Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
Қошқарларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған

Орындаған 5B120200 - Ветеринарлық санитария
мамандығының 3курс 311 топ студенті
Каниева Асылзат

Тексерген: Ветеринария ғылымының магистрі,
ассистент Құдайбергенова Жадыра

Алматы 2015

Курстық жұмыстың жоспары
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2.1.2 Көлемді- жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі,
ғимарат көлемі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2. Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық
талаптар (қый сақтағыш, өлексені
утильдейтін орын және т.б.) және
олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу. ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3. Ауылшаруашлық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын
санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал
азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық
сапасын сақтайтын шараларды белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.4. Суға және су көзіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (ішетін
суды санитарлық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды
залалсыздандыру) және оның санитарлық сапалылығын сақтау
шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.5. Малды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-
гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу
балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және
оларды жетілдіру шараларын белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.6. Мал шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық
аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық-гигиеналық
шараларын белгілеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3. Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34


Реферат

Жұмыс: 35 беттен, 13 кестеден, 2 суреттен, 1 схемадан тұрады
Түйін сөздер: Өнімдік көрсеткіш, биотермиялық шұңқыр, дезинфекция, рацион, микроклимат, витамин, смета, дератизация, дезинсекция және т.б.

Кіріспе
Еліміздің экономикасын көтеру мен халықтың әл-әуқатын күшейтуде қой шаруашылығының алатын орны ерекше. Себебі Қазақстан жағдайында бұл саланы өркендету үшін толық мүмкіншілік бар: табиғи жайылым молдығы, халқымыздың осы малды өсіруде жинаған тәжірибесі және т.б. Қазіргі кезде қой басын көбейту мен оның тұқымын асылдандыру бағытында елімізде көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Қой шаруашылығы жекешеленген жағдайда бүгінгі күнде бұл салада көңіл аударoарлық мәселелер жеткілікті: қойды өз деңгейінде күтіп-бағуды ұйымдастыру, дұрыс жайып азықтандыру, жылы да әрі жайлы қоралармен қамтамасыз ету, гигиеналық, экологиялық талаптарды сақтау және т.б.
Қой шаруашылығында жасы мен жыныстық құрамына қарай (малды күтіп-бағудың қабылданған технологиясына сәйкес) мынандай топтарға бөлінеді: қошқар мен жастан жоғары сынаққа түсетін қошқар, қозысы бар бөлінгеннен кейін ұрықтандырылмаған бойдақ саулық, буазданудың бірінші және екінші жартысындағы саулықтар, қозысын бөлгенге дейін емізіп жүрген саулықтар, туғаннан бөлгенге дейінгі қозылар, тоқтылар мен тұсақтар етке ткізілетін ісектер, бордақыға қойылған қойлар
Қошқар - жыныстық қуаты жетілген еркек қой. Ол 4 - 5 айлығында жетіледі. Осы кезден бастап ұрғашы тоқтылардан және саулықтардан бөлек, жеке бағылады. Олардың арасынан күйекке салуға жарамдылары іріктелініп, ерекше күтімге алынады да, 1,5 жасынан бастап саулықтарды ұрықтандыруға пайдаланылады. Асыл тұқымды қошқардың тұқымдық сапасын анықтау 1 - 4 айлық немесе 1 жасар кезден бастап жүргізіледі. 1,5 - 3,5 жасар аралығындағы қошқарды 80 - 100 саулыққа салуға болады. Ересек қошқар күніне 2 - 3 рет ұрық береді. Саулықтарды қолдан ұрықтандыру кезінде (45 тәулікке жуық) бір қошқардың ұрығы 400 - 500 саулықты ұрықтандыруға жетеді. Тұқымдық қошқар 7 - 8 жасқа дейін күйекке салынады.

Негізгі бөлім
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигеналық норма мен ветеринарлық - санитарлық талаптарға сай жобалауға , салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет .

2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады . Құрылыс салу және қалпына келтіру үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған келісім негізінде жобалау мен зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны , оған қоса келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы , заказ берушінің осы жұмыстарды қаржыландыру туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы деректерді беретін график көрсетілуі тиіс.
Құрылысты бастамас бұрын нысанды жобалау үшін бөлінген қаржы есебінен құрылыс салу үшін жобалау - зерттеу жұмыстарының алғашқы тізімі болып табылады.
Жобалау - құрылыс салудың алғашқы да маңызды кезеңі. Сондықтан да жобалауды ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін , сондай - ақ құрылыс басталар кезде және ол іске қосылар кезде технологиялық және өндірісті ұйымдастыру жағынан , механикаландыру , жарықтандыру , сол сияты архитектуралық - жоспарлау шешімінің дәрежесі , құрылыс конструкциясы жағынан артта қалып қоймастай етіп олардың даму келешегін ескере отырып жасаған жөн . Мал шаруашалығы кәсіпорындарының , ғимараттары мен басқа құрылыстарын жобалауды жобалау мекемемелері жүзеге асырады. Ал тапсырма беруші - сол құрылысты салғызуға құқығы бар ұйым . [5.]
Мал қораларын жобалап және салу кезінде аса көңіл бөлетін жағдай, онда орналасатын малдарға қолайлы жәні мал азығын үнемдеуге, технологиялык, процесстерді (желдету, азықтандыру, көң шығару т.б.) механикаландыруға, мал дәрігерлік, архитектуралық және өрттен сақтандыру ережелеріне сәйкес келетіндігін бақылау. Сондықтан, мал қораларын жобалау және оны салып тұрғызу кезінде мал мамандарының қатысуы міндетті болып есептеледі. Себебі олар құрлысқа қолайлы жер тандау, оған да керекті жобаны таңдап алу, керек құрылыс материалдарының гигиеналык, қасиеттеріне қарап, алмастырмай пайдалануын, аяқталған объектілерді дер кезінде қабылдауды т.б. қадағалаулары қажет.
Яғни мал мамандары жобалаудың және құрылыс салудың негізгі нормативі құжаттарын білулері, құрылыс сызбаларын, олардың белгілерін ажыратып оқи алулары керек. Сондықтан болашақ мал мамандарына алғашқы бастан қораларды жобалап салудың негізгі нормативті құжаттармеі танысу болып есептеледі.
Мал қораларын салу үшін типті (біркелкі) және жекелеме (индивидуальды) жобалар пайдаланады. Бір объектіні тұрғызуға ғана арналған жобаны - жекелеме жоба деп атайды. Олар ерекше халықтық (музейлер, театрлар, спорт үйірмелері, өндіріс орындары т.б.) құрлыс объектілерін салуға арналады. Ал басқа объектілер (тұрғын үйлер, мектеп - бала бақшалары, мал қоралары т.б.) көп тараған типті жобалармен салынады.
Сондықтан типті жоба деп - конструктивті шешімдері жақсартылған, индустриализациялау және экономикалық талаптарға сәйкестірілген бір емес бірнеше рет қайталап салатын құрылыстарға пайдалануға болатын жобаны айтады.
Типтік жобаларды табиғат және климаты әртүрлі аймақтарға арнап дайындайды, бірақ олар құрылыс салынатын жерлерге байланыстырып жасалмайды. Сондықтан әрбір типтік жобаны, көбінесе салғызушы, мал мамандары салынатын жерге байлаулары қажет, яғни, ол объектіні жер бедеріне, жарық, жел бағытына, басқа өндіріс орындарына, электр, жылу жүйелеріне, жайылым, азық қоры, су көздеріне байла - ныстырып құрлыстың іргетасын құру.
Онымен қоса типтік жобаны құрылыс салуға пайдалану, оны жобалауға кететін уақытты үнемдеуге және құрылыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Типтік жобалар объектілерді түрғызуға көбінесе зауаттарда дайындалған, размерлері мен типтік размерлері азайтылған бөлшектерді (конструкцияларды) пайдалануға қолайлы болады.
Кейбір жағдайларда (қораның құрылыс материалдарының қасиеттерінің қорада малдарды ұстау жүйелерінің- бос ұстау, байлау, клеткада ұстау т.б.) малдардың организміне және олардан алынатын өнімнің сапа-санына нендей әсер ететіндігін зерттеу үшін экспериментал (тәжірибе) жобалар жасалады.
Ондай жобалар белгілі бір уақытқа дейін (тәжірибе мезгіліне байланысты) пайдаланылады да, одан соң пайдалы, жарамды болса типтік жобаға айналдырып көптеп шығарады, ал пайдасыз, жарамсыз болса, айналымнан шығарып тасталады.
Жоба күрделілігіне (объектінің) қарап бір немесе бірнеше альбомдардан тұрады. Неғұрлым күрделі болса, солғұрлым жоба көп альбомды болады, ал жобаның құрамы туралы түсінік әр альбомның алдыңғы бетіне үлкен әріппен жазылып көрсетіліп отырады.
Әр жобаның үш негізгі бөлігі болады.
1. Анықтама хат.
2. Жұмыстық сызбалар (құрлыс, архитектуралы сызба)жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып,
3. Сметалык, документ (ағалық құжаттар).
Өте күрделі объектілердің жобаларының әр қүрлі архитектуралары сызбаларында да осындай үш бөлімдер болуы мүмкін.
Жобамен танысу барысында ең бірінші оның анықта хатын оқып талдау жасау қажет. Өйткені, жобаның анықта хаты оның негізгі түсінік беретін бөлімі болып есептеле Анықтама хаттың маңызы - ол жобаның барлық бөліг технологиялық процесстері мен конструктивті шешімдеріне толықтай түсінік береді.
Қораны жылыту, желдету және ауа құрамын жақсарту шараларын, ондағы температура, ылғалдылық және зиянды газдардың артық мөлшерін қалыптастыру жолдары есептеп шығарылады. Ол қорадан әр сағатта қанша ауа шығарылып (немесе кіргізіліп) отыруға, жылдың қай мезгілінде қандай жылыту көздерін пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Объектіні сумен қамтамасыз ету және көң тазалау, сақтау, заразсыздаңдыру қалай жүреді, оған тәулігіне қорада тұратын уақытына, мал басына байланысты қанша су керек және оның қоры қандай, қалай анықтайды т.б. қаралады.
Құрылысты салуды ұйымдастыру бөлімінде де оларда жүргізілетін жалпы жұмыстардың түрлері, оларға қажет жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып, үйрету жолдары, қай бөлігін қай мезгілде салып, қай уақытта пайдалануға қосу керектігін т.б. көрсетіледі.
Объектілерді тұрғызуға арналған жобалардың негізгі бір бөлігі болып сметалық құжаттар (смета) есептеледі. Сметаның бағасы жобалық тапсырмаға байланыстырылып бекітіледі. Смета - жоба тапсырмаларына негізделген ауыл шаруашылық комплекстері мен жеке фермалары, басқа объектілерді салу олардың бөлшектерін және жабдықтарын дайындау (немесе сатып алу) үшін кететін шығынды көрсететін нормативтік құжат болып саналады.
Смета - жоба жасауға тапсырма алу кезеңінде жасалып ол жұмыс чертежі бойынша бекітіледі де, құрылыс мекемелерінің өнімдерінің шығару бағасы, яғни әрбір істелген құрылыс жұмысына, әр объектіні жабдықтауға кеткен шығынның мөлшерін көрсетуге арналған болып саналады. Ерекше атап айтуға тура келетін мәселе - сметадағы дұрыс жасалмаған баға - шаруашылықтың зиян шегуіне апарып соғады. [8.]

Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
Ветеринария мамандарымен мал өнімдерін өндіретін технологтар жобалау мен құрылыс салуға сол сияқты оларды қабылдау мен пайдалануға беру ісіне бақылау жасап отыруға міндетті . Бұл жерде олар жобалық шешімдерді қабылдаудың пайдалылығын және жасалған смета дұрыстығын қадағалайды . Жобаларды сараптан өткізудің мақсаты мынада : малдың денсаулығын қорғауға және өнімділігін артыруға бағыталған ветеринарлық - санитарлық және зоогигеналық талаптарды қатаң сақтай отырып жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету , фермаларды індеттен және басқада аурулардан сақтау , жұқпалы ауруладың алдын - алу және мал өлімінен сақтандыру, ветеринариядағы ауыр еңбекті механикаландыру , сол сияты қоршаған ортаны қорғау , ағын суларды өндірістік қалдықтардан ластанудан сақтау .

Құрылыс салатын жерге қойылатын ветеринарлық - санитарлық талаптар

Қошқар шаруашылығына арналған құрылыстар салынатын участок мына талаптарға сай келуі тиіс:
1) Ол құрғақ болуы керек, рельфі кедір-бұдырсыз, жаңбыр суы мен қар суы ағып кетерліктей сәл ылдилау болуы керек. Ыза суы жер астында мүмкіндігінше терең жатқаны дұрыс;
2) Участок шаруашылыққа, ішуге, өндіріс мұқтажы мен өртке қарсы мұқтажға керекті жақсы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі керек;
3) Жайылымға жақын жерде болуы керек, мұнда қошқарларды өріске, суатқа айдайтын жол темір жолдары, автомобиль олдарын және батпақты жерлерді басып өтпейтін болуы керек. Құрылыстың ең жақын жолдан қашықтығы кемінде 300 метр болуға тиіс;
4) Жердің ылдилығына қарағанда участок тұратын және мәдени-тұрмыс үйлерінен төмен, малдәрігерлік - емдеу құрылыстарынан жоғары болуға тиіс, ол жел үнемі соғатын жағынан қарағанда - тұрғын және мәдени-тұрмыс үйлердің ығында, малдәрігерлік - емдеу құрылыстарының жел жағында болуға тиіс. [7]

2.1.2 Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері ( ені, ұзындығы) кеңдік ғимарат көлемі.
Қошқар қораларының сиымдылығы малдәрігерлік - зоотехниялық талаптарға, ферма мен отардың көлеміне сәйкес белгіленеді.
Қошқар қораларын табиғи жасанды жайылымдардың маңайында орналастырылуы керек. Қошқар қораларының сиымдылығы 1500 басқа дейін орналастыруға арналады. Қошқар қораларын көбінесе төртбұрышты Г - немесе П - әріптеріне ұқсас қылып салады. Бұл қоралардың сыртқы бұрышы жел өтін азайтып және қора ішінің суып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, желдің басым соғатын жағына қаратып орналастырады. Ал ық жағынан биіктігі 1,5 м дейін қоршау жасап, малдардың серуендеп азықтанатын алаңын қалдырады. Олардың ішіне қатаң азықтарға және жемге арналған науалар қойылады. Қорадағы әр басқа арналған орындардың размері әртүрлі болып, олардың жасына, жынысына, ұстау тәсіліне, өніміне және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Олардың бір жақ басына азық және құрал-жабдықтарын қоятын бөлме қалдырады. Қора екі отар қойға арналған болса, оның екі басына да ондай бөлмелер қаралады
Әр түрлі типті қораларында қойларды орналастыру кезінде бір басқа шаққандағы еденнің ауданы саулықтарға көктемде қоздағанда - 1,0-1,2 м², қошқарларға жекелеме ұстағанда - 3-4 м², топта - 1,5-1,7 м².
Қошқар қоралардың планы үш бөліктен түрады. Бірінші бөлігінде негізгі қошқарлар тұратын жекелеме немесе топтық клеткалар орналастырылып және олардан ұрық алып, оның сапасын тексеретін манеж қаралса, екінші және үшінші бөлімдеріне байқау-қошқарлары мен ремонт (өсім) жас малдарга арналған секциялар қойылады.

Сурет 2.1.2-1. Қой қораларының схемасы
Сыртқы орташа температурасы минус 20 градустан төмен болмайтын аймақтарда қошқар қораларды екі немесе үш жағынан жабылған күрке типтес, жергілікті арзан материалдардан, талдан тоқылған "катондар" салынады. Олардың бір басқа шаққандағы орташа ауданының мөлшері 0,5 м.кв., ал бір жасқа дейінгі тоқтыларға 0,3-0,4 м.кв. келеді. Қошқар қораларының ық жағынан малдарға азық, су беріп, күн ашық күндері серуендету үшін қоранікіне қарағанда екі есе үлкен ауданы бар ашық алаңдар қаралады. Қошқар қораларының еден бетінен (0,00) төбенің салбыраңқы жеріне дейін биіктігі 1,8 - 2,4 м болуы керек, кейбір қоралардың төбесі шатырсыз көлбеу жабылған кезде сыртқы қабырғаларының биіктігін төмендетуге рұқсат етіледі. бірақ қабырғаның биіктігі 1,2 метрден темен болмауы керек. Қошқар қораларының бөлшектері басқа малдардың қораларымен салыстырғанда арзан, жергілікті материалдардан болуы қаралады. Ішкі бөлшектердің беттері (жүн шығыны болмау үшін) ілгіш, кедір-бұдыр болмағаны (1,0-1,2м.) ескеріледі.
Қораның едені тайғанамайтындай етіп жасалған . Ол ылғал өткізбейтін , зәр , садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатындай болуы керек. Едендерде енкіштігі жем - шөп , қи шығаратын жолға қарай әр
1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек . Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейнгі биіктік 1,8- 2,1 м болуы керек .
Қошқарларға арналған қораның қабырғасын тақтайдан , шикі кірпіштен жасаған дұрыс. Ал шатырын өртен сақтану мақсатындан саз балшықтан жасайды. Ал еденді балшықтан жасайды . [5]
Кесте 2.1.2-1. Қоралардың размерлері
Малдар тобы
Қоралар және малдарды орналастыру тәсілдері
Бір басқа шаққандағы ферма размері, м.кв

Тауарлы
Тұқымды
1
2
3
4
Қошқарлар:
а) Негізгі аталық
қошқарлар
Қошқар қоралары немессе жасанды ұрықтандыру пункті
Жекелеме клеткада
3

4

б) Ремонтты немесе
байқау (тексеру) қошқарлар

Топты клеткада немесе секцияда
2,0

-

Қой қоралар:
а) Қозылы аналық қыста, ерте жазғытұры қоздату кезінде
Секцияда

1,8

2,0

б) Қозылы аналықты
жазғытуры қоздату кезінде
Секцияда

1,0-1,2

1,2-1,4

Ісек қойлар
Қораларда
0,8-0,9
-

2.2. Вет- санитарлық нысандарға қойылатын зоогигеналық талаптар
( қи сақтағыш , өліксені утилдейтін орындар және т.б) және оның беріктілігін сақтайтын шаралар

Малдарды ұстайтын орындарда қиды (несеп, нәжіс) қорадан дер кезінде шығару үшін құбыр пайдаланылады. Нәжіс еденнен ағып кетуі үшін едендердің еңкіштігі 2-3 см, ұзындығы 1 м болуы керек.
Нәжістер - нәжіс науаларынан приципортерлердің көмегімен тазаланылады.
Төсеніш және қиды сақтау. Әдетте төсеніш ретінде қыстық сабан, құрғақ ағаш үгіндісі, шымтезек қолданылады.
Тәулігіне алғандағы төсеніш мөлшері қошқарлар үшін 0,3-0,5 кг.
Құрғақ ағаш ұнтағының ылғал сыйғызғыштығы жоғары, бірақ тыңайтқыштық сапасы төмен болады.
Қиды сақтау үшін ферма маңындағы және далалық қи сақтағыштарды қолданады. Далалық қи қоймаларын бөлім - бөлім етіп, жобалайды және оларды тыңайтатын алқапқа жақын жерде орналастырады. Ферма маңының өи сақтағыштары тереңдетілген, қи сақтағыш тереңдігі - сұйық қи үшін 5 м-гедейін, ені - кем дегенде 12-20 м, тайқы жері және түбі қатты материалдан болуы керек.
Жер бетіндегі қи сақтағыштарды фермаға жақын (фермадан 60-100м) орналастырады, тереңдігі 1,5-2 м түбі су өтпейтіндей болуы тиіс
Қи сақтағышты жабдықтаған кезде бір малдан тәулігіне түсетін нәжіс пен несеп мөлшерін еске алған жөн.

Кесте 2.2-1. Қошқардан бөлінетін нәжіс пен несеп мөлшері

Несеп, л
Нәжіс, кг

Қошқар

2,5

4

Сұйық көңді және қою көңді дала аймағында тасу техникалық немесе санитарлық жағынан шектелсе, онда оларды арнайы көңсақтағышта сақтайды.Көңсақтағыш конструкциясы ,оның сыйымдылығы және орналасу орны көңді шығару технологиясына ,гидрогеологиялық көрсеткіштерге,малды ұстау әдістеріне жатады.
Төсеніш материалы қосылмаған нәжістен тұратын қиды салу (төсеу) үрдісінде сабанмен, шымтезекпен, ағаш үгіндісімен 4:1 есебімен араластырады. Құрғақ қиды өи садырасымен немесе сумен 1 куб метріне 50 л есеппен дымдайды. Қаланып салынған қиды бір ай ұстайды. Қалалсыздандырылмаған қиды тыңайтқыш ретінде және басқа штабельдерді жабу, қалау үшін қоолдануға болады. [10]

Мал өлікселерін жинау және жою

Мал өлекселерін, әсіресе жұқпалы аурудан өлген малдың өлекселерін дұрыс жинау және жоюдың қоршаған ортаны қорғау үшін маңызы зор.
Өлген малдардың өлекселерін белгілі орынға тасымалдағанда ллардан сұйық топыраққа, жолға, азыққа, сууға ақпауын және өлексеге шыбындардың қонбауын қадағалау керек, өйткені шыбындар жұқпалы ауру таратушы болып саналады.
Өлексені аранйы жабдықталған арба, автомобильдермен тасымалдайды. Олардың қорабы жақсы жабылатын, сұйық өтпейтін, түсіруге, тазалауға, залалсыздандыруға ыңғайлы жәшікпен жабдықталады. Мал өлекселерін арнайы салынған мал қорымына жеткізеді. Мал қорымы терең қазылған болып және оның айналасы биік қашамен қоршалып, тұрғылықты жерден, мал қоралары, жайылымынан өзен-сулардан 1 км қашықтықта арнайы, құрғақ, деңгейі көтеріңкі, жер асты суының деңгейі төмен жерден тағайындалады.
Мал қорымының қақпасы, оған бөгде адамдар мен малдар кірмес үшін әрқашан да құлыпта болуы керек.
Мал өлексесіне ұзындығы мен тереңдігі 2 м, ал ені 1 м етіліп шұңқыр қазылады. Мал қорымын алып жатқан аймақ, басқа шаруашылық мақсатында ешқашан да пайдаланылмайды. Өлген малды жоюдың ең жақсы және берік тәсілі утиль зауыттарында техникалық шикізаттарға өңдеу болып табылады. Автоклавтағанда кез келген патогенді микроағзалардың спора түзейтін түрлері жойылады.
Мал өлекселерін жоюға арналған тағы бір әдіс - ол биотермиялық шұңқыр. Биотермиялық шұңқырды салу үшін фермадан алыстау, аумағы 594 м3 жер тағайындалып, биіктігі 2 м қоршаумен қоршалады. Қоршаудың ішкі жағынан тереңдігі 10 м, диаметрі - 3 м шұңқыр қазылады, оның қабырғалары кірпішпен өрілуі немесе бетондалған болуы керек. [4]

Схема 2.2-1. Мал өлекселерін утильдейтін орындар

2.3. Ауылшаруашлық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау ) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу

Жануарларды азықтандыру барысы қажетті қоректік элементтер мен қамтамасыз ету олардың потенциалдық мүмкіндігін дамыту, шартты түқымдық өнімділігімен денсаулығын нормалау мақсатында іске асырылады.
Азықтандыру нормалары - қошқарлардың бір тәуліктегі жейтін азығы мен аса маңызды қоректік заттарды қажет етуі. Қошқардың негізгі қорек ететіні - өсімдік тектес азықтар. Азық балансында көк шөп оның өнімдері (пішен, пішендеме, сабан, сүрлем, шөп ұны) қошқардың негізгі жейтін азығының 85-90% , ал жем-10-15% құрайды.
Азықтандыру нормасын белгілегенде қошқардың салмағы, жасы, тұқымы, сонымен қатар организмнің физиологиялық халі еске алынады.

Кесте 2.3-1. 2 жастан жоғары қошқарларды шағылыстыруға салмаған кезде азықтандыру нормасы
Тірілей салмағы
(кг есебімен)
Азық өлшемі
(кг есебімен)
Сіңімді протеин
(г есебімен)
70
1-1,25
100-120
80
1,2-1,4
115-140
90
1,3-1,5
135-150
100
1,4-1,7
140-165

Кесте 2.3.-2. Қошқарларды азықтандырудың үлгі рациондары
Мал азықтары
Бірқалыпты шағылыстырғанда
Қалыптан тыс шағылыстырғанды

Қошқарларға азық (кг) мына мөлшерде беріледі, олардың тірілей салмағы:

60
80
100
60
80
100
Далалық жақсы пішен
1,3
1,6
1,8
1,2
1,2
1,4
Сұлы
0,1
0,2
0,3
0,1
0,3
0,4
Тары
0,2
0,2
0,3
0,1
0,3
0,4
Күнжара
0,3
0,3
0,3
0,5
0,5
0,4
Асханалық сәбіз
0,2
0,2
0,2
0,4
0,4
0,5
Қаймағы алынбаған сүт
0,5
0,5
0,5
2,0
2,0
2,0
Жұмытқа
-
-
-
5дана
4дана
3дана
Преципитат (сүйек ұны)
0,01
0,01
0,01
0,01
0,01
0,01

Қошқарларға арналған азықтар сапалы болып, ас қорыту жүйелерінің ауруларына ұшыратпайтын, әсіресе ұнтақты азықтар тыныс жолдарына тұрып, өкпесіне кетіп, әртүрлі ауру тудырмас үшін дымқылдап берген дұрыс. Ас тұзы мен зат алмасу процесстерінің жұмысын бұзып уланбас үшін, тәуліктік мөлшерін ірі қошқарлар үшін - 10-15 г, қозыларға - 5-8 г аспауы керек. [1.67-72]

Сурет 2.3-1. Қошқарларды азықтандыру сәті

И. С. Попов пен Г. А. Окуличевтар (1934 ж.) туңғыш рет қошқарларды азықтандырудың ғылыми негізделген нормасын ұсынды. Олардың көп жылғы жүргізген ғылыми зерттеулерінде мыналар анықталған.
Рациондағы әртүрлі азыктардың қошқар ұрығына тигізетін әсері:
а) рациондағы сұлының орнына тары, арпа және жарма, жем беруге болады;
б) күйек алу кезінде белокты азықтар, мәселен, кунжара қосып арпа беруге
болады;
в) дәнді дақылдарды таза күйінде емес, күнбағыспен және кебекпен араластырып
берсе ұрық сапасына жақсы әсер етеді;
г) күйек алу кезінде барлық басқа азыққа қараған - да, тарының азықтық
қасиеті жоғары болып шыкқан. Тарымен азықтандырған кезде ұрық
сапасы жақсарып, қоюланғаны байқалған.
Рациондағы белок мөлшерінің қошқар өніміне тигізетін әсері:
а) рационда белок көбейсе қошқардың, өнімділігі, төзімділігі және жыныс
белсенділігі артады;
б) рациондағы белокты жалпы сан жағынан және азық өлшеміне есептеп
ұлғайтуға байланысты, ұрық өкімі мен сапасының да артқаны байқалады.
Бір азық, өлшеміне шаққанда күйек алу кезінде жақсы нәтиже беретін
белок мөлшері 95- 120 грамм аралығы;
в) күнарлы жемшөптегі белок шығын салыстырған кезде, 1 мг ұрыққа 25 -- 37
грамға дейін белок жұмсалған.
Қошқарларды жайып бағудың және азықтандырудың мынадай жұмыс тәртібі белгіленген:
Қолда баққанда.
6 сағат 30 минуттан - 7 сағатқа дейін - суару
7 сағаттан - 7 сағат 30 минутқа дейін - жем беру
7сағат 30-минуттан - 9 сағатқа дейін - пішен беру
9 сағаттан-13 сағатқа дейін- сүрлем беру және күндіз жусату
13сағаттан - 13сағат 30 минутқа дейін- жем беру
13 сағат 30 минуттан- 14сағатқа дейін - жаю, өріске шығару
17сағаттан -18 сағатқа дейін - пішен беру
18 сағаттан - таңғы сағат 6-ға дейін - түнде қорада ұстау.
Жайып баққанда(шағылыстырмайтын кезең).
Таңғы сағат 4-тен - 4сағат 30минутқадейін - суару және жем беру.
4 сағат 30минуттан - 9сағатқа дейін - ертеңгі жаю.
9 сағаттан -16 сағатқа дейін - күндіз жусату
16 сағаттан -20- сағатқа дейін - суару және кешке қарай жаю
20 сағаттан - таңғы сағат 4-ке дейін - түнгі қоралау.
Көктем, жаз айларында қошқарлар шөбі шүйгін, жақсы жайылымда бағылып, қажет болса үстемелеп жем беріледі. [3]

Кесте 2.3-3. Жайылым шөбінің химиялық құрамы (табиғи ылғалдылық күйіне)

Жыл
Маусым
Жайылым шөбінің химиялық құрамы

ылғалдылық, %
протеин, %
май, %
клетчатка, %
АЭЗ, %
күл, %
кальций, гкг
фосфор, гкг
каротин, мгкг
2011
көктем
72,1
3,8
1,0
8,4
11,5
3,2
2,45
0,62
48

жаз
43,7
5,4
2,3
18,1
24,0
6,5
6,57
1,66
21

күз
47,2
5,2
2,4
18,1
20,8
6,3
6,12
1,27
21

қыс
46,1
3,2
1,3
19,3
23,3
6,8
6,87
0,81
9
2012
көктем
64,1
3,0
0,9
12,4
14,0
5,6
2,32
0,67
19

жаз
37,4
4,5
2,6
24,2
23,8
7,5
4,73
1,18
8

күз
41,6
4,6
2,0
21,4
23,6
6,8
5,33
1,22
5

қыс
42,0
2,2
1,4
23,4
23,0
8,0
6,31
0,86
-
2013
қыс
40,5
2,0
1,3
25,0
23,0
8,2
6,08
0,90
-

көктем
72,8
3,9
1,4
7,9
11,7
3,3
2,28
0,74
49

Еліміздің қай аймағында да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Күркетауық балапандар
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
Қораны жарықтандыру
Қабандар (шошқа)
Мегежіндерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Биелерге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары жәнеоларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
Торайларға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Пәндер