Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3

І. Термин-терминтанудың нысаны . . . 6

1. 1 Терминнің тілдік сипаты . . . 6

1. 2. . Терминге қойылатын талаптар . . . 14

ІІ Компьютер саласындағы неологизмдер . . . 18

2. 1 Неологизмдердің жасалу жолдары . . . 18

2. 2. Компьютер жүйесіндегі неологизмдердің қалыптасу тәсілдерін талдау . . . 31

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазіргі лингвистикада әр түрлі мамандық салалар терминологиясының даму және қалыптасу заңдылық-тарының ерекшеліктерін біріздендіруге қызығушылық әлі туа қойған жоқ. Соңғы мерзімде белсенді түрде дамып жатқан компьютерлік тілдік бірліктер аумағы да осыған сай, сонымен қатар компьютерлік тілдік бірліктер синтагматика аспектісінде әлсіз қарастырылғаны сияқты, парадигмалық жоспар қарым-қатынасында да дұрыс қарастырылмаған.

Компьютерлік технологиялық парадигманың қалыптасу дәрежесі оның негізгі тілдік ерекшеліктерін анықтайды, сонымен қатар қалыптасып жатқан терминдер синонимінің қатарын, толықтай айтқанда, компьютерлік тілдік бірліктердің атауын анықтаудағы ғалымдардың бірауызды пікірлерінің терминологиялық белгісіздігін дәлелдеуі мүмкін. Әр түрлі ғылыми публицистикалық еңбектерде компьютерлік терминдер атаулары авторлардың қай салада жұмыс істеуіне байланысты әр түрлі мағынада қолданылып жатады.

Ағылшын тілді терминологиялық жүйенің түрленуіне тіл білімі ғалымдарының арнайы тілдік бірліктерге және арнайы мақсаттардағы адамзат үрдісінің әр түрлі саласына және әлем суретінің бағалы компонеттерінің түсінікті, ойламды ғылыми лингвомәдениетіне сәйкес қызмет ететін тілдерге күшті қызықтыру білдіруде.

Компьютер тіліндегі неологизмдерді белгілі бір жүйеге, қалыпқа келтіру үшін олардың жасалу жолдарына, тәсілдеріне, құрамына, этимологиясына кеңірек назар салуымыз керек. Сондықтан компьютер тіліндегі неологизмдердің қалыптасуын жүйелеу, сөздік жасау, әсіресе төл тілді компьютерлік неологизмдерді қалыптастыру өте өзекті.

Диплом жұмысының нысаны: Әбдірәсілов Е. Компьютер терминографиясының жүйесі. Тәжірибелік материал ретінде 2220 сөзден тұратын компьютерлік терминдер ағылшынша-қазақша сөздік пайдаланылды. Компьютер режиміндегі http://study-english. info/wordbuilding. php, http://study-english. infohttp:English_vocabulary. info, www. term-formation. info терминологиялық сөздіктер қоры алынды.

Диплом жұмысының мақсаты : Жұмыстың басты мақсаты - компьютерлік терминологияда неологизмдердің қалыптасу тәсілдеріне кешенді түрде зерттеу жүргізу.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • Термин ұғымынмен танысу, терминдерге қойылатын мақсат пен міндеттерге тоқталу.
  • Неологизм атауы, түрі мен жасалу жолдарын қарастыру;
  • Компьютер терминологиясындағы неологизмдердің қалыптасу тәсілдеріне жүйесі түрде талдау жасау.

Диплом жұмысының дереккөздері: Әбдірәсілов Е. Компьютер терминографиясының жүйесі. - Астана, 2005. - 205 б. Ө. Айтбайұлы, Ж. Бұланбаев Компьютер терминдерінің сөздігі, Алматы-2006ж, 2220 сөзден тұратын компьютерлік терминдер ағылшынша-қазақша сөздік пайдаланылды. Компьютер режиміндегі http://study-english. info/ wordbuilding. php, http://study-english. infohttp:English_vocabulary. info, www. term-formation. info терминологиялық сөздіктер қоры алынды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Диплом жұмысының жаңалығы - бұл жұмыста компьютерлік терминдік неологизмдердің құрылымдық-семантикалық және жасалу жолдары қарастырылуда. Диплом жұмысын жазу барысында компьютерлік терминдік жүйенің негізгі сөз жасау үлгілеріне талдаулар жасалынды.

Сонымен қатар диплом жұмысын жазу барасында, көп құрамды неологизмдердің байланысу тәсілдеріне назар аудардарылды. Компьютерлік неологизмдердің күнделікті өмірде белсенді қолданатынына байланысты, тіпті кейбір сөздердің жаргонға айналып кеткенін де дәлелденді.

Диплом жұмысының ғылыми маңызы: Бұл жұмыста мамандандырылған тілдік бірліктердің семантикалық және құрылымдық үлгілері анықталған. Жұмыста терминдердің жасалу жолдарының түрлері арнайы қарастылды. Терминдердің әдеби және ауыз екі, жаргондармен байланысы қарастырылған.

Диплом жұмысының практикалық құндылығы: Зерттеуде қол жеткізген ғылыми нәтижелер мен қорытындыларды жоғары оқу орындары мен мектептерде, семинарлар мен лекция сабақтарында, сонымен қатар терминология және неологизм бойынша арнайы курстар оқығанда, ғылыми зерттеулер жүргізу барысында терминологиялық-неологизмдер базасы ретінде қолдануға, ағылышын тіл білімі мен компьютер тілі бойынша мектеп және жоғары оқу орындары оқулықтарын дайындау жұмыстарын жүргізу кезінде қолдануға болады. .

Диплом жұмысысының теориялық құндылығы . Бұл жұмыста қолданылған теориялық материалдарды лексикология, қазіргі ағылшын тілінің стилистикасы, , сонымен қатар курстық жұмыстар жазу кезінде, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы «Информатика» пәні сабақтарында қолдануға болады. Сонымен қатар диплом жұмысындағы терминдердік неологизмдер құрылымдары мен жасалу жолдары туралы мәліметтерді басқа да арнайы салаларда қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

І Термин -терминтанудың нысаны

  1. Терминнің тілдік сипаты

Терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин жөнінде сөз қозғалғанда "Барлық термин - сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген тұжырым жиі қайталанып жатады. Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады. Алайда терминнің тілдік бірлік болып табыл-майтын құрамына сандар, графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мұндай тұжырымды терминнің барлық типтеріне қатысты жалпы сипат ретінде қабылдауға келе бермейді.

Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда сөз тіркесі түріндегі термин-дердің мол екенін және кейбір тілші-терминолог ғалымдар атап корсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын ескерсек, "Барлық термин - сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес" деген пайымдаудың термин табиғатын жан-жақты ашып тұр дей алмасақ керек.

«Термин» - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні «шекаралық белгі», «шекара», «шек» ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған. [1, 85-96 б. ] .

Белгілі тіл маманы А. А. Реформатский термин мен терминология ұғымының теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі бағытқа тоқталады: яғни - терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар, екіншісі - терминді ұғыммен байланысты қарайтындар. А. А. Реформатскийдің байқауынша, терминді ұғыммен байланысты қарайтындардың бағытының кең етек алып, дамып келе жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. Осы кезге дейінгі термин мен терминологияға берілген анықтамалардың кемшілігін атап көрсетеді.

«Термин - рим мифологиясында шекара құдайы. Термин - терминалдар құрметіне арналған мейрам» дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин - шекара, шек деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл - 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген бір томдық «Кеңестік энциклопедиялық сөздікте» берілген анықтама[2. 12 б. ] .

О. С. Османова «Лингвистикалық терминдер сөздігі» деген еңбегінде: «Термин (ағыл. ) дегеніміз - арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды да белгілеу үшін жасалған (қабылданған, енген және т. б ) . Тілдегі арнайы ( ғылыми, техникалық т. б. ) сөздер мен сөз тіркестері» [3. 18 б. ] - деген пікірді айтады.

Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д. Э. Розенталь мен М. А. Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағынаны береді[4. 115 б. ], - дейді. Бұл, әрине, термин сөздердің табиғатын анықтайтын басты белгісі деп есептеуге болады. Термин құрамы жағынан түбір сөз де, туынды сөз де, күрделі сөз де, терминологиялық тіркес те болуы мүмкін. Мысалы:

Түбір терминдер: сөз (лингв. ), тау (геогр. ), ән (муз. ), тап (тарих), сан (матем. ) т. б.

Туынды терминдер : а) айдауыл (әскери), шағылдырғыш (физ. ) косынды (мат. ) есімдік (лигв. ), балқынды (хим. ), буландырғыш (машин. ) т. б. ә) біріккен атаулар - асқазан (мед. ), ішперде (биол), шымтезек (хим. ) сөзжасам (лигв. ), қолжазба (әдеб. ) .

Терминдер ұлт тіліндегі сөзжасам үлгілерімен қатар шет тілдерінің термин жасаушы терминбөлшектері (терминдік элемент) қатысуы арқылы да жасалады.

Терминбөлшек (терминоэлемент) дегеніміз - терминологиялық мағынасы бар ең кіші бірлік.

Терминбөлшектің мағынасын бұдан да толықырак аша түсетін анықтама бар. Мысалы, В. Ф. Новодранованың терминбөлшекке берген мына анықтамасын айтуға болады:

Термин бөлшек - әдетте терминнің құрамында белгілі бір орынды иеленіп, мейілінше тұрақтаған жалпы мағынаны білдіретін, туынды терминдердің үнемі қайталанып отыратын және жаңа терминдер жасауға қабілетті бөлшегі.

Тең мағыналы терминдер (равнозначные термины) - бір ұғымның атауы ретінде пайдаланылатын мағыналары бірдей (немесе дәл сондай) терминдер.

Лингвистикалық анықтама:

Термин - ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы болып табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы (аныктамасы) бар сөз немесе сөз тіркесі.

Терминтанушылық анықтама:

Термин - терминологиялық жүйенің элементі.

Арнаулы мақсаттар тілі теориясы тұрғысынан берілген анықтама:

Термин - адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің лексикалық бірлігі. Термин ұғым атауы болса, терминнің дефинициясы деген - сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады.

Қоғам дамып, ілгерілеген сайын, оның тілі де соғұрлым жаңа атаулармен толығып жетіле түсетіндігі заңды құбылыс. Алайда тілдегі өзгеріс оның барлық саласын бірдей қамти алмайды. Өзгеріске бейім тұратыны - оның лексикасы. Әсіресе, терминологиялық лексиканың бұл ретте жаңарып, түрлену сипаты қарқынды келеді. ХХІ ғасырдағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін айқындайтын, технологиялық жетістіктері мен мүмкіндіктерінің негізінде туындап, қоғам өмірінің түрлі салаларында пәрменді қолданылып жүрген президент, банк, банкомат, кредит, валюта, лицензия, тендер, рейтинг, тест, компьютер, интернет, сайт сияқты көптегенхалықаралық терминдер қазақ тілінің сөздік құрамына еніп те кетті.

Сайып келгенде, бірсыпыра тілші ғалымдар әртүрлі болжам жасағанмен негізінен бір тұжырымға келеді.

Бұл аталған құбылыстың ықпалынан лингвистикалық терминдер де сырт қалмаған. Мәселен, соңғы жиырма жылдың көлемінде орын алған тіл-тілдердегі жаңалық компьютер тіліне функционалды грамматиканың енуіне үлкен көмегі тиді. Осы салаға қатысты зерттеле басталған компьютер терминдеріндегі неологизмдердің жасалау жолдары зерттеле бастады. Қазіргі компьютер тілінің осындай бағытта өріс алуымен жаңа тілдік терминдер қатары өсті. Мысалы: Answer Wizard- жауаптар шеңбері, аrchive-мұрағат, перне жүйелік, перне тақта, тышқан, курсор , принтер - басып шығару, көшірме және тағы басқа терминдермен толықты. Бұл саланың ғалымдары, студенттері, аспирант, магистрлері басқа мемлекетке бару жағынан гөрі өз мемлекетімізде ғана жұмыс істей алады. Осы салада жасалған оқулықтар тек өз елімізде ғана оқытылады. Ал бұл оқулықтар шет елдерге ауысқан кезде де тек ағылшын тілді аудиториялар үшін апарылады. Осыған байланысты ғылымның басқа салаларына қарағанда филологиялық (тіл және әдебиетті қоса алып отырмыз) терминдер нағыз ұлттық мәнге ие болу керек» [6, 110 б], - деп, аталған үдерістің маңызын ең әуелі мемлекеттік мүдде тұрғысынан түсіндіреді. Профессор, терминтанушы Т. Сайрамбаевтың пікірінше, терминдердің қолданылу дәрежесі ғана емес, олардың «жасалу жолдары мен құрылымдық түрлерінің әдеттегі әдеби тіл нормасымен ара қатынасы, олардың контекстегі қолданылуы» маңызды, өйткені «әрбір сөздің, терминдік тіркестердің, калькалық аударманың сөйлемде қолдануда ғана мағынасы нақтыланады» [7, 47 б] . Cондықтан ғалым терминдердің сөйлемде қолданылуын,

- біріншіден, терминдердің ішкі құрылымдық ерекшеліктер тұрғысынан;

- екіншіден, терминдердің сөйлем ішіндегі ерекшеліктері тұрғысынан қарастырды.

Т. Сайрамбаев профессор, терминтанушы, бірнеше терминдік сөздіктердің авторы соның ішінде «Компьютерлік терминдер» еңбегінде терминологиялық сөздіктерге, оның ішінде лингвистикалық сөздіктерге мән беру қажеттігіне үнемі көпшілік назарын аударады.

Себебі, ғалымның пікірінше, қазіргі кезде қолданыста жүрген лингвистикалық сөздіктер тілдің дамуындағы терминдерді қамтуда өресі жетер емес. Өйткені сөздіктер, біріншіден, алғашқы ертедегі ғалымдар еңбегі, солар әзірше бұрынғыша қайта-қайта басылып, бізге жетекші дәрежеде болғанмен, күнделікті тілдік дамуды қамти алмаса керек. Сонда тілдік даму мен оның терминін жинастырып, оны жариялауда үлкен алшақтық бар. Мұның өзі тілдік терминнің зерттелуінің әлі де жетіспей жатқанын көрсетсе керек» [9, 71-72 б] .

Кейінірек профессордың ұйғарымымен көрнекті қазақ ғалымдары С. Амажолов пен Н. Сауранбаевтың авторлық терминдері де зерттеу нысанына айналды. Нәтижесінде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев еңбектерінде қолданылған авторлық терминдердің тізімдемесі жасалды. Жиналған авторлық терминдер қазіргі қазақ тілінде қолданылу жиілігіне қарай пәрменді (актив) термин және пәрменсіз (пассив) термин деп жіктелді.

Олардың пәрменденуі мен пәрменсізденуінің лингвистикалық және экстролингвистикалық себептері анықталды. Қорыта айтқанда, профессор Т. Сайрамбаев - компьютер терминологиясының дамуына және оның ғылыми тұрғыда зерттелуіне елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым:

- біріншіден, профессор Т. Сайрамбаев лингвистикалық терминдерді мүмкіндігінше компьютердің төл сөздері негізінде беру бағытын басты қағида ретінде ұстанды;

- екіншіден, лингвистикалық терминдердің авторларын анықтау, компьютер тіл білімі терминдерінің қалыптасу тарихын нақтылау бағытын айқындап, суденттер мен ізденушілердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік жасады;

- үшіншіден, әр жылдары шыққан лингвистикалық сөздіктердің сапасына қатысты өз пікірін білдіріп отырды;

- төртіншіден, лингвистикалық сөздіктерге енген терминдерге статистикалық талдау жүргізді;

- бесіншіден, лингвистикалық терминдерді тіл білімінің салалары бойынша жіктеп зерттеудің үлгісін көрсетті;

- алтыншыдан, терминдік тіркестердің байланысу тәсілдерін анықтады;

- жетіншіден, профессор Т. Сайрамбаевтың өзі де бірнеше лингвистикалық терминдердің авторы ретінде танылды[5, 41 б] .

Термин - ерекше лексикалық құбылыс. Оны қолданушы топ сапалы түрде тәртіптеп, ретке келтіріп отырады. Сондықтан бір сөзді белгілі бір ғылым өкілдері термин ретінде қабылдап, қолдана бастаса, ал сол сөздің мағынасы кәсіпке қарай ыңғайланады, сонымен шектеледі. Бұл сөзді қабылдаған ғылым ерекшелігіне қарай онымен тіркесетін сөздер де ерекшеленеді.

Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен ағылшын тілінің төл бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану.

Бұл - термин саласында бұрыннан келе жатқан негізгі де дәстүрлі принцип.

Бірақ терминология мәселесінің бүгінде күн тәртібіне қайта қойылуына себеп болып отырған да осы негізгі принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі. . Оның көптеген себептері де болды. Ең басты себеп - заман үрдісі, тіл саясаты мен идеология ықпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне жасаған үстемдігі мен өктемдігі. Екінші себеп, еліміздегі ұлт, ұлыс тілдері өздерінің дамудан кенжелеп қалуына байланысты ғылым тілі болып орыс тілімен терезесі тең тұра алмайды деген пікірдің орталықта да, жергілікті мамандар арасында да қалыптасуы»[10, 115 б. ] . - дейді .

Олай болса, біз 70 жылдың ішінде термин жасауда ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек деген принципке жете мән бермегендігімізден деп айтуға болады. Сондықтан да бүгінде бұл мәселе жаңа серпіліс алып отырған бұқаралық үрдіс екені мәлім болып отыр.

Бұл көлемді әрі мазмұны жағынан ғылыми деректерге толы монографиялық еңбекте қазақ терминологиясының жүз жылға таяу даму тарихы жүйелі де деректі зерттелінген. Әдеби тілдің, оның ішінде ғылыми тілдің өркендеуіне септігін тигізген терминдік жүйе, бұрын-соңды айтылған келелі пікірлер, болжамдар сарапқа салына отырып, салиқалы ой-пікірлері зерттеушіні елітіп, тартып отырады. Автор өзінің термин жасау жөніндегі көзқарасын анық байқатумен қатар, еңбектің соңында 1927 жылдан бастап, 1997 жылдар арасында термин туралы еңбектер мен сөздіктердің тізімін (16) көрсеткен.

Терминді әдетте біз ең алдымен, адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұгамыз. Ал терминтанушы мамандар арасында терминнің тілдік табиғатын танытатын әр түрлі белгілері атап көрсетіледі. Термин жөнінде сөз қозғалғанда «Барлық термин - сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес» [11, 65 б. ] . деген тұжырым жиі қайталанып жатады. Бұл тұжырымды тілдегі сөз деп танылатын тілдік бірліктерге қатысты дұрыс айтылған деуге болады. Алайда терминнің тілдік бірлік болып табыл-майтын құрамына сандар, графикалық таңбалар кіретін символ-сөз түрлері де болатындықтан, мұндай тұжырымды терминнің барлық типтеріне қатысты жалпы сипат ретінде қабылдауға келе бермейді. Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, терминологияда сөз тіркесі түріндегі термин-дердің мол екенін және кейбір тілші-терминолог ғалымдар атап корсетіп жүргеніндей, сөйлем терминдердің де болатынын ескерсек, «Барлық термин - сөз. Бірақ сөздің бәрі термин емес» деген пайымдаудың термин табиғатын жан-жақты ашып тұр дей алмасақ керек.

Сондай терминнің тілдік табиғатын түсіндіру кезінде өте жиі қайталанатын тұжырымдардың бірі Н. З. Котелованың « Терминдер - сөздер, тілдік ешнәрсе оларға жат емес» («Термины - это слова, и ничто языковое им не чуждо») [11, 189 б. ] деген сөзі. Ғалымның сөзін түпнұсқа тілдегі қалпына байланып жоғарыдағыдай сөзбе-сөз, дәлме-дәл көшірмей, автордың айтпақ ойы мен сөйлем мағынасын сақтай отырып, өз түсінігімізге лайықтап, тілімізге жатықтау етіп сәл басқашалау аударсақ, «Термин деген - сөз, тілдегі сөзге тән қасиеттердің ешқайсысы да оған жат емес» деген болар едік. Термин-сөздің лингвистикалық табиғатын тану тұрғысынан келгенде ғалымның пікірі орынды айтылған. Оны соңғы жылдары терминтану саласында жүргізілген көптеген лингвистикалық зерттеулер нәтижелері растап отыр.

Тіл - бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсетін, әр түрлі мағыналармен байланысты және әр түрлі деңгейде орналасқан элементтердің құрылымы сияқты [12, 13-14 б] . Тіл адам санасының үрдісін қамтамасыз ететін адамның когнитивті жүйесінің негізі болып табылады. Тіл - танымды бейнелеп, адамның когнитивті әлеміне, интеллектісіне, адамның танымдық құрылысына жарық шашады.

В. Гумбольдт: «тілде ешқандай бірлік жоқ, әрбір жеке элемент өздерін бүтін элементтің бөлігі ретінде бейнелейді» [13, 12 б] деп жазса, Ф. де Соссюр « . . . тіл - элементтері бүтіндікті туғызатын, ал бір элементтің мағынасы бір мерзімдік жайлылықты білдіретін деген жүйенің өзі» [12, 147б] . - деп ойлайды. Сондықтан тіл - белгілі бір бір-бірімен байланысты жүйелік-элементтердің белгілі бір жүйесіне енгізілген жүйе болып табылады. ,

Тілдік жүйелер әр түрлі негізде бөліне алады. Сондай бір лексикалық тілдік жүйелердің бірі - жүйе, құрылым, арнайы қарым-қатынас аумағындағы қабілетті функциялық тіл ретінде талданып жүрген Городецкий, [12, 36 б], тілдік бірлік сөзі. Отандық лингвистика ғылымында тілдік бірлік түсінігі ХХғасырдың 60-жылдары пайда болды. Н. Д. Андреевтің анықтауы бойынша: «тілдік бірлік - бұл тілдік элементтер жинағы және бірқалыпты тақырыпты мәтіндегі олардың қарым-қатынасы»[12, 89 б] .

Л. Л. Нелюбинаның түсіндірме-аударма сөздігінде: «тілдік бірлік дегеніміз - тілдік құрылым мен бірліктердің жиынтығынан тұратын, мамандық функционалданған және әлеуметтік тілдік аумағында қолданылатын, функциональдық-стилистикалық бағытта және арнайы қарым-қатынас аумағында қызмет ететін кіші лингвистикалық жүйе бөлігі» деп жазылған[13, 78 б] . Бұл түсініктемеге сәйкес тілдік бірлік - тақырыптық бірқалыпты пәндік аумақтағы тілдік бірлік жүйелер қатары. Тілдік бірліктердің бір негізгі ерекшелігі - ғылыми-техникалық сөздіктердің байыту көзі, жай сөздіктерге қосымша көзі болып табылатындығы, яғни, сөздіктерде арнайы лексиканың енуі, дәлірек айтқанда - терминдердің келеуі.

Терминдер дегеніміз - әрбір мамандық тілдерде маңызды рөль атқаратын, анық түсінікті мағыналы сөздер [12, 45-46 б] .

Терминдер арнайы лексика тілінің негізгі құрайтын бөлігі болып табылады. Ғылымның әрбір саласы, соның қатарында компьютерлік технология саласы өзінің даму барысында жоғарғы семантикалық анықтыққа ие белгілі ғылымның барлық бірізді номинациясы үшін өзіндік тілдік бірліктерді жасайды. Әр түрлі мамандық үрдіс салалары, жекелей айтқанда, ғылым және техника әдеби тілдің ішкі жүйесін жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үстеу жайында
Сөзжасам
Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Тілдің сөзжасамдылық жүйесі
Қазақша сөздіктің құрылымы мен терминжасам тәсілдері
Қосарлы етістіктердің сөзжасам жүйесіндегі орны
Сөздің құрамы мен құрылымы
Аналитикалық формалы етістіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz