Бастауыш сынып математикасын оқытуда ойын элементтерін қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып математикасын оқытуда
ойын элементтерін қолдану

Орындаған: Батырбек Арай
Тобы: ББ-Б-14к
Жетекшісі: Тлеумбетова И.

Қызылорда, 2017

МАЗМҰНЫ

І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4б.
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ОЙЫН
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
1.1. Ойын элементтерін пайдалану арқылы математика пәнінің сапасын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9б.
1.2. Ойын арқылы сабақтарды үйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 -12б.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін математикалық ойындар ... .13-17б.
2.2. Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .18-20б.
2.3. Ойынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-23б.
ІІІ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.
Сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-30б.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31-32б.
V.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...33б.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы.Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық - ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
- Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Экономиканың нарықтық моделін ұсынып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
- Ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында "біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,олар бейбіт,абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады" деп көрсетілгеніндей,ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде "ойын" ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:
ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың
әсер ету сипаты;
жеке оқыту маңызының артуы;
оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық
ізденіске ұмтылуы, т.б.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математиканы оқытуда танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушының тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану жолдарын көрсету;
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлін көрсету.
5. Оқушыларының тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп, ұсыныстар жасау.
6. Бастауыш сынып оқушыларынң танымдық үрдістерін ойын арқылы дамытудың ұтымды жолдары.
Ғылыми жаңалығы: Егер де, мұғалім математика сабақтарында оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық дамытушылық және т.б. ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытуға болар еді.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, сынып сағатын, сыныптан өткізілетін іс-шараларды зерделеу, табиғи эксперименттерді, тәрбие сағаттары.

БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУДА ОЙЫН
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
1.1.Ойын элементтерін пайдалану арқылы математика пәнінің сапасын
арттыру.
Қазақстанның қазіргі даму кезеңі - білім беру сапасын жаңалау және әлемдік сұранысқа лайықтау қажеттігін анықтап беріп отыр. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру үлгілері білім сапасын арттырудағы басым бағыт екенін көрсетті. Білім негізі бастауышта қаланады деген ұғым біздер үшін қағидаға айналды. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім алуына зор ықпал етеді. Бастауыш сынып мұғалімінің ең негізгі міндетінің бірі бала бойында өмір дағдыларын қалыптастыру
Өмір дағдылары дегеніміз - күнделікті өмірде оқушыларды оқуға және еңбек етуге байланысты өз қажетіне қарай өзгерістерге бейімдеу, кедергілерді өз дәрежесінде тез шеше білу, денсаулығын шынықтыруға, еліміздің қоғамдық экономикалық өміріне белсене араласуға мүмкіндік беретін дағдылар деп пайымдаймыз. Бастауыш сыныпта оқушылар өзара мұғалімдерімен, ата-аналарымен шынай да, сыпайы ізгілікті қарым - қатынас орнатуға, кез-келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады.
Күнделікті сабақ барысында жеке тұлғаның ақыл - ой танымдық өмір дағдыларын қалыптасуы үшін қажетті және жеткілікті білімнің белгілі көлемінің болуы жіне оқушыларға өмір дағдыларын қалыптастыру жолдары мен тәсілдері жайлы білім беру қажеттігін айқындадық. Көбінесе оқушының өмір дағдылары сабақ барысындағы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.
Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әртүрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек - дейді К.У.Ушинский.
Балалық шақ - бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру, жақсы мінез-құлыққа, жасы үлкенді және бірін-бірі сыйлауға үйрету - ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Оқыту тәрбие жұмысының негізгі саласы - сабақ. Оқушының білімі, дағдысы, өмірге, еңбекке көзқарасы сабақ үстіне қалыптасады. Әр сабақты әр оқушының ойына ұялата түсіндіру мұғалімнен әдістемелік шеберлікті талап етеді. Сабақтың тартымды, сапалы болуы көбіне оқушының қызығуына байланысты. Сабақтар тартымды, қызықты ұйымдастырылуы керек, сонда ғана оқушының білімге ынта-ықыласы, құштарлығы артады. Бастауыш сыныптарды оқытуды ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ тартымды, жеңіл болады және оқушылар шаршамайды.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше.Ойын баланың кез келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық сөз бар. Ойын - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәңгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман-тілегін талпынуға, зейінін, жадын қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.
Мәселен кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір - бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко: Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады десе, В.А. Сухомлинский: Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, - деп айтқан. Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.
Ал ойын деген не? Ойын - дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын баланың күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсінігі де қалыптасады.
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін калыптастырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінуімен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Баланың қиялын, ойлауын , сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелермен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан ұстаздар мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі бір талапқа сай ұйымдастырып отырулары қажет.
Ойын түрлерін 1-4 сыныптарда әр мұғалім күнделікті жұмысында дидактикалық деректерден - дерексізге, жеңілден - ауырға, жақыннан - алысқа дегенді негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Математика сабақтарын ойын арқылы өткізу, сабақтың әсерлігін арттырады.
Бастауыш сыныптарды математика пәнін оқытуда баланың ой өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі мағлұматтарды тәжірибеде қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруда өткен мәліметтерді өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мән - мағынасы өте зор. Сабақта өтілген мәліметке сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын , белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады, ойын айналадағы болмысты бейнелейді және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Жаңа білім стандарты бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы қойып отыр.
Соңғы кездегі психология ғылым саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарымен қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыланып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.
Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Сабақта ойын элементін пайдалану - сабақтың түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны.
Оқытудың ойын формасы (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден , ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі
Сабақта ойын элементтерін қолдану - ол дидактикалық , дербес орындалатын тапсырмаларға балалардың зейінін аударып, қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту , кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойын элементтерін қолдана отырып, өткізілген сабақтар жаттығу жұмыстары баланың пәнге белсенділігін арттырып, оларды ойлау, қабылдау әрекеттерін кеңейту, білім сапасын тереңдете түсуге жәрдемдеседі.
Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан ұрпақ тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ұлттық ойынды ата-бабамыздан бізге жеткен, өткеніміз бен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген-білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды.
Демек, ойын баланың жан - жақты жарасымды тәрбиелеудегі психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын - баланы жасытпай оқытуға, балалардың бойында сенімсіздік комплекстерін жоюға, баланың өзін-өзі тануына, жеке тұлғалыққа, дарындылыққа, жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеудің негізгі құралы
Ойындарды сабақта қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын , математикалық қабілеттерін дамытады, сабақтың сапасын арттырады. 1-сыныпта 1-ден 10-ға дейін сандарды өткенде тек қана 1-ден 10-ға дейін сандарды білдіріп қана қоймай, қандай санның қай саннан кейін немесе сол санның алдында қандай сан болатынын тез таба білуге жаттықтыруды үйретемін. Ол үшін "Із кесуші", "Тәртіп орнатушы", "Көршіңді ата", "кел ойна, тез ойла"ойындарын жүргіземін.
"Із кесуші" ойынында рет санына сәйкес бірнеше цифрлары жоқ карточкалар таңтаға ілінеді. Оқушылар өз орындарында отырып, жоғалған санды тауып қояды.
"Тәртіп орнатушы" ойыны бойынша оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар таратылып беріледі. Бір оқушы шығып, осы сандарды ретімен орналастырады.
"Көршіңді ата" ойынында оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі кез-келген сандар карточкасы таратылып беріледі. Әр оқушы өз қолындағы санның орналасу реті бойынша оң және сол жақтағы көрші сандарды атауы қажет.Бұл ойынның тағы бір түрі үйдің көршісін атау. Мысалы 1-ден 10-ға дейінгі сандармен танысқанда тақтаға немесе топқа мынандай үйлер таратылып беріледі. Балалар үйдегі белгісіз көршілерді атайды немесе жазады.
"Кел ойна, тез ойла" ойынында , 1-ден 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту амалдары орындалады. Кез-келген бір санды шарт бойынша бір санға арттыру және кеміту амалдары орындалады. Жүргізілген ойынның барлығына да ауызша жауап береді. Бұл біріншіден ойлау қабілетін дамытып, шапшаң жауап беруге дағдыландырады.
Қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын өткен кезде "Пошташы", "Жауабы кімде", "Торда тұр" ойындарын пайдалануға болады.
"Пошташы" ойынында тақтаға нөмірленген үйлердің суреті ілінеді.
Оқушыларды топқа бөліп араларынан пошташы сайлау керек.Пошташы мысалдар жазылған конвертті өзіне сәйкес үйге апарады.Мысалы: 18-үйге 9∙2,10+8 , 9+9, 3∙6 мысалдары жазылған конверт жеткізіледі. Өтілген көлемді бір тақырыптан кейін математика пәні бойынша пысықтау сабақтарында мен тек жетелеуші, бағыттаушы ретінде ғана боламын. Мұндай сабақтарды "Саяхат", "Аукцион" сабақ ретінде өткен қызықты. Бұл біріншіден, баланы жалықтырмайды, екіншіден, топтасып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Егер мұғалім өзінің күш жігерін танып білуге жеткізетін осынау ішкі , жеке басты қайнар көздерге қозғау салып, көтермелеуге бағыттаса, онда балалардың өз ұстазын түсінуі, оның соңынан еруі, білім және дағдыларды меңгерту әлдеқайда жеңіл болмақ.
Ұлттық ойындар ішінде Бәйге, Қыз қуу, Аударыспақ ойындарын сабақта қолдану балалардың ауызша есептеу біліктілігін дамытып қана қоймай, халқымыздың салт-дәстүрімен танысуға да мүмкіндік береді. Бәйге ойынында оқушылар мысалдарды топ бойынша шығарып, топ намысын қорғаса, Қыз қуу ойыны мен Аударыспақ ойынында балалар жұп болып тақтада мысалдар шығару арқылы жарысып кім бұрын тез шешімін тапса сол жеңімпаз болады. Бұл ойындарда баланың жеке қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.

1.2. Ойын арқылы сабақтарды үйымдастыру
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Ойын
ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі.
Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
+ Ойын - сауық
+ Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық
+ Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)
+ Коррекциялық (өзін-өзі түзету)
+ Әлеуметтендіру
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ұлттық ойындар халқымыздың өз ұрпағын ойын-сауықтарда бәсекеге түсіп, жеңімпаз атанып, жүлде алу үшін ғана емес, ата жолын қуып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп, меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшан ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған қазақ балалар фольклорының айрықша бір саласы-балалар ойындары. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында.
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде оқушының өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға қатысқан әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда сандарды, жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт-дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.
Санамақтар
Бес саусақ
Бас бармақ бауға барды,
Бір дегенім бүркіт,
Қалады аңдар үркіп.
Екі дегенім есік,
Білмейді ол есеп.
Үш дегенім үкі,
Ұстап жеді түлкі.
Төрт дегенім тиін.
Бес дегенім бұлбұл,
Сайрағанда дүл - дүл.
Алты дегенім арғымақ,
Бір дегенім таяқ қой,
Дөңдеу жерден қарғымақ.
Жеті дегенім жайын
Жайынның жейміз майын.
Сегіз дегенім серке.
Енесіне ерке.
Тоғыз дегенім - түлкі,
Жүрген жері күлкі.
Он дегенім оймақ,
Осымен сөзді қоймақ..
(Т.Қанаев)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін математикалық ойындар.
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.
Ойын - баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?, - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Бастауыш мектеп балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Бастауыш сынып оқушылары көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті - баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады.
Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады.
Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.
Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.
Ұсынылып отырған құралда балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын - жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл - күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.
Бастауыш сыгнып оқушыларымен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1) дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар - балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері - кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту.
Құралда дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері көрсетілген. Олар балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Жоғарыда айтылған мақсаттарды шешуде нәтижесі ұтымды болу үшін балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда дидактикалық ойындарын пайдалануға болады:
Зейінді бол
Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.
Ұзын-қысқа
Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру. Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.
Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.
Шамдар
Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
Қолымда не бар?
Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту. Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.
Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.
Қай қолымда көп
Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар - моншақтар, түймелер
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.
Көп және біреу
Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
Сан құрастыр
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Көрнекілік: Суретті карточкалар. Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы 6 саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы 6 санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде - 1 дөңгелек, біреуінде - 3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.
Поезд құрастыр
Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.
Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.
Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен тепловозға ретімен тіркелуі тиіс.
Жазылмай қалған сандарды ата
Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9.
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.
Бой сергіту сәтінде пайдаланатын математикалық тақпақтар :
1.Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
2.Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай-ақ.
3.Қақпаға туралап,
Теп допты, оң аяқ
Қақпаға туралап,
Теп допты сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
4.Доп безек қағады,
Секіріп еденде
Біресе жоғары
Біресе төменге
Жаттығу оңай-ақ.
5.Қарлығашқа ұқсайық
Қане қанат жасайық
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық..
6. 1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
5- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.
7. Ал балалар тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бр тұрып
Біз тынығып алайық.
8. Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.

2.2. Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі математика
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Бастауыш мектеп математикасын оқыту мәні менерекшеліктері
БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Пәндер