Инвестициялар мен Экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясының қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Мемлекеттік басқару және экономика жоғарғы мектебі
Қаржы және бухгалтерлік есеп бағдарламасы

Тақырыбы: Инвестициялар мен Экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясының қызметі

Қабылдаған: Сапарова А
Орындаған: Жолбарисова Д
Тобы: ЭҚЖ - 511

Түркістан 2018
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Экспорттық несие және инвестиция түсінігі
2.2. Инвестициялар мен Экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясы
2.3. Корпорацияның қызметі, қаржылық жағдайы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Трипольда жасалған Инвестициялар мен Экспорттық несиелендіруді сақтандыру жөніндегі Ислам Корпорациясы Құрылтай шарты 1992 жылғы 19 ақпанда өтті. Корпорация Басқарушылар Кеңесiнен, Директорлар Кеңесiнен, Президенттен, Менеджерден, сондай-ақ Корпорация белгілеуі мүмкін міндеттемелерді орындауға қажет болуы мүмкін басқа органдар мен қызметкерлерден тұрады. Басқарушылар Кеңесi Басқарушылардан және Банктің баламалы Басқарушыларынан тұрады. Банктің Басқарушылар Кеңесінің Төрағасы лауазымы бойынша Корпорацияның Басқарушылар Кеңестiң Төрағасы болып табылады. Басқарушылар және баламалы Басқарушылар Корпорациядан сыйақы төленбей осындайлар ретінде жұмыс iстейдi, бiрақ Корпорация олар жиналысқа барған кезде шеккен тиiстi шығыстарды өтей алады. Басқарушылар Кеңесi: өкілдіктері

Негізгі бөлім

Экспорттық Несие - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуды қаржыландыру мақсатымен шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банкілеріне берілетін несие; экспортты ынталандыру құралы. Импортшылар мен экспортшылар несиені тікелей өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банкілерден алады. Ол әрқашанда сыртқы сауда келісімшартын жасау жолымен беріледі. Оның мөлшері, мерзімі, құны, пайыз төлеу және өтеу шарттары экспортшы және импортшы елдердің экон. және саяси жағдайына, тауардың түріне және тараптардың өзара қатынастарының сипатына қарай айқындалады. Э. н-нің дәстүрлі және кең таралған нысандары: шетке шығарылатын тауарларды өндірушілердің өздерінің шетелдегі сатып алушыларына жеткізілетін тауарлар үшін төлем төлеу мерзімін ұзарту нысанында беретін коммерциялық несие; шетке шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге де, сатып алушыларға да берілетін банк несиесі; түрлі мемлекетаралық келісімдер шеңберіндегі несиелер; экспортшылар мен импортшыларға брокерлік фирмалар арқылы берілетін брокерлік несие; экспортты несиелендірудің кеңінен таралған нысаны - акцептілік несие болып бөлінеді. Банкілер ірі экспортшыларға револьверлік (жаңартылмалы) несие береді. Э. н-нің дамуы барысында сыртқы сауда операцияларын факторинг, форфейтинг, лизинг негізінде қаржыландыру пайда болды. Ірі көлемдегі сыртқы сауда келісімшарттарын несиелендіру үшін банк консорциумдары құрылады. Олар ірі көлемдегі несие ресурстарын жинап, несие тәуекелін қатысушы банкілердің арасында бөлуге мүмкіндік береді (қ. Синдикатталған несие). Э. н. беру әрқашан да тәуекелмен байланысты болғандықтан, дамыған елдердің көбісінде олардың сақтандырылуын қолдау жүйесі қалыптасқан.
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Корпорацияны қаржыландыру көздерi мыналардан тұрады:
# (а) Корпорацияның жарғылық (акционерлiк) капиталына жарналар,
# (b) сақтандыру жөнiндегi өтемақыларды төлеу үшiн Корпорация талап ететiн сома мөлшерiнде Полистердi ұстаушылардың Корпорацияға төлейтiн сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша жарналар,
# (с) ақшалай сома және сақтандыру жөнiндегi өтемақыны төлегеннен кейiн оған қатысты Корпорация құқықтық мирасқор болатын басқа активтер,
# (d) Корпорацияның активтерiн инвестициялық салудан кiрiс
Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экон. өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция - шетел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.

Мақсаттары мен мiндеттерi.
+ Корпорацияның мақсаты сауда қатынастарының ауқымын кеңейту және Ислам мемлекеттерiнің арасында капиталдың қозғалысын арттыру болып табылады.
+ Өз мақсаттарына жету үшiн Корпорация осы шарттың 19-бабының және (2) тармақтарында санамаланған тәуекелдер, не осы шарттың 19-бабының 3-тармағына сәйкес Директорлар Кеңесi анықтаған тәуекелдер басталуының нәтижесiнде шығындар туындаған кезде сақтандырушыға қолайлы сыйақы төлей отырып, осы Шарттың 16-бабында белгiленген талаптарға жауап беретiн тауарларды Шариғаттың принциптерiне сәйкес экспорттық-кредиттiк сақтандыруды немесе қайта сақтандыруды ұсынады.
+ Құрылғаннан кейiн өзiне қолайлы уақытта Корпорация Шариғаттың принциптерiне сәйкес Мүшелер осы Шарттың 19-бабының (2) тармағында санамаланған тәуекелдерге, не болмаса осы шарттың 19-бабының (3) тармағына сәйкес Директорлар Кеңесi анықтаған тәуекелдерге қарсы Мемлекеттерде-мүшелерде жүзеге асыратын инвестицияларды сақтандыруды және қайта сақтандыруды ұсынады.
+ Корпорация өз мақсаттарына жету үшiн қажеттi немесе қолайлы деп есептейтiн өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Өздерiнiң барлық шешiмдерiнде Корпорация осы баптың ережелерiн басшылыққа алады.
Корпорацияның қызметi Ресурстарды пайдалану. Корпорацияның қызметiне жататын ережелер Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн Корпорация қандай да бiр тәуекелдердi немесе Корпорация сақтандырған немесе қайта сақтандырған тәуекелдердi заттандыру кезiнде Сақтандырушылардың кез келгенiне келтiрiлуi мүмкiн шығындарды ұжымдық өтеу арқылы Сақтандырушылардың өзара ынтымақтастығына қол жеткiзу үшiн барлық күштерiн салады; Басқарушылар Кеңесi анықтауы мүмкiн шарттардың негiзiнде сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларын жүргiзу кезiнде қорлануы мүмкiн кiрiстi Сақтандырушылар арасында бөледi; бизнесте белгiленген iс-тәжiрибеге сәйкес орнықты қаржылық жағдайды қолдау үшiн тиiстi негiзде әрекет етедi. Егер түпнұсқа мәтiнi бойынша өзгеше түсiнiлмесе, осы Шарттың сақтандыру жөнiндегi операцияларға жататын барлық ережелерi Корпорация жүзеге асыратын сақтандыру жөнiндегi операцияларға да қатысты болады. Сақтандыруға жататын экспорттық кредиттeу. Мүше-мемлекеттен басқа Мүше-мемлекетке экспортталатын тауарларға жататын барлық Экспорттық кредиттер мынадай жағдайда: Кредиттенудің мәнi болып табылатын тауарлар өзiнен осы тауарлар экспортталған келiсiлген қосылған құн Мүше-мемлекетке қайтарылуы тиiс жағдайда, толық немесе iшiнара өндiрiлуi және шығарылуы, бiр немесе бiрнеше Мүше-мемлекетте құрастырылуы немесе өңделуi тиiс. Директорлар Кеңесi мезгiл-мезгiл тауарлардың түрлерi мен айрықшылықтарын анықтайтын нұсқаулықтар шығарады, оларға сәйкес Корпорация Экспорттық кредиттердi және осы тауарлар өндiрiлген, шығарылған, өңделген немесе құрастырылған Мүше-мемлекетке қайтарылуы тиiс қосылған құнның ең төмен мөлшерiн сақтандыра алады. Егер Директорлар Кеңесi басқаша анықтамаса, несие мерзiмi бес жылдан аспайтын болса сақтандыруға жатады. Сақтандыруға жататын инвестициялар. Сақтандыруға жататын инвестицияларға кәсiпорындарға, олардың филиалдарына және агенттiктерiне тiкелей инвестицияларды қоса алғанда Мүше-мемлекеттердің аумағында Мүшелер не Мүше-мемлекеттердің азаматтары жүзеге асыратын барлық инвестициялар; кәсiпорындардың акционерлiк капиталына инвестициялар, оның iшiнде осы кәсiпорындардағы акционерлер берген не кепiлдiк берген заемның негiзгi сомасы; сондай-ақ Директорлар Кеңесi сақтандыруға жатады деп танитын тiкелей инвестициялаудың басқа да барлық нысандары жатады. Қайта сақтандыру жөнiндегi операцияларды қоспағанда, сақтандыру Корпорация сақтандыруға арналған өтiнiмдердi тiркегеннен кейiн жүзеге асырылуы басталатын инвестициялар үшiн шектелетiн болады. Мұндай инвестициялар: қолда бар инвестицияларды жетiлдiру, кеңейту немесе дамыту мақсатында жүзеге асырылған шетелдiк валютаны аударуды, және өйтпесе Келген елiнен тысқары жерлерге аударылуы мүмкiн қолда бар инвестициялардан алынатын кiрiстi пайдалануды қамтуы мүмкін. Коммерциялық негiзде жүзеге асырылатын жекеше, мемлекеттiк немесе аралас инвестициялар Корпорацияның сақтандыруына жатады. Корпорацияның көрсететiн қызметтерiн алуға құқығы. (Мынадай субъектiлердiң: Банктің, кез келген жеке тұлғаның - Келген елi болып табылмайтын Мүше-мемлекет азаматының, және акцияларының немесе оның үлестерiнiң көпшiлiгi бiр немесе бiрнеше Мүшеге не азаматқа немесе бiр немесе бiрнеше Мүше-мемлекеттердің азаматына немесе азаматтарына тиесiлі және бас офисi Мүше-мемлекеттің аумағында орналасқан кез келген заңды тұлғаның Корпорацияның көрсететiн қызметтерiн алуға құқығы бар. Осы Шарттың 16 және 17-баптарын сақтай отырып және осы баптың алдыңғы тармақтарының ережелерiне қарамастан, Директорлар Кеңесінің қаулысымен заңды тұлға, егер тiптi оның бас офисi Мүше-мемлекеттің аумағында орналаспаса да, осындай заңды тұлға кемiнде елу пайызға бiр немесе бiрнеше мүшеге не бiр немесе бiрнеше Мүше-мемлекеттердің азаматына немесе азаматтарына не осы баптың тармағына сәйкес Сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартының құқық қабiлеттi қатысушылары болуы мүмкiн заңды тұлғаларға тиесiлі болған жағдайда, Сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартының қатысушысы ретiнде жiберiлуi мүмкiн. Директорлар Кеңесi Келген елдің азаматы болып табылатын жеке тұлғаға не Келген ел аумағында тiркелген немесе капиталының едәуiр бөлiгi оның азаматтарына тиесiлі заңды тұлғаға, егер сақтандыруға сұрау салу Келген елден және сақтандыруға мәлiмдеушiмен бiрлескен болып табылса, және сақтандыруға жататын активтер Келген елден тысқары жерлерге аударылған немесе аударылатын болса сақтандыру құқығын қолдана алады. Егер сақтандыруға мәлiмдеушiнiң бiреуден артық азаматтығы болса, онда Мүше-мемлекеттің азаматтығы мүше болып табылмайтын Мемлекеттің азаматтығынан басым болуы тиiс, Келген елінің азаматтығы кез келген басқа Мүше-мемлекеттің азаматтығынан басым болады. Өтелген тәуекелдер. Корпорация коммерциялық тәуекелдердiң мынадай түрлерінің бiрi: сатып алушының дәрменсiздiгi немесе банкроттығы, сатып алушының сатып алу-сату шартының мiндеттемелерiн орындаудан бас тарту немесе бұзуы не сатушының сатып алушыға қатысты барлық өзiнің мiндеттемелерiн орындағанына қарамастан, оның тауарларды жеткiзiп беруден бас тартуы немесе қабiлетсiздiгi, сатып алушының сатушыға сатып алынған зат үшiн ақы төлеуден бас тартуы немесе сатушының сатып алушыға қатысты барлық өзiнiң мiндеттемелерiн орындағанына қарамастан, оның мұны iстеуге қабiлетсiздiгi басталуы нәтижесiнде болған шығындарға қатысты тиiстi Экспорттық кредиттердi өтей алады. Корпорация тиiстi Экспорттық кредиттердi, сондай-ақ төменде санамаланған коммерциялық тәуекелдердiң бiрi немесе бiрнешеуi басталуы нәтижесiнде болған шығындарға қатысты тиiстi инвестицияларды өтей алады: Валюта аудару Келген елi немесе Сақтандырушының мемлекетi үкiметiнің осындай айырбастауды жүзеге асыруға осындай Сақтандырушының өтiнiмi бойынша ақылға қонымды мерзiм iшiнде әрекет етуден бас тартуын немесе қабiлетсiздiгiн қоса алғанда, Келген елi немесе Сақтандырушының мемлекетi үкiметінің белгiлi бiр жергiлiктi валютаны Келген елден немесе Сақтандырушының мемлекетiнен тысқары жерде еркiн айырбасталымды валютаға не Сақтандырушы үшiн қолайлы басқа валютаға ауыстыруға шектеудi кез келген енгiзуi; сондай-ақ Келген елiнің немесе Сақтандырушы мемлекетінің өкiмет органдарының айырбастау кезеңiнде Сақтандырушыға қатысты тең құқықтан айырмайтын болып табылатын валютаның айырбас бағамын енгiзуi. Экспроприация және ұқсас шаралар Келген елiнiң немесе Сақтандырушы мемлекетiнiң үкiметi тiкелей немесе Сақтандырушыны оның меншiк құқығынан не оның Экспорттық кредит есебiнен сатылған инвестициялары мен тауарларын немесе олардың аумақтарындағы экономикалық қызметтi реттеу мақсатында үкiмет әдетте пайдаланатын жалпы қолданыстағы кемсiтпейтiн шараларды қоспағанда, Сақтандырушыны оның меншiк құқығынан не белгілi бiр инвестициялардан немесе белгiлi бiр тауарлардан туындайтын оның мүдделерiн бақылау құқығынан айыруға өкiлеттiгi бар агент арқылы жасалған кез келген заңнамалық немесе әкiмшiлiк iс-қимыл немесе жiберiлген қателiк. Осындай сипаттағы шараларға осы тауарлар тиелгеннен кейiн Келген елiнің Корпорация сақтандырған Экспорттық кредиттеудiң мәнi болып табылатын тауарлар импортына лицензияны жою; Келген елiнiң оның аумағына тауарларды әкелуге рұқсат беруден бас тартуы; сондай-ақ тауарлар транзитiне рұқсат беруден бас тартуы не Корпорацияның Мүшесi болып табылатын транзиттiк мемлекеттiң осындай тауарды тәркiлеуi немесе тиым салуы жатады. Шартты бұзу егер Сақтандырушы мiндеттемелердi орындаудан бас тартуға немесе шарттың ережелерiн бұзуға байланысты өз талаптарын қанағаттандыру үшiн сотқа немесе төрелiк сотқа өтiнiш жасамаса не осындай тексеру шешiмiн орындау Корпорацияның нұсқаулықтарына сәйкес Сақтандыру шартында көзделген тиiстi кезеңде жүзеге асырылмаса не осындай шешiм орындалмаса, Келген елi немесе Сақтандырушының мемлекетi үкiметiнің тарапынан мiндеттемелердi орындаудан кез келген бас тарту немесе Сақтандырушымен жасалған шарттың ережелерiн бұзу; және Соғыс және азаматтық тәртiпсiздiктер Келген елi, Сақтандырушының мемлекетi не Корпорацияның Мүшесi болып табылатын транзиттiк мемлекет аумағының кез келген бөлiгiндегi кез келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел банктері инвестицияларының маңыздылығы
Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық нарық мәселелерін анықтау
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған несиелік мәселелерді қарастырып, оларды тиімді несиелендіру арқылы шешу жолдарын зерттеу
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының халықаралық валюта-несиелік институттармен ынтымақтастығы
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ Инвестиция және олардың кәсіпорын қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудегі ролі
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту
Инвестиция тарту және оны қолдану
Пәндер