Бұқаларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Ветеринария» факультеті
«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бұқаларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Орындаған: Күмісбекқызы Нұржанат ВС 315
Қабылдаған: Малдыбаева Айгүл
Алматы 2016 жыл
Курстық жұмыстың жоспары
1. Кіріспе . . . 4
2. Негізгі бөлім . . . 7
2. 1. 1 Жоба тапсырмасын жасау . . . 7
2. 1. 2 Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлем . . . 10
2. 2. Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (төсеніш материалдарын есептеу, қый сақтағыш, өлексені утильдейтін орын) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу . . . 17
2. 3 Бұқаларды азықтандыру және мал азығына қойылатын санита-риялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын са-нитариялық тұрғыдан бағалау) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу . . . 22
2. 4. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыз-дандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгі-леу . . . 25
2. 5 Бұқаларды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды са-нитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды же-тілдіру шараларын белгілеу . . . 33
3. Қорытынды . . . 49
4. Қолданылған әдебиеттер . . . 50
РЕФЕРАТ
Жұмыс: беттен, 4 кестеден, 14 суреттен тұрады.
Түйінді сөздер: гигена, санитариялық тексеру, дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезинвазия, т. б.
I Кіріспе .
Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қара мал шаруашылы-ғының маңызы өте зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет жә-не тері жатады. Ал, оның қиы топырақтың құнарлығын арттыру үшін қолданы-лады.
Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығынан алы-натын өнім 60%-дан асса, ал Ресейдің солтүстік-батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастықтарының аймақтарында бұл өнім 65-70%-ға дейін жетеді.
Сүт өнімі жағынан ірі қара мал басқа ауыл шаруашылық малдарына қара-ғанда көп алда. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жы-лына 7000 кг-нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305 тәулік ішінде) 27600 кг дейін сүт сауған, ол Кубаның Убре-Бланки атты сиыры тәулігіне 110, 9 кг сүт берген. Бордақыланған төлдердің төулікте қосатын сал-мағы 1500 г-нан да асуда.
Ірі қара малы өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі Сонымен ТМД-ның 45- 50°С ыстықты аймақтарында және -60°С қысы өте аязды аймақтарда да өсіріледі.
Ірі қара малының қорыту органдарының ерекшеліктеріне байланысты клетчаткасы көп азықтарды жақсы қорытады, әрі қорытуы 55-60%-ға дейін жетеді. Жылқы мен шошқа малдарын алсақ олардың азық клетчаткасын қорытуы тек қана 18- 30%-ға дейін ғана жетеді.
Жаз айларында ірі қара жайлымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.
Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықта пайдаланылады, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды.
Қазақстан Республикасында сүтті және етті тұқымды ірі қара малын дамытуда үлкен жетістікке жетті. Біріншіден ірі қара малының саны артуымен қатар малды асылдандыру мәселесі жөнделді. 1 қаңтар 1990 жылғы мәлімдеме бойынша ТМД-да ірі қара малының жалпы саны 118, 3 млн басқа жетті деп. Қазақстанда жалпы ірі қара мал саны 9, 7 млн-нан. Мал саны бойынша ТМД-да Үнді және АҚШ мемлекеттерінен кейін үшінші орында. Сонымен қатар ірі қара малының сапасы да жақсарды. 1932 жылы асыл тұқымды ірі қара малы 10%-ға жетсе, 1990 жылы 95%-дан асты. Сүтті ірі қара мал аймақтарында асыл тұқымды малдар өсіріледі. Аз уақыттың ішінде ТМД-да 12 ірі қара мал тұқы-мы шығарылды, оған Кострома, Сычев, Лебедин, Алатау, Әулиеата, қазақтың ақ бас т. б. ірі қара мал тұқымдары жатады. Сонымен қатар шаруашылықтағы сиырлардың сүттілігі, ал етке өткізген малдардың тірідей салмағы артты. Соның нәтижесінде ірі қара малының саны өсуімен байланысты сүт және ет өнімдері де кебейді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2004 жылы ірі қара саны 5 млн 803, 7 мың бас болса, оның ішінде сиырдың саны 2 млн 379, 4 мың басқа жеткен. Ал 2010 одан 30% -ға түсіп кетті. Әрбір жыл сайын ірі қара басының саны көбеюге көңіл бөліп жатыр.
Ірі қара малы және оның жабайы тұқысдары барлық дүние жүзінің аймақтарында дамыған. Оның саны жыл сайын арташа 2% өсіп тұрады. Осы ірі қара малының жартысы Үнді, АҚШ, ТМД, Бразилия, Қытай және Ар-гентина мемлекеттерінің шаруашылықтарында шоғырланған өндірістік негіздегі технолоия бойынша ірі қара малының 300-дей тұқымы, зебудің 121 тұқымы және 29 тұқым гибридтері өсіп дамуда. Дүние жүзінде ірі қара малының еті АҚШ-та көп өндіріледі.
Әлем бойынша осы мемлекеттердің үлесіне ірі қара етін өндірудің 39, 1% келеді. Аргентина мен Бразилия мемлекеттері 10, 1%-ға дейін ірі қара етін өндіруде.
Сүт өнімі АҚШ-та, Францияда, ФРГ-да көп өндіріледі. Оның ішінде АҚШ-та бүкіл дүние жүзін алғанда 13, 5% сүт өнімі алынса, Францияда -7, 7%, Германия - 5, 7% жетуде.
Әр сиырдан сауылатын сүт өнімі жағынан алда Голландия және АҚШ мемлекеттері. Бұл мемлекеттерде орташа әр сиырдан жылына 5000 кг-нан артық сүт сауады. Бір - ақ дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттерде әр сиырдан 1000 кг-да жетпейтін сүт сауады. Мысалы, Эфиопияда - 137 кг, Пакистнда - 320 кг, Үнді де - 460 кг, Колумбияда - 763 кг.
Ірі қара тұқымын бүкіл дүние жүзі мемлекеттері өсіреді. Жалпы көптеген мемлекеттерде ең көп тараған ірі қара тұқымын бірнеше туыстас топтарға бөлуге боладыу.
2. 1. 1. Шаруашылықтың аты ет көбейтетін «Береке» фермасы.
Бұл шаруашылықта ет, тері және ұрық алу үшін асрайтын ірі
қара малдарға арналған, нақты ережеге сай құрылған ферма.
Ветеринариялық - санитариялық бақылау, қораларын
жобалау және салу.
Ветеринариялық - санитариялық бақылау қораларын жобалау және са-
лу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:
- Құрылысты техника - экономикалық тұрғыдан негіздегенде;
- Құрылысқа жер таңдағанда
- Жобаларға ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан сараптағанда;
- Құрылыс кезінде ветеринариялық - санитариялық нормалардың сақта-луына бақылау жүргізгенде;
- Қораны пайдалануға қабылдағанда.
- Ветеринариялық - санитариялық бақылау әртүрлі нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі (СНиП 2. 10. 03. -84“Животноводческие, птицеводческие и звероводческие здания и сооружения, НТП - Нормы технологического проектирования. Технологиялық жобалау нормалары, ТЖН және т. б)
ТЖН-да (НТП) барлық малға керекті зоогигиеналық талаптарының бар-лығы анықталған: малдың ұстау жүйелері, табының мөлшері мен құрылымы қора қопсы номенклатурасы және т. б.
Қазіргі уақытта Ресейде мал обьектілеріне арналған 14 негізгі НТИ - АПК 1. 10. 01. 001-00 "Нормы технологического проектирования форм крупного ро-гатого скота крестьянских хозяйств" және тағы басқа ұсынылған.
Бұл құжаттардың ішінде ерекше орын алатын құжат: НТП - АПК 1. 10. 07. 001- 02 "Нормы технологического проектирования ветеринарных обьектов для живодноводческих, звероводческих, птичеводческих“ крестьянских хозяйств.
Бұлардан басқа да ауыл шаруашылық министрлік бекітетін құжаттар (инструкция, әдістеме, құралдар, нұсқаулар) жобалау кезінде қолданады.
Жобалаудың негізгі мақсаты жануарларға максималды өнім ала ала-тындай жағдай жасауға мүмкіндік беретін мал шаруашылығы нысандарының жобаларын жасау.
Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП) - ауыл шаруашылығының барлық салаларында жобалау мен құрылысты реттейтін негізгі нормативтік талаптар мен ережелер жиынтығы. Қазіргі уақытта жобалау мен құрылыстың әртүрлі сұрақтарына жауап беретін 80 аса СНиП жұмыс істейді. (Ресей) .
Құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттар (МЕМСТ) - негізгі және ұсынылатын ережелерді белгілейді, олар ғимарат пен құрылыстардың жеке бөліктерінің, құрылыс материалдарының нақты параметрлері мен сипаттамасын белгілеп, бұл өнімді құрастыру, өткізу және қолдану кезіндегі техникалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Жобалау мен құрылыс бойынша ережелер жиынтығы - құрылыс нор-малары, ережелері және жалпытехникалық стандарттардың қажетті талаптарын қамтамасыз ететін ережелерді белгілейді.
Территориалды құрылыс нормалары - облыстар мен аудандардың эко-номикалық мүмкіндіктерін, ұлттық салт дәстүрлерін, социалды және табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескеретін ұсынылатын ережелер мен тиісті территорияның шекарасында қолданылуы тиісті нормаларды белгілейді.
Мал шаруашылығы нысандарын жобалау кезінде Мемлекеттік бақылау органдарының құжаттарын қолдану қажет, мысалы: Мемлекекттік өрт сөндіру қызметі, ТЖМ (төтенше жағдайлар министрлігі), Мемлекеттік экология, т. б.
Мал қора салынатын жерге қойылатын талаптар : құрғақ, сәл биік-тікте, су баспайтын болуы тиіс. Айналасныда жасыл желек болуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ау және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабі-леті төмендеу, дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн.
Мал шаруашылығының технологиялық жобалау нормаларын (ТЖН) салалық жобалау мен ғылыми-зерттеу институттары жануарлардың жеке түр-леріне, ірі нысандар мен жеке фермерлік шаруашылықтар үшін жасайды.
Нормалар:
Зоогигиеналық талаптарға сәйкес келетін мал шаруашылығын жобалау талаптары малды өсіру ерекшеліктерін, технологиялық элементтерді, ғимарат-тардың құрылымын анықтап;
Құрылымдық элементтерге, қондырғыларға, қажетті микроклимат пара-метрлерін қамтамасыз ететін жүйелерге және жануарлардың басқа да тір-шілігіне қажетті жүйелер мен қоралардың номенклатурасын анықтап, бел-гілейді.
Санитариялық қорғау аймағы - мал қораларының қабырғасы мен неме-се олардың шарбағымен елді мекен арасындағы территорияны қамтиды. Бұл территорияның негізгі міндеті - ферманы елді мекенде болатын жұқпалы аурулардан сақтау әрі мал фермасындағы кейбір зиянды факторлардан сақтау болып табылады.
Зооветеринариялық арақашықтық - ол әр түрлі мал шаруашылығы кәсіпорындарының өзара ең аз ара қашықтығы. Оның негізгі мақсаты - әр кәсіпорындарда байқалатын жарамсыз зиянды әсерлерін бір - біріне таратпау (шаң - тозаңды, микробтарды, газдарды және т. б. ) .
Мал шаруашылығы кәсіпорындарының және басқа да объектілердің өзара зооветеринариялық арақашықтығы шамамен 50-3000 м арасында уытқып отырады.
Құрылысқа араналған жер таңдау.
Мал шаруашылығы ысандатын тұрғызуға арналған жерді таңдау кезінде комиссия құрады, оның құрамына: жобаға тапсырыс беруші өкілдері, жобалау ұйымының, территориалдық және жергілікті мемлекеттік мүшелер өкілдері, сонымен қатар, зооветеринариялық және санитариялы-эпидемиологиялық қызметкерлер кіреді.
Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су батпайтынболуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ауа және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек отырғызуға жарамды болуы тиіс.
Жер асты сулары 0, 5м тереңдікте, су қабаттары 5м артық тереңдікте орналаксуы тиіс.
Жерге қойылатын басты талап оның топырақтық инфекциялардан таза болуы.
Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар.
- Жылу өткізгіштік- беткейлердегі температуралардың айырмашылық-тарына байланысты бір беткейден екінші беткейге өзінің қалыңдығы арқылы материалдың жылуды өткізе алу қабілеті. Материалдың бұл қасиетін жылу өткізгіштік коэффициенті (h) дейді. h- коэффициенті қарама қарсы беткейлердің температуралардың айырмашылығы 1ºС тең, қалыңдығы 1м, ауданы 1м3материалдан бір сағат ішінде өткен жылу мөлшеріне тең, ккал/ сағ·м2· ºС. Қоршау конструкцияларына (қабырға, еден, төбе) жылу коэффицентінің негізгі жылу өткізгіш коэффицентәнің негізгі жылу өткізгіш коэффицентінен белгілі мөлшерде әрқайсысына жіберіледі. Жылу коэффиценті (К) жылу мөлшеріне тең, бір сағаттың ішінде 1 м2 қоршау конструкциясының ғимаратын әртүрлі
- Температурадаауада қарамақарсы бағытта 1. 0 ккал (4, м2, 0 с) . Мысалы: Силикаттық кірпіш 1, 4 /ккал/ (ч. м2. 0 С) Жылу өткізгіш коэффицетінің негіз-демесінде қорғау конструкциясының кері жылу өткізгішінің коэффицентін анықтауға болады. Жылу өткізгіштің көлемң кері пропорционалды.
- Жылу қабылдағыштығы- қыздыру кезінде материалдың белгілі бір жы-лу мөлшерін сіңіре алу қабілеті.
- Өртке тұрақтылығы- материалдың бұзылмай, өрт кезінде оттың әсе-ріне қарсы тұру қабілеті.
- Суыққа тұрақтылығы- суға қаныққан материалдың бірнеше рет мұзда-тып, еріткенде бұзылмай, пішінін сақтау қабілеті.
2. 1. 2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы)
кеңдігі, ғимарат көлемі
Сурет 2. 1. Байлап ұстау
Сурет 2. 2. Байлаусыз (әжіреде)
Осы екі жүйенің әрқайсысының нақты жағдайға байланысты жазды күні жайылымды пайдаланумен немесе жыл бойы қолда бағумен үйлестіре отырып қолданылуы мүмкін.
Бұқаны байлап бағу кезінде еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл технологиялық операциялар механикаландырылады, жартылай автоматты бас жіптер, азық үлестіру мен қи шығаруға механикаландырылған құралдар пайдаланылады.
Малды күтіп-бағудың бұл әдісі кезінде шаруашылық мамандары мен мал күтушілерге олардың денсаулығы мен өнімділігін бақылау жеңіл. Тұрақты азықтандыру және суару, тынығу және сауу орнының болуы, жылы да қүрғақ төсеніш құрылғы, кеңде жарық, жақсы желдетілген қора-жай, жеке- жеке азықтандырып, тағы басқа операциялар күтіп- бағудың бұл әдісі кезінде бұқалардың өнімділігін тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Малды байлаусыз күтіп-бағудың әдісі еңбек шығынын аздап кемітеді, еңбекті көп қажет ететін процестерді өте жақсы механикаландыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде бұл әдіс өте көп қолданылады. Бірақ байлаусыз бағып - күтуге қыстыкүні микроклимат реттеуге келетін жақсы қора-жай, жеткілікті түрде төсеніш, қатты еденді серуендету қорасы, механикаландыру құралдары керек. Сонымен бірге малды топтарға бөлу қажет.
Қазіргі кезде малды байлаусыз бағып-күтудің екі түрі қолданылады. Олар - қалың төсеніш үстінде бағып-күту және бокстарда төсенішсіз бағып-күту.
Сиырларды қалың төсеніш үстінде байлаусыз бағып - күту шетелдерде өте кең тараған. Бір-ақ бізде ол онша қолдау таба қойған жоқ. Басты себебі - төсеніштің (сабан) жеткіліксіздігі, қора-жайға микроклимат қалыптастырып, жақсы санитариялық жағдай да ұстап түрудың қиындығы.
Схема 2. 1. 200 басты ірі қараға малға арналған ферманың жобасы.
