Сұқпалы суық қарулар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Бұл тақырыптың өзектілігі: Қылмыстық іс-әрекеттерді қатесіз саралауда
заттық дәлелдемелерді суық қаруға жатқызу мәселесін дұрыс шешу ерекше орын
алады. Суық қарулардың әр қилылығы мен конструкциялардың ерекшеліктері
криминалистикалық баға беруде арнайы біліктілікті талап етіп, ал көптеген
жағдайларда мұндай мәселелер криминалистикалық сараптама көмегімен ғана
шешіледі. Қазіргі уақытта суық қарудың криминалистикалық зерттеуі туралы
мағұлматтар бар әдебиеттер өмір талабынан артта қалыңқырап, кейбір
нұсқауларда кереғарлықтар мен даулы негіздер пайда болып, қазақтың ұлттық
суық қаруы туралы мәліметтер мүлдем болмай, ал суық қарудың лақтырылатын
үлгілерін зерттеуге қатысты сұрақтар жеткіліксіз қарастырылып отыр. Осының
бәрі құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде бірқатар қиындықтарға
әкеп соғады.
Зерттеудің мақсаты мен мәселелері: Осы дипломдық жұмыста, суық қару
туралы криминалистикалық ілім криминалистикалық техниканың дербес саласы
ретінде орын алып, оның ішіне жаңа көзқарасқа сай суық қарудың
криминалистикалық түсінігі, жіктеме жүйесі, сот сараптамасы және тергеулік
тексеру шеңберіндегі суық қару криминалистикалық зерттеуінің
әдістемелерінде арнайы білімдерді пайдаланудың негізгі қағидаларын
құрастыру мақсатын көздеген. Дипломдық жұмыстың шамалы мөлшері суық қару
туралы криминалистикалық ілімнің барлық мәселелерін жаппай талқылап шығуға
мүмкіндік бермегендіктен, мұнда тек қарастырылып отырған тақырыптың
түбегейлі сұрақтарына негізгі бағыт беретін мағлұматтар енгізілген.
Аталмыш дипломдық жұмыс суық қару мәселелері бойынша
криминалистикалық әдебиеттерде байқалып жүрген нақтылы кереғарлықтар мен
жетіспеушіліктерді толықтыруды және бүгінгі күнге дейін жинақталған
сараптамалық тәжірибе мен теориялық материалдарды біріктіруді көздейді.
Зерттеу объектісі: Суық қару және оны қолданудан қалған іздердің
криминалистикалық ілім құрлысына енетін элементтер қатарына, суық қару
түрлерінің конструктивті-техникалық мәліметтері және қолданудан қалған
іздері туралы мәселелер, сонымен қатар тергеуші, сот, сарапшы, мамандар
арқылы суық қаруды зерттеу әдістемесінің мәселелері жатады. Суық қару
туралы криминалистикалық ілімнің өз заты, объектісі және әдісі бола тұра,
біртұтас құрлысы мен танымал тәуелсіздікке ие болғандықтан,
криминалистикалық техниканың дербес саласы бола алады. Сондықтан да оның
ішіне, суық қару туралы криминалистикалық ілім затының құрастырушы бөлігі
ретінде суық қару зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу мәні: Әрбір суық қаруға жататын объект өзінің конструкциялық
жағынан тірі не басқа да нысананы тікелей жанасу және арақашықтықта
зақымдау мақсатын орындау керек. Бұл мақсатты әрқилы суық қару түрлері
өздігінше іске асырады. Мысалы, Д.П. Рассейкиннің айтуынша, қысқа сұқпат
(Сұқпа деген "клинок". Осылайша, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30-
желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау
жасау туралы" Занында "клинок" - "сұқпа" болып, "лезвие" - "жүзі" болып
аударылған.) қарулардың, орташа күш жұмсаған кезде адам денесіне кіріп кету
мүмкіндігі болу керек. Ұзын сұқпалы қару көмегімен жоғарыда аталғаннан
басқа, адам мүшелерін бөлектеуге, басын шауып тастауға болады. Ал ұрып-
сындыратын қарулар арқылы адамды қатардан шығаратыңдай дене мүшелеріндегі
сүйектерді сындыра алатындай ұру керек. Осыдан байқайтынымыз, нысананы
зақымдау әрекеттері суық қаруға жататын объектілердің тікелей өзімен
келтіріліп отыр.
Зерттеу әдістері: Біздің ойымызша, заңдылық қағидаларын сақтай
отырып, жоғарыдағы мәселелерді тәжірибелік және теориялық аспектілерде
дәлелді шешілуін қамтамасыз ету үшін заңда қолданылатын "суық қару"
түсінігінің өлшемі мен мазмұнына талдау жасаған дұрыс. Бірақ зандылық
принципін қаншалықты сақтасақ та, талдау сынсыз болмайды. Өйткені теориялық
талдау мақсатына тергеу, сот және сараптама практикасымен бірге, заң
шығарушы практикасы да жатады.
Ғылыми жаңалығы: Біз бұл дипломдық жұмысты зерттеу барысында қарудың
жалпы тарихын, оның даму кезеңдерін, қазіргі кездегі түрлері мен
ерекшеліктерін ашуымыз осы жұмыстың негізгі жаңалығы болып табылады.
Ал осыған дейін әдебиеттерде сирек немесе мүлдем қарастырылмаған,
арбалет сияқты лақтырылатын суық қару, конструкциялық жағынан мынадай
негізгі бөлшектер мен механизмдерден тұрады:
-адырнасы бар садақ (лук, дуга с тетивой);
-жебе бағыттайтын науасы бар (желобок) және ұстап тұрып, жіберіп
қалатын механизмдері орналасқан, қаңқа;
-иық тірейтін дум (приклад) немесе тапанша типтес сап;
-адырна тартатын механизм немесе қолмен тартқанда аяқ тірейтін
үзеңгі;
-көздеп атуға арналған құрылым (оптикалық, диоптриялық немесе
лазерлік).
Жоғарыда айтылғандарды қорытыңдылай келсек, әрбір суық қаруға жататын
объект құрылғыдан (материалды-техникалық қасиет) құрылып, жанды немесе
жансыз нысаналарды зақымдау мақсатына бағытталады.
Жоғарыда берілген анықтамалармен қоса, нысананы зақымдау белгісі
басқа да бірталай ғалымдардың берген анықтамаларында атап өтілген. Мысалы,
"нысананы зақымдау белгісі", А.М. Герасимов және А.Н. Астаповтың суық
қаруға берген анықтамасында орын алып отыр. Сонымен қатар, 1998 жылғы 30-
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жекелеген қару түрлерінің
айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңының 1-бабында келтірілген
суық қару анықтамасында да осы "суық қару - нысананы тікелей зақымдайтын
құралы адамның қимыл-күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару" деген
белгі көрсетілген.
Зерттеу құрылымы: бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қоытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізеледі, тақырыптың
зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу
жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы
көрсетіледі.
Бірінші бөлімде Суық қару туралы криминалистикалық ілімнің түсінігі
мен криминалистикадағы орны, суық қарудың криминалистикалық түсінігі мен
белгілері және суық қарудың жіктеме жүйесі мен қазақтың ұлттық суық қаруы
жан жақты талдау жасауға тоқталдық.
Екінші бөлімде алдын-ала зерттеудегі объектіні тергеулік тексеруден
өткізу технологиясы мен объектінің суық қаруға, оның түріне және үлгісіне
жататындығын анықтау және суық қаруға жатады-ау деген объектілерді
криминалистикалық зерттеуден өткізудің ерекшелектері сипаттама берілді.
Соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
берілді. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.

1 СУЫҚ ҚАРУ ТУРАЛЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Суық қару туралы криминалистикалық ілімнің түсінігі мен
криминалистикадағы орны

Криминалистикалық әдебиеттерде суық қаруды зерттеудің теориялық
мәсеселерінің атүсті қарастырылуы біздің ойымызша, оған аз көңіл
аударғандықтан болып отыр. Мысалы, 1995 жылғы В.А. Образцов, М.П. Яблоков,
Т.А. Седова және А.А. Эксархопуло редакциясымен шыққан "Криминалистика"
оқулықтарында суық қару мәселелері мүлдем қарастырылмаған. Осыған
байланысты, заң ғылымының докторы, профессор Р.С. Белкиннің "Холодное
оружие. Криминалистическое учение" деген А.С. Подшибякиннің монографиясына
жазған алғысөзде келтірілген ойымен келіспеуге болмайды: "... эмпирикалық
сипаты бар, санаулы жұмыстарда ғана, суық қару мәселелері қарастырылған. Ал
шын мәнінде, бұл мәселелерді шешудің теориялық негізі мүлдем
жетілдірілмеген, не сараптама тәжірибесінің мәселелерімен атүсті, үзінді
түрде түсіндірілген"[60].
Суық қару туралы криминалистикалық ілім өз алдына бөлек
криминалистикалық техниканың тиісті бір бөлімін құрасын деген, А.С.
Подшибякин позициясын толық мақұлдап, ол жайлы келтірген көз жетерлік
дәлелді жеткілікті деп санаймыз. Бұл кезде Р.С. Белкиннің құрастырған жеке
криминалистикалық теориясының түсінігіне және оған қойылатын талаптарға
назар аудара отырып, суық қару және оны қолданудан қалған іздер туралы
ілімді жеке криминалистикалық теория ретінде қарастырған жөн. Соның
нәтижесіңде аталмыш ілімнің заты (яғни, жалпы криминалистика зерттейтін,
шындықтың нақтылы объективті заңдылықтары), объектісі (құбылыстар, заттар,
процесстер, қарым-қатынас және байланыс түріндегі, осы теория зерттейтін,
объективті заңдылықтар: суық қаруға жататын заттар мен құрылғылар, олардың
іздері, тергеуші, сот, маман, сарапшымен криминалистикалық зерттеу жүргізу
практикасы) және әдісі (осы теорияны құрастыру үшін қажетті үйрену
тәсілдерінің жүйесі) болады.
Суық қару және оны қолданудан қалған іздердің криминалистикалық ілім
құрлысына енетін элементтер қатарына, суық қару түрлерінің конструктивті-
техникалық мәліметтері және қолданудан қалған іздері туралы мәселелер,
сонымен қатар тергеуші, сот, сарапшы, мамандар арқылы суық қаруды зерттеу
әдістемесінің мәселелері жатады. Суық қару туралы криминалистикалық ілімнің
өз заты, объектісі және әдісі бола тұра, біртұтас құрлысы мен танымал
тәуелсіздікке ие болғандықтан, криминалистикалық техниканың дербес саласы
бола алады. Сондықтан да оның ішіне, суық қару туралы криминалистикалық
ілім затының құрастырушы бөлігі ретінде суық қару және оны қолданудан
қалған іздердің сараптамасымен байланысты мәселелерді қосу керек. Ал, атыс
қаруларын зерттеу заңдылықтары — атыс қаруы және одан қалған іздер туралы
криминалистикалық ілім затына жатып, оның бөлігі болып сот-баллистикалық
сараптамасы табылады. Сот сараптамасының бұл екі түрінің, қару қолданумен
байланысты қылмыстарды зерттеу тәжірибесінде де өзгешелігі бар. Сот
сарапшысының сараптама жүргізуге арналған саралау куәлігі, жоғарыда аталған
сот сараптамасының әрбір түрі бойынша жеке саралау емтиханын тапсырған
тұлғаға берілетіні кездейсоқтық емес. Және, Қазақстан Республикасы Әділет
Министрлігі сот сараптамасы Орталығы мен Ішкі Істер Министрлігінің Тергеу
Департаментінің 1998 жылғы 11 - наурызындағы №1 нұсқаулық хатында қосымша
түрінде көрсетілген, криминалистикалық зерттеудің әртүрлі объектілеріне
байланысты мамандар шешетін мәселелердің тізімі беріліп, онда суық және
атыс қарулар зерттеулеріне жататын мәселелер бөлек тарауларда
көрсетілген[3].
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, теориялық жағынан да,
тәжірибелік жағынан да суық қарудың криминалистикалық сараптамасы мен сот-
баллистикалық сараптамасын біртұтас "қарулық" сараптамаға біріктірудің
пайдалылығы жоқ деп есептейміз.
Сондай-ақ біздің ойымызша, криминалистика бағдарламалары мен
оқулықтарында, сабақ беру барысында дидактикалық мәселелерді нәтижелі шешу
үшін, суық қарудың криминалистикалық зерттеуін криминалистикалық техниканың
саласы — сот баллистикасымен, бір бөлімге біріктіруді дұрыс деп санаймыз.
Бірақ, суық қару және оны қолданудан қалған іздердің қриминалистикалық
зерттеуінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері және осыған
негізделген тергеулік, соттық және сараптамалық тәжірибесі үшін жасалған
ұсыныстар, криминалистикалық техниканың бөлек саласы ретіндегі дербес
криминалистикалық ілім шеңберінде табысты шешілуі мүмкін.

1.2 Суық қарудың криминалистикалық түсінігі мен белгілері

Суық қаруға байланысты қылмыстық істер бойынша сараптамалық зерттеу
жасау мен тергеу тәжірибесінде пайда болатын мәселелерді шешу үшін, біздің
ойымызша "суық қару" түсінігінің мазмұнын төмендегідей аспектіде қарастыру
қажет:
а) заңда қолданылатын түсінік;
б) криминалистикалық түсінік;
в) көпшілік мақұлдаған күнделікті қолданылатын түсінік.
Кейінгіге түсінік берудің қажеттілігі — жеке тұлға өзіндегі заттың
суық қаруға жататындығын білмейтін болса, оны суық қаруды заңсыз
тасымалдағаны, саудалағаны және жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тарту
мүмкін емес деген әдебиетте айтылған пікірге байланысты туындап отыр.
Күңделікті өмір жағдайларында қолдағы заттың суық қарумен ұқсастығын табу
барлық құқылы тұлғаның қолынан келеді, ал суық қарумен байланысты
қылмыстардың потенциалды субъектілері болса мұндай ұқсастықты тез арада
ажыратады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (251—бабының
4—бөлігі; 252— бабының 4—бөлігі) қылмыстық жауаптылықты тек суық қаруды
заңсыз алып жүргені, саудалағаны және жасағаны үшін тағайындаған. Әрбір
адамда осы әрекеттерді, суық қару қасиеттерін өзіне жинақтаған заттармен
жасамау мүмкіндігі бар. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіңде суық каруды заңсыз тасымалдағаны, саудалағаны және жасағаны үшін
қылмыстық жауапкершілік айқындайтын баптар болғандықтан, біздің ойымызша
азаматтардың құқығы бұзылды деп айтуға жеткілікті негіз жоқ. Заттар мен
құрылғыларды суық қаруға жатқызу үшін арнайы білім күңделікті өмірде емес,
суық қару жүретін қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот өндірісінің
шеңберіңде, ал кейбір жағдайларда азаматтық сот өндірісіңдегі даулы
мәселелерді шешу барысында қажет болады.
Біздің ойымызша, заңдылық қағидаларын сақтай отырып, жоғарыдағы
мәселелерді тәжірибелік және теориялық аспектілерде дәлелді шешілуін
қамтамасыз ету үшін заңда қолданылатын "суық қару" түсінігінің өлшемі мен
мазмұнына талдау жасаған дұрыс. Бірақ зандылық принципін қаншалықты
сақтасақ та, талдау сынсыз болмайды. Өйткені теориялық талдау мақсатына
тергеу, сот және сараптама практикасымен бірге, заң шығарушы практикасы да
жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі "суық қару" терминін
қолдана отырып, бұл түсініктің анықтамасын бермейді. ҚР ҚК 251—бабының 4-
бөлігінде "қанжар, фин пышағы не басқа да суық қарулардың" тасымалдануы
немесе саудалануы туралы айтылған. Ал көзге түсер бір жағдай, ҚР ҚК 252
—бабының 4—бөлігі суық қаруды, оның арасыңда лақтырылатын қаруды заңсыз
жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық тағайыңдаған. Мұнда, заң шығарушы
лақтырылатын қаруды суық қарудың бір түрі ретінде санап отыр.
Айналымы шектеулі қару, соның ішінде заттар мен құрылғылар тобына
жататын суық қару түсінігіне алғаш заңды анықтама Қазақстан Республикасының
1993 жылғы 27—қазанындағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік
бақылау жасау туралы" Заңның 1—бабында төмендегіше анықталған:
-суық қару — зақымдалу объектісімен тікелей жанасу арқылы адам бұлшық
еті күшінің көмегімен тірі нысананы зақымдайтын қару;
-лақтырылатын суық қару — адамның бұлшық еті күшінің немесе
механикалық құрылғының көмегімен бағытталған қозғалысқа түскен снаряд
арқылы нысананы арақашықтықта зақымдауға арналған қару.
Мұндай анықтама қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының 1998
жылғы 30-шы желтоқсанындағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына
мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңның 1—бабында басқаша берілген:
-суық қару — нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық еті
күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару;
-лақтырылатын қару — нысананы тікелей зақымдайтын құралы адамның
бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып,
қозғалысқа түсетін қару.
Жоғарыда келтірілген екі заңда суық қару мен лақтырылатын суық қаруды
жалпы "қару" деген топтық түсініктің өз алдына бөлек екі түрі деп
анықтаған. Ал қылмыстық заң (ҚР ҚҚ 252—бабының 4—бөлігі) болса лақтырылатын
қаруды суық қарудың бір түрі ретінде қарастырған. Осыдан заңдардың
коллизиясын байқауға болады. Оны жою үшін, қару туралы заңда барлық суық
қару түрлеріне арнап бір ғана анықтама беріп, ол анықтамада лақтырылатын
суық қаруға тән белгілерді көрсеткен жөн. Бұл ұсыныстың дәлелдігі мынадай
жағдайдан туындап отыр: суық қарудың даму және пайда болу тарихында
лақтырылатын қару (садақ, арбалет және т.б.) бөлек қарастырылмай, керісінше
тірі нысананы жақыннан емес, арақашықтықтан зақымдауға арналған суық
қарудың бір түрі ретінде қарастырылған. Осыған байланысты, Қ.В. Асмолов
былай жазған: "Суық қару туралы әңгіме жүргізе отырып, оның соғыс
қимылдарында да, соғыс өнерінде де бірдей қолданылатын түрі туралы айтпауға
болмайды. Бұл — жауды, найзаның ұзындығынан да ұзын жерден зақымдайтын
қару. Бұл лақтырылатын қару.. "[8].
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы Заңдағы суық қару мен
лақтырылатын қаруларға берілген анықтамалар 1993 жылғы Заңдағы берілген
анықтамалардан елеулі ерекшеленеді (мұндай ерекшелік 1996 жылғы Ресейдің
осындай Заңында да бар). Бұл анықтамалардың негізгі құңдылығы, түсініктерді
анықтаудың негізгі ережелерінің бірінде бұлжытпай сақталуы деп айтуға
болады. Ол дегеніміз — жапсарлас тобы арқылы анықталуы ("суық қару — қару-
..", яғни, конструкциялық тұрғысынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы
зақымдауға арналған) және түрлері жағынан өзгешелігі (адам бұлшық етеі
күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару екенін көрсету). Сонымен
қатар, бұл анықтама қару түсінігін анықтаудың тағы бір ережесіне толық
жауап бермейді, яғни, "анықтаманың түсінікті, нақтылы болғаны жөн, дәлірек
айтқанда екі ұштылықты көрсетпеуі тиіс"[40]. Шындығында, "нысананы тікелей
зақымдайтын құралы ...қозғалысқа келтірілетін қару деп айтылған ой нені
білдіреді? Егерде садақ немесе арбалет туралы айтылған ой болса, онда
олардың "нысананы тікелей зақымдайтын құралы" ретінде сірә, жебені айтқысы
келген шығар. Бірақ бұл анықтамада лақтырылатын қару туралы айтылмаған, ол
туралы біз төменірек те берілген анықтамада әнгіме қозғаймыз. Ал егерде фин
пышағы, қанжар және т.б. жайлы ой өрбітсек, олар онсыз да нысананы
зақымдайтын құрал. "Нысананы тікелей зақымдайтын құрал" деп тар мағынада
айтылған ой, мүмкін ұшы мен жүзіне қатысты, фин пышағына байланысты да
болуы мүмкін. Алайда, фин пышағы өзінің басқа да бөліктерімен бірге
қозғалысқа түседі (фин пышағының басқа пышақтарға қарағаңда бір ерекшелігі
— оның қазинегі (ограничитель) болмайды да, зақымдау барысында, мысалы адам
денесіне сабымен қоса енгізіледі). Сондықтан, жоғарыдағы анықтамада
келтірілген ой, жеткіліксіз, түсініксіз және нақты емес.
Айтылғандардың бәрін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 30—желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына
мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңын жетілдіру мақсатымен төмендегідей
ұсыныс жасаған дәлелді болады деп есептейміз. Барлық суық қару түрлеріне
жалпы бір анықтама беру үшін, Заңның 1—бабының 3) және 8) - тармақшаларын
біріктіріп, мазмұны бойынша былай жазылуы тиіс:
суық қару — нысанамен жанасу кезінде не арақашықтықта адамның бұлшық
еті күшінің тікелей көмегімен немесе механикалық құрылғыға жанама әсер ету
арқылы зақымдайтын қару. Біздің ойымызша, бұл анықтама, 1998 жылғы Заңдағы
суық қару, соның ішіндегі лақтырылатын қарудың анықтамаларына тиісті жалпы
қағидаларды сақтай отырып, оны нақты да, түсінікті етіп осы заңды қажет
ететін тұлғалар үшін жасалуы керек сияқты.
Суық қарудың күнделікті өмірде қолданылатын және заңда қолданылатын
түсініктерін қарастырып шығып, енді суық қарудың криминалистикалық
түсінігінің мазмұнын ашуға көшейік.
Жоғарыда атап өтілген екі түсінікке негізделе отырып,
криминалистикалық түсініктің өз ерекшелігі де болады. Бұл ерекшеліктер
алдымен тергеу, сот және сараптама тәжірибесіндегі мәселелерді шешу
барысында құқық қорғау қызметкерлеріне қажет. Ал кейде, мұндай мәселелердің
шешімдері тергеушілер мен сот үшін ғана даусыз болмай, сонымен қатар
сарапшылар мен мамандарға да айқын емес. Заттарды суық қаруға жатқызу
шеңберінде зерттеулер жүргізу мәселелері бойынша қарама-қайшы қорытындыға,
кейде сарапшы мен мамандар да келеді.
Заңда көрсетілген суық қару түсінігінің анықтамасынан, нақтылы
қасиеттер мен белгілерді өзіне жинақтаған заттар мен құрылғыларды да
байқаймыз. Суық қарудың криминалистикалық түсінігін толық және нақтылы
анықтау үшін, "қасиет (свойство)" және "белгі (признак)" түсініктерінің
мазмұны мен қарым-қатынасын айқындау қажет.
"Белгі,—профессор Р. С. Белкиннің айтуынша,—криминалистикалық
теорияның түбегейлі түсініктерінің бірі болып саналады. Оның мағынасы, сот
өндірісіндегі дәлелдеу мен ғылыми криминалистикалық зерттеудегі оқиға,
құбылыс, заттар белгілерінің ролімен дәлденген"[6].
Логикадағы "қасиетті" Н. И. Кондаков, "затқа тәндік, басқа заттардан
өзгеше болу деп анықтайды. Қасиеттер заттардың өзара қатынасы процесінде
байқалады", ал "белгіні" - заттардың, құбылыстардың бір-бірімен ұқсастығы
немесе айырмашылығы ретінде анықтайды; құбылыс немесе затты суреттеуге және
анықтауға болатын құбылыс немесе заттың көрсеткіші, шеті"[61].
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде "белгі" сөзі жоқ, ал "қасиет" сөзі
"біреудің, нәрсенің көзге түсер ерекшелігін құрастыратын сапасы, белгісі"
деп анықталған[49].
Криминалистиқалық әдебиеттерде "белгі" және "қасиет" түсініктерінің
өзара байланысы мен мазмұны туралы әртүрлі көз-қарастар көрсетілген. Кейбір
авторлар үшін белгі мен қасиет түсініктері тең түсінік, синоним сөздер
ретінде пайдаланылады, және олардың ойынша белгі объектінің қасиеті болып
саналады. Мәселен, СМ. Потапов, Н.В. Терзиев, И.М. Лузгин сияқты
криминалистер кезінде нәрселердің қасиетін объективті белгілер түрінде
осылай қарастырған, яғни белгілерді анықтауға мүмкіндік туғызатын
нәрселердің тұрақты қасиеттері деп санаған[4]. Ол дегеніміз, егер
тергеушіге затты теңдестіру қажет болса, онда ол заттың жеке даралық
белгілері болатын, қасиеттерді бөліп шығарады. Егер заттар мен
құбылыстардың біртектестігін анықтау қажетгілігі туындаса, онда осы
біртектестік белгілері болатын қасиеттерді бөліп шығарады.
А.И. Винберг, М.Я. Сегай, ЛА Винберг, В.Я. Коддин, Г.Л. Грановский
және басқа да авторлардың өз көзқарастары бар. А.И. Винберг белгі және
қасиет түсініктерінің араласуы мүмкін еместігін көрсеткен[26]. "Объектілер
қасиетінің байқалуы сияқты қаралатын идентификациялық белгілер туралы, М.Я.
Сегай былайша жазған: "Қандай да бір қасиет, бір немесе бірнеше толық
тәуелділіктегі белгілерде байқалуы мүмкін"[5]. Зерттеу өдістерінің бірі —
салыстырмалы зерттеу арқылы, Л.А. Винберг "белгі" және "қасиет" түсініктері
синоним емес деген тұжырымға келіп, заттың қасиеті — жалпы түсінік, ал
белгі — материалдық пайда болу процесіндегі обьектінің теңдігін анықтайтын
нақтылықтар деген"[25].
Белгі мен қасиет түсініктерінің жанжақты, терең және тыңғылықты
талдауын, олардың криминалистикалық теориядағы маңыздылығын Р.С. Белкин
философиялық, семиотикалық және ақпараттық аспектілерде қарастыра отырып,
криминалистиканың өзіне жалпы алғандағы белгі түсінігі емес,
идентификациялық белгі түсінігі мен жалпы белгі түсінігінің функционалдық
мағынасы тән екендігін дәлелдеген[18]. Осыларға сүйене отырып, біз суық
қарудың қазіргі кезде бар анықтамаларына сындарлы талдау жүргізуге, осының
негізінде суық қарудың криминалистикалық түсінігінің мәнін айқыңдауға және
Қазақстан Республикасы зандарының тиісті қағидаларын, сонымен қатар тергеу,
сот және сараптама қызметінің қажеттілігін нысанаға ала отырып, суық қару
анықтамасын беруге әрекет жасаймыз. Бұл жерде, материалдық дүниедегі басқа
да заттар арасынан суық қаруларды бөлек шығарып қана қоймай, сонымен бірге
олардың түрлерін айқындағандықтан, З.И. Кирсановтың, идентификация үшін
объектінің әрбір қасиеті емес, тек қана басқа объектілер жиынтығынан
біртектес объектілер тобын немесе нақтылы объектіні бөліп шығаратын
мүмкіңдігі бар қасиет қолданылады деген қағидасының алатын орны ерекше.
"Белгінің бөлек шығару мүмкіндігі, - З.И. Кирсановтың айтуынша, — кейбір
қасиет нақтылы объектіге тән бола отырып, сол жерде көптеген бастапқы
объектілердің кейбір бөлігінде болмауында жатыр".
Бұл, біздің ойымызша, заттар тобы мен түрлеріне тән және осыларды
бөлек бөліп алатын басқа көптеген объектілерде жоқ қасиеттер мен белгілерге
қатысты екеңдігі дұрыс айтылған.
Криминалистиқалық әдебиеттерде, авторлардың көзқарастары көрсетілген,
суық қарудың әртүрлі анықтамалары бар. Бұл анықтамалардың кейбіреулерінің
жақсы жақтары болса да, біздің ойымызша суық қарудың толық түсінігін ашпай
отыр. Біразыңда суық қарудың мәнін анықтайтын негізгі белгілердің бөліктері
көрсетілмеген. Басқаларына өз табиғаты бойынша қосымша болып келетін, әрине
суық қарудың мәнін көрсетуге әсер етпейтін белгілер енгізілген.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ғылыми және оқулық әдебиеттерінде Е.Н.
Тихонов, В.М. Плескачевский, А.С. Подшибякиннің суық қаруға берген
анықтамаларының өзінше ерекшеліктері бар. Солардың қатарына төменде
келтіріліп отырған үш анықтаманы жатқызуға болады.
"Суық қаруға адамның қимыл-күшінің көмегімен тікелей ауыр жарақат
келтіруге арнайы жасалған, тікелей өндірістік немесе үйшаруасы емес, шабуыл
жасау немесе қорғану мақсатына арналған өзінің құрлысы, өлшемі және
материалы, сонымен қатар зақымдау әрекеті бойьшша шабатын, түйрейтін,
кесетін, түйрей-кесетін, түйрей-шабатын, шаба-кесетін, ұрып-сыңдыратын
немесе қиыстырылған заттар жатады"[65].
"Суық қару — құрылысы жағынан алғанда адам қимыл-күшінің көмегімен
жекпе-жек ұрыста басқа адамға не хайуанға жарақат келтіру үшін жасалған
құрал"[39].
"Суық қаруға тірі не басқа да нысананы зақымдауға әлде ауыр жарақат
келтіруге арнайы жасалған немесе бейімделген, құрлысы және қимылдау тәсілі
бойынша стандарттық үлгілер мен тарихи қалыптасқан типтеріне сәйкес келетін
және адамның қимыл-күшінің көмегімен (тікелей немесе жанама) қозғалысқа
келетін заттар мен құралдар жатады".
Бірінші анықтамада лақтырылатын суық қаруларға тән белгілер
көрсетілмеген; "ауыр жарақат келтіру" деген сөз түсініксіз. Ол бөлек
анықтама қажет ететін өз алдына бір түсінік. Зақымдау түрі бойынша
топтастырылған суық қарудың шамамен барлық түрлерін атап өту салдарынан,
анықтама тым көлемді сияқты.
Екінші анықтамаға, кейінгісін қоспағанда, аталмыш ескертулердің бәрі
тән.
Және, бұл анықтамаға барлық спорттық суық қару түрлері енбей қалған.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардың үшіншісінің бастапқы екеуіне
қарағанда қолайлы айырмашылығы бар. Бірақ оған да "ауыр жарақат келтіру"
түсінігі енгізілген, стандарттық үлгілер мен тарихи қалыптасқан типтеріне
сәйкес келу туралы қағиданы суық қару анықтамасына енгізу, біздің ойымызша
міндетті емес, ол туралы біз кейінірек тоқталамыз.
Суық қару анықтамасында, оның мәнін көрсету қажеттілігін, яғни
"берілген нәрсенің мағынасы, оның басқа да барлық нәрселерге қарағанда, ол
өз алдына бөлек нәрсе екенін ескере отырып, біздің ойымызша анықтамада
мынадай белгілер орын алу керек сияқты:
1. Азды-көпті күрделі құрлысы бар затты немесе құрылғыны (мысалы,
арбалет) суық қару ретінде пайдалануға болады;
2. Суық қару жаңды немесе жансыз нысананы зақымдауға арналған;
3. Суық қару нысанамен тікелей жанасу арқылы да, арақашықтықта да
қолдануға арналған;
4. Суық қарудың құрылғысы оның түріне қарай, нысананы заттың өзімен
де (мысалы, қанжар), дәл осылай снарядпен де (жебе, арбалет жебесі және
т.б.) зақымдайтынын ескеру керек;
5. Суық қару өзінің түрлеріне тәуелсіз, ол тек адамның қимыл-күшінің
көмегімен ғана нысананы зақымдауға арналған;
6. Суық қаруды қозғалысқа келтіру үшін адамның қимыл-күші тікелей
және механикалық құрылғылармен жанама да (мысалы, арбалетте) қолданылуы
мүмкін;
7. Суық қару өз мақсатын орындау үшін техникалық жағынан жарамды болу
керек. Мұның бәрі, суық қаруды дайындау кезіңде қолданылатын материалдардың
тиісті параметрлерімен, қару тетіктерінің жалғанған жерінің беріктігімен,
сонымен қатар жалпы жағдайымен қамтамасыз етіледі.
Осы ой желістерін қарастырып шығайық. Суық қару ретінде, азды-көпті
күрделі құрлысы бар зат немесе құрылғыны қолдануға болады деген ойды Е.Н.
Тихонов, В.М. Плескачевский, А.С. Подшибякинмен бірге, басқа да авторлар
қозғаған. Осылай, И.М.Каплуновтың ойынша, суық қару деп шабуыл жасап,
қорғану кезіңде жарақат келтіруге арнайы жасалған және бейімделген, өзінің
құрлысы, өлшемі, материалдар қасиеттері бойынша осы мақсатына сәйкес және
тікелей өндірістік немесе үй-шаруасы мақсатына арналмаған заттарды
айтамыз[35]. М.Г. Любарскийдің анықтамасында айтылғандардан басқа
"...өзінің конструкциялық ерекшеліктері, оның өлшемдері және материалдар
қасиеттері (қаттылық, мықтылық, шымырлылық) бойынша осы мақсаттарға сәйкес"
белгісі көрсетілген.
И. Ф. Герасимов және Л. Д. Драпкиннің көрсетуі бойынша, суық қару
дайындалған материал, оның өлшемі және құрлысы көздеген мақсатқа жетуді
қамтамасыз етуі тиіс[36]. Осындай ой желісі орын алмаған анықтамалар да
баршылық. Мысалы, В.Д. Мальковтың көзқарасы бойынша, суық қаруға тірі
нысананы адамның қимыл-күшінің көмегімен зақымдауға арналған және басқа да
шаруашылық мақсатына арналмаған заттар жатады[45]. Криминалистикалық
энциклопедия суық қаруды жарақат келтіруге арнайы жасалған, қол ұрысында
шабуылдауға және белсене қорғануға арналған қару деп көрсетеді[37]. Бірақ
менің ойымша, суық қару қажетті конструкциялық элементтер жиынтығының
болуымен анықталады. Мысалы, жалпыға бірдей мақсаттағы аңшы пышақтарының
жүзі мен сабы болатыны белгілі. Ал саптың қазинегі (немесе шектегіш) болу
керек. Жаппалы аңшы бәкісі қолданғаңда жабылып кетпейтіндей мықтап
бекітілуі тиіс (яғни, фиксатор болу керек), бәкіге жатпайтын аңшы
пышақтарының жүзі мен сабының жалғанған жерлері берік және төзімді болуы
тиіс (осыған байланысты, тиісті элементтері — шегеңдеулері, бұрандалы
жалғаулары және т.б.). Ал осыған дейін әдебиеттерде сирек немесе мүлдем
қарастырылмаған, арбалет сияқты лақтырылатын суық қару, конструкциялық
жағынан мынадай негізгі бөлшектер мен механизмдерден тұрады:
-адырнасы бар садақ (лук, дуга с тетивой);
-жебе бағыттайтын науасы бар (желобок) және ұстап тұрып, жіберіп
қалатын механизмдері орналасқан, қаңқа;
-иық тірейтін дум (приклад) немесе тапанша типтес сап;
-адырна тартатын механизм немесе қолмен тартқанда аяқ тірейтін
үзеңгі;
-көздеп атуға арналған құрылым (оптикалық, диоптриялық немесе
лазерлік).
Жоғарыда айтылғандарды қорытыңдылай келсек, әрбір суық қаруға жататын
объект құрылғыдан (материалды-техникалық қасиет) құрылып, жанды немесе
жансыз нысаналарды зақымдау мақсатына бағытталады.
Жоғарыда берілген анықтамалармен қоса, нысананы зақымдау белгісі
басқа да бірталай ғалымдардың берген анықтамаларында атап өтілген. Мысалы,
"нысананы зақымдау белгісі", А.М. Герасимов және А.Н. Астаповтың суық
қаруға берген анықтамасында орын алып отыр. Сонымен қатар, 1998 жылғы 30-
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Жекелеген қару түрлерінің
айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңының 1-бабында келтірілген
суық қару анықтамасында да осы "суық қару - нысананы тікелей зақымдайтын
құралы адамның қимыл-күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қару" деген
белгі көрсетілген.
Көптеген авторлардың мұндай көзқарастарды қолдамау себебі, тірі
нысананы зақымдауға арналған белгісін денеге жарақат келтіретін белгісімен
ауыстырады немесе қоса көрсетеді. Мысалы, Л.Д. Гаухманның пікірінше, суық
қаруға тән барлық белгілер мен қасиеттерді өзіне жинақтаған және тірі
нысананы зақымдауға, өлтіруге не дене жарақатын келтіруге арналған немесе
бейімделген заттар, суық қару бола алады[27]. Бұл жерде "тірі нысананы
зақымдау" белгісін енгізумен келісеміз, ал осымен бірге "өлтіруге не дене
жарақатын келтіру" белгісін енгізу артықшылық деп санаймыз. Оның себебі,
түсіндірме сөздігінің анықтауы бойынша "зақымдау" (Зақымдау, яғни жаралау
және соққы беру. Жаралау - мысалы, денсаулыққа елеулі зиян келтіру; соққы
беру - қарумен соққылап ұру сөзінің түсінігі біздің ойымызша кейінгі
аталған белгілерді қамтиды. Ойымызды өрбіте келе айтатынымыз, оқиға
жағдайларына байланысты суық қарумен әртүрлі дәрежедегі, сонымен бірге
жеңіл де жарақаттар жасалуы мүмкін. Д. П. Рассейкиннің айтуы бойынша, суық
қару жалпы дене жарақаты емес, қауіпті дене жарақатын келтіру мүмкіндігімен
сипатталуы керек, өйткені тырнақ ізі де дене жарақаты болып саналады.
Осыған байланысты, қолданыстағы Ережелерде денсаулыққа келтірілген зиянның
ауырлығына сот-медициналық баға беру белгілері көрсетіліген[7]. Арасындағы
негізгі белгілердің біріне "зиян келтіру — кезіңде өмірге қауіп төндіру"
болып саналады.
Біздің ойымызша, дәл осы белгі денсаулыққа келтірілген зиянның
ауырлығына түсінік берудің негізін құрайды. Оның себебі біріншіден, суық
қару сияқты объектінің орындайтын мақсатын көрсетіп отыр, ал екіншіден,
тергеу, жедел іздестіру, сот, сарапшы және мамандар білетін сот
медиңинасындағы арнайы білім мөлшері осы белгіге дұрыс баға беру үшін
жеткілікті болып отыр. Осыған орай, суық қару ретіңде тек тірі нысананың
өмірін алуға немесе дәрменсіз күйде қалдыруға арналған объект болуы мүмкін.
Сондықтан дене жарақатының қауіптілік дәрежесін анықтап жатпас үшін, тірі
не басқа да нысананы зақымдауға арналған белгісін қолданған орынды деп
есептейміз (астын сызған автор), өйткені конструкцияның құрылымы, өлшемі,
беріктігі және ыңғайлылығы осы мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді.
1998 жылғы қару туралы заңының 5-бабының 2-тармақшасындағы спорттық
қарутүрлері көрсетіліп, олардың арасында сұқпа және лақтырылатын суық қару
түрлері де орын алған. Осы спорттық суық қарулардың арасындағы, мысалы
садақтың өз мақсаты, нысанаға (мишень) жебе атып тигізу екендігі белгілі.
Біздің ойымызша осы спорттық қаруды "басқа да нысана" үшін пайдалануға
болатындығын ұмытпауымыз керек. Аталмыш қарумен тірі немесе басқа да
нысананы зақымдау әрекеті, қашықтықтан іске асырылады.
Аса маңызды емес жағдайлардың біріне, кейбір авторлардың суық
қаруларға жататын заттар шеңберін дәлелсіз тарылтып, олардың тек "жекпе-жек
төбелестер" қолданылады деп шектеуі жатады. Соның нәтижесі ретінде суық
қарудың нысанамен тікелей жанасқан кезде зақымдау белгісін, шамамен барлық
криминалистикалық әдебиеттерде қарастырылып, республикамыздың қару туралы
Заңыңда да көрсетілген: Ал суық қарудың нысанаға қашықтықтан зақым
келтіретін түрлерін, соның ішінде лақтырылатын суық қару түрлері туралы
түсінікті жалпы анықтамаға енгізу мүмкіндігін кейбір авторлар тізімнен
шығарады. Осылайша, Е.Н. Тихонов көрсеткендей, кейбір суық қару түрлері
(найза, пышақ, штык және басқалар) жақыннан соққылау үшін ғана қолданылмай,
сонымен қатар оларды арақашықтыққа да лақтыруға болады, бұл бірақта олардың
әмбебаптығын ғана көрсетіп, лақтырылатын суық қару түрі болып саналмайды.
Мұндай көзқарасқа қарсы келе отырып, орыстың белгілі қару танушысы В.Г.
Федоровтың сөзін келтірсек, ол суық қарудың түрлерін төмендегідей бөлуге
болады деген екен:
1) қысқа сапты ыңғайлы қару;
2) мылтық ұңғысының ұшына бекітіліп, қолданатын қару (әртүрлі
істіктер);
3) ұзын сапты қарулар (найза);
4) бұл қатарға бұрынғы лақтырылатын қаруды (бөлектеген автор) да
енгізуге болады — садақ және жебе. Сонымен, жоғарыда аталған әмбебап
қарулар қатарына кейбір суық қару түрлерін (найза, лақтырылатын пышақ)
жатқызған күңде арбалет, садақ, сюрикен сияқты қаруларды қайда жібереміз
деген сауал туады. Бұрыннан қалыптасқан криминалистикалық әдебиеттердегі
көзқарастар мен пікірлерге сәйкес, арбалет, сюрикен сияқты лақтырылатын
қарулар суық қару түрлеріне жатпаған. Мұндай қару иесінің қимылдарына
қылмыстық-құқықтық баға беру болмағандықтан, оны дайындау, алып жүру және
саудалағаны үшін қылмыстық жауап көрсетілмеген. Ал қазір көзге түсер бір
жағдай, ҚР ҚК 252-бабының 4-бөлігі суық қаруды, оның арасында лақтырылатын
қаруды заңсыз жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық тағайындаған. Мұңда, заң
шығарушы лақтырылатын қаруды суық қарудың бір түрі ретінде санап отыр.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30-желтоқсандағы
"Жекелеген қару түрлерің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы"
Заңының 1-бабының 8-тармақшасында лақтырылатын қару келтірілген. Суық қару
түсінігіне қатысты мұндай көзқарастың принципиалды маңызы бар, өйткені
қарудың жаңа үлгілерінің шығуы ғылыми-техникалық прогресспен байланысты
болып, осындай қарулардың көптеп қылмыстық әрекеттерде қолданылуына жол
бермеумен көзделген. Сондықтан, суық қару түсінігінің анықтамасында
нысананы тікелей жанасу арқылы зақымдаумен бірге, оны арақашықтықта да
зақымдау орын алу керек.
Әрбір суық қаруға жататын объект өзінің конструкциялық жағынан тірі
не басқа да нысананы тікелей жанасу және арақашықтықта зақымдау мақсатын
орындау керек. Бұл мақсатты әрқилы суық қару түрлері өздігінше іске
асырады. Мысалы, Д.П. Рассейкиннің айтуынша, қысқа сұқпат (Сұқпа деген
"клинок". Осылайша, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30-желтоқсандағы
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы"
Занында "клинок" - "сұқпа" болып, "лезвие" - "жүзі" болып аударылған.)
қарулардың, орташа күш жұмсаған кезде адам денесіне кіріп кету мүмкіндігі
болу керек. Ұзын сұқпалы қару көмегімен жоғарыда аталғаннан басқа, адам
мүшелерін бөлектеуге, басын шауып тастауға болады. Ал ұрып-сындыратын
қарулар арқылы адамды қатардан шығаратыңдай дене мүшелеріндегі сүйектерді
сындыра алатындай ұру керек. Осыдан байқайтынымыз, нысананы зақымдау
әрекеттері суық қаруға жататын объектілердің тікелей өзімен келтіріліп
отыр.
Алғашқы белгілер туралы ой өрбіткенде, суық қару ретінде, азды-көпті
күрделі конструкциясы бар құрылғылар жайлы айтылған. Сол құрылғылардың
біріне — арбалетті жатқызуға болады. Сауда-саттық орындарынан арбалеттердің
шетелде фабрикалық тәсілмен жасалған үлгілерің көруге болады. Оларды
жасауға жаңадан технология және әртүрлі осы замаңғы материалдар (титан,
алюминий және т.б.) қолданылады, оптикалық және лазерлық нысаналармен
жабдықталады. Кісі өлтіруде, заңсыз аң аулауда оқ-дәрімен атылатын қарудың
мүмкіндігіндей мүмкіндігі бар дыбыссыз атылатын арбалет қылмыскерлерді
қызықтырмай қоймайды. Сонымен қатар, атылған кезде, аңдарды қатты даусымен
немесе от шашуымен үркітпейтін арбалет, тек аңшылар арасында ғана белгілі
болып қоймай, кейбір шетел мемлекеттері әскерінің арнайы бөлім
жауынгерлерімен де қолданылады (АҚШ, Германия, т.б.). Басында көрсеткендей,
суық қаруға жататын объектінің тікелей өзімен зақым келтірілсе, бұл жерде
арбалеттің снаряды, яғни жебесімен келтіріледі. Арбалет жебелерінің де өз
конструктивті ерекшеліктері болады. Мысалы, 9 килограмм күшпен тартылатын
садаққа арналған жебе, 38 килограмм күшпен тартатын арбалетке пайдаланғанда
ортасынан қақ бөлінеді. Сол себептен арбалет үшін арнайы жебелер
қолданылады.
Қашық жердегі жаңды немесе жансыз нысаналарды зақымдау үшін міңдетті
түрде адамның қимыл-күшінің қажет болатын кездері жиі кездеседі. Кейбір
авторлардың адамның қимыл-күші суық қаруға қатысты жалғыз-ақ энергия көзі
деп санамауы бізге онша түсінікті емес. Мысалы, А.С. Подшибякиннің ойынша,
суық қаруға пневматиқалық, газды, сонымен бірге қозғалыстары тартылған
адырна немесе резеңке арқылы серпілуге негізделген қарулар жатады. Бұл
жерде тартылған адырна немесе резеңке, серіппе (пружина) не ауа қысымы
энергияларын алу үшін адамның қимыл-күші жанама түрде пайдаланылған[55].
"Тартылған адырна немесе резеңке энергияларын пайдалану үшін адамның қимыл-
күші жанама түрде пайдаланылған" деген көзқараспен келісуге болады, ал
пневматикалық және газды қаруларды суық қару қатарына енгізу ойымен
келісуге болмайтын сияқты. Оның себебі, криминалистикалық әдебиеттер мен
заңдардағы берілген түсініктерге жүгінсек, оларда суық қарулардың
мақсаттары көзделмеген. Аталмыш қару түрлері өз алдына бөлек қару түрлері
бола отырып, республикамыздың қару туралы Заңының 1- бабының, 4 және 6-
тармақшаларында былайша көрсетілген: "газды қару - қолданылуы көз жасын
ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделетін қару;
пневматикалық қару — нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған
немесе қатайтылған газдың қуаты есебінен бағытты қозғалыс алатын қару".
Осыдан, суық қарудың қаңдай түрі болмасын, оларды қолданудың энергетикалық
базисі ретінде тек адамның қимыл-күші пайдаланылатыны байқалып отыр.
Қозғалысқа келтіру үшін қол саусақтары және иық (кастет, нунчаку) бұлшық
еті күштерімен бірге, бүкіл дене бұлшық еті күштері (мысалы, мылтық басына
орнатылған істікпен соққы жасағанда) қолданылады. Кейінгісі лақтырылатын
суық қарудың өзін (қысқа найза, сюрикен, кейбір лақтыруға бейімделген
қанжарлар) адам арақашықтыққа сермеген жағдайға сәйкес келіп, сонымен қатар
адамның қимыл-күші садақта толығымен, ал арбалетте адырнасын тартуға
механикалық құрылғыға жанама түрде қолданылады. Осы "адам қимыл-күшін
жанама түрде пайдалану" мәселесін А. С. Подшибякин көтеріп, кейін 1997
жылғы оқу құралында берілген анықтамасында айтқан, бұл тұжырым дәлелді
болғандықтан біз оны қолдаймыз.
Адамның қимыл-күшін тікелей не жанама қолданылатын суық қаруды
қозғалысқа келтіру барысыңда өз мақсатын жүзеге асыру үшін техникалық
жағынан жарамдылық болу керек. Мұның бәрі, суық қаруды дайыңдау кезінде
қолданылатын материалдардың тиісті параметрлерімен, қару тетіктерінің
жалғанған жерінің беріктшгімен, сонымен қатар жалпы жағдайымен қамтамасыз
етіледі. Нысананы зақымдауға жарамдылығы - конструкцияның жалпы өзі мен
оның бөлек элементтерінің техникалық қамтамасыздығының және зақымдау
қасиеттерінің жеткілікті болуымен анықталады. Суық қарудың өлшемдері мен
физикалық параметрлері бойынша мемлекеттік стандарт және белгілі түрлеріне
сәйкес келуі техникалық қамтамасыздылығын көрсетіп, қарудың жалпы өзі мен
бөлек детальдарының өлшемдері, нышандары және конструкциялық
ерекшеліктерімен анықталатыны байқалып отыр. Осылайша, А.Н. Астапов және
А.М. Герасимовтің айқындауынша, параметрлер мынадай: "...жалпы мақсаттағы
аңшы пышағы сұқпасының ұзындығы 90 миллиметрден, сыртының ені 2,6
миллиметрден кем болмауы керек. Ал суық қаруға жататын арбалеттер
адырнасының тартылу күші - 20 килограммнан жоғары болу керек". Аталған
авторлардың көрсетуінше, суық қаруды дайыңдауда қолданылған материалдардың
төзімділігі мен қаттылығы да ерекше орын алады. Мысалы, жалпы мақсаттағы
аңшы пышағы сұқпасының қаттылығы:
• 45 НRС көміртекті болаттан;
• 42 НRС тот басуға шыдамды болаттан жасалуы керек.
Н-қаттылық; R-Роквелл (ғалымның есімі); С-шкала. Роквелл бойынша
қаттылық көрсеткіші.
Суық қарудың физикалық параметрлері мен дайындауда қолданылған
материалдардың қаттылығынан басқа, қару тетіктерінің жалғанған жерінің
беріктігімен, сонымен қатар жалпы жағдайымен қамтамасыз етілу, алдын-ала
зерттеулер барысында эксперимент жүргізу арқылы тексеріледі.
Осылайша, жоғарыда атап өтілген суық қару түсінігінің анықтамасында
міндетті түрде орын алатын белгілерге жеке-жеке талдау жасадық. Енді
объектілерді суық қаруға жатқызу үшін қолданылатын басқа да белгілерді
қарастырып шығайық.
Затты суық қаруға жатқызу жайлы мәселелерді қарастыру шешу үшін
зерттеудегі суық қару үлгісін басқа да өндірістік, медициналық және
шаруашылық үлгілерімен салыстыру әдісі кеңінен қолданылды. Осы фактор
кейбір криминалистерді суық қару түсінігінің анықтамасына тарихи
қалыптасқан типіне немесе стандартты үлгілерге сәйкес келу белгісін
енгізуге итермеледі. Аталмыш белгіні Г.Г. Григорьянц[28], М.А. Петуховский,
А.Г.Самарин[56] тағы басқалар өз анықтамаларында атап өткен. Осылайша, А.
С. Подшибякиннің кейінгі оқу құралындағы суық қару түсінігінің
анықтамасында басқа да белгілермен бірге "тарихи қальштасқан типіне немесе
стандартты үлгілерге сәйкес келу де" көрсетілген[57].
Мұндай белгіні жалпы анықтамаға қосу, кейбір іс жүзіндегі мәселелерді
қарастыруда жеңілдік туғызатындай көңіл аудартады. Алайда, сол іс жүзінде
кездесетін жасырын суық қарулар немесе оның қалыптаспаған түрлеріне жататын
көптеген топтар жоғарыда айтылған белгілермен қамтылмай қалады. Мысалы, ұшы
сынып қалған қанжар біршама зақымдау мүмкіндігін азайтып, нақтылы бір
мақсатқа айтарлықтай қол жеткізуге жағдай туғыза бермейді. Басқаша
айтқанда, өзінің бағытталған мақсаты және басқа да қасиеттері формалды
түрде суық қару қатарына жатқызылса да, табылған бүлініс зерттеудегі
қанжардағы суық қарудың объективті белгілерінің жоқтығын көрсетеді. Осыған
орай, А.Ф. Аубакиров, Г.А. Мозговых және К.Н. Шакировтың ойынша,
зерттеудегі объектіден тарихи қалыптасқан үлгілерге сәйкес суық қару
түрлерінің белгілерін түсініп білу қажет болады, бірақ әрқашан сараптама
мәселелерін қарастырғанда айтарлықтай бола бермейді. Мұндай жағдайда
қарудың қолға ұстауға ыңғайлылығын, мықтылығын және зақымдау мүмкіндігін
қамтамасыз ететін конструктивті белгілер жиынтығын сарапшымен (не маманмен)
анықтау жеткілікті шарттар ретінде танылады[9]. Осы ойды жалғастыра отырып,
біздің ойымызша суық қару қатарына жатқызатындығын көрсететін объектідегі
белгілерді зерттеу барысында түсініп білу әрекетіне жол беріп, жалпы
анықтамаға стандарттық үлгілер мен тарихи қалыптасқан типтеріне сәйкестік
белгісін енгізудің қажеттілігі жоқ деп санаймыз.
Адамзат дамуының ерте кезеңінде қару әмбебап, жан-жақты, яғни қару
ретінде де, еңбек құралы ретінде де қолданылатын болған. Тарихи кезеңдерде
соғыстардың басталуымен қарулық қасиеттер жекеленіп, суық қарудың тек тірі
нысананы зақымдауға бағытталған түрлері пайда бола бастады (семсер, қылыш,
сапы, алдаспан, үш қырлы қанжар, арбалет, садақ, сюрикен және т.б.). Бір
ғана мақсатқа, яғни тірі нысананы зақымдауға бағытталған суық қарулар
түрлеріне сұқпасыз қарулардың (ұрып-сыңдыратын) шамамен бәрі жатқан
(кастет, қол шоқпар және т.б.). Көпмақсаттылық мысалы, аңшы және фин
пышақтарына, қанжар мен істіктерге тән. Осыған орай, Калашников автоматының
істік-пышағьш алып қарасақ, ол жауды зақымдаумен бірге, патрондар салынған
жәшікті ашуға, тікенек және электр сымдарын қиюға және басқа да заттарды
кесуге арналған. Бірақ, қаншалықты қосымша істерді орыңдау мүмкіндігі болса
да, объектіні суық қару ретінде тану үшін оның тірі нысананы тікелей
зақымдауға арнайы бағытталғандығы жеткілікті болады. Бірталай авторлар,
соның ішінде И.М. Каплунов, Н.И. Емельянов, М.Г. Любарский, Е.Н. Тихонов
және басқалар бұл ".„тікелей оңдірістік немесе үйшаруасына мақсаты жоқ"
деген белгіні суық қару түсінігінің анықтамасына енгізген. Алайда, А.С.
Подшибякин былай деген: "...басқа да шаруашылық мақсаттың жоқтығы, тек
заттың конструктивті ерекшеліктері осыған көрсеткен жағдайда ғана есепке
алыну керек[58]. Сондықтан, тікелей өндірістік немесе үйшаруасы мақсаты жоқ
деген белгіні жалпы анықтамаға енгізудің қажеттілігі болмай, объектіні суық
қаруға жатқызу мәселелері бойынша зерттеу жүргізгенде қосымша белгі ретінде
есепке алынғаны жөн.
Криминалистикалық әдебиеттердегі, заңдардағы суық қару түсінігіне
берілген анықтамаларға, ондағы белгілерге қатысты көзқарастар мен ұсыныс-
пікірлерге талдау жүргізу барысында, тергеу, сот, сараптама және
мамаңдардың суық қаруға байланысты істер бойынша тәжірибесін ескере отырып,
сонымен қатар жоғарыда айтылған тұжырымдардың бәрін түйіндей келе суық
қарудың төмендегідей анықтамасын құрастыруға болады: "Суық қару деп адамның
қимыл-кушінің өзімен немесе механикалық құрылғыға оның жанама түрде әсер
ету нәтижесінде, тірі және басқада нысананы тікелей жанасу арқылы не
арақашықтықта заттың өзімен, әлде снарядпен зақымдайтын және осы мақсатқа
жету үшін техникалық тұрғыдан жарамды болып келетін құрылғы немесе затты
айтамыз"

1.3 Суық қарудың жіктеме жүйесі

Айта кететін бір жай, суық қарудың бірде бір анықтамасы қарудың
нақтылы өлшемдерін көрсетпеген. Бұл бір жағынан дұрыс та шығар. Өйткені
суық қарудың қаңдайда бір ең кіші өлшемін көрсету мүмкін емес. Суық қаруға
жататындық өлшемдермен емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолмен атыс қаруының патрондарын жіктеу
Сот сараптамасынын объектілері
Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты
Қарудың негізгі белгілері
ҚАРУДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ
Суық қарутану мен жарылғыштану. Суық қарутанудың түсінігі, түрлері
Суық қару
Химиялық қарулардың түрлері
Қаруды заңсыз жасау
Адамның америка мен австралияны қоныстануы
Пәндер