving the current legislation of the
Republic of Kazakhstan on the Judiciary.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қылмыстық сот өндірісінде адам
құқықтарының ең басты кепілдіктерінің бірі процеске қатысушының сот шешімін
қайта қарату құқығы.Сондықтанда ғылыми жұмыстың өзектілігі елдегі сот
үкімдері мен қаулыларын қайта қарау институты құрылымының мәні мен
мазмұнының ғылми үлгісін жасау, пайда болу жолдарын зерттеп сипаттама беру.
Сот үкімінің заңдылығын және негізділігін тексеру қажеттілігі, жалпы, іс
жүргізудің міндетті мақсаттарынан және қоғамның сол мемлекеттің ізгі
мұратына қайшы келетін сот қателіктерін, үкімнің әділетсіздігін
мүмкіндігінше болдырмау талаптарыныан туындайды. Шындығында сол сот
шешімдерін қайта қарау сатысында іс бойынша нағыз шындыққа қол
жеткізілгендігін тексеру мақсаты қойылады, сөйтіп соның нәтижесінде
жіберілген сот қателіктері түзетіліп, еліміздің сот тәжрибесінде
әділеттілік жолына негізделген біркелкілік орнайды.
Қазіргі мемлекеттің егемендігі ұғымымен байланысты өзінің халқы
тұратын жеріне билік ету арқылы басқара алатын әкімшілік аумақтарға
бөлінуі, сол аумақтардағы халық мұраттарына қарай құқықтық негіздерді
тудырады. Сондықтан, мемлекеттің бесінші нысаны болып, негізгі арқау-
құқықтық жүйе табылады [1,30].
Сот шешімдерін қайта қарау институты өзінің тарихын сонау Көне Греция,
Рим мемлекеттерінің құқығынан бастау алады. Жалпы сот қаулыларына шағымдану
институтының, соның ішінде аппеляциялық және кассациялық шағымдану
институттарының пайда болу және даму тарихын сөз етпес бұрын ең алдымен
алғашқы қоғам пайда болған кезеңдерінен кейін оның мүшелерінің арасында
қоғамдық қатынастардың орныға бастағандығына назар аударған жөн. Ол
қатынастардың күрделенуі, одан әрі дами түсуі бұл заңды құбылыс болатын.
Әдет сөзі кәдімгі құқыққа негіз бола тұрғанымен де, оның дәл мәніне
заң сөзі толығырақ сай келеді. Жалпы құқықтың қалыптасуындағы алғашқы
кезеңдерде дәстүрлік құқық нормаларының жүйеге келтірілуі белгілі бір
дәрежеде өзара байланыста болады. Мысалы: Римдегі 12 таңба, таблица ретінде
белгіленген заң тізбесі - дәстүрлік құқық нормаларының жазбаша түрі деп
танылған. Кез-келген қоғам өзінің даму кезеңін талдай отырып, бастапқы
кезеңдегі заң нормаларын аттап өтуіне болмайды. Бұл жалпы құқықтың
орнығуына, теориялық тұрғыдан түсінуге маңыз береді [2,22-24].
Көне ұғымдарға сәйкес рудың барлық мүшелері "бір тұтас ататектен",
түбірден" шығады, себебі олардың әлеуметтік тегі бір рудан. Тұрмыс деңгейі
әрқилы болғанымен руаралық соғыста бір біріне көмектесіп, ар-намыс пен
мүддені қорғай білген. Осы негіздегі рулық кек - ұжымдық жауапкершілікті
тудырады.
Оған қоса құқықтық әдет-ғұрыптардың пайда болған мезгілін дәл басып
айту да қиын. Тек қана қанға-қан, немесе талион кегінің өзі ең көне
институт. Көптеген қоғам мүшелерінің арасындағы туындаған дау-жанжалдардың
кейбіреулері қоғам мүшелері арасында ірі келіспеушілікке әкеп соқты.
Алғашқы қоғам тұрақты емес, ол үнемі даму үстінде болды. Әрі сол даму
барысында адамзат біртіндеп экономиканы жасаушы дәрежесіне көтеріліп
алғашқы қауымдастық қоғамды өзінің шарықтау шегіне (қоғамның әлеуметтік
жіктелуі, таптардың пайда болуы, мемлекеттің дүниеге келуі) жеткізді
[3,31].
Европалық мемлекеттердің ертедегі даму кезеңінде орталық мемлекеттік
биліктің тым әлсіз, әрі өзінің мекемелері арқылы сотты бағындыруға және оны
бақылауға бейімсіз болды, оның нәтижесі сот қызметінің тәуелсіздігіне
әкелді, себебі, оның қабылдаған шешімі түпкілікті әрі ешбір шағымдануға
жатпайтын. Алайда кейінірек орталықтандырылған мемлекеттік биліктің
өркендеп нығаюының нәтижесінде, сот өзінің тәуелсіздігін біртіндеп жоғалта
бастады. Сөйтіп орталық билік тарпынан сот шешімдерін тексеру құқығы пайда
бола бастады. Сот шешімдерін қайта қараудың бұл түрі тергеу процесіне тән
болатын. Мұндағы тексеру бастамасының мәні сол, процесс барысы мүдделі
адамдардың еркіне ешқандай байланысты болмады.Тергеу процесі сот
өндірісінде тараптардың іс-әрекеттерін мүлдем назарға алмағандықтан,
соттағы қайта қарауда бұл тіпті де мойындалмады. Әрбір іс міндетті түрде
төменгі сатыдан жоғары қарай алдын-ала заңмен белгіленген тәртіп бойынша
қаралуы тиісті еді, әрі қайта қарау инстанцияларының көптігі істің ұзақ
қаралуына әкеліп соқты.
Мемлекеттің бұл даму кезеңінде аппеляция және кассация шағымдану
тәртібі, тәсілдері белгісіз болатын. Бір соттың шешімін басқа бір сот
түзетпейтін, яғни қабылданған шешімді, сол шешімді қабылдаған соттың өзі
ғана өзгерте алатын.
Сот шешімдерін қайта қарау институтының өмірге келуіне, тек мемлекетік
билік күшейіп, халық сотын өзінің бақылауына бағындырғаннан кейін ғана
мүмкіндік туды. Бұл иерархиялық бағынушылыққа, яғни төменгі соттың өзінен
жоғары тұрған сотқа бағыну жүйесіне негізделген еді.
Мұнда тексеру бастамасы біртіндеп жеке бастамаға ауыса бастады. Яғни,
жоғары инстанция тек төменгі сатыдағы соттың шешімімен құқығы бұзылған
адамның өтініші бойынша ғана шағымдалған шешімді қарауға кіріседі. Бұндай
жағдайда сот шешімдерін қайта қарайтын инстанциялар саны әлдеқайда азая
түстеді. Бұл жөнінде И.Фойницкий былай дейді: істерді тездетіп қарау
мәселесі алға тартылып, өндірістік инстанциялардың санын қысқарта отырып,
сот шешімдерінің тұрақтылығына қол жеткізу кеңінен мойындала бастады.
Сөйтіп, қайта қараудың мынадай түрлері белгілендіжеке шағымдану, аппеляция,
кассация және қылмыстық істерді қайтадан қарау. Бұлардың бір-бірінен
өзгешелігі сот шешімдерінің айырмашылығына байланысты болды. Мәселен,
қаулылар мен ұйғарымдар жеке шағымдануға жатқызылса, түпкілікті емес
үкімдер - аппеляциялық тәртіппен, түпкілікті емес үкімдер (егер олар әлі
үзілді-кесілді заңдық күшіне енбесе) кассация тәртібімен қайта қаралды. Ал,
егер түпкілікті үкімдер үзілді - кесілді заңдық күшіне енсе, онда оларға
тек жалғыз ғана тәсіл - істі қайта қарау қолданылады [4,509].
Осы ереже ежелгі Грецияның және Көне Римнің, сондай-ақ еуропалық
елдердің мемлекеттік және құқықтық тарихында өзіндік дәлелін тауып отыр.
Тарихтан білетініміздей, ол замандарға мынадай өзіндік ерекшеліктер
тән еді:
Біріншіден, дауды шешудің ескі тәсілдері әлі де сақталынып,
пайдаланылды. Мысалы, қайсыбір қиын мәселелер әкімшілік билігі бар халық
жиындарында, ақсақалдар кеңесінде талқыланды. Сондай-ақ жекпе-жек, ант
беру, т.б.осы сияқты көне дәстүрлі тәсілдер қолданылды.
Екіншіден, сол уақыттарда мемлекеттік биліктің арнайы органы
ретіндесоттар қалыптаса бастады. Бұл соттардың құрылымдары, тіптен істерді
қараудың бұрынғырулық институттарымен ешқандай байланысы жоқтын. Гректердің
сол ғасырлардағы өмір сүрген мемлекет-қалаларында халық жиынындағы соттың
өткізілу тәртібі ежелгі сот нысандары ретінде пайда болды, ең қызықтысы
олар 6-7 ғасырларға дейін сол қолданыстағы түрін бұзбай қолданылып келді.
Бұл соттар гелиэя деп аталды, негізгі себебі бұл жиындардың күндіз
басталып, күн батқанда аяқталуында болуы мүмкін.
Қазақ мемлекетінің қоғамдық жүйесіне қызмет істеген азаматтық,
қылмыстық құқық түрлері, соған лайықты қолданылған шешімдер мен үкімдер,
жаза шарттары заң актілерінің бастау көзі деп есептеуге болады.Сондықтан
біз осы зерттеу еңбегіміздің тақырыбындағы тарауларында көрсетілген
сұрақтарға жауап беруге тырыстық.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – соттың заңды енген шешімдерін қайта қарау
жөніндегі іс жүргізу ерекшеліктерін талдау. 
Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу
көзделді:
- Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау институтының
қалыптасу тарихын қарастыру;
- Ресейдегі заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау
институтының іс жүргізу ерекшеліктері мен өзектілігін айқындау;
- Қазақстанның сот өндірісіндегі сот шешімдерін қайта қарау мен іс
жүргізудің құқықтық тәжірибесін зерттеу;
Зерттеу объектісі соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау
нормаларымен байланысты іс жүргізу нормаларымен байланысты ерекшеліктерін
көрсету болып табылады.
Зерттеу нысаны сот жүйесі мен оған қызмет еткен дәстүрлі құқықтың заң
нормаларын басқа да көне батыстық өркениет мемлекеттердің сот жүйелерімен
салыстырмалы құқықтық сипаттама беру
Зерттеу әдістері: Зерттеуші өзінің зерттеу жұмысының тақырыбын ашу
мақсатында жалпы диалектикалық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-құқықтық
талдау, жүйелі-құрылымды, саралау тәсілдерін қолданды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі Зерттеуші өз еңбегінде бұрынғы
және қазіргі Қазақстан мемлекетінің құқығындағы сот үлгілерінің әлемдік
тәжірибесін, ерекшеліктерін саралау мәселесіне байланысты теориялық және
тәжірибелік негіздемелері мен шарттарын қарастырады. Сонымен бірге ұлттық
дәстүрлі-құқықтық жүйедегі билер институтының қалыптасуымен пайда болған
мемлекеттік биліктің бір нысаны билер сотының рөлін қазіргі сот жүйесімен
байланыстыра отырып сол саланы зерттеген республиканың көрнекті заңгер-
ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып: Ғ.С.Сапарғалиев [1,30], И.Я.
Фойницкий [4,509], Т. М. Культелеев [40,154], С.З.Зиманов [42,25],
З.Кенжалиев [70,123] өзінің ғылыми ұсыныстарын берген.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: сот жүйесіндегі шешімдерді қайта қарау мен
іс жүргізудің құқықтық мәселелерін жан-жақты зерделеп, сот тәжірибесіндегі
Облыстық және оған теңестірілген соттың қарауына жататын қылмыстық істер,
Жоғарғы соттың қарауына жататын заңды күшіне енген шешімдерді қадағалау
сатысында қайта қараудың құқықтық негіздерін жан-жақты саралап, өзектілігін
зерттеген.
Қорғауға шығарылатын мәселелер: істі бірінші сатыда толық және әділ
қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен
сотты кездейсоқ қателесуден қорғау міндеттерін негізге ала отырып;
- сот шешімдерін қайта қарау институтының қалыптасу тарихын мен
тәсілдерін анықтау;
- мемлекеттегі сот шешімдерін қайта қарау институттарының 1997
жылдағы, 2004 жылдағы қылмыстық істердің соттылығына байланысты енгізілген
өзгерістердің рөлін ашу;
Жұмыстың практикалық маңызы - заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта
қарау өндірісінің қадағалау мен шағымдану тәртібімен қарастырудың
ерекшеліктерін қазіргі сот жүйесінде қолдану мәселелерін жетілдіру жолдарын
көрсету.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен саралануы. Ғылыми жұмыстың жеке
нәтижелерін Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқу
процессінде Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы, Мемлекет және
құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы пәндерін өтуде қосымша
курстарда қажет дерек көзі ретінде қолдануға ұсынылады.
Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми жұмыстар. 1.Изжанов Б.Т.
Қазақ әдет құқығы бойынша би шешімдерін қайта қарау институты атты
мақала баспаға берілді.
Білім беру және ғылымның инновациялық дамуы: Қазіргі заман
беталыстары мен болашақ көрінісі атты халықаралық ғылыми-тәжірибиелік
конференция материалдарының жинағы. Том 3.-Көкшетау: АМКУ, 2013. 124.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жұмыстың көлемі машинаға басылған 80 бет, 3 қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі,
нысаны, мәні, ғылыми жаңалығы, әдістемелік негізі, зерттеу деңгейі және
жұмыстың құрылымы қарастырылған.
Бірінші бөлімде заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау
институты қалыптасуының тарихи аспектілері бойынша: ежелгі Рим
мемлекетіндегі сот шешімдерін қайта қарау институтының қалыптасуы, рим
құқығының рецепциясы негізінденгі аппеляциялық іс жүргізу институтының
дамуы, қазіргі еуропа мемлекеттіндегі сот шешімдерін қайта қараудың
жетілдірілген тәсілдерін жан-жақты сараланып, қоғамдағы маңызы
қарастырылды.
Екінші бөлімде Ресейдегі заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау
институтының іс жүргізу ерекшеліктері мен өзектілігі бойынша: империялық
және кеңестік кезеңдердегі туындайтын өзектілігі мен сот жүйесінің
қалыптасуы талқыланады.
Үшінші бөлімде Қазақстанның сот өндірісіндегі сот шешімдерін қайта
қарау мен іс жүргізудің құқықтық тәжірибесі бойынша: дәстүрлі құқықтың
құқық жүйесінде қолданылуы мен билер соты тәжірибесін дамыту жолдары,
қазіргі сот жүйесіндегі кассациялық өндірістен апелляциялық өндіріске
өтудің құқықтық тәжірибесі көрсетіледі. Жұмыстың соңында қорытынды жасалып,
қолданылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ИНСТИТУТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Ежелгі Рим мемлекетіндегі сот шешімдерін қайта қарау институты- ның
қалыптасу тарихы

Қазіргі таңда, қоғам арасында сот билігіне байланысты әртүрлі пікірлер
айтылып жататындығы белгілі. Тіпті, кейбір газет-журнал беттеріндегі
мақалаларда жалпы соттар шығарған шешімдердің ішінара қаншасы әділ, қаншасы
заңсыз деген сұраққа жауап беруді мақсат еткен әртүрлі қоғамдық сұраулардың
қорытындысы негізінде пайыздық көрсеткіштерді анықтап, осыған байланысты
қоғамдағы пікірді қалыптастыру тәсілдері де кең орын алғаны жасырын емес.
Осыған байланысты айта кететін бір жәйт, кез келген сотта істі қарау
барысында белгілі бір тараптың сот шешімімен келіспейтіндігі анық. Өйткені,
тек заңдарға сүйене отырып шешім шығару барысында сот белгілі бір тұлғаға
жауапкершілік, не болмаса міндет жүктейтіндігі ақиқат. Осы орайда,
қоғамдағы соттар жалпы сот билігі жайлы пікірді тек халық арасында
жүргізген сұрау қорытындысы бойынша анықтау дұрыс па деген заңды сұрақ
туады. Меніңше, қазіргі тандағы қоғамдағы сот билігі жайлы кейбір теріс
пікірлердің қалыптасуының астарлы себептері осы саланы зерттеудегі, сондай-
ақ, сот билігінің халыққа деген қызмет көрсету дәрежесін анықтаудағы
таңдалып жатқан тәсілдердің біржақты, үстіртін қолданылуында. Сондықтан,
қоғамдағы сот билігіне деген сенімнің артуына бағытталған шаралар кешенді
әрі жан-жақты болуы тиіс.
Басқа мемлекеттік органдардың қызметімен салыстыратын болсақ, сот
билігін жүзеге асыру әрқашан да ашық әрі жарыспалылық қағидаларына
сүйенген. Демек, сотта кез келген қоғам мүшесі заң мен белгілі бір іс
шеңберінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға тікелей қатыса алады. Өз
кезіңде Т.Джеферсон айтқандай Адамның тумысынан пайда болған құқықтарынан
басқа нәрсенің барлығы уақыт өте өзгеріске ұшырайды. Сондықтанда билік
бөлу тұжырымдамасы (концепциясы) қалай пайда болды деген сұраққа жауап
іздейтін болсақ, оның классикалық теориясын аса көрнекті француз
ағартушысы, ойшылы, философ Ш.Л. Монтескьенің еңбектерінен көре аламыз.
Ш.Л.Монтескье ілімінің негізі - жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын
мемлекеттік билік басшыларының қалпына келтірсе деген негізбен жазылғанын
айтуға болады.
Ш.Л.Монтескье биліктің үш тармағын Заң шығарушы билік, халықаралық
құқықтар мәселесін атқаратын билік және азаматтардың құқықтары жөніндегі
мәселесін атқаратын билік,- деп бөліп қарайды. Демек, Ш.Л Монтескье
билікті мүлде дербес үш тармаққа бөлмейді, ол, биліктің үш түрі туралы яғни
біртұтас мемлекеттік биліктің үш бөлігі жөнінде мемлекеттік басқаруды
жақсарту үшін жасалған құрылымдар жөнінде айтып көрсетеді. Шамасы Ш.Л.
Монтескьенің пікірінше біртұтас мемлекеттік жүйе мен олардың әрекеттерін
шатастырып алмас үшін жасалған құрылымдар шығар. Биліктерді бір-бірінен
ажырату, олардың арасындағы байланыс пен бағыныштылық жойылса бүкіл
мемлекеттің жан-жаққа ыдырап кетуіне қауіп төндіруі мүмкін.
