ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ж. МУСИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:
Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы
ОРЫНДАҒАН: МД-41 тобының
студенті Қамай Таңшолпан
КӨКШЕТАУ, 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИ МӘСЕЛЕСІ . . . 7
1. 1 Дидактика ұғымына бағдарлы шолу . . . 8
1. 2 Балабақшада дидактикалық ойынды пайдаланудың теориялық негізі . . . 12
1. 3 Дидактикалық ойынға қатысты әдістердің зерттелу жайы . . . 14
1. 4 Балабақша топ балаларының оқуға деген қызығушылығын арттырудағы дидактикалық ойынның алатын орны . . . 18
ІІ. ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ . . . 20
2. 1 Тілді дамытудың негізі- танымдық үрдістердің, зейіннің, ойлауды дамытудың жолдары . . . 21
2. 2 Тілді дамытудың әдіснамалық негізі және бала тілін дамытудағы ата-ана мен бала-бақшаның орны . . . 24
2. 3 Тіл дамыту барысында дидактикалық ойындарды сабақта пайдалану . . . 30
2. 4 Тіл дамыту сабағындағы дидактикалық ойындарды пайдалану барысындағы тәжірибелік-сараптамалық жұмыстар . . . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . 48
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Адамзат тілінің шығуы өте ерте заманнан, арғы дәуірден басталады. Тілдің шығуы адамның өзінің пайда болуымен, қоғамның, ұжымның пайда болуымен тығыз байланысты.
Тіл өнері- халық даналығы, атадан балаға, баладан немере- шөбереге, немере мен туажатқа ұрпақ-бұтақ атаулыға мыңдаған жылғы қорек пен өмір қажеті.
Тіл құдіретін сезіне білу, тіл сөздерін салмақтай алу, сөз мағынасын келістіріп құбылту, оларды мейілінше дұрыс қолдану мен әрдайым дәл түсіну- өнердің өнері, білімпаздың білгендігі, жүйріктің озып келуі мен топ жарып суырылуына тең. Тіл- үлкен білімде және ілімде.
Қазақстан Республикасы Ата заңының 7-бабында мемлекеттік тіл- қазақ тілі деп көрсетілген. Сондай-ақ Елбасы өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында: « Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде екенін айтқан ». Биылғы Жолдауында да « Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тіл мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз деген еді ».
Менің ойымша, әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді үйреніп қана қоймай, оның бай шұрайлы мәйегіне терең бойлауы керек. Шынымен де, жастар заман талабына сай көп тілді меңгеріп, парасат-пайымдары жоғары, мәдениетті тұлға болып қалыптасқанда ғана дамыған мемлекеттермен терезені теңестіре аламыз. Еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 50-мемлекеттің қатарына енуі үшін жастар өз тілін қадірлей де қастерлей отырып ғылыми теориялық білімдерімен қаруландыру қажет.
Сондықтан жастардың келешегі ұлттың болашағы балабақшадан басталады. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осында.
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.
Ойын дегеніміз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Ол үшін сабақта сергіту жаттығуларымен қатар жаңа тақырыпты меңгерту, өткенді пысықтау мақсатында ойын түрлерін кең қолдану керек.
Қазіргі кезде «ойын» ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Қазіргі таңда ойын проблемасы психология әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану т. б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр.
Ойын технологиясын зерттеу- бүгінгі күн талабы.
Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі- білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Адамдар ойынының құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидактикада аса маңызды зерттеулер болған жоқ.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады,
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынның білімдік құндылы-ғын дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады.
Қазіргі кездегі оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: иммитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.
Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне "білмеймін", "ойнай алмаймын" - дейді. Бұл жағдай тіпті ең қарапайым ойындарды ойлаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.
Оқытудың ойын формасын (ООФ) қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар. психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзиигтің "Ойыншы адам", Д. Б. Элькониннің "Ойын психологиясы", Эрик Берннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А. В. Бербицкий, Т. В. Кудрявисв, И. П. Пидкасистый. Қазақстандық, ғалымдар: Н. К. Ахметов, Ж. С. Хайдаров т. басқалар.
Тәрбиеші балалардың ойын үстінде әр алуан сезімдер мен эмоциялық күйге бөленетінін (қуану, ренжу, мақтан ету, риза болу, қызғану, өкіну) және бұл сезімдердің ойында ұтысқа немесе ұтылысқа, көмек көрсетуге не көмек алуға байланысты болатынын есте ұстауы қажет. Әдетте ойын үстінде команда мүшелері арасындағы қарым-қатынастар қалыпқа істеледі: жеке табыстар кейінгі тұсқа ысырылады, талас-тартыс ұмытылады. әрі де ортақ мүдде туралы ойлай бастайды. Дегенмен, ойын барысында қарым - қатынастың жағымсыз жағы да туындауы мүмкін. Балалардың бәсекелес топты "дұшпан" ретінде тануы оларды келеңсіз әрекеттерге итермелейді. Мысалы, қарсыластары ұтқан жағдайда ыза, қызғаныш пайда болып кез - келген, тіпті әділетсіз әдістер арқылы өз тобын жеңіске жеткізудің жолдарын іздестіреді.
Дидактикалық ойын тәрбие процесінде ерекше маңызды орын алады. Дидактикалық ойынды анықтау және олардың тәрбие өзегінде берілуі мәселесіне, меңгерілуіне В. М. Чистяков, А. Ш. Шабанов, Н. М. Шанский, А. И. Власенков, Е. И. Пассов, А. И. Домашнев, И. А. Грекул, А. М. Ким, Д. Д. Джалалов, Н. А. Рыбников, А. Н. Гвоздев, Э. Штейнфельд, Қ. Б. Жарықбаев, А. А. Люблинская, М. Р. Львов және басқа да әдіскерлердің еңбектері арналған. Түрлі пәндерді оқыту әдістемесі ғылымында мұндай жүйелі еңбектер жоқ, жекелеген мақалалар ғана бар.
Балабақша топтарда өткізілетін түрлі пәндердің өмірдегі орны мен оған деген көзқарастың өзгеруіне байланысты балалардың білімін тереңдету мақсатында қолданылатын тіл меңгертуден жаттығулар жүйесі, математикалық дидактикалық тапсырмалар және тағы да басқа түрлі материалдар - кең түрде зерттеу жұмыстарын әлі де болса қажет ететіндіктен зерттеу тақырыбын «Тіл дамыту сабағындағы дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері» деп алуымызға негіз болып отыр.
Зерттеу объектісі: №16 «Аққу» мектеп-бақшасы
Зерттеу пәні: Тіл дамыту сабағындағы дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты: Бала тұлғасын қалыптастырудағы тіл дамытуда қолданылатын дидактикалық ойындардың ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін практика жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу міндетттері:
1. Тіл дамыту мәселелері жайында ғалымдардың көзқарастарына талдау жасау;
2. Бала тұлғасын қалыптастыруда тіл дамытудың жолдарын анықтау;
3. Балалардың тілдік даму деңгейлерін анықтап, психикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, тіл дамытудың тіл ұстарту, дамыта оқыту, ойындар арқылы оқыту т. б. түрлерін белгілеу.
Ғылыми болжам: е гер, балабақша үрдісінде тіл дамыту сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсе, онда, балалардың тілдік дамуының ерекшеліктері анықталып, белсенділіктері артады.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, тәжірибені байқау, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту; тіл дамыту барысындағы тапсырмаларды орындау дәрежесін тексеру, бекіту, бақылау әдістердің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Балабақша топ балаларының тілін дамыту барысында жүргізілетін дидактикалық жұмыстар жүйесінің психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық негіздері нақтыланды;
Дидактикалық ойындардың ішінен тіл дамыту қатысты тапсырмалар іріктеліп, олардың түрлері анықталып, ерекшелігі айқындалып, тиімділігі дәлелденеді. Балаларды түрліше дамытуға, қызығушылықтарын арттыруға арналған қазақ тіліне қатысты және математикалық ойындар ұсынылды.
Балабақша топ балаларының оқуға деген қызығушылығын арттыруда дидактикалық ойындарды қолданудың технологиялық талаптары анықталды, біршама талдаулар жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Балабақшада оқуға деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруға байланысты дидактикалық ойындар ғылыми-теориялық негізі лингвистикалық және әдістемелік тұрғыдан зерттелсе, жұмыстың нәтижелері тіл білімі, әдістеме, педагогика ғылымдарының теорияларын жетілдіріп, балалардың қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелерін оқытудың мазмұны мен тәсілдерін жетілдіру үшін тәрбиелықтарға қосымша ретінде пайдалануға болар еді. Жұмыс топта тіл дамыту жолдарын оқытуды жаңарту үшін тапсырмаларды түрлендіріп оқытуда бағыт-бағдар беріп, білім беру жүйесін дамытуға өзіндік үлес қосары сөзсіз. Балабақша топ сабақтарын сапалы өткізуге көмектеседі, балабақша мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне іс жүзінде пайдасын тигізеді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Жалпы дидактикаға шолу жасау, дидактиканың педагогикағылымындағы алатын орнына тоқталу. Дидактикалық ұстанымдарға тоқталу, дидактикалық ойындарға қойылатын негізгі талаптарды анықтау;
- Дидактикалық ойындар, соның ішіндегі тіл дамыту мәселесіне қатысты көрнекілік құралдардың топтастырылуына тоқталып өту;
- Дидактикалық материалдарды меңгеру кезіндегі балабақшатоп балаларының қызығушылық деңгейін анықтау;
- Балабақша топ балаларының қызығушылығы арттыруға бағытталған жаттығулар жүйесі, тіл дамыту барысындағы дидактикалық ойындардың тиімділігіне тоқталу;
- Балабақша топ балаларының қабілетін ашу, танымын кеңейту, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыруы бағытталған жұмыстарды топтастыру;
- Дидактикалық ойындың балалардың қызығушылығын арттырудағы рөлінің теориялық негізін анықтап, оның практикада жүзеге асырылуының тиімді жолдарын белгілеп, эксперименттен өткізу, түрлі жаттығуларды іріктеп беру.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми апппараты: мақсаты, обьектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, практикалық мәні, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалалды.
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИ МӘСЕЛЕСІ атты таруда «дидактика», «жеке тұлға» ұғымына анықтама беріледі.
ІІ. ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ атты тарауда оқу іс-әрекетінін ұйымдастырудадың тиімді жолдары мен шығармашылық тапсырмалардың мазмұны сараланып, эксперимент жұмысының нәтижелеріне талдау жасалды.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыс нәтижелеріне негіздеме тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгілері көрсетіледі.
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБЕ МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым - қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр.
Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті - оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмүнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және үйымдастыру формаларын қоғам талабына сай колданудың жолдарын қарастыру.
Бұл міндет Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында және "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында" нақты көрсетілген.
Енді мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесін қарастырсақ, ол балаларды " балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында " көрсетілген мөлшерде қарапайым білім жүйесімен қаруландыру, оқу әдет-дағдыларын қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерін мақсатты, жүйелі, жоспарлы түрде дамыту кажет.
Сондықтан тәрбиенің сан алуан келелі мәселелерін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы - мектепке дейінгі мекемелер болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мектептегі оқытудан мазмұны, ұйымдастыру формасы, әдістері жағынан өзгеше. Балабақшаларда балалар қоғамдық өмір, табиғат құбылыстары, адамаралық қатынастар, қоршаған орта туралы ғылыми негізделген, бірақ қарапайым (элементарлық) білімдермен қаруланады. Бұл білім қарапайым болғанымен, баланың әрі қарай дамып, қалыптасуына ерекше ықпал ететін негіз болады, сонымен қатар мектеп білімін сапалы игеруге мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі кезендегі оқытудың мәселелерінің негізі Я. А. Коменский мен К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде қаланды. Я. А. Коменский «Ана мектебі» еңбегінде мектепке дейінгі жастағы балаларға берілетін білімнің мақсаты мен мазмұнын айқындады.
К. Д. Ушинский: «Мектепке дейінгі балалық шақтың өзінде сапалы оқуды ойыннан бөліп қарау керек және бұл кезеңдегі оқытудың міндеті мен мазмұны баланың сөз байлығын дамыту, ақыл-ой күшін жетілдіру, мектептегі оқуға дайындауға бағытталуы» тиіс деп көрсетті.
Мектепке дейінгі кезендегі оқытуды зерттеуге өз үлесін қосқан ғалымдар: Н. Н. Быстров, Э. И. Залкинд, А. М. Леушина, Л. А. Пеньевская, Е. И. Радина, Н. П. Сакулина, П. Г. Саморукова, Е. И. Тихеева, Тарунтаева, А. П. Усова, Е. И. Флерина, т. б.
Мектепке дейінгі дидактиканы теориялық және эксперименттік талдаулардың негізінде «Балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасыңда»; «Сабақтарда оқьпу» бөлімі және «Бағдарлама бойынша әдістемелік нұсқауда» (Алматы, «Рауан», 1992 ж. ) ; «Балабақшада жүргізілетін сабақтар және он ұйымдастыру» деген арнайы бөлімдер жеке қарастырылады.
Дегенмен, бұл зерттеулер және соның негізінде ұйымдастырылып жүрген оқыту үрдісі қазіргі жаңа жағдайдағы мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің білім-тәрбие міндеттерін шешу талабына сай емес. Ал қазақ балабақшалары үшін оқыту мазмұны әлі толық зерттеліп, талданған жоқ деуге болады.
Мектепке дейінгі кезендегі оқыту мазмұнын анықтау үшін жоғарғы дидактикалык теорияларға сүйену қажет.
Қоғамдық тәжірибелерді жан-жақты талдай келіп, қазіргі танда дидактика ғылымында жалпы орта білім беру мазмұнының құрамы теориялық тұрғыдан төрт элементтен тұратыны анықталды (В. В. Краевский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, т. б. ) .
Жалпы білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі мекемелерде , бұл мекемелердегі оқу-тәрбие бағдарламаларын құрастырудың дидактикалық негізі ретінде жоғарыда аталған жалпы теориялық тұжырымдарды алуға болады. Сонымен қатар, дидактика ғылымындағы білім беру мазмұнының теориясының жетістіктеріне жан-жақты талдау жасап, оны мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үрдісіне толық еңдіру қажет деп есептеймін.
1. 1 Дидактика ұғымына бағдарлы шолу
Білім беру жүйесінде оқыту формаларының әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді әдістерді қолдану ұсынылғаны баршамызға аян. Демек, оқыту үрдісіндегі көрнекілік әдісінің зерттелуі жаңа проблема емес, мұның өзінің тарихы бар.
Бұл жерде біз дидактиканың ілімінің классикалық бастауының дамуына тұтқа болған Я. А. Коменский (1592-1670) есімімен байланыстырамыз.
Дидактика (didaktikas - оқытушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, кейін чех педагогы Я. А. Коменский бұл ұғымды пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін жарыққа шығарды. Я. А. Коменский дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып ұстаздар үшін «алтын ереже» болып саналатын мына ереже көз жүгіртсек: адам қандай затты қабылдаса да сезіммен түйсініп, мүмкіншілігіне қабылдауға барлық сезім қатысса, оны ұғынып, меңгеру мәңгілік екендігін аса бір терең ой толғауымен тұжырымдап, дәлелдеген. Бұл жерден біздің байқайтынымыз, оқыту мен тәрбиедегі жаттандылық пен догмаға, өктемділікке ірі тұлғаның қарсы болғандығын байқаймыз.
Өйткені Я. А. Коменский адамзаттың өркендеуіндегі жан-жақты гармониялық дамуға, баланың жеке басын құрметтеуге және олардың дербес ерекшеліктерін ескеріп, оқушылардың іс-әрекеттегі белсенділігін арттыруға айрықша көңіл бөлді. Бұл жерден біздің аңғаратынымыз, Я. А. Коменский оқыту теориясын сенсуалистік (латынның сезінушілік деген мәніндегі сөзі) негізде қарастырғандығын көреміз.
Демек, оқу мен оқыту тек сөз жүзінде айту мен талдау тұрғысында емес, нақты бақылап, нақты қабылдаумен араласып жатқандығын дәлелдеген.
Я. А. Коменский: «Шәкірттердің ең алдымен сыртқы сезімдері, одан соң есте сақтауы, жүре- жүре түсінігі, кейіннен топшылау қабілеті оянады. Себебі, білім сезімдік түйсіктен тұрып, қиялдау арқылы іске асады, содан соң жалқыны нақтылау арқылы жалқыны түсіну пайда болады, ең ақырында, әбден түсінікті болған заттар жайындағы білімді дәлірек айқындау негізінде олардың оқшау қабілеті артады» - деп көрнекіліктің ролін ерекше атап өткен.
Сондықтан байқау үшін жалықпай еңбектену қажет. Я. А. Коменский айтуынша «Көріп - білу дегеніміз - тек сол бөлшектің қызметінен туады. Адамның ішкі көзіне жататындар - ақыл (сана), яки ақылға тән қабілеттер, объектісі интеллектің сыртында тұрып, ішкі әлеміне таңбасы түскен барлық заттар оның жарығы соған тиісті түрде көңіл аударуы болмақ». Алайда затты сыртқы көзбен сол қалпында көріп білу үшін белгілі бір шарттар керек болған сияқты. Оны іштей көріп - білудің де өзіне тән белгілі әдістері бар. Соған сүйенген кезде ғана зат ақылға таңбасын түсіріп, оны дәл және оңай қабылдап, танып білмек. Олай болғанда ғылымның жұмбақтарына Я. А. Коменский: «Мектептерде негізгі жұмыстарға бөлінбей, мәнсіз, қажетсіз, кем, бос нәрселерге баса көңіл бөлінеді немесе шәкірттер өз үйренгендерін жылдам ұмытады. Себебі көпшілігі үстірт үйретіледі де, ол баланың ақылына еніп, денесіне сіңбейді. Бұл екінші кемшілік тәжрибеде көп кездеседі. Кемшіліктерді жою үшін қажетті әдіс тауып, баланың тек білгенін ғана сақтап қалмай, одан да көбірек білуіне жол ашамыз, демек тек оқыту процесінен алған білімін ғана айтып қоймай өзінің де пікірі болуын ескереміз» - деген. Себебі, Я. А. Коменский әдістемесі бойынша бала пассив тұлға емес. Әрбір баланың сезім мүшесі, ақыл - ойы бар. Нәтижесінде олар кейбір ұғым, зат болмысын өздігінше қабылдайды. Бала затты көзбен көріп (оқып), оқығанын тілмен айтып, айтқанын жазып, білімді дағдыға айналдырады. Дағдыға өтпеген білім - «бос сөз» - дей келе,
«оқытудың негізгі мақсаты - бала табиғатында бар сезімдерді, оның ақыл - есін дамыту, сөйтіп оның танымдық ойын тудыру болмақ яғни оқу (көз),
тыңдау (құлақ), айту (тіл), жазу (қол) - осының бәрі бірдей жетілуге тиіс», -
деген .
Бұл жерден біз ұлы дидактиктің баланың жеке басын құрметтеуге, іс-әрекетіндегі белсенділігін арттырып, олардың жеке дербес ерекшеліктерін ескеруден әрбір деталға көңіл аударуға мән бергенін байқаймыз.
Я. А. Коменский жас буынға жалпы алғанда мынадай төрт түрлі шартты орындау керек:
- Оның рухани көзі таза болуға тиіс.
- Ол өзінің алдына объект қоя білсін.
- Соған ыждағат қояды.
- Бақылауға алынған зат белгілі бір тәртіпте бірінен соң бірікезектесіп келіп отыруға тиіс, сонда балалар заттың бәрін де дәл және оңай танып білмек - деп өзінің алтын ережесін ұсынады.
Сонымен бірге: «Сезім мүшелерімен сәулесі еске түсетін нәрсенің бәрін де, атап айтқанда, көруге болатынды - көзбен көріп, қабылдап, естілуге жататынды - құлақпен, иісі бар нәрсені - мұрынмен, татып білетінді - тілмен, сезініп білетінді - қолмен сипап (ұстап) білуге тиіс. Егер кейбір заттарды бірнеше сезім мүшелері арқылы танып, білуге тура келсе сол мүшелердің бәрін қатар жұмсау керек» - деп айтқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz