Ұзындықты оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұзындықты оқыту әдістемесі

Орындаған: Асылбек А.
Тобы: ББ-Б-14к
Жетекшісі: Тлеумбетова И.

Қызылорда, 2017

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4б.
ҰЗЫНДЫҚТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1.Ұзындық және оны өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6б.
1.2. Шама ұғымы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-10б.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..11-14б.
2.2. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 сынып математикасының базалық мазмұнының
таралуына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-16б .
2.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-18б
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ.
Сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-26б.
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-28б.
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9б.

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінде міндетті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, яғни кәсіби дамытуға бағытталған білім алу үшін, қажетті жағдайлар жасау екіндігі .
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық білімдік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабыңа сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамутыдың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты-жалпы білім беретін мектептертде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде онын табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.
Сонымен қатар мемлекеттік білім беру салысындағы саясаттың тұжырымдамасы, Қазақстан мемлекетінде матемитикадан білім берудің мемлекеттік стандартында жеке тұлғанын шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту. Біліктілігі жоғары білімді мамандар даярлауды көздейді. Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдік мақсаты-кіші мектеп жасындағы оқушыны математикалық дамыту, практикалық міндеттерді шешуге қажетті математикалық ұғымдарды, білім мен білікті, іс-әрекет тәсілдерін игерген білімді тұлға қалыптастыру және негізгі мектептің математикасын оқытуға дайындау, математика пәні арқылы түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Зерттеу пәні- бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі, педагогика, психология, жаңа педагогикалық техгологиялар арқылы, соның ішінде педагогикалық зерттеу әдістері мәселелерімен байланыстыра отырып зерттеу.

Зерттеу мақсаты:
* Шамаларды оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау.
* Ғылыми бағытта ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерді жетілдіре отырып, оқытуды тиімді жоспарлай білетін кәсіби құзіретті қабілетіне ие болу.
* Жинақталған теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі болашақтағы кәсіби қызметіне қолдану.
Зерттеудің міндеттері:
* Таңдап алынған тақырып бойынша әдебиеттерге әдістеме құралдарға, оқулықтарға ғылыми еңбектерге, ақпарат басылымдарына шолу жасау, талдау жұмыстарын жүргізу, қажетті мәліметтерді іріптеу.
* оқытудың жаңа технологияларының бірі-деңгейлеп саралап оқыту технологиясын математика сабағында, сонын ішінде шамаларды оқытуда қолданудың тиімділігін айқындау.
* Теориялық білімді тәжірибиемен ұштастыра отырып, шамаларды оқыту әдістемесін жетілдіру.
* Бастауыш сынып оқушыларына ұзындықтың өлшем бірліктерін үйрету.

І. ҰЗЫНДЫҚТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1.Ұзындық және оны өлшеу
Ұзындық өлшем бірліктеріне бастауыш сынып оқулықтарында қысқаша мағлұмат беріледі.
См- ұзындықты өлшеу бірлігі. Кесіндінің ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу және өлшеудің үлгісі ретінде сантиметрді қолданудың ерекшелігімен таныстыру және соның көмегімен ұзындығын анықтауға үйрету. Заттың ұзындығын салыстыру тәсілдерін еске түсіріп , солардың жиі қолданылатын құралы ретінде шартты өлшеуіштің көмегімен заттардың ұзындықтарын өлшеу және шыққан нәтижелерді салыстыру тәсіліне назар аудару. Шартты өлшеуіштің үлгісі ретінде ұзындығы 1 см жолақшаны таңдап алу және соның көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеудің мән-мағынасын ашу.Екі қарындаштың ұзындықтарын салыстыру. Ұзындығы 1 см жолақшаны әр қарындашты бойлай біртіндеп салу.Оның неше рет салынғанын білдіретін сандарды салыстыру.Сантиметр жайында мағлұмат беріп, соның көмегімен сызғыштың ұзындығын өлшеудің үлгісімен таныстыру.
Дм - ұзындық өлшеуші дециметр, оның мәні , белгіленуі туралы түсініктер қалыптастыру.1см жолақшаны бір-біріне жалғастыра 10 рет кесіндіні бойлай салып немесе ұзындығы 9 см-ден 1 см артық кесіндінің ұзындығы 10см болатыны, 10см математикадан дм деп аталатын түсіндіріледі. Әрі қарай дециметрдің көмегімен әр түрлі ұзындықты өлшеуге машықтандыру жүзеге асырылады және осы өлшеу бірлігінің тұрмыстық қажеттігінен және мұқтаждықтан туындап отырғандығы аңғартылады. Сантиметр немесе дмециметр сияқты бірліктермен өлшенген ұзындықтарды қосу және азайту сәйкес сандарды қосу және азайту амалдарын орындаумен жарыстыра қарастырылады, түрлендіруде 1дм = 10см орындалуы мүмкін.
Метр - күнделікті тұрмыста жиі кездесетін ұзындықты өлшеудің бірлігі. Метрмен және оның көмегімен ұзындықты өлшеудің мән - жайымен оқушыларды таныстыру , ұзындықтың бірліктері метр, сантиметр және дециметрдің ара қатынасын ажырату, ұзындығы 1 дм жолақшамен партаның ұзындығын , енін өлшету, 1 дм жолақшаны 10 рет салып , жаңа ұзындық өлшеуіш метрмен таныстыру .
1м = 10дм 1м =100см қатынастарын түсіндіру.
Км - ұзындықтың жаңа бірлігі жайында түсінік беру және оның метр, сантиметр, дециметрмен ара қатынасын айқындау; өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру, өткенді (см, дм, м) қайталау.Екі ауылдың , екі қаланың , өзеннің арасын метрмен өлшеу тиімсіз екенін, м-ден үлкен бірліктің қажеттігін ұғындырып,
км ұғымымен таныстыру.
1км = 1000м.
Мм - сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы өлшеуді үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі - миллиметрді пайдалану және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.Өткенді қайталау (см, дм, м, км) арасындағы қатынасты қарастыру. Сыныпқа шеге әкеліп ұзындығын өлшету. Балалар 1 см және 3 кішкене бөлік шықты дейді. Мұғалім: - Балалар осындай ұзындығы қысқа нәрселерді миллиметрмен өлшейді. 1 см-де 10мм бар. Сызғыш бойынан көрсету . 1см 10 кішкене бөлікке бөлінген, оны миллиметр деп атайтынын түсіндіреді.
Ұзындық - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі -- метр.Сызғыштың көмегімен кесінділердің ұзындықтарын өлшейді.
Заттарды санауды және санау арқылы Қанша ? ( Неше? Нешеу?) Нешінші?
Сұрақтарына жауап беруді алдыңғы тақырыпта оқушылар меңгерген болатын . Олай болса, нақтылы заттарды немесе олардың бейнелерін , дыбыстарды, қозғалыстарды , геометриялық фигураларды, заттың суреттерін және т.б. санауға сүйеніп , бір таңбалы кез келген санды шығарып алуға болады.
Сантиметр көмегімен көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеудің нәтижесі ретінде әр санды шығарып алудың мүмкіндігі қоса қарастырылады. Олай болса, санды шығарып алудың негізігі көздерінің бірі ретінде - шамалы (нарықтырақ айтқанда , ұзындықты) өлшеу санаумен бір мезгілде енгізіледі, яғни санның - ұзындықты өлшеудің нәтижесін сипаттайтынына назар аударылады.

1.2. Шама ұғымы туралы түсінік
Жиын жөніндегі ұғым сияқты, шама жөніндегі ұғым да бастапқы ұғым деп саналады, сондықтан шамаға анықтама бермей, тек мысалды қарастыру арқылы ол ұғым жөнінде түсінік берумен қанағаттанамыз. Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор, өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып табылады. Әр бір оқып үйренетін шама-бұл бізді қоршаған дүниедегі реал объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек, шамаларды оқып үйрену математиканы оқытуда орны зор. Бұл оқытудың өмірмен байланыс құралдарының бірі.
Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі барысында
қандай да бір ұғым қалыптасады. Ұзындық, аудан, масса, уақыт, сыйымдылық, көлем, жылдамдық, т.б. шамалардың мысалдары болып табылады. Бұл ұғымдар тек математикада ғана емес сондай да физика, химия және т.б. ғылымдарда да қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда шама ұғымына айқын түрде сипаттама беру өте қиын. Өйткені әр түрлі ғылым салаларында, тіптен бір ғана ғылым саласының әр тарауларында да шама ұғымы әр түрлі мағынада қарастырылады.
Сонымен бірге, көбіне шама термині мөлшер терминінің синонимі ретінде қолданылады немесе шама және шаманың мәні терминдері бірдей мағынада қарастырылады. Көп жағдайда, шама ұғымының таза математикалық ұғым болып табылатындығынан оның әр түрлі мағынада көрінетіндігі мен түсіндіруге болады.
Шамалар жайындағы түсініктер, оларға тән ерекшеліктерді сипаттауға мүмкіндік береді.
Біріншіден, шамалар-нақты объектілер мен құбылыстардың ерекше қасиеттері мөселен заттардың бойлылық (созымдылық) қасиеті ұзындық деп аталады. Бұл сөзді нақты объектілердің ұзындығы туралы айтқанда, бұл шамалардың тегі бір деп түсініледі. Жалпы, біртекті шамалар деп қандай да бір жиын объектілерінің бір ғана ортақ қасиетін әр текті шамалар арқылы қасиеттерін сипаттайды. Мәселен, ұзын және аудан-өртекті шамалар.
Екіншіден, шама-заттар мен құбылыстардың оларды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеттері сондай-ақ, осы қасиеті арқылы оған бірдей деңгейде не болатын объектілер жүбын тағайындауға болады. Мысалы: ұзындығы болу қасиетіне не
болатын барлық заттар жиынында ұзындығы бірдей заттар эквиваленттілік класын құрайды.
Үшіншіден, шама-заттар немесе құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеті болуымен бірге, осы қасиеттің көмегімен екі эквивалентті емес заттардың қайсысы бүл қасиетке көбірек ие болатындығын тағайындауға болады. Мысалы: (ұзындығы бар) қасиетіне ие болатын барлық заттар жиынында ұзындығы әр түрлі екі заттың қайсысы ұзынырақ болатындығын тағайындауға болады.
Шама ұғымына ғалым Н.Я. Виленкин төмендегі түсініктемені берді. Ол :
1. Егер а=в болса, онда m(а) = m(в), яғни эквивалентті
объектілердің өлшеуіштері бірдей болады.
2. Егер а=в+с болса, онда m(a) =m (в) + m(a) яғни шамаларды қосуға болады.
Шама ұғымына ғалым А.Н. Колмагоров мынадай анықтама берген. Оң скаляр шамалар деп:
а) кез келген а, в, шамалар үшін а=в, не а в, а в қатынастарының біреуі орындалады.
ә) кез келген а,в,с шамалары үшін, а+в=в+а коммутативті.
в) кез келген а, в, с үшін (а+в)+с = а+(в+с) ассоциативті
г) а+в а монотонды
д) а+в=с қосындысы бар және жалғыз ғана болады.
е) ав және вс болса, онда ас болады.
ж) ав болса, онда а=в+с болады.
з) п- в = а болатындай в шамасы бар болады.
Шамалардың қандай да бір түрін оқыту әдіс-тәсілдері оның өзіне тән ерекшелікте-
ріне қарай анықталады. Шамаларды.оқыту әдістемесі төмендегіше:
1. Қарастырылып отырған нақты шама туралы баланың түсінігін
анықтау және сәйкес ұжым мен терменді енгізу.
2. Біртекті шамаларды салыстыру суіну көз мөлшерімен беттестіру әр түрлі шарты өлшеуіштер т.б. арқылы.
3. Шаманың негізгі өлшеу бірлігін таңдап алу және онымен оқушыны таныстыру, сондай-ақ өлшеу құрал жабдықтарын көрсету осы шаманың негізгі өлшеу бірлігін пайдаланып өлшеу процесін таныстыру?
4. Сандарды атау және таңбалаудың концентр бойынша оқытылуына байланысты шаманы өлшеудің жаңа бірліктерімен таныстыру. Осындай бірліктерді еңгізудің өмір мұқтаждықтарын туындап отырғанына оқушылардың көзін жеткізу.
5. Өлшеу бірліктерін түрлендіру, яғни өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шаманы осы текті шаманың басқа отау бірлігіне көшіруге жаттығу.
6. Бірдей атау бірлігімен, сондай-ақ екі түрлі атау бірлігімен
өрнектелген біртекті шамаларды қосу мен азайту.
7. Шаманы санға көбейту және бөлу шамаларды оқып үйрену математика курсының көптеген мәселелерін меңгеруге көмектеседі.

Бастауыш мектепте ұзындық , масса, сыйымдылық, уақыт , аудан , көлем сияқты нақты шамалар туралы түсінік қалыптастырылады. Шама бізді қоршаған дүниенің (заттар , құбылыстар, т.б.) жалпыланған қасиетін көрсететін математикадағы ең маңызды ұғым. Шамаларды оқыту оны өлшеумен тығыз байланысты. Шамаларды оқыту арифметикалықт амалдарды және сандарды оқытумен тығыз байланысты жүргізіледі. Шаманың өзіндік ерекшелігін ескеріп және практикалық іс-әрекеттерге сүйене отырып, шама жайында түсінік беру мына ретпен жүзеге асырылады:
+ Нақты шама туралы оқушының түсінік деңгейі анықталады және сәйкес ұғым мен термин енгізіледі;
+ Біртекті шамалар салыстырылады ( сезіну, көз мүшелерімен , беттестіру, еркін алынған шартты өлшеуіштер көмегімен және т.б. арқылы );
+ Шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып алынады да, онымен таныстырылады және өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі;
+ Негізгі өлшеу бірлігінің көмегімен шаманы өлшеу процесі көрсетіледі;
+ Шаманы өлшеудің жаңа бірлігі енгізіледі және оның өмірдегі мұқтаждықтан туындап отырғандығында көз жеткізіледі, өлшеу бірліктерін түрлендіреді, яғни олардың бірінен екіншісіне көшеді және әр түрлі өлшеу бірліктерінің ара қатынасы тағайындалады;
+ Өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шамадан осы текті шаманың басқадай атау бірлігіне көшуге жаттықтырылады;
+ Бірдей немесе әр түрлі атау бірліктерімен өрнектелген шамаларды қосу мен азайту және шаманы санға көбейту мен бөлу қарастырылады.

2.1. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру
Оқытудың міндеттері
1. Ұзындық жөнінде нақты түсінік қалыптастыру және заттың ұзындығын салыстыру, кесіндінің ұзындығын өлшеу сияқты ұғымдарды меңгеру.
2. ұзындықтың өлшем бірілктерімен: сантиметр, дециметр, метр, километр, миллиметр және олардың арасындағы қатынаспен таныстыру.
3. Сызғыштың көмегімен есіндінің ұзындығын өлшеу, сонда-ақ берілген ұзындық дойынша кесінділер сызу, кесіндінің ұзындығын кеміту немесе арттыру, кесінділерді ұзындықтарына қарай салыстыру біліктерін қалыптастыру.
4. Ұзындық бірліктерін түрлендіру (іріден ұсаққажәне керісінше);әр түрлі бірліктерімен берілген ұзындықты салыстыру, сондай-ақ шамалармен (ұзындық) амалдар орындауға үйрету.
5. Осы шамамен (ұзындық) есептерді шығаруға үйрету.
Оқыту әдістемесі:
Балалардың ұзындық туралы түсініктері мектепке дейін пайда болады. Мектепке алғаш келген кезде, балалар сызықтық өлшемділікті айыра біледі (нәрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын). Олар қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ-қысқарақ, кеңірек-тарырақ, қашығырақ-жақынырақ, т.б.
Мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларда кеңістік түсініктерді айқындай түсу мөселесі қойылады. Бұған нәрселердің өлшемділігі жөнінен салыстыру жаттығулары көмектеседі. Түзу сызықпен және кесіндімен сызықтық өлшемділіктің тасымалдаушысы ретінде танысу берілген ұғымды қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Кесінділерді көзбен шамалап салыстыру арқылы балалар тең және тең емес кесінділер жөнінде түсінік алады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жиынынан бір кесінді бөліп алынып,бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Алайда метрді қарастырған кезде әрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығулардың жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын. Екінші бір методистер өлшеудің алғашқы бірлігі етіп сантиметрді енгізуді ұсынады (бағдарламада осылай берілген) бұл әрбір оқушының партада отырып өлшеу бойынша көптеген жұмыстар орындауына мүмкіндік береді.
Метр мен сантиметр арасындағы қатысты тағайындамай тұрып, ұзындығы метрден кіші, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметрді енгізуге болады.
Балалар сантиметрі жөнінде көрнекі түсінік алу үшін, көптеген жаттығулар орындаған жөн. Мысалы: олар өздері сантиметрдің моделін жасауы, дәптерлеріне 1см кесіндіні сызу, клеткалар бойынша) шынашақтың ені шамамен 1см-ге тең екендігін өздерінің табуы керек.
Әрі қарай оқушылар кесінділерді өлшеумен таныстырылады. Балалар өлшеу процесін және өлшеу нәтижесінде алған сандар нені көрсететінін оның түсіну үшін, сантиметр модельдерін салудың және оларды есептеуді қарапайым әдістерінен қиынына өлшеп салуға біртіндеп жөн. Содан кейін сызғышты немесе рулетканы істіріп қиып, өлшеу тәсіліне кіріскен жөн.
Көзбен өлшеуді үйретудің бүкіл жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Алғашқы кезең-көз мөлшердің қатыстылық түрімен жұмыс істеуді үйрету, мұнда ол шаманың неше есе биіктігін анықтай алады. Мұнда оқушыларға мынандай тапсырмалар мен сұрақтар қойылуы мүмкін: бірінші кесінді екіншісіне қарағанда қанша ұзын? Көзбен берілген кесіндіден екі есе ұзын кесінді сыз.
Келесі кезең құрал-сайман өлшем процесіндегі кейбір шама мәніне байланысты мысалдар берілген, оларды балалар білуі қажет.
Одан кейінгі кезеңде балалар өз беттерінше көзбен өлшеуді үйренеді. Қатыстылық көз мөлшерден айырмашылығы мұнда шаманың бағасы абсалютті бірліктермен - метр, дециметр, метрді еселеумен жүріп отырады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жанынан бір кесінді бөлініп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да, осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Өлшеу бірлігінің қайсысын бірінші енгізу жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.
Ондық санын өткеннен бастап сантиметр ұғымымен танысады және кесіндіні өлшеуді қолдана бастады. Өлшеудің алғашқы бірлігі ретінде, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметр енгізілген. Сантиметр - берілген кесіндінің ұзындығы есебінде немесе дәптердің екі тор ұзындығы деп түсіндіріледі.
Көптеген әдіскерлер (Н.С.Попова, П.С.Исаков және А.М.Пышкало т.б.) алдымен балалар өздері клетка қағаздан жасалған сызғышпен пайдаланғандары жөн екенін айтады. Бұл сызғыштардан сантиметрлік бөліктер жасалады, бірақ цифрлар жазылмайды. Ол сызғыштарды пайдалана отырып балалар кесінділерді өлшеуді, жолсыз қағазға кесінділер сызады.
Кейінірек жаңа өлшеу бірлігі - дициметр енгізіледі. Дициметр өлшемімен танысуда оның 10 сантиметр өлшеміне тең екендігін қарастырылады. Берілген ұзындық кескінін құрастыруда және оны өлшеуде 3 тәсілді атап өтуге болады.
Бірінші тәсіл - өлшенетін кескінді біріне-бірі беттестіріледі.
Екінші тәсіл - кейін тастау (қалдыру), берілген кескінді өлшеп қарындашпен
белгілеп, кейін қалдыра береді, сонымен белгіленген жерден бастап, қанша қайырғанын санайды.
Үшінші тәсіл - санау арқылы; сызғыш немесе рулетка таспасы өлшенетін кесіндіге қойығанда, алғашқы белгі ол кесіндіге басымен теңестіріледі, оның ұзындығының өлшеу құралының ликаласында белгіленген жерге тоқталуымен, яғни кескіннің санын анықтаймыз. Өлшеуіштің немесе сызғыштың нольдік белгісі кесіндінің бір ұшымен дәл беттестірілуі тиіс.
Метр жеке эталон (өлшеуіш) ретінде бар. Оның көмегімен мүғалімге өлшеу
процессін көрсету оңай. Сондықтан кейбір әдіскерлер алғашқы өлшеу бірлігі ретінде
метрді ұсынады. Алайда метрді қарастырғанда әрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығуларды жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын.
Метрмен жұмыс сантиметрмен таныстыру негізіндегіше өткізіледі. Содан кейін өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынас тағайындалады. (1 дициметрде, 1 метрде немесе сантиметр бар, 1 метрде немесе дициметр бар). Балалар әртүрлі екі өлшеуіштің көмегімен өлшеуге жаттығады, нәтижесінде құрама атаулы сандар алады.
Мысалы, партаның, қақпағының ұзындығы 4 дициметр - 5 сантиметр, тақтаның ұзындығы 2 метр 8 дициметр. Осы уақыттан бастап сәйкес кесінділерді салыстыру негізінде атаулы саңдарды салыстыруға кіріседі.
Екінші сыныпта ұзындықты өлшеудің арнайы тәсілдерін, мәселен адам бойын және сызғышпен өлшеуге болмайтын кей заттарды алуға болады. Адам бойын өлшеу үшін қағаздан жасалған дициметр жөне сантиметр бөлінген 150-160 сантиметрлік таспаны алуға болады. Таспа тігінен көруге ыңғайлы жерге жапсырылады. Шақырылған оқушы арқасымен таспаға тақалып тұрады. Мұғалім үшбұрышты сызғышпен кітап немесе қаламсауыт көмегімен таспадағы адам бойын қалай белгілеуді көрсетеді. Бұл үшін үшбұрышты сызғышпен тік жазықтықта алып, оның 1 бұрышы адам басына жатқызылады, екінші қабырғаға тиіп тұруы керек, осылайша кітапты, қаламсауытты пайдалануға болады. Бұл жаттығуларды 1-2 рет қайталауға болады, бірақ енді оқушының бойын жолдастары өлшеуі қажет. Сабақ соңында таспаны орында қалдырып, балаларға өз бойларын өлшеу тапсырмасы беріледі.
Үшінші сыныпта ұзындықты өлшеу бірліктерімен таныстыруды әрі қарай жалғастырады: балалар километр мен танысады. Километрмен таныстыруда 1 километрде 1000 метр бар екендігін түсіндірумен шектеліп қоймауы керек. бір километрлік ара-қашықтықта тұрған жерден, әсіресе көрінетін ашық алаңнан көрсете білу, қашықтықты қадаммен егер уақытпен орын болған жағдайда рулетканың көмегімен (белгі) өлшеуге болады. Өлшенетін қашықтық белгілі жерден көшелердің қиылысы биік ғимарат, зауыт құбыры және тағы басқа болғаны дұрыс. Мұнда қиылыстардың арақашықтығының айырмашылығы 1 километрден 30-50 метрге дейін болуы мүмкін.
Көп таңбалы санды меңгерген соң ұзындықтың метрлік өлшем кестесін құрауға болады. Метрлік жүйеде негізгі өлшем бірлігі ретінде метр саналады, айталық 1000 метр 1 километрді құрайды. Бірліктер класын-бірлік, ондық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың математика сабақтарында шамаларды оқытудың деңгейлік тапсырмаларын қолдану
Нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі
Бөлшекті бүтін санға көбейту
Бастауыш сыныпта ұзындықты оқыту әдістемесі
Бастауыш математика курсындағы шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесі
Байырғы қазақ тіліндегі математикалық шамалардың өлшем бірліктері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖАЙЫНДА
Шамалардың және сандардың қатынасы
Шамаларды оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау
Қарапайым шамалар
Пәндер