Биліктің үш тармағын анықтаған соң Ш.Л. Монтескье олардың әрқайсысының
өз өкілеттігіне байланысты мәселелерін де анықтайды. Мәселен, біріншісі
(заң шығарушы билік) заңдарды шығарады, осы заңдардың күшін жояды және оған
түзетулер енгізеді. Ал, екіншісі (атқарушы билік) соғысу мен татуласу
мәселесін және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
Үшіншісі (сот билігі) қылмыс жасағандарды жазалайды және жеке адамдардың
арасындағы қақтығыстарды шешеді.
Ш.Л. Монтескье өз еңбегінде биліктердің ара шектерін ашу мәселелеріне
көп көңіл бөліп, оларды жеке билік тармақтарына бөлу қажеттігін көрсетеді.
Биліктерді біріктіру туралы сөз болса, дейді Ш.Л. Монтескье: Егер бір
адамның немесе мекеменің қолында қаулы шығару да қылмысты мінеуде болса
бәрі де күйреген, бүлінген болар еді және жеке адамдардың жағдайы да ауыр
халде болар еді. Осындай республикалардың азаматтарының жағдайы қандай
болатынын ойлаңыз. Мұндай республикаларда заңдарды орындаушы ретінде әрбір
ведомства заң шығарушы ретінде өзіне - өзі берген бүкіл билікке иелік
етеді. Ол өзінің жалпы қаулысы бойынша мемлекетті қиратуы мүмкін және
сондай-ақ сот билігіне ие бола отырып ол өзінің үкімдерімен әрбір адамды
бас көтертпестей ету мүмкінігіне ие. Осыған байланысты Ш.Л. Монтескье
әрбір билік тармағынан тиесілі құзырын анықтап, биліктердің бірін-бірі
өзара тежеу тетігін жасаған. Ш.Л.Монтескье тұжырымдамасы бойынша сот тек
әділеттілікті жүзеге асыру мақсатында қызмет етеді. Сондықтан Ш.Л.Монтескье
биліктің біраз бөлігін заң шығарушыларға береді.
Оның пікірінше Парламент екі палатадан тұрады:
1. Мейірбандар мәжілісі (Жоғарғы палата)
2. Өкілдер мәжілісі (Төменгі палата). Жоғарғы палата федеральдық
өкілдерді соттауға құқылы (жай сот емес). Екіншіден, Жоғарғы палата
тағайындалған жазаны төмендетуге және кешірім жасау құқығы берілген.
Үшіншіден, бұл палата сот билігін алмастыра алатын болғандықтан
теңгермешілік қызмет те атқарады. Үш биліктің ішінде сот тіпті билікте
емес, билік кепілдігі деуге болады, қалған екеуі: шектен шығып кетпес үшін
оларға реттеушінің билігі керек. Осыған заң шығарушының мейрбандар тобы бұл
орынға өте лайық. Сонымен Ш.Л. Монтескье сот билігін оның ең негізгі
қызметі - сот бақылауынан айырады. Бұл оның өзінің биліктерді тәуелсіз үш
жеке билікке бөлу керектігі жөніндегі айтқан сөзіне қайшы келіп тұр. Сот
билігін билік кепілдігі дей отырып, оның құзыретінің бір бөлігін
Парламенттің Жоғарғы палатасына беріп жіберу арқылы, заң шығарушы және
атқарушы биліктеріне қарағанда, сот билігін бағынышты жағдайға түсіріп
тастаған. Бұнда Ш.Л. Монтескьенің мемлекеттік моделді құру мәселесі таптық
тұрғысынан қаралғанын көре аламыз.
Сот билігін ұйымдастыруда Ш.Л Монтескьенің қызықты көзқарастары бар,
мәселен, сот билігі арнайы бір тұрақты орган есебінде жұмыс атқармай-ақ, ол
тек белгілі уақыт аралығында халық арасынан, заңды жолмен құрылып,
қажеттілігі ақталған соң таратылады. Екіншіден, сотты сайлау керек, тек
кейбір жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс. Үшіншіден, сот алқалы түрде
жүргізілуі керек. Төртіншіден, сот сол уақыттағы қолданып жүрген заңды
дәлме-дәл қолдануы керек. Бесіншіден, соттың шығарған үкімінде тек судьяның
жеке пікірі емес, ол заңда да тікелей көрсетіліп тұрылуы керек,[5,11] -
деген өз ойларын тұжырымдап көрсеткен болатын.
Өзінің ұлы еңбегінде Ш.Л. Монтескье, сот әділдігін жүзеге асыруда -
тек сот қызметінің негізгі міндеттеріне тоқталмай, сонымен қатар, атқарушы
және сот билігінің өз қызметтерін атқаруда заң ережелерін сақтауын және бұл
заңның бәріне де тән екенін атап көрсетеді. Ш.Л. Монтескьенің жасаған билік
бөлу тұжырымдамасының негізі адамның құқықтары мен бостандықтарын толық
айқындайтындықтан билік бөлу теориясының классикалық ядросының түйіні
болды. Ш.Л. Монтескье ілімі мемлекеттік билікті бұдан былай дұрыс түсінуге
орасан ықпал етіп, көптеген елдердің Ата заңдарын қалыптастыруға негіз
болды.
Демократиялық елдердің барлығының Ата заңдарында Ш. Л. Монтескьенің
тұжырымдамасының элементтері бар, бұл белгілер Республика Конституциясында
қалыптасқан сот билігінің бірнеше конституциялық негіздерінен анық
байқалады. Осы негіздерді саралау арқылы сот билігінің қызметін реттей
отырып, ондағы нормаларды атап көрсетуге болады:
І. Сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы есебінде бекіту (3-
баптың 4-тармағы).
2. Тікелей сот арқылы адамдардың, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау (баптар: 13-бап-тың 2-тармағы, 14-бап, 15-бап, 16-
бап, 25-бап, 26-бап).
Осы айтылғандардан байқағанымыздай істі бірінші сатыда толық және әділ
қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ату мен
сотты кездейсоқ қателесуден қорғау міндеттерін алға тартады.Демек биліктің
бір тармағы ретінде сот шешімдерінің әділдігі мен заңдылығы қоғамның
тұрақтылығын қорғаудың бір бағыты деп те есептеуге болады. Сол себепті де
сот шешімдерін қайта қарау институты осы талаптарға негізделеді, яғни
соттың шешімі немесе үкімі тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысанының бірі аппелляция болып табылады. Оның
шығу тарихы сонау ежелгі Греция құқығы мен Көне Римдік құқықтан бастау
алады. Ол заңдық күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысы ретінде
жақсы таныс. С.И. Ожегов орыс тілі сөздігінде бұл терминге мынадай анықтама
береді Аппеляция істі қайта қарату мақсатымен жоғары сатыдағы сотқа Сот
шешімі жөнінде шағымдану [6,28].
Жалпы сот қаулыларына шағымдану институтының, соның ішінде
аппеляциялық және кассациялық шағымдану институтарының пайда болу және даму
тарихын сөз етпес бұрын, ең алдымен алғашқы қоғам пайда болғаннан оның
мүшелерінің арасында қоғамдық қатынастардың орныға бастағандығына назар
аударған жөн. Нәтижесінде, сол қоғам мүшелерінің арасында дау-жанжалдардың
туындауының басты себептерінің бірі болып, ол қатынастардың күрделенуі, әрі
ақсақалдар билігінің әділдік шешімдерінің болмауы да қатты әсерін тигізді.
Ал, мұндай өзара қауым ішіндегі келіспеушілік, араздықтар көп жағдайда
өздері үшінде тиімді болмады, сондықтан оларды шешудің қажеттілігі
туындады. Алғашқы қауым тұрақты емес ол үнемі даму үстінде болды. Әрі сол
даму барымында адамзат біртіндеп экономиканы жасаушы дәрежесіне көтеріліп,
алғашқы қауымдастық қоғамды өзінің ең асқаралы даму шыңына (қоғамның
әлеуметтік жіктелуі, таптардың пайда болуы,мемлекеттің дүниеге келуі)
жеткізді.
Европалық мемлекеттердің ертедегі даму кезеңінде орталық мемлекеттік
биліктің тым әлсіз, әрі өзінің мекемелері арқылы сотты бағындыруға және оны
бақылауға бейімделмегенін атап өткен жөн. Сондықтанда сот өз қызметінде
тәуелсіз болды, яғни, бұл сот билігінің қабылдаған шешімінің әрдайым
дұрыстығын дәлелдеді. Алайда қоғамдық қатынастардың күрделеніп өзгеруі,
мемлекеттің орталықталықдырылған билік жүйесінің өркендеп дамуына себепкер
болды. Жоғарыда айтып кеткеніміздей бұл орталық билік тарапының сот
шешімдерін тексеру құқығына ие болуына негіз болды. Сот шешімдерін қайта
қараудың бұл түрі тергеу процесіне ұқсас еді. Мұндағы тексеру бастамасының
мәні сол, процесс барысы мүдделі адамдардың еркіне ешқандай байланысты
болмады. Тергеу процесі сот өндірісінде тараптардың іс-әрекетін мүлдем
назарға алмағандықтан, соттағы қайта қарауда бұл тіпті мойындалмады да,
әрбір іс міндетті түрде төменгі сатыдан жоғары қарай алдын-ала заңмен
белгіленген тәртіппен қозғалуы тиісті. Әрі сот шешімдерін қайта қарау
жөніндегі инстанциялар ол кезде өте көп еді, әрине бұл істің тез қаралуына
кері әсерін тигізді. Нәтижесінде бұл істер өте ұзақ қаралды. Бір соттың
шешімін басқа сот түзетпейтін, яғни, қабылданған шешімді, сол шешімді
қабылдаған соттың өзі ғана өзгерте алатын. Сот шешімдерін қайта қарау
институтының өмірге келуіне, тек мемлекеттік билік күшейіп, халық сотын
өзінің бақылауына бағындырғаннан кейін ғана мүмкіндік туды.
Сот шешімдерін қайта қарау институтының өмірге келуіне, тек мемлекетік
билік күшейіп, халық сотын өзінің бақылауына бағындырғаннан кейін ғана
мүмкіндік туды. Бұл иерархиялық бағынушылыққа, яғни төменгі соттың өзінен
жоғары тұрған сотқа бағыну жүйесіне негізделген еді.
Мұнда тексеру бастамасы біртіндеп жеке бастамаға ауыса бастады. Яғни,
жоғары инстанция тек төменгі сатыдағы соттың шешімімен құқығы бұзылған
адамның өтініші бойынша ғана шағымдалған шешімді қарауға кіріседі. Бұндай
жағдайда сот шешімдерін қайта қарайтын инстанциялар саны әлдеқайда азая
түстеді.
Бұл жөнінде И.Фойницкий былай дейді: істерді тездетіп қарау мәселесі
алға тартылып, өндірістік инстанциялардың санын қысқарта отырып,сот
шешімдерінің тұрақтылығына қол жеткізу кеңінен мойындала бастады. Сөйтіп,
қайта қараудың мынадай түрлері белгіленді:
Жеке шағымдану, аппеляция, кассация және қылмыстық істерді қайтадан
қарау.
Бұлардың бір-бірінен өзгешелігі сот шешімдерінің айырмашылығына
байланысты болды. Мәселен, қаулылар мен ұйғарымдар жеке шағымдануға
жатқызылса, түпкілікті емес үкімдер-аппеляциялық тәртіппен, түпкілікті емес
үкімдер (егер олар әлі үзілді-кесілді заңдық күшіне енбесе) кассация
тәртібімен қайта қаралды. Ал, егер түпкілікті үкімдер үзілді-кесілді заңдық
күшіне енсе, онда оларға тек жалғыз ғана тәсіл-істі қайта қарау
қолданылады [7,511].
Осы ереже ежелгі Грецияның және Көне Римнің, сондайақ еуропалық
елдердің мемлекеттік және құқықтық тарихында өзіндік дәлелін тауып отыр.
Сол кездегі ойшылдардың мемлекет құрылымына қатысты айтылған ойларында
көрінген демократиялық мемлекет идеясындағы жаңадан орнығып жатқан кезде
ежелгі Грецияда қылмыстық сот қандай еді?
Тарихтан білетініміздей, ол замандарға мынадай өзіндік ерекшеліктер
тән еді: біріншіден, дауды шешудің ескі тәсілдері әлі де сақталынып,
пайдаланылды. Мысалы, қайсыбір қиын мәселелер әкімшілік билігі бар халық
жиындарында, ақсақалдар кеңесінде талқыланды.Оларда қолданылатын әдістер
бұрынғы қауымдық әдет-ғұрыптарға тән сипаты бар жекпе-жек, ант беру,
т.б.осы сияқты көне дәстүрлі тәсілдер қолданылды.
Екіншіден, сол уақыттарда мемлекеттік биліктің арнайы органы ретінде
соттар қалыптаса бастады. Олардың бұрынғы рулық институттарымен ешқандай
байланысы жоқтын.
Гректердің мемлекет -қалаларында халық жиынындағы сот ежелгі сот
нысандары ретінде б.д.д.VІІ-VІ ғасырларға дейін сақталынып келді. Бұл
соттар гелиэядеп аталды. Гелиэя -гректің гелиос - күн деген сөзінен
алынған. Сот істерін қараумен фесмофеттер гелиэясы (халық жиындары
қаулыларының білгірлері) айналысты. Фесмофеттер әділ сот жүргізу
міндеттінен басқа, заңның маңызды анықтамаларын жазып, оларды кейін даулы
істерді шешу барысында пайдалану үшін сақтап отыру қызметін атқарды. Сондай-
ақ, лауазымды адамдардың шешіміне жасалған апелляция ларды қарауда
гелиэялардың міндетіне жатқызылды. Бұл құқық гелиэяға б.д.д. 594 жылы Солон
жүргізген реформалардың нәтижесінде берілген еді.
Аталмыш реформалар негінен үш бағытты ұстанды, әрі сол заман үшін олар
өте демократияшыл деп танылды. Мәселен, бірінші бағыт - өмірлік құлдықты
жоюды, екінші бағыт - кез келген адамның жәбірленушіні қорғап, сотқа немесе
жиынға талапкер ретінде шығуына мүмкіндік жасауды (бұрын егер жәбірленуші
қандай да бір зиянды шексе, өзі немесе біреулер арқылы талапкер ретінде
шағымдануына алатын, ал енді жәбірленушіні көрген кез келген азамат оны
қорғап араға түсуге мүмкіндік алды) үшінші бағыт-жоғары сот және заң
шығарушылық өкілеттерін жүктей отырып, халық сотына апелляция құқығын
беруді көздеді. [8,155-156]
Б.д.д.Ү ғасырда гректердің құқықтық санасының даму үрдісінде іс
жүргізу құқығын шектеу басталды. Дәл осы кезенде Афиндегі ең басты сот
мекемесі - гелиэя (ант бергендер соты) деп танылды. Оған ең алдымен Солон
бекіткен ежелгі фесмофеттер гелиэясының міндеттері тапсырылды. Алайда бұл
екеуінің елеулі өзгешіліктерде бар еді. Мысалы, фесмофеттер гелиэяларында
барлық істерді архонттар - ақсүйек өкілдері атқарса, ант бергендер соты
халық арасынан сайланған толық құқылы судьялардан құрылды. Іс жүргізу
нысанына қарай афиндік гелиэяда сот талқылауының екі түрі болды:
мемлекеттік маңызы бар істер бойынша және жеке істер бойынша. Мемлеттік
істерге мемлекеттің немесе мемлекеттің заңдарын бұзудан жапа шеккен оның
азаматының мүдделеріне байланысты қозғалған жайттар жатқызылды. Ал, жеке
істер деп адамдардың өз асы мүдделерінің бұзылуынан пайда болған жағдайлар
танылды. Гелиэя халық жиынында алдын ала қарауға тиіс істерде шешуші
дауысты иеленді. Ол бұрын ареопагқа тиесілі болған вето құқығын
пайдаланған. Сондай-ақ гелиэя архонттарды және басқадай жоғары лауазымды
қызметкерлердің сайлаудың дұрыстығын тексеруге тек соған лауазымды
тұлғалардың олардың сайлау мезгілдерінің аяқталуы бойынша немесе
қызметтерін теріс пайдаланғаны үшін өкілеттіктерін тоқтатуы жөніндегі
жауаптылыққа тарту туралы істерді қарау барысында жоғары инстанция болып
танылады. Осы істер бойынша бірінші сатыға Бесжүздік кеңес жатқызылды. Ол
лауазымды тұлғалардың өз қызметтерін теріс пайдалануы өлім жазасын
қолданды.(соңғы құқықты кейін Кеңестен алып қойды). Бесжүздік кеңес
соттаған адам, оның шешімі жөнінде гелиэяға шағымдана алды. Ал, гелиэя
шығарған шешім түпкілікті болып есептелді. Дегенменде гелиэяның басты
назары қылмыстық сот ретінде, ең алдымен қылмыстық істер бойынша әділ сот
жүргізуге бағытталды. Құқықтары мен міндеттерін бұзуға байланысты азаматтық
істерді, сондай-ақ аса маңызды емес қылмыстық істерді диэтеттер қарады.
Олар әрбір тайпадан теңдей мөлшерде, алпыс жасқа толған адамдардан
сайланды.
Диэтеттер соты гелиасттар сотына қарағанда тез өткізілетіндігімен аз
шығын жұмсалатығымен, айыпталушы үшін пәлендей қауіпті емес екендігімен
ерекшеленеді. Диэтеттердің шешіміне қағанаттанбаған тараптар гелиасттар
сотына шағымдана алды. Алайда, бірінші сатыда қаралмаған жаңа
дәлелдемелерді гелиэя сотына ұсынуға рұқсат етілмеді. Гелиасттардың
үкімдері апелляцияға жатқызылмады.
Тек өте сирек жағдайларда ғана гелиэя шешімнің күші жойылып, іс
қайтадан қаралды. Мұндайға көбіне мынадай себептерге байланысты жол
берілді:
біріншіден, сотталушы бірнеше процестерде куәнің жауабының жалған
екендігін дәлелдесе; екіншіден, сотталушы өзінің сотқа шақырылмағандығын,
немесе белгіленген уақытта дәлелденген себептермен келе алмағандығын
дәлелдесе[9,114].
Сонымен ежелгі Грецияның қылмыстық іс жүргізуінде сол замандарда-ақ
аппеляция тұрғысында сот шешімдерін қайта қарау институтының қолданғадығы
және ұдайы дамып отыратындығы жайлы тұжырым жасауға болатын сияқты. Ал,
ежелгі Грецияның сот қылмысы мен сот өндірісі осы елдің демократиялық
принциптерге негізделген мемлекеттік құрылымына сәйкес құрылды деуге толық
негіз бар. Ежелгі Грецияның сот жүйесіне талдау жасай отырып, Көне Римнің
сот органдарының құрылымына да назар аударғанымыз дұрыс.

2. Рим құқығы - рецепциясы, батыс мемлекеттерде аппеляциялық іс жүргізу
институтының қалыптасу аспектілері

Адамзат қоғамының белгілі бір қалыптасу кезеңдеріндегі құқық жүйесінің
қалыптасу құбылыстары қуатты көрінген Рим мемлекетінде шарпып өткен еді.
Бұл өзара ішкі қарама-қайшылықтар, ақсүйектердің билікке таласы, белгілі
бір нормалардың талабына бағынбаушылықтың нәтижесі таптардың арасындағы
наразалықты күшейтті. Бірақ ежелгі жиындардың шешіміне нақты сенетін
қоғамда әліде ақсақалдар билігі, шешімінің маңызы зор болатын.Сол кездегі
Рим мемлекетінің құрылымында жеке-дара, бірыңғай сот органдары болған жоқ.
Сондықтанда болар Сот міндеттерін атқарушы барлық органдар мен лауазым
иелері бұдан басқа саяси, қаржылық жұмыстармен, әкімшілік басқарулармен
тағы басқа ұйымдастырушылық істерді жүргізумен айналысты.
Патшалық дәуірде (б.э.д.VІІІ-VІ ғ.) римдік мемлекет түрлері
өзгертілген мен, іс жүзінде рулық құрылыстың барлық органдарын халық
жиыны, қауым басшыларының кеңесі (Сенат), патшалық билік сақтаған еді.Ол
кезде Римде мемлекеттік билік органдарының арасындағы басқару міндеттері
нақты белгіленбегендіктен, олар көп мәселелерде бір-бірінің ісіне килігіп
жататын. Дәл осындай қосарлану жағдайы сот билігіне де тән болатын.
Мысалы, халық жиыны да, патша да соттың кейбір міндеттерін қатар
атқарды. Көне Римдік мемлекетте осы даму кезеңінде сот қаулыларына
шағымдану институты болған жоқты. Аса маңызды қылмыстық істерді патшаның
жеке өзі немесе Сенаттың қатысуымен бірлесіп қаралды. Ал, кейбір
жағдайларда патша істі қарауды өзінің делегаттарына (квесторлар мен
думмвирлер) тапсырып, олардың іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу құқығын өзіне
қалдыратын.
Біздің дәуіріміздің VІ ғасыры қарсаңында мемлекеттіліктің қауымдастық
нысаны жойылып,оның орнына құл иеленуші Рим республикасы келді.
Республиканың күрделі басқару әкімшілігі болды және ондағы барлық
органдардың, лауазым иелерінің қызметтік міндеттері нақты белгіленді.
Дәл осы тұста магистратура пайда болып, ол бүкіл римдік құқық
жүйесінің аяғынан тік тұруына зор көмегін тигізді.
Патша билігі жойылғаннан кейін оның сот саласындағы міндеті
республикалық магистраттарға, басқаша айтсақ екі консулға жүктелді. Олар
бұрынғыға қарағанда едәуір шектеулерді иеленді. Мәселен, патша халық
жиынына аппеляция беруге рұхсат ету немесе тыйым салу арқылы туралы
мәселені шешу құқығын иеленсе, ал консулдар Валерия заңына (б.э.д.509ж)
сәйкес, азаматты өлім жазасына кесуге, дене мүшелеріне қатысты жаза
қолдануға, айыппұл салуға (егер ол белгілі бір шектен асқан жағдайда)
шығарылған әрбір үкім бойынша аппеляцияға рұхсат етуге міндетті еді.
Әртүрлі сот міндеттерін мынадай магистраттар атқарды: халық трибундары,
преторлар, диктаторлар, провинциялық магистраттар (бұрынғы преторлар мен
консулдар).
Халық трибуны өзінің қалауы бойынша қамауға алуға және ашық жауап
алуға құқылы болды. Претордың басты міндетіне сот қызметі жатқызылды.Ол
негізінен процесуалдық әрекеттермен айналысып, көп жағдайда судъяның рөлін
жалғыз атқарды. Сонымен қатар, преторларға заңдарды түсіндіру міндеті де
жүктелді. Бұл, әрине, олардың сот ісіндегі құзіретін едәуір кеңейтті. Ал,
диктаторлық билік орнаған кезде, мемлекеттің барлық билігі, соның ішінде
сот билігі де диктатордың қолына берілді.Ол кез келген шешім шығаруға
құқылы болды. Римдік республика кезеңінің бірінші жартысында қылмыстық
әділ сот процесін бақылауға алуға халықтың қолы жетті.Сөйтіп,осының
нәтижесінде сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалды. Қылмыстық істерді
талқылау біртіндеп халық жиындарының қолына шоғырлана бастады. Бұл жөнінде
И.Я.Фойницкий былай дейді: халықтың сотқа қатысуы, тараптардың жеке
әрекеттерінің кеңінен мойындалуы мен істің ашық жүргізілуі үйлесім
тауып,нәтижесінде керемет процесуалдық жүйе қалыптасты. Бұндай әрекеттер
Римнің даңқына сай әрі күні бүгінге дейін таңырқауға лайықты жетістік іс
еді[10,18].
Әртүрлі магистраттар қабылдайтын жекелеген сот шешімдері біртіндеп
халық жиындарының бақылауына көшірілді. Ал халық жиындары оларды қайта
қарауға құқылытын. Консулдардың екінші жылында қабылданған Валерия заңы
әрбір Римдік азаматқа кез келген шенеунік шығарған үкімнің халық жиынында
қайта қаралуын талап етуге ерік берді.Осындай өкімдердің ықпалымен
консулдардың қылмыстық сот жүргізу құқығы мүлдем жойылып, ал, басқа римдік
магистраттар өздерінің билігін халық соттарына тапсырды, немесе халық
жиындарына бағыныштылық жағдайға көшті.
Аппеляция құқығы диктаторларға қатысты тым шектеулі болды. Бұл жерде
істі халық жиынына ауыстыру халықтың жоғары өкілі болып танылатындығының
логикалық нәтижесі сияқты еді. Халық төтенше жағдайларға орай кезінде оған
барлық билікті бере отырып, тіпті қайта қарау құқығынан да
бастартқанды.Сондай-ақ, халық өзінің басқа да сайланбалы магистраттарын да
кейбір жағдайларда аппеляциялардан босатып отырды. Рим республикасында
қайта қарау процесінің дамуына мүмкіндік түғызушы саяси себептер оның
заңдық түзіліміне де біршама ықпалын тигізді.
Судъялардың шешімдерін қайта қарауды ету құқығы тұлғаның немесе
тараптардың процесс нәтижесіне мүдделілігімен емес, қайта сол
шенеуніктердің іс-әрекеттерін қадағалау және олардың өз қызметін теріс
пайдаланғандыдығы туралы халыққа хабарлау сияқты жалпы азаматтық
құқықтарынан туындайтын. Осы қағидаға байланысты, тек тараптар ғана емес,
сонымен қатар римдік азаматта аталмыш құқықтың субъектісі бола алатын.
Осыған орай Римде Цензорлардың және трибундардың өзіндік институттары
құрылды.Олар бұл мәселеде басты рөл атқарды. Мысалы, трибунның тілегі
бойынша шенеуніктің шешімінің орындалуы тоқтатылып, іс Римдегі халық сотына
ауыстырылатын. Республикалық кезеңде аппеляция, халықтың сот үстінен қарау
ерекшелігін таныта отырып, ол туралы тек магистраттардың шешім қабылдауына
рұхсат етілді. Ал, комицияларда халық шығаратын шешімдер аппеляция қатарына
жатқызылмады. Аппеляция халыққа, оның жиынына ұсынылды.
Алғашқы аппеляция, тек аса маңызды істер үшін (өлім жазасына немесе
дене мүшелеріне қатысты жазада, бірақ айыппұл салуда емес), әрі тек толық
құқылы римдік азаматтардың мүддесіне байланысты жағдайларда ғана
қабылданды. Аппеляция өндірісі негізінен пәлендей қиын емес болатын.
Әрбір азамат үкім орындалғанға дейін: Шағымданамын! (provoco) деген
бір ауыз сөзбен оның жүзеге асырылуын тоқтата алатын. Осындай іс халық
жиынына жіберіліп, шешім шығарған шенеунік, өзінің үкімін қорғауға тиістін.
Апелляциялық қарау тараптар арасында емес, шешімге қағанаттанбаған адам мен
сол шешімді қабылдаған шенеуніктің арасында жүргізілді. Халық апелляцияның
дұрыстығына көз жеткізу үшін істі жан-жақты тексеріп қайсысының кінәлі
екендігіне байланысты шағымданушыға немесе судьяға қолданды. Шағымдану
институтының әрмен қарай дамуы кейін империя кезенінде жалғасын тапты. Бұл
кезең принципат және доминат деп аталатын екі уақыт бөлігінен құралды.Сот
органдарының көзқарасы бойынша аталмыш бөліктердің бір-бірінен айырмашылығы
үлкен емес. Мәселен, принципат кезінде мемлекеттік билік пен басқарудың
республикалық органдары сақталынды да, теориялық жағынан олар сот
міндеттерін атқаруға тиіс болғанымен, іс жүзінде барлық сот билігі
императордың- принцепсаның қолында болды ( Мысалы, Октавиан соттың да
қылмыстық соттың да жүргізу құқығын иеленді, Август халық жиындарының өзіне
қаратып алды. Сондай-ақ, жаңадан біраз органдар ұйымдастырылып олар тікелей
императорға бағынды) Ал, доминат кезінде (б.д. 284 ж) барлық республикалық
органдар таратылып, магистраттар муниципалды лауазым иелеріне айналды. Бұл
барлық сот орган дары мен лауазым иелері тікелей императорға бағынады деген
сөз еді. Бастапқы кезде императорлар апелляция институтын жекелеген
магистраттар-дың сот ісіне билік жүргізу құралын иемденуі ретінде мадақтап
жүрді.
Себебі халық өкілдері ретінде олардың құқын және трибундардың құқығын
мұрагерлікпен иеленген императорлар, аппеляциялық шағымдануды да қолдарында
ұстағылары келді. Бірақ соттарды императорлық билікке бағындыру ісі
аяқталған сәтте, аппеляциялық шағымдану императорларға үлкен салмақ
түсіргендіктен, әртүрлі шектеулерге тап болды. Аппеляциядан босатылған
магистраттардың мекемелеріне қарамастан, аппеляция қылмыстық процесте саяси
қылмыстар, жалған ақша жасау туралы істер және тағы басқа ауыр қылмыстар
бойынша алынып тасталынды. Бұл істердің туындау себебі қаралған істерді
тезірек талдау қажеттілігінен туындаған еді.Сосын тағы да бір ескеретін
жағдай, қылмыс жасаудағы кіналылығын көрсететін бұлтартпас дәлелдемелер
жинақталған жағдайдың барлығында аппеляцияға рұқсат етілмеді. Ең жоғары
аппеляциялық саты (инстанция)- император болды. Жоғары мемлекеттік билік
түрлері түгелдей императордың қол астына біріктірілгендіктен, ол қызмет
бабында өзіне бағынышты барлық лауазым иелерінің іс-әрекеттеріне араласуға
толық құқылы болатын.Сол себепті олар өз құқықтарын кеңінен пайдаланды.
Императорлық кезеңнің соңына қарай ерекше өндірістік тәртібі бар кеңсе
құрылды. Бұл жерге жеке келіссөз жүргізуге тараптар жіберілмеді. Қабылдаған
шешіміне аппеляция жасалынған сот, кеңсе үшін арнайы баяндама әзірлеуге
міндетті еді. Баяндама тараптарға таныстырылып, олар келіспеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадағалау сатысындағы соттың қылмыстық істі қарау тәртібі
Жаңа ашылған мән-жағдайларға байланысты сот шешімдерін қайта қарау
Қазіргі уақытта Қазақстанда сот шешімдерін қайта қарау институты
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау
Прокурордың қорытындысын ескерген сот шешімі
Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
Қадағалау сатысындағы іс жүргізу мәселелері
Пәндер