Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті Ветеринариялық-сани тариялық сараптау және гигиена кафедрасы



Тақырыбы: Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары



Алматы, 2014 жыл
Курстық жұмыстың жоспары
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1.2 Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2. Күркетауықты күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық - гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3. Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар (қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т.б ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.4. Күркетауықты азықтандыру және күркетауық азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.5. Суға және су көзіне қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу ... ... ... ..22
2.6. Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
IV. Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
V. Тәжірибелік ұсыныс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .27
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Реферат
Жұмыс: 30 беттен, 5 кестеден, 13 суреттен тұрады
Түйін сөздер: Бантировка,ен салу, өнімдік көрсеткіш, дезинфекция, энзоотикалық індет, гемогглютинация, ацидофильді ашытқы, микроклимат, сақман, бруцеллез, дибильицин, витамин.
Қысқартылған сөздер:
ГАТР-гемогглютинді тежеу реакциясы
ГАР- гемогглютинация реакциясы
КБР- комплемент байланысу реакциясы
МГР- микроагглютинация реакциясы
ҚСА- қой сүтін алмастырғыш

I.Кіріспе

Құс шаруашылығы -- ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі - күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың Батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді.Қазіргі кезде Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Күркетауықтар (лат. Meleagris) - тауықтәрізділер отрядының бір тегісі. Дене тұрқы 85 - 100 см. Басы және мойнының біраз жері тықыр. Аталығы тоқылдағында мойнында етті қатпарлар пайда болып, құйрықтарын тік ұстап, желпуіш сияқты желпиді. Қауырсындары қара металл түсті жылтыр. Жақсы жүгіріп, жерде жақсы жүреді. Бірақ ұшқанды ұнатпайды. 2 түрі белгілі. Соның ішінде арғы тегі Солтүстік Америкада кеңінен таралған кәдімгі күркетауық (Meleagris gallopavo). Күркетауық - үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі салмағы 9 - 35 килограмм, мекиені 4,5 - 11 килограмм. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50 - 55 грамм, 120 күннен соң 4 - 5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 - 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май жинайды. 3 - 4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін). Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90 - 100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет алу мақсатында асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді және диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі, етінің құрамында организмге тез сіңетін протеин (28%) болады. Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күркетауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы - бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.[8]
2. Тұқымдары. Талап етілген өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар.
Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар - өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы - 6,6 кг. болады.
Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді. Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 - 70 пайыз аралығын қамтиды. Солтүстік кавказдық ақ түсті күркетауықтар - солтүстік кавказдық қола түсті күркетауық тұқымының мекиенін ағылшын ақ түсті апайтөс күркетауық тұқымының қоразымен шағылыстыру арқылы шығарылған жаңа тұқым.
Ақ түсті мәскеулік күркетауықтардың өнімділік, тіршілік қабілеттері және еттілік қасиеті жоғары.
3. Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс. [2]
4. Жем беру. Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күркетауыққа 250-300 г-нан келуі тиіс. Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әртүрлі көк жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа, жүгері, тары, бидайкебегі) болып үшке бөлінеді.Жаз мезгілінде күркетауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалар мен жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-ден төменболса, ондақұстардысыртқашығармайды. [4] 5. Өсіру. Күркетауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күнбастыру арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға болады. Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады. Балапандарды күркетауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау қажет. Ең дұрысы - полиэтилен қаптама мен қапталған (төбесі мен алдынан басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. Лампаны қолданып, температураны 36°С-ден төмен түсірмеу қажет. Жемберетін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы сабан немесе пішен) - күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін күркетауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы керек, жылытқыш шам қою қажет. Күркетауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен жұмыртқала рмен қоректендіреді. 5-10 күнаралығында азығына ұсақтап туралған ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады. Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға, бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге болады.[2]

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.1 Жобалық тапсырма - жобаға талаппен негізігі міндеттер көрсетілетін жобалаудың алғашқы сатысы. Жобалауға тапсырманы заказ беруші белгілейді және мынандай маңызды деректерді көрсетеді: кәсіпорынның атауы, жобаға негіз болған себептер, құрылыс салатын аудан және алаң, обьектінің өндірістік қуаты, мал шаруашылығын дамытудың келешектік жоспарлары, жануарларды күтіп - бағу технологиясы, табынның саны, құрамы мен өнімділігі, санитариялық - гигиеналық режимі, жобаланған азықтандыру рационы, ветеринариялық сақтау жүйелері, ветеринариялық - санитариялық талаптар мен зоогигиеналық параметрлер. Күркетауық қораларын салуға таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын ен нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айнала ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмауы тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны жөн. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк - желек отырғызуға жарамды болу керек. Күркетауықтардың қораларын салуға таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Құс шаруашылығы кәсіпорындарын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аударған жөн. Жер көлемін айқындау құс фермасының кеңейтілуін және оның құс азығымен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі.
Ветеринариялық - санитариялық көзқарас тұрғысынан алғанда құрылыс салу үшін жерге қойылатын басты талап - ол жерде бұрын жұқпалы аурулардың болмағандығы.
2.1.2 Көлемді - жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі
Күркетауық қораларының едені тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан) немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек күркетауықтарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікте орналастырылады. Күркетауық балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған күркетауық балапандары үшін 12х12 мм, ал 45 күн толған күркетауық балапандары үшін 15х15 мм.
Күркетауық қоралары жылжымалы тұрақты жем берілетін астауымен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны күркетауық балапандарының азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді. Қазіргі уақытта өнеркәсіпте күркетауық қораларына арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді таратып беретін құрал, науалы суат, ұяларды және күркетауық өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, күркетауық саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар.
Күркетауық қораларына жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болады.

Құстарды еденге орналастыру нормасы

Құстың түрі мен жас тобы
1м[2] еденге келетін құс басы
Ет бағыттағы тауықтар
4,0 - 5,0
Күркетауық
1,5 - 2,0
Үйректер
2,5 - 3,0
Қаздар
1,0 - 1,5
Бройлер балапандар ()
18
Күркетауық балапандар ()
5
Үйрек балапандары ()
18
Қаз балапандары
8

2.2. Күркетауықты күтіп - бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық - гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу.
Күркетауық шаруашылығының негізгі өнімі - күркетауық еті. Күрке тауық І категориялы ұшаларының бұлшық еттері жақсы дамыған болады. Кеуде бұлшық еттерінің жан-жақтары томпақ болып көрінеді. Төс сүйегі сәл білініп тұрады. Күркетауық балапанының тер асты майы құрсақ және арқа бөліктерінде жолақ тәрізді жабылады.
Күрке тауық ІІ категориялы ұшаларының бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, төс сүйегі жақсы білініп тұрады. Арқа және құрсақ бөліктерінде аздаған майдың жиналған аймақтары кездеседі. Бұлшық ет өте жақсы дамаған жағдайда тер асты майлар болмауы мүмкін.Сонымен қатар ІІ категориялы ұшаларға тер асты майы жоқ, бірақ бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған тауық пен күрке тауық ұшалары жатады.
Күркетауықтардың аналық тобын солярийі бар қораларда ауыстырылмайтын қалың төсеніште ұстайды. Еденде ұстағанда қораны секцияларға бөледі және әр секцияға 250-500 бастан аналықтарды орналастырады. Қораларға 4 - 5 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялар орналастырады.
Төсеніш қора ішінде санитариялық - гигиеналық жағдайды жақсартады, күркетауықтардың және балапандарының астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырулардан сақтандырады. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойын атартып алады және қауырсындарын ластамайды , жұмсақ болады. Төсеніш материалдары зоогигиеналық жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болу қажет. Қора ішіндегі ауаның ылғалдылығы мен темпиратура көрсеткіштері тікелей төсеніш жағдайына байланысты.
Төсеніш ылғалдылығын қалыпты жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат көрсеткіштерін бірқалыпта ұстау қажет.
Балапан басатын күркетауықтарды төсеніште немесе торлы батареяда ұстайды. Торлы еденде оларды 14 аптадан артық ұстамайды. Күркетауық балапандарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды орналастыру тығыздығы: төсеніште - 1 - 17 аптада 3 - 4 басм2 18 - 30 аптада 2 - 3басм2 ; торда - 1 - 8 аптада 20басм2 : 9 - 14 аптада 8 - 9 басм2
Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді. Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайды. Балапандарды торлы батареяда ұстағанда қора - жай сиымдылығы 2 - 3 есеге, балапандардың тірі салмағы 7 - 11 пайызға артады, ал азық шығыны 11,2-15,2 пайызға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1 пайызға төмендейді. Бірақ торда ұстаудың нәтижесінде көп жағдайда балападардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.
Күркетауық балапандары тауық балапандарына қарағанда төменгі темпиратураға өте сезімтал келеді. Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын - ала жылытылған қора - жайға орналастырады. Алғашқы 5 аптада ауа темпиратурасын брудерде 37 - 21˚С, ал қорада 30-19˚С шамасында ұстайды және оны біртіндеп 16˚С - қа төмендетеді.
Қораны алғашқы күндері тәулік бойы жарықтандырады, бұл балапандардың азық пен суды тез табуы үшін қажет. Жарықтандыру ұзақтығы алғашқы күндері 24 сағатты құрайды, кейіннен оны 17 сағатқа дейін қысқартады, ал келесі кезеңде бұл шама 7 сағатқа сәйкес келеді. 30 апталық жасынан бастап жұмыртқалау соңына дейін жарықтандыру ұзақтығын 7-8 сағаттан 14 сағатқа дейін созады. Жарықтандырылу интенсивтілігі алғашқы күндері 50 лк, 4 тәуліктен 20 тәулікке дейін 30 лк, ал одан ары қарай 15 лк болады.
Балапандар мен ересек күркетауықтарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін балапандар мен ересек күркетауықтарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін 3 - 3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады. Күркетауықтарды торда бағып - күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке - жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялар мен жабдықталады. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем - шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық беретін астаулар аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған. Күркетауық қоралар пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады. Ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды тордарда бағып - күтетін қораларда механикаландырылған ағынды желдеткіштермен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.[9] Қорадағы микроклиматтың құсорганизміне әсері темпиратураның, ауауның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай - ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай - ақ қораларды күркетауықтардың жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қаматамасыз етуі керек.

Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің күркетауықтардың өнімділік сапасының әсері

Бағу әдістері
Ауа темппературасы, ˚С
Салыстырмалы ылғалдылығы, пайыз
Зиянды газдардың ауада болуы, мгм[3]
Бір басқа шаққандағы жұмыртқа беруі
Өлім-жітім, пайыз

NH3
Шаң

Қалың төсеніште
Бір ярусты батареяларда
(АПЛ)
16

17
75

73
36

9
7

3
242

262
13

5

Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелердің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты. Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы, төмен температура жағдайында құстар шамадан тыс мөлшерде қабылдап организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып организмнің салқындауына себепші болып түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар жоғары температура жағдайына да сезімтал (құстардың суды көп мөлшерде пайдалануы құс саңғырығы арқылы бөлінетін аммиак мөлшерінің көбеюі). Ауадағы жоғарғы ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу - тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарық пен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгіде жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

Күркетауық қораларындағы жарықтылық нормасы

Қоралар
Табиғи жарықтылық нормасы
Құстарды орналастыру зонасындағы жасанды жарықтылық, лк

Табиғи жарықтылық коэффициенті (КЕО), пайыз
Жарықтылық коэффициенті (ЖК)
Газозарядты лампалар кезінде
Қыздырылатын лампалар кезінде
Ересек күркетауықтар үшін

Еденде ұстағанда (еден деңгейі бойынша)
0,7
1:10 - 1:12
75
30
Торда ұстап баққанда (азықтандыру бойынша)
0,7
1:10
70
30
Балапандарды бағу үшін
1,0
1:8 - 1:10
Диапазонда
75
Инкубаторлық залдар
0,8 - 1,0
1:15 - 1:20
75
30

Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бірқалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Күркетауықтарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15 - 20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4 - 5 Вт есебімен алынады. Күркетауық қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Күркетауық қораларында бұл газдың көп болуы себебінен басқа малдардай күркетауықтардың да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше күркетауықтарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жа.дайда тоқтауға әкеліп соғады .
Күркетауық органмзміне аммиак пен күкіртті сутек әсерінен, күркетауық денесінде оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек.[6]

Күркетауық қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Инкубаторлардың жағдайы
Ауа температурасы
Салыстырмалы ылғалдылығы, %
Жылдың суық кезеңінде ауа қозғалысы, мс
Ауаңың шаңдануының шекті мөлшері, мгм3
Газдардың шекті мөлшері

Еденде ұстағанда
Торда ұстағанда

Көмірқышқыл газы, пайыз
Аммиак, мгм3
Күкіртті сутегі, мгм3

Еденде
Локалды жылыту орындары

Күркетауықтар
16
-
-
60-70
0,3-0,6
2-5
0,15-0,20
10
5

Күркетауық балапандары жасы аптамен
14
28-24
35-22
33-24
60-70
0,2-0,5
2-5
0,2
10
5

5-11
18-16
-
18
60-70
0,2-0,5
2-5
0,2
10
5

12-22
16
-
16
60-70
0,2-0,5
2-5
0,2
10
5

Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық, бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико - химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал күркетауықтың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрдеауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек.[7]
Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатына және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК - радиацияны қолдану химиялық зарарсыздандыру. Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольді тәсілмен) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күркетауық балапандар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Қораны жарықтандыру
Қабандар (шошқа)
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Биелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары жәнеоларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Пәндер