СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ


СПОРТТЫҚ КҮРЕС БӨЛІМІНДЕ ҰЖЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОҚЫТУШЫ- ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ
МАЗМҰНЫ
1. 2. 2 Жаттықтырушының педагогикалық және психологиялық білімі
балуандарды тәрбиелеу ушін атқаратын іс-әрекетіне сипаттама . . .
1. 2. 3 Жаттықтырушы - психолог маманның палуандарға атқаратын
қызметінің моделі . . .
1. 4 Қазақ күресі арқылы балуандардың дене сапаларын жетілдіру
амалдары. .
2. 4 Балуанның тәсілдік дайындығы: жиі таңдап алынатын тәсіл түрлері,
белдесулерді жүргізудегі дайындық түрлері. .
2. 5 Қазақ күресінің айрықша ерекшеліктері және спорттық күрес түрлері
бойынша құрама командалардың спорттық резервін даярлауда
қазақтың ұлттық күресінің мүмкіндіктері . . .
3 Спорттық күрес бөлімінде ұжымдық қалыптастырудағы - оқытушы
жаттықтырушының атқаратын рөлінің зерттеудің натижесі . . .
3. 1Спорттық педагогтың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін
қалыптастыру (әдіснамалық тұрғыдан қарау) әдебиет зерттеу
натижесі . . .
4 Балаларды спорттық қызметке қатыстыру жөніндегі мәселелрді шешудің
әдістемелік нұсқаулықтары . . .
КІРІСПЕ
Қазақ күресі еркін өскен ер жүрек қазақтың бүкіл болмысымен біте қайнасқан білікті өнер. Атадан балаға жалғасқан тоқырамас, түгемес, жойылмас бәсірелі бәсеке. Ұлттық спорттың төресі. Сақтардың сарқытын, үйсіндердің үлгісін, ғұндардың хиқіметін, керейлердің кереметін, қазақтардың қайратын, алаштардың айбатын ұрпақ жүрегіне ұялатқан ұлттық спорт бірі [1] .
Қазіргі таңда елімізде қазақ күресін әлемдік бәсекеге лайықты спорт түрі деңгейінде дамыту басты мақсатқа айналып отыр. Күш пен әдіс-тәсілдерді бір сөзбен айтқан да, күш болмаса әдіс-тәсілдің, әдіс-тәсіл болмаса күшті қолданудың бәрі бекер болғаны және жеңіске жетудің жүзеге асырылуы да мүмкін емес. Сондықтанда қазақ күресімен шұғылданбас бұрын маман жаттықтырушы шұғылдануға талап білдірушілердің денсаулық жағдайын медициналық тексеруден өткізуі тиіс. Жақсы балуан дайындап шығару үшін жанкештілікпен тер төгіп, тиянақты жаттығумен үздіксіз жаттығу жасау қажет. Білікті бапкер оқыту-жатығу жүйесін күнделікті жүйелі түрде жетілдіре отырып, әр шұғылданушыны үлкен жүктемелерді меңгеруге дайындауы тиіс.
Кеңестік Қазақстанда қазақ күресінің жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын өткізіле бастады.
Қазақ күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жағары нәтижелерге жеткен көптеген атақты кезендерін атап көрсету [2] .
Осы жұмыстың өзектілігі Қазақстан қазақ күресінің даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасыуна ұжымдық қалыптастырудағы оқытушы- жаттықтырушының әсері.
Зерттеу объектісі: спорттық күрес бөлімінде ұжымды қалыптастыру.
Зерттеу пәні: спорттық күрес бөлімінде ұжымды қалыптастырудағы - оқытушы жаттықтырушылардың рөлі.
Диплом жұмыстың мақсаты - Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен мамандар дайындаудағы оқу пәні, ұжымды қалыптастыру және оқушылардың дене тәрбиесі құралы ретінде халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезендерін атап көрсету.
Диплом жұмыстың міндеттері:
- спорт секциаларда балуандарды тәрбиелеу үшін жақттықтырушы оқытушының алатын орнын анықтау.
- жаттықтырушының педагогикалық және психологиялық білімі балуандарды тәрбиелеу ушін қажеттілігі.
- балуанның спорттық дайындығына сараптама мінездемесін жасау.
- әдіс-техникалық дайындығын көрсету. Балуанның тәсілдік дайындығын зерттеу.
- спорттық күрес бөлімінде ұжымдық қалыптастырудағы - оқытушы жаттықтырушының рөлін анықтау.
Ғылыми болжам: егер оқу-жаттықтыруда оқытушы жаттықтырушы процесін жасалған әдістеме бойынша ұйымдастырылса, онда палуандар жылдамдық-күштері мен икемділіктерін жетілдіру механизмдері жақсы игеріледі, сонда ғана балуандардың көрсеткіш мүмкіндіктері жоғарылайды.
Зерттеулердің әдістемелік негізі күрделі табиғи биологиялық және әлеуметтік құбылыстарды талдауға жүйелі түрде келу, спорттық күрес бөлімінде ұжымдық қалыптастырудағы ғылыми еңбектер болып табылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері : философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның психо-физиологиялық даму теориясы, тәрбие теориясы, және тұлғаның елжандылық құндылығын қалыптастыру, тұлға және құндылықтар теориясы тұрғысында қарастырылды, ел намысын қорғаған спортшылардың тәжірибесі, мектептегі оқушыларын тәрбиелеу жүйесі, отаншылдық тәрбие мәселесіне қатысты ғылыми-тәрбиелік мәні cпорттық күрес бөлімінде ұжымдық қалыптастырудағы - оқытушы жаттықтырушының бар еңбектері.
1 Қазақ күресі - өрлік пен ерліктің символы
Қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Қазақ күресі бағзы заманнан бері өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, өзге күрес түрлеріне ұқсамайтын ресми ұлттық күресіміз. Сол себепті төл қүресіміздің мемлекеттік деңгейде дамып, өркендеуі заңды қүбылыс.
Күрес өнері- қазақтың үлттық салт-дәстүрі және медениетімен бірге калыптасып, қанаттас дамып отырған ажырамас бөлігі.
Орталық Азияда өмір сүрген көшпелілер беліне белбеу буынып күрескен. Соған байланысты көне күрестің әдіс-тәсілдері осы белдікті пайдалану арқылы жүзеге асқан және балуандардың салмағына қарамай тік жүріп күресуге бейімделген. Бүл негіз дала көшпелілеріне тән- намыс пен рух, өрлік пен серіліктің символы іспеттес.
Қазақ күресінде жатып күресу әлементтері жоқ. Тек тік жүріп күресетін ; болғандықтан, балуаннан шапшаң қимылдау, нақты айқын әдістер жасау талап етіледі. Сондықтан да біздің күрес көрерменге тартымды, қызықты да, өте түсінікті деп білеміз [3] .
Франңуз және еркін күрестен әлем чемпионы болған Қажымүқан бабамыз белдесуді осыүлттық күрестен бастаған. Осындай ғажап күресі бар елден Әбілсейіт Айханов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет ТүрлыхановДанат байшолақов, Алмас Мұсабеков, Айтжан Шаңғараев, Асхат Шахаров секілді даңқты балуандардың шығуы заңды қүбылыс [4] .
Балуандардың күш сынасуы ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ халқы онерінің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Қазақтар күш иесін «алып», «толағай», «балуан» деп атап, оны ерекше қасиет қонған адам ретінде таныған. Күрес - үлттық мәдениетіміздің маңызды бір саласы болып табылады. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі қозғалыста болу тірлігі, жас баладан бастап еңкейген кәріге дейін дене-күш дайындығына ерекше талап қойды. Қазақ елінде ат үстінде еркін отырудан бастап, садақ ату, күрес, жекпе- жек айла-тәсілдерін меңгеру үл мен қызға бірдей қойылатын талап деңгейіне көтерілді. Қазақ спорт газеті № 47-48 (194-195) 2013 жылғы. Халқымыздың үлан-байтақ аумақта орналасуы, көшіп-қонып жүруге негізделген шаруашылығы және көршілес елдер салт-дәстүрлерінің ықпал етуі қазақ жерінде балуандық өнердің бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше түрлерінің дамуына негіз болды. Ертегі, аңыздарда, батырлар жырларында, тарихи жэне көркем шығармалар мен, археологиялық қазба деректерде күрестің бірнеше түрлері болғандығы туралы көптеген дэлелдер кездеседі. Қазақ топырағында балуандық өнердің ежелден келе жатқанын мына бір тарихи оқиғадан айқын аңғаруға болады [5] .
Осыдан 18 ғасыр бүрын 371-381 жылдар арасында ғүндар патшасы Баламбер (Атилланың алдындағы патша) өзінің жеңістері мен мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той-жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т. б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғүндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Әр-хүреш, Ат-хуреш, Ланса-хуреш, Шабарман-хүреш, Жебе-хүреш, т. б. Әр - ер күшті мағынасында, Хүреш - балуан күресі мағынасын білдіреді. Біздің дәуірімізден 3 000 жыл бүрын салынған Бени-Гассан жеріндегі перғауынның табытындағы суреттерден Мысыр жауынгерлерінің ең маңызды жаттығуларының бірі күрес болғандығын көруге болады [6] .
Көне грек жазушысы Әллиан (б. з. б. ІІ-ІІІ ғасырлар) сақтардың әдет-ғұрыптары туралы жаза келіп, мынандай деректер келтіреді: « . . . егер сақ жігіті үйленгісі келсе, алдымен өзінің болашақ қалыңдығымен күресіп жеңуі қажет. Олай болмаған жағдайда, жігіт сол қыздың қол астына күтуші қүлы ретінде өтеді». Қазіргі Орталық Мексика жерінде өмір сүрген (б. з. б. 909 жыл) Мая мәдениеті тарихында доп ойындарымен қатар жекпе-жек түрлерінің де жақсы дамығандығы белгілі. Осындай сайыстар кезінде адамдар күрес әдістерін кеңінен қолданып, арнайы киім киген.
Көне грек жазушысы Клавдий Элиан: «Сақ жігіті озі үнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған. Егер бүл белдесуде қыз жеңіске жетсе, онда жігіт соның қол астында қалып, бағынышты болады. Мықты, күшті жігіттердің ғана мерейі өсіп, билік жүргізген», - деп жазады. Ал, кіндік Азия елдерін шарлап, жиһангерлігімен аты шыққан итальян саяхатшысы Марко Поло да күрес өнері сақ елдерінде өркендеп өсіп, әскери-қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермен бірге қыздардың да күреске түсетінін айтып, тарих шежіресіне тіркеген. Тағы бір саяхатшы, король Кастилий Генрих ІІІ-тің жіберген кісісі Рей Гонзалес Клавдихо өте-мөте қүнды деректерді келтіреді. Ол даңқты қолбасшысы Темірдің сарайында ең күшті балуандардың белбеуден үстап күрескенін тамашалайды. Бүл 1403-1406 жылдар аралыгы екенін ескерсек, белбеуден үстап күресудің ережесі элдеқайда ертеден бастау алғанына көз жеткіуге болады. Темір эміршінің белбеуден үстап күресуге қатты назар аударып, коз салып қарап отыруы туралы тың тарих жылнамасының мэні зор. Атақты, ауыр айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан, күмістен, басқа да бағалы металлдардан жасалған сыйлықтар, тарту- таралғылар беріліп отырған. Тағы бір қүнды жаңалық: атақты тарихшы Эбілқазы Бахадүрхан былай деп жазады: «Чурас деген бектің бірі айтты: «Осында бір күшті бар. Сол онымен күресіп көрсін. Егер ол оны жеңсе, мен мұсылман боламын. Моңғолдың күштісін алып келді. Шейх білекті түрінді. Әлгі балуан өте қарулы екен. Бірақ, Шейх оны кеуде түсынан қатты үрып еді, моңғол есінен танып қүлап жатты . . . Әмір Чурас жағдайды көргеннен соң мүсылман дініне енді. Бүл күні 160 мың адам мүсылман дінін қабылдады. Содан бері Шағатай үлысында ислам мемлекеттік дін болып жария етілді». Діни-саяси мәнге ие болған күрестің қүдіретін осыдан-ақ білуге болады. Ру, тайпа өкілдерінің даңқты балуандарын бүкіл қазақ білген [7] .
Жылдар жылжып өтті, ғасырлар артта қалды. Содан бері қазақтың үлттық спорты - күрес ешқашан тіршіліктен тыс қалмай, бірге жасасып келеді. Тарихи жазбаларда балуандық өнер туралы деректер өте көп. І. Жансүгіровтың "Қүлагер" поэмасы мен Ғ. Мүсіреповтің "Үлпан" романындағы балуандардың айқастары халықтың бауырынан бастау алған өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін бір ғана мысал. Батырлар жырларына зер салсаңыздар халықтың жекпе-жек өнеріне асыл мүра ретінде қарағанына күмән келтірмейсіз. Академик, ғалым Әлкей Марғүлан «балуан» сөзін көне түркінің «блбл» сөзінен шыққандығын айта келіп, Орхон-Енисей жазуындағы «балбал» сөзі «кемпір тас» қазіргі уақыттағы «балуан», яғнн күшті, мықты, алып үғымын беретіндігін көрсетеді.
Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастады.
XX ғасырдың бас кезіне дейін балуандар салмақ дәрежесіне немесе жас ерекшеліктеріне қарай күрескен. Ол уақытта «итжыгыс», «бас аттау» сияқты тәртіптер болған [8] .
«Итжығыс» - екі балуанның күресуі кезінде болатын жағдай. Екі балуан бір-бірін жеңе алмаган жағдайда «итжығыс» болды деп күресті тоқтатқан немесе балуандардың екеуі де бір мезгілде жерге қүлаған жағдайда «итжығыс» деп, балуандарды қайта күрестірген.
«Бастан аттау» қазақ халқының көне ырымдарының бірі. Негізгі мағынасы I - бір адамның екінші адамның басынан аттауы арқылы «күш» алу. Бүл түсінік бойынша жеңілген адамның «күші» жеңген адамға өтеді. Күресу кезінде жеңген балуан жығылған балуанның басынан аттаса жеңімпаз атанған. 1928 жылға дейін қазақ күресіне арналған бірыңғай ереже болған жоқ. Сондықтан күреске шыққан балуандардың жас ерекшеліктері, салмақ дәрежелері ескерілмеді. Балуандар күресі алдын ала өзара ауызша келіскен шарт бойынша өткізілді [9] .
Әр аймақта күрестің өзіндік ережелері болған. Күрес киімі әр өңірдің дәстүріне сәйкес ойластырылып, киілетін болған. Қандай ережемен белдесетіндерін балуандардың өзара келісімдері бойынша шешіліп отырған. Сондай-ақ, күресудің әдістерін балуандар өзара ақылдаса отырып, алдын-ала айтып отырған. Халық арасында ауыздан ауызға жеткен күрес ережелерін қатаң түрде сақтауға тырысқан. Сол заманда ең мықтыны атайтын «түйе балуан, өгіз балуан» сөзі бүгінгі күнге дейін айтылып жүр[10] .
Тұңғыш рет қазақ күресі 1938 жылы Алматыда өткізілген колхозшылардың республикалық спартакиадасының бағдарламасына енгізілді. Ұлттық күрестен сайысқа түсушілердің қарасы көп болгандықтан, оларды үш топқа бөліп тастады. Жеңіл салмақтагылар - 65 келіге дейінгі, орта салмақтағылар - 76 келіге дейінгі, аса ауыр салмақтағылар - 76 келіден жогары салмақ дәрежелерінде белдесті.
Бұл спартакиадада Семей облысының балуандары: С. Адасқанов, К. Алтыбасаров және И. Түменов республика жеңімпаздары атанды. Бұл спартакиада Ел мықтыларының есімін копке танытумен бірге, ұлттық күрес өнерінің өрісін кеңейтуге жол ашты.
Кезекті екінші спартакиада 1939 жылы Семей қаласында жалғасты. Бұл жолы жанкүйер қауым боз кілем үстінде тағы бір таланттардың шоғырына куә болды. Жеңіл салмақта - Күрманбаев /Алматы облысы, орта салмақта - Досқалиев /Батыс Қазақстан облысы/, ауыр салмақта - Мусин /Павлодар облысы/ қарсыластарын түгелдей тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Дәл осы жарыста «түйе палуан» атағы үшін сын өткізіліп, онда Батыс Қазақстан облысының өкілі Досқалиев жеңіске жетті [11] .
Дәстүрлі қазақ күресінің өрісін кеңейтіп, балуандардың тәжірибесін халық мұратына жаратуға 1940 жылы жақсы мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерекесі қүрметіне арналған біріншілікке катысушылар енді бес салмақ дәрежесі бойынша күрес кілеміне шықты. Жеңіл салмақта - Байдәулетов, жартылай жеңіл салмақта - Құрманбаев, орта салмақта
Төлегенов, жартылай орта салмақта - Мақманов, ал ауыр салмақта - Жүмабаев бас жүлдеге ие болды. 1955 жылы салмақ дережесі сегізге дейін көбейтіліп, казақ күресі бойынша жарыстың жалпы ережесі бекітіліп, жарыққа шықты. Бүл Ііске қамқорлықпен қарап, үйтқы болған Мүзафар Рақымқүлов есімі жанкүйерлердің жадында сақталатыны даусыз [12] .
1952 жылы Түрікменстанның астанасы - Ашхабадта Орта Азия мен Қазақстан Республикасы спортшылары арасындағы спартакиада ойындарының бағдарламасына үлттық күрес те енгізілген еді. Бүл жерде бес елдің білікті мамандары өзара ақылдасып, үлттық күрестің негізгі ережесі етіп қазақ күресі тәсілдерін алуға келісті. Өйткені, қазақ күресінің ережелері классикалық күрестердің табиғатына жақын эрі оның болашағы зор екендігі анық еді.
Күткендей-ақ, бүл дүрмекті, аса тартысты күрес бәсекесінде казақстандықтар табысты болды. Жеңіл салмақта семейлік К. Бибатыров, орта және жартылай ауыр салмақтарда қарағандылықтар Күлен Бәкіжанов пен Әлімшайх Селімбаев үздік шықты.
1959 жылы Мәскеудегі КСРО халықтарының екінші жазғы спартакиадасын өткізу кезінде үлттық спорттық күрес түрлері бойынша бапкерлер мен мамандардың Бүкілодақтық бас қосу семинар-жиыны болды. Негізінен онда жарыс ережесін түпкілікті екшеп, хаттау мәселесі қаралды. Мамандардың талқылау барысында қазақ күресімен бірге грузиннің «чидаоба», молдаванның «трынта» күресінің ережелері аса жоғары бағаға ие болды. Одан соң карағандылық балуандар Ж. Тәтиев пен С. Аманжолов спартакиадаға жиналған қалың жүртшылықтың алдында қазақ күресінің әдіс-амалдарын асқан шеберлікпен корсетіп, қошеметке боленді. Бүған дейін 1949 жэне 1953 жылдары да Қазақстанның біріншілігі болып жатқан түста республикамыздың беделді мамандары қазақ күресінің ережесін жетілдіріп, пысықтау мәслихатын өткізді [13] .
Қазақ күресінің басты ерекшелігі: табан тіреп үстасқан сәтте тобықтан қагуға, шалуға рүқсат етіледі, ал үстасқан бетте қолмен аяқтан алуға болмайды. Қазақ күресінің ауқымы, көкжиегі оте кең. Қазақ күресін жетік меңгерген адам өзге халықтардың күресін еркін меңгеріп кетеді. Кейбір әдістер күрестің классикалық түрлеріне сай келетінін айта кеткен дүрыс. Қазақ күресінің ең бір ерекше түсы мүнда төрттағандату (партер) жоқ.
Әрине, осындай ғажап күресі бар қазақтан әлем мойындаған даңқты балуандардың (Ә. Айханов, Ж. Үшкемпіров, Д. Түрлыханов т. б. ) шығуы заңды қүбылыс.
Бүгінгі таңда қазақ күресінен үш Әлем, екі Еуропа, алты Азия біріншіліктері болып өтті. Төл күресімізден түңғыш рет үйымдастырылған әлем додасы 2006 жылы Алматы қаласында жалауын көтерсе, екінші Әлем біріншілігі Ресейдің Орск қаласында өтті, үшінші Әлем біріншілігі 2010 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында жалауын көтерді. Ал, Еуропа Біріншілігі 2007 жылы Ресейдің Орынбор қаласында өтті. I Азия біріншілігінің тұсауы тұңғыш рет 2005 жылы Ресейдің Алтай республикасындагы Қосағаш елді мекенінде кесілді. II Азия біріншілігі 2006 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, III Азия біріншілігі 2007 жылы Қазақстанның Қарағанды облысындағы Қ. Сәтпаев қаласында, IV Азия Біріншілігі 2008 жылы Қырғызстанның Шолпан-Ата каласында, V Азия біріншілігі 2009 жылы Қазақстанның Қызылорда қаласында, VI Азия біріншілігі 2010 жылы Қазақстанның Өскемен қаласында, 2011 жылы VII Азия біріншілігі жэне I Әлем Кубогы Индияның Пуна қаласында, VIII Азия біріншілігі 2012 жылы Қараганды қаласында; IX Азия біріншілігі 2013 жылы Қытайдың Ақсу қаласында өтті.
Жастар арасында I Азия біріншілігі мен I Әлем чемпионаты Иранның Машад қаласында болып өтті [14] .
1. 1 Қазақ күресі - нағыз текті күрес түрі
Балуандардың жауырыны толық жерге тисе ғана таза жеңіс болып есептелінеді. Ол нағыз білек күші бүлқынган, қарсыласының жігерін құм қылған апайтөс алыптардың күресі. Сондықтан қазақ күресінің келешегі - кемел, болашағы жарқын.
Қазақ жүртында бірдеөбір мереке, салтанатты думан, той-томмалақ қүрыш білекті, бура сан, апайтөс, қызуқанды қазақ жігіттерінің белдесуінсіз өтпейді. Қазақстанның ауылдық аймақтарында ежелден бері қалыптасқан, ғасырлар көшімен бірге жасасып келе жатқан коптеген көне дәстүрлер элі күнге дейін ерекше қүрметтеледі. Халық озінің тол күресі-қазақ күресін деген ыстық махаббатын да жүрегінде сақтап келеді. Ауылдықтар өздерінің жергілікті күш иелерін құриет тұтады. Күрес қалың бүқараны қатты қызықтырып, көрермендердің айқай-шуга толы қызу қолдануын туғызады. Үстеріне ашық түсті мерекелік ұлттық костюм киген жұртшылық шеңбер құрып отырады да ортада күресетін алаң қалдырады. Палуандар белдеріне белбеуден ұстауға мүмкіндік болатынындай етіп бір-бірімен білек айқастыра ұстасады. Осыдан кейін төрешінің белгі беруіиен күрес басталады. Онда эр түрлі айла-тәсіл қолданылады [15] .
Қазақ күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күресттің басқа халықтардың ұлттық күресімен салыстырганда өзіндік бір ерекшелігі бар. Қазақша күрес негізінен әдет - ғұрыпқа байланысты жэне еңбек проңестерін дәріптейтін жиын -тойларда өткізіледі. Кезінде қазақша күрес «күш атасын танымайды» деген ұранмен, еш салмақ дәрежесінсіз -ақ, үлкен -кішіге қарамай, тіпті баласы мен әкесі де күресетін болған. Онымен қоса белгілі бір жүиеленген белдесу ережесі де болмаған. Осылайша күш аталары өздерін қарсыласы мен халықының алдында паш етебілген. Мұндай күш аталары халық тарихында, ауыз әдебиетінде жырға косылған. Әеіреее, тарихтағы халық батырларымен қоса ел арасында аты әйгілі - Қажымүқан, Балуан Шолақ, Битабар секілді алыптар да бар. Белдесуге шыққан палуандарды бір қолды астынан - бір қолды үстінен алып, 'белдестіретін. Бүл белдесуді қазақтар «қоянқолтық» ұстасу деп атайды. Белдесу Ібарысында қолды белбеуден босатуга болмайды.
Қазақ күресте қолданылатын айла - тәсілдердің негізгі түрлері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz