Тест тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін бағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мектептің білім мазмұны - әрқашан талқылауды қажет ететін дүние, өйткені әр адамның мектепке қатысы бар. Ата-аналар қоғамдастығының, педагог бірлестіктерінің және басқа да әлеуметтік топтардың мүдделері қарастырылады. Білім мазмұнын және оқыту тәсілдерін таңдау мәселесі, яғни баланы мектепке неге және қалай оқытуды анықтау мәселесі үнемі біздің алдымызда кесе-көлденең тұрады. Белгілі бір кезеңде бұл мәселе шешілгендей болғанымен, жаңа кезеңде қайта қарастыруды талап етеді. Олай болатын себебі, адамдардың өмір сүру жағдайы да, қоғам да, тиісінше, білімді адамға деген талаптар да үнемі өзгеріп отырады.
Мұндай жағдайда жаңа формациядағы мектеп "білгір адамды" емес, яғни шығармашыл ойлайтын, белсенді әрекет ететін, өзін-өзі зияткерлік, адамгершілік, дене тәрбиесі тұрғысынан дамыта алатын адамды дайындауы қажет. Яғни, білім берудің жаңа моделінің құрылымы дәстүрлі Мектепте нені оқытады? деген сұраққа емес, "Мектепте не үшін оқимыз?" деген сұраққа жауап беруі қажет.
Жаңарған білім мазмұнының нәтижесі мыналардан көрінуі тиіс: Оқыту жетістіктерінің өнімді сипат алуы, оқу процесінің әр сабақта білім алу үшін оқушылар өздері белсенді қызмет етуімен сипатталуы. Мұғалім оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Қазақстандық мектептер үшін жаңа әрі тың әдіс болып келетін критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың дамуына, оқуға деген қызығушылығын арттыруға және ынталандыруға бағытталған.
Зерттеу мақсаты: Жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын міндетті талап, сабақта белсенді оқыту әдістерін пайдалану және оқушыларды танымдық үдеріске тарту болып табылады. Мұндай тәсілді пайдалану кезінде, оқушы білімді дайын түрде алмай, білімге, өзіндік оқу-танымдық қызметінің үдерісінде ие болады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі жағдайда кәсіби білімнің тез ескіретінін ескерсек, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында алған жаңа білімдері мен дағдылары аса маңызды. Кәсіби даму үшін жұмсалған уақыт, күш, қаржыларды адам капиталына жұмсалған инвестиция деп қарау керек.
Еліміздегі орта білім беру реформасының тиімділігі көбінесе мұғалімдердің білім беру мазмұнын жаңарту жұмысына дайындығына тәуелді, сондықтан мұғалімнің тәжірибесі және оның зерттеу қызметі маңызды болып табылатынын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, мектеп бітірушілерінің ара қарай оқу мен кәсіби қызметке дайындық деңгейі, оның моральдік-адамгершілік қасиеттері тек қана мектепке байланысты емес және де нақты ата-анаға, әлеуметтік ортаның әсеріне де байланысты.
Зерттеу міндеттері: Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі - олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
* пән мазмұнын жобалау кезіндегі шиыршық принципі, яғни білім мен біліктерді тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (дағдыларды тақырыптар және сыныптар бойынша күрделендіру);
* пәндік операциялардың ең маңызды түрлері бойынша жіктелетін және таным заңдылығына негізделген оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша иерарахиясы;
* білім беру деңгейлері бойынша және бүкіл оқыту курсы бойында педагогикалық мақсаттарды тұжырымдау, бұл пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік береді;
* білім саласы ішіндегі пәндердің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың болуы;
* бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға баса назар аудару;
* оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылуы болып табылады.
Күтілетін нәтиже :
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді.
0.1. Интербелсенді әдіс дегеніміз...
Интербелсенді оқыту - білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту - білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді: - коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі; - ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді; - жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді; - командада жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді. Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді. Интербелсенді оқыту технологиялары мыналар:
1. Жұппен жұмыс.
2. Ауыспалы үштіктер.
3. Әткеншек.
4. Шағын топтардағы жұмыс.
5. Аквариум.
6. Аяқталмаған сөйлем.
7. Миға шабуыл.
8. Шешімдер ағашы.
9. Рольдік (іскерлік) ойындар
10. Пікірталас.
11. Дебаттар[1].
Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:
- топтық оқыту;
- фронтальдық оқыту;
- ойын барысында оқыту;
- пікірталас барысында оқыту.
Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: Микрофон, Аяқталмаған сөйлемдер, Миға шабуыл, Оқи отырып, үйренемін. Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады.Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас - даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге Ток-шоу, Пресс әдісі, Бағытыңды таңда әдістері жатады. Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс: - бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану; - оқушылар үшін тақырыпты игерудің кілті болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу; - әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу; - бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану. Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады: 1.Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет. 2.Мақсат қою. Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді.Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді. 3.Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?, Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?. Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс. 1. Жаңа өнім. Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады. 2. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді. Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады: - Не қатты ұнады? - Нені үйрендіңдер? - Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады? - Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі. 1. Бағалау. Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады. 2. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. [2]. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінезқұлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды. Интербелсенді оқытуды жұптық жұмыстан бастаған жөн. Жұптық жұмыс - ынтымақтастық пен өзара көмек үшін таптырмас форма. Жұпта оқушылар бірін- бірі тексере алады, жаңа материалды бекіте, өтілген материалды қайталай алады. Қазақ тілі сабақтарында төмендегі тапсырмалардың түрлерін пайдалануға болады: Ауызша жұмыс.
1. Интервью-таныстық ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс.Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді). Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі.
2. Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау). Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады. Жазбаша жұмыс 1. Көршіге арналған сөздік диктант. Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға). Жоғарғы жағына Құрастырған... деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге Орындаған... деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады. 2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі (эссе, шығарма, ертегі жазу).
3. Сабақтың басында немесе аяғында сөздік диктанттарды, үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс.Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн[3]. Сонымен, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рольдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесе шешуді көздейді.
1.2 Интербелсенді әдістерді қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану
Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді, сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу. Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр. Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді. Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі. Ол үшін мұғалім ізденімпаз, талапшыл, тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек. Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2006жылы мамыр айында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына атты лекциясында осы мәселені келесі сөздермен дәлелдеп берген: Қандайлық жақсы және кәсіби болса - дағы бір де бір оқытушы, егер студенттің өзі кәсіби, жоғары білікті маман болғысы келмесе, оны ештеңеге үйрете алмайды.(Н. Назарбаев Инновациялармен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына.- Егемен Қазақстан 2006ж, мамыр)
Білімді игеру екі жақтың да (шәкірт пен ұстаздың) белсенділігін қажет етеді. Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді әдістердің айырмашылықтарын көруге болады.
Дәстүрлі сабақ
1. Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді, белсенді
2. Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.
3. Оқытудың басым түрі - түсіндіру
4. Сабақтың негізгі бөлігі - жеке - жеке бағалау
5. Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді
Интербелсенді әдіс
1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды
2. Мұғалім - бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды
3. Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді
4. Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады
5. Жұппен және топпен жұмыс
Р. М. Микельсон өзіндік жұмыстарды: Оқушылар тапсырманы ешқандай жәрдемсіз, бірақ, мұғалімнің бақылауында орындайтын іс- деп ескертеді. Сөз үйретпейді, әрекет үйретеді. Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып, соларды қайталап беруді талап етеді. Мен айтып берсем - оқушы түсінедідеген қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады. Бүгінгі күні мұндай түсінік тіпті ескіріп кеткен. Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек(ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру т. б) Мектепке жаңа келген мұғалімсіз. Оқушылардың назарын қалай аударасыз. Бұл кезде мұғалім интербелсенді оқытудың мына шарттарымен таныс болуы керек: - Жағымды психологиялық орта орнату(мыс, биопоэма, ізгі - тілектер т. б) - қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақты сұрақтар қою (мотивация, ұмтылыс тудыру)
- ұжыммен жұмыс жүргізу(психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру)
Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз, өзіңізді қандай ұстаз екендігіңізді байқатасыз, әрі оқушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады. Мұғалім оқушыда қызығушылық тудыруы үшін мынадай тәсілдерді қолдануына болады:
1. Газет - журналдардан қызықты бір оқиғаны айтып беріңіз.(оқушылар газет - журналға қызыға бастайды)
2. Даулы немесе басқалардың көзқарасына кереғар пікір айтыңыз. ( оқушы өз ойын еркін жеткізуге әрекеттенеді)
3. Өз өміріңізден немесе іс - тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.( сізге ұқсауға немесе мамандық жайында пікірі өзгереді).
4. Ситуациядан шығатын тапсырмалар беріңіз, қалғанын оқушы жалғастырсын (шығармашыл болуға әрекеттенеді). Егер мұғалім төмендегідей жұмыс жүргізсе, оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.
1. Мұғалім оқушымен аз араласса;
2. Мұғалім білімді өзі беріп, оқушының ой - пікірімен санаспаса;
3. Мұғалім оқушылардың кемшіліктерін бетіне айтса;
4. Оқушы ойын бөліп, тек өзі сөйлей берсе;
5. Төтесінен қойылған сұраққа жауап беруде қиналса т. б
Енділікте білімнің басты мақсаттарының бірі Диалог пен қарым-қатынасқа үйрету деп қарастырамыз. Сайып келгенде тіршіліктің негізі осындай қарым-қатынас пен диалогқа орнығады. Өмірде ең керекті білім - қоғамда қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу.
Бүгінде диалогтың екі түрі айқындалады: ақпараттық және түсіндірмелік (интерпретациялық). Ақпараттық диалогтағы қарым - қатынасқа қатысушылардың арасында білім деңгейлері тұрғысынан алшақтық болады, ал интерпретациялық диалогта қатысушылардың білімдері біркелкі болып, тек түсініктері ғана әртүрлі болады.(О. Гойхман, Т. Надина, 131)
Әдетте оқуоқыту процесінде ақпараттық диалог жиі кездеседі, өйткені көп жағдайда оқытушы сабақты өзінің мол тәжірибесінен оқушыларға беру процесі деп түсінеді. Диалогты интербелсенді әдістерді қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, өйткені мұндай әдістер қарым - қатынас процесінің қатысушыларын ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына әкеліп, өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды. Мотивация ережелері:
Қызығушылық тудыру;
Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап қолдап отыру;
Жүргізуші ( мұғалім ) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі;
Таңдауды әрдайым үйренушілердің өздері жасаған жөн.
Топтық жұмыс. Топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Бұл үшін мұғалім топқа бөлудің қызықты тәсілдерін қолдану керек. Оқушыларды топқа бөлудің қызықты, әрі танымды тәсілін олардың алдағы жұмысқа деген ықыласын арттырады. Топпен жұмыс істегенде уақытша болса да бастарын біріктіреді, араларында бір - біріне деген жылы сезімдер орнайды.
1. Жұмыс ережесі айқындалып, уақыт белгілеу керек
2. Тапсырма берілген соң, топ ішінде талқылануы керек
3. Топтар арасында бәсекені негізгі мақсатқа айналдырмау керек
4. Жұмыс аяғында әр топ жұмыс нәтижелерін жариялап немесе ол туралы есеп беруі керек
Мұнда келесідей талаптарды ұстануға болады:
Тыңдай білу керек!
Бірлескен жұмыстарда көрермендер жоқ - бәрі де қатысушылар!
Әрбір қатысушы өз пікірін келтіруі керек!
Жанжалдарды болдырмау керек!
Сабақ аяғында (кері байланысты ұйымдастыруда) бірлескен жұмыстың нәтижелігі туралы оқушыларға келесі сұрақтарға ауызша немесе жазбаша жауап беруді тапсырған орынды. Сабақ кезінде оқушыларды жалықтырмас үшін, ойсергектер өткізуге болады. Мысалы: есім - акроним, өзіңе тілегенді - басқаларға тіле!, көршінің суреті, тақырыпты жасыру т. б.
Пікірталас. Оқушылардың бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасу әрекеттері. Пікірталаста оқушы өз ойын еркін, ашық айтады, тосыннан сұрақ қояды, талқылайды, білім аясын кеңейтуге әрекеттенеді. Пікірталас ережелері:
1. Пікірталаста тұлғаның жеке қасиеті сыналмай, тек пікірлермен көзқарастар сыналуы тиіс.
2. Пікірталаста басты мақсат жеңу емес - ақиқатқа жету
3. Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлуге болмайды
4. Басты этикалық ереже: басқа пікірлермен келіспеуге болады, алайда оларды сыйлау керек. Кейде теледидарда біз өзі жақтаған позицияға қарсы айтылған ұғымды дәлелді, сабырлы түрде қабылдай алмаған жүргізушілердің күйіп - пісіп, пікір білдірушінің сөзін бөлетіндігін көріп жатамыз. Бұл - пікірталасты сәтсіз тұрғыдан жүргізу үлгісі. Ұстаз пікірталаста шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей біліуіне үйренуге шақырады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында интербелсенді әдістер арқылы оқушылардың дарындылығын анықтау
Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі деген чех педагогі Я.А.Коменскийдің сөзін басшылыққа ала отырып, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды іс жүзінде жүзеге асыру өте тиімді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында оқушылар өз ойын, пікірін жүйелі жеткізе біледі, тереңінен салыстыра отырып ойланады, өзіндік идеяларын ұсынуға дағдыланады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары қазақ тілі пәніне арнап құрастырылған десек, артық айтқанымыз болмас. Бұл технологияны қолдану қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ерекше орын алады. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінде суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыру, негізгі дереккөздерді бағалау және соларға сәйкес сұрақтар қою; негізгі дереккөздерді жағдаяттық қорытындылармен салыстыру және толықтыру әдіс тәсілдерін пайдалану оқушылардың сыни ойлануына мүмкіндік жасайды. Оқушылардың пәнді терең түсіну қабілеті дамиды, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайларда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
- мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері басқаруға;
- білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс - әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
- жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
- білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы;
- құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге;
- ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеуге. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1. Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2. Сенімділікке тәрбиелеу.
3. Қиялын дамыту менің ойымша деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.
7. Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сыни ойлауды жүзеге асыруда әдіс тәсілдердің түрлері.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез -- келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс -- әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Зерттеудегі мақсат - оқушыны кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды, сабақта және сабақтан тыс уақытта шығармашылығын, дарындылығын дамытуға үйрету. Зерттеу нысан: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық. Жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс - тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.

2.2. Қазақ тілі сабағында заманауи әдістерді тиімді қолданудың ерекшеліктері
Интерактив деген сөз ағылшынның inter-act -- өзара әрекет ету деген сөзінен шыққан. Яғни интеракция- жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі.
Интерактивті оқыту -- бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі- оқу процесінің өнімділігін арттыратын білімгердің ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру.
Интерактивті оқыту 1990 жылдары ғаламтор желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Интеракция термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда кейбір ғалымдар адамдардың өзара бірлескен әрекеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың білімін жетілдіру кезіндегі тест жүйесінің тиімділігі
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Заманауи оқу үдерісіндегі педагогикалық бақылау
Биологиядан тест тапсырмаларының түрлері
Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
Тест тапсырмаларының түрлері және тиімділігі
Биология пәнінен оқушылардың білімін тексерудің маңызы
Оқыту үдерісіндегі бақылау әдістері
Пәндер