Сөздің таңбалануына негіз болатын зат немесе құбылыс


Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. 1 Уәждеменің лингвистикалық негізі мен қимыл-ұғым атауларының зерттелуі және қалыптасу үдерісі . . .
1. 2 Тіл біліміндегі уәждеме мәселесі мен сөзжасамнан алатын орны . . .
- Қимыл-ұғым атауы семантикасындағы уәжділік сипаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі. Ол ─ адамзат арасындағы қарым-қатынас пен болмысты танудың басты құралы ғана емес, қоғамдағы саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани, тарихи өзгерістердің куәсі және сол ақпараттарды бойында сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.
Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарды бейнелейтін тіл - адамзат танымының феномені. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі ғана болып қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізгі тұғыры саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп, қалыптасып дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді, адам ойының, санасының жетілуі мен дамыуына да ықпал етеді.
Сөздің ұғымды белгілеп мағына туғызу қасиеті болмыс пен ойлау қатынасын көрсететін құбылыс ретінде негізгі философиялық мәселеге айналған, сондықтан мән, мағына туралы түсінік тіл білімінде когнитивтік, -дүниетанымдық сипатта зерттелуі қажет.
Сөз тарихы қызық. Ал сөз тарихының арқауы, негізі - оның мағынасы. Демек, мағынадан, түсініктен тысқары сөздің өмір сүруі мүмкін емес. В. Гумбольд дәл осы жөнінде «адам өз бетінің пішінің сыпырып тастай алмайтындығы сияқты, ұғым да сөзден арылу мүмкін емес» дегені бар.
Сөз мағынсының тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Сөз мағынасы мен қалыптасу процесі тілдің танымдық байланыс қызметі негізінде жасалады. Сөздердің жасалу сипатын анықтау үшін, семантикалық, когнитивтік, типолгоиялық, тарихи аспектілерді бағамдап зерттеу қажеттігі туындайды. Бір тілдің жасалу сипаты ерекше танымдық, кешенді жүйе болғанымен, диохрондық аспектіде жеке тілдің жасалуын бөлек қарастыру мүмкін бола бермейді. Тілдегі тұлғалардың мағыналық және тұлғалық сәйкестіктері мен ортақ когнитивтік құрылымы тарихи-салыстырмалы, типологиялық талдауды қажет етеді. Санскрит, латын, көне түркі, славян және басқа тілдеріндегі түбір тұлғалардың тұлғалық және мағыналық ортақ сипатын айқындау қазіргі тілдердегі сөздердің тарихын, жасалу, даму жолын саралауға мүмкіндік береді.
Тіл - танымдықпен танып, талмай зерттеуді қажет ететін тым күрделі құбылыс. Халық мәдениетінің деңгейі тілінің дамуымен таразыланады. Тіл қоғамда қарым-қатынастың негізгі құралы ретінде қызмет ете отырып, адам ойының өрістеуіне тікелей ықпал етеді. Ең бастысы тіл, тіл де қажеттіліктен туындайды, сондықтан оны қоғамнан, коммуникациядан, ойлау мен танымнан бөлек қарастыра алмаймыз. Тілге деген қажеттілік, сұраныс жаңа сөз жасауды талап етеді. Жасалған жаңа сөздерді тіл білімінің сөзжасам саласы өзінің зерттеу нысаны ретінде қарастырады.
Тіл білімінің өзге саласы тәріздес қазақ тілі сөзжасамының да қазіргі күні нақты өлшем бірліктері, танымдық қасиеттері, теориялық ұғымдары ажыратылуда. «Сөзжасам» сөзінің өзіне мән берсек, «жаңа сөздің жасалуы, туындауы» деген түсініктің санамызға орнығатыны белгілі. Сөзжасам тіл білімінің лексикология және семасиология саласымен бірлікте көрінеді. Белгілі сөзжасамдық тәсілмен, амалмен пайда болған сөз міндетті түрде сол жасау үрдісінде не барысында жаңі формамен бірге жаңа мағынаға ие болады.
Сөзжасамдық уәждеме - түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынасты болуы. Сол арқылы олардың біреунің мағынасы екіншісі арқылы анықталады. Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар негізгі сөзден сөз тудырушы қосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оған негіз болған сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, сөзжасамдық уәждеме уәждендіруші сөз бен уәждеген сөздің қарым-қатынас бірлігінен тұрады.
Тақырыптың өзектілігі. Ат қою, соның ішінде қимыл-ұғым атаулары қалай болса, солай іске асатын процесс емес. Атаулар халықтың әлеуметтік тіршілігіне, дүниетанымы мен мәдениеті, рухани және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жасалады. Қимыл-ұғым атауларының жасалуын нақты тарихи кезеңмен, сол дәуірде өмір сүрген халықтың санасымен және болмысымен байланыстыра зерттеу маңызды. Өйткені, кез-келген ұлттық сананың тілдегі көрінісі екені даусыз. Атаудың жасалуының тағы бір қыры туралы зерттеуші А. Б. Салқынбай: «Болмыстағы заттар мен құбылыстарды танып, біліп, атау беру үшін, ұқсас объектінің ұғымдық бейнесі жаңа атауды атауға, негіздеуге себеп болады . Жаңа атаудың бұрыннан белгілі атаумен байланысы арқылы оны танудың жолдары анықталады» - деп санайды.
Бүгінгі таңда тілді тек таза лингвистикалық тұрғыдан зерттеу жеткіліксіз. Өйткен тіл - мәдениет көрсеткіші, бір этносты екінші бір этностан ажыратушы құрал. Соңғы кезде түркітануда тілді символдар арқылы зерттеу үрдіс алуда.
Мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған жұмыстың жалпы мақсаты уәждеме, уәжділік тұрғысынан жаңаша қарастырылып отырған атаулардың ғылыми негіздемесі сөзжасам іліміне ғана емес, лексиколгоия, семасиология, этимология, ономосиология, когнитивтік лингвистика, лексикография, орфография сияқты салаларды теориялық тұрғыдан толықтыру, дамыту. Атаулардың табиғатын адамның танымымен байланысыра қарастырудан туындайтын когнитивтік бағыт болашақта туынды сөздерді жаңаша қарастыруға түрткі болары анық.
-тіл білімінде атау уәждемесі жайында ғалымдардың зерттеулеріне тоқталу;
-уәжділік - қимыл, зат, құбылыс пен атау арасындағы мағыналық және формалық байланысты анықтау;
-уәжділікті салыстырмалы, функционалдық және этнолингвистикалық секілді түрлі аспектіде қарастыру.
\-ат қою, соның ішінде қимыл-ұғымдарына ат қою, мүмкіндігінше олардың шығу тегі, тілдік қабаттары тұрғысынан ашып көрсету.
Зерттеу нысаны: Диплом жұмысының зерттеу нысаны қимыл-ұғым атаулары.
Зерттеу жұмысының құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Уәждеменің лингвистикалық негізі мен қимыл-ұғым атауларының зерттелуі және қалыптасу үдерісі
Әрбір атау өз тұсындағы қоғам тіршілігінен, жұрт қалауынан туады. Сондықтан да кез келген сөз атау бола брмейді. Көнеде зат пен атаудың байланысы жөніндегі мифологиялық ұғым жайлы пікір таласы ежелгі Грек және ежелгі Рим данышпандары арасында ғасырлаға созылған екен.
Ежелгі заман, философтарының бірі: «атау заттың (мейлі объктінің болсын, мейлі субъектінің болсын) тікелей мәнін білдіреді - атау мен заттың жаратылыстан егіздің сыңарындай бірлігі болады», - десе, енді біреулер: «атау мен заттың бірлігі қатысты түрде ғана тым мардымсыз, демек заттың атын білу - заттың қасиетін, оның өзін білумен тең емес», - деген екен. Сөйтіп, сол ежелгі заманның өзінде-ақ заттың атын білу дүниетанудан, яғн жоғары өрлеудің ең төменгі сатысы болуы мүмкін деген тұжымдар айтылған.
Атау - қоғамдық құбылыс. Атау дегеніміз ол объектіге қоғам тарапынан қойылған белгі және ол қалай да болса солай қойылған кездейсоқ белгі емес, соған ең қолйлы, ең лайық, ең нысаналы деген, соның басты бір өзгешелігіне ие болған, соның бір елесін беретін айшықты белгі. «Белгілерді жеке меншіктің таңбасымен топтастыру - үлкен қателік, өйткені таңбалар әуел баста ру - тайпаның белгілері болатын» - деген Ф. Энгельс. Атау немесе белгі туралы ұғымымыздың жалпы мазмұны осыған саяды. Атау туралы ұғым білімдері ілгері дамып тереңдеген сайын оған жүктелетін міндеттер аумағы да арта бермек.
Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы деген еңбегінде: «сөз тілдің, оның өзіндік құрамының заттар мен құбылыстар, олардың қасиеттерін шындық өмірдегі қатынастарды атап білдіретін негізгі единица, дербес бөлшегі» - деген түйін жасайды. Бұл қағидадан шығатын қорытынды: сөздің негізгі қызметі атау екендігін көреміз[8; 176] .
Тілдік аталым теориясы, тілдік бірліктердің ішкі жүйелік мәнінің қалыптасу ерекшеліктерін талдау сонау XX ғасырдың бас кезінде басталып, XXI ғасырдың басында тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жаңа сөздерді зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда Д. С. Лотеннің, Г. О. Винокурдың, А. А. Реформатскийдің, В. В. Виноградовтың, Н. А. Баскаковтың, О. С. Ахманованың, Р. А. Будаговтың, Л. И. Скворцовтың, Т. Л. Канделакидің, М. Ш. Гасымовтың, Б. О. Орузбаеваның рөлі зор болды.
Қазақ ғалымдарының көш басында тұрған А. Байтұрсыновтан бастап Қ. Жұбановтардың ізін қуған Н. Сауранбаев, С. Бәйішев, М. Жанғалин, М. Балақаев, Қ. Сағындықов, Қ. Шәріпов, І. Жарылғапов, Ә. Сатыбадиев, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова, Ө. Айтбаев, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы сынды
ғалымдарды айтуға болады. Осы аты аталған ғалымдардың қай қайсысы болмасын сөз жасау мәселесіне өз үлестерін қосқан.
Түрколог ғалымдар негізінен жаңа ұғым атауларының жасалу жолдарын зерттеді. Бұл тақырыпта сөздегі уәждеме табиғатын алғаш сөз еткен - В. Гумбольд. В. Гумбольд тіл біліміндегі лингвистикалық тұжырымдардың бірі таңба теориясының негізін қалаушы болып саналады. Зерттеуші тіл бір мезгілде әрі бейне, әрі таңба десе, сөз жеке ұғымның таңбасы деген түйін жасайды. Тілдің негізгі қызметі қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды сөздермен таңбалаудан, белгілеуден басталады. Сөз шын мәніндегі сөз болу үшін екі жақты байланыс болу қажет: ол - дыбыс пен ұғым. Сөздің сыртқы жамылғышы заттың толық қасиетін анықтай алмайды, сондықтан оның атау болып қалыптасуына не себеп, уәж, негіз болатын белгілері, ерекшеліктері жинақталып, ескеріледі. Тіл тәжірибесінде мұнадай белгілер көп кездеседі. Зерттеуші сөздің мағынасы мен дыбысталуына тоқтала келіп: «Если значние слова как знака мотивировано понимаем предмета, т. е. понятием, то звуковая форма слова является произвольной, лишь практикой закрепляемой в языке . . . что существует связь между звуком иего значеним; но характерно этой связи редко удается описать достаточно полно, часто о нём лишь можно догадываться, а в большинстве случаев мы не имеем о нем никакого представления», - деп айқындайды. Сөйтіп, тіл зергері екінші бір зерттеуінде: « . . . слово как элемент языка мотивированно тем характерным признаком предмета, который лег его наименования и был закреплен языковой практикой » - деген тұжырымдама жасайды. [17; 97] . Осы пікірден сөздің мағынасы мен жамылғышы арасындағы байланыс заңдылықтарын толық ашудың мүмкіндігі әр кез бола бермейтіндігі байқалады. сөз мағыналарының оларды құрайтын тұлғалардың мағыналарына тәуелді болу дегенді білдіреді.
Уәждеме мәселесін зерттеуде орыс тіл білімінде Е. С. Кубрякованың «Номинативный аспект речевой деятельности», А. А. Уфимцеваның «Семантика производного слова», О. И. Блинованың «Явление мотиваций слов» деген еңбектерін атауға болады.
XXғ. 60-ж. басы мен 70-ж. соңында орыс тіл білімінде семантикалық зерттеулер активтеніп, сөздің лексикалық мағынасына қатысты қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардың шекарасы кеңейіп, сөз және оның арасындағы мағыналық байланысты зерттеу лексика семантика саласында жаңа идеялардың пайда болуына негіз болды. Дәл осы кезде орыс тіл білімінде жаңа бағыт, мотивологиялық бағыт дүниеге келді. Орыс тіл біліміндегі мотивологияның дамуын төмендегідей 3 кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. I кезең. XX ғасырдың басы мен 80 жылдардың ортасы. 1972 жылы тілші-ғалым О. И. Блинованың «Лексическая мотивированностьи некоторые проблемы региональной лексикологии» атты мақаласы жарық көреді. Аталған мақала келешекте бұл саладағы ғылыми ізденістердің тууына себепші болады. 1974 жылы ғалымның «Проблемы диалектной лексикологии» мақаласы бұрын бұған дейін зерттелмеген мотивология ұғымына анықтама берілуімен ерекшеленеді. Жоғарыда аталып өткен зерттеу-мақалалары 1982-1983 жыдары жарық көрген еңбектер негізінде «Мотивационно диалектный словарь», « Говоры Среднего Приобья» сөздігі жарық көреді.
II кезең ХХ ғасырдың 80-жылдар ортасы мен 90-жылдар ортасы. Өткен кезеңдегі зерттеулер өз жалғасын осы кезеңде О. И. Блинова мен ізбасарларының еңбектерінде жалғасын табады. Бұл кезеңде мотивологияның жалпы және жеке сұрақтарына байланысты докторлық, кандидаттық диссертациялар, монографиялар мен мақалалар жарық көреді. Осы кезеңде орыс тіл білімінде мотивология мәселесін зерттеуде А. Н. Ростова, Демишкина. Наумова, Нестерова, Голева еңбектері елеулі орын алады.
III кезең 90 жылдардың ортасы мен XXғасырдың алғашқы онжылдығы. Мотивологияны зерттеудің осы 30 жылдық уақыт аралығына нәтижесі ретінде 2007 жылы Блинованың «Мотивология её аспекты» еңбегі жарық көрді.
Тіл білімінде мотивация терминіне мынадай анықтамалар берілген:
Мотивация (франц. motif-әрекетті туғызатын себеп, дәлел) уәжділік белгілі қимыл әрекеттердің болу себептерін түсіндіру, дәлелдеп жеткізу. Мотивациядан мотивированный -мотивтенген, уәжденген, немотивированный-мотивтенбеген, мотивсіз, уәжсіз сөздері пайда болған. Мотивология (франц. motif-себеп, дәйектеме, уәж, logos-ілім) сөздердің уәждемелік сипатын зерттейтін лексиканың саласы. Мотивологияның объектісі басқа тіл бірліктерімен уәжділік қарым-қатынасқа түсетін лексикалық бірліктер болып табылады [7. ?
] Мотивация туынды және күрделі сөз мағыналарының, оларды құрайтын сөздердің мағыналарына тәуелді болуы. Сөзжасам барысында сөз жасаушы бірліктер мотивацияны тудырушы негіз (себеп) болады да, ал оның нәтижесінде туындаған жаңа атау (туындылар) мотивтенген болып есептелінеді. Яғни, жаңа сөз жасалғанда, негізге алынған сөздердің мағынасы жойылмайды. Мысалы: оқу оқушы, білу білгіш, білім білімпаз т. б. Мотивация мәселесі тек философиялық ұғым емес, тіл білімімен де тығыз байланысты. Тіл адам танымымен тығыз байланысты болғандықтан тілді таңбалық жүйе ретінде қарастырсақ, мотивация арқылы сөздің қажеттілігін негізін айқындай аламыз. Мотивация жөніндегі ұғым тіл ғылымында ежелгі грек философтарының шығармаларында қолданылған. Атаудың табиғатын ашу үшін, зат пен оның атауы арасындағы байланысты байқау үшін қолданған. Яғни, мотивация номинациямен байланыстыра қарастырылады[6, ?]
Уәждену (франц. сылтау, дәйектеме, мотивация, уәждеме, дәлелдеме, негіздеме) тіл арқылы аталған заттың не құбылыстың, белгілерін бейнелеу. Уәжділіктің негізгі қарастыратын мәселесі зат пен атау арасындағы қатынас. Уәжділік лексикологияның ат беру сәтіндегі сөз бен зат арасындағы байланысын зерттейтін бөлімі және туынды Сөздің уәжділігі мен уәжсіздігі туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізген - Ф. Де Соссюр. Ғалымның пайымдауынша: сөзді таңба деп алсақ, оның екі жағы болады, бірі бейне таңбалаушы, екіншісі - дыбыстық бейне таңбалаушы, яғни сөздің мазмұндық мәнін, оның дыбысталуынан бөліп қарауға болмайтынын айтады. Осы жайдың жалғасы ретінде: «В слове важен не звук сам по себе, а те звуковые различия которое позволяет различать это слово от всех прочих, так как они и являются носителем значения», - дейді тілтанушы[10. 150] . Ғалымның пікіріне сүйенсек, сөз мағынасы оны өзге атаулардан ерекшелейтін дыбыстық жамылғышының астарында жатыр. Жеке сөздердің жасалуында, қалыптасуында тек құрылымдық жағының дұрыс қалыптасуымен қатар, шешушісі олардың мазмұндық құрылымында және атайтын заттың мазмұнын дәл, нақтылы беретіндей болуы керек, сонымен бірге ол мағыналар бір-бірімен байланысып жатуы қажет. Сонда ғана атау тіл иесінің сұранысын, қажетін өтейді. Сондықтан жоғарыда айтылған зерттеушілердің пікірін қолдай отырып, атау беруде немесе аталым жасалымда, терминжасалымда сол реалийлердің негізгі ұғымдық қасиеті мен қызметі еске алыну керек деп түйіндейді.
Ғалым Ульман: «вопрос о мотивированных и немотивированых словах уже несколько десятилетий ждет своего разрешение в лингвистике» - деп мәлімдеген. [11. 20]
1984 жылы Блинова О. И. өз еңбегінде «Уәжді сөздер кез келген тілдің сөздік құрам лексикасының үштен бір бөлігін құрап, оның өзіндік лингвистикалық әмбепаптылығын көрсетеді», - деп санайды [2. 11] .
Уәжділік аталым әрекетіндегі негізгі маңызды бөлшек. Тіл білімінде соңғы жылдарда лингвистердің негізгі назары аталым теориясына бағытталып, оның қалыптасуында уәждеме теориясын басшыллыққа алу, соған сүйену қажеттілігі дәлелденді. Тілдік аталымның табиғатын зерттеу тілдің түрлі аспектісімен жүзеге асады. Аталымның ең басты мәселесі ақиқат болмыстың жеке элементтерінің атаулану амал-тәсілдерін зерттеу болып табылады. Деп көрсетеді ғалым Матезиус В. О. [18. 228] Яғни, сөзжасамның амал-тәсілдері мен заңдылықтары аталым міндетін атқару үшін қызмет жасайды.
Сөзқосымды ономосиологиялық аспектіде аталым теориясы тұрғысынан шешу қажет. Сөзжасамның бүкіл тілдік құралдары мен заңдылықтары, тәсілдері аталым міндетін атқару үшін қызмет жасайды. Сөзжасамның ономосиологиялық аспектісін сипаттау арқылы оның аталымға қатысты негізгі ұстанымдық қырлары: сөзжасамдық құралдары, тәсілдері мен үлгілері анықталады. Тілдік қордағы бар байырғы сөздерді, сөзжасамдық құралдарды қолдану, пайданалу, сол арқылы жаңа атау жасау қалыптасады.
Қимыл-ұғым атаулары - сыртқы тұрпат тұрғысынан таңбалау емес, ол танымның да көрінісі. Себебі, аталым үрдісінде бір атауды екінші атаудан ажырататындай өзіндік ерекшелігі болуы қажет, кез келген екі сөзді тіркестіріп, біріктіргеннен атау тумаса керек. Демек, аталым мен реалийлердің арасындағы байланысты шешіп алмай, оның шығу тегін анықтау мүмкін емес. Қимыл-ұғымның негізгі белгілерін айқындау аталым теориясының негізгі міндеті болмақ. Аталым шарты бойынша атау мен аталатын нысананың арасындағы түрлі уәжденуші белгілер арқылы қалыптасатындығы айқындалады. Атаудың қалыптасуындағы қоршаған ортаның (табиғат, қоғам, адамзат) түрлі қасиеттері, ерекшеліктері негіз, атау жасайтын құрал бола алады.
Проффесор Н. Оралбаева: туынды сөздің қай түрі де тілде бар сөз негізінде жасалады, сөздің қатысынсыз еш бір сөз жасалмайды. Сөз жасауға қатысатын сөздер сөзжасамдық бірліктер қызметін атқарады Деген болатын[10. 8] күрделі сөздің жасалуында сыңарларды сөзжасадық бірліктер деп санап, олардың негізінде жасалады деп пайымдауын тірек етіп алатын болсақ, сөзжасамдық мағына негізділігі туынды сөздердің қалыптасуында қандай дәрежеде қатысып, оның түрлі қасиеттік сырын ашуға жәрдемін тигізері анық.
Жалпы туынды сөз қазақ тілінің бір үлкен саласына айналуы сөзсіз. Туынды сөздің жүгі ауыр, әсіресе оған батыл барып, назар аударатын мәселелер - аталым, уәждеме салалары. Аталым ұғымы реалийге ат беру байланысты қолданылады. Аталым атауды жасау үрдісі ретінде сөзжасамға енген. Күрделі аталым әр түрлі сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жасалынып, реалийлердің танымдық ұғымы мен белгісін айқындайтын таңбаның мағынасын бейнелейтін жаңа атау. Екіншілік мағына - сөзжасамдық үрдістер нәтижесінде жасалатын жаңа аталым болатын туынды сөздің жаңа мағынасы.
Тіл білімінде уәждеме теориясы жаңа бағыттағы ілім болғандықтан, оның аталым үрдісі табиғатын ашудағы маңызына соңғы кезеңдерде баса назар аударылуда. Сөздің сыртқы тұрпаты мен мағынасының арақатынасы мәселесі ретінде тілдің әр саласындағы тіл мамандарын ойландырып келеді. Әсіресе әлемдік лингвистикада уәжділік теориясы терең зерттеліп, тілдің негізгі саласының бірі сөзжасамның синтетикалық тәсілінде жан-жақты қарастырылып келеді. Ал қазіргі кезде уәжділіктің сөзқосыда маңызды қызмет атқаратынына тілшілер тарапынан назар аударыла бастағаны байқалады.
Уәждеме лексеманың қалыптасуында реалийлердің арасындағы байланысты, яғни, атауға қандай белгінің, ерекшеліктің, қасиеттің негіз, өзек, себеп болғанын қамтамасыз етеді. Сонымен, зат пен құбылысқа ат қоюда өмір шындығы, болмыс тіл деректеріне, атауға айналады. Күрделі жасалымда жаңа мазмұн мен жаңа мағына пайда болған уақытта, сол кезеңде барып жаңа сөз қалыптасады. Дәуір өткен сайын атаудың қалыптасуындағы о бастағы негіз-уәж белгілер ұмытыла бастайды. Егер тілдегі атаудың түп негізіндегі мағынасы ұмытылса немесе көмескіленсе, атаудың шыққан негізі жоғалса, яғни ішкі құрылым өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтаған сайын, жасалымды дерексіз мағынаның қалыптасуына, мағынаның дамуына, ауыс мағынаның дамуына әкеледі. Ауыс мағына
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz