Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Анықтамалар мен қысқартылған сөздердің тізімі . . . 4-6

Кіріспе . . . 7-12

1 Егемен Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы . . . 13

1. 1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы және ішкі саясатының негізгі бағыттарының айқындалуы . . . 13-26

1. 2 Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту кезеңдері . . . 27-41

2 Тәуелсіздіктің жиырма жылы: бейбітшілік, даму және келісім . . . 42

2. 1 Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясаты . . . 42-61

2. 2 Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы . . . 62-78

3 Ұзақ мерзімді басты мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары . . . 79

3. 1 Қазақстан Республикасының «Қазақстан- 2030» стратегиялық даму жоспары және оның маңызы. . . . 79-86

3. 2 Қазақстан әлемнің дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу жолында . . . 87-96

Зерттеу- нәтижесінің тәжірибеде қолданыс табуы . . . 97-103

Қорытынды . . . 104-107

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 108-110

Қосымшалар . . . 111-112

Анықтамалар мен қысқартылған сөздердің тізімі:

Әкімшілік-аймақтық бөлу /құрылым/ - мемлекет аймағын белгілі бір бөлшектерге бөлу. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аймақтық бөлу туралы» Заңына сәйкес ҚР әкімшілік-аймақтық құрылым жүйесіне мынадай әкімшілік-аймақтық өлшемдер кіреді: аул, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Олар арқылы жергілікті мемлекеттік органдар жүйесі құрылады және жұмыс жасайды. Ә. а. б. көбінесе мемлекеттің табиғи, тарихи, ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін көрсетеді.

Геосаясат - халықаралық қатынастар практикасы мен теориясындағы географиялық, геостратегиялық, әлеуметтік-саяси, әскери, демографиялық, экономикалық және басқа да факторлардың өзара байланысы туралы түсінік.

Декларация- заңды шаралардың негізгі принциптерін үкіметтің немесе партияның атынан ресми түрде мәлімдеу.

Делимитация - шекараны белгілеу. Келіссөздер жүргізу жолымен мемлекеттер арасындағы шекара сызығының ортақ бағытын анықтау.

Демаркация - мемлекеттік шекараны арнайы шекаралық бағандармен белгілей отырып жүргізу.

Демократия - (гректің “демос” - халық және “кратос” - билік деген сөздерінен шыққан) “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1. Мемлекет түрі.

2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3. Қоғамдық құрылымның мұраты.

Дипломатия - мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу құралы, әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы.

Зайырлы мемлекет - мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қоғамдық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік органдардың шешімдері діни тұрғыдан шығарылмайтын мемлекеттің сипаты.

Ислам Конференцияся Ұйымы (ИКҰ) - әлемдегі Ислам мемлекеттерінің басын қосатын халықаралық ұйым, 1969 жылдың 25 қыркүйегінде құрылған.

Компромисс - таласқа қатысушы жақтардың бір-бірінің талаптарын қабыл алып, келісімге келуі.

Консенсус - халықаралық ұйымдарда, конференцияларда және кеңесулерде шешімді тұтас қабылдауға кез келген қатысушы тарапынан формальды қарсылық болмаған жағдайда және дауыс беру тәртібін өткізбей шешім қабылдаудың әдісі, орындалу түрі.

Конституция - (латынша - constitio, мағынасы - белгілеу, орналастыру) . Қазіргі түсінік бойынша, Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 1-ші бабына сәйкес мемлекеттің шебін айқындайтын сызық /құрлықта, суларда, ауада/. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламенті белгілеген халықаралық келісімдермен айқындалады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы аймақтық шектелуін Қазақстан Республикасының толық тәуелсіздік құқығы жүретін заңды бекітілген сызық ретінде қаралады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау - жалпымемлекеттік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігі.

Қазақстан-2030 Стратегиясы - Қазақстан Республикасының дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы.

Мемлекеттік шекара сызығы - халықаралық шекара туралы немесе мемлекеттік заң негізінде жүргізілген географиялық картада және құрлықтағы сызықтар /мыс., ашық теңізбен қиылысатын аймақтық сулар/. М. ш. с. мемлекеттің құрлықтағы, су бетіндегі, ауа кеңістігіндегі

және жер қойнауына тарайтын егемендігі. Көршілес мемлекеттер арасында М. ш. с. әдетте арнайы шекара белгілерімен белгіленеді және хаттама-сипаттамалардың карталарында тіркеледі. Өзгертулер екі жақтың келісімі арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат.

Меморандум - дипломатиялық құжаттың бір түрі. Меморандумның ерекше белгісі - қандай да болмасын мәселені дәлелге негіздеу немесе занды түрде толық мазмұндау.

Миграция - халықтың немесе белгілі бір топтың бір мемлекет аумағынан басқа бір мемлекет аумағына ауысуы (келуі) .

Редемаркация - бұрынғы демаркацияланған шекараны қайта тексеру, белгілерді жаңарту немесе қажет болған жағдайда қосымша бағандар орнату.

Табиғи ресурстар - адам пайдаланатын табиғат компоненттері.

Унитарлы мемлекет - мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т. б. ) бөлінеді.

АҚШ /США/ - Америка Құрама Штаттары

БҰҰ /ООН/ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЕурАзЭЫ /ЕврАзЭС/ - Еуразия Экономикалық Ынтымақтастығы

ЕҚЫҰ /ОБСЕ/ - Еуропалық Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымы

ЕО /ЕС/ - Еуропалық Одақ

ЕЭҚ /ЕЭС/ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық

ИДБ /ИБР/ - Ислам Даму Банкі

ИКҰ /ОИК/- Ислам Конференциясы Ұйымы

КСРО /СССР/ - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

КОКП ОК /ЦК КПСС/ - Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының

Орталық Комитеті

Қазақ КСР /Казахская ССР/ - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

Қазақ АКСР - Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы

ҚазОАК /КазЦИК/ - Қазақ Орталық Атқару Комитеті

ҚР /РК/ - Қазақстан Республикасы

ҰҚШҰ - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы

ІЖӨ /ВВП/ - Ішкі Жалпы Өнім

РФ /РФ/ - Ресей Федерациясы

СІМ МИД/ - Сыртқы істер министрлігі

ТМД/СНГ/ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҰҚК /КНБ/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚШ /ДКБ/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты

ҰҚШҰ /ОДКБ/ - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы

ШЫҰ /ШОС/ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Кіріспе

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда тәуелсіздігінің жиырма жылдығына аяқ басты. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан қарағанда, жиырма жыл - қас-қағым сәт, бірақ жас тәуелсіз мемлекет үшін бұл - кәмелетке толу кезеңі. Бұл - Қазақстанның өзінің мемлекеттік жобасының алғашқы қорытындыларын шығаратын уақыт. Бұл - қарқынды дамушы мемлекеттің қол жеткізген жетістіктеріне көз салуды талап ететін жағдай. Бұл - Қазақстан Республикасының мемлекеттік табысының 20 жылына айналған барша Қазақстан халқының қажырлы еңбегінің қос онжылдығы.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы КСРО ыдырағаннан кейін қалыптасқан тәуелсіз мемлекеттер арасында лайықты ерекше орын алып отыр. Қазақ модернизациясының ерекшелігі - Қазақстанның едәуір тиімді жүргізілген экономикалық реформаларында, тек содан кейін ғана саяси модернизацияны қолға алғанында жатыр. Қанатты сөзге айналған Назарбаевтың «әуелі экономика, содан кейін - саясат» формуласы бұл жерде көп жайтты түсіндіреді.

КСРО құлаған соң бұрынғы кеңес адамдарының 60 %-ы көзге ұрарлықтай нашар - кедейшілік шегінен төмен деңгейде өмір сүруге айналғаны белгілі. Бұл «мәжбүрлі демократияландыру» және «еңбек етуші кедейлік» синдромы кеңестік дәуірден кейінгі көптеген мемлекеттерге осы уақытқа дейін сезіліп келеді. Тәуелсіздікке қарай жасалған жол басында, осыдан жиырма жыл бұрын Қазақстандағы экономикалық ахуал аса ауыр болды. Қазақ КСР-ы онсыз да одақтас республикалардың экономикалық даму рейтингінде ортадан төмен он екінші орын алатын. Бүгінгі таңда Қазақстан - табысты нарықтық экономикасы бар мемлекет: соңғы 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай кірісі 5 есеге артқан. Орташа айлық еңбекақы алты есеге жуық өсті, ең төменгі еңбекақы 25 есеге жоғарылады. Бірінші кезекте ұлттық экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға үнемі көңіл бөлу өзінің оң нәтижесін берді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жеке басшылығымен экономикада сол кездердегі аса ауыр, алайда қажетті шаралар (банк, зейнетақы саласындағы және өзге де реформалар), ал сосын пісуі жеткен саяси жаңғырулар тиімді түрде жасалды. Қазақстандық қоғамға дамудың оң мұраттарын сақтап қалудың және оларды көбейтудің сәті түскенінің маңызы үлкен. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы бүгінде КСРО құлағаннан кейін пайда болған тәуелсіз мемлекеттер арасында айрықша орын алып отыр.

Қазақстан үшін соңғы жылдары халықаралық пішіндегі бастамаларына қолдау табу және оларды алға тарту өзекті болып отыр.

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.

Бүгінгі таңда халықаралық ұйымдар әлемде орын алып жатқан мәселелерді шешуде тек мемлекеттерге емес, сондай-ақ, барша әлемдік тәртіпке өз септігін тигізе алатындай маңызды рөлге ие болып отыр. Олардың құзырына мемлекеттер арасындағы тиімді халықаралық ынтымақтастықты жан-жақты дамыту сияқты бастамалар кіреді. Күні кеше Қазақстанның төрағалық еткен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы, Ислам Конференциясы Ұйымы әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр. Бұл - біз үшін үлкен мәртебе.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты “Қазақстан-2030” бағдарламасы қабылданғаннан бері біз 10 жылдан астам уақытты артқа тастадық. Осы 10 жылдың ішінде бүкіл әлем өзгерді, біз де өзгердік. Кешегі мен бүгінгіні салыстырсақ, арамызда үлкен айырмашылық бар. Мұны заман ағымына көзі жіті, көңілі жүйрік маманданған экономикалық сарапшылар ғана емес, бүкіл халық сезеді.

«Қазақстан-2030» - тек экономикалық стратегия ғана емес. Бұл адами факторға негізделген мемлекетті жан-жақты модернизациялаудың кешенді көрінісі.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында (2006 жыл) республиканың дүние жүзінің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруі стратегиясын ұсынды. Бұл жөнінде пікірсайысқа қатысушылардың көбісі әлеуметтік-экономикалық дамыған және бәсекеге қабілетті ел деген ұғымдарды ұқсас ұғымдар, сонымен бірге олардың әрқайсысы дербес экономикалық категория әрі олардың бағалаулары мен индекстері әр түрлі деген анықтама береді.

Президент стратегиялық бағдарламада (2006) дербес екі міндетті: таяудағы 10 жылда, біріншіден, әлеуметтік дамыған 50 елдің қатарына кіру және, екіншіден, дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеттерін қойды.

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздік алған күнінен бастап Қазақстан тарихының түрлі салаларында қарқынды түрде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген тақырыптардың сыры мен қырын айқындауға мүмкіндіктер туды. Дегенмен, әлі де терең ғылыми талдау жасап, қайта қарауды қажет ететін мәселелер мен тақырыптар жеткілікті. Академик М. Қ. Қозыбаев бұл турада: «Егер тарих ғылымының алдына тұрған міндеттерді бетбұрыс кезеңінің талаптары тұрғысынан саралайтын болсақ, тарихшылардың туған халық алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрінеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмауында болып келді. Мен бұл тұжырымды тарихшылардың талай ұрпағын ақтау үшін ғана келтіріп отырғаным жоқ», - деп жазуы осыған дәлел деуге болады.

Тарихымыздың көмескі деп саналып келген немесе анығына жетіп зерттелмеген мәселелерін қайта қарауда деректік құжаттарды қолданып, тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізілді. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнайы жазылып отырған бұл жұмыста еліміздің жеткен жетістіктері, алға қойған мақсаттарын қандай жолмен жүзеге асырылғаны, жалпы болашаққа деген көзқарасы ашып көрсетіледі. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірінен басталады. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін алғаны, оның ішкі және сыртқы саясаттағы алғаш қадамдары, алғашқы кездегі экономикалық қиыншылықтары, туындаған мәселелерді шешуі, көрші елдермен бейбіт қарым-қатынас орнатуы, одан әрі Шығыс және Батыс елдерімен ынтымақтастыққа қол жеткізуі, әлемдік деңгейде маңызды рөлге ие болып отырған халықаралық ұйымдарға мүше болып енуі, ұзақ мерзімді даму жоспарының қолға алынып, жүзеге асырылуы, жиырма жыл ішінде жеткен жетістіктері қарастырылады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі даму кезеңінің тарихын қазіргі уақытта отандық ғалымдар да, шетелдік ғалымдар да құлшына зерттеуде. Жаңа мемлекеттіліктің орнауы, президенттік институттың орнығуы мен эволюциясы, билікті бөлісу жүйесін дамыту, қоғамды демократияландыру, партиялық құрылымның эволюциясы, мемлекеттік-құқықтық жүйе мен сот жүйесінің қалыптасуы проблемасы бойынша бірқатар еңбектер бар. Ұлттық бірегейлік, мемлекеттілікті нығайту барысындағы этносаралық үйлесімді қатынастарды қалыптастыру мәселелері қызу талқылануда. Еліміздің тарихи зерттеулер саласындағы басты мекеме Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан даму институты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсыруымен 2008 жылы құрылған Мемлекет тарихы институты осы бағытта елеулі зерттеу жұмысын жүрізді, олардың нәтижелері, еңбектері бірнеше мәрте жарияланып, кең ауқымды ғылыми айналымға енгізілді.

Тәуелсіз даму жылдары Қазақстан Республикасында туындап жатқан жаңа үрдістерге өз ұстанымы, оларды көре білу ең алдымен Н. Ә. Назарбаевтың 20-дан астам кітаптарында бейнеленеді. Олардың қатарында: «Әділеттіктің ақ жолы», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде», «Тарих толқыныда», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл», «Қазақстан жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» т. б. кітаптар бар.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясаттың ұзақ мерзімдік мақсаты есебінде «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясының» ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру және қолдауды айқындады.

Н. Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты зерттеуі заманауи дүниенің аса күрделі проблемаларына арналған.

Н. Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабында қазіргі заманғы лаңкестік, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары және оларға қарсы күрес шаралары қарастырылған. Өзінің еңбегінде Президент былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда діни экстремизм - үлкен аяда көрініс таба қоймаған құбылыс, алайда түптің түбінде, конфессиялық тұрақсыздық процессі бізде де төбе көрсетуі мүмкін деген қауіп белгілі дәрежеде бар. Әрине мұндай қуатты қауіп-қатер, оны дер кезінде сезінбеген немесе алдын алмаған жағдайда төбе көрсетпек».

Президент Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығы қарсыңында жазылған «Қазақстан жолы» деген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының шежіресіне айналды. Онда мемлекет пен оның көп ұлтты халқының өмірін түбірімен өзгерткен іргелі саяси және әлеуметтік-экономикалық түрленуінің егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі.

Мемлекет басшысының «Ғаламдық қоғамдастықтың түбегейлі жаңару стратегиясы және өркениеттердің әріптестігі» атты жаңа еңбегінің дүниеге келуімен байланысты Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының тарихнамалық мүмкіндігі айтарлықтай байыды. Бұл еңбек Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы әлем жағдайында Қазақстан мен оның халқының игілікті болашағы туралы алдыңғы еңбектерінде басталған қоғамның постиндустриялық дамуы проблемаларына жүргізген іргелі және терең ғылыми зерттеулерінің жалғасы болып табылады.

К. Жигалов пен Б. Сұлтановтың еңбектері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметіне, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі үрдісіне арналған. Ж. Х. Жүнісованың, А. К. Котовтың еңбектерінде Қазақстан мемлекеттілігі институттарының тарихи тұрғыда дамуы зерттелген. Б. А. Майлыбаевтың, Б. У. Өтемісовтың, Е. М. Жексембиннің, С. З. Зимановтың, Ә. Н. Нысанбаевтың, О. Сәбденнің және басқалардың зерттеулерінің басты тақырыбы елдің ішкі дамуының проблемалары болып табылады.

М. Жүнісова мен Т. Мансұровтың «Егемендік келбеті» атты монографиясында және Қазақстанның мемлекет және құқық институты ғалымдарының ұжымдық зерттеуінде Қазақстанның егемендігі жылдарына жан-жақты талдау жасалды.

Н. Р. Жотабаевтың «Демократия мен парламентаризм туралы» атты еңбегі зор ықылас туғызады, дербес үш еңбектен тұратын монография бір тақырыпқа біріктірілген, олар: «Парламенттік қызметтің кейбір штрихтары. Кремльдің көзқарасы», «Демократия: аңыз бен ақиқат» және «Қазақстанда парламентаризмнің басталуы». Автор демократияның қағидатын, Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде парламентаризмнің қалыптасуын түсінікті түрде баяндайды, парламентаризмнің көкейкесті мәселелерін, он екінші сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің мемлекеттіліктің және тәуелсіз жаңа мемлекеттің нарықтық экономикасының заңнамалық негіздерін жасаудағы қызметін ашып көрсетеді.

Ж. Б. Әбілғожиннің «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тарихының очерктері. ХХ ғасыр» атты монографиясында алуан түрлі құжаттық материалдар ғылыми айналысқа түскен, әлеуметтік-экономикалық тарих бойынша нақты тұжырымдар жасалған, республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында қоғамдық ұйымдардың атқаратын рөлі мен алатын орны айқындалған.

Көрнекті мемлекет қайраткері Қ. К. Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік туы астында», «Қазақстанның жаһандану жағдайындағы сыртқы саясаты», «Еңсеру. Дипломатиялық очерктер» атты еңбектерінде ҚР-ның көп қырлы өркениетті сыртқы саясатының дамуы проблемаларына жеке көзқарасын білдіреді.

Тәуелсіз Қазақстанда қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш Елші А. Арыстанбекованың «Біріккен Ұлттар және Қазақстан» атты монографиясында Қазақстанның БҰҰ-ға енуі, оның осы басты халықаралық ұйымында алғашқы айлар мен жылдардағы қалыптасуы, Қазақстан мен БҰҰ-ның арасындағы ынтымақтастықтығының негізгі бағыттарына арналады.

О. Сәбденнің «ХХІ ғасыр табалдырығындағы өтпелі кезеңнің экономикалық саясаты» атты еңбегі мемлекеттің өтпелі кезең жағдайындағы экономикалық саясатының өзекті проблемаларына арналған. Онда жинақталып үлгерген тәжірибе қорытындыланады, елдегі қайта құру үрдісін дамытудағы оң және теріс бағыттарға талдау жасалады.

Осы орайда К. Н. Бұрхановтың, Б. Ғ. Аяғанның, Б. К. Сұлтановтың «Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихы (1985-2006) » атты ұжымдық еңбектерін атау маңызды болып табылады. Онда тарихи деректерді кең ауқымда тарту негізінде Қазақстанның қазіргі заманғы саяси тарихына талдау жасалады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Егемен еліміздің тарихын зерттеп, оның ішінде мемлекеттің дамуын, алға қойған мақсаттарына жетуін, дүниежүзімен орнатқан бейбіт қатынастарын, әлемде ойып тұрып өз орнын алуын зерттеп жүйелі түрде бір жұмыс ретінде таныстыру. Мерзімді басылымдардағы тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық мақалалардың, еңбектердің, монографиялардың, ғылыми жұмыстардың ерекшеліктері мен сипатын, деректемелік, тарихнамалық маңызын көрсету және тәуелсіздік алғаннан бері, қазіргі таңдағы тарихи оқиғаларға, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен жетістіктердің өзекті мәселелеріне қатысты жазылған еңбектерді саралау арқылы олардың ғылыми құндылығын, маңыздылығын анықтау.

Зерттеудің нысаны. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл ішінде саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне, ерекшеліктеріне арналған іргелі зерттеу еңбектеріне талдау жасау.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізіне тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тарихын жаңаша көзқараспен жазу қалыптасқан қазіргі кезеңдегі объективтілік және сыншыл талдау мен сараптау принципі алынды. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіз жылдарын зерттеуге мүмкіндік беретін жалпығылыми және арнайы-тарихи әдістер кешені қолданылды: тарихилық, жүйелілік, салыстырмалы талдау мен жинақтау.

Жұмыстың орындалу барысында деректемелік іздестіру мен зерттеу әдістемелік тәсілдерін пайдаланып, диплом жұмысының жазылуына негіз болған зерттеу обьектісі ретінде қарастырылып отырған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі өміріне текстологиялық және тұжырымдамалық талдау жасалды. Зерттеу мақсатына жету үшін статистикалық, суреттемелік, жан-жақтылық, салыстырмалық әдістер кеңінен қолданылды.

Зерттеудің деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы мұрағаттарының қорларында сақталған құжаттар мен кітапхана қорында сақталған мерзімді баспасөздегі материалдар, ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасы туралы 1991-2012 жылдар аралығында шыққан еңбектер кеңінен қолданылды.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Бұл дипломдық жұмыстың жаңалығы аталған тақырып бойынша осы уақытқа дейін жазылған мақалаларды жүйелеп, талдап ғылыми айналымға енгізілуінде.

-тарихтың «ақтаңдақ» беттеріне объективті методологиялық тұрғыдан баға беру, сараптамадан өткізу.

-Тәуелсіз Қазақстан тарихының проблемалық кезеңдерінің өзекті мәселелеріне, тұжырымдамаларына қазіргі ғылыми талапқа сай талдау жасап, шынайы баға беру.

Зерттеу жұмысының ғылыми-қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Отан тарихынан» лекция курстары мен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барсында қосымша материал ретінде қолдануға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикалық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан және Ислам Конференциялық ұйымы
Қазақстанның сыртқы саясаты тұжырымдамасы (талдау, сипаттамасы)
Құқық және жеке тұлға
Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы
Мәселенің өзектілігі
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz