Технология сабағында оқушылардың киім тігуді үйрету барысында шығармашлық қаблеттерін дамыту


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: «Технология сабағында оқушылардың киім тігуді үйрету барысында шығармашлық қаблеттерің дамыту».
Мамандығы 050120 «Кәсіптік оқыту»
Орындады: Мурзабекова С. М.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Жетекші __ Захай Б (қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі Лузина О. И.
(қолы/подпись) (аты-жөні / ФИО)
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Тарихи бөлім.
1. 1. Қазақ ұлттық киімінің түрлері . . . 10
- Қазақтардың дәстұрлі қол өнерінің түр- түрлері. . … . . . …. 18
- Қазақтың тәнті ұлттық ою-өрнектері, өрнектеу жолдары . . . 24
2. Әдістемелік бөлім.
2. 1. Еңбек тәрбиесі арқылы мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу жолдары……… . . . 31
2. 2. Оқушылардың шығармашлық қаблеттерің белсенді әдістерді қолдана отырып дамыту. . . . …… . . . 37
2. 3. Сабақ жоспарлары . . . 49
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер . . . 61
Қосымша . . . 64
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық - коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып - үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б. Тұрғанбаева « . . . өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б. Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ. Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды. Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық технологиялық мәдениетін қалыптастырудың бірқатар бағыттары, атап айтсақ: аймақтық білім беру - тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастырудың шарттары (И. А. Бажина), физика сабағында тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру (Р. М. Чудинский) және т. б. зерттелген.
Халықтың сәндік-қолданбалы өнері де бірқатар зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Олардың бірі халықтың сәндік-қолданбалы өнерін жалпы білім беретін мектептің бейнелеу өнері мен көркем еңбек сабақтарында пайдалану жолдарын көрсетсе (Н. М. Конышева, А. С. Хворостов, Н. А. Горяева және т. б. ), екіншісі өнердің бұл түрін жоғары, арнайы орта оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістері мен жолдарын ұсынады (Г. А. Поровская, Л. В. Ершова, Т. А. Давидова, С. Ф. Абдуллаев және т. б. ) .
Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде қазақ ағартушылары: Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин да айтып өткен. Аталған еңбектердің ішінде Ұ. Әбдіғаппарованың қазақ халқының балалар мен жастарды сәндік-қолданбалы өнерге үйрету тәжірибесін жүйеге келтіріп, ғылыми тұрғыда негіздеген іргелі зерттеуі аса қызығушылық туындатады.
Сонымен, ғылыми әдебиеттер мен мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы зерттелмегенін дәлелдейді.
Зерттеудің мақсаты : Қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, келешек ұрпаққа үйрету, өнер туындылары арқылы эстетикалық талғамын бейнелеужәне шағрмашлық қаблеттерін дамыту. Біліктілік, дағдысын жаңарту, қалыптастыру негізінде ізгілік қасиеттерінің, дүниетанымы мен ой-орісінің өсуін, ұлттық танымның қалыптасуын шығармашылық қабілеттерінің дамуын арттыру. Халықтық қолданбалы өнер туындыларының ішінен ұлтық киім тігу, оның сан алуан түрлерімен, шығу тарихымен таныстыру
Зерттеудің обьектісі: Киім-кешек ұлт байлығы. Ұлттық киімдерімізге қарап, халқымыздың эстетикалық талғамын бейнелеу шығармашлық қаблеттерің ашып дамыту . Ата-бабаларымыз ұрпақ тәлім-тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп қараған. Адам көркі шүберек деген. Жас шамасына, дәулетіне қарай, шаруаға да үйлесімді, суыққа да ыңғайлы киім киген. Қыз баланы «үйдің ұйтқысы» деп, отбасы тіршілігіне баулыған: ою ойғызған, киім тіккізген, әр істің жан-жағына баулыған. Дағдыларды жаңарту, белгілі әдістердің әсерін бекіту, тапсырманы орындауға немесе білім іскерлігін жаңа жағдайға бейімдеу. Ұлттық мақтанышты, сезімін ояту эстетикалық талғамын ұштау, әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу. Оқушыларды өз елін, қазақтың халық өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: технология сабағында ұлттық тәрбие беру ұлттык киім тігу арқылы щығармашлық қаблеттерін дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектептерде халықтық колданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мәні ашылып, оқу-тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері айқындалса; оқушылардың технологиялық іс-әрекеттері халықтық колданбалы өнерді меңгеруге бағытталса, онда оқушыларға технология сабақтарында үлттық тәрбие беру тиімді болады және ой-өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері кальптасқан.
Міндеті - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке түлғаны қалыптастыру, оқушыны азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау жэне осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмүнын дүниені түтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты білім беру салалары арқылы іске асыру қажет . . . » -деп анық айтылған.
Мәселе. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру зерттеу жұмыстарымыздың негізгі мәселесін туғызды.
Деректерді талдау: Дипломдық жұмыс кіріспеден және негізгі, әдістемелік бөлімнен тұрады. Әдістемелік бөлімде оқушыларға киім пішу, тігу әдістеріне сабақ жоспарлары мен киім пішу технологиясы әзірленді.
«Технология сабағында оқушыларға ұлттық киім үлгілері мен мәдениетін баяндау арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері қарастырылды. Осы бөлімге: күн тізбелік және сабақ жоспарлары және шығармашылық жұмысты баяндау жатады. Зерттеу жұмысын жасауда көптеген әдебиеттер қолданылды.
Әдістемелік бөлімде: «Технология», «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі», «Сынып жетекшісі», «¥лт тағылымы», «¥лағат» сияқты көптеген журналдар және тағы басқа көптеген оқулықтар қолданылды.
Зерттеудің нәтижесі: Жалпы білім беретін орта мектептерде бейнелеу және қолөнерін оқуда, ұрпақтың көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке тәрбиелеуге, эстетикалық биік талғамдарын арттыруға, өнер мен шындықтың әдемілігін сүйсіне қабылдауға, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғай білуге, халықтың мәдениетін одан әрі дамытуға үйренуге мүмкіндік береді.
«Технологиялық мәдениет» түсінігі 1995 ж. Москвада «Технология» бағдарламасының проблемалары, перспективалары, жүзеге асыру және ендіру тәжерибесі» тақырыбына өткен 2-ші халықаралық конференция шешімінде пайда болды. Онда «тұлғаны дамытудың негізгі шарттарының бірі ретінде жастардың технологиялық мәдениетінің қажеттілігін бүкіл әлем мойындайды» делінген.
Педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау оларда тұлғаның жалпы мәдениеті мен оның кейбір компоненттерін (экологиялық, экономикалық, еңбек және т. б. ) қалыптастыруға байланысты көптеген материалдардың жинақталғанын, ал тұлғаның технологиялық мәдениеті проблемасының аз зерттелгенін дәлелдейді. Авторлар технологиялық мәдениетті тұлғаның жалпы мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастырады, олардың құрылымдық компоненттеріне тоқталып, оның өзіне тән ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Бірқатары «технологиялық мәдениет», «тұлғаның технологиялық мәдениеті» ұғымдарына анықтама береді. Біз оларды жүйеге келтіріп, салыстырмалы түрде сипаттаймыз, сонымен бірге: «Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз - оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс-әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады» - деп өз анықтамамызды береміз.
Технологиялық мәдениеттің құрылымы мен мазмұнын анықтауда біз, ол элементтердің динамикалық жиынтығын құрайды деген түсінікті тірек етеміз.
Технологиялық мәдениетті төмендегідей өзара байланыстағы құрылымдық компоненттер арқылы көрсетеміз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік.
Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның түрлендіру әрекеті процесіне қажетті құндылық бағдарының, мотивтерінің, құзырлық іскерлігі мен адамгершілік-ерік қасиеттерінің кешенімен сипатталады.
Мазмұндық компонент тұлғаның түрлендіру әрекетінің әдістері мен тәсілдері туралы ғылыми және технологиялық білімінің жиынтығын құрайды.
Іс-әрекеттік компонент тұлғаның меңгерген білім, іскерлік, дағдысының негізінде алдыға қойған мақсатқа жетудегі әр түрлі технологияларды пайдалану қабілеті ретінде сипатталады. Диссертацияда аталған компоненттерге жан-жақты талдау беріледі және әр компоненттің мән-мағынасы, мазмұндық сипаты мен өзара байланысы ашып көрсетіледі.
Әдетте тұлғаның маңызды көрінісі, кешенді білімнің - технологиялық мәдениеттің компоненті сияқты ұзақ, адамның өмір бойына қалыптасады. Адам балалық шақтан бастап қазіргі қоғамның технологиялық мәдениетінің даму деңгейін көрсететін нақты білімді, іс-әрекет тәсілдерін меңгере бастайды. Технологиялық мәдениетті балалық шақта қалыптастыру айналадағы адамдарға еліктеуге негізделеді. Мектепке келісімен, бала технологиялық мәдениеттің әртүрлі компоненттерін меңгеруде және қолдануда саналы түрде меңгеріп алуды және белсенділікті талап ететін ортаға түседі. Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясына сәйкес адам онтогенезінде сензитивті кезеңдер болады, осы кезеңде баланың бойында белгілі қасиеттерді қалыптастыру қажет етіледі, егер осы кезеңде қажетті қасиеттер мен сананы бала бойында қалыптастырмаса, онда оны соңында қалыптастыру қиынға соғады, кей жағдайда тіпті оны қалыптастыру мүмкін болмайды. Осыған орай мектептегі білім алу кезеңі тұлғаның технологиялық мәдениетінің негізін құрайтын, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ойлау логикасын, жалпы еңбектегі іскерлігі мен дағдысын дамытуда аса пайдалы кезең болып саналады. Мектеп бітірушінің технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектепте алған білімінің негізіне байланысты деп сенімді түрде айтуға болады.
Тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасына кейінгі онжылдықта аса мән берілуде. Алайда бұдан, отандық және шетел мектептерінің тарихында бұл мәселеге бұрын-соңды назар аударылмаған деген ой туындамауы керек. Біздің зерттеуіміз үшін оқушыларды еңбек әрекетіне даярлау мәселесі көрініс алған еңбек тәрбиесі мен оқыту саласындағы жұмыстардың маңызы зор, өйткені тұлғаның технологиялық мәдениеті ең алғаш сол жұмыстарда қарастырылған. Технологиялық мәдениеттің кейбір элементтері экологиялық, экономикалық, адамгершілік, эстетикалық, ақпараттық мәдениетті меңгеруге байланысты мазмұндалған.
«Технология» білім беру саласы оқушыларды практикалық оқытудың жаңа сатысы болып табылады. Бұл пән оқушыларды еңбекке оқытудың бұрынғы дамытудағы бағыттарын оқушыларға қоршаған ортаның техника-технологиялық саласы туралы толық мағлұмат беретін интеграцияланған бір моделіне жинақтайды, технологиялық мәдениетті саналы түрде меңгеріп алуға септігін тигізеді.
Соңғы жылдары «Технология» пәні оқушыларға білім беру саласында қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгерту мәселесіне аса мән беріп отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерді өте жоғары.
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К. Әмірғазин, Е. Асылханов, Қ. Болатбаев, М. Мырзақанов, Ж. Балкенов, С. Жолдасбекова, Ұ. Әбдіғапбарова және т. б. ) «сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп топтастырамыз.
Жіктемелердің ішінде біз Ұ. Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік) мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береді.
- Тарихи бөлім.
1. 1. Қазақ ұлттық киімінің түрлері.
Қазақы киімдердің көшілігі қазақ халқының көшпелі тұрмысы мен дала табиғатының ыссы суық жағдайына байланысты табиғи материалдардан өлшеп-пішіліп тігілетін болған. Ерлердің киімдері кең пішіліп тігілген. Өйткені, қазақ тұрмысындағы барлық атқарылатын іс ер-азаматтардың ерекше қимыл-қозғалыстарын қажет еткен. Ерлердің киімдері жау киім, жол киім, сән киім деп топтап атаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz