Тілді үйретуде семантикалық топтардың алатын орны

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Сөздің лексикалық мағыналық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Сөздің лексикалық мағынасының
микроқұрылымы ... ... ... ... ... .. ... .8
1.2 Лексика-семантикалық топтар құрылымы мен
ерекшелігі ... ... ... ...29
2 Тілді оқытудағы лексика-семантикалық топтардың
маңызы ... ... ... ... ... ... 40
2.1 Лексика-семантикалық топ - тіл дамытудың тиімді
жолы ... ... ... ...40
2.2 Лексика-семантикалық топтарды үйретуде қолданылатын ұтымды
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58
КІРІСПЕ
Тіл – әрбір ұлттың жаны, сезімнің, ойының, заңды көрінісі, халық
тарихы, мәдениеттің даму жолы. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың
болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің
бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап
етеді.
Сөздің мағынасы толық айқындалып, тыңдаушыға түсінікті болу үшін, ең
маңызды жайт – сөз мәнінің дұрыс айтылуы, толық ұғынылуы болса керек. Сөз-
таңбаның екі жағы бар екені аян: оның дыбыстық көрінісі және мағыналық
сипаты. Бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Дей тұрғанмен, күні
бүгінге дейін қазақ тіл білімінде сөздің формальдық сипаты тереңдей
зерттелгенімен, мағыналық жағына назар аударылмағаны жасырын емес.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі білім беру саласында тілдерді
оқытуда лингвистиканың лексика саласына баса назар аударылуда. Сондай-ақ
оқушы тілін дамытуда тілдің лексика-семантикалық топтарын жүйелі оқыту
мәселесі көзделіп отыр.
Лексикалық тақырыптарды, оның ішінде сөздің лексика-семантикалық
топтарын тіл дамыту жұмыстарымен бірлікте, байланыста жүргізу сөз мағынасын
терең түсініп, орынды қолдана білуге ықпал жасайды, оқушының белсенді түрде
сөздік қорларын молайтады.
Тіл дамыту жұмысының ғылыми түрде, жүйелі негізде дұрыс жолға қойылуы,
оқушы тілінің сөздік қорының келешекте дұрыс дамуына, ойын еркін
жеткізуіне, нақты, сауатты жазуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бұл
тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплoмдық жұмыстың негізгі
мақсаты қазақ тіліндегі лексика-семантикалық топтардың тіл үйретуде,
оқытуда тиімді жолдарын анықтау. Сонымен қатар, қазақ тілін немесе
мемлекеттік тілді оқыту барысында оқушының ойлауы мен сөйлеуіне ықпал
ететін ең тиімді педагогикалық оқыту әдістері мен жаттығу түрлерін саралау.
Oсы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- сөздің лексикалық мағынасының құрылымына шолу жасау;
- лексика-семантикалық және тақырыптық топтың ерекшелігін анықтау;
- тілді оқытудағы лексика-семантикалық топтардың маңызын айқындау;
- лексика-семантикалық топтардың тілді үйретудегі тиімді жолдарын анықтау;
- лексика-семантикалық топтарды үйретуде қолданылатын ұтымды әдістерді
қарастыру;
Дипломдық жұмыстың нысаны ретінде лексика саласындағы зерттеуші
ғалымдардың еңбектері, лексика-семантикалық топтарды зерттеушілердің
көзқарастары, ғылыми мақалалары алынды. М. Оразов, А. Салқынбай,
Ұ. Қайырбекова, Ф. П. Филин, Ю. Н. Караулов
еңбектері мен 5-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Сөздің лексикалық мағынасының құрылымы
сараланып, шолу жасалды. Лексика-семантикалық және тақырыптық топтың
ерекшелігі анықталып, тілді оқытудағы лексика-семантикалық топтардың маңызы
айқындалды. Лексика-семантикалық топтардың тілді үйретудегі тиімді жолдарын
анықталды. Лексика-семантикалық топтарды үйретуде қолданылатын ұтымды
әдістерді қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Қазақ
лингвистикасының лексикология саласы бойынша жарық көрген ғылыми-теориялық
зерттеулерді негізге ала отырып, лексика-семантикалық топтарға шолу
жасалынды, сөздің лексикалық мағынасының құрылымы сараланды, лексика-
семантикалық топтарды үйретуде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
айқындалып, жаттығу жұмыстары құрастырылды. Жұмысты қазақ тілі
сабақтарында, тіл біліміне байланысты арнайы курстарда қолдануға болады.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен студенттер пайдалана алады.
Дипломдық жұмыстың әдістері мен дереккөздері. Жұмысты жазу барысында
салыстыру, талдау, сараптау, жинақтау, баяндау, эксперимент жүргізу, қорыту
әдістері қолданылды. 5-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы нысан етіп
алынды. Жұмысты жазу барысында тақырыпқа сәйкес ғылыми-теориялық
әдебиеттер, авторефераттар, мақалалар осы жұмыстың дереккөзіне айналды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қосымшадан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сөздің лексикалық мағыналық құрылысы
1.1 Сөздің лексикалық мағынасының микроқұрылымы
Семантика тіл білімінің барлық салаларымен тығыз бірлікте қаралатынын
дәлелдеп жату артық. Бұл – аксиома. Тіл – кешенді жүйе. Тілдің өзі, түптеп
келгенде, ойды жеткізудің құралы. Ал саналы ойды нақты таңбамен
бейнелегенде, оның мағынасы айқын көрініс береді. Мағына – ойдың таңбалық
бейнесі. Сөз мағынаға ие болмаса, өзінің қасиетін жоғалтады. Сөздің
мағынасы таңбалар арқылы бейнеленеді. Сөз – лексикалық, грамматикалық
мағынаға ие болады. Әртүрлі тәсілдермен жаңа туынды атау жасалады. Сөз –
сөйлемде өзінің ерекше мағынасында жұмсалады. Сөз мәтін ішінде қолданыс
тауып, ойды жеткізудің құралына айналады. Яғни кешенді жүйенің негізгі
салалары ретінде тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен тығыз бірлікте
зерделенеді.
Семантика гносеологиялық, онтологиялық аспектіден зерттеле алады.
Сөздің терең мағыналық құрылымының қалыптасуының онтологиялық негізі бар,
адамзаттық ізі бар. Сөз мағынасы генетика-семантикалық ілім арқылы
анықталуы қажет.
“Мағына” түсінігі ауқымды әрі кең. Сондықтан оны әртүрлі бағытта
зерттеуге болады. Тілдегі барлық бірліктердің өзіндік мағынасы бар. Ең кіші
тілдік бөлшек саналатын дыбыстардың да тарихи тұрғыдан зерделегенде,
өзіндік мағынасы болғанын айқындауға болады. Қазіргі тілімізде қолданылып
жүрген морфемалар мен сөздердің, сөз тіркестері мен сөйлемнің әрқайсысының
өзіндік терең мағыналық құрылымы бар.
Сөздің терең мағыналық құрылымын анықтау туралы ғылыми ой ХІХ ғасырда
ғана айтыла бастағанымен, сөздің ұғыммен байланысы, зат пен ұғымның
арасындағы байланыс туралы түсінік антикалық кезеңнен-ақ философ-
ғалымдардың назарын аударған-ды.
Кез келген тілдегі сөз семантикасын айқындау – күрделі іс. Өйткені
сөз мағынасының құрылымын құрайтын көптеген майда мағыналық бөлшектер
болады. Жалпы тіл білімінде сөздің мағыналық бөлшектерін шартты түрде
макрожүйелі сыңарлар және микрожүйелі сыңарлар деп бөлу үрдісі бар. Біз де
осы дәстүрді бөліністі сақтай отырып, қазақ тіліндегі сөз мағыналарының
мағыналық бөліну жүйесін талдаймыз.
Сөз семантикасының макрожүйелі сыңарларына заттық мағына
(денотаттық), ұғымдық мағына (сигнификатттық) және сезімдік (коннатациялық)
мағына жатады.
Сөз – тілдің негізгі бірлігі. Сөздің осы табиғатының өзі тілдік
жүйелілікті аңғартса керек. Яғни сөзсіз дыбыстың мәні анықтала алмайды, сөз
тіркесі сөзден құралады, сөз болмаса, ой мен пікір жеткізілмейді. Демек,
сөз ұғымды таңбалаушы лексикалық бірлік қана емес, ол дыбыстың мағыналық
жағынан көрінер тұсы, сөйлеудегі негізгі ой жеткізуші қатынас құралы. Сөз –
тілдің ең негізгі таңбалық бірлігі.
Сөз мағынасының құрамында экстролингвистикалық және
интерлингвистикалық элементтер болады [1].
Тілдің семантикалық жүйесі семантикалық өріс, лексика-семантикалық
топ, лексика-семантикалық вариант деген жүйелі йерархиялық бірліктерден
тұрады. Лексика-семантикалық вариант дегеніміз – көп мағыналы сөздің
бойындағы бір мағынаның қарым-қатынас үрдісінде іске асырылуы. ЛСВ-тілдегі
сөздердің бір-бірімен мазмұндық байланысын анықтайтын ең кіші бірлік,
басқаша айтқанда, ЛСВ – тіл лексикасының жүйе жасаушы элементтерінің
жиынтығы. Бір текті, ұқсас салыстырылатын ЛСВ жиынтығы лексикалық-
семантикалық топ деп аталады. Мәселен, мерзім, уақыт, кеңістік, түр-түс
ЛСТ-ы. ЛСТ белгілі бір сөз табына ғана жататын сөздерден
жасалады. ЛСТ-ның жалпы семантикалық компоненттері бар, яғни оны ортақ
архисемалы сөздер құрайды. Сөздерді бір лексика-семантикалық топқа
біріктіру олардың лексикалық мағынасының негізінде жүзеге асады.
Тілдегі семантикалық жүйенің иерархиясын төмендегідей модельде
көрнекілеуге болады:
- семантикалық жүйе
- семантикалық өріс
- лексика- семантикалық топ
- лексика- семантикалық вариант
Сөздерді лексикалық-тақырыптық топтарға бөлу заттар мен құбылыстардың
қасиеттері мен қызметтеріне негізделеді. Мәселен, жиһаз атаулары, киім-
кешек атаулары, дене-мүше атаулары және т.б. Сөздерге тақырыптық
классификация жасау заттар мен құбылыстардың тектік (гипероним), топтық
(гипоним), түрлік (эквоним) қатынастарына негізделеді.
Лексика-семантикалық және лексика-тақырыптық топтардың жалпы ұқсас
белгілері де бар. Себебі екеуі де танылған объективті шындықты бейнелейді.
Лексика-семантикалық топтың тақырыбы, тақырыптық топтың семантикасы болады.
Сондықтан семантикалық топ тақырыптық топқа, тақырыптық топ семантикалық
топқа кіреді.
Өрістік тәсіл негізінде тіл құбылыстарын жүйелеуде зерттеудің әдіс-
тәсіліне қарай лексика-семантикалық өрістер, лексика-семантикалық топтар,
грамматика-лексикалық өрістер, сөз жасаушы өрістер, функционалды-
семантикалық өрістер, интеграционалды-семантикалық өрістер, лексика-
фразеологиялық өрістер ретінде зерттелуде.
Тіл жүйесі - жүйенің қарапайым элементтерінің өзара қатынастарының
сипаттарымен анықталатын және осы жүйенің құрылымын білдіретін белгілі бір
құрылғыдан, ұйымдардан, реттіліктен тұрады. Жүйе құрылымы жүйеаралық
байланыстың жиынтығы ретінде анықталады.
Лексика жүйесін лексика-семантикалық өріс тәсілі арқылы зерттегенде,
алдымен өрістің құрылымын анықтау және оны айқындап алу негізгі мәселе
болып табылады. Ю. Н. Караулов семантикалық өрісті екі жолмен: ұғым арқылы
(ономасиологиялық тұрғыда) және сөз мағынасы арқылы (семасиологиялық
тұрғыда) анықтауға болатынын атап өтеді [2, 57].
Лингвист Е. И. Диброва лексика-семантикалық өріске төмендегідей
анықтама береді: Лексико-семантическое поле – это иерархическая
организация слов, объединенная одним родовым значением и представляющая в
языке определённую семантическую сферу. Автордың пікірінше семантикалық
өрістің ономасиологиялық қасиеті оның негізінде тектік сема, немесе
гиперсеманың болуы. Ал семасиологиялық қасиеті өріс мүшелері бір бірімен
мағыналары жағынан интегралды-дифференциалды нышандарымен байланыста
болады.
Семантикалық өрістің құрылуын суреттей келе, Е. И. Диброва:
1) ядро поля представлено родовой семой – компонентом, организующим вокруг
себя развертывание поля. Родовая сема может быть обозначена гиперонимом –
словом с родовым понятием,
2) центр поля состоит из единиц, имеющих интегральное, общее с ядром и друг
с другом, значение и разграничивающихся с ядром и рядоположительными
единицами дифференциальными значениями,
3) периферия поля включает единицы, наиболее удаленные в своем значении от
ядра. Обычно периферииные слои поля вступают в контакты с другими
семантическими полями, образуя лексико-семантическую непрерывность языковой
системы - деп жазады [3,262]. Яғни, өрістің жалпы заңы, өріс ортасына
(өзегіне) байланысты ерекшеліктері болады. Оған қоса өрістегі лексика
құрамы әр тілде әр түрлі болуы мүмкін.
Тілді сипаттаудың өрістік принципін лексикалық мағынаны сипаттау үшін
қолданады. Өріске енетін сөздерге төмендегідей белгілер тән:
1) Өріс ішіндегі сөздер бір-бірімен жүйелі байланыста болады;
2) Өрісті құрайтын элементтердің жалпы мағынасы бірдей болып келеді және
олар тілде бірдей қызметте жұмсалады;
3) Өріске біртектес және әр тектес элементтер ене алады;
4) Өріс кемінде екі парадигматикалық қатардан тұратын элементтерден
құралатын микроөрістерге бөлінеді,
5) Өріс құрамында орталық және шеткері аймақтар болады. Олардың шегі кей
кезде нақты болмайды,
6) Бір өрісте орталық аймаққа жататын элемент басқа өрісте шеткері аймаққа
жатуы мүмкін.
Линвистикада семантикалық өрісті зерттеудің екі түрлі тәсілі:
ономасиологиялық және семасиологиялық тәсілдері бар екені жоғарыда айтылды.
Осы екі тәсілді кешенді түрде, яғни екеуін бірдей үйлестіре отырып қана
семантикалық өрістің мәселесін және оның басқа өрістерден айырмашылығын
шеше аламыз.
Қазіргі тіл білімінде семантикалық өріс теориясына деген ғылыми
қызығушылық азайған жоқ. Зерттеушілер мен ғалымдар тілдің сөздік қорын өріс
теориясы негізінде зерттеудің қажеттілігін дәлелдеу мақсатында жаңа әдіс-
тәсілдер қолдануда. Бірақ тек өрістік тәсіл сөздік құрамдағы кейбір
фрагменттер шеңберіндегі мәселелерді шешуде өзін сенімді тәсіл екендігін
көрсетті. Өріс теориясы тіл бірліктерін оның барлық деңгейінде қолдануға
мүмкін екендігін көрсетеді, сонымен қатар лексикалық және фразеологиялық
бірліктердің семантикалық айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен, тілдік өрістерді зерттеуде лингвисттер әртүрлі әдіс, тәсілдер
қолданады: семантикалық өрістерді зерттеуде ономосиологиялық және
семасиологиялық әдіс, өрістің құрылымын модельдеу әдісі, компоненттік
талдау, сөздік анықтамаларға (дефиницияларға) талдау, оппозициялық талдау,
салыстырмалы талдау және т.б. Талдау әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен
міндеттеріне, оның объектісі мен пәніне, лингвистикалық бағытына
байланысты.
Сема (грек. sema - белгілі) – сөз мазмұнының ең ақырғы шектегі бөлігі.
Сема тілде шындық заттар мен құбылыстар атауларының әртүрлі қасиет-
сапаларын қарапайым түрде бейнелейді. Сема – сөздің семантикалық өрістерін,
лексика-семантикалық варианттарын зерттеу, олардың ұқсастықтары мен айырма-
белгілерін ажырату кезінде компонентті талдаудың нәтижесінен туындайтын ең
негізгі тілдік бірлік (единица). Сема – семеманың ең қарапайым құрамдас
бөлігі. Сема арқылы біздің санамызда,ы зат пен құбылыстардың қасиет-
сапаларының әрқайсысының өзіндік маңыз-мәні бейнеленеді, ал семаның
құрамындағы семалар өздерінің сипаты және иеархиялық тұрғыдан орналасуы
бойынша ажыратылады. Тіл білімінде семаларды топтастырудың бірнеше түрлері
бар. Солардың ішіндегі ең негізгі және басты компонент – архисема. Ол
объектілердің тұтас бір жүйесіне тән жалпы қасиет-сапаларды бейнелейді.
Мысалы, жігіт сөзінің лексикалық мағынасы үшін адамдарды атайтын басқа да
сөздер сияқты (сәби, бала, әйел, қарт т.б.) адам архисемасы негіз болады.
Ортақ семалардың болуы және осы жалпы семалардың әр алуан семемаларда
қайталануы осындай сөздердің мағыналық жағынан сәйкес келетін парадигмалық
қатарын құрайды.
Дифференциялды семалар семеманың құрамындағы архисеманы одан әрі
нақтылайды. Дифференциалды семалардың жиынтығы түсіндірмелі сөздіктің
дифференциясында берілетін сөз мағынасының ядросын құрайды. Дифференциялды
семалар сөздің лексика-семантикалық топтарының ішіндегі мағынаның көлемін
көрсетеді, сөйтіп нақ осы сөздердің мағынасынан ажыратады. Айталық, жігіт
сөзінің дифференциялды семалары – 1) кәмелеттік жасқа жеткен, 2) жас,
3) ер адам деген мағыналар. Сөйлеу барысында мағынаның құрылымынан кез
келген сема айқын көрінуі мүмкін. Мысалы, Кейбір жігіт жүреді мақтан
сөйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық (Абай) деген сөйлемде архисема
(адам) және жас, ер адам деген дифференциялды семалар ажыратылған. Ал
Кешегі жас балалар, Жігіт бопты мұрт шығып (С. Сейфуллин) деген
сөйлемдегі бірінші қатарға кәмелеттік жасқа жеткен және ер адам деген
диференциялды семалар шығады.
Потенциялды семалар негізгі емес, кейде заттың немесе құбылыстың
біздің санамыз үшін міндетті емес, алайда нақты жағдай,а байланысты
қолданылуы м.мкін болатын қасиет-сапаларды, әртүрлі ұқсастықтарды
бейнеледі. Мысалы, жігіт сөзінің потенциялды семасы – үйленуге, бас
құрауға уәделескен адам, Ғалияның ауылда сөз байласқан жігіті бар
(Қазақ әдебиеті). Потенциялды семалар мағыналық ядродан алшақ, олардың
сөйлеу барысындағы қызметі өте үлкен, потенциялды семалар сөздің келтірінді
мағыналарының пайда болуына ықпал етеді. Заттың немесе құбылыстың нақты
сапасын бейнелейтін. Деноттаты семалармен қатар коннотатты семалар да
ажыратылады.
Коннотатты семалар сөйлеушінің айтылатын ақпаратқа қарым-қатынасын
білдіреді, бұл эмоция және баға беру арқылы көрінеді. Айталық Жігіт
екенсің! деген сөйлемде жағымды мақұлдау мен баға беру коннотатты семасы
бірінші қатарға шығады. Семаларды егжей-тегжейлі топтастырудың негізгі
бағыттары Л. М. Васильевтің және И. А. Стерниннің еңбегінде айтылған. И. А.
Стернин узалды және окказионалды семалар, айқын және бәсең, эксплицитті
және көмескі семалар деген және т.б. топтарды ажыратады. Сөз мағынасының
семаларға қарай талдануы тілдің сөздік құрамын зерттеу жұмыстары,
лексикографияның теориясы мен практикасы үшін аса маңызды. Сема терминімен
қатар мазмұнның ең шектеулі бірлігін (единица) белгілеу үшін тіл білімінде
семантикалық компонент, дифференциялды семантикалық белгі,
семантикалық айқындағыш, семантикалық көбейткіш, ноэма және т.б.
аталымдар қолданылады [4,340-341].
Сема (грек. sema-белгі) – мазмұн тұрғысында ең кіші, ең түпкі бірлік
(единица). Сема шындық өмірде белгіленген заттар мен құбылыстардың түрліше
қасиеттерінің тілдегі қарапайым бейнесін білдіреді. Мысалы, тариха тұрғыда
түркі-моңғол тілдеріне (не көбіне) ортақ қой-қошқар-қозы-қошақан-қотан-
қотаншы-қойшы т.б. сөздердің бәріне ортақ сема қо морфомында (бастапқы
түбір) беріліп тұр. Бұл жерде қо семасы нақты затты атап, білдіріп тұрған
жоқ, онда тек жоғардағы сөздердің түпкі мағыналық бірлігіне меңзеу бар.
Формалық тұрғыда сема морф деңгейіне сәйкес келеді. Сема сөздің қарапайым
мағынасын білдіретін семеманың варианты түрінде келеді. Семема – семаға
қарағанда мағынаның неғұрлым жоғары деңгейін білдіретін бірлік.
Семеманың құрылымы семалар арқылы анықталады.
Семеманың иерархиялық жүйесіндегі ең негізгі бөлшегі - архисема, ол
белгілі топтағы тіл бірліктерінің бәріне тән жалпы категориялық белгілерді
жинақтап білдіретін тектік сипатқа ие. Мысалы, әке сөзінің архисемасы –
туыс мәнін білдіреді, жіктегенде оның түр-тұқымдық (ер. жыныстық) түрлері
анықталады: әке-туған әке-тікелей туыс, қаны бір туыс – тікелей қатынастағы
бірінші ұрпақ. Сөйтіп ол туыстық терминнің семантикалық өрісіндегі басқа
терминдерден ерекшеленеді. Мысалы, әке-шеше, әке-бала, әке-өгей әке, әке-
ата, үлкен ата т.б.
Сонымен бірге сема – сөздің мағыналық тұрақты негізінен заттар мен
құбылыстардың әр түрлі жағдайын білдіретін контекстуалды сема бөлініп
шығады. Оған сөздің әр түрлі жағдайға байланысты мәтін ішінде туатын ауыс
мағыналар жатады. Мысалы, жоғарыдағы әке сөзін жастардың үлкен мағынасында
қолдануы, одан туындаған әкелік қамқорлық, әкелік парыз, әкелік
міндет сияқты тіркестік ұғымдар осыған жатады. Лексикалық мағынадағы
семаның түбір сөздерде формалды арнайы көрсеткіші болмайды. Семалық талдау
тілдің сөздік құрамын идеграфиялық сипаттауда, арнаулы сөздіктердің
теориясы мен практикасында өте маңызды.
Тіл білімінде сема терминімен бірге семема, семантикалық көбейткіш,
мағыналық компонент сияқты терминдер де қолданылады. О. С. Ахманова семема
(Semema) терминіне екі түрлі мағына береді:
1) Парадигмалық қатар мүшелерінің мағыналық жүйесінің ең кіші
элементі.
2) Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны. Ал сема терминіне:
1) Жүйенің варианты.
2) Синтагмалық қатарға түсіп басқа сөздермен байланысатын мағынаның ең
кіші элементі. О. С. Ахманованың пікірінше, біріншіден, сөз мағынаның ең
кіші, ары қарай бөлінбейтін бөлшегі және, екіншіден, сөздің объектив
дүниемен байланысатын мағыналық элементі [5, 401- 402б]. Компонентті талдау
әдісі бойынша талдау жасаған ғалымдардың көпшілігі семема сөз мағынасының
кіші элементі деп емес, сөздердің мағынасымен тең деп те анықтама беріп
жүр. Біз танысқан әдебиеттерде сема мен семемаға берілген басқа да
анықтамалар бар. Бірақ біз сема мен семема терминдерін мағына жағынан
ажырата қолданушылар жағындамыз. Яғни, біз сема терминін сөздің ең кіші
мағыналық бөлшегі деген мәнде қолданамыз.
М. Оразов Қазақ тілінің семантикасы деген еңбегінде сема мен
семеманы, семема мен сөз мағынасын ажыратқанда төмендегі нәрселерге көңіл
аудару қажет дейді:
1. Сема мен семема сөз мағынасына байланысты болғанмен, ешқашан толық
мағына арқылы берілмейді.
2. Семема семалардың қосындысынан жасалынбайды. Семалар семемалар
сияқты өзгеріске түспейді.
3. Семалар объективті дүниеден түйсік арқылы қабылданған
информациялармен байланысты болса, семема сол информацияларды қабылдайды.
4. Сема мағынаның ең кішкентай бөлшегі, ары қарай майда бөлшектерге
бөлінбейді. Автор жүр етістігін компонентті талдау әдісімен талдап, сөз
мағыналарын бір немесе бірнеше семаларға бөлуге болатындығына көз
жеткізеді. Жүр етістігінің құрамында автордың пікірінше төмендегідей
семалар бар: 1) қозғалу қимылы бар, 2) қозғалған заттың бір орыннан екінші
орынға өткендігін білдіреді, 3) қозғалу жерде болады, 4) бағытсыз
қозғалысты білдіреді, 5) қозғалыстың темпісінің баяу (жүгіруге
қарама–қарсы) болғандығын, 6) процестің созылыңқылығын т.б. білдіреді [6].
Сөздің тұлғалық көрінісі – лексема, мазмұндық сипаты – семема деп
танылады. Лексема – сөздің сыртқы формасы, тұлғасы, дыбыстық жамылғышы, ал
семема – оның ішкі мағынасы мен мәнінің жиынтығы. Семема– бірнеше кіші
семаларға ажырайды. Мағыналық тұрғыдан семама семамен салыстырғанда кең әрі
ауқымды саналады. Семема лебіздік деңгейде көрініс табады да, сема
лингвистикалық талдау барысында анықталады. Семалар семантикалық жүйенің
бірліктері саналады да, мағынаның микрокомпонентерін құрайды:
1. Архисема – сөз мағынасының белгілі бір лексика-семантикалық топқа
біріктіруде негіз болатын әуелгі сема. Архисема – түбірдің бастапқы негізгі
семасы. Әдетте, архисеманың аумағы кең және ауқымды болады.
2. Ортақ сема – түбірлес сөз мағыналарының тарихи тектестігін
айқындайтын, сөздердің мағыналық бірлігін көрсететін сема. Ортақ сема
арқылы сөздердің мағыналық тектестігі мен сабақтастығы көрініс табады.
Сөздедің когнитивтік негізділігі мен уәжділігін айқындауда маңызд рөл
атқарады.
3. Өзек сема (негізгі) – сөз мағынасының негізін құраушы сема. Өзек
сема архисемаға жақын, архисеманың негізінде жасалады. Таңбаланған зат пен
құбылыстың негізгі белгілері мен қасиеттерін көрсетуші белгі.
4. Айырушы сема – семантикалық өрістегі сөздердің өзіндік
ерекеліктерін анықтайды. Айырушы семалар парадигманы құруға, тілдегі және
лебіздегі мағыналық реңді, өзгешелікті айқындауға мүмкіндік береді.
5. Ерекше сема – зат пен құбылыстың ерекше номинативті белгілері
арқылы орнығатын сөздің өзіндік ерекше мағынасы. Ерекше сема мәндес,
мағыналас, түбірлес сөздердің ерекше мағынасын көрсетеді. Болмыстағы заттар
мен құбылыстардың ерекше бір белгісі мен қасиетіне негізделеді. Мәселен,
үй, үйшік - сөздерінің ерекше семасы үйшіктің үймен салыстырғанда
кішілік белгісі арқылы ерекшеленіп, жеке сөздер ретінде танылады [7,72].
Семантикалық өріс – тематикалық қатарды түзейтін сөз бен сөз
тіркестерінің жиынтығы, өзінің жиынтығы арқылы белгілі бір саланы қамтитын
сөздер мен сөз тіркестері.
Ғ. Хасанов Семантикалық өріс деп аталатын мақаласында семантикалық
өрісті қарастыра отырып, Ю. Н. Карауловтың еңбектеріне сүйеніп, өріске
анықтама беруге тырысады. Ол өріс анықтамасын төмендегідей топтарға бөледі:
1. Лексика-семантикалық жүйенің бірлігі ретінде.
2. Қасиеттері бойынша.
3. Ішкі ұйымдастыру принциптері бойынша.
Лексика-семантикалық топтың мүшелері арасындағы парадигмалық
байланысты көру үшін ғалымдар компонетті талдау әдісін жиі қолданады. Бұл
әдіс бойынша сөз мағыналары бірнеше ұсақ элементтерден – семалардан тұрады
деп есептейді. Сема (грек сөзі - белгі) – мағынаның әрі қарай бөлінбейтін
заттардың, болмыс құбылыстардың әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі
қарапайым көрінісі.

мағыналық компонент сияқты терминдер де қолданылады. О. С. Ахманова сема
терминіне екі түрлі анықтама берген: 1. Парадигмалық қатар мүшелерінің
мағыналық жүйесінің ең кіші бөлшегі. 2. Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны.
Ал семема терминіне 1. Жүйенің варианты. 2. Синтагмалық қатарға түсіп басқа
сөздермен байланысатын мағынаның ең кіші элементі.
З. М. Кульпейсова диссертациялық еңбегінде француз, неміс және қазақ
тілдері материалдары негізінде тағам семантикалық өрісін зерттеуді
басшылыққа алады.
Жұмыста тағам семантикалық өрісі құрылымы әр түрлі үш тілде
мағыналық –құрылымдық, сөзжасамдық және лингвомәдени аспектілерде
қарастырылады.
Өріс теориясын зерттеген ғалымдардың еңбектерімен таныса отырып,
айтарымыз өріс белгілі бір мағынамен шектесетін арнайы сөздер мен сөз
тіркесінің жиынтығы, яғни әр түрлі семантикалық байланыстар арқылы ортақ
ұғымды құрайтын тілдік бірліктер.
Лексика-семантикалық өріс тақырыбы әлі де қызығушылық пен қолдау
табатын тақырыптардың бірі, сол себепті де өріс теориясының мәні мен
мағынасы тіл біліміндегі зерттеу жұмыстарының нысанына айналатына сенемін
[8,108-110].
Ю. Апресянның пікірінше, лексиканың жүйелілігі екі нәрсеге: ұғымның
қалай анықталатынына мен лексиканың қалай баяндалатына байланысты.
Лексиканың жүйелілігі өріс теориясының ұстанымы бойынша семантикадан
формаға қарай зерттеледі: кез келген сөздің жүйелілігі жалпы мағынамен
байланысты, сондықтан да ол шындық болмыс нысандарымен заттардың өзара
ұқсас байланстарын бейнелейтін тілдік бірліктердің өзара байланысымен
қамтамасыз етіледі.
Э. Кузнецова лексикалық жүйені сөздік топтардың күрделі әрекеттестігі
ретінде қарастыра отырып: Тілдің лексикалық жүйесі – бұл жай ғана лексика-
семантикалық топтары бар сөз таптарының жүйесі деген тоқтамға келеді.
Сонымен тіл өзара бір-біріне тәуелді, яғни тығыз байланыста болатын
кіші жүйелерден тұратын құбылыс болса, лексика сол жүйелердің бірі. Лексика
жүйесі бізді қоршаған ортамен тікелей байланысты болып келетін күрделі
құбылыс. Тілдің лексикасы бір-бірімен өзара байланыста болатын, объективтік
дүниедегі құбылыстарды бейнелейтін бірнеше бөліктерден тұрады.
Лексикалық семантика негізгі екі мақсатты ұстанады. Біріншісі – осы
тілдің барлық сөздерінің семантикалық мағынасын көрсету. Екінші мақсат –
сөздердің арасындағы семантикалық мақсаттарды анықтау, яғни лексикалық
мағыналар жүйесін сипаттау.
Қазіргі тіл білімі ғалымдарға тілдің семантикасында жүйелі-құрылымдық
талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Солардың ішінде
түрлі елдің ғалымдарының жұмыстарынан өріс термині мен ұғым нақ орын
алды. Өріс теориясы тілдік жүйенің түрлі қатпарындағы семантикалық
деңгейдегі сөздердің өзара қатынастағы микро-құрылымдығын жоғары дәрежедегі
пара-парлықпен баяндауға мүмкіндік береді.
Өріс теориясы Г. Ипсен, В. Порциг, И. Трирдің есімдерімен тығыз
байланысты. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында пайда болған өріс
теориясының осы уақытқа дейін қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өткен
жөн. Тіл білімінде семантикалық өріс теориясының табиғатына деген көзқарас
бойынша, өріс теориясы лексикадағы кез-келген жүйелік құбылысты
білдіреді. Сондықтан да лексика-семантикалық өріс лексика жүйелігінің басты
көрінісі болып табылады. Лексика-семантикалық өріс лексикалық семантиканың
басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелігіне негізделген. Өйткені, өрісті
және оның құрылымын айқындауда лексикалық бірліктер жеке, дара күйінде емес
жүйеленген топ ретінде бірігеді. Лексика-семантикалық өріс – бұл қандай да
бір жалпылаушы (интегралды) белгілері бойынша біріккен, яғни мағынаның
ортақ бөліктері бар тілдік бірліктердің жиынтығы.
Қазіргі тіл білімінде өріс теориясының негізгі белгілері мен
тұжырымдары нақты анықталып жатыр. Оның бұдан әрі дамуы өрістің құрамындағы
жүйелі семантикалық байланыстарды анықтауға байланысты. Жүйелі-семантикалық
байланыстар лексиканың жүйелілігін анықтайтын басты категориялардың
маңыздысы. Лексика-семантикалық өріс – сөз мағыналарының арасындағы түрлі
жүйелілік-семантикалық байланыстарды қамтамасыз ететін лексика жүйесінің
үлкен құрылымдық бөлшегі.
Ю. Карауов Семантикалық байланыстар деп лексика жүйесіндегі немесе
өрістегі сөздердің арасындағы қатынастарды түсінеміз десе, М. Оразов
лексика-семантикалық топ мүшелерінің арсындағы жүйелі-семантикалық
байланыстардың негізгі үш түрін ажыратады. Олар: синонимдес, антонимдес
және ұштас мәндес (коррелятив) мағыналық қатынастар болып саналады.
Жоғардағыларды қорытындылай келе, тілдің лексикалық жүйесі – бұл жай
ғана түрлі лексика-семантикалық топтардың жиынтығы емес, ол бәрінен бұрын
ішінде әртүрлі лексика-семантикалық топтары бар сөз таптарының жүйесі.
Сонымен, лексиканың жүйелілігі әрбір сөз бен соған сәйкес әрбір ұғымның осы
жүйеде белгілі орынға ие болып, суреттелген басқа сөздер мен ұғымдарға
қатынастарына байланысты болады. Лексика-семантикалық өріс деп тілде шындық
болмысты бейнелеп, бүтін бір құрылымды құрайтын, лексикалық бірліктері
ортақ семантикалық бөлік негізінде түрлі жүйелі-семантикалық қатынастармен
байланысып жатқан біріккен сөздер тобын, яғни лексикалық бірліктердің
жиынтығынан тұратын микрожүйе екенін түсінуге болады [9,35-36].
Орыс тілінде көптеген лингвистикалық терминдерді орнықтырған ғалым О.
С. Ахманов өзінің Линвистикалық сөздігінде сема мен семамаға анықтама
береді, және бұл анықтама көптеген ғылыми еңбектерді негізге алады.
Семема 1. Парадигмалық қатар мүшелерінің маңыналқ жүйесінің ең кіші
бөлшегі, 2. Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны.
Сема 1. Жүйенің варианты, 2. Синтагмалық қатарға түсіп басқа сөздермен
байланысатын мағынаның ең кіші бөлшегі. Бұл анықтамадан байқалатын жағдай
ғылым сема мен семаманы ерекше етіп көрсетеді. Семема семамен салыстырғанда
мағынаның жоғары деңгейін көрсетеді.
Сема лексикаланған атаудың мағыналық құрамындағы заттық, құбылыстық,
қимылдық, сапалық т.б. мән беретін ең негізгі, әрі ең кіші мағыналық бөлшек
ретінде танылады. Осы семалардың негізінде сөзжасамдық мағына қалыптасады.
Сөйтіп, туынды сөздің екінші мағынасы жасалады. Мысалы: дүрлікпе сұраным
терминің негізі мағынасы сөздікте былай көрсетілген: тұтыну рыногындағы
жағдай мұнда тауарлармен көрсетілетін қызметтер жөніндегі төлем қабілеті
бар сұраным тасқын тәрізді еселене түседі. Бұл мағына дүрлігу және
сұраным сөздерінің мағынасы арқылы қалыптасқанымен, өзіндік жаңа ерекше
мағынаға ие болып тұр. Яғни сыңарларының мағынасынан басқа жаңа терминдік
мәнге лексикаланудың нәтижесінде ие болады.
Семалардың қасиетін зерттеп, анықтама жазған ғалымдардың
зерттеулерінде бірізділік жоқ [7,44].
Айталық орыс тіл білімінде семантика саласын зерттеген ғалым В. Г. Гак
өзінің ғылыми жұмыстарында мағыналық құрымның кіші бөшегі саналатын
семаларды былай үшке бөліп көрсетеді:
1. Жалпылауыш сема.
2. Даралаушы сема.
3. Потециалды сема.
Ғалымның бұл бөлуі сөздің негізгі қасиеттерін айқындай алады.
Шетелдік зерттеушілердің пікірне сүйенген В. Г. Гак сөздің мағыналық
құрылымдағы жалпы, негізгі және дара мағынаның болатындығын көрсетеді.
М. Оразов орыс тіл біліміндегі және түркі тіл білімнідегі семалар
туралы айтылған пікірге толық талдау жасайды да, мынадай терең ой айтады:
Семалардың мағынасын анықтағанда, әрине, сөз мағынасына негізделген дұрыс.
Ең алдымен, сөз мағынасындағы сема объектив дүниемен байланыструшы элемент
санайтын болсақ, онда тіл білімі категориясы ретінде қарауға негіз де жоқ.
Семаларды адамның сезім мүшелері арқылы объектив дүниені түйсініп
қабылдаған солардың түрлі қасиеттері мен белгілері екендігін мойындаумен
бірге оның сөз мағынасының ең кіші элементтері екендігінде естен шығармау
керек. Ғалым зерттеушелердің ғылыми тұжырымдары жинақтай келе семаларды
былайша екі ғана топқа бөлген дұрыс деген ой айтады: [10,45].
1. Архисема.
2. Дифференциалды сема.
Автордың пайымдауынша, архисема (жалпылаушы сема) бірнеше сөздерге
ортақ сема да, сөздерді белгілі бір лексика-семантикалық топтарға
топтастырып тұрады, ал дифференциялаушы сема жеке сөздердің өздеріне тән
болады да, оны сол лексика семантикалық топтың басқа мүшелерінен ажыратып
тұратын, сөздердің жеке дербестігін қамтамасыз ететін сема. Зерттеуші
еңбегінде кейінгі кезде жазылған ғылыми еңбектерде интегральды сема туралы
көп айтылып жүргені туралы жазады. О. Н. Селиберства мұны төртінші сема
ретінде танитынын келтіре отырып, бұны да, архисемаға жақын деп таниды.
Архисеманы ғалым бірнеше сөздердің мағынасына ортақ, сөздерді белгілі бір
лексика-семантикалық топтарға біріктіруге себепші болып тұрған сема деп
түсіндіреді де, архисема мен интегральды семаны ажыратудың қажеті жоқ деген
пікір түйеді.
Соңғы кездерде ғалымдар, мысалы О. Н. Селиберстова семалардың
төртінші түрі – интеграль семалар бар деген пікірлер айтуда, мысалы [11].
Интеграль семаны анықтауда, әзірге, ауытқулар жоқ және оған берілген
анықтамалар да айқын емес. Интеграль сөзі латынның integer (мағынасы бүтін,
қалпына келтіру) сөзінен алынған, сондықтан интеграль семаның анықтамасын
сөздердің ортақ семасынан іздеген дұрыс.
Семалардың түрлері туралы пікірлерді бір жүйеге келтіретін болсақ,
онда сөз мағынасындағы семалардың екі түрін ғана ажыратуға болады:
1) Интегралды сема (архисема), 2) Дифференциалды сема. Интегралды сема,
салыстырмалы семалар сөздердің лексикалық мағыналарын талдауда жеңілдік
туғызғанымен, мағынадағы орны тиянақты болмайды, өзгеріп отырады.
Интегралды сема өз қасиеттері жағынан архисемаға жақын болса, салыстырмалы
сема дифференциалды семаға жақын тұрады. Зерттеушілердің мақсатына қарай
олар бірде архисеманың құрамында, бірде жеке бөлініп алынуы мүмкін.
Салыстырмалы сема да дәл осындай бірде дифференциалды сема ретінде, бірде
жеке сема ретінде бөлініп алына береді. Егер біз архисема дегенде бірнеше
сөздердің мағынасына ортақ, сөздерді белгілі бір лексика - семантикалық
топқа біріктіруге себепші болатын сема деген В. Г. Гактың анықтамасы дұрыс
дейтін болсақ, онда архисема мен интеграль семаларды ажыратудың қажеті
болмайды. Біз өз жұмысымызда архисема (жалпылаушы сема) бірнеше сөздерге
ортақ сема болып саналады да, сөздерді белгілі бір лексика-семантикалық
топқа топтастырып тұрады, ал дифференциалды сема (айырушы сема) жеке
сөздердің өздеріне тән болады да, оны сол лексика-семантикалық топтың басқа
мүшелерінен ажыратып тұратын, сөздердің жеке дербестігін қамтамасыз етіп
тұратын сема деген М. Оразов қағидасын қолдаймыз [11].
Зерттеу барысында біз архисема (жалпылаушы сема) және дифференциалды
сема (айырушы сема) терминдерін қолданамыз. Сөз мағынасының қалыптасуына
қай сема негізгі қызмет атқарады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Қазақ тіл
білімінде бұл мәселе әлі арнайы зерттеу объектісі болған жоқ.
Жалпылаушы семалар мен айырушы семалар сөздің лексикалық мағына
құрамына енуі керек, бірақ сөз мағынасын семалардың қосындысы не жиындысына
тең деп қарау дұрыс емес. Ситуацияға байланысты бір сема жетекші сема,
екінші бір семалар оған қосалқы, көмекші, қызметін атқарып, негізгі
мағынаның орталығын жасап тұрған семаны толықтырып тұруы шарт. Қай сөздің
мағынасында семалардың саны көп болса, сол сөздің мағынасы жайылыңқы,
абстрактылы, көп мағыналы сипатқа ие болады.
Компонентті талдау әдісіне О. Н. Селиберстова төмендегідей анықтама
береді: Под компонентным анализом мы понимаем процедуру расщепления на
составные части, вычленение которых обусловлено как соотношением элементов
внутри отдельного значения (наличие более общих и более частных элементов,
т.е. иерархичность), так и соотношением этого значения со значением других
языковых единиц [11,287].
Компонентті талдау шарасында біз лингвистикалық әдебиетте жиі
қолданылатын және ең қолайлы сема терминін қолданамыз. Семаға объективті
сипаттаманы біз В. Г. Гактан табамыз: Каждая сема представляет собой
отражение в сознании носителей данного языка различительных черт,
объективно присущих денотату, либо приписываемых ему данной языковой средой
и, следовательно, являющихся объективными по отношению к каждому
говорящему [12,95]. Сөйтіп, сөз мағыналарын оларды парадигмадағы басқа
бірліктерге қарама-қарсы қою арқылы егжей-тегжейлі қарастыруға болады.
Семантикалық талдаулар сондай-ақ Б. Қалиева пен А. Жылқыбаеваның
жазған еңбектерінде жақсы талданады. Бұл зерттеу жұмысында семалардың тіл
ғылымында зерттелуіне тоқтала отырып, ғалымдар олардың мынадай мағыналық
жұптарын көрсетеді:
1. Жалпылаушы және даралаушы семалар,
2. Маңызды және ықтимал семалар,
3. Негізгі және шеткері семалар,
4. Анық және көмескі семалар,
5. Жақын және алыс семалар,
6. Ақиқат және жалған семалар,
7. Материалды және идеалды семалар,
8. Тілдік және сөйлеу семалары,
Бұл жүйе арқылы біз семалардың тілдегі келу сипатын аңғарамыз. Егер
шындыққа жүгінсек, семалардың нақты саны екі-үштен аспайды. Олар:
1) жалпылаушы сема,
2) нақыталушы сема,
3) ықтимал сема,- деп жазады зерттеушілер [10,46].
Демек, авторлары семалардың негізгілерін көрсетіп береді.
Сема түбір не негіз сөздің мағыналық құрылымындағы әртүрлі заттық не
қимылдық әрекеттік не сапалық т.б. мәнді білдіретін ең негізгі кіш
мағыналық бөлік [8,47-бет].
Архисема деп, әдетте түбірдің бастапқы негізгі семасы аталады.
Архисеманың мағыналық аумағы кең болады да, одан бірнеше мазмұндас,
мағыналас бірнеше туынды сөздер тарайды [10,48].
Семантикалық өріс – бір мағына мен мазмұнның аясында топтасатын
болмыстың жақын, ұқсас, мәндес қасиеттері мен қызметін көрсететін тілдік
бірліктердің жиынтығы. Семантикалық өріске ортақ бір мағына мен мазмұн
бірлігі арқылы тоғысатын, өзексемалар арқылы жақындасатын, архисемаларында
ортақтығы жақындығы бар сөздер енеді.
Семантикалық өрістің теориясын жалпы тіл білімінде алғаш ұсынған
ғалымдар – Й. Трир, Г. Ипсен. Семантикалық өрістің құрамына енетін сөздерді
мағыналық жақындық біріктіреді. Сөздердің өзексемаларының ортақтығы,
жақындығы семантикалық өріске енудің басты шарты. Мысалы: ойлау етістіктері
– ойла, ойлат, ойлатқыз, ойлант, ойға бату, қиялдау, армандау, ниеттену,
еске алу, мұңаю, мұңдану, сағыну, уайымдау т.б. Бұл сөздердің әрқайсысының
мағыналарының құрамында арнайы семалары бар, номинативтік мәні қалыптасқан
атау сөздер, дегенмен семантикалық бір өрістің құрамына енетін сөздер
болғандықтан, кейбірінде өзек сема арнайы сема сипатында қолдана алады
[7,62].
Сондай-ақ, дәрігер, дәрі, дәріхана, дәрілік шөп, аурухана, емхана,
бас дәрігер, медбике, асперин, анальгин, бас ауруы, іш ауруы, сүзек,
науқас, ауру, ауыру, ауырмау, ауырту, дімкәс, сырқат, аға медбике, көз
дәрігері, ем, емдеу, емделу, науқастану, сырқаттану, тәуірлену, көңілін
сұрау т.б. сияқты ауруға қатысты атаулар мен медициналық термин-атаулар бір
семантикалық топты құрай алады. Семантикалық өрістің басты ерекшелігінің
бірі – оған енетін сөздердің мағыналары жағынан бір-бірінің жалпы мазмұнын
айқындайды, бір-бірін толықтырып тұрады.
Семантикалық өріс ұғымы кең. Көп жағдайда бұл терімсөз лексика
семантикалық топ пен тақырыптық топ деген терімсөздермен бірдей, шектес
қолданыла береді.
Өріс теориясы тіл білімінде көптеген көзқарастармен ХХ ғасырда пайда
болды. Тіл білімінде өріс терминін ең алғаш қолданған Г. Ипсен болса, ал
лексиканы семантикалық өрістер арқылы зерттеудің теориялық негізін салушы
Й. Трир болды. Ғалым өзінің ғылыми зерттеу еңбектерінде сөздік құрамының
белгілі бір ұғымға топтасқан және бір-бірімен тығыз байланыста болатын
сөздердің тобынан құралатындығын атап көрсетті. Ол сөздің жеке тұрып
ешқандай мағынаға ие болмайтындығына, оның мағынасы тек өріс құрамында ғана
анықталатындығына назар аударды. Ғалымның бұл теориясы сынға түссе де,
лингвистика саласындағы сәтті қадамдардың бірі болып, басқа ғалымдардың осы
мәселеге қызығушылығын арттырды. Й. Трирдің бұл идеясын кейіннен В. Порциг,
А. Мартине, А.В. Суперанская, Г. Щур, А. М. Кузнцев, Ю. Н. Караулов, Ю. Д.
Апресян сияқты ғалымдар жалғастырды.
Л. Вайсгербер тілдің заттар әлеміне белсенді әсері туралы тезисті әрі
қарай дамытып, тілдің ойға және біздің санамыздың дамуына әсерін зерттеді.
Тілдегі жүйелілікті негіздеу үшін ол өз теориясын жасады. Трир сияқты екі
өлшемді өріс емес, үш өлшемді өріс жайын сөз етеді және ,,die sprachliche
Zwischenwelt” - ,,тіл аралық әлем” ерекше ұғымын енгізді. Автор сөздің
мағынасы тек қана өрісте өмір сүреді деп сендіреді. Мысалы, rot (қызыл) сын
есімі gruen (жасыл), gelb (сары), т.б. түсті білдіретін сын есімдер
болғандықтан ғана тілде өмір сүреді. Л. Вайсгербер семантикалық өріске
түрлі сөз таптарына жататын, өзара семантикалық және сөзжасамдық қатынастар
арқылы байланысқан сөздерді жатқызады [12,64].
Жоғарыда айтылғаннан шығатын қорытынды жеке сөздердің мағынасын егжей-
тегжейлі ашпай, ешқандай семантикалық талдау жасау мүмкін емес, өз
кезегінде ол экстралингвистикалық шындықты есепке алмау мүмкін емес,
өйткені тек экстралингвистикалық шындыққа талдау ғана семантикалық
бірліктердің шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың 30-жылдары негізі қаланған өріс теориясы туралы ілім
кезінде лингвист ғалымдар арасында үлкен пікірталас тудырған болатын, бірақ
тіл білімінде әлі де өз шешімін толық тапқан жоқ. Бұл мәселе – ғалымдар
арасында әр түрлі бағытта зерттеліп келе жатқан тіл біліміндегі өзекті
мәселелердің бірі. Өрісті лексика жүйесінің басты бірлігі ретінде
қарастырып, оның теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеген ғалымдар: Ю. Д.
Апресян [13], В. Г. Гак [14], Е. В. Гулыга [15], Ю. Н. Караулов [16], А. А.
Уфимцева [17], Г. С. Щур [18] және т.б.
Өріс мәнін анықтауда ғалымдардың көзқарасының әртүрлілігі өрістің жете
зерттелмегендігінен және өріске ортақ теорияның жоқтығынан емес, барлық
тілдік бірліктердің семантикалық қызметі қамтылған зерттеу объектісінің
күрделілігінде [19,89]. Л. А. Новиковтің айтуынша, семантикалық өрістер
элементтерінің түсініктік біртектілігімен сипатталады, сондықтан оның
бірліктері көп мағыналы сөздер мен бір мағыналы сөздердің лесика-
семантикалық варианттары (ЛСВ) болып табылады. Семантикалық өрістерде
тілдік бірліктердің жүйелік қатынастарын семасиология зерттейді, өйткені
суреттеу сөзден ұғымға апарады. Егер сөз ішкі байланыстар жағынан
қарастырылса және суреттеу ұғымнан сөзге бағытталса, онда бұл
ономасиологияның зерттеу аймағы.
О. С. Ахманованың сөздігінде семантикалық өріске мынадай анықтама
берілген: Семантикалық өріс – тематикалық қатарды түзейтін сөз бен сөз
тіркестерінің жиынтығы, сол жиынтық арқылы белгілі бір саланы қамтитын
сөздер мен сөз тіркестері [5,334].
Ғалымдардың өріске анықтама берудегі пікірлеріндегі ортақтық – лексика-
семантикалық өрістің мағыналық құрылымындағы ортақ бір семантикалық
компоненттің негізінде біріккен қандай да бір тақырыпты қамтитын сөздердің
жиынтығынан тұруы.
И. М. Кобозева семантикалық өріс деп айқындалатын құбылыстың ұғымдық,
заттық және қызметтік ұқсастықтары мен мазмұнының жалпы болуымен
біріктірілген тілдік бірліктер жиынтығын айтады. Автордың пікірінше
семантикалық өріс төмендегі қасиеттерге ие:
1) сөздердің белгілі бір семантикалық қатынастарға түсуі,
2) осы қатынастардың жүйелілігі,
3) лексикалық бірліктердің өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі,
4) өрістің дербестігі,
5) өрістің ұғымдық сипатын таңбалаудың тұрақтылығы,
6) семантикалық өрістің бүкіл лексикалық жүйедегі өзара байланыстылығы
[20,99].
Лексика-семантикалық өріс – лексиканы зерттеудегі, семантикадағы
негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл ұғым лексикалық семантиканың
басты мәселелерін шешуде лексиканың жүйелілігін басшылыққа алатын қағидаға
негізделген, өйткені өрісті және оның құрылымын анықтауда лексикалық
бірлікте жеке күйінде емес, жүйеленген бір топ түрінде қарастырылады.
Тіл білімнің теориялық, әдістемелік жағынан қалыптасуы мен дамуына,
тілдегі лексика – семантикалық топтарды салыстыра, салғастыра зерттеуде
отандық ғалымдарымыз М. М. Копыленко, А. Е. Карлинский, С. С. Құнанбаева,
С. Е. Исабеков, М. Т. Сабитов, Б. Қ. Қалиев, З. Қ. Ахметжанова, Қ. Т.
Рысалды, Т. Аяпова және т.б. қосқан үлестері зор.
Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте өріске – совокупность
языковых (гл. обр. лексических) единиц, объединенных общностью содержания и
отражающих понятийное, предметное или функциональное сходство обозначаемых
явлении деген анықтама берілген.
Өріс ұғымы тіл ғылымында тілдің әр түрлі деңгейлеріне жататын, бірақ
бірыңғай мағыналарды білдіретін тіл бірліктерінің жиынтығы ретінде
түсіндіріліп, сол бірліктернің жиынтығы ретінде түсіндіріліп, сол
бірліктердің өзара байланысын көрсетеді.
Өріске берілген анықтамаларда оның төмендегі ерекшеліктері атап
көрсетіледі:
1) өріс жүйелі қатынастар арқылы бір-бірімен байланысқан тіл
деңгейіндегі құралдардың жиынтығы,
2) өрісті ұлғайтатын әр түрлі тіл құралдары қандайда бір ортақ
мағынаға ие болады,
3) өрістің тек қана ортақ бір мағынасы ғана емес, бір-біріне қарама-
қарсы екі мағынасы болады,
4) өріс көлденең және тік кесінді түрінде көмектесуге болатын күрделі
құрылымнан тұрады.
Өрістің көлденең кесінді бойында оның семантикалық түрлері –
микроөрістер, ал өрістің тік кесінді бойында оны құрайтын тілдік құралдар
жатады. Сондай-ақ лексика-семантикалық топтар ретінде қарастырған ғалымдар
да бар. А. Уфимцева, Ю. Н. Караулов, А. Е. Карлинский т.б. Олардың
пікірінше лексика-семантикалық өріс пен лексика-семантикалық топтардың бір-
бірінен еш айырмашылықтары жоқ, олардың екеуіне де тән құбылыс олардың
ортақ мағына арқылы топтасулары, бір өріс аумағында қолданылулары [21].
Лексика немесе сөздік құрам қайсы тілден болса да барлық сөздерінің
тұтас жиынтығын қамтиды. Өмірдегі болған семантикалық құбылыстар мен
заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Тілдің лексикалық құрамы
оның басқа салаларының қай-қайсысынан болса да өзгеріске бейім тұрады.
Сөздік құрамының тілдік категориялар ішіндегі ең бір өзгерімпаз, дамығыш
болатын себебі, ол адамдардың қоғамдық өміріндегі өзгерістерді,
жаңалықтарды тез қабылдайды және тікелей көрсетеді.
Ш. Құрманбайұлы Лексемаларды талдау да, ұғымдық өріс, лексикалық өріс
деп жіктеп және алғашқысында басқа назар аударғаннан гөрі оларды
тұтастыққа, бірлікте қарастырған дұрыс деген пікір айтады.
Лексика-семантикалық өріс – бұл қандай да бір жалпылаушы (интергалды)
белгілері бойынша біріккен, яғни мағыналарының ортақ компоненттері бар
тілдік бірліктердің жиынтығы.
Ю. Н. Карауловтың айтуынша: лексика-семантикалық өрісте
лексикологияның синонимия, антонимия, полисемия және сөз бен ұғымның
арақатынасы сияқты қатынастар байланысып жатыр.
Жалпы тіл білімінде өріс теориясы тілдің барлық деңгейлеріне қатысты
қолданылады: лексикалық топтар немесе парадигмалық өрістер. Лексикалық
жүйені зерттеу семантикалық өріс пен мағыналық құрылымды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz