Бастауыш сынып математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Бастауыш сынып математика пәнінен сыныптан

тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Орындаған: Қамбарова А.

Тобы: ББ-Б -14к

Жетекшісі:Тлеуімбетова И.

Қызылорда, 2017 жыл

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ 3-4бет.

І. МАТЕМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ КУРСЫН ПӘН РЕТІНДЕ

ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1. Математиканың ғылым ретінде сипаттамасы5-6бет.

1. 2. Математиканы оқыту әдістемесі пәні және оның міндеттері7-9бет.

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН ТЫС

ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ, ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

2. 1. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс түрлері10-19бет.

2. 2. Математикадан сыныптан тыс жұмыс әдістеме үлгілері 20-23бет.

2. 3. 12 жылыдық білім беру жағдайында бастауыш сыныптарда

жаңа технологияның тиімділігі24-25бет.

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3. 1. Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс уақытта туыстық

атауларды пайдалана отырып есеп шығаруға және имандылыққа

тәрбиелеу26-29 бет.

ҚОРЫТЫНДЫ30-31бет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР32бет.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының тақырыбы : Бастауыш сынып математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс түрлері, жүргізудің тиімділігі

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш мектепте алгебралық материалдарды оқыту технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттырудың технологиялық-педагогикалық негіздерін анықтап, оның әдістемесін жасау .

Білімділік: Бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларды меңгерту;

Тәрбиелік: Шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;

Дамытушылық: Логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;

Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептердішешуде қолдана білумен байланысты біліктілік қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Бастауыш буында математиканы оқытуға қатысты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары, озық тәжірибе қорытындыланады; Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары, математиканы оқытудың жолдары қарастырылады;

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: « . . . практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту», - деп анықтайды.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер бастауыш мектепте математиканы оқытудың нәтижесін бақылауда алгебралық материалдарды оқыту технологияның мүмкіндіктерін пайдаланса, онда бақылаудың тиімділігі артып, оқыту сапасы жақсарады, өйткені, бұл жағдайда мұғалімнің бақылауды жүргізудегі жұмысы жеңілденіп, тексеру дер кезінде жүргізіліп, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігі артады.

Күтілетін нәтиже: Бастауыш сынып оқушыларына білім беру, тәрбиелеу, олардың логикалық ой-өрісін дамытудың мақсаттарын, міндеттерін айқындайтын педагогикалық ғылым . Бастауыш мектеп математикасы пәнінің мазмұны мен құрылымын, оны оқыту әдістері мен түрлерін, оқу жұмысын ұйымдастыратын, құралдары мен жабдықтарын анықтайтын, мұғалімнің кәсіби мамандығының негізін қалайтын және шығармашылық өсуіне бағыт беретін ғылым.

Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.

Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға зор жауапкершілік жүктеледі. Өйткені, білім мен тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.

Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бастауыш мектепте оқытылатын пәндерден жаңа мемлекеттік стандарт, бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес оқу-әдістемелік кешендер жазылады, демек, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектептердің тәжірибеісіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.

Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, оқушыларға тек қана білім берумен шектеліп қлмай, қазіргі заман талабына сай тәлім- тәрбие беретін, яғни халқымыздың тарихын, мәдениетін, салт-санасын, әдет-ғұрыпы мен педагогикасын зерделеп, оқушылардың ой- өрісін, қабілетін жан-жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.

«Математиканы оқыту әдістемесі » - психология, педагогика, математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері пәндерімен тығыз байланысты.

Бұл пән психология және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты, өйткені математика курсын құру, оқыту әдістемесін таңдап алу, оқыту мақсаттары мен міндеттерін белгілеу және т. б. мәселелер психология мен

педагогика ғылымдарына сүйенеді. Сондай - ақ, осы салдағы жаңа заңдылықтар пәнді оқытудың әдістемесінде өзіндік шешімін табады, керісінше дербес әдістеменің қорытындылары жалпы заңдылықтарды тұжырымдауға себепші болады және әр алуан болжам жасаудың негізінде алынады. Математика ғылымымен, яғни осы уақытқа дейін оқытылып-үйретілген, математиканың бастауыш курсының теориялық негіздерімен тығыз байланысты. Өйткені, біріншіден, мектепке қарастырылатын математикалық білімнің мазмұнын таңдап алу, математика дамуының деңгейіне сәйкес анықталады, ал екіншіден, оқытудың әдістемесі білімнің мазмұнына орай іріктеледі, сондай -ақ математикалық түсініктер мен ұғымдардың мән-мағынасын және мазмұнын жете түсіну, оларды тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туғызады.

І. МАТЕМАТИКАНЫҢ БАСТАУЫШ КУРСЫН ПӘН РЕТІНДЕ

ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1. 1 Матемтиканың ғылым ретіндегі сипаттамасы

Математиканың ғылым ретінде дамуы, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай, жеке дәуірлерге бөлінеді. Академик А. Н. Колмогоров математика ғылымының дамуын төрт кезеңге бөліп берді:

  1. Көне дәуірден басталып біздің дәуірімізге дейін ІV-V ғасырларға созылғанматематиканың туу кезеңі. Бұл кезеңде математика адамзат практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді, солардан қорланған ережелер жинағынан тұрды.
  2. Математика өз алдына ғылым болып бөлініп шыққан, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-V ғасырлардан бастап, біздің дәуіріміздің ХVІІ ғасырына дейін созылғанэлементар математика кезеңі. Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты- тұрақты шамалардың зерттелуі.
  3. Аналитикалық геометрияға айнымалы шамаларды Р. Декарттың (1596-1650) енгізумен және И. Ньютон (1642-1727) мен Г. Лейбниц (1646-1716) жасаған дифферециалдық және интегралдық есептеулерден басталатын айнымалы шамалар математикасын жасау кезеңі. Кезеңнің ақыры математикада маңызды өзгерістер пайда болған ХІХ ғ. Орта шеніне дейін созылды. Қауырт та жемісті дамудың бұл кезеңінде осы кезде жоғары мектепте, оның ішінде университеттерде, қазіргі математиканың классикалық негіздері ретінде оқытылатын барлық негізгі пәндер шықты.
  4. Математика пәні мен оның қолданылу ауқымының недәуір кемелденген, көптеген жаңа математикалық теориялардың ашылуымен сипатталатын айнымалы қатынастар кезеңі, яғни ХІХ ғасырдың ортасынан басталатын қазіргі математика кезеңі. Қазір математика ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, өз әдіс- тәсілі және қолданылу аумағы бар.

Ф. Энгельс өз заманының математика ғылымын: «Таза математиканың объектісі - шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары, демек мұның өзі - өте реалдық материал » деп, аса дәлдікпен анықтап берді. Математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті, сөйтіп, кеңістік формалары мен сандық қатынастардан басқа болмыс жайында материалдық негізде адамзат ақылымен құқрылған анағұрлым жоғары абстракцияларды қамтиды. Солай бола тұрса да, Ф. Энгельстің жүз жылдан аса бұрын берген кемеңгер анықтамасы өз маңызын сақтап отыр.

Қазіргі ғылым мен техниканың қауырт даму заманында таза теориялық математикамен қатар, «қолданбалы математика » деп аталатын сала да жедел дамуда.

Математика пәні, басқа ғылымдар сияқты, өзіне тән мынадай белгілермен сипатталады:

  1. Математика заттардың абстракцияланған қасиеттерін -сандарды (заттардың жиынтығы емес) және геометриялық фигураларды (нақты денелер емес) зерттейді. Зерттеу кезінде математика өзінің абстракцияларын абсолюттендіреді: абстракциялардың даму барысында пайда болған математикалық ұғымдар одан әрі баяндандырылып, берілген мәлімет ретінде қарастырылады. Мәселең, қазір белгілі болса да, нақтылы кеңістіктің қасиеттері Евклид ұйғарған кеңістіктің мүмкін модельдерінің бірі ретінде ғана сақтап қалды.
  2. Математикалық нәтижелерді алудың негізгі әдісі - логикалық қорытынды. Логикалық қорытынды эксперименттік тексеруге сүйенбейді.
  3. Логикалық қорытындылардың салдары ретінде математикалық қорытындылардың ақиқаттығы даусыз. Егер алғашқы сілтемелер қабылданса, онда математикалық жолмен одан алынған нәтижелер де ақиқат болмақ. Ал, алынған нәтижелер тәжірибеден алшақ болса, онда қабылданған сілтемені зерттеу керек.
  4. Математикада пайда болатын абстракциялар нақтылы заттарды қасиеттерін тікелей жалпылайтын абстракциялардан топологиялық кеңістік, алгоритмдер, жалпы алгебралық жүйелер және т. б. сияқты неғұрлым жоғары деңгейдегі абстракцияларға қарай сатылап дамиды.
  5. Математиканың бір ерекшелігі - оның қолданымының әмбебаптығы. Математикалық моделін жасауға болатын ғылымның кез келген саласында, қалаған дәлдікте нәтиже алуға болады. Мұнда зерттеуде қолданылатын ұғымдар мен әдістер мазмұннан алшақтаған сайын, осы әдістердің қолдану шеңбері кеңейе түседі. Алайда математиканың әмбебаптығы абсолютті емес. Математикалық әдістерді қолдану мүмкіндігінің өзі - ғылымның абстрактылық дәрежесін көрсетеді.
  6. Ғылымдар жүйесінде, математика айрықша орын алады. Себебі, математика материалды дүниенің мазмұнынан бөлініп алынған кеңістік формалары мен сандық қатынастарын зерттейді.

Басқа ғылымдар сияқты математиканың өз методологиясы бар. Математиканы оқып үйренуден бұрын оның пәні, математика ғылымынң нақтылы шындыққа қатынасы, математикалық ұғымдар мен теориялардың туу және даму жолдары, математикалық абстракциялардың мәні, дискреттілік пен үзіліссіздіктің ара қатынасы жөніндегі мәселерге назар аударады. Бұл мәселелер математика методологиясы пәнін құрайды. Математика методологиясында абстракцияларды құру әдістері, математиканың әр түрлі салалардың логикалық байланыстарынанықтау, математиканың өзінің немесе оның жеке салаларының логикалық құрылымына қойылатын талаптар жиынтығы, математикадағы бар болу және ақиқаттық т. с. с. мәселелер қарастырылады.

Сонымен бірге, математика методологиясы математикада қолданылатын таным әдістерінің барлық жиынтығын зерттейді. Бұл жиынтығы таразылау үшін, математиканы тарихи даму, өркендеу тұрғысынан қарастыру қажет, математика ғылымының ішкі байланыстарымен қатар, оның басқа ғылымдармен және адамзат қызметінің әр алуан қырларымен байланыстарын зерттеу керек.

1. 2 Математиканы оқыту әдістемесі пәні және оның міндеттері

Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы оқытып- үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш сыныптардың математика урсы орта мектепке арналған математика курсының құрамы бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай - ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерінен және арнайы әдіс- тәсілдерінен туындайды.

Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс- тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындық болады.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту - күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі - оқушыларды тәрбиелеу, жан-жақты дамыту ісімен тығыз әрі табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының не, гіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл -ой, есі және тағы басқа қырларын шыңдай түсге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Ал математикалық білімді іс-әрекет үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім- тәрбие беру мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.

Матемтиканы оқып -үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқыоау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға және т. с. с машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.

Сонымен бастауыш сыныптарда математиканы оқыту төмендегідей өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:

  1. Білімділік:бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру тәсілдерінің белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;
  2. Тәрбиелік:шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғары ізгі игіліктер мен сапалдарды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;
  3. Дамытушылық:логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;
  4. Практикалық:меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен байланысты біліктілік қалыптастыру.

Бастауыш мектепке математиканы оқыту барысында көзделген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы төмендегіше анықталады:

  1. Құндылықты- бағдарлы құзыреттілік- оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, Отаны - Қазақстанның патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
  2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік- жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. ӨЗ халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени- демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерінің игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
  3. Оқу -танымдылық құзыреттілік- оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағыттан түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау қарастырады.
  4. Коммуникативті құзыреттілік- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді; түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
  5. Ақпараттық - технологиялық құзыреттілік- бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
  6. Әлеуметтік- еңбек құзыреттілігі -отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық - қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
  7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық - қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік- қоғамдық жағдайларда талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда ( өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау ) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.

Осы тұрғыдан анықталған білім мазмұны бастауыш мектепке арналған мемлекеттік стандарт пен бағдарлама келтірілген. Сондықтан бұл жерде курстың мазмұнына тек қана қысқаша шолу жасаумен шектелеміз.

«Математиканы оқыту әдістемесі » пәні бойынша математиканың бастауыш курсын пән ретінде оқытуды ұйымдастыру тақырыбы қарастырылады. Бұл тақырып бойынша мектептің бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері (білімділік, тәрбиелік,

дамытушылық және практикалық ) айқындалады.

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН СЫНЫПТАН

ТЫС ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ, ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

2. 1. Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс түрлері

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты : оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды таныта білу, олардың ой- өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; тәртіпке, ұйымшылдыққа, табандылыққа, еңбекке, ұжымдыққа баулу.

Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік принципінде құрылады; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқытуда толықтырушы болып табылатындай және сынып жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алынуы керек.

Сыныптан тыс жұмыстың түрлері: Математикадан үйірме жұмыстары, математикалық бұрыш, математика кештері мен ертеңгіліктері, конкурс, олимпиада, эстафета, газет.

Математика бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны: Әзіл - оспақ есептер, математикалық жұмбақтар, математикалық мақал-мәтелдер, ребус, сөз-жұмбақ, софизм, фокус, геометриялық басқатырғылар, т. б.

Сыныптан тыс жұмыс түрлері

«Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» деп қатысуға еріктілік принципіне негізделген және идеялық - саяси тәрбие сипатында мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысын тереңдететін, сондай-ақ оқушылардың математикалық оқу-тәрбие дәрежесін арттыратын сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстарды түсінеміз.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін мұғалімнің білімі терең, жан-жақты дамыған, педагогикалық шеберлігі болуы - басты мәселе. Сабақтан тыс уақытта жұмыстарды жүргізу кезінде мұғалім оқушының талап-тілегінің, қызығатын мәселелерін жан-жақты қамытуға мүмкіндік табады.

Математикадан үлгірмеудің бір себебі - оқушылардың пәнге аз қызығатындығында. Әрине, сабаққа деген қызығуды мұғалім оны жүргізу үстінде тудырса, ал жүйелі түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар бұны одан әрі дамытуға себебші болады.

Оқушылар сабақта, ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру - мұғалім міндеттерінің бірі. Осы мағынада түрлі жаттығулардың - математикалық есептердің, математикалық сөзжұмбақтардың, ойындардың рөлі зор. Белгілі совет педагогы В. А. Сухомлинскийдің басқаруындағы мектеп тәжірибесі көрсеткендей, оқушылардың еліктетіп, жігерлендірмейінше, тәрбиенің нағыз өз мәнінде болуы мүмкін емес. Міне, сондықтан тыс шұғылданыстар бұларды толықтыра түсуге арналады.

Алдымен математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және оны өткізудің методикалық негіздері мынада екендігін ескерген жөн:

  1. Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың сабақта алған білімдерімен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
  2. Сыныптан тыс жұмыс оқушы инициативасынан басталып, оларды жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта жүргізілуі тиіс.
  3. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларды математикаға қызықтыру мақсатын көздеуі тиіс.

Мұғалім ол үшін, жүйелі, әрі жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген мақсаттарына қарай: сергіту минуттарындағы қызықты математика элементтері, математикалық газет, математикалық бұрыш, математикалық үйіреме, математикалық кеш ұйымдастыру, математикалық жарыстар, экскурсиялар, математикалық ойындар болып бөліне береді.

Сыныптан тыс жұмыстардың методикалық негіздерімен мақсаттары айқындалғаннан кейін, оқушылардың коллективімен жүргізілетін жұмыстың түрлері тандалады. Осы мәселені мұғалім сынып тілегі, материалдың көлемі, оқушылардың қатысымдылығы сияқты фактілермен айқындайды. Енді жұмыс түрлеріне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, оқу-тәрбиелік сипаттарына тоқтайық.

Сыныптан тыс сабақтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны
Бастауыш мектепте математика сабағынан сыныптан тыс жұмыстарда математикалық ойын - есептердің маңыздылығы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА ЖҰМЫСТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz