Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
1. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы . . .
1. 1. Тұлға болып қалыптасуы (балалық шағы, білім алуы) . . .
1. 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкер жайында халық жадында жүрген естеліктер . . .
2. Ғарышкер және Қазақстан . . .
2. 1. Байқоңыр ғарыш алаңы және Т. Әубәкіров сапары . . .
2. 2. Т. Әубәкіровтің қазақ қоғамына мен саясатына деген көзқарасы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛЫНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3
8
8
19
32
32
42
55
58
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі Қазақ халқының дара ғұламасы, тұңғыш ұшқыш, кеңес одағының батыры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров. Оның халқымыздың аспан әлемі мұрасын зерттеу ісінде бітірген шаруалары да аса ауқымды. Ұшқыштың бұл тұрғыдағы жұмыстары Тоқтардың қаһармандық қырын сөз еткен еңбектерде қозғалып жатады. Дегенмен, Тоқтар Оңғарбайұлы жайында айтылған, пікірлермен өзінің жеке басына қатысты деректерді, өзінің берген сұхбаттарын жан-жақты зерттеп, жазу назарға көп алынбай келеді. Ал шын мәнінде, Тоқтардың аспан әлемін тану саласын, космос саласында, ел ішінде жарық жұлдыз атануының негізгі қайнар бұлақтарының бірі - оның сол ерліктерін аса зор таныммен, биік білімпаздықпен талдап, таразылағанынан да бастау алады.
Қазіргі тарих ғылымында болып жатқан жақсы өзгерістердің бірі - төл тарихымыздың әлі де болса ашылмай жатқан тұстарын толықтыра түсіп, жан-жақты, сан қилы дәлелді дерек көздерін ғылым ағымына құю өз жалғасын табуда. Ал осы тарих ғылымына деген қызығушылықтың бүгінгі күні жоғарғы деңгейге көтерілуінің басты себебі - ол ел тәуелсіздігі. Тәуелсіз халықтың, еркін ұлттың өз өткенін, ата-баба тарихына деген қызығушылықтан туындаған ұлттық сұраныс. Қазіргі уақытта қазақ тарихы қайта өрлеу, қайта түлеу кезеңінде.
Республиканың тәуелсіздік тізгінін өз қолына алып, егемен ел болуы төл тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Осыған орай бүгінде еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған тарихи тұлғаларға ұлттық мүдде тұрғысынан лайықты баға беру жолында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашыла түсуде. Себебі кез келген өркениетті елде тарих ғылымы сол елдің, халықтың жүріп өткен жолын, әсіресе күрделі тарихи кезеңдер мен сол кезеңдерде өзінің қоғамдық қызметімен тарихта терең із қалдырған жеке тарихи тұлғалардың өмір жолын зерттеу арқылы өзінің гуманистік міндетін орындап отырған. Оның үстіне әр кезеңде тарихи тағдырлары үздіксіз бұрмаланып келген жеке тұлғалар туралы тарихи шындықты қалпына келтіру бүгінгі ұлттық тарихымыздың қалпына келуі үшін де аса қажет. Өйткені тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас ұстану жас ұрпақтың бойында отаншылдық сезімді қалыптастыратыны белгілі.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттілікті нығайту бағытындағы ізденіс үстінде. Мемлекеттің ұлттық негізінің беріктігі-әлемдік жаһандану үрдісінен туындайтын ұлттық болмысқа қауіп төндіретін кері әсеріне тосқауыл болудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағлымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы қазақ елінің тарихи тұлғаларын, қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі.
Бүгінде тәуелсіз елдің алға қарыштап дамуы тарихи шындықты мейлінше тереңдетіп зерттеуді, халқымыздың өзіндік жолы бар тарихын жаңа табылған деректерге сүйеніп зерттеуді талап етеді.
«Кеңес Одағының батыры Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толғанда Ресей Федерациясы дүбірлетіп той жасады. Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқаныңа 2021 жылы 30 жыл толмақ. Біздің мемлекет тарапынан мерекені тойлауға қандай ұсыныстар түсті?» деген сұраққа Т. Әубәкіров: «Мені Ресей үкіметі Ю. Гагариннің тойын тойлауға шақырды. Ғаламторды қарасаңыз, бәрі ілулі тұр. Ал біздің мемлекет тарапынан ешқандай ұсыныс әлі түсе қойған жоқ», - дейді.
Тақырыптың өзектілігі мемлекеттік «100 жаңа есім» бағдарламасының бағытымен де үндеседі.
Зерттеу жұмысының тарихнамалық деңгейі Тоқтар Әубәкіров жайлы арнайы немесе толыққанды тарихнамалық немесе тарихилық зерттеулер болған емес. Десе де осы зерттеліп отырған мәселенің кейбір аспектілері Тоқтар Әубәкіров жайында айтылған мақалаларда, сұхбаттарда көрсетіледі.
Əбілдинов Қ. «Тоқтардың Мұражайына тарту жасады: жағымды жаңалық» деген мәтінде орталық Қазақстан ақпараттық баспасына-2006 жылы 16 ақпанда сұхбат беріп, Тоқтар аға туралы кең көлемде ақпарат берген[1] . Одан бөлек Ақсұңқарұлы С. «Алашым менiң - Аспанда: Т. Əубəкiровке арналған өлең» шығарады[2] . Асауов Д. болса «Жерде жүр, жанарынан от бораған аспанды аңсап жүрегі, Тоқтар ағам!: Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров 60 жасқа, ғарышқа самғағанына 15 жыл толды» деген мақала жазған[3] . Ахметов Қ. «Тоқтар ұшқан күні қазақ неге жым-жырт?» тұңғыш ұшқыш күніне орай мақала берген[4] .
Бəймен А. «Тоқтар Əубəкіров: «Біздің ғарышқа ұшуымызға Президентіміз көп еңбек сіңірді»: Ғарышкер Тоқтар Əубəкіровпен сұхбат» Заң газетіне сұхбатын жариялайды[5] . Байтұрсын Т. «Ғарышкердiң ұстаздары» атты мақаласын жариялайды[6] . Бақриденқызы Б. «Ғарышкерге арнау: [2қазан Т. Əубəкіровтың ғарышқа ұшқанына 15 жыл] » атты арнау арнаған[7] . Ермекбаев Т. «Ғарышта -қазақ қыраны: Т. Əубəкiров туралы» сұхбат берген[8] . Есали А. «Ғарышкер өз атында мектеп бар екенiн бiлмептi» деп сұхбат берген[9] . Есеев И. «Қарқаралыдан Атырауға дейін: даңқты ғарышкер атындағы ел біріншілігі» [10] . Жəкейұлы М. Тоқтар Əубəкiров: «Ғарышта тұрып, ата-бабаларыма алғыс айтамын»: қазақ сынақшы-ұшқышы Тоқтар Əубəкiровпен сұхбат» [11] . Жəмкенов С. «Арқадан ұшқан ақиық: очерк» [12] . Жөкiпбаев Е. Ғарышкер Тоқтарға» [13] . «Жүз тұңғыш. 2-кітап» [14] . Жұмағали С. «Қазақтың һас батыры» [15] . Зұлқажаев А. «Батырымызды бағалай білеміз бе?: Т. Əубəкіров -60 жаста» [16] . Ісiмақова А. «Қазақтың тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Əубəкiров мырзаға» [17] !. «Көркемсуретті Қазақстан тарихы. 4-том[18] . Қазақстан ХХ ғасырдың екінші жартысынан біздің уақытымызға дейін» [19] . Қабыханов А. «Ғарыш əлемiне саяхат: Т. Əубəкiровтың ғарышқа ұшқанына - 10 жыл» [20] . Қабыханов А. «Қазақ ғарышына -10 жыл» [21] . «Қазақ қыранның ғарышқа самғағанына он жыл» [22] . Қауысов Б. «Ғарышкерді ғаламға танытқан: əріптес жайлы əңгіме» [23] . Қилыбаева Р. «Тоқтар - текті əулеттің өрені» [24] . Қуанбай А. «Барымызды бағалай білейік: Қазақстанның ғарышты игергеніне - 15 жыл» [25] . Қыныбаева Р. Қазақ аспанында туған жұлдыз: Т. Əубəкiровтың ғарышқа ұшқанына 10 жыл» [26] . Қышқанұлы С. «Президент не дейді? Біз не дейміз?» [27] . Лəмбекұлы С. «Ғасыр саңлағы: Тоқтар туралы толғау» [28] . Лұқпан Е. «Ғарышқа жол Байқоңырдан бастау алды» [29] . Лұқпан Е. «Құрыш қала шежіресі: Ғарышта Теміртау түлегі» [30] . Майбас Т. Қарағанды -ғарышкерлер отаны» [31] .
Мақаш Д. «Ғарышкерлер мүйiсi» [32] . Махамбет М. Ерлiк Ақыл парасатынан туады: (Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, запастағы авиация генерал-майоры Т. Əубəкiровпен сұхбат) » [33] . Махметұлы С. «Тоқтар батыр ел ортасында: Т. Əубəкіров -60 жаста» [34] . Машайықұлы М. Ұлылықты ұғасың Ұлытаудан: Жыр дəптерінен» [35] . Мұхтаров С. «Мешітпен 70 жылдан соң қайта қауыштық» [36] . Мырзаханұлы Н. «Жүрегі - мəрт, жаны - жомарт азамат: [ғарышкер Т. Əубəкіров туралы] » [37] . Несіпбай А. «Əпке: [тұңғыш Қазақстан ғарышкері Тоқтар Əубəкіров туралы] » [38] . Ниязбеков Р. «Мені ғарышқа ұшырған кім?: (Тоқтар Əубəкіровтың монологы) » [39] . Омарбеков М. Ғарыш сапары Қарқаралыдан басталған: Т. Əубəкiров туралы» [40] . Омарбекұлы М. «Қазақтың ғарышы Қарқаралыдан басталып еді[41] . [Халық қаһарманы Тоқтар Əубəкіровтың мерейтойынан репортаж] » [42] . Қорғасбектегі Ж. «Ғарышкер» [43] . Орымбеков Т. «Қазақтың қайсар ұлы: Ғарышкердің ғарышқа ұшқанына- 15 жыл» [44] . Өмiрбекұлы Ж. «Жеттiк-ау, Тоқтар, бұл күнге: Өлең» [45] . Рысдəулет М. «Тұңғыш: қазақ ғарышкері туралы тұңғыш кітапты оқығаннан кейінгі туған ой» [46] . Сағынтай С. «Қарқаралы қыраны, ұлтының ұраны: қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров 60 жасқа, ғарышқа самғағанына 15 жыл толды» [47] .
Сахиев Ж. «Байқонырдан бастау алған жұлдыз жол: 12 сəуір - Дүниежүзілік ғарышкерлік жəне авиация күні» [48] . Сейітқалиұлы Д. «Жұлдызды сапар: Қазақстанның ғарышы» [49] . Сексенұлы С. Қазақтың тұңғыш ғарышкерi: Т. Əубəкiров туралы» [50] . Сексенұлы С. «Тұңғыш ғарышкерді қабылдады: Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Əубəкіров 60 жасқа, ғарышқа самғағанына 15 жыл толды» [51] . Сланбекұлы М. Қыранын аялаған Қарқаралы үш жүздiң басын қосты: [Т. Əубəкiров туралы] [52] . Смайыл К. Тəуелсіздіктің бірінші жылы: қандай оқиға есте қалды. ҚР-ың тəуелсіздігіне - 10 жыл» [53] . Смайылов К. «Ғарыш жəне Қазақстан: 12 сəуiр -Дүниежүзiлiк авиация жəне космонавтика күнi» [54] . Сүйiнбай Т. «Батырдың тұлпарының тұяғына дейiн сұлу: Тоқтар Əубəкiров туралы» [55] . Сүйiнбай Т. «Жылдамдық пен жалғыздық: Тоқтар Əубəкiровтiң азаматтық өмiрiнен бiр үзiк сыр» [56] .
Сүйiнбай Т. «Сынақшы мен саясат: ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Əубəкiровтiң айтқанақиқат астарында не жатыр» [57] ? Сүйiнбай Т. «Тұңғыш қазақ ғарышкерi: [Қазақстанның тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Əубəкiров туралы] » [58] .
Сүйiнбай Т. «Əлем көз тiккен ғарыш айлағы» [58] . Сүйiнбай Т. «Ұшу: 2 қазанда қазақ азаматының тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанғанына бiр мүшел толды» [59] . Сүйінбай Т. «Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Əубəкіров: Ғұмырнамалық эссе» [60] . Сүйінбай Т. «Аспандағы ағайындар» [61] . Сүйінбай Т. «Қазақтың тұңғыш ғарышкері: саңлақ» [62] . Сұлтанғазин Ө. «Ғарыштан қарағандағы Қазақстан: /ҚР Ғарыштық зерттеу институтының директоры, академик Ө. Сұлтанғазинмен əңгіме» [63] . «Т. О. Əубəкiровпен əңгiме» /Əңгiмелескен Қ. Боранқұл[64] . Тайтөлеуов Ж. «Қазақ-қыран ғарышта қалықтаса: Т. Əубəкiровке арналған өлең» [65] . Тайтөлеуов Ж. «Қарқаралы төрiнде халық қаһарманы: Спорт» [66] . Тайшыбай З. «Тоқтар Əубəкіров жəне» Адмирал Кузнецов: тарих жəне тұлға» [67] . Тоқтарға: 2 қазан - Тоқтар ғарышқа ұшқан күн» [68] . Тұяқова А. «Ғарышты бағындырған қазақ: Тоқтар Əубəкіровтің ғарышқа ұшқанына - 15 жыл» [69] .
Зерттеу жұмысының деректік негізі Зерттеу жұмысының негізгі деректік қорын Қазақстандағы республикалық, облыстық кітапхана қорларынан, телеарналар мен баспа беттеріне берген сұхбаттардан және де Тоқтар Әубәкіров туралы айтқан, пікір қалдырған, қызметтес болған кісілерден жиналып алынды.
Əубəкiров Тоқтар Оңғарбайұлы «Сiбiрде жазылған өлеңдер» [70] деген атаумен еңбегі зерттеу жұмысына деректік арқау болды. Одан бөлек ««Қазақтың тірлігіне қарным ашады»:ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Т. Əубəкіровпен сұхбат» Қапешов Н. Болған сұхбаты талқыланды[71] . Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы «Өтірік жаза алмаймын, ал шындықты айтуға болмайды: тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы Əубəкіровпен сұхбат» Н. Байсақпен болған сұхбаты талданды[72] .
Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы ««Ғарышқа тек Əубəкіров емес, бүкіл қазақ баласы ұшып бара жатты»: ғарышкер Т. О. Əубəкіровпен сұхбат» М. Қаратайқызының сұхбаты[73] . «Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы //Қарағандылық Совет Одағының батырлары» берген сұхбаты талданды[74] .
Əубəкіров Тоқтар Оңғарбайұлы «Қарағанды облысы: энциклопедиялық» жинағында берілген материалдар сараланып зерттеу жұмысына мұрындық болды[75] .
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - кеңес одағының батыры, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмыры мен ерлік істері өнегелік үлгі ретінде талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды.
- Тұлға болып қалыптасу (балалық шағы, білім алуы) кезеңін зерттеу.
- Қазақтың тұңғыш ғарышкер жайында халық жадында жүрген естеліктер
- Қазақ қыраны жайында халық жадында жүрген естеліктерді саралау.
- Байқоңыр ғарыш алаңы және Т. Әубәкіровтың ғарышқа сапары жайлы сипаттау
- Т. Әубәкіровтің қазақ қоғамы мен саясатына деген көзқарасын талдау
Зерттеудің теориялық және қолданыстық маңызы. Тұлғалық деректерді сараптау арқылы елдегі тарихи тұлғалардың ғұмыры мен үлгі етер істерін өскелеген ұрпаққа өнегелі тәрбие беруге зерттеудін тәжірибелік маңызы зор. Осыған байланысты жаңа ғылыми тәсілдер мен талдау әдістерін жетілдіру тарих ғылымының теориялық негізін кеңейте түседі. Зертрттеудің жекелеген тұжырым, қорытындылары тарих факультеті және филология факультеті тәлімгерлеріне деректану негіздерін, қоғам мен мәдениеттің даму тарихын оқыту пәндеріне пайдаланылуы тиіс. Зерттеу жұмысын жазу барысында жинақтау, талдау, саралау, сипаттау, жүйелеу, салыстыру, іріктеу т. б. әдіс - тәсілдер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымдық негізі. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың ғұмырнамасы.
1. 1 Тұлға болып қалыптасуы (балалық шағы, білім алуы)
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болды.
Халықтың соғыстан енді ес жиып, тұралап қалған шаруашылықты қайта қалпына келтіріп жатқан уақыты. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін берген. Ата-анасы ерте дүние салды. «Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан, Тоқтар Әубәкірұлы бұйығы, оқшау өсті» дейді. Өмірдің тауқыметін бесіктен белі шықпай жатып көрген, ол әпкесі Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болған. Тоқтар Оңғарбайұлы өзінің балалық шағы туралы журналистерге берген сұхбатында төмендегі әңгімені айтады. «Тоқтар ағаның 3 жасар кезінде ауылына сырқат тұрғынды алып кетуге ұшақ келіп қонады. Бірінші көріп тұрған беймәлім дүниені ауылдың бар баласы жағалап жүр. Ұшқыш жігіттердіңбірі ұшаққа зиян тигізе ме деп шыр-пыр боп жүр. Бір кезде «Ал, балалар, кім батыл? Қане, ұшаққа мініңдер! Ұшамыз», - деді [1. 9б] .
Тоқтар аға ойланбастан ұшақ ішіне қойып кетеді де, ұшқыштың қасына барып тұра қалады. Ағамыздың артынан еріп әртүрлі жастағы 5-6 бала кірген болатын. Ұшқыш сол алаңқайды екі рет айналып жүріп барып тоқтады. Көкке көтерілген де жоқ. Бала көңілшат-шадыман. «Біз ұштық, бізұштық!» деп айқайлаған дауыс ауылдың екінші шетіне жетердей болды. Ұшқыш оларды«ұшақты қорғап тұратын батырлар» деп атады. Алсодан кейін бірде бір баланы ұшаққа жақындатпай, қолдарына таяқ ұстап, жауынгердей сап түзеп тұрып алды. Ең мықты күзетші болды. Сол бір шуақты күнде«ұшқыш болсам» деген аяулы арманбалаТоқтардың жүрегінен орын тапты. Осыдан кейін ағаштан ойып, ұшақтар жасайтын бастады. Қанша ағаштан жасалған ұшақты көкке ұшырды. Әлі күнге естеліктерүйде сақталып қалған. Әкесі- Әубәкір үлкен ұста болған кісіекен. Ағаштан түйін түйген шебер болған. Әкесі Әубәкір Тоқтар ағаның 7 айлық кезінде дүние салған. Сәби Тоқтардың алғаш еңбектегенінкөріп, көзіне жас алыпты. Маңдайынан иіскеп, жалғыз ұлына сенім артып кете барды. Т. Әубәкіровтің журналистерге берген сұхбаттарының бірінеде өз отбасысы жайында былай дейді: «Мен әке шешем алдында мәңгілік қарыздармын. Ол кісілерді еске алмай болмайды. Менің жеті айлық кезімде әкем дүние салған. Мені өмірге әкеліп, қанат берген адам - анам . . . «Біреуге қиянат қылма, өзіңе тиеді; өмірден қанша таяқ жесең де еңкейіп, басыңды име, тік жүр» дегендері әлі құлағымда жаңғырып тұрады. Жалғыз баласын әскери училищеге шығарып салғаны қандай мықтылық десеңізші! Тек «Балам, ұшқанда ақырын ұш, қатты ұшпа» - деп қалғанын қайтерсің . . . » [1. 17б] .
Құжат бойынша әкесінің аты фамилиясы болып жазылып, атасының аты әкесінің орнында қалып қойған. Өзі өскен ауылда 8-сынып болмағандықтан, 15 жасына толмай Теміртау қаласына көшіп келеді. Шешесін асырау үшін жүк тасушы болып жұмыс істейді. Басқа жерге жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болғандықтан жұмысқа алмайды. Құжат алу үшін милицияның алдына барады. Басшысы Тоқтар ағаның жағдайына қарап, уақытша құжат жазып береді де, «Сен баладан түбінде бір нәрсе шығады. Айтқаныңнан қайтпайды екенсің», - деп күліп шығарып салады. Қазақша әкесінің атымен жазылады. Орысша дұрыс болып жазылады да, кейін қазақшаланғанда ауысып кете барды. Кейін құжаттардың бәрі қазіргідей жазылып кетті. Өсе келе Нұркен Әбдіров - Тоқтар ағаның қиялындағы ұстазына айналды. Ол кісіге қатты еліктеп өсті. 10 жасында ауылдан 40 шақырым жерде Нұркеннің туып-өскен жеріне жаяу барып қайтқан кездері де болатын. Әйгілі ұшқыш басқан топырақты басу, ауасын жұту - балаТоқтардың тілегі болған. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт ең алдымен аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашютпен секіруге әуестенгег. Тоқтар мойымады алдындағы бар қиындыққа төтеп беріп, балалық шағында алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылды. Бала Тоқтар ерте есейді, өз ортасынан бөлініп көрініп тұрды [1. 3б] .
Тоқтар Әубәкіровың жан серігі - жауһар жыр болып табылады. Өзі туып-өскен өлкеге барған сайын: «Қарқаралы сынды ғажайып жер әлемде өте сирек шығар» деген ой келеді екен. «Тау мен даланы көмкерген қалың орман, тек өзіне ғана тән - кербездікпен, сән-салтанатымен келген жолаушыны сүйсінтіп, жанарын талдырады, құмарын қандырады. Тау арасындағы ойдым-ойдым оймақтай көлдер, жиегін көмкерген қалың тал-қарағайлар тек өзіне ғана аян тылсым сырмен тіл қатысқандай. Ағаштың сыбдыры да, бұлақтың былдыры да, самал желдің салқын сабаты да - бәрі-бәрі бұл дүниенің абатына айналып, айналаңа қарауға мұрша бермейді. Ойға батқан ормандарды ұйқысынан оятқандай дүр сілкіндіріп, ертегінің ішіне еніп бара жатқандайсың. Шынында да - ертегі. Әсіресе, шым-шым қайнап, шымырлап жатқан «Шайтанкөлді» айтсаңшы. «Шайтанкөлдің» суы қысқа күнде қырық құбылып, сағат сайын, сәт сайын мың түске боялып, ертелі-кеш реңі сан рет өзгереді. Бұл көлдің тылсым сыры ғасырлар бойы адам баласына жұмбағын ашпай, әлі күнге дейін құпия болып келеді. Кез келген адамның «бисмилләсін» айтпай жалаңаш-жайдақ түсе беруіне болмайды. Аса бір ардақты, аса бір тазалықты талап ететін, тұңғиық, тұмса көл» деп Тоқтар Оңғарбайұлы еске алады. Анасы жас күнінен Тоқтарға:
- Балам, «Шайтанкөлге» байқап бар. Түсе қалсаң да, ішіңнен «кәлимаңды» қайтарып, адалдық тілеп түс. Бөгде ойды көкірегіңе ұялатпа! - дейді екен. Балалық шіркін, алды-артыңа қарата ма, бірде Тоқтар Оңғарбайұлы «Шайтанкөлге» күмп беріп, тереңіне сүңгіп кетті. Сүңгігені сол, тұңғиық түбінен тылсым сырға тап болғандай, су астында біраз аялдап қалды, бірге келген балалардың мазасы кетіп, «Тоқтар, Тоқтар!» деп шуылдасып жатты. Бір кезде келесі жарқабақтың қуысынан шыға келді. Шыға сала, тау-тасқа өрмелеп, жағалауға келіп жығылды. Талықсып қалған екен. Бала Тоқтар қанша талықсыса да сыр бермей, үйге әзер жетті. Келген бетте төсегіне құлай кетті. Үш күн, үш түн тілсіз тылсым күйде жатқан баласына анасының жаны шырқырап, пұшайман күй кешті. Кейін тілге келген баласынан анасы Кәмия: - Саған не болды, жаным, не істеп қойып едің! - деп қиыла, қинала сұрады. - «Шайтанкөлге» түсіп ем . . .
- Саған түспе деп айтып едім ғой. - ?!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz