Астық кептіргіш



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Астық қабылдау мекемелерінде қабылданатын және жіберілетін астық
мөлшері әр түрлі болады. Қабылдау, жіберу және сақтау мерзімдері әр түрлі
болады. Сондықтан қабылдау процессі нориялардың санына сай белгіленеді.
Жалпы бір жылда өнімделетін астықтың мөлшері әр түрлі болады. сондықтан
қосымша деген өнімді сақтауға арнайы қоймалар болады. Дайын өнімдер
диірменнен алынады.
Автокөлік жолдары дайын өнімді қоймаға жібереді. Бастапқы мекеме
міндетті түрде бірінше қабатта зертханадан және басқару әкімшілігінен
тұрады. Онда астықтың сапасын анықтап, технологиялық бағасын анықтайды(бас
технолог).
Технологиялық бағыт анықталғанан кейін оны қабылдау бункеріне
жібереді. Қабылдау уақыты автокөлік және теміржол вагондарының толығымен
босағанша саналады.
Норияның өнімділігі техноогиялық сұлбаға сай жоспаланады. Бір
норияның өнімділігі сағатына 175 тоннаға дейін жетеді. Технологиялық ағымды
сақтау үшін норияның санын жоғарлатады. Нория арқылы жұмыс мұнарасына
көтеріледі. Сондықтан норияның биіктігі жұмыс мұнарасына сай болып келеді.
Технологиялық опрециялар жұмыс мұнарасында жоғарыдан төмен қарай
жүреді:
• Қоспалардан бөлу
• Кептіру
• Уақытша сақтауға немесе өндіруге жіберу
Өндіру түрлері екі түрлі болады: уақытша, диірменге жіберу.
Астықтың сапасына сай сақтау мерзімі анықталады және силостарға
жіберіледі. Силостардың саны және нөмірлері силостың орнына және
сыйымдылығына қарай жазылады. Силостар екі түрлі болады:
1. Тез түсіруге арналған. Солардың ішіне кіретін сақтауға арналған
силос
2. Араластыруға арналған (партия құрастыру)
Технологиялық бағыты бойынша астық екі түрі бойынша сақталынады:
1. Аэрация
2. Ауасыз жағдайда
Астықтың сапасы бойынша көбінесе жыл бойы оперативті бункерлер болады
және толығымен босатылып толтырылады.
Біздың еліміз астықты экспортаушы мемлекет болғандықтан
ауылшаруашылығына үкімет көп көңіл бөледі. Республиканың Президенті
ауылшаруашылығына әр жолдауында тоқталып кетеді. Елбасымыздың халыққа
жолдауында тек қана жеткен жетістіктермен тоқталып қана қоймай,сонымен
қатар,ауылшаруашылық өндірісінің өсуі және оның бәсекеге қабілеттілігін
арттыру келесі жылдарға берілген тапсырма болды.Астықты
қабылдау,орналастыру,өңдеу және сақтау бойынша маңызды тапсырмалар болып
республикамыздағы элеватор өндірісінің материалды-техникалық
базасының,ғылыми-техикалық прогресстің күшею қарқынымен,жаңа технологияның
енуі және озық технологияның дамуы және нығаюымен байланысты.
Мемлекет астық қорын жинақтау, орналастыру, өңдеу және сақтау, оларды
пайдалану, әрі Қазақстан халық шаруашылығының барлық салаларын астықпен
қамтамасыз ету, астық қабылдау және астықты өндіру кәсіпорындарына
жүктелген. Аталған кәсіпорындар сонымен қатар дәнді, дәнді бұршақ, майлы
дақылдар мен мал азықтанатын шөптердің сорттық тұқымдарын қабылдайды,
сатады. Халықты нан, макарон өнімдерімен және жармамен тұрақты түрде
қамтамасыз ету республикамызда ұн мен жарма қорларының болуын талап етеді.
Ал олар ұн және жарма зауыттарында өндірілетін және бұл өнімдердің негізгі
қорлары соларда сақталады.
Сақтауды дұрыс ұйымдастырмау, бүлінудің негізгі себептерін білмеу және
сақтау кезінде астық сапасының төмендеуі үлкен шығындарға ұрындырады.
Сонымен, сақтаудағы өнімдердің табиғаты мен мүмкін шығындарды ескере
отырып, оларды биологиялық орта факторларының белсенді әсерінен қорғау, әрі
дән жасушаларындағы қарқынды зат алмасуды тежейтін жағдайлар жасау
қажеттілігі туындайды. Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін астық өнімдерін
сақтауға қойғанда тиісті дайындау тәсілдерін қолдана отырып, белгілі бір
сақтау жағдайларымен қамтамасыз еткен абзал. Мұның бәрін техникалық база
жеткілікті болғанда ғана іске асыруға болады, басқаша айтқанда өнімнің
ерекеліктерін ескеріп қажетті құрылымдарымен жабдықтаған қоймалар болғаны
жөн.

1.Технологиялық бөлім
1.1 Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер

Жобалауға арналған курстық жұмыстың тақырыбы “Л3х100 типті дайындау
элеваторында бидай дәндерін жинағаннан кейінгі өңдеудің технологиялық
линиясы” бойынша қабылданған бастапқы мәліметтер:
- Қойманың типі – Л3х100 элеваторы;
- Қоймалардың сыйымдылығы 50000 т;
- Жобаланған технологиялық сұлбада өңделетін дақыл – бидай
- Жобаланған технологиялық линияның районы – орталық Қазақстан;
- Дайындау кезеңі (астық жинау)- 20 тәулік
- Астық жіберудің жылдық көлемі:
- автотранспорт – 80%
- теміржол транспорты – 20%

1.2 Астықты жинағаннан кейін өңдеудің жобаланатын
технологиялық сұлбасының сипаттамасы

Курстық жұмыста бидайды қабылдаудың технологиялық сызбасы және астықты
жинағаннан кейін өңдеу Л3x100 элеваторының технологиялық сызбасында
жобаланады.
Л3x100 астық қабылдау элеваторы. Әрқайсысының өнімділігі 100 тсағ 4
нориясы бар линейлі, монолитті.
Астықты автокөліктерден қабылдау мақсатында элеватордың жұмыс
ғимаратына автотүсіргіштер мен екі қабылдау транспортерлері бар екі жолға
арнайы жабдықтар орнатылады. Қабылданған астық екі ағыммен жұмыс ғимаратына
келіп түседі, онда астықты сепараторларда дөрекі қалдықтардан тазартып,
өлшейді де, қорды силостарға жібереді, одан астықтың бірқалыпты
құрастырылған партияларын кептіруге жібереді.
Кептірілгеннен кейін астық соңғы нақты тазартылу үшін сепараторлар мен
дискілі триерлерге келіп түседі. Астықты автоматты таразыларда өлшейді.
Астықты теміржол вагондарына тиеу үшін екі линияны қолданады, бұл
астықты бір мезгілде екі вагонға жүктеуге мүмкіндік береді.

1.3 Астықты қабылдау мен өңдеудің принципиальді сұлбасы

Астықты өңдеу мен сақтау жабдықтарының және кәсіпорынның технологиялық
процестерінің принципиалды сұлбасы

Автокөліктен астықты қабылдаудың принципиалды сұлбасы

2. Есептеу бөлімі
2.1 Негізгі есептік параметрлер

Есептеуде технологиялық элеватордың бастапқы мәліметтері төмендегідей:

Элеватор астық тапсырушылардан астықты қабылдауға арналған. Астық
тапсырушылардан түскен астық мөлшерінің есептеу массасы – 50000т,
(Кф=1,06). Құрылыс алаңының климатикалық шарттары дымқыл және ылғалды
астықты аудандар үшін қарастырылған. Даярлаудың есептік уақыты - Пр= 20
тәулік. Түсетін партиялардың саны - 15. Астықты теміржол вагондарынан
теміржол маршрутының көлемінде тиеу - 3000 т. Астықты теміржол
вагондарынан теміржол маршрутының көлемінде түсіру - 3000 т.

К1. есептік массасынан физикалық массасына айналдыру коэффициенті
Өнім Есептік дайндау кезеңінің ұзақтығы
Пр=20
астық 1,06

К2. тәуліктік теңсіздік коэффициенті
Есептеу кезіндегі Есептік дайндау кезеңінің ұзақтығы
даярлау көлемі 0,8А, мың
т
Пр=20
25-50 аралығы 1,6

К 3. бірқалыпты емес сағаттық коэффициент
Астықтың максималды тәуліктік түсуі Ас, мың тона
Ас 4-ке дейін
Кч 1,9

Астық тапсырушылардан түсетін астықтың физикалық массасының мөлшері:
Аф= А зачет*Кф

Мұндағы, Кф – есептік массасынан физикалық массасына айналдыру
коэффициенті, ол 1,06-ға тең.

Аф=50000*1,06=53000т

Астықтың максималды-тәуліктік түсуі внтп п.2.8 бойынша келесі
формуламен анықталады:

Ас=(0,8*Аф*Кс)Пр

Мұндағы Аф – бүкіл дайындау кезеңіне астық тапсырушылардан түскен
астық саны.Аф=53000;
0,8- дайындау кезеңінің есептеу уақытында астықтың түсуін санайтын
коэффициенті;
Кс-тәуліктік теңсіздік коэффициенті, К2-кестесіне сәйкес, есептік
уақыт ішіндегі даярлау көлемі 0,8*53000=42400т болатын элеватор үшін
Кс=1,6;
Пр- даярлаудың есептік уақыты;ол 20 тәулікке тең.

Ас= (0,8*53000*1,6)20=3392 ттәул.

Дән астығының сапасын бақылауға арналған қондырғыларды даярлау
көлеміне байланысты қабылданған. Қабылдау лаборатория үшін
механикаландырылған татпаалушыларды К4-кесте бойынша таңдайды. А1–УПЗ-А
немесе А1 – УПП 4 шт (2х2) механикаландырылған татпаалушылар, У1-УФО-5 саны
– 2 басқару құрылғысы, орташа сынамалар үшін бункерлер саны – 50х2
таңдаймыз.

К4 Қабылдау лабораториясы үшін механикаландырылған татпаалушыларды
және орташа сынамалар алу үшін қондырғы
Көрсеткіштер Кәсіпорын тобы
І-ІІ
механикаландырылған татпаалушылар 4
А1–УПЗ-А немесе А1 – УПП (2х2)
механикаландырылған татпаалушылар, 2
У1-УФО-5 саны
орташа сынамалар үшін бункерлер саны50х2

2.2 Таразы жабдықтарын есептеу

Автокөліктен астықты қабылдаған кезде керекті автомобильді
таразылардың санын келесі формула бойынша анықтайды;

Г= (0.000666* A*Кс*Кч*tч) (Пр*G)

Мұндағы, А- тасымалдаушыларды дайындау кезінде түсетін астық мөлшері;
Кс- бірқалыпты емес тәуліктік коэффициент; К2 -кестесі бойынша
Кч- бірқалыпты емес сағаттық коэффициент, К3 -кестесі бойынша;
tч- бір автокөлікті екі қайтара өлшеуге кететін және құжаттарды
рәсімдеуге кететін уақыт, мин. Тіркемесі бар автокөлікті екі қайтара
өлшеуге ұсынылатын уақыт- 3 минут. Цифраблатты таразылар үшін басу
құрылғысымен- 2,5 минут;
G- автокөліктік есептік жүккөтергіштігі, тонна. Типтік жоба жасағанда
әдетте 8 ұсынылады.

Г=(0.000666*53000*1.6*1.9*3) (20*8)=2 дана

Таразыасты және таразыүсті бункерлердің сыйымдылығы таразыларға қызмет
ететін транспорттық механизмнің өнімділігіне байланысты қабылдау керек.
Автоматтандырылған таразылардың таразыасты бункерлерінің сыйымдылығы
келесі формуламен анықталады:

ЕВ= (Qn*tож) 60

Qn- механизм өнімділігі;
tож- астық партияларының ауысуындағы күту уақыты. Ғимараттардың
көлемді орналастыру шешімдеріне байланысты күту уақыты tож=6-10 минут
аралығында болады.
ЕВ= (175*8)60=23 т

2.3 Астықты автокөліктерден түсіру құрылғысын есептеу

Астықты автомобиль транспортынан қабылдаудың технологиялық линиясының
(Nn) керекті саныВНТП п.5.4; 5.5; 5.6 ескере отырып,келесі берілгендермен
анықталады:
Астықтың максимальді сағаттық түсуі:

Асағ= (Ас*Кч)Т

Мұндағы Ас – максимальді тәуліктік түсуі,ас = 3392 тсағ;
Т – астықты автотранспортпен алып келуді есептеу уақыты,24 сағ ішінде;
Кч– астық түсуінің сағаттық теңсіздік коэффициенті, К3 -кестесі
бойынша;

Асағ= (3392*1,9)24 = 268,5 тсағ

Транспорттық қонырғының өнімділігін,мысалы 350 тсағ деп таңдап алып,
қабылдаудыңкеректі линиялар санынВНТП п.5.6 сәйкес анықтаймыз:

Nл = (Ач*1,2)(Qл*Кк*Квз)

Мұндағы Ач- астықтың максималды сағаттық түсуі, 269 тсағ;
Qл-автокөліктен қабылдау линиясының өнімділігі,ол қабылдаған
транспорттық қондырғыға (350 тсағ),автокөліктің орташа жүк көтергіштігіне
Ga (10т), линияға тәулігіне түсетін партия санына байланысты
Квз – ылғалдылығы және залалдануы бойынша айырмашылықта болатын
астықтың орын ауыстыруы кезіндегі тасымалдау қондырғысының өнімділігін
төмендету коэффициенті, Квз =0,8 К5-кестесі бойынша қабылданады;
Кк – дақылдарды нақты салмағы тасымалдау қондырғысының өнімділігінің
орын ауыстыру кезінде есептеп төмендету, Кк = 1(бидай үшін), К6-кестесі
бойынша қабылданады.
Линияға келіп түсетін партия санына Рлс = 5, автокөліктің орташа
жүккөтергіштігіне 10 т, астық жинағыш сыйымдылығына сәйкес астық қабылдау
линиясының өнімділігі Qл= 217 тсағ.

Nл=(269*1.2)(217*1*0.8)=2

Ал бір линияға 5 партияны жіберуде, 2 линия 10 партияны
қабылдайды.Линияға келіп түсетін партия санына Рлс = 6, автокөліктің
орташа жүккөтергіштігіне 10 т, астық жинағыш сыйымдылығына сәйкес астық
қабылдау линиясының өнімділігі К6-кестесі бойынша Qл= 210 тсағ.

Nл = (269*1.2)(210*1*0.8)=2

Бір линияға 6 партияны жіберуде, 2 линия 12 партияны қабылдайды. Бұл
шарттарда бір линияға 5 партияны жіберу кезінде 5*3=15 партия қабылдайтын 3
линияны қабылдаймыз.
Керекті автомобильтүсіргіштердің санын астықты қабылдаудың
технологиялық линиясының өнімділігі мен санына сүйене, түсіргіштердің
өнімділігін ескере отырып салыстырмалы түрдеқабылданады.
Автомобильтүсіргіштердің өнімділігін келесі формула арқылы есептейміз:

Qa =(Qat *Кп*Квз)1.2

Мұндағы Qat – автомобильтүсіргіштің белгілі маркасының техникалық
өнімділігі,бұл орташа жүккөтергіштікке Ga байланысты анықталады. Автомобиль
жүккөтергіштігі = 10 т болғанда, У15-УРАГ автотүсіргішті қолдануда,Qat =
160 тсағ;
Кп – автотүсіргіштің өнімділігінің төмендеу коэффициенті.Линияның
тасымалдау қондырғыларының өнімділігіне,тәулігіне сызбаға түсетін партия
санына және автотранспорттық орташа жүккөтергіштігіне байланысты.
Квз – автокөлік түсіргішінің өнімділігінің өзгеру коэффициенті
астықтың ылғалдылығы мен зиянды қоспаларының жағдайына байланысты.Квз = 0,8
К5-кестесі бойынша қабылданған.

Qa=(160*0,87*0,8)1.2=93 тсағ

Егер түсіргіштің өнімділігі Qq ≤ Qл, онда бірінші сызбаға екі
түсіргіш қондырғы, яғни үшінші қабылдау сызбасының тасымалдау
құрылғыларының өнімділігі 350 тсағ болғанда, алты У15-УРАГ автокөлік
түсіргіштерін орнату қажет.
К5. ылғалдылығы және залалдануы бойынша айырмашылықта болатын астықтың
орын ауыстыруы кезіндегі тасымалдау қондырғысының өнімділігін төмендету
коэффициенті
Алынатын қоспаның құрамы,% Ылғалдылығы
17-19-ге дейін
Автомобильтиегіштер
10-нан артық 0,8
Нориялар мен конвейерлер
10-15-ке дейін 0,8

К6. дақылдарды нақты салмағы тасымалдау қондырғысының өнімділігінің
орын ауыстыру кезінде есептеп төмендету
Өнім Нория Конвейер
Бидай 1 1

2.4 Астықты теміржол вагондарынан түсіру және оғанастықты тиеу есебі

Астықты теміржол вагондарынан түсіру 3 айналымда жалпы 3000 т
қабылданды. Бір айналым уақыты 3 сағ 10 мин.
Қабылдау ағындарының қажетті санын п.9.23 ВНТП-сәйкес мына формула
бойынша анықтайды:

Nж = Qпод (Т * Qтр *Кн *Кк)

Мұндағы, Qпод – бір айналымдағы астық массасы – 1000 т;
Qтр - тасымалдаушы ағымның өнімділігі 350 тсағ қабылданған;
Кн – операцияға қолданған норияның коэффициенті; К7 -кестесі бойынша
Кн = 0,7қабылданған;
Т = 3,16 сағ.

Nж= 1000(3,16*350*0,7*1)= 1.3=2 ағым

Екі ағым қабылдаймыз.
Түсіру нүктелерінің керекті санын п.9.24 ВНТП-сәйкес мына формула
бойынша анықтаймыз:

Nрж = Qпод (3,16 * Qрм)

Мұндағы Qпод -вагон түсіргіштің эксплуатационды өнімділігі, 500тсағ
деп қабылданды, өйткені берілістегі астық тасушы вагондар 20% артық;

Nрж= 1000(3,16 * 500) = 1 нүкте

Теміржол вагондарынан астықты түсіруге арналған қондырғылардың
көлемдік- жоспарлық есебін ескере отырып, екі транспорттық ағымы бар екі
параллель жолда екі түсіру нүктесі болғаны жөн. Егер әмбебап вагондарынан
түсіру керек болса,онда мақсатқа сай әрбір жолға бір-бірден
вагонтүсіргіштер(У20-УВС) болуы керек.

п.9.13 ВНТП-сәйкес тиеу ағымының қажетті өнімділігімына формула
бойынша анықталады:

Qтр = Qпод (т*Кн *Кк)

Мұндағы, Qпод – бір айналымдағы астық массасы – 1000 т;
Т - п.9.4 ВНТП-сәйкес 3,66 сағ;
Кн – операцияға қолданған норияның коэффициенті, К7 -кестесі бойынша
Кн = 0,7қабылданған;
Кк = 1(бидай үшін), К6-кестесі бойынша қабылданады.

Qтр= 1000(3,66*0,7*1)= 390 тсағ

Тиеу ағымдарының қажетті саны шығарылатын қондырғы
номенклатурасын ескере анықталды. Әрқайсысы 350тсағ екі ағым қабылданды.

К7. операцияға қолданған норияның коэффициенті
, Нория өнімділігі, тсағ
350
Астықты теміржол вагондарынан 0,7
қабылдау

2.5 Тасымалдаушы қондырғыларды есептеу

Негізгі нориялардың қажетті санын келесі операциялардың максималды
жұмыстарының бір тәулікте орындалу шартынан анықталды:
1. Астықтың сақтауға арналған ыдыстарға берілуі немесе кептіруге
арналған парияларды қалыптастыру ыдыстарынан берілуі – 3392т.
2. Астықты кептіруден кейін жинау және оны тазартуға жіберу – 2560т.
3. Астықты тазартудан кейін жинау және ішкі орын ауыстырулар – 3560т.
4. Астықты теміржол вагондарына тиеу – 3000т.
Есептеу п16.7 сәйкес орындалды.

Нч=(а*Кп)(Qн*Ки*Квз*Кк)
Астықты кептіруге арналған партияларды қалыптастыру ыдыстарынан немесе
ыдыстарына жіберу:

Нч= (3392*1)(175*0,85*0,85)=26,82

Астықты кептіруден кейін жинау және оны тазартуға жіберу:

Нч= 2560 (175*0,85)=17,2

Астықты тазартудан кейін жинау және ішкі орын ауыстырулар:

Нч= 3560 (175*0,85)=23,9

Астықты теміржол вагондарына тиеу:

Нч= 3000 (175*0,85)=20,06

∑Нч=26,82+17,2+23,9+20,06=88,08

Нориялардың есептік саны:

Nнр= ∑Нч24

Nнр= 88,0824= 3,67

Нориялардың қажетті саны:

Нн=НнрКt

Кt- 16.7-кестесі бойынша уақыт ішінде норияларды қолдану коэффициенті.

Нн=3,670,7=5 нория

2.6 Астықты тазартуға арналған машиналардың есебі

Дөрекі қалдықтардан алғашқы тазартудыавтокөліктерден астықты қабылдау
ағымында қарастырамыз. Астықтың негізгі тазартуын оның тәулік ішінде
кептірілу көлемінде қабылдаймыз.
Астық тазартқыш машиналарының қажетті сағаттық өнімділігін мына
машиналардың тәулігіне 20 сағат аралығында жұмыс істеу есептеулерінен
анықтауға болады:

Qc= 256020 = 128 тсағ

А1-БЦС-100 сепараторыныңекеуін орнатамыз.

Астықты күрделі қалдықтардан тазарту үшін триерлерді қолданамыз.
Триерлердің қажетті санын п.6.10 ВНТП- сәйкес мына формуламен анықтаймыз:

Nт = 0,00036*(А*ʯ)(Пр *Qт )

Мұндағы ʯ (%) – триерде тазаланатын астықтың мөлшері,ол п.6.9 ВНТП-
сәйкес 10% - ға тең;
Qт = триердің өнімділігі, 5 тсағ тең.

Nт= 0.00036* (63600* 10)(20*5)= 2

Екі триер орнатамыз.

2.7 Қалдықтарды өңдеуге және тасымалдауға арналған қондырғыларды
есептеу

Астықты тазалау кезінде бөлінген қалдықтар саны:

G=(0.5* Aоч*С)100

Мұндағы, Aоч- астықты тазалаудың есептік тәуліктік көлемі;
С(%)- бөлінетін қалдықтардың бастапқы құрамы, 2.5-кестеге сәйкес
қабылданды: дымқыл және ылғал астықты райондар үшін –
Қалдық мөлшері 3%-дан жоғары 5%-ға дейін - 40%
Қалдық мөлшері 5%-дан жоғары 8%-ға дейін - 60%

G=0,5[(2560*0,4*5)100 + (2560*0,6*8)100]=87

Сепараторлардың қажетті саны:
а)себуші електердің өтімін өңдеу үшін:

Өнімділігі 12тсағ болатын 1 сепаратор, мысалы А1-БИС-12.

б) аспирационды отностар мен сұрыптаушы торлардың сырғымасын өңдеу
үшін:

1 сепаратор қабылданды.
Қалдықтардың жинақталуын бөлек тұрған металл бункерлерде
қарастыру.

2.8 Астық кептіргіштердің есебі

Кәсіпорын үшін астық кептірудің көлемін. мына формуламен анықталады:

Ас=0,8*АФ*Кв*Кк ср*Кн ср

Мұндағы, Аф – бүкіл периодта кәсіпорынға түскен астық мөлшері;
Кв- физикалық тоннаны жоспарлыққа ауыстыру коэффициенті, Кв=1,2 дымқыл
және ылғалды астықты райондар үшін;
Кк ср -кептірілген дақылға байланысты астық кептіргіштер
өнімділіктерінің өзгеру коэффициенті, Кк ср=1, 7-кестесі бойынша;
Кн-кептірілетін дақылдың тағайындалуы байланысты коэффициентін
анықтауға болады Кн=1.

Ас=0,8*53000*1,2*1*1=50880 пл.т

7.2-кестесіне сәйкес дымқыл және ылғал астық үшін партиялар саны – 12.
Астық кептіргіштердің қажетті санын жеткілікті дәлдікпен мына формула
арқылы бойынша анықтайды:

Пзс=АсQзс*20,5*Пр

Мұндағы, Qзс- астық кептіргіштің өнімділігі,пл. тсағ.

Пзс=6105650*20,5*20=3дана

Өнімділігі 50 тсағ болатын 3 астық кептіргіші қабылданды.

2.9 Технологиялық және тасымалдау қондырғыларының спецификациясы


Қондырғылардың атауы Маркасы Саны Өнімділігі,
т сағ
Автомобиль таразысы ДН – 100 2 100
Автотүсіргіштер У15–УРАГ 6 350
Вагонтүсіргіштері У20 – УВС 1 80
Нория НЦТ – 20 5 175
Сепаратор А1–БЦС– 100 2 12
А1–БИС– 12
Астық кептіргіш ДСП – 32 ОТ 3 50
Триер ЗАВ – 10 2 5

3. Жобаланып отырған кәсіпорынның бас жоспары
3.1 Бас жоспарды жобалау

Астық сақтау қоймаларын мынадай ретпен орындайды:
Ең алдымен аумақты таңдап алу керек. Тапсырыс берушіден элеватор
құрылысын жобалауға бастапқы мәліметтерді географиялық пунктерді ескере
отырып алады және оның болашақта кеңею жолдарын,сыйымдылығын қарастырады.
Мемлекеттік орган жер аумағын белгеннен кейін және барлық келісім сөздер
рәсімделгеннен кейін технкалық ізденістерді өткізуді қолға алады. Болашақта
астық қоймаларының негізін жобалау үшін инженерлік геологиялық мәліметтер
және гидрологиялық шарттарды анықтауға топографиялық түсірілімдер және
геогиялық ізденістер жүргізіледі. Ең басты жауапты және қиын тапсырмалардың
бірі – ол грунттың физико-механикалық қасиетін анықтау. Типтің рацоналды
таңдауы және негіз конструкциясы грунттың қасиеттерін дұрыс бағалауды талап
етеді. Құрылыстың қысымына байланысты грунттың қабілетін бағалайды және
деформациялану осы қысымның шегіне байланысты. Астық қоймасын
орналастыратын аумаққа ерекше талаптар қойылады.Аумақ тегіс бетті және еңіс
болу керек.Оны жобалау жер жұмыстарының көп көлемімен байланысты болмауы
керек.Алынып отырған аумақ теміржол станцияларына барынша жақын орналасқаны
жөн. Өте үлкен жүктемелі элеватордың құрылысы үшін аумақтың грунты сәйкес
келу керек. Санитарлық нормаларға сай элеваторды химиялық
кәсіпорындар,ветеринарлық мекемелер немесе өртке байланысты мұнай
базаларына жақын орналастыруға болмайды.Элеваторларды аэродромдарға жақын
орналастыруға болмайды, себебі жұмыс мұнаралары ұшақтардың ұшуына өте
қауіпті.Барлық кәсіпорындар үшін қажеттісі су (энергетикалық
қондырғылар,өртті сөндіру,тұрмыстық қажеттіліктер),сондықтан кәсіпорынның
жанында дебит бойынша жеткілікті сумен қамтамасыз ететін су көздері болуы
керек. Мекемені рационалды қолдану және тұрғызу үшін аумақты дұрыс
таңдаудың маңызы зор. Бұл кәсіпорынның бас жоспарының компановкасының дұрыс
шешілуі,төмендегі қажеттіліктерді қамтамасыз етеді:
1. Теміржол және автомобиль жолдарына байланысты астық ағымы қысқа
және тік болуы мүмкін, сонымен қатар механикалық транспорттардың (нория
және транспортер) санын және ұзындығын қысқартады.
2. Шарушылықтың өсуіне байланысты келешекте кеңеюіне аумақтың ауданы
минималды болуы және қосымша шығындардың азаюы.

3.2 Бас жоспардағы ғимараттың құрамы және құрылысы,олардың
компановкасы

Элеватордың негізгі өндірістік құрылысына:жұмыс ғимараты, силосты
корпустар, теміржол және автомобиль жолдарынан қабылдау қондырғылары,
теміржол вагондарына арту қондырғылары, астық кептіргіш қондырғылары,
қалдықтар цехы,зертханалар, автомобильді таразылар.Қосымша өндірістік
құрылысына жататындар: градиналарымен күш станциялараының ғимараты,жылу
қоймалары,трансформаторлы подстанциялар және киоскілер,насосты
станциялар,суға арналған су құбырлары және жер асты резервуарлары,слесарно-
механикалық,электр жөндеу,шеберхана,депо,автомобиль транспорты үшін
гараж,өрт депосы,административті корпус.
Элеватордан және қоймалардан вагондарды және автокөліктерді арту және
түсіруге шаруашылық территориясында темір жол және автомобиль жақын келу
жолдарын салу мүмкіндік береді.Ұзындық және жақын келу жолдарының сұлбасы
үздіксіз алып беруді және жобаланған транспорт санының өтуіне жеткілікті
болуы керек,ережелер мен есептеулерге жауап беруі тиіс.
Автомобиль жолдары барлық ғимараттар мен құрылыстарға өрт жүктерінің
кіруіне ыңғайлы болуы керек.
Өртке арналған су құбырларын гидранттармен орналастырады,мүмкіндігінше
сақиналы түрде,сумен үнемі қамтамасыз ететін немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астықты кептірудің технологиялық процесі
Астықты кептіру
Астықты кептірудің тəртіптері
Астық ылғалдылығының жіктелуі
Кептіру процесі
Дәнді дақыл түрі
Астық өнімдерін сақтау жайлы мәлімет
Астықты кептіру техникасы
Астық кептірудің қазіргі технологиясы
Астық түйірін кептіру
Пәндер