ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекетттік университеті

Серғазина Ақмарал

Дипломдық жұмыс

ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МҰРАЛАР

Ғылыми жетекші: педагогика

ғылымдарының кандидаты,

доцент, ҚПҒА-ың корр-мүшесі

Кенжегалиев К. К.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

3

1. Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұралары

1. 1 Абай хәкімнің психологиялық мұралары 6

1. 2 Иман - ерекше психологиялық күй 12

1. 3 Білім психологиялық ұғым 25

1. 4 Қайрат, ақыл, жүрек - Абай хәкімнің іліміндегі психологиялық көріністері 36

1. 5 Абай міңез туралы 41

1. 6 Ұят психологиялық күй 44

2. Жүсіп Баласағұнның психологиялық көзқарастары.

2. 1 Білім, ғылым, ізгілік - психологиялық сипаттары 47

2. 2 Ұл және қыз бала тәрбиесі 49

2. 3 Ұлық, кішік, 51

Қорытынды 58

Қолданылған әдебиеттер 59

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың зерттеу өзектілігі. Ең басты өзектілігіне жатар еді, егер мұғалімнен сұраса: бүгін сабақты қандай психологиялық теорияға негіздеп оқытасың деп. Мұғалім жауап беруге қиналар еді. Біз жүргізген педагогикалық эксперимент соның дәлелі.

Соңғы жылдары ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, біздің Көкшетау қаласында жүргізген педагогикалық эксперименттердің нәтижесінде оқушылардың білім деңгейлері Болон үрдісінің шкаласына сәйкес 35-40 баллдан аспайды.

Себебі біздің пайымдаумызша және психолог-ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда білімге деген иман (сенім) жоғалып бара жатыр. Оның бірнеше себептері бар: әлеуметтік, экономикалық факторлар; мектептердің материалдық базасының төмендеуі; мұғалімдердің жоғары оқу орындарында оқыту теориясынан, дидактикадан әлсіз дайындықтары; мұғалімдердің білім беру психологиясынан, оқу және оқыту психологиясынан дайындықтарының жоқтығы;

Мысалы, кез келген пән математика, физика, химия, биология т. с. с мазмұны жағынан интериоризация теориясына, ақыл-ой амалдарын кезең кезеңмен қалыптастыру теориясына, іс-әрекет теориясына, тұлға теориясына негізделіп құрастырылған. Ал сол пәндерді оқытқанда оқыту теориясы сол психологиялық теорияларға негіздеп оқытқанды талап етеді. Ол оқыту теориясының негізгі ғылымилық принципін орындауды талап етеді. Оқыту принциптерін қолданып оқытса оқушылар оқудың ерекше психикалық күйлеріне түседі, бірақ бұл оқыту принциптері орындалмайды. Профессор А. В. Усованың айтуынша: « . . . мұғалімдер тек қана оқу бағдарламасын орындаумен болады»[3, 25] .

Сондықтан, бұл проблеманың өзектілігіне кезінде қазақтың ұстазы Абай (Ибраһим) Құнанбаев өзінің «Ғақлиясында» жазған: «бұл мұра дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Не нәрсеге мұра келтірсе, соның растығына ақылы негіз, ақылмен дәлелдеп растығына жету керек. Мұны ұлттық мұра дейді.

Екіншісі - кітаптан оқу . . . соған мұра келтіру. Сол мұра келтірген нәрсесіне соншалық беріктік керек.

Енді мұндай мұра сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып көңілі қозғалмастай берік боларға керек»[4, 109] . Оқыту үрдісін біз енді Абай тұрғысынан зерттейміз. Дәстүрлі педагогикада мектептегі жұмысты «педагогикалық процес» деп атайды; тағы да «сабақ - оқу-тәрбие процесінің негізгі түрі» деп береді. Ал біз бұны басқа терминмен беруді жөн санаймыз, ол « сабақ - ерекше психалық үрдіс, және оқушы ерекше психикалық күйде болады»; Абайдың ілімінде ол күй мына сөздермен берілген: көңіл, босанбас буын, беріктік, көңілі қозғалмастай берік болар т. с. с. Бұлардың бәрі психикалық күйлердің сипаты болып табылады.

Дәстүрлі педагогикада бұл туралы ешқандай мәлімет таба алмадық.

Расында да, оқыту барысында оқушыларды сол атаған күйлерге мұғалім түсіре алмаса онда ондай сабақтардың пайдасы шамалы, бірақ бұл күйде оқушыларда болуы парыз, міндетті. Неге десеңіз, мұғалімдер мен оқушылар қауымы сол психикалық күйлердің субъектілері. Бұдан былай қарай біз «педагогикалық үрдіс» -тің орнына «психикалық күй» ұғымын ұсынып отырмыз.

Оқу үрдісі ерекше психикалық күй, адам жанының күй. Мысалы, адам жаны қуанады, ренжиді, қобалжиды, күйзеледі - осының бәрін психология ғылымы адам жанының күйлеріне жатқызады. Ал оқу үрдісін жатқызбайды, үрдіс дейді. Біз осыған балама ретінде оқу, оқыту үрдістерін психикалық күйлерге жатқызуды ұсынамыз. Жалпы психикалық күй туралы кейбір әдебиеттерде мағлұматтар бар.

Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Ұлттық зиялыларының еңбектеріндегі психологиялық мұралары болып табылады.

Осыған сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұралары
  • Жүсіп Баласағұнның психологиялық көзқарастары

Зерттеу пәні болып Ұлттық зиялылары еңбектеріндегі психологиялық мұраларының әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары келеді.

Мәселені зерттеу дәрежесі. Ұлттық зиялыларының еңбектеріндегі психологиялық мұраларын жүргізудің теориялық негіздері келесі ұлт зиялыларының психологиялық еңбектерінде көрсетілген

Зерттеу әдістері : жұмыста жалпы диалектикалық әдіс, салыстыру әдісі, аналитикалық және синтетикалық, тарихи және логикалық әдістер, сонымен қатар жалпылау әдісі қолданылған.

Ғылыми жаңалығы және оның жағдайы. Ұлттық зиялылардың еңбектеріндегі психологиялық мұраларды дамыту.

Тәжірибелік маңыздылығы. Егер, орта буын сынып оқушыларына білімге, ғылымға деген психологиялық мұрасының теориялық негіздері айқындалса, психологиялық, педагогикалық идеялары және олардың орта буын сынып оқушыларына білім берудегі мүмкіндіктері анықталса, онда олардың білімге деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.

Жұмыстың құрылымы. Кiрiспеден, екі бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі, зерттеу құралы, ғылыми жаңалығы, жұмыстың тәжірибелік маңызы және жұмыстың құрылымы қарастырылған.

Жұмыстың теориялық бөлімі, яғни бірінші бөлімінде Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұралары, Иман - ерекше психологиялық күй, Ұят психологиялық күй, Қайрат, ақыл, жүрек - Абай хәкімнің іліміндегі психологиялық көріністері, Абай міңез туралы, Білім психологиялық ұғым қарастырылған.

Жұмыстың тәжірибелік бөлімі, яғни екінші бөлімінде Жүсіп Баласағұнның психологиялық көзқарастары, Білім, ғылым, ізгілік - психологиялық сипаттары, Ұлық, кішік, мемлекеттік қызметшілер психологиясы, Ұл бала тәрбиесі, Қыз бала тәрбиесі зерттелді.

Жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда жалпыланған.

  1. Абай хәкімнің еңбектеріндегі психологиялық мұраларыАбай хәкімнің психологиялық мұрасы

Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да, оның көптеген өлеңдері мен қарасөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлерді табу қиын емес. Ойшыл-ақын шығармаларында жалпы психологияның жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және жасына байланысты ерекшеліктері, педагогигалық әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы, оқудың психология негіздері, ұлттық мінез-құлықты т. б. ) көрініс тапқан. Ол бұл мәселелерді талқылағанда, адамның психология өмірінің белгілі бір қырына табиғи-ғылыми тұрғыда толық түсініктеме бере қоймайды. Алайда, Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі, оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Оның психологиялық көзқарасы, нақтырақ айтсақ, Аристотель, Әл-Фараби және К. Д. Ушинскийдің көзқарастарымен астарласып жатады. Олардың таным процесіне байланысты материалистік түсініктері жүйелі емес, аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдармен араласып отырады. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б. өлеңдерін де ойшыл-ақын адамның денесі ғана еледі, ал жаны ешқашанда елемейді деп тұжырымдайды: «Ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі, «Мені» мен «менікінің» мағынасы - екі. «Мен» елмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі». Абайдың емектің жаны кәсіби әрекет негізінде қалыптасқан, сөз енері арқылы сыртқа шығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырған деген ұғымын:

« Өңдеуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

жолдарымен тұжырымдауға болады. Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығы туралы « Ақыл, ғылым - бұлар - кәсіби » дейді. Абай түсінігінде адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелері арқылы танып, сол таным деректерін санада қорытып: «кезбенен керіп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабарлады». Абайдың бұл тұжырымдары материалистік философия ой-пікірмен толық үндес келеді. Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға қажет қасиеттерді атай келіп: «алдымен - «не кердің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып . . . » алу; екінші - « . . . бір нәрсені естіп, керіп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бірғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін сұрап, оқып, тебеннен хабарласып білмей, тыншытпайды» деп көрсетеді. Абай сезім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді. Ақын: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», - деп табиғат қана емес, адамның да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-жануарлардың мінез-құлқыдағы айырмашылықтарды: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деп ажыратып берді. Адамның ең басты артықшылығы оның қоғам пайдасы үшін белсенді әрекет жасай алатындығында, «қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап; неше түрлі сайман жасап, сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қисыны бар?», - деп түсіндіреді Абай.

«Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуісіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек . . . » -[2, 12]

деп, Абай адамның ішкі жан дүниесінің ақыл, сөзім және қайрат секілді қуаттарын біртүтас етіп алады. «Он жетінші сөзіне» (қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын адамның үш түрлі жан құбылысын әдеби публицист тұрғысынан көрсетпек болады. Ойшыл-ақын негізгі үш бастау - ақыл, сезім және қайрат арасындағы тартыс арқылы адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық үйлесімі, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, қайырымдылық, елгезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қулықты. б. ) қайран қалдырады.

Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын біршама материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінін айта келіп: «Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік?» - деп көрсетеді. Сезімнің басқа да танымдық құбылыстармен, дәлірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсіктермен байланысты екенін ашып айтады. Осыған байланысты Абай: «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсыз ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз суретіменен көңілге түседі», -деп жазады. Ақын:

«Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей,

Шу дегенде құлағың тосаңсиды,

Өскен соң мұндай сезді бұрын кермей,

Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,

Және айта бер дейді жұрт тыным бермей . . . » -[2, 45]

деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтпағанымен психология құбылыстың осы мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған-терген тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сезді түсіну қиын деп тұжырымдайды. Ақынның ес туралы пікірлері де қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін ерекше «ұмытпастың себептер» деген психология термин енгізген. Ол осыған орай Отыз бірінші сөзінде: «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы бөрік болмақ керек; екінші - нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы- күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер», -деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті, қуанышты көңіл күйлерін тану барысындағы өстің маңызы жайлы айта келіп, адам « . . . сезді есіткенде шайқақтап, шалықтанып, не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» - деп түйіндейді. Ақын шығармаларынан тек адамға ғана тән қуаттарының негіздері - сөз бен қиял хақындағы пікірлерін жиі кездестіруге болады. Абай:

«Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек», -

деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең, ақылды адамдарды жоғары бағалайды. Ақын:

« . . . білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза (ойласу, пікір алысу) . . . , екіншісі - берік мүхафаза (сақтау, қорғау) . . . Бұлар зораймай, ғылым зораймайды », -[ ]

деп жазды. Абай жан қуаттарын адамдардың бір-бірімен жәй түсінісуі үшін ғана емес, сонымен қатар олардың көңіл-күйіне, бүкіл психологиясына әсер ететін күшті құрал ретінде түсінеді. Адамның сан алуан қызыққа толы сезім өлімі - ақын шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі. Адамның ішкі жан дүниесін оның үш қырымен (ақыл, сөзім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, таным мен күнделікті тіршілікте сезімнің аса маңызды қызмет атқаратынын атап көрсетеді. Адам рухани дамуы үшін, ең алдымен, жан-дүниесі бай, сезімтал болуы қажет. Ақын адамның адамгершілік, имандылық, моральдық, эстетикалық сезімдеріне айрықша мен береді. Осындай сезімдерді бойға дарыту үшін адам жаман мінезден арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
Бала тәрбиесі үшін педагогикалық идеялар маңызы
Ғұламаның Оян, казақ
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Тарихи сана термині
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруда ұлттық тәрбие негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz