Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы

Бал араларын өсіруге арналған омарталарға қойылатын ветеринарияылқ талаптар,бал араларын күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: 5В120200-Ветеринариялық санитария мамандығының 3 курс 315 топ студенті
Кенесбай Аида

Тексерген: Малдыбаева Айгул

Алматы 2016

Жоспар

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2.1.2 Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .3
2.2 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын талаптар ... ... ... ..6
2.3 Бал араны азықтандыру және ара азығы сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.4 Бал арасын күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды және
оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.5 Ара шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық - гигиеналық шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.6 Бал арасының тіршілігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.7 Балдың құрамы мен қуаты.Ара балының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
5. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Реферат
Жұмыс: 28- беттен, 4-кестеден, 5 -суреттен тұрады.
Түйінді сөздер: ара шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдері,
бал,бал ара тозаңы,омарта ,гүл балы,шіре , айырып алынған бал , престелген бал ,сүзгіден өткен, ұя балы, ұялары бар бал,ара балауызы,өнім.

1.Кіріспе

Жер бетіндегі көптеген халықтар ара шаруашылығымен ежелден бері шұғылданып келеді.Тарихи ескерткіштер тіпті біздің жыл санауымызға дейін Армения мен Грузия халқы ара шаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді.
Ара шаруашылығының халық шаруашылығына кажеттілігі тікелей омарталардан алынған бірқатар құнды өнімдермен (ара балы, балауыз, ара желімі, тозаң, аналық ара сүті және ара уы) ғана шектеліп қоймайды.
Энтомофильдік дақылдардың (бунақденелілер арқылы тозаңданатындар) тиімді тозаңдатқыштары ретінде бал аралары ауыл шаруашылық өндірісінде де елеулі қызмет атқарады. Озық агротехникамен ұштастыра отырып, оларды бунақденелілермен алмасып тозаңдандыру- осы дақылдардың өнімділігін, тұқымы мен жемісінің сапасын артырудың маңызды қоры болып табылады.
Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам. Кеңінен пайдаланылатын кәдімгі канттан (дисахарид) айырмашылығы, бал көбінесе адам ағзасы оңай сіңіретін моносахаридтерден-жеміс және жүзім қантынан тұрады. Гүлдер шірнесін ара балына өндеген кезде арнайы бездері шығаратын инвертаза ферментінің әсерімен дисахаридтердің басым бөлігі глюкоза мен фруктозаға қарапайым қантқа бөлшектенеді. Гүл балында глюкоза мен фруктозаның мөлшері 75-80 % болады. Жетілген ара балында су 16-20 пайызға жуық. Бал құрамына адам ағзасына оңай сіңірілетін тұз, көмір, фосфор және күкірт қышқылдарының тұздары күйіңде оның қалыпты жетілуі үшін минералдық заттар -- темір, марганең, кальций, магний, натрий, кобальт, т.б. қажет. Балда шамалы мөлшерде ферменттер (инвертаза, диастаза, каталаза т.б.) мен витаминдер болады. [1]

2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
Ара өнімін өндіретін технологтар жобалауға беру ісіне бақылау жасап отыруға міндетті. Жобаларды сараптан өткізудің мақсаты гигиеналық талаптарды қатаң сақтау.Онда мынадай деректер келтіріледі: отынға, суға, жылу және электр көздеріне, еңбек ресурстарына қажеттілік және жалпы көлікпен, энергетикалық және санитариялық-техникалық құрылғылармен біріктірілген барлық құрылғылардың өзара орналасуын көрсететін ортаны қорғау жөніндегі шаралар енеді.
Араны азықтандыру және ара азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды осы шаруашылықтың жер пайдалану шекарасымен байланыстылығы шамалы болса, омарталардың орналасқан жерінен 2-3 км қашыктықтағы аймағымен бұл өнімді ұшу радиусы деп атайды. Мундай аймақтың аумағы , аралардың ұшу радиусы 2 км 1250 га, ал ұшу 2800 мен жинауга және оларды ұяларға тасымалдауға аралар көп күш және қорек 1 кг үшін бөлініп шығу жағдайларына байланысты, олар 2-3 жуық бұта яғни 4-5 миллионнан астам қарақұмық гулдерінде болып қайтуга тиіс. Тозаң жинағанда да күш жақын орналасса, аралар шірне мен тозаңды жинауга күшті соғұрлым кем жұмсайды.Біздің еліміз шірнелі өсімдігінің мол және әр қилы биік әсіресе шірнелі өсімдіктер басым; орманды-далалық және далалық аймақтарда араның мәні бар.Аса маңызды жабайы өсетін шірнелі өсімдіктердің қатарына: талдар, үйеңкі, бұта түріндегі жөке, күреңот,вереск (үнемі көкпеңбек болып тұратын бұталар), бақбақ, басқа да жабайы өсетін бұршақ тұқымдастардың, күрделі гүлділердің және ерінгүлділердің өсімдіктері жатады. Ауыспалы егістер мен аңыздық егістерге шірнелі ауыл шаруашылық шөптерді себу; елді мекендер
мен т.б. егін және эрозияға қарсы ағаштар мен бұталар отырғызу керек, олар араларға шірнеліні мол жинауға мүмкіндік береді. [4]

2.1.2 Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері
Ұя жасауға негізгі материал ретінде шайырсыз қарағай,қара самырсын,шыршы,балқарағай,жөке,қызы л тал ағаштары жарамды.Ара ұясы қандай типті болмасын,ішіндегі рамалардың орналасу тәртібіне қарамастан,аралардың биологиялық ерекшеліктер ескере отырып,белгілі бір көлемін сақтау қажет.
Барлық типтегі ұяларда мына көрсеткіштерді сақтау керек.
1. Ұя кәріздерінің ара қашықтығы 37,5 мм,аралар жүру көшелерінің кеңдігі 12,5мм
2. Шеткі рамалар мен ұя қорабының арасы 7,5 мм,
3. Жоғарғы қорап пен қондырманың арасы 10мм
4. Төменгі рамалар мен ұя түбінің арасы 15-20 мм болуы керек.
Қазақстанда таралған ұя типтері
1.12 рамалық ,1-2 қондырғысымен
2. 20 рамаға арналған жатаған ұялар
3. 24 рамалы екі қорапты ұялар
4. 40 рамалы көп қорапты ұялар

2.1-сурет. Көп қорапты ұя; А,Б-ұзыныан және келденеңінен кесіндісі, 1-түбі,2-қорабы, 3-рама, 4-төбесі, 5-шатыр асты, 6-желдеткіш рама, 7-шатыр.

2.2-сурет.Бір қорапты ұя;12 рамалы; 1-түбі алынбайтын немес алынатын, 2-қорабы,3-ұя рамасы, 4-қондырғы рамасы, 5-қақпағы, 6-7 ұшақтары.
Қыстақтың ұзындығын анықтау үшін барлық ұя санын қабат санына бөлу керек.Нәтижесінде сөренің әр қабатында неше ұя орнатуға болатыны белгілі болады.Енді бір қабатта орналасатын ұя санын ұяның сыртқы көлеміне көбейту керек.Шыққан санға көрші ұялардың ара қашықтығын және шеткі қатарда тұрған ұялармен қабырға арасындағы қашықтықты қосу керек.Есіктің алдында алаң қалдыру үшін ортаңғы қатарды шеткі қатардан 2ұяның ұзындығындай қысқарақ жасайды.
Қыстақтың барлық типінің едені ,төбесі,қабырғалары,шатыры,желдеткі ш каналдары болуы керек.Ішінде ұяларды орналастыратын сөрелері болады.Көлемді қыстақтарда ұяларды бірнеше қабат етіп қояды.Қабырғаларын М-75 маркалы кірпіштерден қалайды.Қыстақтың табанын бутобетонмен жабады.Едені 2 қабатты,астына қалыңдығы 300 мм майлы сары топырақ,оның үстіне қалыңдығы 10 мм етіп құрғақ құм жаяды.Есігін киізбен қаптап,қаңылтырмен қаптайды.Төбесін бірнеше қабат етіп жабады.Төбесін жаз кезінде желдететіндей етіп жылытылған тесік қалдырады.Желдетіруі табиғи жолмен сіке асырылады.Еденнің астына 20*20 см етіп жолақ қалдырылады.Жолақтың бетін темір тормен жауып,тышқан кірмеу үшін қоршау орнатады.Іштегі ауаны сыртұа шығару үшін тақтайдан ауа сорғыш жасалады.Шатырын ағаш материалдарынан жасап,үстін толқынды асбесцемент тақталарымен жабады.Әдетте шаруашылықтарда 150,250,500,800 ара ұяларына арнап қыстақ салады.
2.1-кесте. Раманың өлшемдері мен кәрездердің ауданы.
Рама конструкциясы
Раманың сыртқы өлшемдері,мм
Кәрездің бір жағының ауданы,см2
Сиятын бал,кг
Қалыпты ұялы рама
435*300
1186-1070
3,6-3,8
Қалыпты жарты рама
435*145
490-500
1,6-1,8
Көп қорапты
435*230
840-850
2,4-2,6

Жүйесі мен конструкциясына байланысты ұя бір немесе бірнеше қораптан,қорап үстіне қойылатын қондырмалардан ,ағаш немесе матадан дайындалған төбеден ,1-2 диафрагмадан ,яғни ұяны бөліп тұратын тақталардан тұрады.Қорап-ұяның негізгі бөлшегі,ішінде ара ұясы орналасқан.Рамалы ұя бір немесе бірнеше қораптан тұрады.Шатыры-барлық типтегі ұяларда шатыры алынып-салынады.Қораптың немесе қондырғының үстінен кигізіледі.Шатырдың қызметі ұяны жауыннан,ыстық пен суықтан қорғау.Түбі-алынбалы немесе қозғалмайтын етіп жасалды.[3]

2.2 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын талаптар
Омарталарды орналастыру ережелері;
1.Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарға орналастырады.
2.Көшпелі омарталар бал жинау кездерінде бір бірлерінен бір жарым километр және тұрақты омарталардан 3 километрден кем емес қашықтықта орналастырылады. Тұрақты және көшпелі омарталарды ертеректе орналасқан бал жинау көздері омарталардың бал араларының ұшу жолдарына орналастыруға рұқсат етілмейді.
3. Омарталарды құрғақ, күн сәулесімен жарықтанған, желден қорғалған, тас және темір жолдарына, ағаш кесуші орынға, жоғары кернеулі электр беру жолына 500 метр жақын емес және кондитерлік, химия өндірісінің кәсіпорындарынан, аэродромдардан, әскери алқаптардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы бекеттерден және басқа кішітолқынды сәулелі көздерден 5 километр қашықтықта орналастырады.
4. Тұрақты омартаның аумағы шарбақпен қоршалады. Бал арасының ұялары астына қоятын құралмен жерден 30 сантиметр төмен емес және бір бірлерінен 3-3,5 метр және қатарларының аралығы 10 метр қашықтықта орналастырылады. Бал ара ұясының кіріп-шығатын тесіктерінің алдына көлемінің мөлшері 0,5 х 0,5 алаңшалар жасалады. Осы алаңшалардағы аралардың мәйіттері және қоқыстары жиналып өртелінеді.
5. Бал аралары әртүрлі түске боялған (көк, ақ, сары) түзетілген ара ұяларында ұсталынады. Әрбір омартада резервтегі бал ара ұялары және мөлшері бал ара қауымының жалпы санының 10-15 пайыз (ары қарай - %) құрайтын бал салатын кәрездік рамкалары болады.
6. Омарталардың ветеринариялық-санитариялық жағдайын ұстап тұру үшін бұларға омарталық үйшіктерді (көшпенді дүңгіршіктер) орналастырады, жеке гигиенаның және дезинфекциялау (сутегі тотығы және басқалары) заттарымен және құралдарымен қамтамасыз етіледі, дезинфекциялаушы алаңшалар, жабық шұңқырлар (қолданылған суға арналған), омарташыға арналған жуыну ғимараты жабдықталады.
7. Стационарлық омарталардың аумағында бал салатын бос кәрездерді сақтайтын, және де балы және гүл тозаңы бар кәрездерді, ыдыстарды, омарташылық құралдарын, дезинфекциялаушы заттарды сақтауға арналған ғимарат болуы қажет.
8. Қысы суық созылмалы жерлерде омарталарда қыстайтын - құрғақ тоңдырмайтын, ауаны енгізіп-шығарушы және 0,5-4 цельси градусы бойынша (ары қарай - о С) температураны, 75-85% қажетті ылғалдылықты ұстап тұруды қамтамасыз етуші желдеткішпен жабдықталған қыстауыш ғимарат салынады.
9. Сыртқы ауаның температурасы 12 о С төмен емес кезде, ғимараттың ішіндегі температура 6 о С дейін тұрақты көтерілгенде немесе бал аралары төменгі температурадан мазасызданған кезде бал аралары қауымын қыстауыштан алып шығады.
10. Бал ара ұясының кіріп-шығатын тесігін мәйіттен және қоқыстан тазартады, қажет жағдайда жылытушы материалды және басқаларын құрғақ, таза, дезинфекцияланған түрлеріне ауыстырады.[10]
Қыстақты күтіп ұстау .Қыстақтың іші үнемі құрғақ болуын қадағалап отыру керек.Ара уяларын көктемде шығарғаннан кейін құрғақ ауа райы жағдайында есіктері мен тесікткрін ашып ұстау керек.Астындағы құмы ылғалданса далаға шығарып кептіру керек.Жазда міндетті түрде зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек .Қыстықтың қабырғаларын ,төбесін,сөрелерін әктеп,ал ауасын күкірт түтінмен ыстау керек.Төбесіндегі және қабырғасын жапқан топырақтың сапасын,шатырын ауа шығатын тесіктерін немесе құбырларын мұқият тексеріп шығу керек,жазда еденге құрғақ құм төсеу керек.
Ұяларды жылыту.Ұрпақтарды өсіріп тәрбиелеу кезінде ұяда белгілі бір температура сақталу керек.Аралар үшін ең оңтайлы температура 34-35С деп есептеледі Ұядағы қажетті температураны көктемгі және күзгі суықта бірқалыпты ұстап тұру маңызды шараның бірі.

2.2-кесте. Ара ұяларының қыс мезгіліне төзімділігіне қойылтан талаптар
Қысқы шығын,%
Қыстап шыққан аралар ұясына кеткен азық шығыны,кг
Ұяшықтың қоқысқа толу дәрежесі
Ұпайлармен бағалау
10 және одан кем
1-ге жуық
Жоқ
18-20
15-ке дейін
1,3
Әлсіз
16-17
25-ке дейін
1,5
Орташа
11-15
30-ға дейін
1,8
Жоғары
6-10
30-дан артық
1,8-ден артық
Өте үлкен
5 және одан кем
Жылыту материалдары.Ара шаруашылығында мүк,құрғақ шөп,сабан,қамыс,қысқа талшықтар көптеп қолданылады.Физикалық қасиеттері жөнінен бұл материалдар әртүрлі.Ең маңыздысы жылу өткізгіштік қасиеті.Жылуды сақтаудың басты шарты,суық кезеңде,араларды жылы,тығыз ұяларда ұстау.Ұяларды астынан,бүйірлерінен,үсітінен жылытады.Бөлгіш тақталардың және қабырға мен қораптың арасына сабаннан,қамыстан жасалған материалдармен,маталармен ішінде жылу өткізбейтін материалдары бар жастықтармен қымтау керек.Жылыту материалын таңдағанда оның ылғалды сіңіру ,оны ұстап тұруына,талшықтылығына назар аударылады.Барлық материалдың талшықтылығы бірдей емес.Талшықтардың серпімділігі де аса маңызды.Серпімділігі жоқ талшықтар отырып қалады да жылу ұсату қабілеті төмендейді.Серпімділік қасиеті мүк,тоқыма өнеркәсібінің өалдықтарныда құрғақ шөптерде жақсы.Кеміргіштерді еліктіретін сабан,топан сияқты заттарды аса сақтықпен қолдану керек.Бұл жағынан алғанда ең дұрысы кендір,зығырдың ұзын талшықтарын алғаннан кейін қалған қалдықтар,оның тікенектері көп болғандықтан арасынан тышқан жүре алмайды.
Ұяшық пен ұяның қоқысқа толу дәрежесін көктемгі тексеру кезінде көзбен шолу арқылы бағалайды.Бал өнімділігі,ара ұясының күш-қуаты мен мезгіліне төзімділігі сияқты өлшеуіштерді негізге ала отырып,ара санаты анықталады.Мұндай басымдыққа ие болып табылатын көрсеткіш-бал өнімділігі.[3]

2.3 Бал араны азықтандыру және ара азығы сапасын сақтайтын шараларды белгілеу
Аралардың тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты.Семьяның өнімділігі өткен жыл қанша азық қоры дайындалғанына да байланысты.Келесі жылы семьядан алынған бал өнімі,осы жылғы дайындалған азық қорына тікелей тәуелді.Сапалы азық қорының молдығы ара семьяларына қыстан қысылмай шығып,көктемде қарқынды дамуына жағдай жасайды.Әрбір ара семьясына нормаға сай азық қорын дайындау керек.Бал азығын күзде қант шырынымен ауыстыруға болады.Ол қант шырынын аралар қайта өңдеп,қант балына қайта айналдырып ұяшықтарға жинайды д,аузын балауызбен бекітіп тастайды.Кәдімгі балдың бір бөлігін қант балымен ауыстырғанда аралардың шіре балынан зардап шегу мүмкіндігі азаяды.Шіре балымен қоректенген аралардың іштері өтіп ауыратыны белгілі.Шіре балы көп болған жағдайда семья аралары да,тұтас омарта аралары да қырылып қалуы мүмкін.Азықтық бал қорында шіре балы бар болса,арашыға арнайы шаралардың көмегіне жүгінуге тура келеді.[2]
Қоректік балды,қант балымен толық ауыстыру ғана сақтап қала алады.Егер бұл мүмкін болмаса,шіре балының қосапасы болмасын деп,өсімдіктер жақсы жүлдеп тұрған кезде жиналған балды азық қорына сақтап қояды
2.3-сурет

Аралар өздерінің азық қорын жинап алады деп,қысқы азық қорын дайындауды кешіктірмеу керек.Күз айларында шіре балының көп жиналу мүмкіндігі мол.Кәдімгі ұялардан негізгі алымның бастапқы кезінде кәрездің жартысынан көбі балға толып,ұяшық ауыздары жабылған рамаларды таңдап алып,ара үйшігінде ұяларды қыстауға жинағанша сақтап қояды.
Көп қорапты ұяларда азық қорын алу тіпті оңай.Негізгі алымның қызып тұрған кезінде бал қорабында барлық кәрез ұяшықтары жабылған қорапты тұтас алып көктемге дейін қоймада сақтайды.
Бал аралары арнайы маманданған қоректі насекомдарға жатады.Табиғи жағдайларда олар ұяда балға айналатын,өсімдік шірнесімен және ұяшықтарда жинақталған қоры шіре түрінде сақталатын тозаңмен қоректенеді.
Шірне-өсімдік шірнеліктерінде болатын арнайы бездеуіт жасушалар бөліп шығаратын қантты,тәтті сұйықтық.Бал араларының шығаратын шірнелерінің концентрациясы өсімдіктің түріне және ауа райына сәйкес 20-дан 66 %-ға дейін ауытқиды.Шірнені жинап,ұясына оралған жинаушы-ара,оны бір немесе бірнеше ұя араларына табыс етеді.
Бал-ересек аралардың тіршілігін қамтамасыз ететін,араның көмірсулы қорегінің негізгі көзі.
Тозаң-ақуыз,май,минеральды тұздар мен дәрумендердің негізгі көзі.Тозаң құндылығы өте жоғары қорек,әлбетте,бал аралары бір түрдің өсімдігінің тозаңының обножкасын әкеледі.Аралас обножкалар жалпы обножкалар санынын 3 пайызын құрайды.[5]

2.4. Бал арасын күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды және
оларды жетілдіру шараларын белгілеу
Арадан көп пайда табу үшін,ең алдымен,ара семьяларына жақсы жағдай жасау керек және олардың барлық күш-қуатын бал жинауға және өсімдіктерді тозаңдандыруға жұмылдыра білу керек.
Қазақстанның бірқатар облыстарының қысы ұзақ әрі қатаң аралар тіршілігіндегі ауып кезең болып келеді.Сондықтан ,аралардың қыстан қысылмай көктемге жетуіне барлық жағдай жасалуы керек.Солтүстік,орталық және шығыс облыстарында араларды арнай салынған қыстақтарда ұстайды.
Қыстақтарға қойылатын негізгі талаптар;
1. Ішкі ауа температурасы тұрақты,климаты құрғақ аймақтарда 0 градустан +2 С,ылғалды аймақтарда +3 , +4С аспауы керек.Қандай жағдай болмасын ауа температурасы 0С-тан түспеуі керек те +5 С аспауы керек.
2. Қыстақтарда жақсы желдеткіш болуы керек.Оның көмегімен ауа алмасу қамтамасыз етіледі.
3. Қыстақтағы шартты ауа ылғалдылығы 80-90 пайыз болуы тиіс.Ылғалдылық жоғарылап кетсе араның қорегі ашып,көгеріп кетеді.Ал тым құрғақ болса қорек қатып қалады.
4. Қыстаққа араны қатты мазасыздандыратын жарық түсірмеу керек.Сырттағы шу естілмейтін болуы,тышқандар кіре алмайтындай болуы керек.
5. Қыстақты міндетті түрде жаз айларында салу керек,күзді күні ылғал болады.
Қыстақ типтері жер асты суларының тереңдігіне,аймақтың климат жағдайына байланысты,жер астындағы,жартылай жерастындағы және жер бетіндегі деп жіктейді.Аязы 40 С және одан жоғары болатын климаты қатаң жағдайда және жер асты сулары жер бетінен 3 м тереңдікте жатса,жер асты қыстағын салу тиімді.Төбесін жақсылапжылылағанда ауа температурасы қыс бойы тұрақты болады.Көктемде қыстақ күн көзінен жылынып кетпейді.сондықтан,ауа температурасын азайту шараларын қарастырудың қажеті болмай қалады.
Жер асты сулары 2,5 метр тереңдікте жатса жартылай жер асты қыстақтарын салуға болады.Олардың қабырғаларының жартысы жер астында тұрады.Сыртқа шығып тұрған қабырғаларын топырақпен көмеді немесе 0,75-1 м қашықтықта екінші қабырға салып,арасын топырақпен толтырады.Мұндай қыстақтар ауа температурасын бірқалыпта ұстап тұра алады.
Жер асты сулары жер бетіне тым жақын жатса,жер бетіндегі қыстақтарды салады.Қысы қатаң жылдарда жылуды бірқалыпты ұстап тұру ұиынға соғады.Көктем кезінде тнмпература көтеріліп кетуі мүмкін.Қыстақтың ішкі биіктігі 2,5-3 метр болу керек.Қыстақ құрылысын бастамай тұрып,омарта тұрған орында шұқыр қазып,жер асты суларының деңгейін біліп алу керек.
2.3-кесте. 150 ара ұясына арналған қыстақтың сипаттамасы
Қыстақтар
Қабырға материалы
Құрылыс көлемі
Құрылыс ауданы,м2
Пайдалы ауданы ,м2
Жылу балансы,ккалс
Жер асты
Кірпіш
448,9
118,39
77,9
+26

Ағаш
376,26
93,85
85,93
+45
Жартылай жер асты
Кірпіш
415
103,41
75,8
+39

ағаш
495,3
124,6
81,43
+31
Жер үстінде
568,73
131,77
79,06
-6
Типті қыстақтың құрылысы.Ірі шаруашылықтарад қыстақты дайын жобамен салады.Қыстақтың барлық типінің едені,төбесі,қабырғалары,шатыры,желдеткі ш каналдары болуы керек.Ішінде ұяларды орналастыратын сөрелері болады.[7]
2.5 Ара шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық - гигиеналық шараларын белгілеу
Жұқпалы аурулардың шығу тегі өсімдіктер (бактериялар, вирустар, шірітуші саңырауқұлақтар) және жануарлар
(амеба, нозема, споралары, варроа және саятын ауру жұқтырғыш микроорганизимдер мен жәндіктер.Инфекциялық ауруларға европалық және американдық шіріме, дорба тәрізді, әкті жатады.Егер қоздыратын жәндіктер болса, оларды инвазиялық аурулар деп атайды. Бұларға амебиоз,ауру отбастардан сау огбастарға ауру жұққан омарталардан аман-сауларына таралады. Ара аурулары ара өсіру шаруашылығына елеулі зиян келтіреді. Жұқпалы емес аурулар суық тиген ұрық ара ұясы шамадан тыс сууына мен қуыршақгар өлімжітімге ұшырайды. Ауру көбінесе көктемде немесе салқынның қайталануы және төмендеген кезде, аралар шеткі рамкалардағы ұрықты ашық тастап үй-жайға бұл аурудың негізгі белгісі -- шеткі рамкаларда немесе ұяның төменгі жағында өліп қалған ұрықтардың көптігі.
Аурудың алдын алу үшін жылу етіп жабдықтау арқылы барлық ұрықты жылыту және отбасы күшіне дереу токсикозы -- шіре балынан пайда болатын ара отбастарының ауруы. Жазда шіремен ең әуелі жинаушы аралар, одан кейін дернәсілдер уланады -- іш өту ұшырауы. Ішектегі патологиялық өзгерістерді және балда шірненің болуы негізінде ауру анықталып, диагноз қойылады. Аурудың алдын алу үшін ұяларды қысқа жинау алдында балды шіренің бар-жоғын тексеру қажет. Ауру аралар ұяның түбінде жатады немесе әлжуазданады.
Аралар ауруларын алдын алу және күресу шаралары.
Араларды аурулардын сақтандыруда омартада күшті отбастарды ұсатудың айрықша мәні бар.Аурудың алдын алу үшін омарталады шірнелі өсімдіктері мол,құрғақ ,желедн қорғалған жерлерде орналастыру керек.Ара отбастарын мол қорекпен қамтамасыз ету керек.Орманды аймақта отбастағы қоректік қордың бір бқ,өлігін қант шырынымен алмастыру керек.Аса маңызды алдын алу шарасы мол өнімді ,жақсы қыстап шығатын ,ауруға төщімді ара отбастарын іріктеп алу.Аурулардың жайылып кетуінен сақтандыру үшін ұяларды және ара өсіргенде қолданылатын құралдарды дезинфекциялайды.Өліп қалған араларды өртеп жібереді,немесе топыраққа көміп тастайды.Сонымен қатар су құйғыш науа үнемі таза және салқын судың болуын қадағалаған жөн.с
Сөндірілмген әктен даярланған жаңадан сөндірілген әк қыстауларды,қоймаларды ақтау үшін пайдаланылады.Бұларға жаңадан сөндірілген әк,күлді сілті,формалин,сутегі тотығы,сіркесу қышқылы,бромды метил жатады.Формалинмен кәрездерді дезинфекциялайды.
Малдәрігерлік-санитариялық талаптар бойынша омарталар бұрын жұқпалы аурулар болмаған,құрғақ,желден сақтайтын қалқасы бар,машина күре жолдарынан ,теміржолдан 500 метр қашықтықта және химия өндірісінен ,тәтті тағам жасайтын мекемелерден 5 км қашықтықта тұруы керек.
Меншік түріне қарамай барлық омарталарда малдәрігерлік санитариялық төлқұжат болу керек.Омарталарға төлқұжат енгізу омарталардың ауданда,облыста ,мемлекетте эпизоотологиялық өзгерістер болғанда,жұқпалы ауру тарағанда ,жедел көмек көрсету,ауруды болдырмаудың шараларын қарастыру,жалпы омартаның жағдайын жақсатру,араларды көшіруге бақылау жасау,аралармен саду жұмыстарын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Жаңа омарталар тек қана сау ара семьяларымен жабдықталуы керек.Бұл жұмыстар құжат түрінде тіркеліп отыру керек.Ара семьяларында аурудың алдын-алу мақсатында дезинфекция жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізу керек.Бұл жұмыстардың барлығын мал дәрігерінің бақылауымен арашының өзі атқарады. [6]
Аурудың алдын алу үшін жүргізілетін дезинфекция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұяларды жылыту
Сүтті бағыттағы ешкілерді азықтандыру
Ара шаруашылығы. Балды ветеринариялық санитариялық сараптау
Ара шаруашылығының маңызы
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Аралардан өндірілетін өнімдерді аралардың түрлі бактериалдық ауруларына байланысты ветиринарлық – санитарлық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күрес және алдын алу шаралары
Бал араларының инфекциялық аурулары
Аралардың бактериалдық ауруларының түрлері
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Ара шаруашылығы жайлы
Пәндер