Схема 2. 2. Бір бұғаға арналған орын.
Схема 2. 3. 1 бас ірі қара малға арналған жоба.
Қораның - ұзындығы 125 м, ені - 22м болады. Бұқа тұратын орынның мөлшері - ұзындығы 2, 5 м дейін, ені - 1, 8 - 2м болады. Әжіренің мөлшері мынандай: ені 3-3, 5, ұзындығы - 3-3, 5 м, алаңы - 10, 5-12 м 2 . Серуендетуге арналған тиісті алаңы - 20-40 м 2 .
Қора қабырғасы. Қора қабырғасының жылу және дымқыл өткізбеуі мақсатында қабырғаның қалыңдығы мен ол жасалатын материал ескеріледі. Жылуға берік жәнеауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн.
Төбе жапқыштар. Барынша жеңіл, берік, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуы тиіс.
Қора төбесі. Қора ғимаратты не басқа құрылыстарды сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Ол тіректі бөлімдерден және сыртқы жапқыштардан тұрады. Төбені шатырлы және шатырсыз етіп алады.
Сурет 2. 3. Жоба бойынша ірі қара малға арналған қора сыртқы салу көрінісі.
Сурет 2. 4. Ферманың салынып жатқан ішкі көрінісі.
Сурет 2. 5. Ірі қараға арналған фермасы.
Сурет 2. 6. Ірі қараға арналған фермасы ішкі көрінісі.
Схема 2. 4
.
Қораның фундаменттің құрамы:- 1. 812. 1-2-шi топтама бойынша құрама темiрбетон кебiстер, (өлшемдi түрлер-3) 0, 1, 1. 812. 1-1-шi топтама бойынша. (өлшемдi түрлер - 1), (өлшемдi түрлер - 4) 13579-78-шi ГОСТ бойынша блоктер бетон.
Негiз арқалықтар - 1. 415-1-шi топтама бойынша құрама темiрбетон, құйып шықты. (өлшемдi түрлер - 1) 1.
1. 462. 1-10/80-шi топтама бойынша арқалықтар шатыр тiреуiш-темiрбетон. (өлшемдi түрлер - 1) 1, 2 құйяды.
Жарты қаңқалар - 1. 822. 1-2/82-шi топтама бойынша құрама темiрбетон, қуып шығамыз. (өлшемдi түрлер - 1) 1, 2.
Бағаналар - 1. 823. 1-2-шi топтама бойынша құрама темiрбетон, құйямыз. 0-шi, 1 (өлшемдi түрлер - 3) 1, 2.
Қабырғалар - 1. 832. 1-9-шы топтама бойынша екi қабат жеңiл бетон панелдер, қуып шығамыз. (өлшемдi түрлер - 12) 4, серии1832. 1-10, арналған қуып шығамыз. (өлшемдi түрлер - 1) 0, 1, 2 және кiрпiш.
Қалқалар - кiрпiш.
Ұстатқыштар - 1. 038. 1-1-шi топтама бойынша құрама темiрбетон, қуып шығамыз. (өлшемдi түрлер - 6) 1.
Жолдар - 1. 462-14-шi топтама бойынша құрама темiрбетон, қуып шыға-мыз. (өлшемдi түрлер - 1) 1, 2.
Жамылғы - 1. 865-6-шы топтама бойынша ағаш қаңқамен, j=125 кг/м3тiң минералды мақта тақталарынан таскендiр қаптамасы және жылытқышпен тақта, қуып шығымыз. (өлшемдi түрлер - 2) 1, құрама 1. 865. 1-4/84-шi топтама бойынша құрама темiрбетоны, қуып шығамыз. (өлшемдi түрлер - 1) 3.
Шатыр - таскендiр Ува парақтары, 5Жылытқыш - j=100 кг/м3 минералды мақта тақталары.
Сатылар -1. 450. 3-3-шi топтама бойынша металлдық, қуып шықты 2.
Сурет 2. 7. Сыртқы көрініс дарбазаның сурет 2. 8. Ішкі көрініс дарбазаның
Қақапа, есік, тамбуралар. Бұлардың бәрі ғимарат пен оларды қорғайтын, қоршаған орта мен жылу алмасып тұратын бөліктері. Қақпа арқылы жылу алмасады, сондықтан оны тығыз, суық күндері қайтпайтындай етіп жасау керек. Қақпаның бетін ағаштан, ал ішін жылу өткізбейтін заттар салынған тақтайдан жасайды.
2. 2. Төсеніш салу
Мал қолға қараған кезде зоогигиеналық шарттарды ұқыпты орындау үшін төсеніш қолданудың аса зор маңызы бар.
Малға арналған төсеніш қурғақ, таза, жумсақ және жылы болуға тиіс. Төсенішке түрлі сұйық заттар сіңеді, малдың денесінің зақымдануынан аман сақтайды, еденнің ойлы-қырлы жерін тегістеп, мал орнын жумсартады. Малға төсеніш салмаса, оның денсаулығына және өнімділігіне қолайсыз болады. Сиырдык төсенішін күнбе-күн алмастырып отырады. Қый үстінде жатуы оның жүнін ластайтындығын, денсаулығына зыянды әсер ететіндігін және жұқпалы, сондай-ақ глисті ауруларды таратуға көмектесетіндігін іске алып тұр.
Сурет 2. 1. төсеніш түрлері.
Сурет 2. 2. cабан төсеніш .
Сурет 2. 3. темір төсеніш.
Сурет 2. 4. төсеніш салу үлгісі.
Күздік егістіқ сабаны төсеніш үшға ең қолайлы материал болады. Ол малдың суйық несептерін жақсы сіңіреді. Бұл үшін сабанның ұзындығын 20 - 30 сантиметр етіп турайды.
Сиыр қораларында төсенішке шымтезектің жоғарғы бетінен алынған ұзын шөпті құрғақ қабатын пайдалануға да болады. Қурғақ шымтезек малдың несебін бойына жақсы сіңіреді және қора ауасындағы ылғалды, сасық газдарды жутып алады.
Сурет 2. 4. сиырдың тұяқтарына жағымды төсеніш.
Ағаш үгінділерін төсеніш ретінде қораларында қолдануға болады.
Бір бас малға күніне төсенішке мынадай мөлшерде сабан қолдануға болады: жылқыға 1, 6-2, 4 кг, сиыр малына 3 кг, бұзауға 1, 5 - 2, 5 кг, шошқаға 1 - 1, 5 кг. Шымтезек төсеніш үшін мынадай мөлшерде қолданылады: жылқыға 2, 5-3 кг, сиыр малына 3- 4 кг, шошқаға 1, 5 - 2, 5 кг.
Бұлар төсеніш колданудың орта мөлшері. Бірнеше шаруашылықтар малға бұдан да мол төсеніш қолданады. Мысалы, Ресейде Ворошилов атындағы колхоздың фермасында сиырдың төсенішіне күніне 4 кг-нан сабан жұмсайды, бұның өзі колхоз егісі үшін көң қорын арттыруға мүмкіндік тудырады.
Сурет 2. 5. сиырға арналған төсеніш.
Қый төсеніштердің құрлыстары.
Қыйды мезгілінде жыйнаудың және ояы қый тәккіште дұрыс сақтаудың малдың денсаулығын сақтау үшін аса зор маңызы бар. Мұнымен қатар, қыйды дурыс сақтағанда оның тыңайтқыштық қасиеті сақталады, бұл егін шығымдығын арттыруға көмекші болады.
Қыйды дұрыс сақтағанда жұқпалы және глисті аурулардың тарау мүмкіншіліктері азаяды.
Қый төккішті жасағанда зоогигиеналық мынадай талаптарды дұрыс орындау қажет:
1) қый төккішті мал қораларынан кем дегенде 100 метр жерде жасау керек;
2) қый төккішті жасайтын орын үйлердің және мал қоралары жағынан соғатын желдің (үнемі) ық жағында болуы тиіс; мұнымен қатар, қый төккіштер мал қораларынан төменгі беткейде және жерінен су өтпейтіи учаскіде, жауыи және көктемгі сулар жайылмайтын, су алатын жерлерден аулак, болуы керек;
3) қый төккіштіқ айналасына ағаш отырғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz