Ұлттық ерлер костюмін сәндеудегі форма мен элементтерді жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Дизайн кафедрасы

Адай Асель Асқарқызы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы «Ұлттық ерлер костюмін сәндеудегі форма мен элементтерді жобалау »

Қорғауға жіберілген күні: « » 20010 ж.

Кафедра меңгерушісі : Г. С. Мугжанова

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Шуйнишев А. Ш.

Көкшетау 2010ж.

Мазмұны

Кіріспе …… . . . 3

І. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТЫҚ КИІМДЕРІ ТУРАЛЫ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақ жерін мекендеген ежелгі көшпенді халықтардың киімдері . . . 9

1. 2 . Шапанға байланысты салт-дәстүр, кәделер . . . 29

1. 3 . Казіргі заманғы киім дизайнының қайнар көзі . . . 37

1. 4. Ерлердің бас киімдері . . . 42

1. 5. Ою-өрнек тарихы мен технологиясы . . . 51

1. 6 Қолымен тігудің қазақы әдіс тәсілдердің қурылмдары . . . 60

ІІ. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ЕР ҚИІМНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ және ТІГІН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТӘРЖИБЕСІ

2. 1. Шапанды конструкциялау неғіздері . . . 62

2. 2 . Киімді пішуде қолданылатың қазақы өлшемдер . . . 66

2. 3. Шапан құру ушін қажетті бастапқы өлшемдік белгілер . . . 67

2. 4. Шапан пішудің технояогиялық бірізділігі . . . 68

2. 5. Жейде пішудің технологиялық бірізділігі . . . 69

2. 6 Ерлер ұлтық қалпағын тігудің технологиялық бірізділігі . . . 70

2. 7 Бөлінбейтің операциялардың атаулары . . . 71

Қорытынды …… . . . 72

Пайдаланған әдебиетгер . . . 76

Қосымша

Кіріспе

Киім - денені ауа райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы.

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден - ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттарымен қатар, киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайды, халықтың ұлыттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді.

Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті негізгі құралдардың бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығын, әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін этномәдени белгі.

Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп - эстетикалық қызметін атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы, лыпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғашқы пайда болып, үңгірлер, жартас қуыстарын паналап, ағаш бұтақтары мен шөп-шалам, қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кезден басталған. Адамдар табиғат жағдайлары мен әртүрлі жәндіктердің шағуынан қорғану үшін денелеріне саз балшық, батпақ, май жаққан. Кейін бұларға өсімдік бояулары - жоса, кармин ( шымқай қызыл бояу ), құрым, индиго ( қара көк бояу ), ізбес қосылып эстетикалық мақсатта әтүрлі тәсілмен дегенге сурет салынған.

Адамзат полеолит - тас дәуірінде тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланумен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып тері және тоқыма киім-кешек жасап, киіну мәдениетінің басқа да түрлерін қалыптастыра бастаған. Алғашқы қарапайым киімдер жай ғана байланатын немесе түйрелетін болған. Тас дәуірінің соңын ала адамдар қолға үйреткен мал жүнін, аң терілерін жабайы өсімдіктердің жапырақтарын, қабықтарын пайдаланудың жолын тауып, жабайы кендір сияқтыларды есіп, мал жүндерін иіріп, сүйектен тебен ине жасап, бастарына бүркеніш, үстілеріне жаға, жеңсіз тері киім, белге орайтын алжапқыш, аяққа тартатын тері шақай сияқты біршама тұтас тері киімдерін тіге білді.

Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болған.

Еңбек бөлінісі күшейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп мәнерлеу, жүн иіру, тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп металл өңдеуге қол жеткізген заманаларда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті.

Киім тігісті және тігіссіз деген екі үлкен топқа бөлінеді. Тігіссіз киім адам денесіне оралады, байланады, ілініп байланады.

Ұлыттық киім - бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазіргі өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Көшпенділер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі ашық, қаусырылатын кеуде киімі - шапанды адамзат өркениетіне қосқан. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С. И. Руденко, күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеген.

Киімдердің етек-жеңіне рәміздік ұғымды тұспалдайтын ою-өрнек элементтерін салу, үкі тағу, жын-перілерден, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды, магиялық күш әсер етеді деген сенімнен туған. Кейіннен үкіні тақия, сәукеленің төбелеріне, домбыраға, бесікке қадалған.

ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары Еуропаның киім кию дәстүріне еліктей бастады. Олар костюм-шалбар, қайырмалы жағалы ақ жейде, галстук тағуды әдетке айналдырды. Шапанды тастап, пальтоға көшті, атқа мініп жүрмей, күймеге отырды. Ұлттық киімдер олар үшін, яғни өздерін ақсүйектер деп атай бастағандар үшін ада болды.

Ұлттық киім қашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың назарында болды. Суретшілер, әдебиетшілер, театр және кино қайраткерлері, сәнгерлер дәуірлер бойы сақталған ұлттық киімдер арқылы өздері жасаған бейнелерін қорландырып отырады.

Қазақ киімдерін зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана кеңінен қолға алына бастады. 1922 - 1926 жылдары Қазақ республикасының астанасы Орынбор қаласының музейі Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Орал, Атырау, Семей, Павлодар аймақтарын аралап, көптеген ұлт киімдері мен өрнектердің, алтын-күмістен жасалған бұйымдардың экспонаттарын жинап, әр облыстағы әртүрлі киім үлгілерін зерттеп қағаз бетіне түсірген.

  1. Қазақ жерін мекендеген ежелгі көшпенді халықтардың киімдері.

Қазақ ұлттық киімдерінің тарихи Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер өздерінің бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт-дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата-бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы көшпенді өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ киімдеріне ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті және Қазақ мемлекетінің құрылуы, Ресейге қосылуы, революция кезеңі, Кеңес өкіметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты.

Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырткиімдерінің ертеден келе жатқан түрі. Тысы мен астарының арасына жүн немесе мата салынып, сырты шұға, барқыт сияқты әдемі, әрі мықты матадан қапталып, іші астарланады. Шапанды жібек, тоқыма, мақта, жүн маталардан, кейде күдеріден де тігіледі. Сал-серілер мен ауқатты қазақтардың шапандарын тігуге ерекше жібек, барша сияқты бағалы маталар пайдаланылған. Олар көбінесе Бұхарадан әкелінген. Шапандардың екі өңірін алтын жіптен жасалған оқа салып әшекейленген.

Шапанның басты ерекшелігі жағасы, өңірі, жең ұштары әдемі ұлттық ою-өрнекпен кестеленуінде. Кесте өрнектер ер адамның да әйелдердің де шапандарына салынған, бірақ әйелдер шапанының әсемделуі ерлердің шапандарына қарағанда өте нәзік болды. Кейде жиегіне әдемі болу үшін бағалы аң терілерінен, басқа қымбат матадан зер, бұлық ( түрлі матамен көмкеру ) немесе жұрын салынады. Шапанға түйме, әйелдер ілгек, қапсырма қадайды немесе сыртынан белбеу буынады. Жаз маусымында киетін шапандар жұқа, күз бен көктемде киетін шапандар қалың болды. Тігілетін матасының өңіне келсек, әйелдер шапаны ашық өңді, ерлер шапаны баран ( қара ) өңді болып келеді.

Шапанның негізгі, дәстүрлі пошымы - ұзындығы тізеден сәл төмен болып, жеңінің ұзындығы саусақ ұшын жабуы керек. Қазақ шапандарының алдыңғы

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға-желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген 2 өңірі, артқы бойы, екі жеңі және жағасы ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті мен алдыңғы өңірі бойдың қусырылар екі жақ етегіне мықынға жеткенше етегін кеңейту үшін екі үшіл шабу қойылады. Бел жағы тарлау келеді. Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Жең түптері кең келеді де, оны жең түп, ойынды, қолтырмаш деп атайды.

Өткен ғасырларда қазақтарды бейнелейтін суреттерде де және әртүрлі сюжетті шығыс миниатюраларында да әлеуметтік белгі ретінде түрлі формалы шапан киген әр қоғамдық жіктердің өкілдері бейнеленеді. Түрлі кәсіп иелері де өздерінің арнаулы киімдерімен көрсетіледі. Мысалы, хандардың арнаулы атқосшыларының шапанының етегі алдыңғы жағынан ойық болып келеді. Ал хан сарайының есікағасы әрқашан етегі түрулі шапанмен бейнеленеді. Жұмыс үстіндегі еңбек адамдарының да шапан етегі түрулі болып салынады. Шапандар жаға қондыру мәнеріне қарай тік жағалы, қайырма жағалы және мойынды айналдыра қаусыра келген орама жағалы деп аталады.

Шапанның пішілуіне қарай сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан, кең қолтық ұзын жең шапан сияқты түрлері аталады. Матасының ерекшелігі, пішілуі, тігілуі, әшекейлері, жасына, әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты шапанның - зер шапан, оқалы төре шапан деген қымбат түрлері бар. Ондай шапанның екі өңірі мен жеңіне, қайырма жағасына зер ұсталады немесе кестемен әшекейленеді. Тігінен матасына қарай мақпал, репс, шағи, шибарқыт, пүліш, барқыт шапан деген түрлері де болады. Арасына жүн не мақта салмай астарлап тігілетін жаздық жұқа шапанды жалаңқабат шапан дейді.

Шапанның кеңдігі мен бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнеріне қарай аймақтық өзгешелігі болады. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, жеңдері ұзын, ашық жағалы келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілумәнеріне осы жағдайлардың ықпал еткенін көреміз.

Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болады.

Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайланған қалың, қайырма жағалы болып келеді.

қарай, олардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар.

Күнделікті тұрмыс барысында киілетін сырттық шапандардың тыстары берік, аса қымбат емес маталардан жасалады. Оның жағасын кеспе үшкір орама жағалы етіп, қмалтасыз және әшекей ою-өрнек салмай тігеді.

Шағи деп аталатын асыл қымбат матадан және басқа да асыл жібек тектес маталардан әйелдердің той, мереке, жиындарда киетін “біркиерлік” былайша айтқанда “бет жүздікке” арналған шапаны болады. Шағи шапандарды кестелеп, ноқалап, көмкеріп, қиюлап сырып әдемі сынды етіп тігуге күш салады.

Киімнің ішінен киетін ерлерге арналған ішік шапан делінетін жұқа, қысқа шапан түрлері бар. Ұзындығы тізеден жоғары, басқаларына қарағанда шолақтау келген, көбіне тік жаға салынған, денеге қонымды тар етіп тігілген ішкілік шапан. Бұл шапан түрін ішік, тон, күпі сияқты сырттық киімдердің ішінен киеді. Сондықтан оған белбеу буынбайды, бар болғаны екі-үш түйме қадайды. Ауыл арасына қыдырғанда сырттық шапан орнына жүрсе, суық кезде ішке киетін шапан орнына жүреді. Шапанның тағы бір етегінің ұзындығы тізеге дейін, кейде одан да төменірек түсіп тұратын, егде еркектер жазда киетін жағасыз, жұқа, сырма түрі қаптал шапан.

Шапанның тұтынуға ыңғайластырылған бір түрінің жеңі қысқа болып келеді. Жеңі шынтаққа дейін жететін қысқа жеңді шапанды тірек жең шапан деп атайды. Іштік шапанның бұл түрін орта жастан жоғары әйел, еркек азаматтар киеді, екі жамбасында қалтасы, кейбіреулерінде омырау қалта болады. Ерлерге арналғанның жағасы тік, әйелдікі қайырма жаға салынады да ою, өрнек, кестелеу, әр түрлі су түрлерімен өңірін, етегін сырып та тігеді.

Күмпей шапан - арасына түйе жүнін майдалап түтіп, қалыңырақ салған, жақсылап сырып істеген, сыру аралықтары күмпиіңкіреп, көтеріліп тұратын шапанның түрін Торғай, Ұлытау, Ырғыз жақта бертінге дейін қолданылған. Сыру аралықтары күмпиіп, көтеріліп тұратындықтан солай аталған.

Тұтыныс қажеттілігіне қарай орындалуы мен әшекейлену мәнеріне қарай мынадай шапандар ерекше дараланады: сал шапан өте асыл құнды матадан орама жағалы етіп, кең, ұзын бүтіндей ен бойымен немесе жағасы, етегі, өңірі айналдыра кестеленеді. Оған жүн, мақта тартылмай бос астар салынады, немесе алыс қабылып, матадан тігіледі. Қиюлап көмкеріп ноқа жапсырып та тігеді. Сал шапанды мырзалар киімнің сыртынан желбегей салып бос киеді.

Шапанды ересектер де, балалар да, әйелдер де киеді. Қазақ халқының арасында сыйлы қонақтарға шапан тарту-таралғы, сый кәдеге жүруімен қатар, түрлі жағдайларда төлем түрін ( ат-шапан айып, шеге шапан ) анықтайтын әлеуметтік қызмет те атқарады. Ежелгі “Жеті жарғы” заң ережесінде тәртіп дәстүрді бұзған адамдарға ат немесе шапан айып тарттырып жазалау да шапанның қазақ өмірі мен тұрмысында зор маңызы бар екенін дәлелдейді. Бұл күндері мүшел жасқа толған адамдарға шапан кигізу зор құрмет белгісі ретінде қалыптасып келеді.

Шапан тез киюге, отырып, тұруға ыңғайлы әрі жылы болғандықтан қазір үлкен кісілер көбіне шапан киіп жүреді.

1. 2. Шапанға байланысты салт-дәстүр, кәделер .

Киімнің оны киюші адамның әлеуметтік-қоғамдық «белгісі» екендігінің көрінісі - шапанның айналасында ерекше көрініс береді. Сондықтан да шапанның түрі, формасы ғана емес, оның өмірде, тұрмыста, қоғамдық қатынастарда «қызметінен» байқауға болады және ол қазірге дейін өміршеңдігін жоғалта қоймаған үрдіс. Сондықтан да қазақта шапанды «жағалы киім» ретінде қастерлеуі кездейсоқтық емес. Қазақ тұрмысында шапанның қоғамдық өмірдегі маңызын көрсететін дәстүрдің бірі - адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» дәстүрі. Бұрынғы кезде хандар, патшалар жақсы істеген еңбегі, атқарған қызметі үшін адамдарға қадірлі сый ретінде немесе түрлі дәреже бергенде, соның белгісі ретінде иығына шапан жабатын. Мұндай шапандар арнайы тіктіріліп, кейде аса құрмет белгісі ретінде ханның, патшаның өз иығынан алынып берілетін. Ханның өзі киген шапанға ие болу үлкен мәртебе саналады. Халықтың ауыз әдебиетінде де, қазақтың хан, сұлтандарына қатысты мұндай жағдайлар көп айтылады. Байшонжарлар да ақындарға серілерге көрсеткен тамаша өнерлері үшін шапан сыйлайтын. Қазір де түрлі той, салтанаттарда қадірлі адамдарға, сыйлы қонақтарға шапан жабу ғұрпы сақталған.

Бұрынғы кезде бір елмен бір елдің арасында түрлі мақсатта елшілікте жүргенде, құрметті сый орнына және түрлі мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде шапандар жіберілетін, яғни шапан түрлі мемлекеттік қатынастарда этикет нормаларды белгілейтін болған. Қазақ хандары орыс патшасы мен қытай императорына бейбіт қатынас белгісі ретінде түрлі сыймен бірге шапандар жіберіп отырады. Өз жағынан қытайдың Ежен ханы да, қанаттының астына алғанын білдіріп, Абылай ханға, Тезек төреге салтанат шапандарын сыйға жібергені белгілі. Қазақтың сұлтан төрелері, батырларының орыстың ақ патшасына түрлі шен алып, мундир киюі де, бағынудың, адал қызмет етудің көрінісі еді. Тіліміздегі «шен-шекпен алу» сөз тіркесі осындай түрлі дәрежемен бірге соған сәйкес шекпен алудан шыққан сөз тіркесіне айналған.

«Ал мінгізіп, шапан жабу» салты құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға көрсетілетін қазақ халқының ертеден келе жатқан ата салты. Яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі. Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді. Тіптен «сарпа» деп аталатын баланы сүндетке отырғызған адамға берілетін сыйлық орнына қой немесе шапан, кейде жылқы да жүрген.

Дәстүрлі отбасылық ғұрыптағы құдандалық салтында да шапан кигізу, киітке «жағалы киім беру» - құрметтеудің және құдалық, жекжаттық қатынастың белгісі, айғағы саналған. Халықтық дәстүр-салтында шапан сый-сияпат есебінде жүретін - «шеге шапан» кәдесі құда болуға баталасқан екі жақ келіскеннен кейін қыз әкесі жазушыға жабылады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жас жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі жаңа, яғни «шеге шапанның» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.

Отбасылық ғұрыпта киімнің, соның ішінде шапанның қызметі мұнымен шектеліп қалмайды. Қалыңмалға берілетін ( оның құрамы бас жақсы, қара мал, той малы, сүт ақысы, жігіт түйе, ілу, дөңгелек, балама, олқы қалыңдар ) кәделер арасында да киім-кешектердің орны бар. Айталық, «жігіт түйе» аталатын кәдеге екі түйе және міндеттітүрде жақсы сырткиім мен ер-тұрман беріледі. Қызды алуға келген құдаларды шығарып саларда оларға жағалы киім тарту етеді, құдалар қарымта қайтаратын ырымды «тонбау» деп атайды.

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға-желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген

халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп - тұруға қолайлылығы - басқа жұрттардың киім - кешегі секілді әуелі баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық - суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса - шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.

Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек - жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиеліктер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану - көбіне әсемдікке құштарлықтың емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өмірдегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал . Өйткені, даланы мекендеп, үнемі малмен бірге көшіп - қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе керек . Халық арасында кең тараған “сұлуынан жылуы” деген сөз де сол көне заманнан қалған болуы мүмкін .

Әйтседе, киім - кешеті әшекейлеу бірте - бірте ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да әрбір ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы болып қала берген .

Ұлыттық киім - көненің көзі, бізге жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі . Оны ескерткіш ретінде болашақ ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді - кесілді тиым салған жөн . Біздің мәселенің бұл жағына баса назар аударып отырғанымыздың тағы бір себебі - уақыт өткен сайын ұлттық киімді сақтап, зерттеп - білудің қиынға түсе беретіндігінде болып отыр.

Дегенмен қазақтың ұлттық киімі дәуір талғамынан өтсе де ғылыми тұрғыдан әлі де болса толық екшеле қоймаған құбылыс есебінде онан әрі зерттей түсуді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Модель аналогтардың техникалық шешімдерін талдау
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Киім кию мәдениеті жайында
Африка мәдениетіне тән дәстүрлі түстер мен маталарды қарастыру
XVII ғ. 1-ші жартысындағы франция костьюмі
Excel-де шешімді іздеу қондырмасының көмегімен сызықтық программалау есептерін шешу технологиясы
Әйел шалбарларының үлгілерін конструкциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz