Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«Ветеринария» факултеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
Қаздарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбындағы
Орындағын: 3 курс 316 топ студенті Тұрдық Еламан
Тексерегн: аға оқытушы Барахов Б. Б
Алматы, 2016
Жоспар.
Анықтамалар . . .
Нормативтік сілтемелер . . .
Қысқартылған сөздер . . .
1. Кіріспе . . .
2. Негізгі бөлім . . .
2. 1. Қаз қораларына қойылатын талаптар . . .
2. 2. Қаз қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру . . .
2. 3. Қаздарды күтіп-бағу гигиенасы . . .
2. 4 Азық сапасына қойылатын талаптар . . .
2. 5. Қаз шаруашылығындағы судың гигиенасы . . .
2. 6. Қаз етін өндіру гигиенасы . . .
2. 7. Құстарды бағып -күту гигиенасы . . .
2. 8. Қаздарды қора еденінде бағып -күту гигиенасы . . .
2. 9 . Құстарды торда бағып- күту гигиенасы . . .
3. Қысқаша мәлімет . . .
4. Техникалық қауіпсіздік ережелері . . .
5. Қорытынды . . .
6. Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі . . .
Анықтамалар
Ветеринариялық гигиена (жануарлар гигиенасы) - мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі. Адаптация - организмнің ортага бейімделуі.
Жерсіну - мал организімінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына бейімделу процесі.
Дезинфекция - зардапты және шартты зардапты микроорганизмдер жоюға, малдың арасында індет ауруларының болдырмау шараларына бағытталған іс- әрекеттердің бірлестігі.
Дезинсекция - ауру тарататын буынаяқты насекомдарды құрту әдісі. Дератизация - жұқпалы ауру таратып, экономикалық зиян келтіруге байланысты кеміргіш жәндіктерді құртудың шаралар жүйесі. Рацион - малдың түрлі қоректік заттарды қажет етуі ескеріле жасалған бір тәуліктік жемшөп мөлшері.
Концентрат - құрамында қоректік заттардыц мөлшері жоғары болатын жем шөп.
Дистрофия - организмде зат алмасудың бұзылу салдарынан мүшелер құрлысының және қызметінің бұзылып өзгеруі.
Мастит - түрлі себептерге байланысты желіннің қабынуы және ісінуі. Профилактика - жануарларды аурудан қорғау жэне аурудың адамға таралуынан сақтау үшін атқарылатын арнайы шаралар жүйесі. Токсин - организмді улап әсер ететін зиянды зат.
Санитария (лат. sanitas - денсаулық) - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шара.
Нормативтік сілтемелер
Осы әдістемелік нұсқауда пайдаланылған сілтемелер төмендегі құжаттарға негізделген.
МЕМСТ 2. 104-68 ЕСКД Негізгі жазулар МЕМСТ 2. 601 -95 ЕСКД Пайдалану құжаттары МЕМСТ 2. 304-81 ЕСКД Сызба шрифтері
ГК РК 0. 4 - 99 "Қызметтердің эканомикалық түрлері бойынша өнімдер классификаторы,,
МЕМСТ 27747 - 88 ет Техникалық шарт.
МЕМСТ 20235. 0 - 74. үлгі алу әдістері. Сапасын бағалаудың органалептикалық әдістері.
МЕМСТ 20235. 2 - 74 Бактериологиялық талдау әдісі.
Қысқартылған сөздер
См-сантиметр
Г-грамм
Мг-милиграмм
Кг-килограмм
МЕМСТ-Мемлекеттік стандарт
Л-литр
Мин-минут
М-метр
Ккал-килокалория
Кіріспе
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де, құнарлы да азықтармен қамтамасыз етумен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп - ұстау жағдайына сезімталдығымен сипатталады. Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп бағуды, азықтандыруды санитариялық - гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Келешекте құс шаруашылығының үдемелі дамуы, өте жоғары мамандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді бұдан алынатын кұс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады. Өндірістік құс шаруашылығында жаңа ғылыми әдістерді, жетістіктерді шығарып, оларды шаруашылықта пайдалануды тездету компыотерлік технологияны кеңінен қолдануға байланысты. Қазіргі таңда құс шаруашылығының негізгі даму бағытын жобалап, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, басқару, еңбек өнімділігін арттырудың қосымша жолдарын табу, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мәселелері компыотерлік технологияларды кеңінен қолдану жолымен шешілуде. Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, меланж, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдіру өстінде. Міне, осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жетілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түседі. Бұл курстық жұмыста құстарды бағып - күту жүйелері, жасына және пайдалану бағытына байланысты азықтандыру, қора - жайларда микроклиматты сақтау және т. б ветеринариялық - санитариялық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық қамтамасыз тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады. Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, ірі шаршы метр жерден өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Бұл жағдайдағы негізгі мақсат және міндет, бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Құсты дұрыс та тиімді пайдалануға бағытталған ортаның жан-жақты көрсеткіштерін, құстың тұқымдық ерекшелікгерін түгел қамтитын технологиялық процестің басты мақсаты- құстың күнделікті тіршілігіне қажет жем мөлшерін барынша азайтып, оларды адамға қажет өнімдер алуға пайдалану. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымен мынадай мәселелерді шешу қажет:
бірнеше бағыттағы құс шаруашылықтары мен фермаларын мамандандыру, шаруашылықтарды пайдалы технологияға ауыстыруды, құсты инфекциядан қорғауды қамтамасыз ететін қажет кұрал-жабдықтары бар құсханалардың жаңа түрін салу, құсты және құс клеткаларын пайдалану мерзімін ұзартатын клеткалық батареяның ыңғайлы конструкциясын жасау, құсты клеткалық батареяда ұсгағандағы сұрыптау жэне өндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, көліктің және басқару міндеттерін орындайтын машиналардың технологиялық жүйесі жасалынады, автоматтандырылған басқару бағдарламасымен жабдықталған құс фабрикаларын құру мәселесі шешіледі. Бұл салалық автоматтың басқару жүйесін дайындап, оны өндіріске енгізудегі ең басты талап. Келешекте құс шаруашылығының үдемелі данкы, өте жоғары мамандандандырылған әрі шағылыстырғанда мол өнімді будан алынатын құс тұқымдары мен тізбектері болса ғана үдемелі дамытуға болады. Айта кететін бір жай, құрама жемнің биологиялық құндылығын жақсарту құс шаруашылығындағы ең басты мәселелердің біреуі. Өндірістік құс шаруашылығында жаңа ғылыми әдістерді, жетістіктерді шығарып, оларды шаруашылықта пайдалануды тездету компьютерлік технологияны кеңінен қолдануға байланысты. Қазіргі таңда құс шаруашылығының негізгі даму бағытын жобалап, ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, басқару, еңбек өнімділігін арттырудың қосымша жолдарын табу, құс шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендету мәселелері компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану жолымен ғана дұрыс шешілуде. Құс шаруашылығы өнімдерінен, яғни етінен, меланж, жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде. Ғалымдар мен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлщерде дайындау болып табылады. Осы бағытта құс сою цехтарында, оған дейін ұстау, тиеу, түсіру, тасымалдау жұмыстары да еттің сапасына әсерін тигізетіндігін айта кетуіміз қажет. Міне, осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жетілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түседі.
2. Негізгі бөлім
2. 1 Қаз қораларына койылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Құс шаруашылығында қора - жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық - гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.
Құсты өсіру және бағып күту үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі. Қаз өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Қаздарды бағып - күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп түруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып - күтетін цех, жаз айларында бағып - күту үшін жылжымалы тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа - райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.
Қаз қораларының жобаларына құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалану, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек, Қаздың серуендеуі үшін қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызы, ал үйректер үшін 150 пайызына дейін болады, ал туғанына 25 күн болған үйрек балапандарына 0, 2 м 2 есебімен, ересек үйректерге 2м 2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жағдай жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнаулы қалдықтарды пайдаланады. Үйректерге арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 0, 5 - 0, 6 м, ал балапандарға 1, 5 - 1, 6 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.
Құс фермалары салынатын жерлерді дұрыс таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға алысырақ орналасуына - құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының кейбір салаларының өркендеуі тікелей байланысты болады. Қаз өсіретін ферманы табиғи немесе жайылымға жақын орналастыру керек. Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі
оңтүстікке немесе оңтүстік - шығысқа қаратылады: суда жүзетін құстарға арнап салынған қоралардың алдыңғы жақтағы үлкен қақпасы оңтүстікке, оңтүстік шығыска қаратылады, су қоймасына құс осы жақтан шығады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай - ақ климат жэне жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.
2. 2 Қаз қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру
Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларды ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа кұрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқа да жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек.
Микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады. Микроклиматтың пайда болуына және оның көрсеткіштеріне сыртқы ортаның барлық факторлары әсер етеді: ауаның физикалық жағдайы, газдың құрамы, күн сәулесі, өсімдіктер мен су көздерінің болуы, жер рельефі т. б.
Мал қораларында микроклимат жасанды болуы да мүмкін. Оны жасау жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне, желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығыздығына, ұстау технологиясына және т. б тікелей байланысты. Микроклимат жағдайын малға ыңғайлы оптимальды жасау үшін өзгертіп отырады.
Қаз кораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа - райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.
Құс тардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы: төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып организмнің салқындауына себепші болып түрлі ауруларға шалдықтырады. Құстар жоғары температура жағдайына өте сезімтал болып келеді. Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу - тотықсыздану процесін тежейді. Мұның озі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу болу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.
Кесте 1-Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің кұс өнімділігі
сапасына әсері
Ауа
Салыстыр
Зиянды
өлім-
Жұмырт
тем-
малы
газдардың
жітім
Қа
Сы
ылғалдыл
ауада болуы
сынығы,
ық
пайыз
NH
шаң
16
72
35
8
14
8
Бір ярусты батареялар
да .
17
70
8
4
6
2, 2
Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бір қалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15 -20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге кем дегенде 4 - 5 Вт есебімен алынады.
Қаз қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көміркышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғады. Қаз организміне аммиак пен күкіртгі сутек әсерінен, құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспау қажет. Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықтандырылуы салдарынан ауал да механикалық, бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе, көз ауруларының себепкері болады. Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физика - химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарлату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды. Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ; ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК - радияцияны қолдану, химиялық зарарсыздандыру. Ауаны зарарсыздандыру үшін қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт жэне янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерецидтік шамды да ДБ - 30 қолданған тиімді.
2. 3 Қаздарды күтіп - бағу гигиенасы
Қаздарды ұстаудың мынадай әдістері қолданылады еденде қалың төсеніште (аналық топ), торлы еденде, торлы батареяда және арнайы бордақылау алаңқайлары бар жаздық лагерьлерде. Қаздарды еті үшін өсіргенде тәуліктік немесе 10-20 күндік балапандарды қалың төсеніште ұстайды. Алғашқы үш аптада жылыту үшін брудерлер қолданылады.
Тәуліктік жастан бастап сойғанға дейін қаз баландарын орналастыру тығыздығы бір шаршы метрге 5 бастан болады, Қаз балапандарын 20-30 күндік жастан бастап жабық қораларда торлы еденде 10 бас/м 2 орналастыру тытыздығымен өсіруге болады.
Алғашқы 1-4 аптада брудердегі балапандар үшін ауа температурасы 30- 24°С, ал қорада 26-22°С болады жэне оны өсіру соңына қарай 18-20°С-қа дейін темендетеді. 9 апталық қаз балапандарын торлы еденде әр бөлімі 35 бастан тұратын топтарда ұстау - тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл кезде торда өсіру жағдайына ұқсас жағдай жасалады.
Каз қораларының оптимальді микроклимат көрсеткіштерінің басқа ауылшаруашылық құстарына арналған мөлшерлерден айырмашылығы жоқ. Бірақ қаздар жылуды көп қажет етпейді.
1 - 7 күндік қаз балапандары үшін жарықтандырылу тәулік бойынша қажет, ал кейінірек оны 14 сағатқа кысқартып, балапандарды сойғанға дейін осы шаманы тұрақтандырады. Жарықтандырылу интенсивтілігі балапандар үшін, ал ересек қаздар үшін 15 лк болады. Қаздардың аналық тобын ұстаудың негізгі екі үдісі бар. Бірінші әдісте қаздарды қораларда төсеніште ұстайды. Бұл жағдайда еденнін. 20-25 пайызын. юрмен жабады және оны науамен, астаушамен жабдықтайды, Екінші әдісі . қаздарды торлы еденде ұстаумен қатар, қатты жабындысы және суға шомылатын орны бар жайылымды алаңқайларға шығарады. Торлы еденде қаздарды орналастыру тығыздығы 1. 5 бас/м болады. Оңтүстік аудандарда бұл көрсеткіті 2, 5 бас/м" шамасына дейін өсуі мүмкін. Қаз қораларын 3 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялармен жабдықтайды. Ұяларға кешке қарай құрғақ, таза төсеніш салады. Себебі қаздар негізінен таңертеңгі мезгілде жаппай жұмыртқалайды. Қаз балапандарын 1 күндік жасынан бастап толық құнды құрама жеммен азықтандырады. Тәуліктік жасынан өсіру соңына дейін қаз балапандарын еркін азықтандырады. 1-айлық жастан бастап жылы мезгілде қаз балапандарын жайылымға шығарады немесе рационға витаминдермен және минеральды заттармен толықтырылған шырынды, балауса шөп қосады және оларды бөлек астауға салады. Бұл кезде қаз балапандары сумен еркін қамтылњы керек. Судың жетіспеуі балапандардың тұмсығының жеммен бітелуше және олардың лшіне кеп соғады. Басқа құстармен салыстырганда қаздар клетчатканы жақсы қорытады, сондықтан да олардың рационына шөп ұнын көптеп қосқан жљн, Қаздарды азықгандыру барысында олардыћ кљк шөпті тәулігіне 1-2 кг-ға дейін пайдалана алатынын ескеру керек.
Қаз қораларының ауа температурасы қыста 7~14°С, ал салыстырмалы ылғалдылығы 70-75 пайыз болуы керек. Белгіленген шамадан төмен температурада жұмыртқанын инкубациялық сапасы төмендейді.
2. 4 Қаздарды азықтандыру гигиенасы
Құстарға арналған азықтар килоджоулдармен белгіленген қуат мөлшері, шикі протейн, минералды заттар мен витаминдер мөлшері бойынша бағаланады. Азықтардың белоктық бағасы тек шикі протеині бойынша ғана емес, сонымен бірге оның құрамдас бөліктері яғни алмастырылмайтын амин қышқылдарының мөлшері бойынша да анықталады. Құс азықпен бірге төмендегідей алмастырылмайтын аминкышқылдарын алуы тиіс: лизин, метионин, триптофан, аргинин, гитидин, треонин, валин.
Құсты азықтандыруда минералды заттар мен витаминдердің зор маңызы бар. Құс рациондары кальци, фосфор, натрий, хлор, сондай-ақ көптеген микроэлементтер бойынша теңестіріледі,
Мамандандырылған шаруашылықтарда қаздарды өсіргенде олар құрғақ немесе түйіршіктелген құрама жеммен немесе дәнмен және жем концентраттарымен азықтандырылады. Қаздарды жас мерзімдері, күту әдісі, өсу мен өнімділігінің генетикалық ерекшеліктерін ескере отырып азықтандырады. Азықтандырудың құрғак түрін пайдаланғанда құрама жемді тәулігіне бір рет автоматты бункерлі азықтандырғыштарға салып қояды, ал құрамдастырған кезде, құрғақ құрама жемнен басқа, араластырылған ылғалды жем пайдаланып, ол књніне 2-3 рет таратылады. Етке өсірілген қаздар жақсы өсіп - жетілуін қамтамасыз ететін, азық шығынын азайтуға ықпал ететін толық рациондықұрама жеммен емін - еркін азықтандырылады.
Құрама жемдегі протеин мөлшерін арттырып, энергетикалық протеинді қатынасты азайту жолымен үйрек етінің құрамын белгілі бір дәрежеде реттеу мүмкіндігін тәжірибелер дәлелдеді. Құрама жемде шикі протеин мөлшерін арттырып, протеинді бір мезгілде арттырған кезде 7-8 пайыз азайтуға мүмкіндік береді.
Ересек қаздардың рационында каротин мен В тобындағы витаминдер жеткілікті көк шөптің үлкен мәні бар. Рационға сондай-ақ құстың жұмыртқалауына және жұмыртқалардың инкубациялық сапаларына оң әсер ететін түрлі қосымшалар енгізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz