Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы


МАЗМҰНЫ
I. Кіріспе . . . 3-5б.
1. 1. Қазақ тілі мен әдебиетінен оқыту мазмұнын жаңартудың басым
бағыттары мен түбегейлі өзгерістері . . . 5-10б.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет
көрсетудің жаңа тәсілдері . . . 10-20б.
2. 2. Оқушылардың коммуникативтік шығармашылық
құзіретін дамыту . . . 20-29б.
2. 3. Жаңарған тиімді әдістерді сабақ барысында қолдану . . . 29-36б.
III. Тәжірибелік бөлім . . . 37-41б
IY. Қорытынды . . . 42-43б.
Y. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 44б.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім беру үдерісін жаңартудың жолы- жаңа форматты ұстаз дайындауИнновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу прцесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында әдіс-тәсілдерді енгізу және оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушылардың алған білімді жүйелеу;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту жағдайында мұғалімнің уақытын үнемдеу және оқытуда тиімді пайдалану.
Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда.
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу - барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектептің әдістемелік жұмысының алатын орны ерекше. Мектеп мұғалімдері арасында өтілетін түрлі әдістемелік отырыстар жаңаша түрде ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдыру керек.
Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т. б. ) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы мүмкін. Қ
Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
Бүгінгі мектепке оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен, оны қолдану, өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні ешкімге де жасырын емес. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе, тілдік дағдылары дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Мектеп оқушылары өз сөздерін дәйектеп, дәлелді пікірлер айтуда, жинақтап, қорытында жасауда, қиындықтарға тап болып жатады. Тілдік кемшіліктермен қатар, орфографиялық, пунктуациялық қателерді де жиі жібереді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың сауаттылығымен жылдар бойы жұмыс істегенімен, өкінішке орай сол қателер дағдыға айналып қалып қояды, түбегейлі жойылмайды. Бұл білімнің болғанымен, қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан да білім мазмұнын жаңарту -уақыт күтпейтін талап.
Зерттеу тақырыптың ғылымилығы: Білім мазмұнындағы жаңартулар мен өзгерістер бұл қазақстандықтарды алға қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Бұл жүйеде педагогтің қызметіне үлкен жауапкершілік пн асқан табандылық қажет болады. Жарқын болашақтың, жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер қазақстандық серпінді дамытуға қосатын болады.
Сонымен, жаңа форматты бағдарламаны оқып келген мұғалімде оқушылардың қалай оқитынын және оқушылардың дамуына ықпал ететін факторларды анықтайтын қабілет пайда болады, оқыту мен оқудың мақсаттары мен міндеттерін қалай анықтау керектігін біледі, барлық оқушылардың оқуды табысты болуына қол жеткізу үшін сабақтарды қалай жоспарлау және бағалау керектігін түсінеді, мектептегі ұжымда және әріптестер арасында жағымды психологиялық ахуалды қалай ұстап тұру қажеттігін біледі. Сындарлы ойлау жүйесін қолдану сапа көрсеткішін арттыратындықтан және оқу орындарын ойлау және зияткерлік мектептеріне айналдыратындықтан, ол жетекші мәртебеге ие болуы тиіс.
1. 1. Қазақ тілі мен әдебиетінен оқыту мазмұнын жаңартудың басым бағыттары мен түбегейлі өзгерістері
Білім мазмұнын жаңартудың басым бағыттары, оның дәстүрлі жүйеден ерекшеліктері көрсетілген. Сол арқылы қоғамның назарын бұл өзгерістердің қажеттілігіне аударуға тырысады. Білім мазмұнын жаңарту тұлғаның жан - жақты дамуымен қатар оның өмірде табысты болуына жол ашатын педагогикалық жүйе ретінде қарастырылады.
Кілтті сөздер: білім мазмұны, функционалды білім, тілдік және коммуникативтік құзыреттілік, шиыршық тәріздес оқыту қағидаты, өлшемді бағалау, қалыптастырушы, жиынтық бағалау.
Бүгінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тіл мен әдебиет пәнін оқыту жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын болады. Бұл өзгерістер уақыт талабынан келіп туындаған, жылдар бойы қалыптасқан жүйені қоғамның қарыштап даму талаптарына сәйкес бейімдейтін үдеріс болып табылады. Бүгінгі мектепке оқушы ақпаратты өте көп біліп, меңгергенімен, оны қолдану, өз қажетіне жарату жағдайында қиындықтарға кездесетіні ешкімге де жасырын емес. Соңғы уақыттарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы туралы жиі айтылып, әсіресе, тілдік дағдылары дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып жүр. Мектеп оқушылары өз сөздерін дәйектеп, дәлелді пікірлер айтуда, жинақтап, қорытында жасауда, қиындықтарға тап болып жатады. Тілдік кемшіліктермен қатар, орфографиялық, пунктуациялық қателерді де жиі жібереді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың сауаттылығымен жылдар бойы жұмыс істегенімен, өкінішке орай сол қателер дағдыға айналып қалып қояды, түбегейлі жойылмайды. Бұл білімнің болғанымен, қолданылуының төмен деңгейде екенін көрсетеді. Сондықтан да білім мазмұнын жаңарту -уақыт күтпейтін талап.
Бүгінгі мектеп кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құруды мақсат етеді. Қазақ тілі мен әдебиетін орқытуда дәстүрлі педагогикадағыдай көп ақпарат беріп, көп білгізу емес, оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту алдыңғы қатарға шығады. Оның ішінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, дағдыларын қалыптастыру басты нысанаға алынады.
Жаңа бағдарламаның мақсаты коммуникативтік тәсілдер арқылы оқушының тіл туралы ұлттық және жаһандық мәдениеттің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, қазақ тілін табысты үйретуді көздейді.
Білім мазмұнының жаңаруы бекітілген негізгі 3 құжат арқылы жүзеге асады.
- Пән бойынша оқу бағдарламасы
- Оқу жоспары
- Өлшемді бағалау бойынша нұсқаулық.
Пән бойынша оқу бағдарламасы білім беру бағдарламасына тікелей бар құжат болып табылады. Онда пәнінің құрылымдық сипаттамасы, білім беру бағдарламасы үшін маңызы және оны сыныпта іске асырудың педагогикалық тәсілдері ұсынылған.
Пән бойынша оқу бағдарламасы 8 тараудан тұрады:
- Пәннің маңыздылығы.
- Бағдарламаның мақсаты.
- Пәнді оқытуға қойылатын талаптар
- Қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер.
- АКТ қолдану құзыреттілігі
- Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.
- Оқу нәтижелерін бағалау.
Пән бойынша оқу бағдарламасында ерекше назар аударатын компонент - оқут мақсаттары.
Оқу мақсаты -соңғы нәтижені көрсететін тұжырым: мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін негіз. Оқу мақсаттарының ерекшелігі - олардың сараланып берілетіні. Жалпы мақсаттар мен тілдік мақсаттардың жеке-жеке көрсетілуі.
Оқу жоспары -белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір пән аясында қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқыту және оқуға болатыны ұсынылады. Оқу жоспарының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді түрлері бар.
Оқытудың негізгі мазмұны тілдік дағдылары меңгертуді көздейді. Оқушыларды төрт дағдының барлығын белсенді түрде пайдалануға ынталандырады. Ол тиімді оқу арқылы жүзеге асырылады.
Тиімді оқу белсенді, бірлесіп оқу, оқудағы саралау, пәнаралық байланыстар, оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әрекет ету, электронды оқыту және жаңа технологияларды пайдалану, оқу диалогтарын құру, модельдеуі қарастырады. Жаңарған білім беру мазмұнының бүгінгі білім беру мазмұнынан басты айырмашылықтары ретінде бірнеше аспектілерді жеке бөліп атауға болады. Басты ерекшелігі ең алдымен, пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Бұл дегеніміз -оқушының белгілі бір дағдыны жүйелі түрде жеңілден күрделіге өту қағидатына сәйкес игеруі. Мәселен, грамматикалық нормаларды сақтау бойынша оқу мақсаттарын игеруде оқушы 2- сыныпта мұғалімнің көмегімен түбір және көмекші сөздерді ажырататын болса, келесі сыныпта негізгі түбірге жұрнақты жалғау арқылы туынды сөз жасап, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады, 4-сыныпта күрделі сөздердің ажырата алатын болады.
Спиральді (шиыршық) тәріздес оқу қағидаты дегеніміз -
Біріншіден, оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; екіншіден, әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптық немесе күрделілігі арта түседі; үшіншіден жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты және алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Шиыршық тәріздес оқыту қағидатының негізгі басымдығы.
- Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;
- Шиыршық тәріздес оқыту қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы жеңіл идеялар анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- Оқушыларға бұрын алған білімдерін курстың мақсатына жету үшін қолдану ұсынылады.
Екінші ерекшелігі - оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша берілуі. Яғни, оқушылар алдымен ойлаудың білу, түсіну, қолдану, кейін талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерін игеретін болады.
Үшінші ерекшелігі - оқу үдерісінің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастырылуында . Дәстүрлі педагогика тілімен айтатын болсақ, бағдарлама, күнтізбелік, күнделікті сабақ жоспарлары арқылы сабақтың ұйымдастырылуы.
Бүгін әлем рухани -адамгершілік тәрбие мәселелеріне баса назар аударып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын, адамның ішкі рухани құндылықтары да одан кенжелеп қалмауы керек. Осы бағытта оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік - рухани қасиеттерін қалыптастыру - жаңа білім мазмұнының басты саласы болады.
Бүгінгі білім жүйесінің артықшылықтары бар болғанымен, бірақ кейбір қайталаулар тым көп ақпарат пен талап, білім мазмұндағы алшақтық - көкейтесті мәселелердің бірі. Жаңа білім мазмұны осы алшақтықты ескере отырып, білім беру деңгелері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкін беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қоюға жұмылдыруды көздейді. Оқушы белсенді әрекетке түсе отырып, өзіндік тәжірибе, өмірлік тәжірибе жинақтайтын болады, бұл оқытудағы жүйелі - әрекеттік ұстанымды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңа білім мазмұнына тән басты 6 ерекшелік. Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Оқытудың ең үздік тәсілі - әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат ізденушіге (оқудағы болса да) айналады. Әңгімелесуде басты мәселелер : Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау керек » деп тұжырымдап кеткеніндей, білім мазмұнын жаңартудағы басты мақсат оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, оның негізін рухани -адамгершілік тәрбиеге бағыттау, баламен тең қарым- қатынас орнатып, оның көзқарастарын құрметтеу, оны өзіндік тұжырым жасауына мүмкін бере отырып, әлеуметтік дағдыларды еркін игеруін сол арқылы табысты да бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тағы бір өзгерістер бағалау жүйесіне қатысты. Дәстүрлі бағалау жүйесіндегі олқылықтарды ескере отырып бағалаудың жаңа жұйесі жасалынды. Дәстүрлі педагогикада қолданылатын салыстырмалы бағалау, мұғалім бағалауы толығымен жаңару үдерісін бастан өткереді. Ең бастысы, бағалаудың айқындылығы, әділдігі мен тепе-теңдігі, ашықтығы, ынталандырушы, түзетуші қағидаттарға негізделуі, түпкі мақсаты бағалаудың оқушының өзін -өзі дамытуына ықпал етуі болып табылады. Негізгі өзгеріс - бағалаудың 2 түрінің болуына қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады. Ол келесі қағидаттарға негізделген:
- Оқытудың бір бөлігі ( «оқыту үшін бағалау») ;
- Барлық оқу мақсаттары қамтылады ( оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтылап белгіленген ) ;
- Бағалау белгіленбейді;
- Оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау өлшемдеріне сәйкес жүзеге асады;
- Әр оқушының ілгерілеу туралы кері байланыс беріледі;
- ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
- Қалыптастырушы бағалау әр сабақ сайын жүргізіліп отырса, бағалаудың екінші түрі- жиынтық бағалау бөлімі, тоқсан және жыл бойынша жүргізіліп отырады. Жиынтық бағалау - белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) , сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын бөлімдер, ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау педагогикалық жүйеде өлшемді бағалау деп аталады.
Білім мазмұнындағы жаңартулар мен өзгерістер бұл қазақстандықтарды алға қойған мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Бұл жүйеде педагогтің қызметіне үлкен жауапкершілік пн асқан табандылық қажет болады. Жарқын болашақтың, жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл өзгерістер қазақстандық серпінді дамытуға қосатын болады.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайындағы әдістемелік қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет.
Білім - қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты талабы.
Мектеп - еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы - ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті.
Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.
Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Білім берудің мекемесінде әдістемелік істің басты ұраны:
1. Бірігіп еңбектену педагогикасы.
2. Оқыту арқылы тәрбиелеу.
Білім мекемесінің басты мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін, құзырлығын дамытып, ұжымды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Ал міндеттері:
1. Сапалы білім берудің әдіс-тәсілдерін жинақтау.
2. Оқып үйрену және қолдану.
3. Оқу-тәрбие үрдісін бақылау, сараптау.
4. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, іс-
тәжірибесін жинақтап, тарату.
5. Жас мамандармен жұмыс.
Тәрбиелі, білімді және белсенді тұлға қалыптастыру - білім ордасындағы оқытушылардың кәсіби шеберлік деңгейімен анықталатыны сөзсіз. Мектептегі әдістемелік жұмысты мұғалімдердің негізгі қызметтерінен қол үзбей біліктіліктерін жетілдірудің үлгісі ретінде қарастыруға болады, өйткені әдістемелік жұмыс олардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруға қолайлы жағдай туғызып, кәсіби шеберлігін шыңдауға жол ашады.
Әдістемелік жұмыс - ғылыми жетістіктерге, озат педагогикалық тәжірибелерге, сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие үрдісі бойынша қорытынды талдаулары мен сараптамаларына негізделген біртұтас жүйе. Ол - педагогикалық ғылыми-теорияның мұғалімнің кәсіби шеберлігін көтеруге бағынышты жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс. Соңғы уақытта, заман талаптарына орай әдістемелік жұмыс сипаттамасының барлық компонентеріне: атап айтқанда, мақсат, мазмұн, ұйымдастыру және дидактикалық формалар, әдіс-тәсілдеріне жаңашылдықтар енгізіліп жатыр.
Әдістемелік жұмыстың ақпараттық, бақылау-коррекциялық сияқты дәстүрлі қызметтік аяларынан басқа инновациялық, яғни болжамдық, жобалық, зерттеушілік, оқытушылық қызметтері қосылды. Атқарылып жатқан әдістемелік жұмыс барысында мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамыту үшін келесі талаптарды қолданамыз:
- педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру;
- оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдіс-тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу;
- мұғалімнің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастары мен құндылықтарының қалыптасуы, әрі оның тұрақтылығына жету;
- өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
- авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, жан-жақты қолдау көрсету;
Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру - нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмыстың негізгі міндеті болып табылады. Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»-деп айтып кетті. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының негізгі саласы. Мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің, сонымен бірге бірлестік жетекшісінің алғы шартының бірі. Әдістемелік жұмыс - ол педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығын көтеруге бағытталған жүйелі істің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz