Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
Қайыржанова Әлия Байзулақызы
Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Мамандығы / Специальность 050421 Дизайн
Көкшетау 2012
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
На тему:
Мамандығы 050421 Дизайн
Специальность
Орындады:
Выполнил : Қайыржанова Ә. Б.
Жетекші
Руководитель Набиева Л. М.
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой Магзумов Д. Н.
Көкшетау 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
- Ұлттық стильдегі жиһаздың ерекшелігі . . . 10Қазақ халқының ұлттық жиһазы . . . 10Түстердің шешімі және декор . . . 15Жиһазды безендірудегі ұлттық ою-өрнектік мотивтер . . . 23Ою-өрнек түрлері. 27
- Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау үдерісі . . . 32Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау тұжырымдамасы . . . 32Жобаны дайындауға арналған материалдар . . . 35Жобаны орындау барысы . . . 39
Қорытынды . . . 42
Әдебиеттер тізімі . . . 44
Қосымша
КІРІСПЕ
Өзектілік. Жиһаз - әр адамның қалыпты өмірінде, үй тұрмысында, жұмыста да қажетті заттардың бірі. Пайдаланылу мақсатына қарай ол, қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін, сондай-ақ балалар бөлмесі, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін.
Жиһаз пайдаланылу мақсатына қарай қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз жанұяның қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтпайтындай болуы керек.
Жиһаздар: тұрақты жиналмайтын, тасымалдауға оңай жиналмалы- құрастырмалы, әмбебап- құрастырмалы және конструкциялық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын, бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын- таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамассыз етеді.
Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырылып, көлденең орналасрырылатын шкафтар, шкаф- қалқалар, құрастырмалы столдар, кереуеттер, т. б. жатады. Құрастырмалы жиһаз бөлме қабырғаларымен конструкциялық тұрғыда байланыстырылады және соған бекітіледі.
Ауыстырмалы жиһаздың конструкциясы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түрін кресло- кереует, диван- кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел- тумба, қайырмалы қақпағы бар, кейде ысырмалы тумбаны таяныш ететін секретер және сервант- үстел т. б. жатады. Жиһаздың бұл түрін пайдалануға қолайлы, өйткені ол бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді.
Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе ағаш талшықты плиткалардан, үйеңкіден т. б. ) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз- қатпарлы пластиктерді т. б. пайдаланады. Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы ленталар, кеуек материал, пенополиуретан, табиғи және синтетикалық маталар, жасанды былғары, т. б. қолданылады. Жалпылама тұрмыстық жиһаздың сапасына ( оның гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне, тұрмыста пайдалануға және жиһаздық жағынан әсем болуына ) зор көңіл бөлінеді.
Соңғы уақытта, әсіресе корпустық жиһаз тұтынушылардың көтеріңкі сұрауына ие. Корпустық жиһаз түрлі бағыттағы бөлмелерде қолданылуы мүмкін. Ол жатын бөлме, қонақ, балалар бөлмесіне, ауыз-үйде, тіпті жуынатын бөлмеге арналуы мүмкін. Мындай жиһаз шынында да әмбебап. Корпустық жиһазды әр үйде, кеңседе кездестіруге болады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі, оны әр түрлі стильдегі үй, кеңсе интерьеріне таңдап алуға болады. Қазіргі таңда шыныны корпусты жиһазды дайындауда кеңінен қолданылады. Шыныдан үстеллер, стеллаждар жасалынады, тіпті айрықша берік шыныдан орындықтарды да кездестіруге болады. Бұрын корпусты жиһаз ауыр, стационарлық, қиын көшірмелі болса, қазір ол ұтқыр, оғаш, стильді жиһаздардың бірі.
Қарапайым үстел және оның түр- түрлері - жұмысқа, ас үйге арналған, журналдық, осындай жиһаздардың интерьерде алатын орны зор. Үстелдің пайда болу тарихы ерте заманнан бастау алады және қазіргі кезге дейін бөлме стилінің ерекшелігіне қарай пішіні мен қолданылатын материалдарының өзгерісі жүріп жатыр.
Ас ішетін үстел осы жиһаз түрлерінің ішіндегі ең қажеттісі. Оның әр интерьерде алатын орны орасан зор.
Зерттеу мәселелері. Қазақ халқының ұлттық үстелін жобалау мәселесі тек ерекше шығармашылық шешімнің құрылысында ғана емес, сонымен қатар үстелдің көркемдік композициялық бірігуі үшін жеке элементінің бір бірімен байланысында. Құрастыру ұстанымы астасу заңдылығына тіреледі, яғни байланыс заңдылығының қалыптасуында. Қолданылған материалдардың бірігуі дәстүрлі емес болып табылады.
Халықтың дәстүрлі мәдениеті мен өмірдің қазіргі бейнесі арасындағы алшақтық қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі болып табылады. Мұраның сақталуы өте маңызды. Қазақ халықтың мәдениетін, соның ішінде жиһаздарын зерттеу қазіргі таңда даму үстінде. Әдетте, ол өзгеріске ұшырап, мәдениеттің жаңа элементтерін жылдам сіңуде. Әлбетте, біраз уақыт ағымынан кейін революцияға дейінгі қазақ халқының ұлттық жиһазын зерттеу қиыншылыққа түсуі мүмкін.
Зерттеу мақсаты. Интерьердің эстетикалық кешенді анализы және ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді жобалау барысындағы көркемдік және технологиялық әдіс-айланы негіздейтін ғылыми әдістемені зерттеу. Жобаланған бұйым талабына сай әдеби және графикалық баспаларға сүйене отырып, конструкциялық, композициялық және технологиялық шешімінің ең үйлесімді әдіс- тәсілдерін таңдап алып, ұлттық стильдегі үстелдің пішінін, көркемделу үлгілерін зерттеп, ұлттық стильдегі үстел жобасын әзірлеу. Жиһазды жобалауда үш жол көзделеді: бастапқы, негізгі және аяқтау. Бастапқы - негізгі идеяның ұйғарымы, тұжырымдаманың құрылуы. Негізгі - зерттемені болжайды, аяқтау - композициялық құрылыс. Құрастырылған жиһаз техникалық тапсырма және шығармашылық бастауға сәйкес келеді.
Зерттеу нысаны. Жиһаз дизайнында модельдеудің үдерісі, жаңа тұжырымдаманың басын ашу. Визуалды көрініс қағидалары мен қазіргі тұрғын интерьердің жиһазын құрастырудағы композициялық конструкциялаудның негізгі заңдарына сәйкес ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді жобалау үдерісі.
Зерттеу пәні. Ұлттық стильдегі корпустық жиһаз, яғни ұлттық стильдегі үстел. Қазіргі заманға сай материалдар қолданылған ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді жобалау. Біртұтас көркем ойға бағынған, аяқталған композиция.
Тұжырымдама. Жиһаз - әр адамның қалыпты өмірінде, үй тұрмысында, жұмыста да қажетті заттардың бірі. Пайдаланылу мақсатына қарай ол, қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін, сондай-ақ балалар бөлмесі, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Жиһаздар: тұрақты жиналмайтын, тасымалдауға оңай жиналмалы- құрастырмалы, әмбебап- құрастырмалы және конструкциялық шешімі бірнеше жиһаз секцияларынан тұратын, бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.
Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын- таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамассыз етеді.
Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырылып, көлденең орналасрырылатын шкафтар, шкаф- қалқалар, құрастырмалы столдар, кереуеттер, т. б. жатады. Құрастырмалы жиһаз бөлме қабырғаларымен конструкциялық тұрғыда байланыстырылады және соған бекітіледі.
Ауыстырмалы жиһаздың конструкциясы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түрін кресло- кереует, диван- кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел- тумба, қайырмалы қақпағы бар, кейде ысырмалы тумбаны таяныш ететін секретер және сервант- үстел т. б. жатады. Жиһаздың бұл түрін пайдалануға қолайлы, өйткені ол бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді.
Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе ағаш талшықты плиткалардан, үйеңкіден т. б. ) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз- қатпарлы пластиктерді т. б. пайдаланады. Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы ленталар, кеуек материал, пенополиуретан, табиғи және синтетикалық маталар, жасанды былғары, т. б. қолданылады. Жалпылама тұрмыстық жиһаздың сапасына ( оның гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне, тұрмыста пайдалануға және жиһаздық жағынан әсем болуына ) зор көңіл бөлінеді.
Соңғы уақытта, әсіресе корпустық жиһаз тұтынушылардың көтеріңкі сұрауына ие. Корпустық жиһаз түрлі бағыттағы бөлмелерде қолданылуы мүмкін. Ол жатын бөлме, қонақ, балалар бөлмесіне, ауыз-үйде, тіпті жуынатын бөлмеге арналуы мүмкін. Мындай жиһаз шынында да әмбебап. Корпустық жиһазды әр үйде, кеңседе кездестіруге болады. Оның басты ерекшеліктерінің бірі, оны әр түрлі стильдегі үй, кеңсе интерьеріне таңдап алуға болады. Қазіргі таңда шыныны корпусты жиһазды дайындауда кеңінен қолданылады. Шыныдан үстеллер, стеллаждар жасалынады, тіпті айрықша берік шыныдан орындықтарды да кездестіруге болады. Шыны әр түрлі материалдармен үйлеседі, интерьерге айрықша мағынаны және көрікті береді, шыныны пайдалану бөлмені визуалды кеңейтеді. Осы материалмен(құйынды жабысқақ) жұмыстың қазіргі әдістерін пайдалана отырып, интерьердің әр элементін жасауға болады. Алайда шыны тек пішін бойыншаша ғана емес, сонымен фактурасын да модификациялауға болады.
Бұрын корпусты жиһаз ауыр, стационарлық, қиын көшірмелі болса, қазір ол ұтқыр, оғаш, стильді жиһаздардың бірі.
Қарапайым үстел және оның түр- түрлері - жұмысқа, ас үйге арналған, журналдық, осындай жиһаздардың интерьерде алатын орны зор. Үстелдің пайда болу тарихы ерте заманнан бастау алады және қазіргі кезге дейін бөлме стилінің ерекшелігіне қарай пішіні мен қолданылатын материалдарының өзгерісі жүріп жатыр.
Ас ішетін үстел осы жиһаз түрлерінің ішіндегі ең қажеттісі. Оның әр интерьерде алатын орны орасан зор.
Зерттеу әдістері. 1. Дипломдық жобаның теориялық бөлімінің баяндалуында қолданылган негізгі әдебиеттер - Х. Арғынбаев "Қазақ халқының қолөнері" Алматы"Өнер", 1987ж, "Шаңырақ " үй-тұрмыс энциклопедиясы- Алматы, 1989, Д. Шоқпарұлы " Қазақ қолөнері " Алматы, 2005, Ш. Байділдаұлы " Қазақтың ою-өрнектері" Алматы, 2006, Б. Асанова, А. Птицына, Ұ. Әбдіғапбарова "Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы" Астана, 2007, Ғ. Иляев"Шебердің өзі- көненің көзі" Алма - Ата, 1986, Қ. Тыныбеков "Қазақтың қолөнері" Алматы, 2007. - ұлттық стильдегі жиһазды жобалаудағы теорияның негізі баяндалған, сонымен қатар жиһаз тарихына байланысты материалдар да бар.
2. Бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық стильдегі үстелдерге сүйене отырып, жаңа заман талаптарына сай қазақша үстел үлгісін ұсыну. Жобалау кезінде тек қана халықтық мәдениетке ғана емес, сонымен қатар декоративті- қолданбалы өнерінің барлық байлылығына сүйену қажет. Жобаның шығармашылық тұжырымдамасын негіздеу мақсаты қойылған. COREL DRAW 13 редакторының қолданысымен жалпы көркем бейнелілігін және түстік бағыттарын әзірлеу.
3. ұлттық стильдегі үстелді жобалау.
Ғылыми жаңалық. Дипломдық жұмысты орындау барысында жобаалды зерттеулер өткізілді. Ұлттық жиһаздардың көркемделуі мен пішінінің анализі жасалды. Ұлттық стильдегі жиһазды жобалау барысында қолданылатын басты композициялық элементтер айқындалды. Үстелді ойластыру кезінде, оның конструкциясы мен ыңғайлылығына айрықша көңіл бөлінді. Материалдардың тіркесуі үстелдің конструкциясымен үйлеседі.
Баяндамада қазақ халқының жиһазының тарихы, оның дамуы жайлы жазбалар жинақталып, біріктірілген. Зерттелген материалдарға сүйене отырып келесі тұжырымдамалар туындайды: ұлттық жиһаз сарқылмас бастауларға ие. Ондағы материал, пішін, декор, орындалуы, дәстүрлі технология қазіргі заманға сай ұлттық стильдегі жиһаз жобалаудағы шығармашылық идея болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылық. Дипломдық жұмыстың теория бөлімінде және планшетте жобалық бұйымды, яғни, ұлттық стильдегі дөңгелек үстелді, өндіріс үдерісіне еңгізуге арналған керекті ақпараттар жиналды: сызбалар, қажетті материалдардың қасиеттері, бұйымды құрастыру кезектілігі суреттелген. Шыны және ағаш материалдарын қолдану арқылы қазіргі заманға сай ұлттық стильде үстел үлгісін ұсыну.
1 ҰЛТТЫҚ СТИЛЬДЕГІ ЖИҺАЗДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖИҺАЗЫ
Революцияға дейінгі қазақ халқының өмір жолы көшпелілік, жартылай көшпелілік және отырықшылық жағдайда өтті. Осыған орай, олардың күнделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй іші жиһаздары көш-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарының құрамына төсек ағаш, кебеже, жастық ағаш, сандық, әбдіре және басқа да көптеген бұйымдар кірді. Үй жиһаздарының беттеріне ою ойып, түрлі түсті бояулармен өрнек салып, әсемдеумен бірге сүйекпен, әр түрлі металдармен, түрлі түсті тастармен, шынылармен көмкерген [1] .
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қазақ арасында кең тараған ағаштан жасалатын жиһазының бірі - төсек ағаш . Жазба деректер мен музей коллекцияларын зерттеу негізінде Қазақстан жерінде төсек ағаштардың сыртқы кескініне қарай жіктегенде, оның бірнеше түрінің болғандығы анықталды. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында кең тараған төсек ағаштың ең көне түрінің екі басы тым шалқақ және жайдақ болады, төрт аяғы ішке қарай кіріңкі не тік келеді; екінші түрі- өткен ғасырда Қазақстанның шығыс және оңтүстік аймақтарында кездесетін бастары тым шалқақ алты не сегіз аяқты төсек ағаштар; үшінші түрі- А. И. Якоби деректері бойынша, Омбы мен Павлодар төңірегінде кездесетін бір жақ басы тым шалқақ, аяқ жағында мүлде сүйеніші болмайтын төсектер; төртінші түрі- Торғай өңірінде кездеседі. Оның тіп-тік төрт аяғы және екі басы әлдеқайда қысқа болумен бірге, сәл ғана шалқақтанып барып жоғарғы жағы имектеу келеді; бесінші түрі- Ақтөбе атырабынан кездесетін бастары түзу ағаштан жасалып, сәл ғана шалқақ орналасатын төсектер; алтыншы түрі-Семей, Өскемен төңірегінде кездесетін төрт аяқты, үсті жазық, екі басында бір сүйемдей ғана тік орнатылған сүйеніші бар төсек ағаш; жетінші түрі- Қазақстанның солтүстік-шығысында кездесетін орыс үлгісімен жасалған төсек ағаштар. Сонымен қатар көркемдік ерекшеліктеріне қарай сырлы төсек, оюлы төсек, сүйектелген төсек, күмістелген төсек немесе жай ағаш төсек делініп те аталған.
Төсек ағаштардың осы айтылған түрлерінің әрқайсысында жергілікті және әлеуметтік ерекшеліктер байқалады. Жергілікті ерекшеліктер, негізінен, жалпы жасалу тәсілінде, шеберлер ісінің әдісіне байланысты болса, әлеуметтік ерекшеліктер оның бет жағының оюланып, сүйектеліп, күмістеліп безендірілуімен бірге, көксауыр, шұға, асыл тастардың, түсті шынылардың да кеңінен қолданылуына немесе ешбір әшекейсіз жасалуына байланысты болған. Төсек ағаштың барлық түріне тән ортақ ерекшеліктің бірі- олардың бет жағы ғана көркемделетіндігі мен қалған бөліктерінің көркемделмейтіндігі және барлық бөліктерінің өмірге бейімделіп алмалы-салмалы болып жасалатындығы [5] .
Қазақстанда өте кең тараған төсекағаштың бірінші түрі жасалу тәсіліне, бет жағына жүргізілетін ою-өрнек, әшекейлеріне қарай әркелкі келеді. Мұның ең көне түріне үш бөлек ағаштан, екі басы мен ортасын қосатын жалпақ тақтайдан, ал артқы беті екі бас пен арасын қосатын екі ұзын шабақтан тұрады. Екі беттің арасын 6 - 7 шабақпен қосады. Көлденең шабақтар үстіне ұзыннан бірнеше бос тақтай салады. Олардың төменгі жағынан төрт аяқ шығарылады. Бет жағына кейде ою-өрнек ойылса, енді біреулері түгелдей сүйектеліп, күміс әшекейлермен безендіріледі.
Сүйектелген төсекағаштың ендігі бір үлгісі 1960 жылы геологиялық барлау экспедициясы кезінде Балқаш көлінің солтүстік жағындағы Қараүңгір тауындағы ескі қыстаулардан табылды. Төсек беті түгелдей әр түрлі әшекейлермен безендірілген. Сүйек әшекейлерді көркемдеуде дәстүрлі қошқар мүйіз оюы мен өсімдік текті және геометриялық өрнектердің аралас қолданылуы, ағаш төсек бетіне ерекше рең беріп, көздің жауын алады.
Қазақ ССР Орталық музейінде ХХ ғасырдың басында қызғылт жеміс ағашынан жұмырланып жасалған өте сәнді төсек ағаш сақтаулы. Ол Жамбыл облысы шеберлерінің қолынан шыққан. Мұның бет жағы 7 бөлек ағаштан шабылып, әрқайсысы ою-өрнектермен жеке- жеке безендіріліп барып қиыстырылған. Қатты, қызғылт жеміс ағашынан мұқият өңделіп, өзіндік ою-өрнекпен безендірілген осы төсекағаштың бет жағы еш бояусыз- ақ көздің жауын алады.
Қазақстанның батыс өңірінде қазақ ұсталары жастық ағаштар да жасаған. Құс жастықтың астынан төсейтін жастық ағаштарды, көбінесе, оң жақта отырған қыздарына арнап жасататын-ды. Сондықтан, олардың сыртын түгелдей, сүйенішінің ішкі жағын да оюлап, сырлап көркемдейді. Деректерге қарағанда, жастық ағаштың екі түрі болған. Оның ішінде Маңғыстау, Гурьев, Орал, Ақтөбе облыстарын мекендейтін қазақтар арасында кеңінен тараған түрі-ағаш кереуеттің басы тәрізденіп жасалатындары. Оның биіктігі - 60-70, көлденеңі -90-100 сантиметр шамасында болады. Мұндай жастық ағаштың барлық бөлшектерін біріктіріп тұратын екі қазық бар, ал оның араларын 2-3 немесе бір ғана жалпақ арқалық тақтай қосып тұрады. Оның ішкі жағынан көлбей орналасқан жастық тақтай мен бас аралығында пайда болған доғал бұрышқа үш бұрышты қолтықша тіреуіштер орнатады. Осылайша құрастырылатын жастық ағаштардың сырт жағы тұтас және арқа тақтайдың ішкі беті де әр түрлі әдіспен көркемделеді. Нұсқалы оюлар жүргізіліп, оған қосымша әр түсті бояулармен өрнектеледі. Кейбір жастық ағаштың іші- сырты түгелдей бедерлі оюлармен безендіріледі, ол оюлар эмаль тәрізденген қызғылт сары, терең ойылған түрі ақ, қара түсті бояулармен боялады. Ою-өрнек мотиві зооморфтық, геометриялық фигуралар мен өсімдік тектес өрнектердің әдемі тоғысуы арқылы жасалады [6] .
Жастық ағаштың екінші қарапайымдау түрі 1956 жылы Торғай өңірінде кездесті. Жасалу тәсілі дәстүрлі төсекағашқа ұқсас. Бас жағы бөлек дөңгеленіп біткен, астына биіктігі 12-13 сантиметрдей аяқ орнатылған. Жастықтың астына келетін тұсы имектеле сүйірленіп жасалған. Мұның ұзындығы 60-70 сантиметрдей, көлденеңі- 80 сантиметр. Екі жақ бетіне ою-өрнек жүргізілген. Бетіне жүргізілген ою-өрнек мотиві зооморфтық оюлар мен геометриялық фигуралар.
Революцияға дейін Қазақстанның барлық облыстарында көп жасалған үй жиһаздарының бірі- жүкаяқ. Ол жиған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр. Қысы-жазы бірдей, киіз үйде болсын, жер үйде болсын іргеде үйіліп тұратын жүк атаулының бәрі аласа жүкаяқтарға жиналады. Жүкаяқ кепкен, мықты әрі жеңіл ағаштан, өңделген, тегіс тақтайдан жасалады. Оның ұзындығы, негізінен, 90-130 сантиметр, биіктігі 25-30 сантиметр шамасында болады. Ол негізгі үш бөліктен: жанағаштан (алдыңғы және артқы беттер), аяқтан, шабақтан тұрады. Жүкаяқтың пішіні екі түрлі болады. Бірі - үсті тегіс жүкаяқ, енді бірі - қайқыбас жүкаяқ. Жүкаяқтың тек бет жағы ғана көркемделеді. Бірде оның бетіне әр түрлі сүйек әшекейлер ойыстырылып, күміс бүркеншікті шегелермен шегеленеді, ою да ойылады немесе түрлі түсті бояулармен де өрнектелетін түрлері де болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz