БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНЫПТАН

ТЫС ІС- ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ

ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

Орындаған: Асқарова Аида

Тобы:ББ-Б-14К

Жетекшісі:Нетбаева Н.

Қызылорда, 2018

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3-5б

1. 1. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс

тәрбие жұмысы . . . 6-9б.

1. 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері.

Тәрбие құндылықтары . . . 9-12б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Тәрбие жұмысының формасы . . . 13-15б.

2. 2. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары . . . 15-19б.

2. 3. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалана отырып

оқушыларды шығармашылыққа баулу . . . 19-24б.

2. 4. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін

тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру . . . 24-29б.

2. 5. Тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың негіздері және

ұстанымдары . . . 29-41б.

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42-43б.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 44б.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Мемлекеттің білімді, адамгершілікті, тапқыр, кез-келген жағдайда дербес шешім жасай алатын, ынтымақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, ел тағдыры үшін жауапкершілік сезіміне ие адам тәрбиелеу мәселесі жөніндегі әлеуметтік сұранысына жыл сайынғы Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттыққа тәрбиелеу Мемлекеттік бағдарламасынан және т. б. аса маңызды құжаттардан орын алуда. Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында (12, 27, 28, 29, 30 - баптарда), «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және т. б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру - білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.

Тәрбиенің мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау

Тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді.

Сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді

Зерттеу жұмысының міндеттері :

● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;

● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;

● балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

● жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

● балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

● өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажетті.

Тұжырымдама құрылымы:

1. Кіріспе.

2. Тәрбие құндылықтары.

3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.

4. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі

5. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.

6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.

7. Күтілетін нәтижелер.

8. Сөздік

Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.

1. 1. Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс

тәрбие жұмысы.

«Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне

шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту барысында әр түрлі оқыту

әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек».

К. Ушинский

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден , оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден , сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.

Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, олардың бірінші тобына мыналар кіреді:

● Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.

● Ұлттық құндылық бағдарларының жоғалуы. Педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды қалыпқа келтіру әрекеттері үнемі тиімді бола бермеуі.

● Өмірлік құндылықтардың шынайы патриоттық сезімді мойындамауға жетелейтін тар прагматикалық көзқарастармен ауыстырылуы.

● Қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-қайшылануы; халықтың кейбір бөлігінің еңбек етпей табылған молшылықты дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы, заңға ден қоюшылықты қалыптастыруға мүмкіндік бермеуі.

● Ұлттық мәдени қабаттардың бұзылуы. Адамзаттың мұндай жалпы проблемасы біздің елімізде де тұрақсыздық, белгісіздік жағдайлардың шиеленісуіне және халықтың кейбір бөліктері негізгі күшін өмір сүруге қажетті қарапайым амалдарды жасауға бағыттауы. Бұл сияқты теріс ұғым бой алуы дәстүрдің, ұлттың мәдени көзінің жойылуына, білім алушылардың басым бөлігінің дүбаралануына алып келуі.

● Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.

● Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын елемеушіліктің басым болуы.

● Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.

Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары екінші тобын жататындар:

● Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі. Тіпті, олар тұжырымдамалық мәнде нақты белгіленгеннің өзінде тәрбие үдерісін дамыту бағытында мазмұндық және осы үдерісті жергілікті орындарда ұйымдастырудың проблемалары.

● Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.

● Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.

● Балалар және жастар қоғамдық ұйымдарының қызметін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымның болмауы.

● Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.

● Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс. Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат

Білім берудегі жаңа парадигма іскерлік сипатта байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашыық қабілетті дамытуға бағытталған. Соның негізінде балаларды және жастарды мектеп жасына дейінгі, орта білім беретін, орта кәсіби, жоғары кәсіби білім, қосымша білім берудің түрлі деңгейлерін қамтитын тәрбие жүйесі құрылуда. Тәрбие үдерісі ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз етіліп, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011жылдарға арналған республикалық тәрбиенің кешенді бағдарламасы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының аймақтық деңгейінде тәрбие беру бағдарламасы жасалып, енгізілді; авторлық бағдарламалар дайындалуда; тәрбие үдерісінің тиімділігін бағалу мен жеке тұлғаның тәрбиелік деңгейінің өлшемдері жасалды. [1]

1. 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері.

Тәрбие құндылықтары.

(ҚР ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӘРБИЕ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ )

Құндылық - көпшілік адамдар мақұлдайтын және ортақтасатын жақсылық, әділетттілік, патриотизм деп бағалайтын жеке тұлға үшін қоғамдық-мәнді әлеуметтік бірлік, қоғам, тұтас материалдық, әлеуметтік объектілер. Ол барлық адамдарға эталон, идеал болып қызмет етеді, оларды құруға педгогикалық үдеріс бағытталған.

Адам - абсолютті құндылық, жоғары субстанция, «барлық танымның өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы - адам, оның өмірі, құқығы және бостан-дығы. Қазргі жағдайда адам дамуы зерттеу объектісі ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы және өзінің ынтасымен шығармашылыққа ұмтылушы, шығармашылық және таным субъектісі ретінде ұсынылады.

Отбасы - болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Екі адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала дүниеге келген күннен бастап отбасы құрылады.

Отан, туған өлке - тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

Денсаулық, салауатты өмір салты - бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс. Елбасының «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауында - денсаулық республиканың стратегиялық дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып танылады.

Еңбек - адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты». Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек - адамның табиғи қасиетінің анағұрлым табиғи көрінісі.

Білім - әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Оқудың нәтижесі - білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

Мәдени мұра - барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

Тіл - адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Достық - өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды. Біз досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. [2]

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.

3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Негізгі бөлім

2. 1. Тәрбие жұмысының формасы

Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т. б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форм» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;

3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.

Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп - бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады. [3]

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін

дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

«Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.

«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша

Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.

Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.

Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді.

Мақсаты мен міндеттерін анықтау.

Мақсат-педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т. с.

Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:

1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы) ;

2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру) ;

3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.

4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары (5-6 сынып ағылшын тілі сабағында)
Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz